География


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3-4
: 1
Кіріспе: Географияны оқыту құралдар жүйесі және көрнекілік құралдар
3-4: 5-9
: 2
Кіріспе: Географиялық карта және оның маңызы
3-4: 9-12
: 3
Кіріспе: Географиялық атластар және оның маңызы
3-4: 12-14
: 4
Кіріспе: Картаны талдап жұмыс жасау әдістемесі
3-4: 14-15
: 5
Кіріспе: География пәнін оқытудағы картаның маңызы
3-4: 16-19
: 6
Кіріспе: География сабағында интерактивті электронды картаны қолдану әдістемесі
3-4: 19-29
:
Кіріспе: Қорытынды
3-4: 30
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3-4: 31


Кіріспе

ХХІ ғасыр - техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану - оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жалпы білім беруді жаңарту жағдайында география сабағында картаны қолданудың әдістемесін және электронды карталарды қолдануды ұсыну.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Географияны оқыту құралдар жүйесі және көрнекілік құралдарды пайдалануды теория жүзінде қарастыру;
  • Географиялық карта және географиялық атластардың маңызын зерттеу;
  • Картаны талдап жұмыс жасау әдістемесін және география пәнін оқытудағы картаның маңызын анықтау;
  • География сабағында интерактивті электронды картаны қолдану әдістемесі ұсыну;

Курстық жұмыстың өзектілігі оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыра түседі. Мұғалімдерге барлық оқу курсында оларды қолдануға және оқуға әрекетті тәжірибелі-бағдарлаулы әдісті жүзеге асыруға мүмкіндіктері зор. Мұғалімнің мультимедиялық құрал арқылы электронды географиялық картаны қолдана отырып оқушылардың оқуға ынтасын күшейтуге мүмкіншілігі туады.

Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік- экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық тəжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр.

Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты - білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология.

Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Ақпараттық технологияның теориясы мен тәжірибесіне өз үлесін қосқан ғалымдар: А. П. Беляева, В. П. Беспалько, А. П. Ершов, М. И. Жолдак, В. М. Зеленин, В. А. Извозчиков, А. Е. Морон, И. В. Марусева және т. б. Осы ғалымдардың жұмыстары оқытудың тиімді өткізу жолына бағытталған[1] .

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

  1. Географияны оқыту құралдар жүйесі және көрнекілік құралдар

Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т. б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады

Географияның оқыту құралдары жүйесі:

  1. Тұжырымдамалар және оқу идеялары, мектептің оқу жоспары
  2. Вербалдық-ақпараттық оқу құралдары
  3. Көрнекілік оқу құралдары
  4. Техникалық оқу құралдары болып бөлінеді.

Білім жүйесінде айрықша орында - оқу-танымдық қызметінің белсендіру құрал-жабдықтары алады. Нарықтық арақатынасқа өту оқытудың педогогикалық принциптерін толық жетілдіруді қажет етеді.

Белгіленген кезеңде педагогиканы дамыту бастапқы қабылданған принциптерді қайта қарап шығу қажеттілігімен қақтығысады. Олардың не кең көлемде қолданылуын (мысалы, көрнекілік принципі), не басқа қосымша принциптерді, мысалы, мәселілікті, қозғамдаманы және т. б. керек қылады. Принциптер дидактика мазмұнына тұтастықты қосады: көптеген заңдарды келісті жүйеге айналдыруға мүмкіндік береді, ол дегеніміз - оқыту процесінің барлық негізгі тараптары мен қызмет аясын қағып алу.

Географиялық карталардың оқытудағы міндеті географиялық білімнің аса маңызды көзі. Көрнекілік дидактикалық тәсіл болып табылады. Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін - ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу: қабырға, үстелге жайылатын, мәтінде берілген және оқулыққа қосымша берілген карталар; олардың мазмұны мен пайдалану ерекшеліктері. Географиялық карталарды оқып үйрену мақсаты және олармен мектеп географиясы курстарында жүргізілген жұмыстар. “Картаны түсіну”, “оқу”, “білу” ұғымдарының мазмұны.

Оқыту принциптерінің ең белгілі және интуициялық түсінікті принциптерінің бірі, сонымен қатар ерте кезден қолданылып жатқан - көрнекілік принципі.

Оқытудың көрнекілігі - бұл оқушыларда ойлаудың барлық формаларын табысты қалыптастыруды қамтамасыз ететін және оларға айналадағы болмыс туралы объективті-ғылыми білім көзі ретінде қызмет етеді, сонымен бірге сөйлеуді дамыту және тәуелсіз түсінудегі маңызды жағдайдың бірі. Объектіні қабылдау процесінде сезумен бірге, зерде және ойлау қатысады. Қабылданатын объект бейнесі тек қана адам талдау жасап, объектіні ұғынып, оны бар біліммен арақатынасын белгілегеннен кейін ғана көрнекі болады. Көрнекі бейне өзінен өзі пайда болмайды, ол адамның танымдық қызметінің белсенділік нәтижесінде пайда болады. Көрнекілік дәрежесі адамның жеке ерекшеліктеріне, оның танып білу қабілетінің даму деңгейіне, біліміне, бастапқы бейнелерді қабылдау көрнекілігінің дәрежесіне әртүрлі болуы мүмкін. Көрнекілік принципі оқушының оқып жүрген материалының қорыту, пайымдау және қабылдау процесінің маңыздылығынан шығады.

Көрнекілік - оқытудың әдістері мен тәсілдерінде міндетті түрде қатысып отыратын оқытудағы маңызды дидактикалық принцип.

Көрнекілік принцип оқушылардың білімге деген қызығын жоғарлатады және оқыту процесін әлдеқайда жеңілдетеді. Көптеген қиын теориялық жағдайлар көрнекілікті шебер қолданудан оқушыларға қол жетімді, әрі түсінікті болады.

Оқытудың аудиовизуалды құрал ретінде қолдану қажеттілігі күмәнсіз сезім мүшелеріне әсер етуі мүмкін. Психологиядан белгілі жайт - естуге қарағанда көру анализаторлары айтарлықтай жоғары қасиеттерге ие. Көз секундына - миллиондаған, ал құлақ - тек он мыңдаған битті қабылдауы мүмкін. Көру арқылы қабылданған ақпарат психологиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда есте жақсы сақталады. Халық даналығы былай дейді: «Жүз рет естігенше, бір рет көр». Бірақ та оқыту процесінде ақпарат көзі оқытушының айтқандары, яғни есту анализаторларына әсер ететінде болып табылады. Ендеше, оқытушыға көру және көру-есту құралдарын ақпарат беруде қолданылуын кеңейту қажет. Көрнекілік құралдарын: сұрыптау, тасымалдау, қайта құру және ақпаратты бейнелеу; ойдың процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Көрнекілік құралдары оқушыларда алғашқы қорытуын қалыптастырады, ой дамуына мүмкіндік туғызады, мықты білімді қамтамасыз етеді. Көрнекілік оқу құралдарын қолдану - оқып жүрген феномендердің маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады.

Оқушыларды тәжірибелік қызметке дайындау олардың ақыл-ойындағы нақты анық объектілердің бейнелерін, үрдістерін және іс-әрекеттерін түсіну, талқыға сала білу қабілеттілігінің негізінде жүзеге асады. Сондықтан география сабағында көрнекілік принципі кең қолданысқа ие.

Жоғарыда көрсетілген дидактикалық принциптердің арасындағы көрнекілік принципі - ерте кезден қолданылып келе жатқан оқушылардың оқуға қызығушылығын оятатын ең тиімді тәсіл.

Педагогикада көрнекілік тұлғаның жан-жақты дамуының түпнегізі және маңызды оқу принципі болып саналады, әлі де саналып келеді.

География сабағында көрнекілік құралдардың көмегімен күрделі оқу материалын түсінуге, ұғынуға, қабылдауға мүмкіндік береді.

Курс материалын крнекілік формасында зерттеу барысында оларды мазмұнынан бөліп алу қажет. Осы жағдайда мұғалімге әртүрлі көрсетілген талаптарға сай көрнекілік құралдары оның ішінде сызбалар, географиялық карталар, атластар көмек көрсетеді.

Көптеген көрнекілік құралдарын - кестелер, кейбір модельдер, жеке қолданысқа арналған есептік материалдар, кейбір таратылатын материалдар және т. б. оқушылардың өздері де істей алады. Осындай көрнекілік құралдарын жасай отырып оқушының сол материалға деген қызығушылығы, оны географиялық ғылымында қолдануға деген құлшынысы оянады. Ал бұл оқу материалын жақсы түсініп, қабылдауға мүмкіндік береді. География сабағында көрнекілік құралы ретінде қоршаған орта заттары қолданылады. Көрнекілік құралдарының ішіне: суреттер, заттардың бейнелері, олардың қағаздан жасалған келбеттері, заттардың бейнесімен жасалған карталар, атластар кіреді.

Компьютердің көмегімен олар жаңалықты қызығушылықпен қабылдайды. Географияны зерттеуде де солай оқушыларды максималды түрде қызықтыра отырып материалды түсіндіру үшін қазіргі таңда қаншама компьютерде оқытатын бағдарламалар құрастырылған.

Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Шарттары:

• балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;

• оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;

• көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;

• оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;

• көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;

• көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;

• оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;

• көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;

• көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;

• көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;

• балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;

• қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т. б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;

• көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;

• көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;

• балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;

• надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.

Көрнекілік түрлері:

Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.

Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды. Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер) .

Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т. б.

Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.

Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру. В. Ф. Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.

Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу процесі барысындағы хабарларды тарату құралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т . б.

Мысалы, география сабағында табиғи көрнекілік коллекцияны қолдануға болады, оған жататындар: кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т. б.

Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т. б.

Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Көрнекілік құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

Сонымен, қазіргі заман талабына сай оқушыларға сапалы білім беруде көрнекілік құрадарды тиімді пайдалану - білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қолдануға болады.

Көрнекілік құралдар немесе оқыту құралдары (немесе білім беру көздері) табиғат пен қоғам туралы ғылыми білімнің қалыптасуына, оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсатын жетілдіруге керек. Көрнекілік құралдардың негізгі бір функциясы - білім меңгеруі барысында оларды көрсете алу. Бұлар әсіресе, оқушылар физикалық және экономикалық география курсын оқыған кезде, көптеген объекті мен құбылыстарды шын түрінде көре алмаған жағдайда, маңызды болып келеді. Сонымен қатар, табиғатта кездесетін заттарда кейде көзге көрінбейтін нақты көрсеткіштерді байқау қиынға түседі, сол кезде оларды сызбалар, схемалар, модельдер т. б. арқылы көрсетуге болады. Көрнекілік құралдар білімнің негізгі көзі болып келеді, олармен жұмыс істеу барысында оқушылардың білу қабілеттері, ойлары, тілдері дамиды, және көрнекілік құралдар арқылы олар ғылыми зерттеулердің қарапайым түрлерін және т. б біліктіліктерін игереді.

Көрнекілік құралдар географияны оқыту мақсаты, маңызы және әдістемесіне қазіргі қойылатын талаптармен байланысты. Олар мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен сәйкес келу керек, сонымен қатар білім мен біліктіліктердің жақсы игерілуне көмектесу керек.

Көрнекілік құралдарды дұрыс пайдалану үшін, оларды жүйелеген дұрыс. Жүйелеудің негізі болып географиялық объектілер мен құбылыстардың бейнелері алынады, себебі географияның оқу пәні болып нақты затттармен құбылыстар саналады. Сонымен, барлық көрнекілік құралдарды төрт топқа бөлуге болады:

1) табиғи объектілер: а) оқу барысында танысатын табиғи және шаруашылық объектілер (коллекциялар, гербарийлер, т. б. ) ; б) экскурсияда танысатын табиғи объектілер және табиғи ортадағы шаруашылық өндірістің өнімдері.

2 ) табиғи географиялық объекті мен кұбылыстардың суреттелуі : а) көлемді модельдер, шаруашылық объектілер, т. б. ) ; б) қабырғаға ілінетін иллюстративті құралдар (суреттер, фотосуреттер, портреттер, кинофильмдер т. б. ) ;

3) заттар мен құбылыстардың шартты құралдар арқылы суреттерлуі (сөздер, белгілер, сандар) : а) вербальді (оқулықтар, жұмыс дәптерлері, мәтінді кестелер, т. б. ) ; б) картографиялық құралдар (ілінетін карталар, атластар, кесте карталары, карта-схемалар, т. б. ) ; в) графикалық-статистикалық құралдар (графиктер, диаграммалар, кестелер) .

4) табиғаттағы құбылыстарды елестетуге арналған заттар: а) аймақтағы өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін арналған құралдар; б) табиғаттағы құбылыстардың көлемді және сапалы көрсеткіштерін анықтау үшін арналған құралдар; в) картометриялық жұмыстарға арналған құралдар; г) жердің жылдық және бір күндік қозғалысы анықтайтын құралдар[2] .

  1. Географиялық карта және оның маңызы

География пәнінде ең басты көрнекілік құрал - карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеуде үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Глобус - Жердің моделі. Картаның мазмұны және картаны түсінуді оқытудағы негізгі әдістер. Картографиялық ұғымдар жүйесі. Картаны оқуға үйрету әдістері. Басты картографиялық іскерліктер және олардың физикалық және экономикалық география курстары бойынша айырмашылығы. Картаны білуді қамтамасыз ететін оқыту әдістері. Географиядағы ішінара іздену жіне зерттеу әдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргізілетін жұмыстар.

Географиялық Карта- Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. Географиялық Карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық Карта Жердің географиялық қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.

Карта:

  • аумақты қамтуына (дүниежүз., құрлықтық, жеке елдер, т. б. )
  • мазмұнына (жалпы геогр. және тақырыптық, т. б. )
  • масштабына (ірі масштабты - 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты- 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты - 1:1000 000-нан кіші), т. б. белгілеріне қарай бөледі.

Географиялық Картаны жасаудың ерекше математикалық заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады.

Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар.

Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері - құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.

Географиялық Картаның құндылығы - олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда.

Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.

Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:

а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;

ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;

б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т. б. ) көрсету оңайға түседі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
География оқулықтары
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Географияның оқыту әдістері
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz