Бұғы шаруашылығы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе . . . 5
  2. Негізгі бөлім . . . 7

2. 1. Бұғы шаруашылығы туралы жалпы деректер . . . 7

2. 2. Бұғыларды ұстау жүйесі . . . 16

2. 3 . Мал қораларының ветеринарлық-санитарлық бағасы . . . 18

2. 4. Бұғы және марал көбейту гигиенасы . . . 21

2. 5. Бұғы ас қорыту ерекшелiктерi және азықтандырудың сантарлық-гигиеналық бағасы . . . 28

2. 6. Бұғыдан алынатын өнімдер . . . 33

2. 7. Тіркеме . . . 38

  1. Қорытынды . . . 40
  2. Ұсыныстар . . . 40
  3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41

КІРІСПЕ

Бұғы шаруашылығы мал шаруашылығының бiр саласы, бiрiншiден поляр тундра аймақтарын мекендейтiн- халықтың ең жоғары сапалы тағамдармен, екiншiден- жеңiл өнеркәсiптi шикiзатпен қамтамасыз етедi, әрi бұл саладан алынатын мүйiзден маңызды дәрi- дәрмектер де өндiрiледi.

Қазақстанның марал шаруашылығы- тарихи қалыптасқан сала, 1835 жылы Оңтүстiк Алтайдағы Бұқтырма өзен алқабында құрылған. Тәжiрбиесi мол аңшылар жабайы маралдарды ұстап алып, марал қорасын салу жаға жануар саласының бастамасы болды. Маралмен теңбiл бұғы өсiру, одан дәрiлiк бұйым алу халық шаруашылығына сол кездiң өзiнде өте қажеттi болуы, қазірдің өзiнде маңызын жоғалтқан жоқ.

1990 жылдың басында марал мен теңбiл бұғы саты бойынша Қазақстан Дүние жүзiнде 4 орында, ал ТМД бойынша 2 орында болды. Бұғы мүйізінен өндiрiлген панта бойынша, Ресей мен (18т) Қытай (40т) алда болды (7т) . Теңбiл бұғы пантысы Шығыс Қазақстанда 400 кг өндiрiлдi, ал Алтай елiнде 2 т жуық. Марал мен теңбiл бұғы шаруашылығынан алынатын өнiмдi көбейту және сапасын жоғарлату азық қорын кушейтудiң, азық сапасын жоғарлатудан және сақа, жас малдарды құнды азықпен қоректендiрудi дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Азықтандырумен қатар, маңызды мәселенiң бiрi селекциялық-асылдандыру жұмысы күтiп-бағу технологиясын жасау пантыны кесу, қайнату, кептiру, 80-90ºС температурада ыстық булы моншада парлау және сатуға дайын пантыны толық консервациялау.

Марал шаруашылығын дамыту үшін ең бірінші кезекте шаруашылық кластерін құрып, мал тұқымын асылдандырып, өнім өткізу проблемасын шешу қажет. Осыған орай қазір облысымызда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың « Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша кешенді бағдарлама жасалып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылды. Панты өнімі ең алғашқы кезекте адам денсаулығы үшін қажет болғандықтан Денсаулық сақтау министрлігіне пантымен емдеу орындарын ашу, оны ұлттық дәрілік формулярға енгізу туралы сұраныс жасалып отыр. Сол сияқты Білім және ғылым, спорт пен туризм министрліктеріне де түрлі ұсыныстар жасалып отыр.

Ал ең бастысы марал шаруашылығын дамыту үшін басқа да салалар сияқты оған мемлекеттік қолдау жасалып, субсидия бөлуді қажет етеді. Ол мәселен тұқымды асылдандыруға және өндірілген өнімді өткізуге берілгені жөн.

Катонқарағай бір мақтанса маралымен мақтанады, бір мақтанса дәмі тіл үйірген балымен мақтанады. Марал демекші, ауданда соңғы жылдар мұғдарында облыс Әкімі Даниял Ахметовтың тікелей қолдауымен марал шаруашылығын жетілдіру, осы іске жаңа технологияларды кіріктіру һәм өзге мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағдарында бірқатар оңды шаруалар қолға алынып жатыр. Бұғы шаруашылығын нәтижелi дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшiру, әрi әр жобаның саласын жақсарту, сұрыптау және жұп тандау тәсiлдерi молынан қолдану, бұғы-марал пантысын молайту және оның саласын жақсарту болып саналады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Бұғы шаруашылығы туралы жалпы деректер .

Бүгінде Қатонқарағай ауданында 6 мыңға жуық марал өсіріледі. Облыс бюджетінен бұғы шаруашылығына субсидия бөліне бастағанына 4 жыл болыпты. Жыл сайын қатонқарағайлықтар маралға 29-32 млн теңге аралығында субсидия алып келеді. Нәтижесінде, бұғы басының төмен құлдырауы тоқтады. Кеңес үкіметі кезінде Катонқарағайда 20 мыңнан астам бұғы өсірілетін. Бұғы басының кемуінің себебі бар: жануарды етке соймайды, жүні алынбайды, сүті сауылмайды. Бұлардан алынатын бір ғана өнім - мүйіз. Ол сиыр, қой, ешкіге бітетін мүйізден өзгеше, дәрілік қасиеті бар. Өйткені, Алтайдың адам аяғы баспас биігінде шөптің асылын талғап жейтін бұғы мен мараралдың бар нәрі мүйізіне жиналады.

Катонқарағайда 11 марал шауашылығы бар. Заң бойынша субсидия асыл тұқымды шаруашылықтарға ғана беріледі. Ауданда 9 асыл тұқымды марал шаруашылығы тіркелген. Яғни, ауданда өсірілетін маралдың 85 пайызы асыл тұқымға жатады. Жалпы, бұғылардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Себебі, асыл тұқымды дәрежені алу үшін шаруашылықта марал саны 350-ден аспауы тиіс. Әзірге бұл межеге «Топқайың» және «Баян» шаруашылықтары жете алмай отыр.

Өрел ауылдық округінде Валентин Пантелеев басқаратын «Қарлығаш», Жамбыл аудандық округінде Сержан Етекбаев жетекшілік ететін «Димаш», Толқын Раисовтың иелігіндегі «Маралды» шаруа қожалықтарының әрқайсысы 400-дей марал өсіреді. Ірі шаруашылықтар қатарына «Катонқарайғай бұғы паркін» атауға болады. Бұл паркте Теңбіл бұғы бар. Субсидияны тиімді пайдаланып, шаруашылықты тұрақты дамытуға ден қойғандардың бірі осы «Бұғы паркі».

«Катонқарағай бұғы паркі» шаруа қожалығы.

Орналасқан жері: Катонқарағай ауданы, Ақмарал ауылы.

Бастығы : Тоқтаров Нұрлан Зейнелұлы.
Шаруашылықтың негізгі түрі: Марал шаруашылығы
Шарушылықтың тынысы: Мамыр - тамыз айлары аралығында 30 орынға арналған пантымен емдеу орны жұмыс істейді. Жыл сайын 150 - 200 шамасында адам емделеді.

Бұл шаруашылықта марал шаруашылығы элиталы және І, ІІ, ІІІ санатты болып бөлінеді. Бұл - марал мүйізінің салмағы мен өнімділігі, кеудесінің көлемі, мойының жуандығы сияқты өлшемдер арқылы анықталады. Оны анықтауға облыс орталығында орналасқан ғылыми-зерттеу институтының мамандары арнайы шақырылады. Жыл сайын аталған мамандар маралдың сапасын анықтап, қорытындысын береді. Сондықтан, шаруашылықта 700 марал болса да, сапасына қарай 400 марал бағып отырған шаруашылықтан субсидияны аз көлемде алуы мүмкін. Бұдан субсидияның санға емес, сапаға берілетінін байқау қиын емес.

«Үшбұлақ», «Дамир», «Ақсу» шаруашылықтары « Катонқарағай бұғы паркі» шаруашылығы сияқты жаз бойы өздерінің пантымен емдеу-сауықтыру орталықтары арқылы қосымша табыс табады. Қалған шаруашылықтарда емдеу-сауықтыру орталықтары дұрыс жұмыс істемегендіктен қазіргі кезде туристерді мол мөлшерде қабылдау әлеуетін жетілдіруге күш салып жатыр.

Сонымен қатар бұл бұғы шаруашылықтарты, атап айтсақ «Үшбұлақ», «Дамир», «Ақсу» шаруашылықтары « Катонқарағай бұғы паркі» панта өндірумен айналысып, қосымша төмендегі кәсіппен айналысады:

  1. Мүйіз саудасы.
  2. Мүйіз сорпасы.
  3. Мүйіз қайнату.

1. Мүйіз саудасы.

Катонқарағайда бір жылда 3, 5 тоннадай консервіленген мүйіз өндіріледі. Осының өзін өткізу кейде қиынға түседі екен. Жергілікті маралшылардан «Мистер Чо» атап кеткен Оңтүстік Кореядан келетін кәсіпкер өтпей қалған барлық мүйізді сатып алатын көрінеді. Сондай-ақ, қазіргі кезде «Ақсу-Дзен» ЖШС-ы мүйіз өңдеумен шұғылданады. Оңтүстік Кореямен бірлескен компания марал мүйізінің ауқымды бөлігін қабылдайды. Мұнда марал мүйізінен 35-тен астам түрлі дәрі-дәрмектер жасалады.

« Ақсу-Дзен» ЖШС меңгерушісі Ақзия Мағзұмованың айтуынша, марал шаруашылығының өнімдері консервіленіп, қабылданады. Аталған кәсіпорын спиртті түрде пантокрин тұнбаларын, бальзамдарын және құрғақ ұнтақ түрінде капсулалар өндіріледі.

15 жылға жуық Оңтүстік Корея фирмасымен бірге жұмыс істеп, панты өнімдерін даярлау әдістерін үйренген. Мүйіз қанын кәсіпорынның ветеринарлық дәрігері қабылдайды. Зауытта пантокринді 50 мл-лік шақшаларға құяды. Бұлар Ираннан сатып алынады. Жылына 100-120 мың құты сатып алады. Сондай-ақ мүйізді түгінен тазалағаннан соң одан кеспе жасалады. Кеспе дайындаған соң оны ұнтақтайды. Осы ұн іспетті ақ түйіршіктерден капсула жасалады. Себебі, иісі, дәмі болғандықтан кейбір адамдар сұйық күйінде қолдана алмайды. Ал, капсуланы 2 жастан бастап қолдануға болады. 1 құтыға 40 капсуладан салады. Мүйіз қаны ұнтақ түрінде де пайдаланылады. Бұл дәрі-дәрмектер адам ағзасы шаршап, күйзеліске ұшыраған кезде қалпына келтіруге көмектеседі. Құрамында кальций көп болғандықтан сүйек ауруларына жақсы ем болады. Зауытта түрлі шөптерден бальзам жасалады. « Аламат» бальзамының құрамы пантыдан тұрады. Марал шөбінің тамырын бальзамға, спирттік тұнбаға қосады. Өнімдеріміздің бағалылығы осында, - деді Ақзия Мағзұмова.

Төр Алтайда мүйіз кесу науқаны маусым айында басталады. Мүйіз жыл бойы сынып, түрлі жағдайлар болғандықтан, мүйіз келесі көктемде қайта өнеді. Күзде тас болып қатады. Мүйіздің бас сүйекке бітетін жерінде ұршық болады, кесілмеген жағдайда осы ұршықтан жоғары қата бастайды. Сүйекке айналар келер жылда алдымен бір жақ мүйізі, сәл уақыт өткен соң екінші жағы түсіп қалады. Жаз кезінде бұғы төбесіне біткен бар байлығы сұрғылт түспен түктеніп, былқылдап жұмсақ болып тұрады. Кемік мүйізді осы сәтте кеседі. Ішіндегі қанды шашпай шығармай консервілейді. Кескеннен соң қанын ағызбай жоғары ұстап, суға қайнатады. Сосын ыстап, кептіреді. Құрғақ ыстық буға қояды. Осы үрдіс бірнеше рет қайталанады. Қайнатылған сорпаның қасиеті бар. Адамда осы сорпаға түседі. Мүйіз моншасы дегеніміз - осы.

«Катонқарағай бұғы паркі» шаруашылығының пантымен емдеу-сауықтыру шипажайы ғажап мүйісте десе болғандай, самырсын, қарағай, қайың аралас нудың етегін баса орын тепкен шипажай көркемділігімен көз тартады, тұнық ауасының өзі шипа. Шипажайда 18 демалыс үйі жұмыс істейді. Асхана дастарханынан Алтайдың балы мен қымызы үзілмейді. Етті және көкөністі тағамдар, жеміс-жидектер ұсынылады. Сондай-ақ жазғы спорт алаңы, теннис, жаттығу, хауыз жұмыс істейді. Шипажай аумағы табиғи және арнайы жасыл ландшафтпен көз тартарлықтай әдемі жасалған. Қазір мұнда 35-тен астам адам жұмыспен қамтылған. Басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Шипажай бір мезетте 120 адамға дейін қабылдай алады.

2. Мүйіз сорпасы.

Мүйіз сорпасына түсіп, мүйіз қанынан бетперде (маска) жасаса, адам терісін жасартып, өзгеше рең береді. Панты астауына (ванна) шомылғандар қыстыгүні суық пен тұмаудан аман-сау өтеді. Мүйіз сорпасы адам иммунитетін көтеріп қана қоймай, буын ауруларына да ем болады. Шипажай ашылғаннан бері медициналық қызметкер болып еңбек ететін Сәуле Досымбаева сорпаны алғаш рет қабылаушылар үшін 7-10 күн үзбей түссе, тиімді болатындығын айтады. Емделуші бірінші рет түскенде дәрігерлер оның қан қысымын өлшеп, судың температурасын белгілейді. Көбінесе астау суы +38 . . . +43 градус жылылықта болады. Мүйіз қанының аздап иісі болғандықтан, май қарағай шайырын қосады екен. Бұл жағымды иіс шығарып, тынысыңызды аша түседі. 80 л ыстық суға 1, 5 литр мүйіз сорпасын араластырады. Күніне екі мәрте қабылдайды.

Арасында бір мәрте фитобөшкеге буланады. Мүйіз сорпасы Алтайда өсетін 18 түрлі дәрілік шөппен бірге қайнатылған соң, оның буы қысыммен түтік арқылы фитобөшкеге беріледі. Балқарағай ағашынан жасалған жасалған бөшкенің жататын және отыратын екі түрі бар. Терапевт-дәрігер Дамир Муркамеловтың айтуынша, сорпа буы теріні, бұлшық етті нәрлендіреді. Өйткені, сорпа құрамында липидтер, фосфолипидтер, амин қышқылы, дәрумендер, жасушалардың иммундық жүйесін нығайтатын, қан құрамын жақсартатын заттар бар. Фитобөшке адам ағзасын құнарландыру үшін емдік мақсатта пайдаланылады. Жалпы, астау мен бөшкедегі мүйіз сорпасына түскеннен кейін душ пен бассейнге шомылуға болмайды. Себебі сорпа нәрі тәнге сіңуі тиіс

Рахат әлемінен бусанып шыққан шынығушыларға таудың таза балы қосылған фитошай ұсынылады. Оның құрамында Алтайдың экологиялық таза ауданында жиналған 12 түрлі шөп болады екен. Жалбыз, шайқурай, итмұрын, сасықшөп, аңдыз, мыңжапырақ, қарақат және тағы басқа дәрілік өсімдіктердің кептірілген жапырақтары мен тамырлары бар. Шай - ағзаның жалпы ахуалын, зат алмасуын, ас қорытуын жақсартып, иммунитетін көтереді. Ұйқыны жақсартуға да септігін тигізеді.

Діңгек, Орта, Жалпақ учаскелерінің жанында орналасқан ауылда «Маралды» шаруа қожалығы бар. 1996 жылы құрылған шаруашылықты Толқын Раисов есімді азамат басқарады. Оның әкесі де кеңес кезінде совхоздың бір бөлімшесі болған осы шаруашылықтың басқарушысы болыпты. Бұл шаруашылық Александр шыңы, Қаумыш көлі, Мұлтау тауы аумағында орналасқан.

«Маралды» шаруа қожалығы осыдан үш жыл бұрын демалыс үйлерін салуды бастаған екен. Демалыс базасының құрылыс жұмыстары биыл ғана шегіне жетіпті. Әр бөлмеге құбыр арқылы су жіберілген. Бөлмелер қазіргі заманға сай жабдықталу үстінде. Ыстық су жылытқыш арқылы беріледі. Ваннаға, демалуға, асханаға арналған жеке ғимараттар ағаштан қиып салынған. Базаның бір жағында мүйіз қайнататын қазандық, +80 градус ыстықта мүйіз ыстау моншасы орналасқан. Маралшылар мүйіз ыстайтын моншаны «жаровня» дейді. Бұл шаруашылық 12 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Маралдыда» жылына 500-600 кг мүйіз өндіріледі. «Ақсу-Дзен» кәсіпорнымен бірлескен шаруашылық болғандықтан, өнімдерін аталған орынға өткізеді.

«Маралды» шаруашылығының 2 жарым мың гектар жайылым жері бар. Маралдар қысы-жазы бағылады. Қыстыкүні тебінге шығарылып, жүдеген, арықтаған маралдар жартылай қолда ұсталады. Ал, мүйіз кесу науқаны бір жарым айға созылады. Наурыздан бастап жануарға мүйіз өсе бастайды. Күн жылы болса тез өседі. Қорегі - Алтай тауында өсетін дәрілік қасиеті бар марал шөбі, алтыншөп сияқты өсімдіктер. Мұның бәрі сатының ішінде бар. Бұғы мүйізі әбден пісіп-жетілгенде ғана кесіледі. Оны маралшылар бақылап отырады. Мүйізді кескеннен соң оны қайнатады, көлеңкеде желге және жировняға кептіреді.

Тау қойнауындағы шипажай орналасқан орын жаздың ыстық күнінде +35 градусқа дейін көтеріледі. Қыста аяз -38 градусқа дейін төмендейді. Қардың қалыңдығы кейде 2 метрден асып кетеді, ақтүтек борандар жиі болады.

3. Мүйіз қайнату.

«Маралды» шаруашылығының мүйіз қайнатушысы Мәмбет Тоқтағанов. Мүйізді қайнатпас бұрын мүйізді кескен соң 2 сағат суытады. 600 литрлік бөшкеге толтырып су құйып, қайнатады. Мүйізді қайнаған суға салады. Кесілген түп жағын төбеге қаратып, теріс ұстап отырады. Әр мүйізді әртүрлі уақытта қайнатады. Қайнаған суда бірін 2минут ұстаса, бірін 4 минуттан ұстайды. Қазандыққа жекелей салынған мүйізді қолмен ұстап отырады. Қан аралас көбік шыққанда ала қояды. Ертеңінде тағы 2 мәрте қайнатады. Сосын күн сайын жаровняға салып, ыстап отырады. Бұл жұмыс аяқталған соң 4 сағаттан желдетілуге ілінеді. Төбесі шатырмен жабылған арнайы желдету орны бар . Бұл кезде тағы да 6-7 мәрте күн сайын жаровнядағы құрғақ буға ыстап отырады.

Мүйіз тез бұзылатындықтан ылғалды жерге құюға болмайды. Тамыз, қыркүйек айларында шегіне жетіп, пайдалануға, сақтауға келеді. Тіліп көргенде қызыл қан болса, мүйіздің консервіленуі жақсы деген сөз, нашары көгеріп тұрады. Ал, мүйіз қайнатқан соң 3 күнге шыдайды. 3 күннен асып кетсе, бұзылады. Сондықтан, төгіп тастап, ваннаға жаңа кесілген мүйіздің жас сорпасын құяды. «Маралды» демалыс базасының бір ерекшелігі мұнда емделушілер мүйіз қайнатылған сорпаның өзіне түседі.

АҚШ 1980-1990 жылдары 1 кило жоғары сортты пантыларды мың доллардан сатып алды, бұл жылдары марал шаруашылығы өте жоғары рентабельді сала болып есептелді. Ал қазіргі уақытта, мүйіз дәрісінің ішкі рыноктағы бағасының төмендеуіне байланысты және марал мен теңбіл бұғы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен мемлекет тарапынан жоғарғы қолдау көрсетілетін басым тұқымдар тізіміне енгізілмеу салдарынан асыл тұқымды марал төлдерін сатқаны үшін республикалық бюджеттен субсидия төлеу шектелді. Осы себепті шаруашылықтың қаржылық жағдайы төмендеп, құрып кету қаупі туды.

Бұғы тұқымдарының сипаттамасы.

Мал тұқымы туралы ғылымдардың берген анықтамасы өте көп. Бiрақ олардың әрқайсысы мал тұқымы ұғымының мәнiн толық қамти алмайды. Бiрi оның бiрлiгiне тұрақтылығына мән берсе, екiншiсi ұқсастығына, үшiншiсi бiртектiлiгiне тағы басқа мән бередi.

Көптеген анықтамаларды негiзге ала отырып мал тұқымы деп - белгiлi бiр әлеуметтiк-экономикалық жағдайда адам еңбегi нәтижесiнде қалыптасқан, шығу тегi мен тарихи ортақ, тiршiлiк ортасында талғамы бiр ұқсас, дене құрылысы мен өнiмдiлiк ерекшелiктерi бiрдей және бұл қасиеттерiн ұрпағына тұрақты толық бере алатын, түлiктiң бiр үлкен тобын айтамыз.

Сонымен, мал тұқымымен адам өзінің белгiлi бiр қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн көп жылғы еңбегi арқылы шығарады. Мал тұқымының басты қасиеттерi: шыққан тегiнiң бiрлiгi, белгiлi бiр табиғи және техникалық жағдайда өнiп-өсуге бейімдiлiгi тұқымының өзiне тән, шаруашылыққа айқын белгiлi болған қасиеттерінің тиiмдi болуы, сол қасиеттерінің берiктiгi мен белгiлерiнiң өзгергiштiгi және қасиеттi мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бұл қасиеттерi бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты, бiр-бiрiне толықтырып отырады, жалпы мал тұқымының қалыптасып талапқа сай дамып отыруының басты шарттары. Анықталған тұқымға қажеттi малдың саны оның құндылығына, бейiмдiлiгiне, өсiмталдығына байланысты.

«Катонқарағай бұғы паркінде» өсірілетін бұғы тұқымдарының 6 түрi өсiрiледi: марал, теңбіл бұғы, нанец, эвенки тұқымдары.

Марал - Благородный олень.

Бұғы тұқымдасының ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 227-244, бұқасының шоқтығының биіктігі 142-155 см, салмағы 416 кг, ал ұрғашылардыкі 178 кг. Маралдың дәрілік шикізат беретін мүйізі еркегінде ғана болады. Басқа бұғылардан ерекшелігі - маралдың мүйізі - алты бұтақты болады.

Қазақстан жерінде Талас, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жетісу Алатауында шамамен 7500-8000, ал Оңтүстік Алтайдың Қазақсан бөлігін шамамен 1000 марал жайлайды. Республикамыздағы оның жалпы саны - 10-15 мыңдай.

Маралдар - шағын табын құрып, тіршілік ететін жануарлар. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі мен альпі шабыдықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін қоныстарына байланысты. Күзде салқын түсе үлкен топтар бірте-бірте ыдырап, екі-бестен топтанып, жылы орман ішін жайлайды. Қыста таудың етегіне қарай түссе, жазда таудың жоғарғы белдеулеріне қарай көтеріледі.

Жайылуға кешке қарай шығып, түні бойы өрісте болады. Тойынған соң, жан-жақты жақсы көрінетін жотаның биіктеу жатып, дем алады. Көктемде жануарлар тау беткейлеріне күндіз жайылатын болса, жазда түнде шығады. Негізгі қоректері - 250 түрлі шөптесін және бұталы өсімдіктер. Олардың жапырақтарын, бүршіктерін, өркендерін азық етеді, ал 25-30 -дай сүйсініп жейтін өсімдіктер түрлері ( шатырақ, қоңыыраубас, қондыгүл, сүтжапырақ, күреңот, жусан, т. б) . Маралдың азық құрамында үй жануарлары жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Мысалы, уқорғасын өсімдігін, жусан мен басқа да улы шөптерді жеу ас қорыту жолын түрлі паразиттерден тазартады деген жорамал да бар.

Қазақстанның таулы өңірлерінде маралдың шағылысуы қыркүйектен басталып, қазан айының бірінші жартысына дейін созылады.

Күзде күйіті қанған малдар 8-8, 5 айдан соң, маусым айында төлдейді. Төлдер алдында жануар тынышсызданып, жайылған кезде жиі-жиі жата береді. Жаңа туған бұзау салмағы - 10-14 кг; түсі қоңыр, денесінің екі жағында бірнеше қатар ақ теңбілі болады. Туғаннан соң 18-20 күн өткеннен кейін шөппен қоректене бастайды. Бір жыл алты айда 160-170кг-ға жетіп, сол жасынан-ақ таналары жыныстық жағынан тез жетіле бастайды.

Маралдар аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін алтын мүйізі үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары бағаланады. Бұл пантыны тау женьшені деп те атайды. Бұдан пантокрин дәрісі жасалады.

Теңбіл бұғы - Пятнистый олень.

Теңбіл бұғы - тұқымдас ішіндегі орташа денелі жануар. Аталықтарының дене тұрқы 180 см, шоқтығының биіктігі 115 см-ден артық, салмағы 130 кг-ға жетеді. Аналықтары біршама кіші . Жазда реңі ашық жирен, арқасы мен бүйіріне сарғыш-ақ дақтары болады, ал қысқа қарай реңі - қоңыр-сұр, жирен. Теңбілдігі аса анық емес, дақтары ұзына бойы қатар түзеп орналасады, бүйірінде олар қосылып, жолақ түзуі де мүмкін. Мүйіздері тек аталықтарында болады, ол төрт бұтақты, ұшы үшкір, көз үсті өсіндісі біреу. Мүйізі жылма-жыл түсіп тұрады. Сәуір-мамыр айларында түседі, ал күйге түсер алдында нағыз мүйізге айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңдар биологиясы туралы
Аңдар биологиясы туралы ақпарат
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Аңшылық жануарларды алқаптарда орналастыру
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақт дамуының аймақтық бағдарламасы
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Сақтар өмірі
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz