Несие туралы ақпарат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Несиенің қалыптасуының қағидалары
1. 1 Несиенің мәні және қажеттілігі
1. 2 Несиенің формалары және олардың жіктелуі
1. 3 Несиенің қызметтері мен түрлері

2. Несие саясатының принциптері

2. 1 Несие саясатын оңтайландырудың принциптері мен критерийлері

2. 2 Банктің несие саясатының түрлері

2. 3 Несие саясаттын басқаруды жетілдіру

3. Банктің несие саясатын жетілдіру жолдары

3. 1 Коммерциялық банктің ішкі несие саясатын қалыптастыруды жетілдіру және жүзеге асыру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Коммерциялық банктерді басқарудың батыстық теориясында пассив және активтерді басқару, сонымен қатар, банк ресурстарын орналастырудың барлық тәсілдерін анықтаушы көрсеткіш ликвидтілікті басқару жолдары қарастырылған.

“Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жоюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты - банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдау. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несие-нің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамыз.

Осы тақырыпты зерттеу кезінде мына мәселелер қарастырылады:

- Несиенің мәні және қажеттілігі

- Несиенің формалары және олардың жіктелуі - Несие және несие қатынастарының ерекшелігі
- Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау
- Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен
субъектілері
- Несие ресурстарын қаржылық талдау
- Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары.

Несие - банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты.

1. Несиенің қалыптасуының қағидалары

1. 1 Несиенің мәні және қажеттілігі

Начало формы

Несиенің берілу процесі- бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейіншеіз болып саналады. Несмелеуді ұйымдастыру негізгі мынадай қағидаларға сүйенеді:

  • несиенің мақсатылығы;
  • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
  • несиенің ақылығы;
  • несиенің қамтамасыз етілуі;
  • несиенің сыйақылығы;

Несиелеудің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие, сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Сонымен қатар, бұл қағидасы, ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінін, негізгі көрсеткіші ретінде де қызмет етеді. Мерзімдік - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің, ерекше бір белгісі. Бұл қағида, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындыланады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық - бұл несиенің ажырамас бөлігі.

Несиенің мерзімділігі - несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы арта түсуде. Біріншіден, осы қағиданың қатаң түрде сақталуына, ұдайы өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін, бұл қағиданың сақталуы, олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.

Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартты бұзғаны үшін жоғарғы жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады, Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің ақылылығы - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп кайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшік төлейтін пайызын - несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін пайыз мөлшері несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұдан да басқа жағдайда, несие үшін пайыз мөлшері экономикалық заңдылықтарға сай яғни банктің қызметінің экономикалық негізін жоғалтып алмайтындай, ең төменгі мөлшерде емес және сол сияқты қарыз алушының қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей жоғары мөлшерде емес, бірқалыпты жағдайда қалыптасуға тиісті. «Бұл екі жағдай, несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздың экономикалық шекарасын құрайды.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналар жатқызуға болады:

- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін пайыздың базалық мелшері;

- банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;

- өз клиентеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;

- банктің несиелік ресурстарының құрылымы (қаншалықты сырттан тартылған қаражаттар үлесі жоғары болса, соғұрлым несие бағасы қымбат болуға тиіс) ;

- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы арзан болады) ;

- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;

- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (қаншалықты инфляция қарқыны жоғары болса, несие үшін төленетін ақы да жоғары болуға тиіс, себебі, мұндай жағдайда, банкте ақшаның құнсыздануынан өз ресурсын жоғалту тәуекелі артады) .

Сонымен қатар, пайыз мөлшеріне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да өсер етеді. Бұл қатардағы басты факторлардын, біріне депозиттік пайызды жатқызуға болады. Шын мәнісінде, занды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбат түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.

Несиелеудің келесі бір қағидасы, берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте

келе бұл қарыздардың мазмұны толығымен өзгерген десе болады.

80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиені материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы материалдық бағалылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине кезіндегі экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік қағидаларына сай негізделуімен банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген бағалылықтардың иесі мемлекет болғандықтанда, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек кағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Ал, бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілуі формасы ретінде: кепіл кепілдеме, тапсырма, сақтандыру мінедеттемелері қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтеріменен қаматамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ та кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Экономикасы дамыған елдерде, қарыз алушынын, жағдайы жақсы болып келген жағдайларда, несие қамтамасыз етусіз беріледі.

Кепіл несиені қамтамасыз етудің ен, тұрақты формасы ретінде келесідей шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерінің қосылғандағы сомасын, сондай-ақ кепілді іске асыру және оны ақшаға айналдыру үшін қажетті уақытты дұрыс анықтай білу қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім-шарт жасаған кезде, барлық зандылық жақтарын, құқылығын міндеттілігін тексере отырып, кепілдің тұрақты және заңды қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, қазіргі жағдайға байланысты қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын және құндылығын бақылап отыру кажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да, байланысты болуы мүмкін. Кейбір активтерді анықтауда қарыз алушылар алдында нақты мәселелер тұрады. Сондықтан да, кепілге берілетін активтердің мынадай сипатта болуы шартты:

Біріншіден, кепілге несие беру туралы шешім қабылданғанға дейін жеңіл

бағаланатын және қайта бағаланатын болуға тиіс.

Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін

үнемі тексеріп отыру қажет.

Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.

Төртіншіден, кепіл туралы келісім-шарт жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тезірек жоғалтады.

Бұл жағдайда кепілдеменің заңдылығы туралы қарыз берушіге қарыз

алушының, атынан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілдемені ссуданың қамтамасыз

ету құралы ретінде пайдалану, кепілдеме берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.

Кепілдеме - бұл күрделі экономикалық кұрал ретінде келесідей түрлерден тұрады:

Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.

Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілдеме бойынша, кепілдеме беруші бір қарыз алушының барлық қарызын бір қарыз берушіге төлей алмайтындығына кепілдік береді. Мұндай кепілдемелер қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме, бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілдеменің мұндай түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.

Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілдемелер. Жеке кепілдемелер жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілдемелері басқа бір корпорациялардан алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілдемелерде дамыған елдер тәжірибесінде кеңінен қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілдемелеріне банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.

Берілетін несиелерді қамтамасыз етудің келесі жолы - бұл сақтандыру. Бұл үйреншікті болғанымен де, оның қолданылуы барысында мәселелерде жеткілікті. Оған нақты мысал ретінде, несие нарығына өзінің қызметін ұсынушы сақтандыру компанияларының кейде өздері де, тұрақсыз қарыз алушының несиесін қайтарудың орнына, керісінше олардың қаржылық жағдайлары да болмай немесе жеткіліксіз болып жатады.

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

  • Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
  • Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн. Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экoномикалық категориялар сияқты несиеде бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай - ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді. Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады. Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн - несиеленген құн болып табылады.

Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді.

Несиенің мақсаты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды.

Адамзаттың өз өрісіндегі несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаналығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында- қаржы - қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар.

Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Несие алушы жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып табылады.

1. 2 Несиенің формалары және олардың жіктелуі

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.

Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір - бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар коммерциялық, банктік, тұтыну, мемлекеттік, халықаралық,

ипотекалық несие формалары бар.

Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады.

Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма - қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.

Вексель - бұл сатып алушы -қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы-индоссамент жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты - тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттык жуйесін тұрғызу
Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар
Несиелік операцияларды басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Банктердің несиелік тәуекелін басқару
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz