Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолдану ... ... ... ... ... ... 14
1.2 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялық сабақтың дәстүрлі әдіс.тәсілмен жүретін сабақтан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
1.3 . Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына тоқталу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

2. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ақпараттық құзыретілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.2 Сыни ойлау технологиясының көмегімен оқушының мәденитанымдық құзыреттілігін қалыптастырып,шығармашылық қабілетін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушының әлеуметтік.еңбек құзыреттілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының нәтижелігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу,оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту туындайды. Әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі.
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы орайда білім берудің негізгі мақсатына жаңа технологиялар үлкен көмек көрсетуде. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, құзыреттіліктерін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын, пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде
қолдану ... ... ... ... ... ... 14

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялық сабақтың дәстүрлі әдіс-
тәсілмен жүретін сабақтан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..23

1.3 . Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына
тоқталу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

2. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ақпараттық құзыретілігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 54

2.2 Сыни ойлау технологиясының көмегімен оқушының мәденитанымдық
құзыреттілігін қалыптастырып,шығармашылық қабілетін дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.3 Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушының әлеуметтік-еңбек құзыреттілігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

2.4 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының нәтижелігін

бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз деген
елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп,
өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан
барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды
шығармашылыққа баулу,оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту туындайды. Әрбір
мемлекеттің өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы
ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі
келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып,
сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәскеге қабілетті, рухы биік
ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Қоғам
дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі.

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім
беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды,
шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің
ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді
ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың
озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір
сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру болып табылады. Осы орайда білім берудің негізгі мақсатына
жаңа технологиялар үлкен көмек көрсетуде. Жаңа технологиялар теориялық
тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық
технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім
алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік
мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа
технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін,
құзыреттіліктерін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын,
пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы
білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның
нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың
қолында.

3

Олар педагогикаға жаңа технология терминін енгізді. Бұл жаңашыл
педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның
толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде
педагогикалық технологиялар көп екені мәлім. Мысал келтірер болсам:
Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің Білім беруді
ізгілендіру технологиясы, П.М.Эрдниевтің Дидактикалық бірліктерді
ірілендіру технологиясы, Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің
Дамыта оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың Модульдік оқыту технологиясы,
Проблемалық оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың Тірек сигналдары арқылы
оқыту технологиясы, С.Н.Лысенконың Түсіндіре басқарып оза оқыту
технологиясы, Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, Оқытудың
компьютерлік технологиясы, Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы
т.б көптеген технологиялар енгізілді. Білім беру үрдісінде ұстаз да,
шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр
оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам
дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана
отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-
жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек
күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс
жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер
қауымына зор міндеттер жүктейді.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: Жалғыз сүйеніш,
жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та,
дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз.
Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң,
келешегі - тұман,- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа
көрсеткен. Сондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы
болып тұрғаны анық. Ал жаңа формация мұғалімі деген кім бұл сұраққа жауап
іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жаңа педагогикалық білім беру
тұжырымдамасында: Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық
дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен
жұмыс істейтін жеке тұлға деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске
жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, инновациялық
технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда,
толыққанды құзырлы адам.

4

Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып
сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы –
тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алу. Қазақстан мемлекеті
тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы
өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы: Биология сабағында сын тұрғысынан ойлау
арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру деп аталады. Зерттеу
барысында бірнеше қазіргі білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып келетін
жаңа технологиялардың,сын тұрғысынан ойлау технологиясының биологияны
оқытуда және дамыту ісіне берері ұшан теңіз екендігін аңғарғандығым зерттеу
жұмысымда көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың білім сапасын жоғарлату, пәнге
деген қызығушылығын арттыру,шығармашылық, ақпараттық құзіреттілігін, дамыта
отырып,білімді,білікті, белгілі мамандық бойынша, өз ісінің шебері маман
иесі болуға бағыт-бағдар беру. Технологияның басты міндеті оқушыларды
ұжымдық жұмысқа, өз бетінше жұмыс жасауға, ғылыми тілде сөйлей білу
қабілеттерін қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеті: Технологияның басты міндеті оқушыларды ұжымдық
жұмысқа, өз бетінше жұмыс жасауға, ғылыми тілде сөйлей білуге үйрету.

Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі: Арқалық қаласындағы жалпы білім
беретін № 10 орта мектебінің 8 - сынып оқушылары.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Соңғы уақытта жаңа технологиялардың көптеп
өріс алуы оқушыларды жаңа серпініске, пәнге деген қызығушылығын арттыруда.
Сондай технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл
технологияның өзектілігі оқушыларды сыни ойлауға үйрете отырып,шығармашылық
жұмысқа баулиды, өз бетінше шешім қабылдауды қалыптастырады.

Ғылыми жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы: Сын тұрғысынан ойлау
технологиясының ғылыми-практикалық маңызы оқушылардың интернет

5

көзі арқылы жаңа ақпарат ала білуі,сонымен қатар анықтамалық кітапшалар
мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай отырып,пікір айтып, оны қорытындылай
алуы.

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тарихы

Ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретіні
айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға
қойғандары анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар
қолданылады. Соның бірі Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
техногиясы.

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол
бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал
мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз
алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,
яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу
оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол
пікірлерді салыстыру.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін –әлі қайталау, міндетті
кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының
жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық
балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау
ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан
аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі
үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр
оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға
дағдыланады Өзіне деген сенімі артады Оқу процесіне белсенді қатысады
Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар
қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады Пәнге деген қызығушылығы
артады.

6

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс
таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін
арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа
технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік,
рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына
игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі
ұстаз бола алады деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген
еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен
техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне
жағдай жасап отыр.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданғанда :
-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға
көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады,
-екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы жоғарлайды
Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы
тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін
ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда,
оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда,
ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір
тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау
десек қателеспейміз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар.
Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты
талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,
екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты,
“Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ
тілдерінде

7

мектеп тәжірибелеріне ене бастады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір
идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл
септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы
көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп
түсіндіреді авторлар.

Белгілі ғалым Дайана Халперн Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін
танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай
ойлану.

Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта
ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық
үрдіс екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы.
Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды
әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді
бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының
дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің
ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау
арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең
білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан
бастап жүргізіліп келеді.

Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы
бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты
міндеті.

RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін
оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі
стратегияларынан: әдістерінен тұрады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша
ол:

8

-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни
көзбен қарау;

-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға
құштарлық;

-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,
үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын
талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Технологияның кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтсек:

І. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді
ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы
білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не
айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми
қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.

Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта
талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер
(стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –
үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі
белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз.

9

Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі,
тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады,
тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.
Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен
ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші
кезеңі.

II. Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз
бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың
тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның
бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V –
“білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? –
“мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –
оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды
құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете
түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі
қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.

Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді
болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап,
білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну
үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға
дағдыландырады.

III. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті
оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған
ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен
әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өзі үйрену жолын, кестесін жасау
мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы
– ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.

Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды
өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т
кестесі” сияқты

10

стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала
қолданылады.

Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуды меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің
жоғары деңгейі, мен бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуы
көмектеседі. Сыншылдыққа өзін-өзі сезінудің қалыптасуының, жеке тұлғаның
инттеллектуалдық дамуының, ғылыми дүниетанымы орнығуының негізі болатын
дұрыс ойлау заңдылықтарын пайымдауды дәйектеп-дәлелдеудің әдістері мен
тәсілдерін танып-білу арқылы үйретуге болады. Оқу мен жазу арқылы сыни
тұрғыдан ойлау технологиясында жазудың орны ерекше. Оқушыларды жазуға
қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады. Жазу - көрікті
ойлардың көрінісі. Жазу процесі күрделі процесс. Кез келген шығармашылық
дүниені жазу, оны жарыққа шығару үшін әр адамда және балада жазу дағдысының
болуы қажет.

Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата
алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек . Соның бір тәсілі – қойын дәптерге
үзбей әрі үнемі жазу.

Үнемі үзбей жазудың арқасында оқушылардың қойын дәптерлерінен жақсы ой
түйіндерді кездестіруге болады.

Жалпы оқушылардың қойын дәптерлеріндегі жазуды бақылау барысында
байқағаным, олардың көпшілігі тілек, қажетті күндер, оқу кестелері, нақыл
сөздер және өздеріне ұнаған ақындардың өлеңдерінен үзінді жазған. Кейін
келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне
не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасадым.
Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар
бойынша жазуға болатынын анықтадық және оның мынандай жобасын жасауға
болады:

- ұнаған нақыл сөздерді жазу;

- бұрын соңды естімеген мақал – мәтел, сөз тіркестерін жазу;

- нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;

- ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;

11

- махаббат, сезімге байланысты қарпайым адамдардың өмірінен мысалдар

жазу;

- өнер, білім тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы

жазу;

- ата-анаңның түрлі қасиетін, шыққан тегін жазу;

- жүрек жарды жырларым (өз өлеңін жазу);

-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.

Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, олар қойын дәптерді бір сарында
емес, әр түрлі тақырыпта, жүйелеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды.
Рефлекциялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім
қабылдауға жағдай туғызады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз
әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. өз ерекшелігі мен деңгейін
таниды.

Міне, осы жолда қойын дәптерді жазудың маңыздылығы зор. Біздің жобаның ең
басты мақсаты баршаға мәлім: ол- шәкірттеріміздің ойлау білу қабілетін
дамыту. Бұл ұмтылыс сонымен бірге оларда өзін-өзі тану дағдысын да
қалыптастырады. Әр кезде оқушы өзіне құлақ салып, ішкі әлемін түсініп, оны
түсіндіруге ұмтылғаны жөн. Сайып келгенде, бұл – адам өмірінің ең басты
мақсаттарының бірі де шығар. Адамзат ұстаздары, ғұламалар кезінде Өзіңді
таны! деп бекер үндеу тастамаған емес пе?! Көне Қытай данасы Конфуций
Өзгені таныған адам – данышпан, ал өзін таныған адам бүкіл Әлемді билейді
деп айтқан екен

Мұнымен қоса егер шәкіртімізге өзінің дербес, ешкімге де ұқсамайтын,
оған ғана тән ойларын қағаз бетіне түсіру қызық болатын болса, оларды
жолдастарына жеткізіп, құрбы-құрдастарының жағымды, позитивті пікірлерін
естуге, кошеметіне бөлінуге асық болса, пікірлері мен ұсыныстарын қымбат
бағалап, оларды осы тақырыптағы жазбасын кемелдендіруде және басқа да
жұмыстарды жазғанда септігін тигізетіндігін біліп, қолданатын болса, осының
өзі оны әрқашан да жазуға ынталандырып отыратын шығар.

12

Жазу дегеніміз- жаңа нәрсе құрастыру, ол – конструктивтік әрекет,
шығармашылық. Жазу деструкцияға, яғни қиратуға, жоюға, бұзуға, қарама-
қарсы, ал конструктивизм мүмкін адамның ең басты адами қасиеті шығар.
Жазғанда біз шығарушымыз, жаратушымыз, тудырушымыз. Жаңа нәрсені, туындыны
дүниеге әкелу бақыты бізге жаратылысымыздан берілген болар. Оның дәлелі
ретінде осы әрекетттің ерекше бағаланатындығын келтірер едім. Шындығында да
біз шығара білетін адамды қастерлейміз емес пе? Адам қолынан шыққан
туындыға тамсанамыз, ол біздің эстетикалық сезімдерімізге мейлінше әсер
етеді. Онымен таныса отырып, бір өзімізді бүкіл адамзаттың бір бөлігі
ретінде, бүкіл адамзатқа қатысымызды сезінеміз.

Екіншіден, неліктен жазу формаларын, оның ішінде эссені түрлендірмеске.
Мәселен, мен өз сабақтарымда сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссені
жиі қолданамын. Алдымен оқушы берілген тақырып бойынша сұрақ құрастырады.
Мен Сұрақты кімге қоюға болады? деп сұрағанымда, оқушылар Өзіме,
оқытушыға, бір-бірімізге, сұрақ ешкімге бағытталмай, риторикалық та болуы
мүмкін деп жауап қатқанды. Ең бастысы олар сұрақтың танымдық қасиеті
жоғары екендігін мойындап, тіпті сұрақ қоюдың жауап беруден күрделілігін
көздерін жеткізгендей болады.

Осыдан соң оқушы өзі айқындаған сұрақ төңірегінде ой қозғап, оны қағаз
бетіне түсіріп, жазу соңында тағы да бір сұрақ келтіреді.Эссенің сұраққа
негізделген басқа да түрін қолданамын. Алдымен оқушылар сабақ тақырыбы
бойынша өздерін ерекше толғандырған мәселе бойынша бір немесе екі-үш сұрақ
жазады. Содан кейін парақтар оң жақта отырған оқушыларға ысырылады да олар
жолдастарының сұрақтарына жауап жазады.

Бұл жұмыс оқушылардың бір-бірінің мұқтаждарына деген ықылас қалыптастырып,
бір-бірін тыңдауға жұмылдыратын сияқты. Қызық емес пе жолдасың көтерген
мәселеге өз түсінігіңді келтірген?! Бұдан басқа сабақтарда кубик көмегімен
Блум таксономиясының таным мен ойлау деңгейлері тұрғысынан жазған да
тиімді. Мысалы, тақырып туралы алдымен бір жарым екі минуттай уақытта
Проблеманы сипатта деген тапсырма бойынша жазып болған соң, ары қарай
таксономия өлшемдері бойынша берілген тапсырмаларды жазбаша орындай беруге
болады:

13

Проблеманы салыстыр, Қалай пайдалануға болады, Құрамдас бөліктері
қандай?, Проблеманы шешу жолдарын келтіріңіз, Проблема шешудің
тиімділігі қандай?

Авторға сұрақ қою стратегиясы баршамызға мәлім. Осы қалыпта авторға,
топтағы жолдасына, оқытушыға хат жазу тиімді болар. Сол сияқты таныс
стратегияларды түрлендіріп жіберуге болады мысалы,

Елес құшағында тәсілінде оқушылардың фантазиясын сұрақтар арқылы бір
проблемаға бағыттауға болады:

Партаға жатып, барлық проблемалардан арылып, тек бүгінгі сабаққа
ниеттеліңіздер. Тақырып бойынша Сізді ерекше толғандырған бір сұрақты
таңдап алыңыз. Ол туралы не жазасыз? Жазудың формасы қандай болмақ?
Проблеманы қалайша айқындайсыз? Оны шешудің жолдарын қарастырыңыз. Шешім
Сіздің өміріңізде қолданыс табады деп ойлайсыз ба? Жазу тапсырмасын INSERT
кестесінің тапсырмаларымен ұштастырған да тиімді. Оларға жауапты кесте
түрінде және де жеке сөзбен тіркестерді келтіру арқылы емес, бірінен соң
біріне кезекпен және жүйелі сөйлемдер арқылы беруге де болады: алдымен
оқушылар бұрын білетін, таныс ақпаратты бірнеше минут аумағында жазып, одан
соң осы сабақта танысқан жаңа мәліметтерді келтіреді, осыдан кейін өзінің
бұрынғы түсініктеріне қайшы мағлұматтар төңірегінде ой қозғаған соң
түсініксіз немесе келіспейтін я сұрақ, күмән туғызатын, тағы да білгісі
келетін сабақтың жәйттері мен мәселелері туралы жазуы керек .

Осындай ойлар тұрғысында ұйымдастырып ұсынылған жұмыстар аз да болса
нәтижеге көрсете бастағандай болып көрінеді маған. Олай деп айтуға
оқушылардың жұмыстары негіз. Бастапқыдай емес олардың жазбаларында
ойланудың табы, сезіледі, енді оқушылар оқытушы үшін емес, өздері үшін
жазатын болғандай, өзі ішкі жан дүниесіне үңілгендей. Алайда әлі де қыруар
жұмыс атқару керек оларға да, маған да. Оқу мен жазу арқылы сыни
тұрғысынан ойлау технологиясын тек сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс
уақыттарда да пайдалануға болады. Мысалы, Тұқымқуалайтын аурулар және
олардың алдын алу атты факультатив курс бағдарламасын жасап, бағдарлама
бойынша жүргізілген сабақтарды сыни тұрғыдн ойлау жобасының элементтерін
пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

14

Тұқымқуалайтын аурулар және олардың алдын алу атты факультатив сабақта
қызығушылықты ояту кезеңінде мәтінмен жұмыс жүргізіп, тұқымқуалаушылық
сөзіне оқушылар ассоциация құрса, мағына ажырату кезеңінде мәтінмен жұмыс
жүргізіп, тұқым қуалайтын ауруларға, сөзбен жұмыс істеу шеберлігіне
сауалдар беріліп, оқушылар іздене білді. Венн диаграммасы арқылы
Тұқымқуалайтын аурулар тақырыбына салыстырулар жасалды. Ой толғаныс
кезеңінде оқушылар Тұқымқуалайтын аурулардың алдын алу тақырыбына ой
толғау жазып, өз білімдерін кеңейтті. Мутация тақырыбындағы сабақ
Мутация түрлері тақырыпша бойынша зерттеу жұмыстары стратегиясымен
жүргізілді. Онда мутация түрлері мен пайда болу жолдарына терең
салыстырулар жүргізіліп, факті жинаушылар мутацияға байлнысты біраз
материалдар дайындады. Онтогенездің генетикалық негізі тақырыбындағы
сабақта ұрықтың даму сатысы қаралады. Сабақта ББҮ стратегиясын қолданамын.
Бұл стратегия сабақ ьарысында оқушының белгілі тақырыпты меңгерудегі
өзіндік ұстанмын қалыптастырады. Осыған дейін білген мәліметтер, сабақ
үстінде білгісі келіп қызықтырған дүниелер жаңа сабақ соңында игеріп шыққан
мәселелерін танытуда құндылығы басым.

Өзгергіштіктің түрлері тақырыбында өткен сабақ концептуалды және
семантикалық карта бойынша жүргізілсе, Митоз,Мейоз сабағы екі жақты
түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша өткізілді. Бұл стратегиялар
оқушылардың өзіндік ой-пікірін ұштауына, қорытынды жасай білуіне ықпал
етті.

1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолдану

 Сыни ойлау деген не? Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ
қоюдан және шешімін  талап ететін  проблемаларды айқындаудан басталады.
Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау,
бірлесе оқыту  идеясы.
Құрылым былай болады : ER ( ERR) R. Бұдан шығатын  тұжырым: сабақ кезеңі
тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты
оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға
құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше,  дәстүрлі сабақта  оқушы
мұғалімнің көмегімен білім алса; оқушы  ----   мұғалім --------  білім.

15

сыни тұрғыдан  ойлау  сабағында  оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек
бағыт беруші.
Мұғалім-------- оқушы------ білім  
 СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО  сабақтарда Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен Оқушы  бірден жұмысқа кірісіп
жұмысты жақсы ұйымдастырады. кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері,Белсенділік орташа, мұғалімнің
белсенділіктері  басым. көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, Шығармашылығы бірқалыпты,
топтағы әр оқушының жауапкершілігі ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.
басым.

 Бұл педагогикалық технология бойынша оқушылардың тіл мәдениетін білім,
білік, дағды арқылы дамиды. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама
дайындалады. Ол үшін әртүрлі бағыттағы бағдарлама құрылып, әр оқушының жеке
жұмыс қабілеті ескеріліп, сынып тапсырмалары, үй жұмысы баланың
ерекшеліктеріне сай беріледі – жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім
белсенді болуы керек.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары арқылы жұмыс істеу
барысында мол тәжірибе жинауға болады. Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану
балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-
тәсілдер арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгеретінін, нені
меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып,
жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.

Дидакт -ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:

1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.
2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.
3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.
4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.
5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.

16
6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.
7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.

Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша
үйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.
2. Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету.

Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясынан,

стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен
нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау
белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады.
Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына, жағдай
жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін
өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік
дағдылары қалыптасады.
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім
іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге
қызығушылығы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі
арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
“Сын тұрғысынан ойлау” жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі
міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс)
жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай,
көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс -
әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың
деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес,
балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.

Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы
                                                       шарттары:
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

3.Қиялын дамыту үшін менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру.
4.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
5.Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
6.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау

17
7.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
8.Жеке тұлға ретінде мен деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму
бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар
қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны
жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл,
С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек.
Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса
ғана белсенділік пайда болады.

Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының
қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті
ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу.

15

Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді
көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау
немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін,
жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз
мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой
елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалан
білу

Білуі қажет:

- алдын-ала сенімділік туғызу;

- білімдерін бір-біріне жеткізу;

- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.

Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:

- Мен не білемін?

- Мен жаңаша нені білдім?

- Менің білімім қалай өзгерді?

- Мен осы біліммен не істей аламын?

18

XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені
келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс
болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы
білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.

Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі: 1)Ескілер 2)Жаңалар

Оқушы- Білім мен дағдыны игереді;

- Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;

- Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;

- Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;

- Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде қабылдау;

- Бақылаудан құтылуға ұмтылу.

- өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;

- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей
игеріледі;

- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы;

- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін
қою; -дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.

Оқу үрдісі - тәжірибе мен білімді беру;

- тұрақты білім негізінде оқыту;

- еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;

- білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы. - оқушының жекелей
дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;

- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;

- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;

- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.

Нәтиже- оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау;

- жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер.

- Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы өмірге жағдай жасау;

- өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық
қажеттіліктерін қалыптастыру;

19

- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру
үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.

Жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлауды меңгеруі үшін мынадай қасиеттері болуы
шарт:
- жоспарлауға дайын болуы
-бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
-қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
-жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
-ымыралы келісімді іздеуі;
-коммуникативтілігі.

Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
-оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
-әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
-оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
-әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.

Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік
сабақты пайдаланады:

1)- Шақыру

2)- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)

3)- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)

Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр.

Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір
сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдерінің
мәліметтер реті:

Кезеңдері Шақыру Іске асыру Рефлексия

20

Мақсаты

- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.

- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.

- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.

- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.

- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және
білімдерін жүйелеу.

- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.

- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау. - Жаңа білімді беру.

- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.

- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.

- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша
жұмысы.

Тәсілдері: Миға шабуыл

- Болжам (сурет, портреті бойынша)

- Қажетті сөздер бойынша болжам

- Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер)

- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы

- Кластер

- Кесте Б–Б–Б insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу.

- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету

- insert таңбалау кестесі

- Шығармашылық жұмыс – синквейн қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес
пайымдауға қайта оралу.

- Досына хат жазу, күнделік жүргізу.

- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.

- Шатысқан қисынды тізбектер

21

Нәтижелер - Маңызды тәжірибе

- Белсендірілген білім

- Қалыптасқан уәж (негіздеме)

- Жүйелі білім

- Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту.

- Берілген білім

- Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс

- Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер

Технология ұғымы латын сөздерінен – техне - өнер, шеберлік, кәсіп және
логос - ғылым дегенді білдіреді. Технология ғылыми жетістіктерді
енгізудің тәсілі мен нәтижесі ретінде, ғылымда қол жеткізілген деңгейдің
жинақталған көрінісі болып анықталады.

Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын
айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы, оқу-үйрену, тәрбиелеу,

оқыту, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар,
бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология және т.б.

Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы
және тәрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мән – мағыналарына назар
аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие
аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын
педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйе ретінде танылуды. Осыдан
педагогикалық технология мәні оқу технологиясы, тәрбие технологиясы
ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірізді, бірігімді процесс. Ол өз
құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау,
қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан
ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық негізі елімізде
экономиканың жетіліп өркендеуіне орай білім беру саласында да елеулі

22

өзгерістер жүріп жатыр. Қазастаннның дамыған елдердің стандарттарына деген
ұмтылысы жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін туындатып отыр. Осыған
орай, қазіргі таңда жасалып жатқан реформалар өсуден тұрақты даму кезеңіне
өтуге бағытталған. Білім беру, тәрбиелеу мазмұнын қоғам дамуындағы
кезеңдерге сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың
әдіс – тәсілдері жасалу үстінде. Нәтижесінде біртұтас педагогикалық үрдісте
білім берудің оңтайлы деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В. Данилов, В.К.Дьяченко және т.б.), екіншісі –
тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов және т.б.)

Сонымен технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай
заманда пайда болған?

Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де
дәріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық
болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын
іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық
технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина
үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол
мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың
орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас
ережелерін табуымыз керек Коменский заманынан бастап оқуды мүлтіксіз
әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін
басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар
толықтырылып, нақтыланып отырды.

Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер
аймағына енуімен оқуды технологизацияландыру идеясы нығайып, іске асырыла
бастады. (педагогика оқулығы).

Педагогикалық технология ұғымына берілген анықтамалардың өзі түрліше
тұжырымдалады. Г. Селевконың Современные образовательные технологии
кітабында олардың бірнешеуі келтірілген мысалы, В.Беспалько Педагогикалық
технология - бұл мазмұнды, оқу үрдісін жүзеге асыру техникасы десе,

23

В.Монаховтың ойынша, Педагогикалық технология – бұл оқушы мен мұғалім үшін
қолайлы жағдайлар туғыза отырып оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және
жүргізу бойынша бірлескен педагогикалық әрекеттің жан-жақты ойластырылған
моделі. И.Волковтың пікірінше, Педагогикалық технология- бұл жоспарланған
оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үрдісін сипаттау болса, М.Кларин
Педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін
қолданылатын барлық тұлғалық, инструменттік және әдіснамалық құралдардың
жүйелерін және қызмет ету тәртібін білдіреді дейді. А.Сластенин және т.б.
пікірінше, Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттің
жетістігіне кепілдік беретін қатаң ғылыми жобалау және дәл елестету

Бүгінгі заман сұранысы оқыту ісінде техниканың кең қолданылуына байланысты
жаңаша оқыту талабын туғызды. 60-жылдардан бастап білімді
технологияландырудың ғылыми атауы біртіндеп кеңейтіліп, әдістер мен
құралдар жиынтығы терминіне айналды.

Ғалым зерттеушілер педагогикалық технологияны ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктері ретінде, оқыту үрдісінде жандандыруға тырысты. 70-80- жылдары
педагогикалық технология ұғымы оқу-тәрбие үрдісін басқару және оқыту
әдістері мен құралдарын ұйымдастыру бағытында қарастырылды.

Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру – білім беру мен тәрбиелеу
проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге ықпал жасайды. Технологиялық әдіс
– тәсілдердің көмегімен оқушылардың таным белсенділігі артып, даму үрдісі
жетіле түседі. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сәйкес ең озық
технологияларды жүйелі түрде қолдану өркениетті елдер тәжірибесінде
біртіндеп іске асырыла бастады.

Оқу үрдісін технологияландыру мәселесі ХХ ғасырда педагогика ғылымында
шетелдік. Отандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан алынып зерттелді.

Технология шеберлік туралы ғылым. Шеберлікпен нәтижеге жету, кәсіби
шеберлікті шыңдап, белгілі бір жоба моделмен оқыту болып есептеледі.

Технология – білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың
әдістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде
тиімді

24

Оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен педагогика – психологиялық
нұсқаулардың жиынтығын, айқындайтын оқу үрдісін іске асырудың мазмұндық
техникасы, - деп көрсетеді Б.Т.Лихачев, ал зерттеуші А.К. Колеченко:
Қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті және дағдыны құрастыру,
қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны,- деген пікірлер
білдіреді.

Технология ұғымы бойынша ғалымдар пікірі тоғыса келе, ортақ болған
тұжырымдар: Педагогикалық технология жинақталған интегралдық үрдіс-
білімінің барлық түрін меңгеру үшін ұйымдастыру және басқару, жоспарлау
сондай-ақ оқыту үрдісінде қалай нәтижеге жетуге болатыны туралы сұрақтарға
жауап іздейді.

Бүгінгі заман талаптарына сай еліміздің жаңа білім жүйесі ұлттық
құндылықтарға негізделіп, оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделі
жаңа технология бойынша жүзеге асатыны нақты айтылады. Демек, педагогикалық
технологиялардың ең маңызды белгілері:

-Педагогикалық технологиялар жоспарланған нәтижеге жетуге кепілдік береді.

-Нақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатын, педагогикалық ойды жүзеге асырады.

Нәтижеге бағдарланған білім моделі бойынша оқушы биологияны пән ретінде
ғана игеріп қоймайды, сол пәндік білім негізінде табиғатты дүниетанымдық,
әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастыра отырып, биологияны ұлттық құндылық
ретінде меңгеруге бағыт-бағдар алады.

Нәтижеге бағытталған білім беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынасына
тікелей байланысты.

Мұның бір жағы оқушыға биологиялық ұғымдарды түсіндірудегі ұтымды әдіс –
тәсілдерді шеберлікпен пайдалану болса, екінші жағы оқушының көркем
туындыны өз бетімен игере білуі, өзін-өзі ұйымдастырудағы жауапкершілік
сезімінің қалыптасуы болып табылады. Мұнда мұғалім мен оқушы еңбегінің
сапалылығы – нәтиже кепілі болмақ. Педагогикалық технологияХХ ғасырдың 60
жылдары АҚШ пен Ұлыбритания елдерінде қалыптасып, бүгінде әлемнің жетекші
елдеріне кеңінен таралып, білім деңгейін көтеру мақсатында қолдынылуда.

25

Педагогикалық технологияның дүние жүзі педагог-ғалымдары тарапынан қолдау
тауып, бірден бір дидактикалық құралға айналуының басты себебі – оның
бағдарланған нәтижемен құрылуында.

Игерілген білім сапасы нәтижемен өлшенеді. Демек, нәтижеге құрылған жаңа
технологияны оқыту үрдісінде енгізу, білім, дағды, іскерлікті дамыту –
негізгі басты мақсаттардың бірі саналады.

Бүгінде педагогика ғылымының тиімді дамуының бір жетістігі- баланың
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясының пайда болуына
оңтайлы ықпал жасайды. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған озық оқыту
технологиялары пайда болуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің
белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі,
шәкірттерімен қарым – қатынасы басты орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалық оқыту технологиялары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Математиканы оқыту әдістемесі
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Оқушы білімін бақылау және бағалау
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім және тәрбие сабақтастығы
Пәндер