«Алпамыс батыр» жырының зерттелуі



«АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.
«Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді.
«Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған. /3.297/
Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.
«Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев,
1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті . - Алматы:Ана тілі. - 1991
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы . – Алматы:Санат. - 1994
3. «Қазақстан» ұлттық энциклопедия I том. - Алматы,1998
4. «Жас Алаш» 2002,19 ақпан, № 21
5. Қазақ Совет энциклопедиясы 12-том
6. Батырлар жыры II том. - Алматы:Жазушы. - 1986

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
УДК 398.22 (574)
А 61
АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫНЫЊ ЗЕРТТЕЛУІ

А. Аманбаева, А. М±ќашева
Тараз мемлекеттік педагогикалыќ институты, Тараз қ.

Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі
саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың
ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып,
солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму
процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры
жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп,
қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың,
Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың
жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.
Алпамыс батыр жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең
көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу,
толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің
шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы
екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-
Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген
ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық
эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар,
адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін
танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді.
Алпамыс батыр жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы (Қисса-и-Алпамыш,
Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып
шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп,
орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың
бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың
қолжазбасынан алған. 3.297
Басқа да батырлар жыры сияқты Алпамыс батыр жыры да Кеңес үкіметі
тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі
орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин,
Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда
орыс ғалымы Жирмунскийдің Түрік батырлық эпосы туралы монографиясын атап
өтуге болады. Алпамыс батыр жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың
жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.
Алпамыс батыржырының халық арасында айрықша қастерленуі оның
нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11
нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық
облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев,
Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар
болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең
толық, әрі көркем түрі. 3.297
Алпамыс батыр жырының қалыптасу, даму тарихы жөнінде ғалымдар арасында
түрлі көзқарастар бар. Әр ғалым өз тұрғысынан топшылайды. Мысалы,
проф.В.М.Жирмунский мен Х.Т.Зарифов былай дейді: Өзінің шығу тегіне
қарағанда Алпамыс қоңыраттардың рулық эпосы...Қоңыраттардың ру есебінде
тарихқа белгілі бола бастауы монғолдардың жаулап алуымен байланысты. Бұл
пікірді проф.А.К.Боровков Алпамыс жырының туған кезі – XII-XIVғғ. арасы
болуы керек дейді. Ал акад.Ә. Марғұлан Алпамыс қыпшақ заманында туған,
содан қалған жыр екендігін айтады.Жырдың қазақша нұсқасын көбірек зерттеген
ғалым Т.Сыдықов Алпамысты рулық,тайпалық кезден келе жатқан мұра ретінде
атайды. 1.184
Сонымен,біз жоғарыда Алпамыс батыр жырының қалыптасу тарихы, даму
кезеңі туралы ғалымдардың пікірлерін келтірдік.Ал осы ғалымдардың
қайсысының пікірі шындыққа жанасымды екендігін біз дәл айта алмаймыз.Себебі
әр ғалым өзінің ғылыми дәлелдерін келтіре отырып, өз пікірін
тұжырымдаѓан.Десек те, біз бұл жырдың бас кейіпкерлері өмірде болған ба,
болса олар қай ғасырларда өмір сүргендігіне байланысты жырдың шамамен қашан
қалыптасқандығын анықтауымызға болады.
Тарих беттерінен үңілетін болсақ, Алпамыс деген батыр тарихта болған
адам екендігін байқаймыз.Ол шамамен б.з.б. 110-50 жылдары өмір сүрген
қолбасшы, батыр болған.3.296 Алпамыс батыр шүршіттермен соғыста ерекше
ерлік көрсеткен қолбасы.Тайчу (Тайшық хан) ғұн мемлекетін біржола жою
мақсатында көшпелілер еліне бірнеше дүркін әскер аттандырады.Осы әскерге
қарсы бағытталып,бірнеше аптаға созылған жойқын шайқаста Алпамыс шүршіт
әскерлерін ойсырата жеңеді.Кейіннен тағы бір жойқын соғыстардың бірінде
Алпамыс батыр жау қолына түсуі жыр-дастанға айналып,біздің дәуірімізге
жеткен.
Міне,бұл деректер Алпамыстыњ, Тайшық ханныњ өмірде болғанын, яѓни
жырдаѓы батыр образы өмірден алынғандығын дєлелдейді.Міне ,сондықтан да біз
"Алпамыс батыр" жырының қалыптасу кезеңін, яғни жырдың қашан пайда болып,
халық арасына қашан тарай бастағандығын анықтағанымыз дұрыс.Осы уақытқа
дейін көптеген ғалымдар жырдың тілін, көркемдік ерекшелігін, жырдың
композициялық құрылысын,т.б. зерттеген.Ал жырдың шығу кезеңі, қалыптасу
тарихы туралы әлі де болса деректер аз. Сондықтан да осы "Алпамыс батыр"
жырының қалыптасқанына қанша уақыт болғанын анықтап алғанымыз жөн. Ал ол
мүмкін шаруа ма? Көп жұрттың фольклорында таралған көп нұсқалы жырдың жасын
білу мүмкін бе? Єрине, б±л с±раќќа жауап беру ќиын. Алайда, жырдаѓы
атауларѓа, топонимдерге ќарап жырдыњ жасын аныќтауѓа болады.
"Алпамыс батыр" жырының мифтік және эпостық бейнесінің бірнеше жасы
бар.Ең бірінші,тек есімдерге негізделетін жас анықтауда Алпамыстың заманы
ең бері дегенде тас ғасырының соңы мен қола дәуірінің бастапқы уақыттарына
кетер еді. "Алпамыс" есімі түркі халықтарында әр түрлі аталса да, олардың
барлығының да бастапқы формасы біреу, ол - Манас.Бұл - мифологиялық адам
жаратылу тарихындағы бірінші адамның есімі.Топан судан кейінгі адамзаттың
атасы болған Манас туралы үндіарийлік миф сақталған. Алпамыстың с‰йген
жарыныњ есімі - Гүлбаршын.Оның бұл есімінің кейінгі ғасырларда
қалыптасқандығы көрініп тұр. Ал "Қорқыт ата" кітабында Банушешекті
Г‰лбаршын деп алсаќ, оныњ бастапқы есімі Ману ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖАЙЛЫ
Алпамыс батыр жырын оқыту арқылы тәрбие жұмыстарының құзыреттілігін арттыру
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Батырлар жырын оқыту
Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Пәндер