Білім беру



Кіріспе 3.4
1 Ақпараттық.коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы
5.6
2 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар 7.8
3 Электрондық білім беру ресурстары және электронды оқытудың білім беру бағдарламасындағы орны 8.20
4 Географияны оқытуда электрондық оқулықтарды қолдану әдістемесі 21.26
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 28
Қазіргі кездегі жаппай жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Жаңа тұлғалық, қоғамдық және мемлекеттік талаптарға сай білім нәтижесіне қол жеткізу үшін жаңа тәсілдер және оның негізінде құрастырылған жаңа білім беру технологиялары, оқытудың жаңа ұйымдастыру формалары қажет. Білім беруді сапалы жаңарту жағдайларында білім беру нәтижесінің негіздері мен мәні өзгереді: заманауи білім беру нәтижелері тұлғалық, метапәндік, пәндік құрамдас бөліктерге ие жүйе ретінде қарастырылады. Жаңа білім беру нәтижелеріне деген негізі талаптардың бірі – оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындау үшін
1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
2 «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
3 С.Т.Мұхамбетжанова, М.Т. Мелдебекова Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
4 Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
5 География (Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарты) Алматы, 2003 ж.
6 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
7 Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
8 «Әдіскер жаршысы», 2006 ж 44, Электронды оқулықты қолдану әдістемесі.
9 География мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Алматы, 1998ж.
10 «Информатика негіздері» №1 2004 ж 14,16 бет
11 Н.Ермеков, Ж.Караев, Н.Стифутина. Информатика 7, 8 класс.
- Алматы:Жазушы, 2000, -192 стр.
12 Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.
13 Қазақстан Республикасының президенті –Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Әлеументтік экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты // Егемен Қазақстан.- 2012.- 28 қаңтар.- 3б.

14 Бөрібаев Б., Балапанов Е. - Жаңа ақпараттық технология. – Астана, 2010

15 Бугаев А.П. Методика преподавания физики в средней школе.:Теорет. основы.-М.: Просвещение, 1981Зорина Л.Я. - Дидактические основы формирования системности знаний учащихся. - М.: Знание, 1976.-288с.
16 Гаврик Н.С. «Мультимедийные технологии в наше время». www.identika.ru. (19.10.12).
17 Кузьмина М.А. «Мультимедиа сервис». www.ufiuy.ru. (Актуальна на 20.10.10).
18 Бөрібаев Б., Балапанов Е. - Жаңа ақпараттық технология. – Астана, 2010
19 Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006ж.
20 Электронды оқулықтарды пайдалану . А.Абубаева, Информатика негіздері, №4 - 2006ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3-4
1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде
қолданылуы 5-6
2 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар  7-8
3 Электрондық білім беру ресурстары және электронды оқытудың 8-20
білім беру бағдарламасындағы орны
4 Географияны оқытуда электрондық оқулықтарды қолдану 21-26
әдістемесі
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 28

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі жаппай жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің
бәсекеге қабілеттілігінің    рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық
қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.
Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік
белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік
шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның
шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға,
зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын,
көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің
оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы.
Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті
болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика,
этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты интернет
жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға
тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге
қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының
арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық
бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге
тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға
беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері.
Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім –
технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Жаңа тұлғалық, қоғамдық және мемлекеттік талаптарға сай білім
нәтижесіне қол жеткізу үшін жаңа тәсілдер және оның негізінде құрастырылған
жаңа білім беру технологиялары, оқытудың жаңа ұйымдастыру формалары қажет.
Білім беруді сапалы жаңарту жағдайларында білім беру нәтижесінің негіздері
мен мәні өзгереді: заманауи білім беру нәтижелері тұлғалық, метапәндік,
пәндік құрамдас бөліктерге ие жүйе ретінде қарастырылады. Жаңа білім беру
нәтижелеріне деген негізі талаптардың бірі – оқушылардың практикалық
тапсырмаларды орындау үшін шынайы орта жағдайларында меңгерген
қабілеттерін қолдана алуы (А.Г. Асмолов, А.Л. Семенов, А.Ю. Уваров және
т.б.).
Білім беру Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды
басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының
жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік- экономикалық ортаға
бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы əлемдегі
бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын.
Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл
атқарады.
Қоғамның заманауи талаптарына жауап беретін жаңа білім беру
нәтижелеріне жету үшін жаңа құралдар және олардың негізінде ұйымдастырылған
оқытудың жаңа технологиялары қажет. Осыған байланысты 2010 жылғы 1 ақпанда
қабылданған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында E-learning электрондық
оқыту алға қойған мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың
тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады делінген. Түрлі
интернет сервистерін, электронды оқулықтарды қолдану және меңгерудегі әрбір
адамның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бүгінгі таңда адамзаттың
ақпараттық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады [1].
Жалпы алғанда, бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру мәселелерiне
байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді. Мысалы, елімізде бiлiм беру
саласын ақпараттандыру мәселелерiнiң әртүрлi аспектiлерi, оқыту үдерісiнде
әлеуметтік желі сервистерін қолданудың теориясы мен әдiстемесi
Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, С.К.Кариев, К.А.Таңатаров, К.З.Халықова,
В.В.Гриншкун, К.Т.Искакова, Т.Г.Бортко сынды ғалымдардың еңбектерінде
тереңірек зерттелді.
Курстық жұмыстың мақсаты: географияны оқыту барысында оқулықпен жұмыс
істеу әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуын
анықтау;
- Білім берудегі жаңа компьютерлік технологияларына тоқталу;
- Электрондық білім беру ресурстары және электронды оқытудың білім беру
бағдарламасындағы орнына сипаттама беру;
- Географияны оқытуда электрондық оқулықтарды қолдану әдістемесіне сабақ
жоспарын ұсыну;
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың
жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология.
Ақпараттық технология (Информационная технология; ) – объектінің,
процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді
жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын
процесс; ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің,
құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология – қазіргі
компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және
тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық
тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай
білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы
ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді [2].
Ақпараттық технологияның теориясы мен тәжірибесіне өз үлесін қосқан
ғалымдар: А.П. Беляева, В.П. Беспалько, А.П. Ершов, М.И. Жолдак, В.М.
Зеленин, В.А. Извозчиков, А.Е. Морон, И.В. Марусева және т.б. Осы
ғалымдардың жұмыстары оқытудың тиімді өткізу жолына бағытталған. Бақылау
жұмысын құру үшін электрондық техниканы қолдану, биологиялық процестер мен
құбылыстарды моделдеу, өзін өзі бақылау және білімнің стандартын бақылау
болып табылады. Мектеп жағдайында ақпараттық технологияны қолдану
биологиялық құбылыстарды тереңірек зерделей отырып, үрдістерді сенімді
түрде жүзеге асыруға, тәжірибелерді тезірек әлі дәлірек жүргізуге, оларды
түрлі мәліметтер арқылы бірнеше рет қайталауғаи мүмкіндік береді [3].
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру
мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді
зерттеулер жүргізілуде:
- профессор С.С.Құнанбаеваның мектебі шет тілін оқытудың теориясы мен
әдістемесін ақпаратандыру мәселелерін зерттейді: мәдениетаралық-қатынастық
біліктілігін қалыптастыру Ә.Т.Чакликова, елтанымдық біліктілігін
қалыптастыру Ж.А.Түселбаева;
- профессор Б.Б.Баймұхановтың мектеп оқу үдерісіне компьютерлік
технологияларды енгізу мәселелерін, әртүрлі бағдарламалық құралдарды
қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді Б.Д.Сыдықов,
Р.С.Шуақбаева, І.Ж.Есенғабылов, Г.А.Мадьярова және т.б;
- профессор Ж.А.Қараев және М.Б.Есбосынов, С.В.Рах, К.З.Халикова,
Ж.С.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, Б.К.Төлбасова, Б.Абыканова, О.К.Ахметова
және т.б ғалымдар ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім
беретін мектептің оқу үдерісінде оқытуда қолдану мәселесін қарастырған.
Білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып
табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді
үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы
ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды
жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады [4].
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын
көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің
ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды
тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына
алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық
есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне және
ойын бағдарлама-ларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек,
ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық
бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын
дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас
бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік
коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел
қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру
мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық
бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы
мысал бола алады [5].

2. Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар

Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу
орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және
шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға
баулиды. Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді
түлеріне мыналарды жатқызуға болады. Презентациялар технологиясы. Бұл
технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация,
фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде
көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды
дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген
тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген
ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған
дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім
немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа
компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік
технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру
мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып,
оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден,
объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды
жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер
енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады. 
Қашықтықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар
(компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми
негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы.
Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған. Қашықтықтан оқытудың
артықшылығы:
а) Компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыға
жылдам жеткізеді;
ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің
мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальді класс жасау
мүмкіндігі туады;
б) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық уатын оқытуға
да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл
технологияның біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені
толыққанды қашықтан оқыту жайлы айту үшін оқу орындарында және оқушының
үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның
үстіне байланыс арналарының да сапасы жақсы болуы керек, бізде ол жағы
әзірше әлсіздеу. 
Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау,
өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық
жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер
жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес
компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық,
динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске
асырады. Мультимедия термині латын тілінің multi (көп) және media
(орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни ақпараттық орта деген мағына
береді. 
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін
тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық
ақпаратты-бағдарламалық құрал. 
Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну
технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген
материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал
мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген
материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. 
Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде
жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту
процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің
аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. 

3. Электрондық білім беру ресурстары және электронды оқытудың білім беру
бағдарламасындағы орны
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте
көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар
мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды
электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық
мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру,
меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды
модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі
заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және
гипермедия жүйелерін пайдалануға;
• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік
денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау
процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай
тапсырмалар беруге;
• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай
жасауға;
• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа
материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін
және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі
функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің,
ұжымның қызметін, ойын ортасында [6].
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр
сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық
бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің
бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы
және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың
артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен
оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін
тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту
процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде
компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына
байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу
материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады.
Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық
оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен
бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда
болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай
құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік
түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір
бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және
модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған
материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне
көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады [7].
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының
артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны
қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен
ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика
түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық –
коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған
жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны
қалыптастыруға бағытталады.
Мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне;
• уақытын үнемдеуге көмектеседі;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігі  туындайды;
• қажетті ақпаратты жедел  алуға  мүмкіндік береді;
• экономикалық тиімді;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде
көп көмегі бар;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктерін оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы
зор.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орнының басты
міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет -
оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-
әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс.
Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін
білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі
ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық –
коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті
[8].
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау
үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай,
коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны
пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім
болуы тиіс.
Білім  беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал
– жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталармен, мультимедиялық
кабинеттермен  және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен
қамтамасыз ету; Пәндерді оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану
бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру; Ақпараттық
құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже, теориялық білімдерін іс
жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра
алатын жеке тұлға қалыптастыру, еңбек нарығында болашақта бәсекеге
қабілетті маман даярлаудың басты жолы.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін
арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық
құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық
желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін
жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын
бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру
үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек [9].
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушыларды ақпараттық
қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне
толық, тиімді араластыру болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

• Тұтынушының қолдану сапасында;
• Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық
технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені
ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық
технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет
атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім
қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды,
олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл –
жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік
бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге
асыратын технология;
Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр
түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын
болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының
жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін
ашады;
Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар,
технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар,
аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда
бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын
бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық
формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда
айтылғандармен сәйкес келеді;
Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп
қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып
кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда
қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге
тәуелсіз;
Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз
ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы
болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді
қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу
орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің
мүмкіндіктерін көрсетеді [10].
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің
шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық
және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен,
оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі
керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары
және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық
білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны
қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
• Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
• Ақпарат іздеу жүйесі;
• Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
• Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
• Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
• Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз
мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның
кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды
қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды: әр түрлі форматты файлдар,
мәліметтер қоры, бағдарламалық модульдер, жекелеген бағдарламалар мен
бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты
міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім
үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын
негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен
жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен
сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” –
Интерфейс-адам-компьютер) аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл
сөзбе-сөз аударуды адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік
бағдарламалар деп түсінуге болады [11].
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге
мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай
бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар
қатарын құрастыруға болады:
• сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу
орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
• Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген
уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді
ақпарат беруі тиіс;
• желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
• оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол
жеткізуге болады:
• қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
• іштей және қашықтан оқыту түрлерін  біріктіру;
• қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар
жасау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процессiне
пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк
бередi:
- оқушылардың дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын
ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру
және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-
iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану
арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану
арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру [12].
Оқу процесінде электрондық материалдардың рөлі зор.
Информатизацияланған мекемелерде оқу мектептеріне түсетін екпінді үдеріс
болып табылатын қазіргі компьютерлер негізінде электронды оқулыққа білім
жолын ашады.
Бұл термин осы уақытта өте төзімді және осы түрлерге біртұтас
компьютерлік курстар кіреді. Классикалық түсінушілікте оқулық оқушылар
арналған білімнің негізгі облысында заман талабына сай ғылымның және
мәдениеттің жетістіктері жайлы баяндайтын кітап.
Демек, оқулық электронды да, қолжазба да ретінде болады. Олардың ортақ
белгілері: оқу материалы білімнің нақтылы аясында баяндалады, бұл материал
ғылым мен мәдениеттің жетістіктерімен негізделген, оқулықтағы материалдар
жүйелі түрде баяндалады, яғни, көп элементтерден тұратын, оқулықтың
біртұтастығын құрайтын, бір бірімен мағыналық байланыста болатын жалпы
қорытындаған шығарма негізінде болады.
Электрондық оқулық - оқу курсының немесе үлкен бөлімнің дербес
игеруіне мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық әдістемелік кешен.
Оқулық теорияны, анықтамаларды, есептер жинағын, лабораторлық практикумды
диагностика жүйесін және басқа да компонеттерді қосатын интеграцияланған
құрал болып табылады. Оқулықта оқушыларға арнайы видеофрагменттер және
статикалық суреттер мен схемаларымен қоса дәстүрлік тексттік шығармалар
бар.
Электрондық оқу құралы теориялық материалдарды, текст, график немесе
мультимедиялық түрінде болатын жабдықталған анықтаманы қосатын оқу
процессінің компоненті ретінде интеграцияланған құрал болып табылады.
Лабораторлық практикумның болу мүмкіндігі шектелген. Оқу құралы
электрондық оқулыққа қосымша құрал болып табылады.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек делінген, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам
дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім туралы
заңда білім беру жүйесінің басты міндеті Ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
жағдайлар жасау делінген [13]. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне
қойылатын талаптардың ішінде былай делінген: өз еңбегін ғылыми негізде
ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау
мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру; өзінің кәсіптік қызметінің
түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобаларымен жұмыс істеуге әдістік
және психологиялық жағынан дайын болу.
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де
білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік
мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады [15]. Білім берудің кез келген
саласында Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім
беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз
және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту. Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын
ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа
оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман
талабына сай талап етілуде [14].
Электрондық оқу материалдары көбінесе ашық дистанциялық білімнің (АДБ)
негізгі компонеттері болып табылады. Мұнда ғана дәстүрлі білім мен АДБның
айырмашылықтары айқын білінеді. Электрондық оқу материалын өндеу барысында
қашықтық факторы есепке алынуы тиіс. Материалдар оқу үрдісіне түрткі
және меңгеру үшін жеңіл болуы керек. Өкінішке орай, көпшілік жағдайда
электрондық оқу материалын құру барысында дәстүрлі оқулықтарда оңай сандауы
орын алады. Әрине, осындай өнімдер АДБ құралының функциясын орындай
алмайды, сонымен қатар, АДБ секілді эффективті бола алмайды. Электрондық
оқулықтың ерекше амалы және негізгі айырмашылықтары: интерактивты және
мазмұнды жеңіл меңгеруі болып табылады. Электрондық оқу материалындағы
оқылатын пәндер мазмұнының құрылымы оқулықтағы қағаз сақтаушыларына
қарағанда өте жақсы. Ол иілгіштік принципте, дистанционды оқудың
психологиялық негізінде және оқушының білім ордасын назар аудара отыратынын
өндейді. Электрондық оқу материалдараның типтері қойылған шарттарға
байланысты өзгере алады. Олар дәстүрлі ақпаратты коммуникативті технология
негізінде теледидар, радио немесе жаңа АКТ, яғни компакт диски, интернет
және т.б. ретінде бола алады.
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі,
алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары:
есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын
мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы,
тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте
сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың
зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес
келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Тәжірибе тұрғысынан
информатика пәнін алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңы
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Білімді қаржыландыру
Білім беру құндылық ретінде
Білім беру жүйесін басқарудың теориялық аспектілері
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Білім беру жүйесі
Білім беруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі және оны дамыту
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер