Тас қалау процесі



Кіріспе
I.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.6
I.1Дайындық жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.8
II.Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
II.1.Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері ... ... ... 9.10
II.2. Қалау түрлері және қалау жұмыстарына қажетті материалдар ... .10.12
II.3. Тас қалаудың жіктестіру ережелері ... ... ... ... ... ... ...13.14
II.3.1. Жіктерді байлау жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... .15.17
II.4. Қалауға арналған құрал .саймандар ... ... ... ... ... ... .17.19
II.5. Жұмыс орындарына материалдар беру ... ... ... ... ... ... ..19
II.5.1. Тас қалау тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
II.6. Тасшылардың жұмыс орнын және еңбегін ұйымдастыру ... ... ..20.21
II.6.1. Жұмысты алымды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...21.22
II.7. Кірпіш қалау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... .22.24
II.8. Жұмыстардың көлемін жіне сиымдылығын анықтау ... ... ... 25.29
III.Тас жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары ... ..30.31
III.1. Өртке қарсы іс шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ...32.33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан ел. Елорда ғана салынып келе жатқан жоқ басқа қалаларда құрылыс қарқыны жүріп келеді. Соңғы жылдары ғана құрылыс мариалдарын шығаратын 45 астам жаңа зауыттар іске қосылды. Мұның өзі 3,5 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Алайда бүгінде біз құрылыс материалдарының 50 пайыздан астамын әлі де алыс, жақын шет елдерден әкелеміз. Бұл құрылыс секторының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еліміздегі өндірістік бағдарламамамызды қажет деген сөз. Сондықтан осы заманға лайықталған цемент зауыттарын, әйнек табақтарын шығаратын өңдеу материалдарын, темір – бетон және керамикалық бұйымдардың өндірісін дамыту қажет болып тұр. 2015 жылға қарай ішкі өндіріс есебінен рынок пайызының 80 пайыздан астамы қанағаттандырылуы тиіс. Құрылыс кешенінің жалпы құны кем дегенде 76 пайызға ұлғайтылатын болды.
Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық түрде қанағаттандыра алмай отыр.

КЖ 1401000.04.15

Өлш. Пар. Құжат№ документа Қолы Күні
Орындаған Абдикадырова Р Кіріспе әдебиет бет беттер
Жетекші Шаихова Г.
Ш.бақылау




Кеңесші
ЦӘК төраға
Құрлыс индустриясы дамуының артта қалуы, бұл отандық өндірісті құрылыс материалдармен, құрастырмалармен және бұйымдармен қамтамасыз етілмеуінен. Сондықтан мемлекетімізде құрылыситың құнын төмендету мақсатында тиімді құрылыс материалдардың өндірісін дамыту, жаңа технологиялар еңгізу және құрылыс материалдарының жоғары сапалы ассортиментін ұлғайту жөнінде шаралар жасалуда.
o С.Қ. Хамзин. Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы. Оқу құралы – Астана. Фолиант, 2007. – 204 бет

o Қ.А. Бисенов, Р.Ә. Нарманова, С.С. Үдербаев. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Оқу құралы – Алматы. Издат Маркет, 2007. – 224 бет

o Гальперин М.И., Домбровский Н.Г. Строительные машины. Учебник для ВУЗ-ов, - М., Высшая школа, 1980 – 344 стр.

o Комар А.Г. Строительные материалы и изделия. Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Вышс школа, 1988. – 527 стр.

o Сергеев В.П. Строительные машины и оборудования. - Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Вышс школа, 1987 – 376 стр.


o Электронды оқулық құрал «Строительные конструкции 1». Лаборатория «Мультимедия »Өскемен, Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2011.

o С.Г. Кусябгалиев, В.В. Губарев, Б.С. Кенетбаев «Металлические конструкции» практикум для студентов строительных специальностей всех форм обучения. Раздел I.: Методическое пособие для вузов. - Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2003. - 61 с.

o СНиП 11-23-81*. Стальные конструкции. Нормы проектирования: – М.: ЦНТП Госстроя СССР, 1990. – 96с.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
I.Негізгі бөлім ___________________________________ ______________5-6
I.1Дайындық жұмыстары__________________________ _______________7-8
II.Технологиялық бөлім______________________________ ____________9
II.1.Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері____________9-10
II.2. Қалау түрлері және қалау жұмыстарына қажетті материалдар_____10-12
II.3. Тас қалаудың жіктестіру ережелері__________________________ _13-14
II.3.1. Жіктерді байлау жүйелері___________________________ ______15-17
II.4. Қалауға арналған құрал - саймандар_________________________1 7-19
II.5. Жұмыс орындарына материалдар беру__________________________19
II.5.1. Тас қалау тәсілдері__________________________ _______________20
II.6. Тасшылардың жұмыс орнын және еңбегін ұйымдастыру__________20-21
II.6.1. Жұмысты алымды ұйымдастыру________________________ ___21-22
II.7. Кірпіш қалау технологиясы_______________________ __________22-24
II.8. Жұмыстардың көлемін жіне сиымдылығын анықтау____________25-29
III.Тас жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары______30-31
III.1. Өртке қарсы іс шаралар____________________________ _______32-33
Қорытынды ___________________________________ __________________34
Қолданылған әдебиеттер_________________________ __________________35

Кіріспе
Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан ел. Елорда ғана салынып келе жатқан жоқ басқа қалаларда құрылыс қарқыны жүріп келеді. Соңғы жылдары ғана құрылыс мариалдарын шығаратын 45 астам жаңа зауыттар іске қосылды. Мұның өзі 3,5 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Алайда бүгінде біз құрылыс материалдарының 50 пайыздан астамын әлі де алыс, жақын шет елдерден әкелеміз. Бұл құрылыс секторының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еліміздегі өндірістік бағдарламамамызды қажет деген сөз. Сондықтан осы заманға лайықталған цемент зауыттарын, әйнек табақтарын шығаратын өңдеу материалдарын, темір - бетон және керамикалық бұйымдардың өндірісін дамыту қажет болып тұр. 2015 жылға қарай ішкі өндіріс есебінен рынок пайызының 80 пайыздан астамы қанағаттандырылуы тиіс. Құрылыс кешенінің жалпы құны кем дегенде 76 пайызға ұлғайтылатын болды.
Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық түрде қанағаттандыра алмай отыр.

КЖ 1401000.04.15

Өлш.
Пар.
Құжат№ документа
Қолы
Күні

Орындаған
Абдикадырова Р

Кіріспе
әдебиет
бет
беттер
Жетекші
Шаихова Г.

Ш.бақылау

Кеңесші

ЦӘК төраға

Құрлыс индустриясы дамуының артта қалуы, бұл отандық өндірісті құрылыс материалдармен, құрастырмалармен және бұйымдармен қамтамасыз етілмеуінен. Сондықтан мемлекетімізде құрылыситың құнын төмендету мақсатында тиімді құрылыс материалдардың өндірісін дамыту, жаңа технологиялар еңгізу және құрылыс материалдарының жоғары сапалы ассортиментін ұлғайту жөнінде шаралар жасалуда.

Мемлекет ел басшысы атап айтқандай құрылыс саласы Қазақстан экономикасының локомотиві болып есептелінеді.Әлемдік қаржы дағдарысына қарамай Республиканың құрылыс саласы іс жүзінде көптеген нысандарды салу, қайта жөндеуден өткізі, бұрынғы жұмыс істеп тұрған нысандарды күшейту және тұрғын үй құрылыстарын жүргізуді қарқынды дамытып келеді.
Қазірғі нарықтық өтпелі кезең жағдайында Қазақстан үшін үйлермен ғимараттарды қайта конструкциялау, нығайту - бұрын тұрғызылған және пайдаланып келе жатқан құрылыстардың функционалдық, технологиялық тағайындалуының және тағыда сол сияқты заман талабына сәйкес өзгеруіне байланысты көлемдік - жоспарлау және конструкциялық шемімдері оңтайлы қабылдануы қажет. Бұл жағдайда, әсіресе көтергіш конструкциялардың беріктік деформациялық қабілеттері ерекше өзгереді, оның үстіне олардың ескіріп тозуы, зақымдануы да орын алуы мүмкін.
Республиканың экономикалық саяси әлеуметтік жағдайының дұрыс бағытта дамуы үшін елбасы Қазақстан халқына 2050 атты бағдарламасын жолдады. Ендігі кезде Республикадағы барлық өзгерістер дамуы 2050 бағдарламасына тікелеі байланысты жүргізіледі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашадағы Нұрлы жол атты жолдауы бойынша құрылыс саласына барынша мән беріледі. Яғни тұрғвн үй құрылымдарын нығайту.
Меслекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысның қаржыландырылуы қосымша 180 млрд теңге сомасына ұлғайтты.
Қайта ескі құрылыстарды, кейбір жеке өнер туындылардың бөшектерін қайта қарап бастапқы қалпына қайта келтіру, кәсіпорындарды қайта жанарту және техникалық қайта жабдықтау, тұрғын үйлерді модернизациялау. Өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттардың ескі жабдықтарын жаңаға ауыстыру, өндірісті кеңейтіп ғимарат конструкциясын аусытыру, инженерлік жабдықтардың жаңа түрің орнату.
I. Негізгі бөлім
I.1. Дайындық жұмыстары
Құрылыс алаңында негізгі жұмыстар басталмай тұрып инженерлік дайындығы жүргізіледі. Оның ішінде мына жұмыстар кіреді:
oo алаңды бұталардан, ағаш түбірлерінен, үлкен тастардан тазалау;
oo жерден өсімдік өскен қабатын ашу;
oo жерді құрғату, жер асты суларының деңгейін төмендету, су бұрыш канал жасау;
oo уақытша ішкі алаңдық жолдар салу;
oo су және энергия жабдықтары, телефон, радио байланыс желілерін жүргізу;
oo инвентарлық уақытша ғимараттарды тұрғызу;
oo геодезиялық бөлу жұмыстары;
oo ауылшарушылық және т.б.

КЖ 1401000.04.15

Өлш.
Пар.
Құжат№ документа
Қолы
Күні

Орындаған
Абдикадырова Р

Кіріспе
әдебиет
бет
беттер
Жетекші
Шайхова Г.

Ш.бақылау

Кеңесші

ЦӘК төраға

Оймалар мен үйінділерді өңдеумен байланысты дайындық процестері топырақты өңдеуге дейін орындалады. Оларға территорияны тазалау, ғтмаратты геодезиялық бөлу, жерді қайта өңдеу үшін топырақтың құнарлы қабатын алу, тығыз топырақтарды қопсыту, территорияны құрғату, үстіңгі су бұруды жасау кіреді.
Территорияны тазалау ағаштар мен тал шіліктерді, ағаш түбірлерін жұлу, ірі тастарды-валундарды жиыстыру, құрылыстарды бұзып көшіруден тұрады. Ағаштар мен тал шіліктер тамырларымен бірге қазып алынады және жаңа орындарға көшіріп отырғызылады.
Жер ғимараттарын геодезиялық бөлу олардың жердегі орныын белгілеуден тұрады. Бөлуді екі жазықтықта жүргізеді: көлденең және тік.
Көлденең бөлуде салынатын объектілер өстері жерде, ал тік бөлуде оймалар тереңдігі мен үйінділер биіктігі анықталынып бекітіледі.
Топырақтың құнарлы қабатын алу. Топырақтың құнарлы қабатының қалыңдығына байланысты оны кесу төбе-төбе етумен бульдозер немесе скреперлермен және онан арға ауыспалылық үйінділерден өздігінен түсіретін автомобиль немесе көлік құралдарына артумен бір шөмішті экскаваторлармен жасалады.
Территорияны құрғату құрғататын орлар және дренаждар жасау арқылы жүзеге асырылады. Негізгі құрғататын магистраль ең төмен жерге салынады. Оған құрылыс алаңынан суды бұру үшін жоба бойынша қажетті бойлай еңісті бұзбай көлденең орлар салады. Үстіңгі суды бұру өңделген оймаларды жауын-шашын суларынан қорғауға арналған. Бұл үшін жер жұмыстарын бастауға дейін су бұратын орлар жасалынады, олар арқылы жауын-шашын сулары өздігінен ағып, құрылыс алаңының сыртына шығарылады. Жер ғимараттарының дайындық жұмыстарына белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берген соң кіріседі.
Алаңды құрғату құрғататын орлар және дренаждар арқылы жүзеге асырылады. Негізгі құғататын магистраль ең төмен жерге салынады. Оған құрылыс алаңынан суды бұру үшін жоба бойынша қажетті бойлай еңісті бұзбай олар жасалынады.
Дайндық жұмыстары белгіленген тәртіп бойынша жер бөлініп берген соң кіріседі. Құрылысты жүргізетін және жер қыртыстарын бұзумен байланысты мекемелер жерді қайта өңдеу және топырақтың құнарлығын арттыру үшін құнарлы қабатты алуға және сақтауға міндетті.

II. Технологиялық бөлім
Төрт бөлмелі пәтері бар, бір қабатты тұрғын үйдің тас жұмыстарына технологиялық карта жасау тақырыптағы курстық жоба 181-223-1 типтік жоба негінде жасалынады.
Жобаланатын ғимараттың;
oo осьтегі өлшемдері 11,40х8,40 м;
oo биіктігі -5,02 м;
oo қабаттың биіктігі - 2,80м;
oo іргетас - ленталы, құймалы бетонның класы В7,5;
oo сыртқы және ішкі қабырғалары маркасы 100180015 (МЕСТ 53080) тұтас керамикалық кірпіштен жасалынады. Сыртқы қабырғалары қалыңдығы -380 мм, Ішкі қабырғалардың -250 мм.

КЖ 1401000.04.15

Өлш.
Пар.
Құжат№ документа
Қолы
Күні

Орындаған
Абдикадырова Р

Кіріспе
әдебиет
бет
беттер
Жетекші
Шаихова Г.

Ш.бақылау

Кеңесші

ЦӘК төраға

II. 1.Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері
Дара материалдардан тас қалау үймереттер мен ғимараттар құрылысының ең бір ежелгі және төзімді бекінген түрі болады. Дара тас материалдардын қолдану практикады қай кескін үйлесімі, әр түрлі сәулет формасы болса да, үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу және оларға монументтік, сәулеттік айқындық енгізуге мүмкіндік береді. Тас материалдардың бағалы қасиеттеріне беріктігі, ұзаққа шыдамдылығы, өртке төзгіштігі, табиғатта кең таралуы және қолдан жасауға болатын мүмкіншілігі жатады.

Тас жұмыстары ерітіндіге даралап тас төсеуден тұрады. Ерітінді жеке тастарды бір тұтасқа біріктіреді, олардың бірге жұмыс істеуін және күшті біркелкі беруін қамтамасыз етеді, жел өтуден және ылғал енуден қорғайды.
Тас қалау қолданатын тас материалдардың түріне байланысты табиғи және жасанды тастардан жасалған қалауға бөлінеді.
Сыртқы пішіндері дұрыс емес табиғи тастардан жасалған қалауды шой (бут) тастан, ал дөрекі, жартылай таза және таза өнделген тастардан жасалған қалауды шабылған тастан қалау деп атайды.
Жасанды тастардан жасалған қалау тұтас немесе қуыс кірпіштен әлде тастан орындалады. Балшықты күйдіріп жасаған кірпіштер күйдірілген, ал байланыстырғыш заттар негізінде дайындалғандар күйдірілмеген болады.
Тас жұмыстары негізгі және қосалқы процестердің кешені болады. Негізге жасанды немесе табиғи тастардан жасалған кірпішті ерітіндіге төсеу, ал қосалқыларға - төсеніштер орнату, материалдар әзірлеу, арматура салу және т.б. жатады.
Тас қалау процесіне келесі жұмыс операциялары кіреді: қатарлағыш орнату; қалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бау тарту, кірпіш еперу және оны қабырғаға жаю; қабырғаға ерітінді беру және оны сыртқы шек қатарына жаю; сыртқы шек қатарын қалау; ішкі қатары астына ерітінді жаю ішкі шек қатарын қалау; шойма астына ерітінді жаю; шойма қалау; қалаудың төселген қатарының дұрыстығын тексеру.

II. 2.Қалау түрлері және қалау жұмыстарына қажет материалдар

Тас қалау табиғи және жасанды тастардан орындалады. Табиғи тас материалдар ретінде мыналарды қолданады: төсемді және жырымдалған шой тас (әк тас, доломит, құмдақ және басқа жыныстардан); қаптау және сәндік қалау үшін шабылған тастар; әк тастан, туфтан, ұлутастан және басқа жеңіл тау жыныстарынан араланған уақ тастар. Жасанды тастар ішінде ең кең таралу алғандары: кәдімгі балшық (толық денелі), кеуекті, қуыс және кеуекті - қуыс кірпіш; өң балшық және силикат кірпіші, қуыс керамикатастары; тесіктері және тесіп өткен үш қуысы бар жеңіл бетоннан жасалған уақ тастар.
Кәдімгі балшық (қызыл) кірпішті созымды немесе жартылай құрғақ сығымдап, кептіріп және күйдіріп (ГОСТ -530-80) балшықтан жасайды. Оның өлшемдері 250х120х65 мм, салмағы 3,5 кг-нан 3,8 кг-ға дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 75 болады, соншалық мына қысу беріктіктеріне сәйкес келеді 30; 25; 20 МПа және т.б. Кәдімгі кірпіштің 1м3 көлемдік массасы 1800 кг шамасында болады. Кірпіштің ең маңызды техникалық көрсеткіштеріне беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, су сіңіру жатады.
Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150 және 200 жәй (ізбес, цемент) және күрделі (цемент - ізбес, цемент - балшық) ерітінділермен жүргізіледі.
Цемент ерітінділерін беріктігіне және тұрақтылығына көтеріңкі талаптар қойылатын конструктивті элементтерді (діңгектер, күмбездер, үймереттердің төменгі қабаттарының аралық қабырғалары) тұрғызғанда және суға қаныққан топырақтарды қалау үшін қолданады.
Ізбес ерітінділерінде аз күш түсетін және құрғақ жағдайларда пайдаланатын қалау жүргізіледі.
Цемент - ізбес және цемент - балшық ерітінділері ең үлкен таралу алған. Оларды құрғақ және дымқыл жағдайларда жұмыс істейтін қалауға дағдылы күштер әсер ететінде қолданады.
Ерітінділер құрғақ күйіндегі тығыздығы бойынша тығыз толтырғыштарда дайындалған - ауыр (тығыздығы 1500 кгм3 артық) және жеңіл толтырғыштардағы (шлак, пемза құмы және т.б.) жеңілдерге (тығыздығы 1500 кгм3 кем) бөлінеді.
Аязға төзімділігі бойынша ерітінділер мына маркаларға бөлінеді: 10; 15; 25; 35; 100; 150; 200 және 300.
Тас қалауының ерітінділері берілген маркадан басқа созымды және жақсы су ұстайьын қабілетті болу керек. Ерітіндінің қажетті жеңіл төселуі байланастырғыштың, судың және қосымшалардың мөлшерімен реттеледі.Ерітінділер ерітінді - бетон араластырғыш зауыдтарда және қондырғыларда (тораптарда) дайындалады. Орталықтандырылған кәчіпорындарынан әкелінген ерітінділердің әр тобында дайындалған күні және уақыты, маркасы, жылжымалығы, ал құрғақ қоспалар үшін 1% - тен аспайьын нақты дымқылдығы көрсетілген паспорт болу керек.
Қолданатын тас түріне байланысты қалаудан келесі түрлері болады: сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастардан - шой тастан қалау; фундаметтер, үй асты қабырғаларын, биік емес үймереттерді, тірек қабырғаларды және оған тастар батырылған - шой бетонды қалау; қабырғалары, діңгектер, аркалар, күмбездер және т.б. тұрғызу үшін кәдімгі толық денелі, кеуекті, қуыс, кеуекті - қуыс немесе силикат кірпіштен жасалған - біріңғай кірпіштен қалау; сыртқы қабырғаларды тұрғызу үшін кірпіштен тұрғызу үшін кірпіштен және жылу өткізбейтін материалдардан жасалған - жеңілдетілген қалау; қабырғалар және діңгектер құру үшін керамика, жеңіл бетон және пішіні дұрыс табиғи тастардан жасалған - ұсақ блокты қалау; жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін түзілістерді қаптау және қалау үшін шамотты, магнезиалы, көміртекті және кірпіштің басқа түрлерінен жасалған - отқа төзімді қалау.

II. 3.Тас қалауындың жіктестіру ережелері

Тас қалауын әр қайсысы жеке тастардан тұратын қатарлармен жүргізеді. Шектес тастардың аралығындағы бойлай және көлденең бағыттардағы ерітіндімен толтырылған саңылауларды жіктер деп атайды. Қалау жіктері көлденең және тік болады. Параллепипед пішінді тастардың қырлары төсем, бүйір және үшкір қырлары деп аталады (5.1 - сурет). Тастар қалауға көбінесе жалпағынан, ерітіндіге төсемімен және сирегірек бүйірі немесе үшкірмен төселеді. Сыртқа бүйірмен төселген қалауқатарын бүйір, ал үшкірінен төселгенді үшкір қатары деп атайды. Қалаудың сыртқы (қасбет бойынша) және ішкі қатарлары сыртқы және ішкі шек қатары, ал олардың аралығы - шойма деп аталады.
Ерітіндімен бір бүтінге қосылған, жеке тастардан құралған тас қалауы оған әсер ететін күштерге сенімді қарсы тұратын тұтас сілем болу керек. Жеке тастар қалау сілемінде бір - біріне жылжымау үшін оларды тас қалауын жіктестіру ережелері деп аталатын белгілі шарттарды сақтап қалау керек.
Жіктестірудің бірінші ережесі тастарды күш әсері бағытына перпендикуляр жалпақ қабаттармен (қатарлармен) төсеуден тұрады. Мұндай ереже тастардың қысуға жақсы және созылу мен иіліске нашар қасиеттерінен шығады. Осыған байланысты тастарды сілімде тек олар қысылатын етіп орналастыру керек. Иіліс немесе созылудан қашу үшін үстіңгі тас астыңғыға әр жерлерімен емес барлық төсемімен, яғни жазықтығымен сүйену керек. Осы себеп бойынша қалау сілемі жазық қабаттарға (қатарларға) бөлінеді. Қабаттарды қалауға әсер ететін күш оларға перпендикуляр бағытта орналастырылады. Ондай болмаған жағдайда қалаудың ең әлсіз жері - қабаттар аралығындағы ерітінді жіктері бойынша тжылжу пайда болады (5.2, а - сурет). Күштің бағыты тіктен 15 - 170 артық ауытқуғаболмайды. Жылжу күші осы шекте тастар қабатының аралығындағы үйкелу күштерімен сөндіріледі.
Көп жағдайларда қалауға күштер тік беріледі, сондықтан ол көлденең қабаттармен орындалады. Аркалар мен күмбездерде қысым қисығының жанамасы бойынша әр қимада әсер ететін күштер пайда болады, осыған бола олардың қалауы жазықтармен тарамдалып бөлінеді.
Жіктестірудің екінші ережесі қалауды үш өзара перпендикуляр жазықтарға бөлуді қажет етеді. Сонда тастар тік бұрышты параллелепипед пішінін алады (5.2, б - сурет). Осындай жеке бөліктерге бөлгенде қалау сілімінде мынадай жіктер пайда болады: қабаттың төсемі бойынша - көлденең және бойлай - тік. Егер қалау бөлуін көлбеу жазықтықтармен жасаса, онда күш әсерімен шектес тастарды ысыруға тырысатын және де жеңіл сынатын үшкір бұрышты тастар пайда болады.
Жіктестірудің үшінші ережесі қалау бүтіндігін қамтамасыз ету үшін жіктер байлауын сақтауды қамтамасыз етеді. Егер жіктері байлаусыз орындалған қалау сілемін тесіп өтетін үш жазықтармен бөлсе, онда қалау бір - бірімен қимасымен бір тасқа байланыспаған жеке діңгектерден тұрады (5.2, в - сурет). Тастарды түсетін күшке бірлесіп жұмыс істеуге мәжбүр ету үшін жоғары жатқан тастарды астыңғысына жылжыту керек, яғни астыңғы қабаттың тік жіктерін жоғарғы қабаттың тастарымен асыра жабу керек. Мұндай тәсілді қалаудың шектес қатарларының жіктерін байлау деп атайды.

II. 3.1. Жіктерді байлау жүйелері

Жіктерді байлаудың көптеген жүйелері бар. Кірпіштерді әр түрлі жүйелермен қалау және байлау арқылы қалауға, әр түрлі сыртқы кескін беруге, жұмыс тәсілдерінің қайталанғыштығына жету және сонымен жұмысты тездетуге, белгілі әсерлерге жоғары төзімділікті қалау арқылы алуға болады. Жіктер байлауы неше қатардан кейін жасалуына байланысты бір қатарлы және көп қатарлы жүйелерге бөлінеді.
Бір қатарлы (тізбекті) жүйемен байлау дәстүрлі әдіс болып саналады. Оның мәні мынада: бір қатардың барлық жіктері бойлай тік жіктердегі келесі қатардың кірпішін (12) кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңдердікі - (14) кірпішке асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарлармен алмасып отырады. Барлық қатарлардың бүйір қырлары қалау қасбетінде үздіксіз тізбек түрінде сурет жасап бір тікте орналасады (5.3 - сурет).
Көп қатарлы жүйемен жіктер байлау кірпіш және тастың өлшеміне сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты кірпіштен қалағанда бойлай тік жіктер әр бүйір қатардан кейін бір үшкір қатармен асыра жабылып отырылады (5.4 - сурет). Мұндай қалауды бес қатарлы деп атайды. Көп қатарлы жүйенің кемшілігі - қалаудың бес қатарына дейінгі биіктікте бойлай жіктер байлаудың болмайтындығы, бірақта бұл оның беріктігін және тұрақтылығын төмендетпейді. Бір қатарлы қалаумен салыстырғанда көп қатарлы толық өлшемді емес кірпішті аз қажет қылады, сондықтан мұндай қалау материал шығыны бойынша өте үнемді.
Үш қатарлы жүйемен жіктер байлау негізінде кірпіш бағаналар (діңгектер) қалағанда қолданылады. Сонымен мұнда биіктігі бойынша үш қатарда сыртқы тік жіктері тура келуіне рұқсат етіледі. Үш қатарлы жүйемен байлау жіктерді тізбекті және көп қатарлы байлау негіздерін үйлестіру арқасында толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен қанағаттануға болады.
Бірінші үшкір және екінші бүйір қатарларын (5.5 - сурет) жіктерді тізбекті жүйемен байлау бойынша төсейді, бірақ олар кірпіштің (14) жылжытылмайды; үшінші бүйір қатары қасбет бойынша (12) кірпішке жылжытылады. Төртінші қатар тағы да алдыңғы қатар туралы (12) кірпішке жылжытылған бүйір қатардан төселеді. Сонымен барлық тік жіктерді жабу үш қатардан кейін жасалады. Үш қатарлы қалау техникалық сипаттамалары бойынша тізбекті және көп қабатты жүйелерден толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен пайдалы ерекшеленіп олардың арасында аралық орынға ие.
Кірпіш қалауында барлық жіктердң ерітіндімен толық толтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылылық сақтау қасиеттерін көтереді.
Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының өң бетіндегі жіктерді 10 - 15 мм тереңдікке ерітіндімен толтырмайды. Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен берік жабысуына мүмкіндік береді.
Сылақталмайтын қабырғалардың өң бетіндегі жіктер бетпен бірдей толтырылады. Сыртқы жіктердің ерітінді артығын күрекшемен (кельмамен) кесіп алатын қалауды тақап кесу деп атайды.
Әшекей салып қалағанда өң бетіндегі жіктерді арнайы сайман - әшекейлегішпен өңдейді. Мұндай жіктерді тығыздайтын өңдеу сылақталмайтын кірпіш қабырғалардың сәндік сапасын жақсартады. Алдымен тік, сосын көлденең жіктерді әшекейлейді. Жіктерге дөңес немесе ойыс пішін беріледі.
Кірпіш қалауының көлденең жіктерінің орташа қалыңдығы 12, ал тіктердікі 10 мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10 - 15 мм шегінде, ал тіктердікі 8 - ден 15 мм - ге дейін болуы мүмкін.
Кірпіш қалауында барлық жіктерді ерітіндімен толық тлтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылулық қасиеттерін көрсетеді.
Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының ең бетіндегі жіктері 10-15 мм тереңдікке ерітіндімен толтырылмайды. Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен берік жабысуына мүмкіндік береді. Сылақталмайтын қабырғалардың ең бетіндегі жіктер бетпен бірдей толтырылады. Сыртқы жіктердің ерітінді артығын күрекшемен (кельмамен) кесіп алатын қалауды тақап кесу деп атады.
Әшекей салып қалғанда ең бетіндегі жіктерді арнайы сайман - әшекелегішпен өңдейді. Мұндай жіктерді тығыздайтын өңдеу сылақталмайтын кірпіш қабырғалардың сәндік сапасын жақсартады. Алдымен тік, сосын көлденең жіктерді әшекелейді. Жіктерге дөңес немесе ойыс пішін беріледі.
Кірпіштің қалауының көлденең жіктерінің орташа қалындығы 12, ал тіктердікі 10 мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10-15 мм шегінде, ал тіктерді 8-ден 15 мм - ге дейін болуы мүмкін.

II. 4.Қалауға арналған құрал саймандар жинағы.
Төсеніштер мен саты ағаштар
Тасшылар бригадасы пайдаланатын құрал - саймандар жинағына жұмыс пен бақылау - өлшеу аспаптары, құрылғылар кіреді. Құрастырылған күрекше (кельма) ерітінді төсемін тегістеу, тік ерітінді жасау, ерітінді артығын тақап кесу үшін қызмет атқарады. Ерітінді жіктерінің пішінін әшекейлегіштермен жасайды.
Қалу жұмысының барысында тасшы бақылау-өлшеу аспаптарын; өлшеу лентасын, тіктеуішті, деңгей өлшеуішті, үш бұрышты сызғышты үлгілерді (шаблондарды) пайдаланады. Қатарлардың көлденеңділігін және көлденен жіктердің қалыңдығын сақтау үшін қатарлағышқа бекітілген арқан-бау қолданылады. Қатарламалар бұрыштардың тіктігін және кірпіш қалауының біркелкі қалындығын қамтамасыз ету үшін қолданылады, биіктік белгілерді түсіруге және тексуге және арқан-бауды бекітуге қызмет істейды. Бұрыш қатарлама қанат-бауды. Бекітетін тесіктері бар дюралюминий бұрыш болып табылатын тік тіреуден тұрады. Қатарламалар абырғалар бұрыштарына және олардың перпендикуляр орналасқан қанат - бауды ауыстыру және олардың жаңа орынға бекіту үшін қондырғылармен жабдықталады. Бұрыш қатарламасын бұрыштың сыртқы немесе ішкі жағынан тіктеуіш бойынша орнатады, аралықтағыларды әдеттте қабырғалар жанасу жерлерінде немесе әр 12 м-ден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас қалау жұмысы
Тас қалау жұмыстары
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Негізгі мәліметтер және жоба құрамы
Екі қабаты демалыс үй
Тас жұмыстарының өндірісі
Павлодар қаласындағы элиталық жаңа үлгідегі 6 қабатты қонақ үй
Ғимараттардың инженерлік құрылымдары
Керамикалық кірпіш алу технологиясы және физикалық қасиеттері
Қиыршық тастан құралған сыртқы қабырғасы бар 1 қабатты, 1 аралықты өнеркәсіптік ғимараттың сипаттамасын анықтау
Пәндер