ХХ ғасыр басындағы әдеби үдеріс


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3-5
Кіріспе: 1 Түркі халықтары әдебиеттерінің типологиялық ұқсастықтары
3-5: 6-31
Кіріспе: 1. 1 Көне мәдени мұралардағы ортақ сипаттар
3-5: 6-18
Кіріспе:

1. 2 Шығыс-түркі шайырларының әлемдік әдебиеттегі

орны мен ықпалы

3-5: 18-31
Кіріспе: 2 ХХ ғасыр басындағы әдеби үдеріс және қазақ-өзбек байланысы
3-5: 32-55
Кіріспе: 2. 1 Алаш және өзбек әдебиет өкілдері шығармашылық үндестігі
3-5: 32-47
Кіріспе:

2. 2 Қос халық қаламгерлерінің шығармашылығындағы

көркемдік ізденістер

3-5: 47-55
Кіріспе: Қорытынды
3-5: 56-57
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3-5: 58-59

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көркем өнер қайраткерлерінің шығармашылықтарын қазақ-өзбек әдеби байланыстары негізінде тұтас алып қарастырған әрі нақты зерттеу жұмыстарын жүргізген еңбек жоқтың қасы. Болған күнде де ол еңбектер кеңестік идеялогия ықпалынан аспай, шығыстық-түркілік сипаттағы шығармалардың үйлестігіне, ұқсастығына теріс баға беруімен шектелді.

Уақыт талабына сәйкес туындаған, генетикалық, типологиялық үндестіктер мен дәстүр сабақтастығы негізінде жазылған туындылардың тақырыптық, жанрлық ұқсастықтары мен сюжет, идеялық мотив сарындастығын ашып көрсету өте-мөте қажет. Осы орайда, қазақ қаламгерлерінің өзбек ақын-жазушыларымен шығармашылық үндестігі, кей тұста әсер-ықпалы негізінде төл әдебиетімізге әкелген құбылыстық сипаттары тектес, тамырлас таным-түсінік, ағымдас ой-сана, концепция тұрғысынан байқалды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыс қазақ және өзбек, қаламгерлердің шығармашылықтарын тұтас салыстыра қарастырып, олардың үндестігін, үйлесімін жан-жақты көрсетуге талпынған шағын алғашқы еңбек.

Осы тұрғыдан келгенде ұлттық әдебиетіміздің тарихында аса бір күрделі кезең - ХХ ғасыр басындағы әдеби процесте қазақ пен басқа түркі ұлыстарының түп, тіл, дін негізіндегі тектес, тамырлас және діни-рухани алмасуларға ерекше көңіл аударылды. Сөйтіп түгел түркіге тән көне мұралар мен қисса-дастандардың тарихи-генетикалық, типологиялық ұқсастықтарын айқындауға тырыстық.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Зерттеу обьектісі етіп отырған қазақ және өзбек халықтарының өзара қарым-қатынастары 50- жылдардан бері біршама сөз болып келеді. Бұл тақырып аясында М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Ы. Дүйсенбаев, З. Ахметов, С. Қирабаев Ә. Дербісалин, Ә. Жиреншин, Р. Нұрғали, С. Сейітов, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев сынды белгілі әдебиетші ғалым, сыншылармен қатар өзбек ғалымдары А. Алиев, Н. Каримов, И. Ганиев, Т. Турдиев, Х. Болтабоевтар да ой толғап, қалам тербеді. Сондай-ақ, Е. Ысмайылов, М. Дүйсенов, Р. Бердібаев, Ш. Сәтбаева, Б. Тілегенов, Д. Қамзабекұлы, С. Сүтжанов, т. б. қазақ әдебиетінің басқа туысқан елдер әдебиетімен өзара қарым-қатынастарын сөз етіп, ғылыми мақала, монография тарауларын жазды.

Аталмыш тақырып төңірегінде, әсіресе, жекелеген халықтар арасындағы, атап айтқанда, қазақ- өзбек әдеби байланысы арнайы зерттеу нысанасына алынып, А. Алиев, Қ. Сұлтановтардың еңбектеріне арқау болды. Қазақ пен өзбек әдебиеттері туралы және оның типологиялық ұқсастығы жайлы Р. Бердібайдың «Байқалдан Балқанға дейін», «Түбі бір түрік», Ә. Қанафиннің «Түркі халықтарының әдебиеті», Б. Дәрімбеттің «50 мақала», Д. Қамзабекұлы «Алаш және әдебиет», С. Сүтжанның «Қазақ-түркі әдеби байланыстары» т. б. ғалымдардың еңбектерінде және ұжымдық зерттеулерде арнайы сөз болды.

Зерттеу нысаны. Жұмыста ғасырлар тоғысындағы қазақ-қырғыз қаламгерлерінің шығармалары зерттеу обьектісінің нысанына айналды және ақтаңдақ әдебиет өкілдерінің мұралары көтерілген мәселелерге сәйкес игерілді. Сонымен қатар, типологиялық салыстырулар жүргізу арқасында қазақ, өзбек ақындарының (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев пен М. Бехбуди, А. Фитрат, А. Авлони, А. Чолпан) туындылары түпнұсқа түрінде әрі дәйектеме ретінде берілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - ХХ ғасыр басындағы қазақ және өзбек халықтары әдебиеттері байланыстарының дамуын, бағыт-бағдарларын айқындау және алмасу тұрғысында байқалған жекелеген қаламгерлер шығармашылықтарындағы әсер-ықпал көріністерін бағамдау, сөйтіп төл сөз өнеріміздің тақырыптық, жанрлық және көркемдік деңгейін анықтау. Осы мақсатты орындау барысында мына төмендегідей міндеттерді шешуге талпыныстар жасалды:

  • түгел түркі әдебиеттеріне тән генетикалық, типологиялық және аймақтық ұқсастықтарды ашып көрсету;
  • өткен ғасыр басындағы қос халықтың қоғам қайраткерлерінің өзара әдеби-мәдени қарым-қатынастарын айқындау;
  • қазақ, өзбек басылымдарына ортақ бағыт-бағдарды анықтау;
  • жәдитшілдік, түрікшілдік негізде жазылған шығармалардың сюжеттік, идеялық сарындастығын бажайлау;
  • жекелеген туысқан халық қаламгерлерінің өзара ықпал-әсер көрістерін дәйіктеу;
  • қазақ, өзбек (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев пен М. Бехбуди, А. Фитрат, А. Авлони, А. Чолпан) ақын-жазушыларының шығармашылық үндестіктері мен көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін пайымдау.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты әзірлеу барысында тарихи-типологиялық және салыстырмалы-компаравистикалық әдістер пайдаланылды. Қазақ және өзбек ақындарының (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев пен М. Бехбуди, А. Фитрат, А. Авлони, А. Чолпан шығармашылықтары негізінде) шығармашылығындағы ұқсастықтар мен өзіндік ерекшеліктер салыстырыла қарастырылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми әдістемелік негізі. Ғылыми жұмысқа арқау болған мәселелерді зерттеу барысында әдебиеттану ғылымындағы теориялық, әдіснамалық тұжырымдар мен көзқарастар, ғылыми ұстанымдар негізге алынды. Дипломдық жұмыста А. Байтұрсынұлы, Б. Кенжебаев, С. Қирабаев, Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Ш. Елеукенов, М. Мырзахметұлы, Т. Жұртбай, Ө. Әбдиманұлы, Б. Дәрімбет, Д. Қамзабекұлы, Ж. Смағұлов, С. Сүтжанов т. б. отандық ғалымдар еңбектері мен ұжымдық зерттеулері басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми-теориялық мәні. Зерттеу нәтижесін ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиеті тарихына арналған оқулықты толықтыруда пайдалануға болады. Ғылыми жұмыста жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды ЖОО қазақ әдебиеті бойынша жүргізілетін арнайы курстар мен семинарларға қажетті қосымша оқу құралы ретінде ұсынуға болады.

Жұмыс құрылымының жобасы. Жұмыс кіріспе, қорытындыдан басқа іштей тараушаларға жіктелген екі үлкен тараудан тұрады. Еңбектің соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

  1. Түркі халықтары әдебиеттерінің типологиялық ұқсастықтарыКөне мәдени мұралардағы ортақ сипаттар

Түркі халықтарының ортақ әдеби мұралары б. з. д. ҮІІ ғасырдан бастап, Алтын Орда империясы құлап, ХҮ ғасырдан бастап түрік халықтары көп хандықтарға бөлініп, әр халықтың ұлттық әдебиеті дербес даму жолына түскен кезеңге дейінгі тарихи мерзімді қамтиды. Өйткені осы уақытта өмір сүрген түрік халықтары бірыңғай рухани тұтастықта тұрды.

Бірыңғай рухани тұтастықта тұрған түрік халықтары ХҮ ғасырдан бастап ішкі қайшылықтар мен сыртқа отаршыл күштердің қыспағымен тарыдай шашылып бөлшектеніп кетті. Бұрындары бәрін бауырға тартып, рухани жағынан біртұтас танымдығы көзқарасқа қозғау түсіп, әр халық тарихи және саяси - әлеуметтік жағдайға бейімделіп, тар шеңберіндегі өз ұлтының өмір сүру салтына қарай әдебиеттері де дербес ұлттық бағытты ұстанып өзіндік ерекшелігі бар даму жолына түсті. Енді бұрынғыдай ортақ мұраға ие түркілік әдебиет те бөлшектеніп қазақ, өзбек, қырғыз, түрік, әзірбайжан, татар, қарақалпақ, т. б. ұлттық әдебиеттер пайда бола бастады.

ХҮ ғасырға дейінгі өмір кешкен түрік мемлекеттері (сақ, ғұн, түрік қағанаты т. б. ) әр түрлі мемлекеттік саяси - әлеуметтік құрылымда болса да, оларға тән ортақ белгі рухани тұтастық мызғымай берік болып келді. Міне, осы ұзақ мерзім ішінде қалыптасқан рухани тұтастық заманында жазылып, бізге жеткен әдеби аңыздар, жазба дерек ескерткіштері мен Әл - Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари шығармалары мен Алтын Орда кезінде жазылған қисса дастандар бөліп жаруға келмейтін рухани тұтастықты қалыптастырады. Осындай тарихи ерекшелікті ескере отырып, бұл дәуір әдебиеті мен рухани қазына көдерін бүгінгі бүкіл түрік халықтарына тән ортақ әдебиет ретінде қарастырамыз.

Түркі халықтарының ұлттық санасы жанданып, өткенге көңіл бөліп көне мұраны шет жағалап болса да ғылыми тұрғыдан қарап танып білуге ұмтылу әрекеті 60-жылдардан бергі тұста белгі бере бастады. Міне, осы кезде кейбір түрік ғалымдары осы ортақ мұраны өздеріне қарай бейімдеп тартуға тырысты. Орхон жазу ескерткіштері мен Қараханидтер заманындағы әдеби туындылары өзбек, ұйғыр, қырғыз, татар, әзірбайжан әдебиеті тарихына ендіріп, өзіне қарай меншіктей бастаған кезде ғалымдарымыз Әл-Фарабиді, Яссауиді қазақ әдебиеті арнасында қаратып, талас пікір туа бастағаны да рас. Бірақ бұлар әдеби ортақ мұраны әрқайсысы өзіне қарай тартқылап, бір халықтың өкілі етуге тырысқанда, оның туып өскен атамекеніне де қарамай өзіндік мұра етіп, өзара таласып жатысты. Мұндай талас пікір яғни кейінгі кезеңде басталып, 70 жылдар ішінде өршіп, күшейе түсті. Бірақ өткендегі әдеби мұра мен оның жеке өкілдері әркім өзіне қарай икемдеп танытудан гөрі оларды бүгінгі түркі халықтарының орталық мұрасы ретінде қарай таныту қажет деген деген ғылыми негіздегі пікірлер де айтылып жатты.

Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ Ғылыми Орталығының Түркология ҒЗИ бастауымен 2002 жылы Түркістан қаласында халықаралық теориялық ғылыми семинар - кеңес ұйымдастырып, әр республикадан шақырылған ғылымдар өзара пікір алысты. Күн тәртібінде қойылған мәселе - Түркі халықтар әдебиеті тарихын дәуірлеудің жайы болатын-ды. Ғылымдар бір ауыздан ХҮ ғасырға дейінгі түрік халықтарына тән бірыңғай рухани тұтастықты негізге ала отырып, оларды барлық түркі халықтарына ортақ мұра ретінде танып білуге, енді оларды осы тұрғыдан насихаттап танытуға бақталасты.

Міне, осы көзқарасты яғни ғылыми негізде танып білуге ұмтылудан ертедегі әдеби мұраны бүкіл түркі халықтарына ортақ мұра ретінде танып қарап танытуды әрі болашақта жоғары оқу орындарындағы барлық факультеттерде арнайы пән ретінде өтілетін «Түркі халықтар әдебиеті тарихы» оқулығына ендіріп, түрік халықтары жас әулиетінің санасына сіңдірудің мән-мағынасы зор болмақ. Өйткені бұл ғылыми таным келешекте, бүгінде шашылып кеткен түркі халықтарын бір-біріне жақындата түсетін, керек болса келешекте оларды бірыңғай рухани тұтастыққа бастан қалыптастыратын күшке айналмақ.

Қай ұлттың әдебиеті болмасын, өз алдына жеке дара дербес дами алмасы мәлім. Ол басқа халықтар әдебиеттерімен алмасу, әсер ету процестері арқасында ғана өсіп өркендемек. Ұлттық әдебиеттің дамуындағы алғы шарттардың бірі ретінде оның басқа халық әдебиетімен байланысын, өзара қарым-қатынасқа түсуін, атайтынымыз да сондықтан.

Қазақ пен Шығыстың басқа халықтарының арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың тамыры тым тереңде жатқандығы аян. Осы тамырластықтың төркінін түптің, тілдің, діннің бірлігінен іздеген жөн. Осы үш бірлік Шығыс, оның ішінде түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынас жасауына негізгі тірек болды және болып та келеді. Соның негізінде көне замандардан бастап шығыс-түркі елдері бір-бірімен қызу қарым-қатынаста бола отырып, ортақтаса әлем халқы рухани нәр алар талай тамаша дүниелерді өмірге әкелді.

Қазақ әдебиетінің дамуына елеулі әсер еткен бүкіл әлем жұртшылығына кеңінен мәлім «Мың бір түн», «Шахнама», «Кәлила мен Димна», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», «Тахир-Зухра», «Хұсрау-Шырын» және т. б. дастан, хикая іспеттес туындылар бұған толық дәлел. Нақтылай айтқанда, төл перзенттеріміз халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне етене жақын, таным-түсінігіне лайық үлгілі туындыларды біреулері сол қалпында өзгеріссіз, енді біреулері аздап өңдеп, қырлап, көркем тілмен кестелеп берді. Соның арқасында, яғни шығыстық дәстүрлер мен өлең өрнегі, бояу-нақышы негізінде төл сөз өнеріміздің көкжиегі көркейді.

Әрине, әр алуан халықтардың мәдени қарым-қатынасында сол елдердің ғұламалары мен сөз зергерлерінің атқарар рөлі ерекше. Халық пен халықта жақындататын ұлт ұлдары мен ой алыптары.

Осы орайда, алдымен әлемге әйгілі Шығыстың шамшырақтары атанған Рудаки, Фирдауси, Руми, Қожа Хафиз, Омар Һаям, Сағди, Жәми, Маржани, Абай секілді алып таланттар ілігеді. Шығыстанушы ғалым В. В. Бартольдтың айтуынша, Фирдаусидің еңбегі Шығыс халықтары арасына VІ-VІІ ғасырларда-ақ кеңінен тарап мәлім болған. Және «Шахнамадағы» негізгі мотив, идея парсы жұртының ерлігін, елдігін паш ету болса, оның ұлттық сана-сезімге ықпалы шығыс-түркі ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығына үлгі ретінде ұсынылды. Ал, Рудаки, Руми, Сағди, Хаям, Хафиз, Жәми шығармаларының ХІХ ғасырдан бастап әлем халықтарының тілдеріне, әсіресе, неміс, орыс, ағылшын, француз тілдеріне аударылуы олардың есімдерін әйгілеп, атақ-даңқын аспандатты.

Сондай-ақ, Шығыс шайырларының кейбірі көздерінің тірісінде-ақ үлкен беделге ие болғаны тарихтан белгілі. Атақты «Меснауи» кітабының авторы шейх әрі сопы ақын Жәлеладдин Румидің беделді болғаны соншалықты оны жерлеуге шет жерлерден арнайы келген басқа дін өкілдері де қатысқан. Олар теңсесі жоқ үздік туындылар беріп, тек Шығысты ғана емес, Батысты да мойын ұсындырды. Және Батыс пен Шығыстың рухани алмасу жасауына көпір іспетті еңбек етті. Екі алып құрлықтың алмасу процесі қай деңгейді және қайсынікі басым екені туралы пікірлер тоғысы бір байламға келген секілді. Ол байлам - Шығыстың Батысқа еткен әсері басым деген ой. Оған - ауызын айға білеген айтулы ғалымдар - Е. Бертельс, В. Бартольд, Л. Гумилев, В. Жирмунский, Н. Конрад, И. С. Брагинский, И. В. Стеблева, И. М. Фильштинский, М. Т. Степанянц, П. А. Гринцер т. б. еңбектері толық дәлел бола алады.

Олардың пікірінше, Батыстың Шығысқа ой-пікір, идея тұрғысынан қарыздар екендігі еуропалық санада бар нәрсе. Атақты грек тарихшы, философтарының (Геродот, Пифагор, Платон, Сократ, т. б. ) парсы ғұламаларынан үйреніп, білім, ғылым түзегені рас. Сондай-ақ, Жаңа ғасырда көне Шығыстан гректер мен римдіктер арқылы ортағасырлық Еуропаға ұласқан мәдениет жалғастығы концепциясы қалыптасты. Тіпті Гегельдің өзі Шығыстың дерек көздерін әлем тарихының бастауы ретінде қабылдады. Ақырында неміс романтиктері адамзат ақыл-ойының, діні мен өнерінің бесігі - Шығыс деген түсінікті түбегейлі нықтады.

Ғалым П. А. Гринцер Шығыс пен Батыс арасындағы ортағасырлық мәдени байланыстар жөніндегі өз ойын былай деп жалғастырады: «Вместе с монголами и арабами, а отчасти и помимо них, в Еуропу мигрировали многие сказочные сюжеты, которые можно обнаружить и в европейском фольклоре в целом, и в немецких шванках и французских фабльо, и произведениях Сакса, Боккаччо, Чосера, Маргариты Наварской, Сервантеса, Шекспира, Лесажа и др. » [1, 23]

Бұл - шығыс-түркі мәдениеті мен өнерінің Еуропа халықтарына, басқа да халықтарға тигізген әсері жөнінде айтқан батыл да дұрыс тұжырым. Бүгінде, Батыс елдерінде еуроцентризм идеясы өрістеп, үстемдік құрып тұрғанда, мұндай пікірлердің қажеттілігі өте зор.

Шынтуайтқа келгенде, шығыс-түркі өнері мен мәдениетінің тарихы мыңдаған жылдарды құрайды. Әлем мойындаған әл-Фараби, әл-Бируни, әл-Ферғани, әл-Хорезми, Ұлықбек сынды даналарды дүниеге әкелген түркі жұртының жазу-сызуы, ғылымы мен мәдениеті еуропалықтардан көп бұрын пайда болғаны, тарих қойнауында терең із қалдырғаны - ғылыми айналымға түсіп дәлелденген нәрсе.

Жоғарыда аты аталған ғалымның (П. А. Гринцер) ойын жалғастыратын болсақ, шығыс ертегі, аңызынан, қисса-хикаятынан тараған көшпелі сюжеттердің біразы қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікпен фольклорына арқау болды. Көне дәуірден бері шығыс жерін мекендеген түркі ұлыстарының ортақ ауыз әдебиеті нұсқалары мен асыл мұралары жетіп артылады. Кейде бөлініп, кейде бірігіп ұзақ ғұмыр кешкен түркі тайпаларының тұтасып, үлкен мемлекет құрған тұсында бүгінгі көне жәдігерлер олардың елдік, ерлік рухын көтеруге ерекше ықпал еткені көрінеді. Түркі жұртына ортақ қай фольклор туындысы мен әдеби ескерткішті алсаңыз, олардың өн бойынан отаншылдық, адамгершілік қасиеттерді аңдайсыз. Осындай асыл қасиеттер дарыған түркі түлектері Алтайдан Дунайға дейінгі ел даланы еркін жайлады.

Бұл ретте зерттеу объектісі аумағынан ауытқымай, түркі халықтары-ның рухани алмасулары туралы ой сабақтасақ болады. Жалпы, шығыс-түркі халықтарының өзара жақындығына олардың көршілес қоныстануы ғана себепші емес. Сондай-ақ олардың әлеуметтік өмір салты мен әдет-ғұрыпына түрлері мен мәдени тұрғыдағы ортақ сипаттар да қатты ықпал етті. Ал, түркі тұтастығы мен бірлігіне қазақ, татар, түрік, әзірбайжан, башқұрт, өзбек, қырғыз, түрікмен және т. б. ел-жұрттың фольклор үлгілері мен көне мәдени-әдеби мұралары, тарихи деректері мен архив құжаттары нақты дәлел бола алады.

Түркі ұлыстарының терең тамырластықтан тарайтын мәдени, оның ішінде әдеби байланыстары Қожанасыр, Жиренше шешен, Алдар көселерге қатысты аңыз-әңгімелер мен «Алпамыс», «Қобыланды», «Көроғлы», т. б. батырлар жырларында, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» эпикалық дастандары көрініс табуы ол нұсқалардың бастау көзі бір екендігін айқындайды. Түгел түркіге тиесілі мәдени мұралар - Орхон-Енисей жазбалары, «Құдадғу біліг», «Дивани лұғат-ат түрік», «Дивани Хикмет», «Кодекс куманикус», тағы басқалары біздің ұлттардың жақындығын, тектестігін білдіретіндігі туралы айтылып та, жазылып та жүр. Бұған көрнекті түркітанушы ғалымдар - В. Бартольд, В. Радлов, С. Малов, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, Н. Баскаков, А. Кононов, А. Щербак, Х. Көрұғлы, Г. Араслы [2] тағы басқалардың еңбектері дәлел болмақ. Мәселен, түрколог ғалым Н. А. Баскаков түркі ұлыстарын тілдік ұқсастығы мен өзгешелігіне орай топтастырып жіктеді. Ал, В. Радлов, С. Малов, А. Щербак, В. Жирмунский, Х. Көрұғлы, Г. Араслы, Ә. Марғұлан сынды ғалымдар ауыз әдебиеті нұсқаларында жиі ұшырасатын түркі халықтарының туыстығына, тектестігіне, тіл, дәстүр сәйкестігіне орай көрінетін тарихи-генетикалық ұқсастықты типологиялық жақындықтың бір түрі деп қарастырды.

Осы тұрғыда, ғалым Р. Бердібай мынандай ой түйіндейді: «Ауыз әдебиеті шығармаларының түбірлестігі мен туыстығын кез келген үстірт ұқсастық белгілемейді, сәйкестіктер заңдылығын ашу үшін күрделі де салдарлы принциптер қажет болады. Сондай себептер мен сипаттарды ескере келіп, фольклортану ғылымы типологиялық жақындықтың үш түрін екшеп көрсетеді. Олар - тарихи-генетикалық, тарихи-мәдени және тарихи-типоло-гиялық үндестіктер мен сарындастықтар» [3, 54] . Ғалым түркі халықтарына ортақ әдеби ескерткіштер мен көне мұраларды дәйек етеді.

Шынында да, қарақалпақ, қырғыз, ноғай, башқұрт, өзбек, татар, түрікпен, әзірбайжан, т. б. халықтардың фольклор үлгілерінің қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларымен ұқсастықтары бары айтылып та, жазылып та жүр. Олардың ортақтығы, бірлестігі туындылардың мазмұны мен композициялық құрылысынан, кейіпкерлер бейнесінен айқын аңғарылады. Мысалы, қазақтың «Алпамыс» жыры қарақалпақ, башқұрт, татар, өзбектер арасында кеңінен таралған Алпамыс туралы ертегілер мен аңыздарды еске түсіреді.

Түркі халықтарының фольклорындағы мұндай ұқсастықтарды эпос әлемінде ғана емес, басқа ауыз әдебиеті үлгілерінен де кездестіреміз. Туысқан елдердің сонау ерте замандарда бірігіп жасаған ертегі-аңыздар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар бір-бірімен өте ұқсас болып келеді. Мұндай ұқсастықтардың себебін зерттеушілер сол халықтардың өткендегі тарихи тұрмысының бірлігінен деп біледі. Сөйтіп, идеялық мазмұны, көркемдік формасы жағынан жақын фольклорлық шығармалар бір негізден тарағандығын дәлелдейді [4, 67] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Әдебиет - тарихтың айнасы
Қазақ прозасының зерттелуі
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Социалистік реализмге қазіргі көзқарас
Әдеби үдеріс сипаты
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz