Шошқаларды ұстаудың жүйелері



I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.ӘДЕБИ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
III.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Шошқаларды ұстаудың жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3.2 Шошқаларға арналған қоралар мен оларға қойылатын санитарлық.гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3.3 Қабандар гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.4 Мегежіндер гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.5 Торайларды өсіру гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.6 Шошқаларды бордақылау гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
IV.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
V.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
VI. ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Жануарлар гигиенасы ( ветеринариялық гигиена, зоогигиена ) ілімі мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу, малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді. Әсіресе, сыртқы ортаны зерттеп оны малға зиянсыз және қолайлы ету зоогигиена үшін басты мәселе.
Жануарлар гигенасы, ветеринарлық гигиена немесе зоогигиена (грек. Zoon – мал, hygieinos – дені сау) – малды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым.
Ветеринарлық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек. Санитария ( лат. sanitas – денсаулық ) – жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ал ветеринариялық гигиена ( жануарлар гигиенасы ) – мал күтімін жақсаотып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталңан шаралар жиынтығы.
Зоогигиена пән ретінде жалпы және жеке мал гигиенасы болып екіге бөлінеді. Жалпы гигиена ауа, топырақ, жем-шөпті зерттеумен, сумен қамтамасыз етуге және суаруға, қора-жайға, мал күтімінің маусымдық ерекшеліктері мен ұстау тәртібіне және т.б гигеналық талаптарды зерттеп негіздеумен айналысады. Жеке мал гигиенасы, осы мәселелерді әр түлікке қатысты оның жасына және өнімділік топтарына (төл, асыл тұқымды, сауын малы, бордақыдағы мал, жұмыс малы), биологиялық ерекшеліктеріне сай қолданады.
Көптеген зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық шаралар адамдарды антропозооноздардан, яғни малмен тікелей байланысқанда кездесетін жарақаттардан сақтайды.
Осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты шошқалардың жасына әрі жынысына байланысты күтіп-бағуда, тиімді ұстау жүйелерінде, азықтандыру мен суаруда, оларға арналған қора-жайларға қойылатын гигеналық талаптар және шошқаның денсаулығын нығайту мақсатында жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық шараларды іс жүзінде ұйымдастыру мен енгізу жолдарының маңызын зерттеу болып табылады.
1. Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов – «Ветеринарлық гигиена» - Алматы - 2005
2. В.И. Гершун, Р.К. Пуякова – «Ветеринарная гигиена» - Қостанай - 2005
3. А.Ф. Кузнецов, Б.Л. Белкин – «Гигиена животных» - Москва - «Колос» - 2001
4. Гершун,В.И. – «Ветеринарная гигиена» - Алматы – Қайнар - 1994
5. Кузнецов, А.Ф. – «Гигиена сельскохозяйственных животных» – Москва – «Агропромиздат» - 1991
6. Кузнецов. А.Ф. – «Гигиена кормления сельскохозяйственных животных» – Ленинград – «Агропромиздат» - 1989
7. Лаптев, А.П.,С.А.Поливский – «Гигиена» – Москва – «Колос» - 1990
8. Мырзабеков В.М. – «Жалпы зоогигиена» – Алмтаы - «КазНИИНТИ» - 1992
9. Юрков В.М. – «Микроклимат животноводческих ферм и комплексов» – Москва – «Россельхозиздат» - 1985
10. Кузнецов А.Ф. – «Жануарларды күтіп бағу гигиенасы» - Москва – «Колос» - 2003
11. Кәдіров Н.Т. – «Жас мал дәрігеріне кеңес» - Алматы – «Қайнар» - 1973
12. Бәшірова Ж.А – «Мал шаруашылығы негіздері курсын оқыту негіздері» - Алматы – «Рауан» -1994
13. Ставровский А.Е – «Мал шаруашылығы практикумы» - Алматы – «Мектеп» - 1974
14. Әлібаев Б.К – «Мал өнімдерін өндіру технологиясы» - Астана – «Фолиант» - 2010
15. Байжұманов Ә.Б – «Шошқа өсіру» - Алматы – «Қайнар» - 1987
16. Бұлашев А.Н – «Ветеринария негіздері» - Астана – «Фолиант» - 2009
17. Демеуғалиев Е.Е. – «Мал азықтандыру» - Алматы – «Рауан» - 2000
18. Қазақстанда мал құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы – Алматы - 2006
19. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы – Алматы – 2002 (4 том)
20. Нәсіпбаев,Т.- «Жануарлар физиологиясы» - Алматы – «Қайнар» - 1995
21. Волков,Г.К. – «Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животноводства» – Москва – «Колос» - 1979
22. Волков Г.К.,Репин В.М. – «Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов» – Москва – «Агропромиздат» - 1986

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.ӘДЕБИ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .4
III.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Шошқаларды ұстаудың
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3.2 Шошқаларға арналған қоралар мен оларға қойылатын санитарлық-гигиеналық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...9
3.3 Қабандар
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12
3.4 Мегежіндер
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .16
3.5 Торайларды өсіру
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
9
3.6 Шошқаларды бордақылау
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...23
IV.ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .25
V.ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
VI.
ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .28

I.КІРІСПЕ
Жануарлар гигиенасы ( ветеринариялық гигиена, зоогигиена ) ілімі мал
денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу,
малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі
мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді. Әсіресе, сыртқы ортаны
зерттеп оны малға зиянсыз және қолайлы ету зоогигиена үшін басты мәселе.
Жануарлар гигенасы, ветеринарлық гигиена немесе зоогигиена (грек.
Zoon – мал, hygieinos – дені сау) – малды дұрыс бағу, азықтандыру және
өсіріп күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына
байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау
және күшейту жөніндегі ғылым.
Ветеринарлық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек.
Санитария ( лат. sanitas – денсаулық ) – жануарлар гигиенасының талаптарын
орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ал ветеринариялық
гигиена ( жануарлар гигиенасы ) – мал күтімін жақсаотып, ауруларын
болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды
қамтамасыз етуге бағытталңан шаралар жиынтығы.
Зоогигиена пән ретінде жалпы және жеке мал гигиенасы болып екіге
бөлінеді. Жалпы гигиена ауа, топырақ, жем-шөпті зерттеумен, сумен
қамтамасыз етуге және суаруға, қора-жайға, мал күтімінің маусымдық
ерекшеліктері мен ұстау тәртібіне және т.б гигеналық талаптарды зерттеп
негіздеумен айналысады. Жеке мал гигиенасы, осы мәселелерді әр түлікке
қатысты оның жасына және өнімділік топтарына (төл, асыл тұқымды, сауын
малы, бордақыдағы мал, жұмыс малы), биологиялық ерекшеліктеріне сай
қолданады.
Көптеген зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық шаралар
адамдарды антропозооноздардан, яғни малмен тікелей байланысқанда кездесетін
жарақаттардан сақтайды.
Осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты шошқалардың жасына әрі
жынысына байланысты күтіп-бағуда, тиімді ұстау жүйелерінде, азықтандыру мен
суаруда, оларға арналған қора-жайларға қойылатын гигеналық талаптар және
шошқаның денсаулығын нығайту мақсатында жүргізілетін ветеринариялық-
санитариялық және гигиеналық шараларды іс жүзінде ұйымдастыру мен енгізу
жолдарының маңызын зерттеу болып табылады.

II. ӘДЕБИ ШОЛУ
В.Т.Сидоровтың мәліметтері бойынша қабандардың ерте жарамсыз болуының
(аяқ аурулары, импотенция, шүйе патологиясы және т.б) негізгі себептеріне
моционның жеткіліксіздігі, жануарларды топтау ұстау және оларды еденде
ұстау болып табылады. Сондықтан қабандарды күнделікті серуендету қажет.
Ықтиярсыз малды жүргізу үшін тренажерлер пайдаланылады.
А.И.Карелиннің зерттеулерінде торайларды өсіру табысы азықтарды
дайындауға және азықтандыруға байланысты болады деп жазылған. Дәнді
азықтарды ұсақтап көк сүтпен және қоспалармен қосып ботқа түрінде береді.
Картоп пен қызылшаны пісірілген түрде, көк және шырынды азықтарды паста
түрінде концентраттардан кейін жегізеді.
Стрестің алдын алу үшін торайларды бір азықтан екіншісіне
біртіндепауыстыруы керек. Бір уақытта азықты ауыстыруға және торайларды
топтауға немесе профилактикалық егуге, басқа да ветеринарлық шаралар
жүргізуге болмайды.
Әрбір топтау кезінде торайлардың салмағы 5-7 пайызға төмендейді.
Сондықтан да ет бағытындағы торайларды екі фазалы өсіру технологиясы
кеңінен қолданылады, яғни енесінен бөлгеннен кейін торайларды топтарға
бөліп, бұл топтарды бордақылау соңына дейін сақтайды.
Енесінен айырған торайларды ұстау және азықтандыру жаңдайы олардың
орташа тәуліктік 450-500г салмақ қосуын қамтамасыз етеді. Қолайсыз
микроклимат торайлардың өнімділігін төмендетеді және олардың ауруға ұшырауы
жиілейді.
А.Е.Испенков және И.П.Саперго деректерінде былай деп жазылған: шошқа
етінің сапасына азықтар әсер етеді. Осы көрсеткіш бойынша барлық азықтар 3
топқа бөлінеді:шошқа етінің сапасын жақсартатын, нашарлататын және теріс
әсер ететін болып. Жақсартатын азықтарға жатаындар: арпа, бидай, қарабидай,
бұршақ, сәбіз, қызылша, көк сүт, пахта және ет ұны. Бұл азықпен
азықтырғанда майы қатты, дәмді, біраз мөлшерде суы болады.
Нашарлататын азықтарға: сұлы, соя, жүгері, кебек, картоп, күнжара, балық
қалдықтары жатады. Бұл азықтармен азықтандырғанда майы жұмсақ, сулы,
жұққыш, дәмсіз болады. Шошқа майының сапасына теріс әсер ететін азықтар
тобына: мезга, жом, барда жатады.
А.Ф.Кузнецов рационда лизин жетіспеген жағдайда оған қажеттілікті
толықтай өтейтін мөлшерде лизиннің азықтық концентратын қосады деп
есептеген. Бордақылау кезінде ылғалдылығы – 60-70 пайыз азық қоспасымен
азықтандырған жөн. Сапасы төмен азықты және тағамдық қалдықтарды термиялық
өңдеуден өткізу керек. Азық сіңімділігі және ет сапасын жоғарылату
азықтандырудың аралас жүйесін қолдану арқылы іске асады.
С.И.Плященконың ойынша, ауаның ылғалдылығының 75-95 пайызға дейін өзгеруі
шошқалардың арасындағы өлім-жітімді көбейтеді. Жоғары ылғалдылық және
төменгі температура шошқаларға суық тиюдің негізгі себебі болады. Бұл
жағдай шошқалардың зардапты ауруларға деген резистенттілігін төмендетеді.
Ауа ылғалдылығы шошқаларда сұйық азықпен азықтандырғанда және қиды, суды
пайдаланып тазалағанда ұлғаяды.
Шошқалардың стресс жағдайы қора ауасына зиянды газдардың, шаңның және
микроорганизмдердің концентрациясы ұлғайғанда пайда болады. Егер шошқа
қораларында аммиак концентрациясы (33-36 мгм3) жоғары болатын болса,
бордақыдағы шошқаның орташа тәуліктік салмағының өсуі 7,7-10,2 пайызға
дейін төмендейді. Оптимальды жарықтылық зат алмасудың және эндокринді
бездердің функциясының қызметін жақсартады. Организм резистенттілігін,
жыныстық белсенділікті және төлділікті арттырады.
Шошқа қораларының жеткңлңксңз жарықтылығы торайлардың тірі салмағының
өсуін (7-10пайыз) азайтады, ауру (9-10пайыз) көбейтеді.
Бордақыланатын шошқаларды төмен жарықтылық жағдайына соярдан бұрын 70-80
тәулік ерте ауыстырады. Бұл кезде жас төлдерді өсіру жағдайымен
салыстырғанда жарықтылық екі есе төмендейді.
Ж.Б.Мырзабаевтың 1992 жылғы деректерінде серуендеу алаңының көлемі
шошқаның басына байланысты деп жазылған. Серуендеу алаңының мөлшері әрбір
басқа есептегенде: ұрықтандырғыш қабандарға – 10 м2, мегежіндерге – 5-10м2,
ажыратылған торайларға 0,8 м2, мал басын толықтыруға арналған торайларға
1,5 м2. Серуендеу алаңдарын бетонмен жауып, қоршайды. Оңтүстік аймақтарда
серуендеу жағдайында ұстау бүкіл жыл бойына, ал қалған аймақтарда жылы
мезгілде қолданады. Қыс мезгілінде шошқаларды серуенге күн жылы болғанда
шығарып отырады. Серуендеу жүйесі шошқалардың денсаулығы мен өнімділігіне
оң әсер етеді. Бұл кезде оған моцион, күн радиациясы және басқа да
факторлар әсер етеді.
Н.М.Омарқожаев өз мәліметтерінде келесі деректерді жазды: серуенсіз
жүйені бордақылайтын малдарға қолданады. Оларды топтық станоктарда 15-30
бастан ұстайды. Ірі өндірістерде серуенсіз жүйені барлық жастағы малдарға
қоладанады.
В.И.Гершунның пікірінше, жазда шошқаны жайылымға шығарц кезінде
қораны 2 мәрте дезинфекция (шошқаны шығарғанда және әкелудің алдында)
жасап, толық кептіруге мүмкіндік береді.
Тұрақты (стационарлық) қора-жайды биологиялық сауықтыру (санациялау)
кезәнде түлікті жайылымға шығарып мегежіндерді жеке-жеке торайлату арқылы
вируты гастроэнтерит сияқты жұғатын індетті азаййту нәтижесінде торай
шығынын да төмендетеді. Жазғы маусымдағы таза ауа, ультракүлгін сәуле шошқа
организміне қолайлы әсер етеді. Көк шөп арқылы шошқалар белгілі мөлшердегі
белок, көмірсутегі, витаминдермен, минералды заттарға бай толық (балансты)
қатынастағы қоректік заттарды алады.
Қ.С.Сабденовтың деректерінде шошқа үшін табиғи және екпе жайылым
пайдаланылады, әсіресе, олар жас жаңа өскен балауса ұсақ жұмсақ шөпті сүйіп
жейді деп жазылған. Ал жасанда жайылымда шошқаның құштарлана жейтіні беде,
сиыр жоңышқа, жүгері және т.б
Ал шошқаның жас ерекшеліктеріне сай топқа бөліп жаю өте дұрыс. Күніне
екі мәрте – күн жерді қыздырғанға дейін (яғни 7-10 сағат аралығында) және
күн аптабы қайтқан соң (яғни 15-19 сағат аралыығында) жаяды.
Жаздың ыстық аптабында шошқа денесі қызып, тіпті күн өтіп кетсе, өліп кетуі
мүмкін. Сондай-ақ шошқаның күн сайын таңертең шықты өріске шығару есекжем
(экзема) тәрізді тері ауруларына душар етеді.
В.М.Юрков жазбаларында шошқаның жаздық лагері сәл дөңес биік жерде
жол, ауылдан алыстау орналасса дұрыс және де жақын маңайда шошқаның су
ішуіне және шомылуына жарарлық өзен, бұлақ болса тіптен оңды деп жазылған.

III.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқаның биологиялық ерекшеліктері (азық талғамауы, көп төлділігі,
тез жетілуі, салыстырмалы түрде стреске жоғары сезімталдығы және тағы да
басқа) олардың ауруларына қарсы шаралар белгілеуде негізгі факторлары болып
саналады.
Шошқа етін өндірудің таза қазіргі технологиясы өндіріс цехтарынан
тұратын конвейердің болуын қажет етеді, атап айтқанада, онда мына цехтар
қарастырылуы керек: торайлау цехы (онда мегежіндер торайлап, торайлары 35-
65 күнге дейін өсіріледі); енесінен ажыраған торайлар цехы(бұл цехқа
торайлар торайлау цехынан ауыстырылып, 4 айлвғвна дейін өсіріледі); бұдан
кейін жас шошқалар өсіру немесе бордақылау цехтарына жіберіледі. Мегежіндер
торайларын ажыратқаннан кейін бойдақ мегежіндер цехына, ал ұрықтанғаннан
кейін олар буаз мегежіндер цехына ауыстырылады(одан қайтадан торайлау
цехына оралады).
Шошқа етін өндіру технологиясында өсірудің бір, екі және үш фазалы
әдістері қолданылады.
• Бір фазалы әдісте торайларды олар торайланған станоктарда өсіріп,
бордақылайды;
• Екі фазалы әдісте торайларды торайлау цехынан, енесінен ажыраған
торайлар цехына ауыстырып, сол жерде бордақылайды;
• Үш фазалы әдісте торайларды үш жерден өткізеді: торайлау, өсіру және
бордақылау.
Барлық әдістерде мегежіндерді торайларынан айырған соң ұрықтандыру
цехына ауыстырады.
Шошқа шаруашылықтарында оларды ұстаудың екі түрін колданады: серуенге
шығарып және серуенге шығармай.серуендетіп бағудың өзі екі түрлі
варианттарға бөлінеді: уақытылы серуендету және өз еркімен серуендеу.
Уақытылы серуендету жүйесінде шошқаны жекелеген немесе топтық
станоктарда ұстап, уақытылы оларды серуендету алаңына шығарып тұрады.
Жекелеген станоктарда қабандарды, мегежіндерді және туған мегежіндерді
торайларымен бірге ұстайды.
Топтық станоктарда қысыр мегежіндер, буаздығы үш айға дейінгі ұрғашы
шошқалар, енесінен ажыратылған торайлар, асырауға арналған қабандар мен
мегежіндер ұсталады. Серуендету уақытында станокты ашып, шошқаларды
серуендету алаңына шығарады. Өз еркімен серуендету жүйесінде шошқалар
(бойдақ мегежіндер, буаздығы үш айға дейінгі мегежіндер, енесінен ажыраған
торайлар, асырауға қалдырылған төл, бордақы бастар) топтық станоктарда
ұсталып, серуенге өз еркімен кіріп-шығып тұрады. Ол үшін қораның ұзын
қабырғасынан шығатын тесік жасайды. Шошұаларды станоктарда, мал өтетін
жерлерде, азықтандыратын жерде немесе серуендету алаңдарында азықтандырады.
Шошқаны өсірудің серуендік әдісінде оларды әркелкі орналастырады.
Павильонды құрылыстарда оларды станоктарда (топтық немесе жеке), еденде
немесе көп ярусты торлы батареяларда немесе тұрақты құрастырылған
контейнерлерде; көпесікті ғимараттарда – едендегі станоктарда, торлы
батареяларда және жылжымалы контейнерлерде ұсталады.
Серуендеу алаңының көлемі шошқаның басына байланысты. Серуендеу
алаңының мөлшері әрбір басқа есептегенде: ұрықтандырғыш қабандарға – 10 м2,
мегежіндерге – 5-10м2, ажыратылған торайларға 0,8 м2, мал басын толықтыруға
арналған торайларға 1,5 м2. Серуендеу алаңдарын бетонмен жауып, қоршайды.
Оңтүстік аймақтарда серуендеу жағдайында ұстау бүкіл жыл бойына, ал қалған
аймақтарда жылы мезгілде қолданады. Қыс мезгілінде шошқаларды серуенге күн
жылы болғанда шығарып отырады. Серуендеу жүйесі шошқалардың денсаулығы мен
өнімділігіне оң әсер етеді. Бұл кезде оған моцион, күн радиациясы және
басқа да факторлар әсер етеді.
Серуенсіз жүйені бордақылайтын малдарға қолданады. Оларды топтық
станоктарда 15-30 бастан ұстайды. Ірі өндірістерде серуенсіз жүйені барлық
жастағы малдарға қоладанады.
Біздің республикамыздың қазіргі жағдайында, негізінен ұсақ жекеше
шаруашылықтар мен жеке үйлерде шошқаларды ұстаудың серуенсіз жүйесі
қолданылады, шошқалар жыл бойы қорада ұсталынады. Бұндай жүйе өндірістің
интенсивті жағдайына негізделген (мегежіндер жылына 2,2-2,3 рет торайлайды,
торайлар 7-7,5 айында өткізіледі), жануарларға техникалық құралдардың
көмегімен олардың дұрыс дамуына қажетті физиологиялық талаптарын
қанағаттандыратын орта жасалады. Сонымен өндірістің концентрациясы мен
ғылыми-техникалық прогресстің дамуы шошқаларды ұстаудың серуенсіз жүйесінің
болашақта кеңінен таралуына мүмкіндік туғызады.
Серуенсіз жүйеде шошқаларды төсеніште немесе көп ярусты торлы
батареяларда немесе жылжымалы алаңдарда ұстайды.

3.2 Шошқаларға арналған қоралар және оларға қойылатын гигиеналық-
санитарлық талаптар
Шошқа шаруашылықтарында әрбір өндірістік топтың жануарларын жеке
қораларда орналастырады. Осыны ескере отырып, мұндай шаруашылықтарда
қабандарға, бойдақ және ұрықтанған мегежіндерге, буаз мегежіндерге,
бордақылауға арналған және карантиндік қоралар салынады. Барлық қорада
топтық ұстауға арналған екі немесе төрт қатарлы орналасқан станоктар
болады.

1-кесте. Мегежіндерді және еметін торайларды өсіретін станоктардың
көлемі
көрсеткіштер СОСФ-35 ОСМ-60 ОСМ-120
Станоктардың габаритті
мөлшері, м:
Ұзындығы 2,1 3,1 3
Ені 1,75 2,05 2,55
Биіктігі 1,2 1,1 1,08
Станоктың ауданы,м2 3,68 6,35 7,65

Станоктардың түрі мен конструкциясы шошқаларды күтіп ұстаудың түріне
байланысты болады. Гигиеналық талаптарға сай келетін станок үш бөліктен
тұрады: мегежіндерді ұстайтын (жылжытпай) – ортасында, дем алатын және
торайларды азықтандыратын – шеттерінде. Бокстың алдыңғы қабырғасында
мегежінге азық беруге арналған науашық болады.

2-кесте. Әр түрлі жастағы шошқаларға арналған топтық станоктың
көлемі, м2
Мал топтары Тауарлы шаруашылықтарда Асыл тұқымды фермаларда
Тексерілетін шошқалар
және күйіттеуіштер 2,5 2,5
Қысыр, буаздық мерзімі
аз және буаздықтың
бірінші жартысындағы
мегежіндер 1,9 2,0
Енесінен ажыратылған
торайлар 0,35 0,4

Бокстың ішінде торайларды азықтандыру үшін науашықтар шеткі жаққа
асылған: үш бөлікті науа – құрғақ азық үшін (шеткі қабырғасында) және
төңкерілетін науа – сұйық азыққа арналған.
Станокта нипельді (емізікті) және табақшалы автосуарғыш бар. Боксты
келесі торайлатуға дайындағанда оны тазалайды, дезинфекциялайды, желдетеді,
құрғатады және жылытады.
Сонымен қатар шаруашылықта шошқа басы көп болған жағдайда енесінен
ажыраған торайларды және өсіруге арналған жас шошқаларды ұстауға арналған
қора-жайлар болады. Оларда малды топтап ұстауға арналған екі немесе төрт
қатарлы орналасқан станоктарда (әрқайсысының сыйымдылығы 25-30 бас)
Шошқаларды өз еркімен серуендетіп ұстауға арналған қораларды климаты
жұмсақ (оңтүстік) аймақтарда салады. Олардың күншуақ ұзына бойы жағынан
серуендету алаңы орналастырылып, қораның қабырғасымен шошқалар өздері кіріп-
шығып жүретін тесіктер қалдырады. Тесіктердің саны мен көлемі шошқаның
жасына байланысты болады. Бір осындай тесікке келетін шошқа саны енесінен
ажыратылған және өсіруге арналған жас торайлар үшін – 30 бас; ересек
шошқалар үшін – 20 бас; бордақыдағы шошқалар үшін – 30-50 бас. Шығу
тесігінің көлемі (ұзындығы және биіктігі): енесінен ажыратылған торайларға
– 0,3х0,4 м; ересек шошқаларға – 0,6х0,9м. Шығу орнын жасағанда оның асты
босағасыз еденнің бетімен бірдей етіп жасайды және табалдырық
орналастырады. Шығу орнын теңселмелі топсасы бар есіктермен қамтамасыз
етіледі.
Станоктың көлемімен бірге шошқаны азықтандыру жабдықтарының әр басқа
арналған ұзындығының да үлкен маңызы бар, әсіресе жануарларды топтап
ұстаған кезде. Азықтандыру орны жетпесе шошқалар арасында талас туып,
күштісі әлсізін науадан ығыстырады.
Станоктардың еденнің негізінде құрама етіп жасайды: қи алаңын торлы,
ал демалатын орынды тегіс. Шошқалар тәуліктің көп уақытын жатып өткізетінін
ескеріп (шамамен 20 сағаттай), әр уақытта жылы ұстайды, әсіресе оларды
төсенішсіз ұстағанда (ол үшін еденді жылы етіп жасайды немесе арнайы жылыту
көздерін пайдаланады).
Шошқалардың серуендеу алаңының көлемі шамамен әр басқа 8-10 м2болуы
керек.
Қоршаған ортаның температурасының құбылмалы болуы (жоғары және төмен)
шошқалардың денсаулығын және өнімділігін төмендетіп, азықтың шығындалуын
көбейтіп, оларды ауруға шалдықтырады.

3-кесте. Әр түрлі жастағы шошқа қораларындағы ауа алмасуының
номативі, 100 кг тірі салмаққа м3сағ есебінде
Қора қыста Ауыспалы кезеңде Жазда
Қысыр, жаңадан буаз мегежіндер үшін 35 45 60
Қабандар үшін
Буаздығы ауыр мегежіндер үшін 45 60 70
Емізетін мегежіндер және торайлар 85 50 70
үшін
Енесінен ажыратылған торайлар үшін 50 60 75
Өсіруге арналған төлдер үшін 35 45 60
Бордақыдағы малдар үшін 45 55 65
35 45 60

Шошқа шаруашылықтарында жануарларды бөлектеп ұстайтын қораларда
малдың жасын, физиологиялық жағдайын және өнімділігін ескере отырып қалыпты
микроклимат параметрлерін сақтауды талап етеді.
Шошқа қораларының микроклиматын оптимальді ету оларды аурулардан сақтаудың
неізгі жолы болып табылады.

4-кесте. Әр түрлі жастағы шошқа қораларындағы қолайлы микроклимат
көрсеткіштері
Көрсеткіштер Қысыр, Қабан-дБуазды- Емізе- Енесі-ненБордақы
жаңадан ар ғы ауыр тін ажыра-тылшошқалар
буаз мегежін-дмегежін-дған
мегежін-д ер ер торайлар
ер мен
өсіруге
арналған
төл
Темпера-тура,0
С 13...19 13...1918...22 18...22 18...22 14...20
Салыстырма-лы
ылғалды-лығы,
% 75 75 70 70 70 75
Ауа
қозға-лысы, 0,3 0,3 0,15 0,15 0,2 0,3
мс
Зиянды
газдардың
концентра-цияс
ы:
Көміртегі 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2
диоксиді,%
Аммиак мгм3 20 20 10 10 20 20
Күкіртті
сутегі, мгм3 10 10 10 10 10 10
Ауаның
микробпен
ластануы,1м3
ауада мың м.д
80...100 50...6050...60 40...50 40...50 100...150

Аналық басқа арналған қорада екі түрлі температуралық тәртіп
орнатады:емізілетін торайлар үшін, екіншісі – мегежіндер үшін. Емізілетін
торайлар үшін(жасына байланысты) температура – 22-300С аралығында, ал
мегежіндер үшін – 16-180С арасында болу керек. Температураның бұдан жоғары
болуы мегежіндердің сүттілігіне кері әсерін тигізеді(сүті азаяды), ал
төменгі температурада жаңа туған торайлардың дене қызуын төмендетіп,
әлсіретеді, сүт емуі азайып, оларды ауруға шалдықтырады немесе өлімге
ұшыратады.
Торайлар жататын орынды жылытудың ең тиімдісі сәуле жылуын
(инфрақызыл шамдары) әрі жылытылатын еденді пайдалану. Жылытылатын еденнің
ауданы 1,0-1,5м2 (бір станокқа), ал оның беткі жағының температурасы 300С
біртіндеп ажыратылғанға дейін 220С дейін түсіріледі.
Жаздық кезеңде жоғары температура әсіресе қоңды малдарда жылу стресін
тудырады. Жылу стресі мегежіндердің жұмыртқа клеткаларының ұрықтанғаннан
кейінгі өміршеңдігін азайтады. Жылы кезеңде шошқа қора ауасының
температурасынан көп болғанда 50С аспауы керек.
Ауаның ылғалдылығының 75-95 пайызға дейін өзгеруі шошқалардың
арасындағы өлім-жітімді көбейтеді. Жоғары ылғалдылық және төменгі
температура шошқаларға суық тиюдің негізгі себебі болады. Бұл жағдай
шошқалардың зардапты ауруларға деген резистенттілігін төмендетеді. Ауа
ылғалдылығы шошқаларда сұйық азықпен азықтандырғанда және қиды, суды
пайдаланып тазалағанда ұлғаяды.
Шошқалардың стресс жағдайы қора ауасына зиянды газдардың, шаңның және
микроорганизмдердің концентрациясы ұлғайғанда пайда болады. Егер шошқа
қораларында аммиак концентрациясы (33-36 мгм3) жоғары болатын болса,
бордақыдағы шошқаның орташа тәуліктік салмағының өсуі 7,7-10,2 пайызға
дейін төмендейді. Оптимальды жарықтылық зат алмасудың және эндокринді
бездердің функциясының қызметін жақсартады. Организм резистенттілігін,
жыныстық белсенділікті және төлділікті арттырады.
Шошқа қораларының жеткңлңксңз жарықтылығы торайлардың тірі салмағының
өсуін (7-10пайыз) азайтады, ауру (9-10пайыз) көбейтеді.
Бордақыланатын шошқаларды төмен жарықтылық жағдайына соярдан бұрын 70-80
тәулік ерте ауыстырады. Бұл кезде жас төлдерді өсіру жағдайымен
салыстырғанда жарықтылық екі есе төмендейді.
Шошқалардың денсаулығы мен өнімділігі микроклиматтың барлық
көрсеткіштерінің жалпы әсеріне көп байланысты.
Қолайсыз микроклимат жағдайында шошқалардың резистенттілігі мен
салмақ өсуі (9-28 пайызға дейін) төмендейді. Азық шығыны (12-30 пайызға
дейін) жоғарылайды.

3.3 Қабандар гигиенасы
Қабандарға арналған қоралар максимальды сыйымдылығы жүз бастан көп
емес есебінде салынса, әдетте қолдан ұрықтандыру пунктімен бірге
тұрғызылады. Бұл ғимараттарда келесі бөлмелер қарасатырылады: станокта
тұрған бөлме, төсеніш пен құрал-сайманға арналған бөлме, қызметкерлерге
арналған бөлме. Әрбір жеке тұрған шошқа қорасында дәретхана мен қол жуатын
жер қарастырылуы қажет.
Ұрықтандырғыш қабандар жеке станоктарда ұсталады, оның ауданы 7 м2,
(тереңдігі 2,5-2,8 м, қоршау биіктігі 1,4 м). Тексерілетін және күйіттеуші
қабандар топпен, әр станокта бес бастан орналастырылады. Топтық станоктың
әрбір басқа арналған ауданы 2 м2 (тереңдігі 3,5м, қоршау биіктігі 1м).
Қабандарды азықтандыру үшін топтық немесе жеке станоктарда азықтандыратын
және суаратын ыдыстары болады.
Құрғақ азыққа арналған ыдыстың ені 50см, биіктігі 20 см, бір басқа
арналған азықтану орнының мөлшері 45 см.
Бір басқа қолданылатын су мөлшері тәулігіне 25л: соның ішінде мал
суаруға – 10л, ыдысты жуып, орнын тазалауға – 7,5л, қалған су азықты
дайындауға және құрал-саймандарды жууға арналған. Ересек жануарларға
арналған су температурасы жылдың суық мезгілінде 10-160С болуы керек, жылы
маусымда реттелінбейді.
Қабандарды пайдалану тәртібін оның жасына, қоңдылығына, түріне және
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып бекітеді. Асыл тұқымдық
шаруашылықтарда жас қабандарды шағылысуға 11-12 айына (тірі салмағы 160-180
кг), ал тауарлы шаруашылықтарда – 11 айында (тірі салмағы 130-150 кг)
жібереді. Қабандарды ерте пайдалану олардың өсімталдығын төмендетіп, ұрық
алу азаяды.
Ірі шаруашылықтарда қабандарды интенсивті пайдалану 2,5-3 жылға дейін
созылады. Интенсивті режимде пайдалану кезінде 12-18 айлық қабандарға айына
7-12 рет ұрықтандыруға рұқсат етіледі. Ал шектеулі түрде пайдаланғанда – 6
рет; 18-24 айлығында сәйкесінше 9-16 және 8; 24-36 айлығында – 11-12 және
10; 3 жастан жоғары – 13-24 және 12. Қолдан ұрықтандыру кезінде қабандарды
пайдалану интенсивтілігі артады. Табиғи шағылысу кезінде бір қабан қырық
аналыққа дейін ұрықтандырса, ал қолдан ұрықтандырғанда оның қабілеті 400
басқа жетеді.
Ұрықтандыру үшін пайдаланатын қабандарды жұқпалы аурулары жоқ
шаруашылықтардан алады (туберкулезден, бруцеллезден, лептоспироздан
міндетті түрде таза болу керек).
Күнделікті активті моцион (ұзақтығы 1,5-2 сағат, қашықтығы 2-3 км),
қабандарды май басудан сақтап, жыныстық белсенділікті және шүйе сапасын
жоғарылатады.
Жан-жақты азықтандыру шәует сапасын арттырады. Қабандардың азықтық
және биологиялық активті заттарға мұқтаждығы тірідей салмағы мен жыныстық
жүктемесіне байланысты болады. Ересек қабанның 100кг тірідей салмағына 1,5
азықтық бірлік; жас қабандарға (2 жасқа дейін) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Шошқа малдарының гигиенасы
Жануарларды серуендету
Шошқа гигиенасы туралы
Шошқа күтіп бағу гигиенасы
Шошқаның гигиенаcы
Шошқаның гигиенасы туралы
Шошқаларды азықтандыру және бордақылау
Пәндер