Жұмыссыздық туралы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I Жұмыссыздық түсінігі және оны талдауда қолданылатын статистикалық әдістер

  1. Жұмыссыздықтың жалпы түсінігі
  2. Жұмыссыздық динамикасын талдауда қолданылатын статистикалық әдістер

II Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық динамикасын талдау

2. 1. Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету

2. 2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық динамикасын талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұмыссыздық әлемдегі ортақ проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Курстық жұмыс міндеті :

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі :

Курстық жұмыстың құрылымы :

I Жұмыссыздық түсінігі және оны талдауда қолданылатын статистикалық әдістер

  1. Жұмыссыздықтың жалпы түсінігі

Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:

  • Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
  • Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми - техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
  • Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ -ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.

Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.

Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.

Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.

Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.

Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

(1)

Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны.

Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл-мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады.

15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам
I тоқсандағы
Анықтама: IV тқ. 2006ж
2005ж
2006ж
2007ж*
: Жұмыссыз халық, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 661, 1
652, 6
624, 0
618, 7
: Жұмыссыздық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 8, 5
8, 2
7, 7
7, 7
: 15-24жас аралығындағы Жұмыссыз ха- лық
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 204, 8
207, 2
152, 9
146, 2
: 16-24жас аралығындағы Жастардың жұмыссыз деңгейі
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 14, 7
14, 7
11, 1
10, 8
: Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 4, 8
4, 3
3, 5
3, 8
: Жұмыспен қамтылған халық, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 7102, 7
7289, 0
7489, 9
7414, 9
: Жұмыспен қамтылу деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 62, 6
63, 2
64, 1
64, 4
: Жалдамалы жұмыскерлер, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 4563, 0
4719, 4
4897, 8
4811, 6
: Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 2539, 1
2569, 6
2692, 1
2603, 6
: Экономикалық белсенді халы, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 7763, 2
7941, 6
8113, 9
8033, 6
: Экономикалық белсенді халық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 68, 4
68, 9
69, 4
69, 7
: Экономикалық белсенді емес халық, мың. адам
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 3587, 1
3582, 8
3574, 8
3488, 5
: Экономикалық белсенді емес халық деңгейі, %
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың. адам: 31, 6
31, 1
30, 6
30, 3

1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2005-2007жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер

Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2007ж бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7, 5 млн. адам. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 200, 9 мың адамға не 2, 8% көп. Жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64, 5%-ды құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34, 6%. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде - 81, 3%-ды құрады.

Сол жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны (экономика- лық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс- сыздық деңгейі -7, 7% құраған. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда 28, 6 мың адамға немесе 4, 4%-ға қысқарғанын көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер - 257, 1 мың адам (41, 2%), әйелдер-366, 9 мың адам(58, 8%)

Барлығы
Оның ішінде
Анықтамалы:2006 ж I тоқсан
ерлер
әйелдер
Барлығы
Оның ішінде
ерлер
әйелдер
: Жұмыссыз халық, мың адам
Барлығы: 624, 0
Оның ішінде: 257, 1
Анықтамалы:2006 ж I тоқсан: 366, 9
652, 6
277, 0
375, 6
: Жұмыссыздық деңгейі, %
Барлығы: 7, 7
Оның ішінде: 6, 2
Анықтамалы:2006 ж I тоқсан: 9, 2
8, 2
6, 9
9, 6
: 15-24 жас аралығын дағы жұмыссыздар, мың адам
Барлығы: 152, 9
Оның ішінде: 78, 5
Анықтамалы:2006 ж I тоқсан: 74, 4
207, 2
97, 0
110, 2
: Жастардың жұмыссыздық деңгейі, %
Барлығы: 11, 1
Оның ішінде: 10, 4
Анықтамалы:2006 ж I тоқсан: 12, 1
14, 7
12, 7
17, 2
: Ұзақ мерзімді жұмыс сыздық деңгейі, %
Барлығы: 3, 5
Оның ішінде: 2, 5
Анықтамалы:2006 ж I тоқсан: 4, 6
4, 3
3, 1
5, 5

2-кесте - 2007 ж. I тоқсанындағы жұмыссыздық

Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе- теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік- біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А. Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2, 7%-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және, керісінше, ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді.

  1. Жұмыссыздық динамикасын талдауда қолданылатын статистикалық әдістер

Динамикалық қатардың мәні - қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси және мәдени құбылыстарының даму заңдылығын айқындауда және зерттеуде. Уақыттағы құбылыстың өзгерісін сипаттайтын статистикалық мәліметтер динамикалық қатарлар деп аталады.

Динамикалық қатарлар абсолюттік, қатысты және орта шамалар қатарларына бөлінеді. Уақыт белгісі бойынша абсолюттік шамалардың динамикалық қатарлары мезетті және интервалды болып бөлінеді.

Белгілі бір уақыт аралығында қоғамдық құбылыстың даму деңгейін сипаттайтын динамикалық қатарлар интервалды деп аталады.

Динамиканың әр қатары 2 элементтен тұрады: 1) уақыт немесе мезет кезеңі 2) қатар деңгейі. Динамиканың көрсеткіштер жүйесіне:

  • абсолюттік өсім;
  • өсу деңгейі;
  • өсім деңгейі;
  • 1 процент өсімнің абсолюттік мәні;
  • өсімнің орта жылдық деңгейі.

Абсолюттік өсім - қатардың алдыңғы (базалық) және кейінгі деңгейінің арасындағы әртүрлілік.

; т - тізбекті

; баз- базалық

Орташа абсолюттік өсім:

; т - тізбекті

; баз- базалық

Өсу қарқыны (Өқ) - динамикалық қатардың деңгейлерінің қатынасы, ол коэффициентпен және пайызбен көрсетіледі:

Өқ ; Өқ ;

Өсім қарқыны 2 тәсілмен анықталады:

А) абсолюттік өсімнің алдыңғы деңгейге қатынасы: Өсім қ ;

немесе базалық: Өсім қ ;

б) өсу деңгейі мен бірліктің арасындағы әртүрлілігі ретінде: Өсім қ қ-1 немесе өсу деңгейі мен 100% арасындағы әртүрлілік Өсім қ қ-100%.

1% өсімнің абсолюттік мәні (А1%) абсолюттік өсімнің тізбектісінің өсім деңгейі тізбектісіне қатынасына тең: А1%= ;

Бір процент өсімнің орташа абсолюттік мәні келесі формуламен есептеледі:

А1%= ;

Өсудің ортажылдық деңгейі мына формуламен есептеледі:

А) өсудің тізбекті коэффициентінен орташа геометриялық: қ= ;

Б) соңғы және алдыңғы деңгейлердің қатынасы: қ= ;

Өсімнің ортажылдық деңгейі келесі жолмен шығарылады:

___ __ ___ __

Өсім қ қ-1; Өсім қ қ-100%.

Динамикалық қатардың деңгейлері көрсеткіш есебі әдісі бойынша, территориясы бойынша, қамтылған объектінің кезеңінің жалғасуы бойынша, есептеу бірлігі бойынша және басқа белгілері бойынша салыстырылуы керек.

Динамикалық қатардың салыстырымдылығы - зерттейтін жиынтықтың бірдей құрамын алу үшін мәліметтерді есептеу әдісі.

Динамикалық қатарлардың тоғысуы - ескі және жаңа шекарада бір құбылыстың динамикасын сипаттайтын 2 (немесе бірнеше) көрсеткіш қатарларының бір қатарға бірігуі.

Динамикалық қатарларды бір негізге алып келу - уақыт ішіндегі бағыттың салыстырмалы сипаттамасын және бірдей дамып келе жатқан құбылыстардың өсу қарқындылығын алу болып табылады. Бұл әдіс өсудің базалық қарқындылығын есептеуге, оларды салыстыруға және озу коэффициентін есептеуге алып келеді.

Динамикалық қатарларды талдау уақыт ішіндегі зерттелетін көрсеткіштің өзгеру деңгейінің заңдылығын және тенденциясын бекітеді. Бірақта деңгейлері әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын динамикалық қатарларды да жиі кездестіруге болады және ол құбылыстың дамуының жалпы тенденциясы туралы ғана айтуға болады.

Динамикалық қатарлардағы негізгі тенденцияны анықтайтын бірнеше әдістер бар:

  • интервалды (кезеңді) үлкейту әдісі
  • орташаның сырғымалы әдісі
  • динамикалық қатарды талдамалы теңестіру.

Орташаның сырғымалы әдісі. Бұл әдістің мәні ірі интервалдарда белгілі бір кезең ішінде абсолюттік мәліметтерді орташа орташа арифметикалықпен ауыстыруда. Орташаның шамасы сырғанау әдісі арқылы есептеледі, демек қабылданған бірінші деңгейдің сырғу кезеңін ақырын жойып, екінші деңгейді қосу.

Талдамалы теңестіру әдісі уақыт ішіндегі динамикалық қатардың деңгейі өзгеруінің жалпы тенденциясын көрсететін сандық модельді береді. Бұл жағдайда нақты деңгейлер қисықты анықтау негізінде есептелінген деңгеймен алмастырылады. Ол уақыт ішіндегі зерттелетін көрсеткіштің өзгеруінің жалпы тенденциясын көрсетеді.

Талдамалы теңестіру әдісі түзуді теңестіру көмегімен жүргізіледі:

-теориялық деңгей;

- түзудің параметрлері;

- уақыт көрсеткіші (күндер, айлар, жылдар)

Маусымдық құбылмалылық деп динамикалық қатардың ішіндегі тұрақты жылдың ішіндегі құбылмалылықты айтады, олар тауарды өндіру және тұтыну шарттарымен есептеледі.

Маусымдық ауытқу арнайы көрсеткіштермен - маусымдық индекстермен сипатталады.

Маусымдық индекс жиынтығы маусымдық толқынды жасайды. Маусымдық толқынды табу үшін айларға бөлінген бірнеше жылдық мәліметтерін алады.

Егер динамикалық қатар дамуда анық көрсетілген тенденциясы болмаса, онда индекстер зерттелетін жылдардағы сәйкес айдың зерттелетін құбылыстың орташа деңгейінің жалпы орташасына қатынасымен есептеледі.

Егер динамикалық қатар дамуда нақты тенденциясы болса, онда маусымдық индекстер сәйкес айлардағы нақты деңгейлерінің проценттік қатынасынан сол айлардағы теңестірілген деңгейлеріне орташасымен есептеледі.

Негізгі ұғымдар:

Абсолюттік өсім - берілген деңгей біріншісімен (базисті өсім) немесе алдыңғы деңгеймен салфыстырғанда қанша бірлікке өзгергенін көрсетеді.

Өсу коэффициенті - берілген қатарда ағымдық деңгей алдыңғы деңгейден қанша есе үлкен екенін көрсететін, 2 салыстырмалы деңгейдің қатынасы.

Өсу қарқыны - 2 салыстырмалы деңгейдің қатынасы (динамикалық қатардың кейінгі деңгейін алдыңғы немесе базисті деңгейіне), ол пайызбен көрсетіледі.

Өсім қарқыны - қатардың деңгейі біріншісімен (өсімнің базисті қарқыны) немесе алдыңғымен (өсімнің тізбекті қарқыны) салыстырғанда қанша пайызға өзгергенін көрсетеді.

Бір процент өсімнің абсолюттік мәні (А1%) - бір процент өсімге (азаю) қанша абсолюттік бірлік келетінін көрсетеді.

Озу коэффициенті - бірдей уақыт аралығында 2 динамикалық қатардың базисті өсім қарқынына қатынасы.

Маусымдық индексі - жеке кезең деңгейінің жалпы кезең ішінде орташа деңгейіне пайыздық қатынасы.

Интерполяция - динамикалық қатардың белгісіз аралық мәнін анықтау тәсілі

Экстраполяция - бақылауға алынбаған құбылыс жиынтығының сандық сипаттамасын, оған өткен уақытта және келешекте соған ұқсас жиынтықтарды бақылау кезінде алған нәтижелерін тарату арқылы анықтау әдісі.

2. 1. Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету

Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А. Смит,

Д. Рикардо, Ж. Б. Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А. Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А. Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж. ) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.

К. Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.

Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе - жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары - жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы жұмыссыздық
Еңбек нарығы және жұмыссыздық туралы
Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық әлеуметтік көрсеткіштер
Жұмыссыздықты күту
Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдік, құрылымдық жұмыссыздық
Ұмыссыздықтың теориялық негіздері
Нарықтық экономикадағы жұмысссыздықтың себептерi мен түрлерi
Жұмыссыздықтың экономикалық теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz