М.Монтессоридің өмірі мен педагогикалық жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ3

1 Тарау. М. МОНТЕССОРИДІҢ ӨМІРІ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ5

1. 1 М. Монтессоридің өмірі5

1. 2 М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі6

1. 3 М. Монтессоридің концепциясының мазмұны7

1. 4 М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары12

1. 5 Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту17

1. 6 М. Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету18

1. 7 Мария Монтессори өсиеттері19

2 Тарау. М. МОНТЕССОРИ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ21

2. 1 Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар21

2. 2 Сезім мүшесін дамытатын жаттығулар24

2. 3 Математикалық ойлау қабілетінің дамытуға арналған жаттығулар27

2. 4 Сөздік қорды дамыту жаттығулары28

ҚОРЫТЫНДЫ29

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ31

КІРІСПЕ

Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы болса, екінші бесік - мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдерін, қалыптастырудың қайнар көзі - мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат. Мектепке дейінгі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

«Жас бала - жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.

«Бөбек» қорының президенті С. А. Назарбаеваның сөзімен айтқанда «Әр баланың қабілетін, өзіне жол табу, өзінің күш-жігеріне, өзінің жазмышына сену өте маңызды. Ол өзін-өзі сыйлап, ар-ожданына сәйкес өмір сүріп, жансақ қадамдарының неге соқтыратынын нақты білу үшін керек». Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіне - өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырудың негізгі бағыттардың бірі.

Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т. с. с. ) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Бұл іс - әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне - өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне - өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.

Балабақша тәрбиесі балаларды жеке күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған өзіне - өзі қызмет көрсету процесінде балаларға дербестік, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, заттарға деген ұқыпты көзқарасы, мінез құлық мәдениетін қалыптастырады.

Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне - өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамымағандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші балалардың осы жас кезеңінде - ақ өзіне - өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Осының бәрі тәрбиешіден сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті, көтермелеп отыруды талап етеді. Балалардың өзіне - өзі қызмет көрсетуіне орай тәрбиеші әрбір баламен жеке - дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті құралдардың аттарын атай отырып, балалардың ана тіліндегі сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, ересектерге сүйіспеншілік сезімі мен сенімі қалыптасады.

Мектепке дейінгі жастағы баларадың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын атқаруда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түрлендіре отырып, әр формада технологияларды пайдалана отырып жүргізу қажеттілігі заман талабына сай туындайды. Балабақша тәрбиешісіне арналған бұл әдістемелік құрал, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына қол жеткізуге бағытталған, және мұнда бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италиялық ағартушы-ғалым М. Монтессори әдісінің элементтері еңгізілген. Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М. Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді. Бұл әдістің мақсаты еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан: «Өзіме істеуіме көмектес», «Мен өзім!», - деген, М. Монтессори әдісі бойынша девиз пайда болды.

Зерттеу пәні: М. Монтессоридің шығармашылығы

Зерттеу нысаны: Марии Монтессоридің педагогикалық шығармашылығы мен көзқарастары.

Курстық жұмысты мақсаты Марии Монтессоридің өмірі мен шығармашылығын зерттеу.

Міндеттері:

1. М. Монтессоридің өмірі мен шығармашылығын зерттеу;

2. М. Монтессори педагогикасының теориялық аспектілерін ашу;


Тарау. М. МОНТЕССОРИДІҢ ӨМІРІ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 1. 1 М. Монтессоридің өмірі

Итальяндық педагог, әрі ғалым Мария Мантессори - 1870 жылы 31 тамыз айында дүниеге келген.

Ол балаларды еркін тәрбиелеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896 ж. Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М. Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.

Университеттің емханасында ақыл - ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.

1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.

Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.

1909ж бастап М. Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.

1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды. 1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлыққұрметті дәрежесі берілді.

Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы - «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай - ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.

Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

1. 2 М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі

Мария Монтессоридің педагогикалық жүйесі - әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі. Бұл жүйемен көптеген балабақшалар, дамыту орталықтары, тіпті мектептер жұмыс атқарады. Қазір Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің элементтерін еңгізіп жатқан мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. «Анаммен бірге», «мен өзім», «ақылдылар» секілді орталықтар білікті, тәжірибелі педагогтар мен қызметкерлермен, дәрігер педиатрлармен, психологпен, логопедпен қамтамасыз етілген. Монтессори педагогикасында жұмыстың негізгі бағыты - мектепке дейін балалардың еркін дамуымен тәрбиесін қамтамсыз ету.

М. Монтессори педагогикасының негізгі ерекшеліктерінің бірі оқу үдерісінде белсенділік орталығының педагогтан балаға қарай ауысуы. Бала педагогтің түсіндіргенін енжар қабылдап отыратын тыңдаушы болмайды, керісінше, өз бетімен «эксперименталды» іс-әрекеті барысында жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес оқып үйренеді.

Бірінші қарағанда, оқу үдерісінде педагогтің рөлі төмендеген секілді көрінеді. Бірақ іс жүзінде отандық педагогика ұғымдарына қайшы, «мұғалім көрсететін көмек - балаға материалмен қалай жұмыс істеуге болатынын, қалай қолданатынын көрсету болып табылады». Педагог әрқашан балаға материалмен жұмыс істеудің рационалды әдісін көрсетеді, іс- әректтің үлгісін береді, осылайша материалда «жасырынған» қасиеттер мен қатынастарды ашып береді.

Монтессори тәрбие мен оқыту үдерісін балаға өмірге келгеннен бастап психикалық дамуына берілетін көмек деп түсінді, ал кейін бұл көмек өміріне беріледі. «Көмек» деген ұғым бұл жерде негізгі болып саналады. Дәл осы нәрсе көбіне балаға деген педагог ұстанымының рөлін анықтап береді. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады. Сондықтан, педагог үнемі баланың жанынан табылады, оған кедергі жасамай, мұқият бақылап отырады, бір қадам алға жылжып көмек пен басшылығын ұсынса, енді бір мезет, бір қадам артқа шегініп, балаға өз бетімен жұмыс істеп, рахаттануына мүмкіндік береді.

Монтессори педагогикасында балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне - өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. Кішкентай балаларда өзі-өзіне де қызмет көрсете алу дағдыларын тәрбиелеу - бүлдіршіндерді білу және тәрбиешіден үлкен шыдамдылықты қажет ететін ұзақ процесс.

Мектепке дейінгі шақта балалар өзіне - өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл - әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді.

Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық - тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек үйдің ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге үйретеді. Шаруашылық - тұрмыстық еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар. Мектепке дейінгі шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық - тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т. т. дағдыларды қалыптастырады.

М. Монтессоридің концепциясының мазмұны

Мария Монтессори (1870-1952) - балабақшадағы балалардың және бастауыш мектеп оқушыларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясын алға тартқан итальян педагогы.

3-7 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуы мен тәрбиелеуімен жүйелі түрде Мария Монтессори айналысқан. Ол осы жасты ең маңызды кезең деп көрсетті. М. Монтессори өз жұмысын ең алғаш жан ауруларын емдейтін клиникада бастады. Оның балалар үйінің мақсаты - бала дамуына жағдай жасап, олардың табиғи қабілеттерін дамытуға бағытталған. Монтессори тек ақыл-ой кем балалармен ғана емес, қалыпты балалармен де жұмыс жасады. Ол өзінің тәжірибесі мен бақылауын “Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне ғылыми педагогикалық әдістерді қолдану” деген кітабына жазып отырған.

М. Монтессоридің «Балалар үйінің» мақсаты - балалар қабілеттерінің дамуына жағымды жағдай жасауға бағытталған. Қиындықтарды жеңу мен тынымсыз еңбек М. Монтессоридің бүкіл өмірін қамтыды.

Ата-анасының сүйкімді қызы бола тұра, ол сол кезде университте оқи алу құқығы үшін күресті. Дегенмен, Римде әйелдерге оқуға жол берілсе де, бұл қадам қыз үшін жат болып есептелді. Бірақ соңында М. Монтессори ата-анасының келісімімен университетті жақсы аяқтап, медицина докторы атағын алды. Ол Римдегі жоғары дәреже алған ең алғашқы әйел болып есептелді.

Лондонда және Парижде М. Монтессори адамның жүйке жүйесі мен миының жұмысын теория жүзінде ғана емес, тәжірибеде де зерттеуді жалғастырды. Дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істей отырып, М. Монтессори көптеген француз ғалымдарының еңбектерін оқыды, алдымен аударып жазған, кейін каллиграфиялық түрде, әрбір сөздің мағынасын саралап, автордың жан дүниесін түсіну үшін уақыт үнемдеу мақсатымен көшіріп жазған. Тек 1 томдық еңбегінің өзінде 600 бет болған.

«Ақыл-ойы кем және жүйке жүйесі тозған балалардың дамуы» сияқты қарапайым әйел үшін ауыр және қайырымсыз жұмысты өз мойнына алған медицина ғылымының докторы М. Монтессори ғажайып нәрсеге тап болды: «өлі болып көрінген есуастың санасы - қайта тірілген». Т. Л. Сухотинаның айтуы бойынша «Монтессори әдістемесі бойынша тәрбиеленген ақыл-ой кем, дамуында артта қалған болып есептелген бала, басқа қарапайым балаларға қарағанда қалалық мектепке емтиханды өте жеңіл және еркін түрде төзіп шыққан». Мұндай ғажайып нәрселер кейіннен қарапайым құбылыс сияқты қайталана бастады.

М. Монтессори ақыл-ойы жағынан кем және психикалық дамуы жағынан артта қалған балалармен ғана емес, сонымен қатар қарапайым, дені сау балалармен де жұмыс істеді. Ол өзінің тәжірибелері мен бақылауларын «Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне қолданылған ғылыми педагогикалық әдістер» атты еңбегінде жазған.

Балалардың тәрбиесі мен дамуы жүйесін құрған оның ойлары қарапайым және әйгілі болып келеді. Олар: бостандық, білім (ғылым), махаббат. Бұлар Л. Г. Песталоций теориясында, Л. Н. Толстойдың мектебінде қолданылған.

Уақыт өте келе адамдар бұл үш түсінікке басқаша мағына берген және олар сенімсіздік тудыра бастады. Бірақ осы түсініктердің өзі тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. Тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Бала - Монтессоридің айтуынша, өздігінен дамиды. Дамуға кедергі жасауға, оны тоқтатуға болады. Мәжбүрлеу - дамуды кідіртеді, осы үрдістерді тоқтатады және тәрбиешіге қажетсіз күйлердің: агрессия, өшпенділіктің пайда болуына мүмкіндік береді. Егер адам тек өзіне тән ерекшеліктер мен тұлғалық қасиеттерімен дүниеге келсе, тәрбиешілер мен ата-аналар оны жойып жібермей керісінше дамыту керек. М. Монтессоридің ойынша, бала тұлғасына, оның мінез ерекшеліктеріне «аса күтімділікпен» қарау қажет. Бала оның пікірінше, тамақтанғандықтан, тыныс алғандықтан, қажетті эргономиялық жағдайларда болғандықтан емес, өмірге деген құлшынысы оянғандықтан өсе бастайды. Сондықтан педагогтың міндеті - «баладағы кейде мызғыған өмірді ояту және өзінің жеке жақтарын өзіне дамытуға еркіндік бере отырып, бағыттау болып табылады».

Монтессори бойынша өзін-өзі тәрбиелеу - баланың жеке тұлғасының дамуына кілт болып табылады.

Өз бетімен, тәуелсіз болу балаға бостандық береді. Педагог әлсіз балаларға өмір сүре алу шарты ретінде тәуелсіздікке өзінің қайталанбас сапарын салуға көмектесу қажет. Т. Л. Сухотина әлзіз балаларға көрсетілетін көмектің түрлерін бөліп көрсеткен, олар: ешкімнің көмегінсіз жүруге, жүгіруге, жерге түсіп қалған заттарды көтеруге, киінуне және шешінуге, жуынуға, баспалдақтан көтеріліп-түсуге, анық сөйлеуге көмектесу.

Психиканың даму деңгейінен артта қалған және сау балалармен жұмыс істеудің бірінші этапы - ерте балалық шақтан бастап барлық сезім мүшелерін дамыту. Көбінесе сезім мүшелері 3-7 жас аралығындағы балаларда жақсы дамиды. Білім беру мекемелеріндегі қарапайым оқыту әдістемесі келесіден тұрады: «Біз . . . алдымен бізді қызықтыратын зат жайында айтамыз, - деп жазады М. Монтессори, - оқушы түсінген кезде, біз осы затқа қатысты жұмысты орындауға мәжбүрлейміз. Оқушы оның мәнін түсінгенмен, ол өзінен талап етілетін жұмысты орындауда үлкен қиындықтарды басынан кешіреді. Себебі, тәрбиелеуде бірінші маңыздылық факторы - түйсіктердің кемелденуінің болмауы».

М. Монтессоридің әдістемесі бойынша сезім мүшелерінің дамуы үшін баланың өзі таңдайтын, өзінің ішкі келісімі бойынша, өз еркімен қатыса алатын іс-әрекет түрлерін табу керек болады. Монтессори мектебінде бұларға итермелеуші күш ретінде баланың өзіндік дамуына ықпал ететін әртүрлі ойындар, тапсырмалар, арнайы дидактикалық материалдар қызмет атқарды. М. Монтессори мектебіндегі педагогтар әр баланың жекелік ерекшелігін сақтай отырып, сонымен қатар олардың өзіндік дамуларын аса байқампаздықпен бағыттай отырып көбіне балаларды бақылаған.

Балаларды оқытуға қозғалмалы үстел мен орындық қолданылған. Бұларды қолданудың мәні бала оларды алып өзіне отыруға қай жер ыңғайлы, қай жерге отырғысы келеді, сол жерге қояды. Баланың орындықты құлатып алған кезідері де болған. Ол өзінің икемсіздігін түзеу үшін, бірден орындықты көтеріп орнына қойған.

М. Монтессоридің айтуы бойынша мұндай жағдайда бала орындықпен қайда баратындығын, қай жерге қоятындығын өзі таңдап, өзінің икемсіздігін, өзін-өзі түзеуге үйренген.

Ал егер бала орындықтардың арасынан оларға сүйенбей өтуді үйренсе, онда бұл баланың жүруге үйренгендігін білдіреді. Ауыр және қозғалмайтын парталар баланың қозғалысын тежейді, ал партада бірнеше сағат бойы отыру балалардың табиғи дамуына кедергі жасайды. Қазіргі уақытта да омыртқаның қисаюына байланысты омыртқа аурулары медицина ғылымының докторлары айтқанның дәлелі болып табылады. М. Монтессори мектептік тәрбиені таратуды дәлелдейтін мысал келтіреді. Оның жазуы бойынша, алғашқы қауымдағы адамның омыртқасы жабайы аңдармен шайқаста, тастарды қазып алуда, темір майыстырғанда, жер қазғанда және т. с. с ауыр жұмыстарды орындауда қарсы тұра алды. Бірақ бұл омыртқа бала партада отырғанда шыдамай, қисаяды. М. Монтессори әдістемесі бойынша бала өз орнында отырғысы келмесе сол мезетте ол еденге немесе кілемшеге отыра, жата алады. Жанама әрекеттер тежелуі мен өзгенің еркіне қарсы әрекеттерден аулақ болу қажет. Баланың өзіндік тәрбиелеуі жүретін жол біздің байлауға бейім жолымыздан өзгеше. Біздің тарапымыздан оның бейімділіктері жетелейтін сол жолдан тайдыру қателік.

Тәрбиешілер ата-аналар сияқты балалар үшін кейбір іс-әрекеттерді орындауға тырысады. Олар серуенге шығарда бәтеңкесінің бауын байлап береді, киіндіреді, шарфін байлайды және т. б. Осылайша балаға өмірден өздігінен сабақ алуға, үйренуге мүмкіндік бермейді. Монтессори қиындықтан, кедергілерден өтуге тырысқан 2, 5 жасар баланы және жағдаяттың мәнін түсінбеген тәрбиешінің әрекеттерін бақылаған. Бала бір топ баланың жанына келіп, олардың қатарына қосылмақ болды. Бірақ ол іске аспады. Содан кейін бала көзімен бір орындықты таңдап, оны балалардың жанына апарып соған шықпақшы болады. Ол орындыққа жақындай бергенде тәрбиеші оның ойын түсініп, кенеттен баланы үйіліп тұрған балалардың үстіне көтеріп, суы бар легенді көрсетеді. М. Монтессоридің байқауынша, бала судағы қалқып жүрген ойыншықтарды көріп мәз бола қойған жоқ. Оның ойынша тәрбиеші балаға өзін-өзі тәрбиелеуге кедергі жасады, бала жеңімпаз болып сезіну үшін бара жатқан, бірақ ол тәрбиешінің қолында тұтқын болып қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Монтесоридің технологиясын балабақшада қолданудың педагогикалық маңыздылығы
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
Музыканы оқыту әдістемесі
Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу
М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz