Мемлекетаралық қатынас - дипломатия



“ Дипломатия ” ұғымы грек сөзі diploma – екі бүктелген бет, құжат деген мағнадан шыққан. Бұл жерде “ дипломды ұстаушы ” деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныснемесе сенім громаталары.
Кең мағынадағы дипломатия ұғымы – бұл халықаралық құқық субъектілерінің өкідділіктер жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушылардың құқуқтарымен мүдделерін бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия – бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістермен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болвп табылады.
Тар мағынада дипломатия ұғымы ұғымы – бұл келіссөздер жүргізу мен шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын білуге , халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді зерттеп – білуге негізделетілін айту керек.
Адазат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселерінде оның маңызды құралының бірі – дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Бір – бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады.
Барлық мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі орган түріндегі дипломатиялық аппараттарды ( Сыртқы істер минситрлігі, елшіліктер, миссиялар, консулдықтар ) дипломатиялық қызметтердің негізгі жетекшісі және орындаушысы ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай кадырлардың жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық аппарат – бұл мемлекеттік аппараттың бір бөлігі, оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекттің әлеуметтік – экономикалық, саяси құрылымымен айқындалады.
Дипломатиялық аппаратты жетілдіру, дипломатиялық кадырларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озақ тәжірибелерін зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту – халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілікпен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі барлықмемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.
Дипломатия – бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттарымен міндеттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондай – ақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді айқындайды.
Өркениетті әлемдегі дипломатиялық тәжірибе тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметтің дәстүрлі әдістерінің

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Философия және Саясаттану факультеті
Саясаттану кафедрасы

БАЯНДАМА

ТАҚЫРЫБЫ: Мемлекетаралық қатынас - дипломатия

ОРЫНДАҒАН:
Саясаттану - курс

ТЕКСЕРГЕН: .

“ Дипломатия ” ұғымы грек сөзі diploma – екі бүктелген бет, құжат
деген мағнадан шыққан. Бұл жерде “ дипломды ұстаушы ” деген сөз алғашқы
мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс
шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныснемесе сенім
громаталары.
Кең мағынадағы дипломатия ұғымы – бұл халықаралық құқық
субъектілерінің өкідділіктер жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір
сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушылардың құқуқтарымен мүдделерін
бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия – бұл халықаралық
құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістермен тәсілдер
көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болвп
табылады.
Тар мағынада дипломатия ұғымы ұғымы – бұл келіссөздер жүргізу мен
шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму
заңдылықтарын білуге , халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын,
халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді
зерттеп – білуге негізделетілін айту керек.
Адазат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат
мәселерінде оның маңызды құралының бірі – дипломатия әрқашан бірінші
орында келеді. Бір – бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай
халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді
болады.
Барлық мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі орган түріндегі
дипломатиялық аппараттарды ( Сыртқы істер минситрлігі, елшіліктер,
миссиялар, консулдықтар ) дипломатиялық қызметтердің негізгі жетекшісі
және орындаушысы ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және
дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай
кадырлардың жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және
ол мемлеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық
аппарат – бұл мемлекеттік аппараттың бір бөлігі, оның қызметінің бағыты
мен мазмұны мемлекттің әлеуметтік – экономикалық, саяси құрылымымен
айқындалады.
Дипломатиялық аппаратты жетілдіру, дипломатиялық кадырларды
іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озақ тәжірибелерін
зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту –
халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілікпен
бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға
мүдделі барлықмемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып
табылады.
Дипломатия – бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық
қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттарымен
міндеттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын,
сондай – ақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен
әдістерді айқындайды.
Өркениетті әлемдегі дипломатиялық тәжірибе тәуелсіз мемлекеттердің
сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметтің дәстүрлі
әдістерінің және жаңа нысандар мен әдіс-тәсілдерінің қолданылып келе
жатқанын көрсетіп отыр. Диплоатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі
нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі,
мемлекеттер арасыда жүргізілетін жоғары деңгейдегі көп жақты келәссөздерді
жатқызуға болады.
Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық
құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне
жұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтың нормалар реттеу заты
бойынша салыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды.
Қазіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салалардың ішіндегі
анағұрлым жүйеленген және үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық
құқық – бұл құқықтың байырғы салаларының бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық
ретінде пайда болып, дамыған еді. XX ғ. басына қарай елшілік құқық
дипломатиялық құқыққа айналды.
Дипломатиялық құқық – бұл халықаралық қатынасқа қатысушы
халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен
нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету
нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді
қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін (
функциялары мен мәртебесін ) реттейді.
Бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарында “ сыртқы қатынас құқығы ”
деген ұғым кездесіп қалады. Сыртқы қатынас құқығы тұжырымдамасы
халықаралық өмірдің нақты жағдайлары объективті түрде осы саладағы
халықаралық құқық нормаларының жүйеленуі мен үдемелі дамыуы осы саланың
мемлекеттердің шетелдерде тіркелген дипломатиялық және консулдық
өкілдіктерінің қызметін ған емес, сонымен бірге сыртқы қатынастың
ішкімемлекттік органдарының, арнайы миссияларының, халықаралық
конферециялардағы делегециялардың, халықаралық ұйымдардың жанындағы
мемлекеттердің өклдіетерінің және солардың жанындағы тұрақты бақылаушылар
миссиясының қызметін реттеуге біртіндеп жол қойылатындығында. Міне, сол
арқылы ғылыми айналымға “ сыртқы қатынас құқығы ” деген кеңірек ұғымды
еңгізуді түсіндіруге болады.
Шарт және салт-дәстүр дипломатиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
болып табылады. 1961 ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы
дипломатиялық қызмет саласындағы негізгі қайнар көздің бірі. Сонымен
қатар, дипломатиялық құқық мемлекеттердің арнайы миссияларының қызметін,
сондай-ақ халықаралық конференциялардағы өкілдіктердің құқықтық мәртебесін
реттейді. Ол, ең алдымен 1969 ж. арнайы миссиялар тұралы Конвенция,
мемлекеттер өкілдіктерінің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен
қатынастары туралы 1975 ж. Вене Конвенциясы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны жариялауы шетел
мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа
да қатынастарын дамытты. Сондықтан халықаралық қауымдастықпен қатысу
нысандары мен тәсілдерін жаңарту қажеттілігі пайда болды. Халықаралық
қатынастардың ұлғаюы, шетелдерде қазақстандық өкілдіктердің көбеюі мен
қазақстан азаматтар санының артуы дипломатиялық және консулдық қызметтің
мазмұнына сапалық өзгерістер еңгізді. 1993 ж. көктемінде Қазақстан сыртқы
саясатты жүзеге асыру саласындағы халықаралық стандартқа
қосылды.Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. вена Конвенциясына және
консулдық қатынас туралы 1963 ж. Вене Конвенциясына орай, Қазақстан
Республикасы елшілік, миссия немесе консулдық аймақ деңгейіндегі
қатынастар орнатады. Дипломатиялық қатынастарда біз түрлі нысандарды
қолданамыз. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекет
басшыларының ( АҚШ, Жаңа Зеландия ) жеке жолдаулары, дипломатиялық қатынас
орнату жөніндегі Сыртқы істер министірлігінің біріккен мазмұндамалары (
ҚХР, Испания, Австрия ), дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі хаттамалар
( Моңғолия, Франция, Үндістан ), ноталар алмасу ( ОАР, Египет, Израиль )
дипломатиялық қатынастарды орнату нысандары болды. Консулдық қатынастар
үшін консулдық конвенцияларға қол қою ( ресей Федерациясы, Венгр
Республикасы ), визаларды өзара мойындау туралы келісімдер ( Грузия
республикасы ТМД елдері ), азаматтардың өзара сапалары және визалар
берудегі өзара түсіністіктер туралы меморандумдар ( Пәкстан Ислам
Республикасы, Иран Ислам Республикасы ), консулдық шарттар ( Украина,
Түркменстан ) консулдық қатынастар орнатудың кең таралған түрлері.
Шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін ескере отырып, Қазақстан
дипломатиялық және консулдық қызметтерді ұйымдастру жөнінде өз заңдарын
қабылдауда, сыртқы саяси ведомство – Сыртқы істер министірлігінің жұмысын
жетілдіруде, консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын
жасауда; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел адамдардың және
азаматтағы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты
құжаттарды Сыртқы істер министірлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі
туралы; Қазақстан азаматтарын шетелдерде есепке алу және тіркеу туралы;
Қазақстан азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат беруді
рәсімдеу туралы және т.б. жөнінде арнайы нұсқаулық мактериалдар
дайындайды.
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет Ұлттық заңдарға және
халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік органдарға
азаматтардың кәсіби қызметі. Біздің мемлекетіміздегі дипломатиялық
лауазымға тағайындау тәртібі халықаралық стандарттарға сай. Мәселен,
дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шет тілдерін білетін, өзіне
жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қабілеттері бар азаматтар
тағайындалады. Біздің ойымызша, жақын болашақта, біз арнайы жоғары білім
және мемлекеттік тілді білу сияқты талаптарды да қоса айтатын боламыз.
Мұндай өзгерістердің болуы уақыт талабы. Сыртқы істер министірін
тағайындау тәртібі, дипломатиялық қызметті өткеру және тоқтату
ерекшеліктері, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін қамтамасыз ету,
кепілдік беру және өтемақылар, құқықтар мен міндеттер көлемі,
жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің осы бөліміне ерекше жағдайда
қамтамасыз етеді.
Біздің мемлекетіміздің дипломатиялық және консулдық қатынастарын
шетел мемлекеттеріндегі өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер
қамтамаcыз етеді; Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатынасуы, мемлекет мүддесін
сыртқы саясаттағы түрлі мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық
құралдар мен тәсілдер арқылы мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті,
ұжымдық және аймақтық қауыпсіздікті қамтамасыз етудегі әрекеттерін жүзеге
асырады.
1 Сыртқы қатынастарда мемлекет өзінң тәуелсіздігі арқылы халықаралық
құқық субъектілікке ие болатын біртұтас құрылым ретінде көрінеді. Сыртқы
қатынас органдары мемлекеттің шетелдегі өкілдігі ретінде болады және
олардың құзыреттер шегінде іске асырылатын барлық әрекеттері мемлекеттің
шетелдегі өкілінің әрекеті ретінде қарастырылады және оған халықаралық
құқық нормаларына орай жауапкершілік жүктейді. Кез келген мемлекеттің
сыртқы қатынас органдары ішкі мемлекеттік ( немесе орталық ) және шетелдік
болып екіге бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы сыртқы қатынастың ішкі мемлекеттік
органдарына мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Президенті,
Қазақстан Республиксының Парламенті, Үкімет басшысымен және Үкімет, Сыртқы
істер министірлігі – мемлекеттің сыртқы қатынасын тікелей жедел басқаратын
орган.
Мемлекеттің шетелдік сыртқы қатынас органдары, өз кезегінде тұрақты
және ұақытша болып бөлінеді.Қазақстан Республикасындағы тұрақты сыртқы
қатынас органдарына Қазақстан дипломатиялық қатынасорнатқан елдерде
тіркелген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері (
елшілікткер мен миссиялар ); консулдық мекемелер, тұрақты өкілдіктер,
халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты бақылаушылар миссиясы жатады. Осы
топқа сауда өкілдіктері де жатқызылады. Қазақстан Республикасының
шетелдердегі уақытша органдарына түрлі миссиялар, халықаралық
конференциялардағы делегация мен бақылаутоптары, халықаралық органдар
сессияларының жұмысынақатысушы делегациялар және олардың ұйымдары және
т.б. жатқызылады.
Мемлекет басшысының өкілеттері – Қазақстан республикасының
Президентінің, Парламенттің, Үкіметі мен Үкімет басшысының өкілеттері
Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, тиісті нормативтік актілермен
белгіленген. Бұл мәселелер конститутциялық және әкімшілік құқықтарда егжей-
тегжейлі зерттелген.
Сыртқы істер министірлігі – Қазақстан Республикасының сыртқы
саясатын жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды және сыртқы
қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін орталық
атқарушы орган болып табылады. Министірлік өз қызметін Қазақстан
Республикасының Президенті мен Үкіметі басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы
мәселелер жөніндегі министірліктің қызметіне Қазақстан Рееспубликасының
Премьер-министірі басшылық жасайды. Өз қызметінде Министірлік Қазақстан
Республикасының Конститутциясын, заңдарын, Сыртқы істер министірлігі
туралы Ережені, дипломатиялық қызмет туралы 2002 жылғы заңды, басқа да
нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.Министірлік жүйесіне
Қазақстан Республикасының дипломатиялык өкілдіктері мен консулдық
мекемелері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы
өкілдіктері, Министірліктің Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдіктері
мен өзінің ведомстволық бағынастығы ұйымдары кіреді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің негізі
міндеттері мынылар болып табылады:
• Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі
бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және
Үкіметіне тиісті ұсыныстарды тапсыру;
• Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге Қазақстан
Республикасының Президенті үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясат
стратегиясын жасау, Президенттің халықаралық бастамаларын жүзеге асыру;
• Қазақстан Республикасының егемендігін, қауыпсіздігін, аумақтық тұтастығын
және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-
қатынастарындағы және халықаралық еренадағы мүдделерін қорғауды
дипломатиялық құралдар мен әдістермен қамтамасыз ету;
• Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының
құқықтары мен мүдделерін қорғау;
• Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық және
консулдық қатынастарын, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарын жүзеге
асыру;
• Шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда
Қазақстан Республикасының біртұтас сыртқы саяси бағытты жүргізуін
қамтамасыз етумақсатында атқарушы өкіметтің басқа да органдарының қызметін
үйлестіру және жұмысына бақылау жасау.

Министірлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, Қазақстан
Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен
қатынастар мәселелері жөнінде белгіленген тәртіпте Қазақстан
Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстармен ұсыным-кеңестерді
әзірлейді және табыс етеді, сондай-ақ, халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Халықаралық құқықтың халықаралық қатынастардағы рөлі
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Арнайы миссиялар
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
Дипломатиялық хаттамалар
Пәндер