Жауапкершілікті сақтандыру


Мазмұны
Кіріспе
1. Жауапкершілікті сақтандыру және оның даму жолдары
1. 1 Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
1. 2 Жауапкершілікті сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны
1. 3 Азаматтық-кұқықтық жауапкершілікті сақтандыру (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру мысалында)
2. Жамбыл облысының қаржы-экономикалық жағдайына баға беру
3. Қазақстан Республикасындағы жауапкершілікті сақтандыруды жетілдіру бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық тәсілдеріне сүйенеді және бірқатар ғалымдардың, экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді.
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.
Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді.
Сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты - аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүйесін құру міндетті, бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде бұл тәсілдің рөлі мен мәнін барынша жан-жақты ашу негізгі мәселелердің біріне айналды.
Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні ең алдымен Қазақстан экономикасында жүріп өтуі керек болып тұрған индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар ішінде Еуропа, АҚШ пен Жапония индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер мен қауіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып, олар жекеленген сақтандырушының ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарықтың қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді. Экономиканың ғылым мен техниканың қуаты өркендеу қатерлер мен аса қатерлі қаржылық комбинациялардың күрт өсуімен күрделене түсуіне әкеп соғуда. Міне бұл сақтандыру ісінің қазіргі басты міндеті клиенттердің қауіп-қатер жауапкершілігін қабылдай отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін клиенттердің қатерден аман болуына немесе оны клиенттердің мүддесіне орай азайтуға бұруға тиіс. Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылымы мен өнімдеріне болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағытталуға тиіс.
Қазіргі таңда сақтандыру ісі Қазақстанда дамуы барысында сақтандыру компанияларының қызметін жақсарту өте маңызды болып табылады. Соңғы жылдарда сақтандыру компанияларының активтерін басқарудың портфельді әдістерін қолдану және теория, практикалық негіздеу саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - жауапкершілікті сақтандырудың даму жолдарын қарастыру және Қазақстан Республикасындағы жауапкершілікті сақтандырудың бағыттарын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында жауапкершілікті сақтандырудың экономикалық мәні мен азаматтық-кұқықтық жауапкершілікті сақтандырудың жағдайы қарастырылған, екінші тарауда Жамбыл облысының қаржы-экономикалық жағдайына баға беру, үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы жауапкершілікті сақтандыруды жетілдіру бағыттары анықтау.
Курстық жұмысын жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары, баспасөз материалдары және интернет желілерінен алынған ақпараттар пайдаланылды.
1 Жауапкершілікті сақтандыру және оның даму жолдары
- Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Жауапкершілікті сақтандыру - сақтандыру қандай да әрекетті немесе әрекетсіздегі әсерінен шығынға ұшырайтын үшінші жақтар (занды және жеке тұлғалар) алдындағы жауапкершілігі болып табылатын сақтандыру түрі.
Басқа сақтандыру сыныптарынан айырмашылығы, мұнда жеке тұлғалардың мүліктік мүлделерін мүмкін болатын зиян келтіруден сақтау. Бұл сақтандыру сыныбында сақтанушы және сақтандырушымен бірге мүлкіне немесе денсаулығына, материалдық жағдайына зиян келтіруді сот шешімімен және заң күшінде өтейтін сәйкес төлемдерді төлеуге жататын анықталмаған үшінші жақ қатысады.
Жауапкершілікті сақтандыруда сақтандыру оқиғасы орын алғанға дейін сақтық өтем төленетін сақтандырынушы мен сақтық сомасы алдына ала анықталмайды. Сақтық сома мен сақтандырылушы сақтық оқиғасы болғанда немесе үшінші жаққа шығын келгенде айқындалады.
Сақтандыру окиғасы болған жағдайда сақтанушы сақтандырушыға сақтық оқиғасы туралы хабарлауға міндетті. Сақтық өтем сақтық полисте көрсетілген сақтандыру сомасы шегінде төленеді.
Жауапкершілікті сақтандырудың негізгі түрлері:
- көлік құралдары иелерінің азаматтық - құкықтың жауапкершілігін сақтандыру;
- тасымалдаушылардың азаматтық - құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
- кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
- экологиялық тәуекелділікті сақтандыру;
- іскерлік жауапкершілікті сақтандыру және т. б.
Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болып, ол біртіндеп коғамдық өндірістің қажетті серіктесіне айналды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай - ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен аңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т. б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтаңдырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды калыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі -бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысаныңда жасалады, Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден -бір бөлігі.
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұңдай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға берілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді
тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды.
Құқықтық Ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтандыру нарығыңды пайдалырақ шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен залардардан кашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлі қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізулі субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міңдеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің серік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана материалдық иеліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкін береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табынатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, әкологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи - техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға;
3) халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға;
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың иығында болып тұр. Осымен бірге бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе - бет келді, техногендік аппаттар саны артты. Нарық жағдайынада (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және т. б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезенде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған зандардың, өзге нормативті, құқықтық актілердің қабылдауына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекет жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды және ол кәсіпкерлік ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандыру мен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуы бақылаусыз өз бетімен жібере алмауда. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі замаңғы құқыктык салалрдың бірінің сақтандыру күқығының дамуымен бірге болды.
Сақтандырудың мәні осылайша, шығыңды уақытша және аймақтық бірігуінен құралады
Сақтандырудың экономикалық категориядағы арнайылығы келесі белгілермен сипатталады:
1) кездейсоктыктың белгілері;
а) жазатайым жағдайлар, яғни нақты тәуекелдің болуы;
б) қоғамдық өндіріске түскен материалдық немесе басқада шығынды өтеу қажеттілігі;
2) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын объективті түрде қанағаттандыру;
3) сақтандыруда оған қатысушы сақтандырушылар арасында болған шығынды өтеу таралымы іске асады;
4) шығынды қайта тарату, аймақтық бірліктер арасында; Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі бұл формалары мен әдістер жүйесі мақсаттық ақша қаражатттарын қалыптастыру мен оларды әртүрлі күтпеген, қолайсыз болмыстарда шығынды өтеуде қолданылатын, сонымен бірге азаматтарға олардың өміріндегі оқиғалар болғанда көмек көрсету үшін қажет.
Сақтандырудың атқаратын қызметтері
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржыға тән қызметтері атқарады. Сақтандырудың қызметі мен экономикалық категория ретінде мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі кызметтерін атап көрсетуге болады.
Бөлу қызметі: Сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтаңдыруда бөлу қызметі сақтаңдырудың тиісті түрлерінің жинақтық қызметіне бүгіледі.
Бақынау қызметі тараптардың сақтық телемдерін жұмындыруды сақтық қорды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік қызметті қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты. Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операциялардың нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс қимылы сақтандыру нарығында жүргізіледі. Сақтандыру нарығы ақша қатынастарының сферасы онда сату сатып алудың объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едеуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектерін ұсынатын мемлекеттік немесе акционерлік сақтандыру компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық канды орнықты жұмыс істейтін ұлттьгқ сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Қазіргі замаңғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызмет нарығы сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуде және кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамытудың 2012-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынандай міндеттері шешуді көзделді:
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міңдетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтандыру нарығының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының - сақтаңдыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы, актерий, уәкілетті аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік жұмысты жүзеге асыратын езге де занды және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандартты ескере отырып, сақтық қадағалаудың жүйесін ұйымдастыру;
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орталығымен төлеу қабілеті бойынша талаптарды күшейту;
Осы замаңғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
Сақтандыру саласында кадрлар даярдау, қайта даярлау және біліктігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв жасалған.
Қазіргі замаңғы сақтаңдыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи техногендік сипаттағы көлденең шығыстардьі өтеу белгісіндегі салмақты азайтуға; нарықтық экономикадағы кағидаттарында сақтандыру ақылы, халықтың, жеке ұйымдастырудың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тарту мүмкін береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы корларының қызметі сияқты, сақтандыру ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген сенімінің деңгейіне байланысты. Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қамтиды. Экономикалық қатынастардың әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру жіктеу қажет.
Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының түрақты және сенімді түрде дамуына септігін тигізуі керек, халықтың әлеуметтік қорғауын көтеру үшін, азаматтардың мүліктерін және шаруашылық субъектілерді сақтандыруға толықтыруын негізді орнату керек.
Сақтандырудың дамуы, оз кезегінде заң қорларының жетілуіне байланысты болады, мемлекеттің ақша- несиелік саясаты мен салыктық-бюджеттік тиімділігіне, сақтандыру қызметін қадағалау сапасы мен сақтандыру ұйымының қызметінің сенімділігіне байланысты болады.
Кез келген салада кәсіпкерлік кызмет өмір мен мүліктің жоғалу тәуекеліне ықпалды, олардың уақыты мен масштабын анықтау мүмкін емес, Кездейсоқтық емес, кәсіпкерлік табысының шығу тегі капиталды салудың тәуекеліне берілген төлемі болын табылады. Экономикалық қатынастардың жүйесі саймандар қатарын өңдеді, олар тәуекелді тиімді басқаруға жол береді, кәсіпкер үшін қауіпсіз орынды таңдай отырып.
Сақтандыру қаржы рыногнің элементтерінің бірі болып табылып экономикалық категориялар арасынан ерекше орынға ие болады. Сақтандырудың айырмашылықты ерекшелігі болып каржы қаражаттары мағыналарының шоғырлануы болып табынады. Дүниеде
сақтандыру капиталы банктен түсіп ғана қоймай, одан озып кетеді:
АҚШ, Финляндия, Швейцария, Жапония және басқа да мемлекеттер қатарында сақтандыру қорлары бұл мемлекеттердің Жалпы ұлттық
өнімінен 3-4 мәрте алып түседі. Сақтандыру компаниялары АҚШ долларымен 4 триллион сомасы көлемінде экономикаға салынған қаражаттан жалпы көлемдерін басқарып отырады. Көріп отырғанымыздай; онда сақтандыру өзінің спецификасы мен орындалатын функциясының күшімен қоғамда экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Қазақстан Республикасында сақтандыру резервтері ішкі вальдық өкілінің 0, 2% құрайды, жүз сақтандыру қаржыларын инвестициондық процесске әрекеттенуіне жол бермейді.
Сақтандыру әлеуметтік қолсыздандыру мәселелерін сәтті шешуге жол береді, мемлекеттің әлеуметтік жүйесінің қажетті элементі болып табылады. Дамыған елдерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне мемлекеттік әлеуметтік қамсыздануды, нормативтікті, жеке сақтандыруды, мемлекеттік емес зейнеткерлік қамсыздандыруды өзіне қосады. Қазақстанда бұл жүйені нақтырақ және реттеу қажет. Осыдан басқа сақтандыру аса қажетті кызметті орындайды -бюджеттік шығын бөлігінің жүгін төмендету, өйткені табиғи және техногенді болмыстар кезінде шығындар тығынын қалады. Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңызды факторлар қатарымен анықталады.
Біріншіден, сақтандыру халық пен ұйымның әр түрлі қызығушынығын қорғауға жол береді, мемлекет жағы қарастырынған шара көлемі мен мінезге қарамастан. Табиғи және техногенді болмыстардың әрекетін жою шығыны мемлекеттік бюджетке тиелген, олардың мүмкіндіктері шектелген.
Екіншіден, қазіргі жағдайда сақтандыру механизмін қолдану еліміздегі кәсіпкерлік кызметтінің жедел дамуын, Қазақстан экономикасының негізгі салалық ерешеліктерін қоса алғанда қолданылатын технологияның өндірісінің кейінгі жетіле түсуін, оның климаты мен географиялық орналасуын және экономиканың деңгейінің дамуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, қазіргі сақтандыру индустриясын құру мемлекетке:
1) күтілмеген табиғи- техногенді жағдайларды өтеу бәлігіндегі мемлекеттік бюджеттің жүгін азайтуға;
2) сақтандыру арқылы жеке әлеуметтік қамту мәселелерін шешуге;
3) халық пен ұйымның жинағын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру экономикалың қатынастардың жүйесі ретінде сақтандыру жауапкершілігінің әртүрлі объектілері мен субъектелерін, қызметті ұйымдастырудың әртүрлі үлгілерін қамтиды. Экономикалық қатынастардың әртүрлілігін ретке келтіру және бірыңғай өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыруды жіктеу қажет.
- Жауапкершілікті сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz