Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Жылуэнергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Саясаттану пәні бойынша
Семестрлік жұмыс №2
Тақырыбы: Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары
Орындаған: ТЭСк 13-1 студенті
Нысан Ә. Қ
Тексерген: к. п. н аға оқыт. Бисенова А. З.
Алматы, 2015
Мазмұны:
- Кіріспе . . .
- Негізгі бөлім . . .
I. Патриотизм: қоғам дамуындағы мәні, мазмұны және рөлі . . .
II. ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі - қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы негізгі алғышарттылық . . .
III. Қазақстандық патриотизм: мақсаты мен тапсырмасы . . .
- Қорытынды . . .
- Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
«Патриотизм» сөзі (грек тілінде - patrіots - отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді.
Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек.
Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.
Патриоттық тәрбие - маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек.
Патриотизм: қоғам дамуындағы мәні, мазмұны және рөлі
Бүгінгі таңда патриотизмді қалыптастыру мәселесін зерттеу, қазіргі қоғамның дамуы үшін, теориялық және тәжірибелік маңызды екеніне күмән жоқ. Өйткені ол қоғамның бүгінгісі мен келешегін анықтайтын қозғаушы және біріктіруші факторлар қатарына жатады. Патриотизм мәселесімен терең тамырлас, құрамдас болып, байланысты дамитын ұғымдар Отан, ана тіл, жер, ұлттық мәдениет, ұлттық идея, ар-намыс, ұлттық мүдделер және т. б. жатады. Қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси-экономикалық ахуалдың адам факторынан, рухани дамуымыздың маңыздылыққа ие болып отырған өзекті мәселелердің бірі - қоғамда патриотизмді қалыптастыру болып табылады. Азаматтарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға, ел бірлігін нығайтуға атсалысу негізгі мәселелердің қатарына жатады. Елдің рухын көтеру, ұлттық мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық сынды қасиет қалыптастыру - тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы үшін айрықша маңызды мәселе болып отыр.
Патриотизм - (гректің patre - Отан) қоғамдық және адамгершілік принципі [1] . Ресейлік ғалым В. В. Макаров: «Патриотизм кез келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтық ғасырлар бойына тұтастығын қамтитын құбылыс», - деп көрсеткен болатын.
Патриотизм - азаматқа мінездеме беретін негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. Бұл әлеуметтік күрделі құбылыс тек қоғамдық сананын шегін ғана көрсетіп қана қоймай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының негізгі қайнар көзі болып табылады. Патриотизм азаматтардың ұлттық сана сезімінің жалпы және ажырамас бөлігі болып, қоғамның рухани құндылықтарының қалыптасуына негіз болады.
Патриотизм - көпқырлы күрделі түсінік. Ата-бабалардан қалған мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап, мемлекет азаматтарының заманға сай болып жатқан өзгерістерге бейім болып, өзінің туған елі, Отанның гүлденуіне бар күшін салып, ұлтының, халықтың тілін, мемлекеттік төл нышандарын, ділін құрметтеп, қастерлеу.
Жалпы алғанда патриотизм бұл Отанына, туған жеріне деген асқақтаған, шынайы сүйіспеншілігі. Патриотизм көптеген ұлы жеңістердің және жетістіктердің себепшісі болған. Патриотизмді адам құндылықтарының ең жоғары сатысына қоятыны кездейсоқ емес.
Патриоттық идеялар бұқара халықтың санасына ықпал жасаған кезде көптеген ұлы және прогрессивті дамудың жетекші себебі ретінде болған. Патриотизм мемлекетті қиын және ыдыраудан көптеген халықтарды сақтаған болатын. Қазіргі әлемдегі жаһандану процесін еске алатын болсақ, патриотизм мәні бүкіл әлемде артуда.
Қазіргі Ресейдегі патриоттар оны еңбек негізінде дамытуға тырысады. Сондықтан патриотизм және социализмнің бір бірімен қалай үйлесетіні туралы сұрақтар туындайды. Қоғамдық-саяси бағытталу ретінде патриотизм социализм сияқты прогрессивті бағыт болып табылады. Бірақ патриотизм социализмге қарағанда ертерек тарих сахнасында пайда болды. Ол Қытайда, Египетте, Вавилонда, Грецияда, Римде бірінші көне өркениеттердің пайда болу уақытымен бірге өз бастауын алады. В. И. Ленин патриотизмнің тудырушы себептерге тек мемлекет және оның шекараларын ғана айтпай, отандағы «мәңгілік» («тіл», «территория») туралы айтқан болатын [2] . Ол мәңгілікті тырнақшаға алғаны, Отан - тарихи категория болып саналатынына байланысты.
И. А. Ильинмен қатар патриотизм зерттеудегі негіздерін С. В. Слукиннің [3] еңбектері негізінде қарастыруға болады. Ол патриотизмді күрделі әлемдік көзқарас жүйесі ретінде анықтайды. Адамды оған тиесілі рухани және материалды-заттық мұра ретінде ұлттық, жақын құндылықтарды қорғауға, сақтауға бағыттайды. Осыдан көретініміз, патриотизм тұлғаның мақсаттылы әлеуметтік әрекеті болып табылады. Осы әрекет негізінде адам өзін толыққанды тұлға ретінде көрсете алады. Патриотизм мәдениеттің әмбебаптылық максимумдары негізінде, феноменологиялық құндылықтар тәртібі негізінде қалыптасқан ұғым. Патриотизмнің мәнін, түсінігін әр этнос және мемлекет өзінің құпия шарттары, ережелері, әлеуметтік әрекеттері негізінде ашып, түсіндіреді. Осыдан анықтайтынымыз ол әр этноста патриотизмді түсінуде өзінің шартты белгілері бар. Келесі сөздер бұған айқын дәлел ретінде болады: «Әрбір өркениеттің өзінің сақталған шартты белгісі болады - бұл оның барлық салаларында әрекет етудің ережелерін және принциптерін нақты, ортақ жоспар негізінде көрсететін жүйесі болып табылады» [4] . Өзінің этносқа қатысты ұлттық, отандық тәжірибенің бұзуы, этностың өркениеттік шартты белгісін (нақты айтқанда рухани, мәдени белгілерін) жоғалтуымен тең болып келеді. Ильиннің патриотизмге қатысты осындай тұжырымдамасы халықтың рухани деңгейін көтеруге және «халық рухы» деген түсініктің қолданылуын қамтамасыз етеді.
Басқаша айтсақ, ұлттық тұрмыс рухани табиғаттың мәні болып келеді, барлық халықтардың рухани біртұтастығын анықтайды. Ал, «рухани табиғат» халықтың өмірін мәнге толтырып, қоғамды біріктіреді және құқықтық, мемлекеттік формаларда азаматтардың патриоттық біртұтастығына негіз болады.
И. А. Ильин отанды табу жолында адамның жолында екі мәселені көреді. Біріншіден, патриотизм түсінігінің рухани мәнін нақты түсінбеу, екіншіден, патриотизм сезіміне өте қатты берілу.
И. А. Ильиннің тұжырымдамасы бойынша патриотизм басқа халықтың қазынасы, рухани толғаныстары мен қуанышы, басқа халықтың рухани тәжірибесінің өнімі бола алмайды. Тек қана индивидуалды бағытталған рухани және пәндік тәжірибе бола алады.
И. А. Ильин «ұлттық мінездің руханилығы» және «Рухтың ұлттық мінезі» деген түсініктерді бөліп қарастырады [5] . Біріншісі жаһандық деңгейде ұлттық қоғамның өзін өзі сақтау мәніне негізделген. Ұлттық мәдениетінің маңызын ерекше айтып, әр түрлі ұлттық мәдениеттердің рухани арақатынасын білдіреді.
Патриотизм феномені көпдеңгейлі және көпаспектілі ерекшеліктерге толы ұғым болып келеді. Ол үш негізі идентификация түрлерінің негізінде көрініс табады. Бұлардың қатарына мемлекеттік, ұлттық және жеке түрлері жатады. Отанға деген махаббатын тек рухани ғана құндылық ретінде санамай, оны мемлекеттік саяси кейпінде де сүю сезімін қалыптастырады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жаңа жалпыұлттық мүдделерін табу мақсаты алға қойылған, олардың бірі болып жалпықазақстандық патриотизм болып табылады.
ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі - қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы негізгі алғышарттылық.
Жалпықазақстандық патриотизм - ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың бәріне қатысты құбылыс. Дегенмен, ешкімді елін, Отанын зорлап, күштеп немесе алдап-арбап шын сүйгізу мүмкін емес. Елін сүю - әрбір адамның рухани қасиетінің ішкі көрінісі мен мазмұны.
Жалпы адамның даму процесі отансүйгіштік қасиетін туғаннан бастап бойына сіңіреді. Отбасындағы тәрбие, оқу мен еңбек ұжымы, өмірдің өнегелік тәрбиесі, партиялық және түрлі қоғамдық ұйымдар, діни орталықтар отан сүйгіштік сезімге ықпал етеді. Биологиялық емес, бірте-бірте сіңісетін қасиет, рухани-психологиялық және саяси-әлеуметтік құбылыс саналады.
Жалпыұлттық патриотизм - бұл өзін республика халқының органикалық бөлігі деп қабылдау, халықтың және елдің мүддесін әскери қорғанысқа дейін қорғайтын Қазақстанға тұтас Отанға деген сезіммен қарау, азамат ретінде борыштық намысын қалыптастыру. Ал, жалпықазақстандық патриотизм болса, басқа халықтардың құрмет сезіміне, адамзаттың адамгершілігіне қарсы емес. Толық патриотизм бірінші кезекте мемлекеттің негізі болатын консолидация, ұлттың бірігуі болған жағдайда ғана мүмкін. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі Қазақстанда тұратын халықтардың өзінің мәдениетімен және тілінен басқа өз Отанына деген махаббат қалыптасады, жалпықазақстандық ұлттық мақтаныш орын алады [6] .
Қазіргі демократиялық реформалар жағдайында жаңа идеялар мен құндылықтарды қалыптастырудың қажетті шарттарының бірі - саяси тұрақтылық. Ел басшысы Н. Ә. Назарбаевтың бүкіл күш-жігері елде саяси тұрақтылықтың пен ұлтаралық татулықты сақтай отырып, әлеуметтік-саяси мәселелерді байыппен шешуге бағытталған. Мұның көптеген нәтижелерін көріп те отырмыз. Елімізде жаңа тұрпатты мемлекеттік басқару жүйесі, әлеуметтік құрылымдар қалыптасуда. Олардың бәрінің қызметі жаңа қоғамдық сананы, жаңа ұлттық идеяны қалыптастыруға бағытталып отыр.
Саяси идеология белгілі бір топтың, этностардың қоғамдағы әлеуметтік орнына, мүдделеріне қатысты болып келеді. Бірақ осындай жағдайда «идея» ұғымы идеологиядан ауқымды. Қоғам өмірінің ағымында идея жалпы ұлттық мүддені білдіргендіктен, белгілі бір топтың этностың ғана пайдасына бағытталмайды.
Ұлттық идеяның қозғаушы күші жастар екендігін мойындай келе, бүгінгі қазақ жастарының көпшілігі ана тілін толыққанды меңгермегендігін, бір бөлігі мүлдем білмейтінін ескеретін болсақ, онда біздің тіліміз бен мәдениетіміздің бүгінінен ертеңі қиын жағдайда қалуы әбден мүмкін. Біздің ұлттық рухымыздың потенциалды қарсыласы мен жауы өз ішімізде екендігін мойындауымыз керек. Сондықтан, біздің ең кезек күттірмейтін мәселелеріміздің бірі - ол қазақ жастары арасында кең көлемде ана тілін арындай қастерлеу, ар-намысын ояту аясында тәрбиелік іс-шараларын қолға алу. Ұлттық идея аясында, өзімізді-өзіміз тәрбиелеп алмай, басқа ұлт өкілдеріне ауқымды, кең көлемде қуаттаушы идеологиялық күш бере алмайтынымыз бүгінгі өмір заңдылығы. Тоталитарлық режимнің заңдары немесе күштеп идеология қалыптастыру бүгінгі демократиялық қоғамның принциптеріне қайшы екендігін түсінетін болсақ, онда қазақ жастарының тәрбиесіне айрықша және жедел түрде көңіл бөлуіміз керек. Ана сүтімен келген тілін қастерлемейтін қазақ жастары болашақта ұлтымыздың қандай жанашыры болмақ? Сондықтан тілді үйренуге қажеттілікті туғызу керек.
Жастарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға, ел бірлігін нығайтуға атсалысу қажет.
Сондықтан қазіргі жаһандану уақытында ұлт болып жоғалып кетпеу үшін, мемлекеттік тілді қастерлеу әр саналы, дамыған азаматының басты ісіне айналады. Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, Гимн секілді нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.
Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі болып табылатыны жақсы мәлім. Әлемде көп ұлтты елдер аз емес. АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Францияны, Германияны, Ресейді алып қарайық. Олар көпұлтты және бұл елдерге көптеген эмигранттар келіп жатады. Бұл мемлекеттерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ.
Біз бұл мәселеде қажетсіз саясаттандырушылыққа ұрынбадық, тіл мәселесін ел халқының тілдік сұраныстарын ескере отырып, өркениетті әдістермен шешуге ұмтылып келеміз.
Қазақстанда қазақ рухы өмірдің барлық ашық және жасырын қалтарыстарынан сезініп тұруы қажет. Ұлттық құндылықтарды көрнекі насихаттау, баспасөзде қазақ тілін бірінші кезекте шығару, әкімшілік қызметі, қаржы жұмысы және шаруашылықта қазақ тілінде жүргізу арқылы «қазақ ұлтының» жаңа, екінші тынысын ашуға болады. Ұлт саясатының елдегі әлеуметтік, этникалық және қоғамдық келісімді, өзара татулықты нығайту мақсаттары құптарлық. Осындай әлеуметтік этникалық тыныштықты қазақ ұлтының тілдік, мәдени, рухани және шаруашылық өркендеуіне пайдалану арқылы қазақ ұлтының сақталуын қамтамасыз етуге болады.
Қазақстан патриоты, ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын, мемлекеттiк рәмiздерiн, төлқұжатын, теңгесін, мемлекеттiк тiлiн ерекше құрметтеп, басқа да мемлекеттiк нышандарды шын ниетiмен қадірлеп, өзгелерден де осыны талап eтyi керек. Жалпы мемлекеттiк рәмiздер мен заңға құрмет көрсету бүгiнгi өркениеттi қоғамның өмip салтына айналған дәстүр.
Себебі, өз тілін, ділін, халқын қастерлеп, құрметтейтін тұлғалар азаматтық қоғамның толыққанды мүшесі болады. Азаматтық қоғамға қатысы жоқ, бірақ басқа жағынан алғанда өз тілін, халқын сүйетін азаматтар патриот деп аталады. Ал, еліміздің осындай азаматтары саяси-экономикалық және әлеуметтік үрдістерге қатысып, өз мүмкіндіктерін шектемей, азаматтық қоғам институттарының дамуына үлес қосады.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты қарсы алу әрбір қазақстандықтың патриоттық парызы деп есептейді.
Президенттің тәуелсіздік пен патриоттық сезімді қатар қоюында терең астар, үлкен мән бар. Өйткені, патриотизм дегеніміз - Отанға, туған жерге сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, өзі тұрған мекенге, қоршаған ортаға құлай берілгендікті білдіретін киелі сөз.
Жаһандану мен ұлттық бірегейлену тікелей ұшырасқан, әртүрлі мәдени үрдістер мен саяси пиғылдар бір-бірімен теке-тірескен қазіргі уақытта патриоттық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру мемлекетті нығайтудың негізі, күретамыры болып табылады.
Отанға деген сүйіспеншілікті қоғамдық қатынастарды демократияландыру мен ізгілендіру, адамды, оның өмірін, игілігін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу негізінде қалыптастыра отырып, еліміздің ертеңін тұрақтандыратын өзекті капитал - жастарымызды рухани мәдени дәстүрлер мен жаңашылдықтың өзара ұдайы ұшырасу алаңында тәрбиелеуіміз аса маңызды стратегиялық бағыт.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», ашаршылық, тоқырау, тоталитаризм, Желтоқсан ызғары, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы объективті қиындықтар сияқты небір қитұрқы жағдайларды көріп, «мың өліп, мың тірілген», бірақ еш уақытта мойымаған, рухы жоғары, төзімді, сабырлы, дана қазақ халқының тарихын білу - патриоттық сананы жетілдірудің қайнар көзі.
Сондықтан да болар, соңғы 20 жылдағы іздену, ұдайы өсу, ұйымдастыру, әлемдік саяси, мәдени, өркениеттік кеңістік пен уақытта алдыңғылармен қатар тұруға ұмтылыс жылдарында тарихи сана, ес әрбір жаңа, тың қадамның бөлінбес бөлшегі, рухани өзегі болды.
Бұл - Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал, білікті саясатының ең ұтымды жағы. Болашаққа, алға, ертеңге жетелеген әрбір жылдың өзіндік тарихи жүгі, сонымен қатар, тың жаңалығы болды. Тарихқа үңілу мен тың шешімдердің осындай өзара ұшырасуында қазақстандықтардың ерекше сипаттағы, өзіндік патриотизмі пісіп жетілді.
Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін кірпияз, кәрі құрлық Еуропа төріне шығарды, Азиада туын желбіретті. Енді, міне, соңғы кездері экстремизм, терроризм сияқты саяси ойындардың жазықсыз құрбанына айналып үлгерген исламның рухани құндылықтары мен ұстанымдарының ізгілікті сипатын ашуға кірісіп те кетті.
Қазақстандық патриотизм: мақсаты мен тапсырмасы
Қазақстандық патриотизмнің негізі - ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуірі, Ұлы ОТан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz