Мемлекет туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ҰҒЫМЫ
1.1. Негізгі белгілері мен түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Құқықтық мемлекеттің құрылымы мен нысандары ... ... ... ... ...19


2.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
2.1. Мемлекет функциясының түсінігі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Ішкі, сыртқы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ҰҒЫМЫ
1.1. Негізгі белгілері мен түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Құқықтық мемлекеттің құрылымы мен нысандары ... ... ... ... ...19


2.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
2.1. Мемлекет функциясының түсінігі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Ішкі, сыртқы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ҰҒЫМЫ
1.1. Негізгі белгілері мен түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Құқықтық мемлекеттің құрылымы мен нысандары ... ... ... ... ...19


2.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
2.1. Мемлекет функциясының түсінігі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Ішкі, сыртқы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ҰҒЫМЫ
1.1. Негізгі белгілері мен түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Құқықтық мемлекеттің құрылымы мен нысандары ... ... ... ... ...19


2.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
2.1. Мемлекет функциясының түсінігі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Ішкі, сыртқы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ҰҒЫМЫ
1.1. Негізгі белгілері мен түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Құқықтық мемлекеттің құрылымы мен нысандары ... ... ... ... ...19


2.МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
2.1. Мемлекет функциясының түсінігі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Ішкі, сыртқы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай барша құқықтық негіздерді қайта құру қажеттігі туындады. Сол үшін осы бағытта қыруар жұмыстар іске асырылуда. Курс жұмысының осы тақырыбын таңдау себебім қазіргі еліміздің даму жағдайындағы құқықтық мемлекетті қалыптастырудың ауқымды деңгейде қарастырылуы табылады. Қазақстанның демократияға өту қадамдары аса күрделі жағдайларда басталды: елде тіпті нарықтық экономиканың, саяси плюрализмнің, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен коммерциялық емес ұйымдардың белгілері де болған жоқ.
Шын мәнінде соңғы уақыттарда мемлекетіміз құқықтық, зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастыру жолында біршама жетістіктерге қол жеткізе алды деп толық айта аламыз. Дәлірек айтсақ, мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіп сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген жаңа заңдар мен нормативтік актілер қабылданып, іске асырылуда. Жалпы, қүқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.Азаматтық қоғам демократиялы мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қоғамның даму деңгейі - демократия даму деңгейінің айнасы. Азаматтық қоғамның құрамдас бір бөлігі -демократияның ұзақ әрі қарама-қайшы үдеріс болып табылатынын да ұмытпаған жөн. Тіпті, ең дамыған елдердің өзінде ол аяқталудан әлі де алыс жатыр.
Негізінен құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланыста қалыптасқан ұғымдар.Азаматтық қоғам жеке тұрғыдан қарастырғанда тұлғалардың азаматтық және жеке құқықтарының басқарылуы нәтижесіндегі қатынастар. Жалпы айтқанда, азаматтық қоғамда тұлға жеке дербес құқықтар мен бостандықтарға ие. Бұл дегеніміз азаматтық қоғамда
1. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы: «HAS» , 2003.
2. Алексеев С.С. Теория права. М.: БЕК, 1993.
3. Бабаев В.К. Теория современного советского права. Фрагменты лекций и схемы. Н. Новгород, 1991.
4. Бабаев В.К., Баранов В.М., Толстик В.А. Теория государства и права в схемах и определениях. М., 1998.
5. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы , 1997.
6. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1994.
7. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
8. Ибраева А.С. заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
9. Иванов Ю.В. Теория государства и права. Определения и схемы. Красноярск, 1989.
10. Комаров С.А. Общая теория Государства и права. Саранск, 1994.
11. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
12. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995ж.
13. Құдайбергенов У.Д. Теория государства и права. Алматы, 1999.
14. Ливщиц Р.З. Теория права. М.; БЕК, 1994.
15. Общая теория и права / Под ред. Пиголкина А.С. М., 1996.
16. Общая теория права / Под ред. Пиголкина А.С. М., 1993.
17. Общая теория права и государство/ Под ред. Лазарева В.В. М., 1994г.
18. Общая теория права. Курс лекций / Под ред. Бабаева В.К. Нижний Новгород, 1994.

45
19. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Алматы, Жеті Жарғы, 2006.
20. Права человека. Сборник международных документов М., 1991.
21. Сапаргалиев Г.С. заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
22. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
23. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
24. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
25. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Москва, 1995.
26. Теория государства и права / Под ред. Коремский В.М., Перевалов В.Д. Екатеринбург, 1996.
27. Теория государства и права / Под ред. Профессора М.Н. Марченко. МГУ, 1996.
28. Хропанюк В.Н. Теория государства и права М., 1995,1996.
29. Хутыз М.Х., Сергейко П.Н. Энциклопедия права М., 1995.
30. Черданцев А.Ф. Теория государства и права. Екатеринбург, 1996.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ҰҒЫМЫ
1.1. Негізгі белгілері мен түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Құқықтық мемлекеттің құрылымы мен нысандары ... ... ... ... ...19

2. МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
2.1. Мемлекет функциясының түсінігі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Ішкі, сыртқы қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

3

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай барша құқықтық негіздерді қайта құру қажеттігі туындады. Сол үшін осы бағытта қыруар жұмыстар іске асырылуда. Курс жұмысының осы тақырыбын таңдау себебім қазіргі еліміздің даму жағдайындағы құқықтық мемлекетті қалыптастырудың ауқымды деңгейде қарастырылуы табылады. Қазақстанның демократияға өту қадамдары аса күрделі жағдайларда басталды: елде тіпті нарықтық экономиканың, саяси плюрализмнің, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен коммерциялық емес ұйымдардың белгілері де болған жоқ.
Шын мәнінде соңғы уақыттарда мемлекетіміз құқықтық, зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастыру жолында біршама жетістіктерге қол жеткізе алды деп толық айта аламыз. Дәлірек айтсақ, мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіп сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген жаңа заңдар мен нормативтік актілер қабылданып, іске асырылуда. Жалпы, қүқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес. Азаматтық қоғам демократиялы мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қоғамның даму деңгейі - демократия даму деңгейінің айнасы. Азаматтық қоғамның құрамдас бір бөлігі -демократияның ұзақ әрі қарама-қайшы үдеріс болып табылатынын да ұмытпаған жөн. Тіпті, ең дамыған елдердің өзінде ол аяқталудан әлі де алыс жатыр.
Негізінен құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланыста қалыптасқан ұғымдар. Азаматтық қоғам жеке тұрғыдан қарастырғанда тұлғалардың азаматтық және жеке құқықтарының басқарылуы нәтижесіндегі қатынастар. Жалпы айтқанда, азаматтық қоғамда тұлға жеке дербес құқықтар мен бостандықтарға ие. Бұл дегеніміз азаматтық қоғамда
4
ғана азамат өз еркімен экономикалық, саяси және мәдени ортада өмір сүре алады. Деректерге сүйенсек, азаматтық қоғам XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында дами бастағанын көреміз. Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйесінің келешегін құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуымен байланыстырады. Бұл бағытта атқарылып жатқан істер баршылық. 1991 жылдан кейінгі уақытта тәуелсіз мемлекетіміздің барлық салаларын қамтитын 1 мыңнан астам заңдар, заң актілері, заңдық күші бар Президенттік жарлықтар қабыданды. Елдің Конституциясында құқықтық мемлекет кұру стратегиялық міндет ретінде күн тәртібіне қойылды. Қазақстан қоғамын реформалау мен модернизациялау процесінде заңнамалық негіз шешуші рөлге ие бола бастады. Қазақстандықтар заңдық кеңістікте өмір сүру дәстүріне үйрене бастады. Бірақ та Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасуы ісінде елеулі олқылықтар мен қайшылықтар бар. Бірінші қайшылық - басқарушы элита өкілдері мен қатардағы азаматтардың заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі. Осының нәтижесінде заңдар жұмыс істеуге қабілетсіз болады. Екінші кайшылық - Қазақстанда құқықтық қоғамның батыстық стандарттарына ұмтылудан туады. Қазақстан қоғамының тарихи тәжірибесі мен саяси дүниетанымының түп-тамырлары ескерілмейді. Үшінші қайшылық - Қазақстандықтардың саяси-құқықтық мәдениетінің ұлттық дәстүрлерден, ең алдымен қазақ этносының танымдық кеңістігінен қол үзуіне байланысты. Осыдан төртінші кайшылық туындайды. Ол - Қазақстандықтардың құқықтық мәдениетінің төмендігі. Ел халқының коммунистік жасанды идеологияның ықпалында болуы, өтірік пен алдаудың билік кұруы азаматтардьң заңды құрметтеуін, заңды үнемі басшылыққа алып, орындап отыруға құлшынысын әлсіретті.
Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы өзара жауапкершілігі тән. Мемлекет әрбір адамға тумасынан берілетін, ешкім айыра алмайтын құқықтары мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай-ақ олардың ресми
5
рәсімделуі, жүзеге асуы, қол сұғу шылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға талпынады.
Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын мемлекетке, басқа азаматтарға басқа қоғамдық қатынастардың субъектілеріне зиян келтірмейтіндей етіп қана пайдалана алады.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір біріне жақын болғанымен әр түрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді. Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі жақтарына акцент береді, бірін бірі толықтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

6
1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ҰҒЫМЫ
1.1. Негізгі белгілері мен түсініктері
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны ерекше. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана мүмкін болмақ. Мұндай жағдайда мемлекеттің міндеті адамдардың кейбір топтарына қатысты ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. [34, 16]
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар - абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпы азаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.
Азаматтық қоғамның қалыптасу процесінде, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіп, даму үрдістерін анықтау - құқықты демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Азаматтық қоғам ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мемлекеттегі тұрғындардың
азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғамда демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынастардың өзін - өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей - ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы
7
саяси жүйесі бар.
Құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алар
орны ерекше. Егер де құқықтық мемлекетті алып ғимарат деп көз алдымызға елестетсек, онда оның іргетасы мен қабырғасын құрайтын саяси құндылықтар болмаса, оның аспанға бой көтеруі неғайбыл. Сол саяси құндылықтардың ішінде дамыған азаматтық қоғамның шоқтығы биік.
Ал, құқықтық мемлекет болса саяси жүйесінде конституциялық басқару режимі ететін, шынайы билік тармақтарымен қоса дамыған және қарама - қайшылықсыз құқықтық жүйесі мен тиімді сот билігі бар, олардың жемісті өзара әрекеттесуі мен өзара бақылауы жүріп отыратын, саясат пен билікке дамыған әлеуметтік бақылау бар мемлекет түрі. Құқықтық мемлекеттің саясаты мен билік жүйесінің жалпы демократиялық құрылысы оның құқықтық қондырғыларымен табиғи байланыста. Оның негізінде биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі, олардың заң алдында бідей болуы танылған. Мұндай мемлекетті құрудың шешуші факторы азаматтық қоғам құрудың табыстылығында: онсыз құқықтық мемлекет және жалпы қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы бұлыңғыр мәселеге айналмақ.
Оның өздік себеп - салдары бар: егер құқықты қоғам заңды деп танылмаса, билік те, құқық жүйесі де заңның орындалуына шынайы кепілдік жасай алмайды. Тек қоғамның мойындауы, құықтың легитимділігі қоғам мен мемлекеттің заңды сақтауы қамтамасыз ете алады. Алайда қоғам бұған азаматтылықтың жоғарғы деңгейінде, сәйкесінше, мәдени, өркениетті, материалды және интеллектуалды даму барысында, яғни азаматтық қоғам болғанда ғана қол жеткізе алады. Мұндай қоғамның азаматтары үрей мен үстемдіктің шеңберінде. Олар меншікке ие, құқықтары мен бостандықтары бар, және мұндай құндылықтарға иелік ету оларды осы құндылықтарды
сақтап әрі көбейтуге жауапты қылады
8
Олар тиісінше, адам мен қоғамның қауіпсіздігі және олардың игіліктеріне жауапты мемлекеттік қорғауға да даяр. Азаматтық құқықты қоғамның идеалына сыбайлас жемқорлық, парақорлық, қоғамдық байланыстарды тамыр - таныстық, кландық, туыстық, топтық т.б. байланыстармен алмастырушы түрлі әлеуметтік дерттер принципиалды тұрғыда жат. Бірақ құқықтық мемлекеттегі құқықтық қатынастардағы шынайы негізі тек идеалды қарастырылған құқықтық нормалар, заңдар мен санкцияларда жатқан жоқ. Мұнда да азаматтық қоғамдағы сияқты басты құндылықтар мен шешуші рөлге ие қарапайым қасиеттер: тәртіптілік, міндет сезімі, жауапкершілікті сезіну, адам мен қоғамның өзіне сын көзбен қарауға қабілеті мен өз - өзінен есеп ала білу және де ең бастысы - азаматтылық сезім болуы.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды құру жеке тұлғаның құқықтық - саяси қатынастардың шынайы субъектісі ретінде қалыптасуына тікелей тәуелді. [17,38]Жеке тұлғаға өзінің болашағына деген жауапкершілікті арттыра отырып, мемлекет пен жеке тұлға арасындағы субьект қатынастарын орнату арқылы саяси және құықтық әлеуметтендірудің жаңа механизмдерін қалыптастыруға баса назар аударсақ, қоғамымыздың демократиялануы нығая түсер еді. Яғни азаматтық қоғам мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес қозғалыстар, ассоциациялар, одақтардың арасындағы өзара бақылау мен өзара шектетуді қарастырады. Бұл - мемлекет қызметінің әрқашан мемлекеттік емес органдар мен қозғалыстардың назарында болуын, ал соңғылар өз қызметін заңның аясында және мемлекеттің обьективті сұраныстары ескере отырып жүргізуіне кепіл болмақ.
Бұл тұрғыда ой қозғаған кейбір зерттеушілердің пікірі өте орынды: ...қазіргі кезеңдегі жеке тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі оның саналы түрде әлеуметтік белсенді қызмет атқара отырып, құқықтық нормаларға, құндылықтарға, мәдениетке қарай бет бұруына қамтиды. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған қоғамдық институттардың
9
жүйесін құру, бірте - бірте жергілікті өзін - өзі басқару институттарын қалыптастыру, тәжірибелі педагогтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, медиктерді, заңгерлерді тарта отырып, құқықтық тәрбие беру орталықтарын ашу азаматтық қоғам институттарының нығаюына ықпал етер еді.
Яғни, сонда ғана адамдар қауымы өздері шеше алатын мәселелерге мемлекеттік биліктің араласпауына қамтамасыз етіп, әлеуметтік міндеттерді шешудегі мемлекеттік органдар құзыретінің ара - жығын құқықтық негізде ашады. Осылайша, демократия билік пен қоғамдық қайраткерлерінің, қоғамның өзін - өзі реттеу мен басқару механизмдерінің органикалық үйлесімділік табуына септігін тигізіп, қоғамдық тұрақтылық пен гармонияның негіздерін қалыптастырады.
Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында коғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік коғам, азаматтық коғам және т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық коғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. [19,102] Осы қатынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық құкықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық -аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін калайтын нормативтік-құқықтық акт
10
болып табылады. Оған дәлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құкықтық негізді кұрайды. Мысалы, меншік тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық - азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғышарттарын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет кұру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде - мақсаты. [36, 44]
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Адамдар тарихтың объективті зандарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму зандарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта кұру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін үдетеді немесе баяулата алады. Ежелгі және орта ғасыр әлемдерінде өмір сүрген ойшыл ғалымдардың қалдырып кеткен мұраларында жазылған ілімдерге сүйене отырып біз Қазақстанның халқы толыққанды азаматтық қоғам институттарының қызметтерін дұрыс бағытта жұмыс жасауына жауап беруіміз парыз. Болашақ ашық жарқын болу үшін тарихта жасалған қателіктерді болдырмауымыз міндет. Ал ол үшін тарихта қалыптасқан ойшыл тұлғалардың еңбектерін
11
және сол мемлекеттің қалыптасуындағы тарихты еске алу қажет. Мысалы азаматтық қоғам мен құкықтық мемлекет ұғымдарының қалыптасуына ат салысқан неміс ғалымдарының еңбектері мен сол Германия мемлекетінің қалыптасу тарихына көз жүгіртейік.
Азаматтық қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды. Бірақ толық мағынада бүл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль саласындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді.
Азаматтық қоғам - адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар "азаматтык қоғам" терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық коғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын.
Тегінде азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. Бөлімшеде "Азаматтық коғам" ұғымы қайдан пайда болған? - деген сауалға жауап беру үшін, диссертант әрбір тарихи дэуірдегі атақты ойшылдардың еңбектеріне шолу жасайды.
Мұнда, азаматтық қоғамның кейбір элементтері көне дәуірдің бірнеше елдерінде Греция, Рим және т.б. кездесетіні, бұл мемлекеттерде қолөнердің, сауданың дамуы, римнің жекеше құқығы сияқты институттары колданылатыны, азаматтық коғамның өзінің қалыптасу жолында ақшалай-заттай өндірісті дүниеге әкелгендігі, Еуропа мен Америка кұрлығының бірқатар елдеріндегі азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі баяндалады. Алайда, кейбір ойшыл-ғалымдардың пікірлері бойынша, ерте дүние
12
ойшылдарының философиялық көзқарасы ретінде "азаматтық коғам" Аристотель атымен байланыстырылатыны, атақты ойшыл мемлекетті айқындау алдында ең алдымен азамат туралы түсінікті ашатыны, өйткені мемлекет -азаматтардың, азаматтық ұйымның жиынтығы болып табылатыны аталады. Осыған орай Аристотельдің пайымдауынша "мемлекет" және
азаматтық қоғам" - синонимді ұқсас мағынаға ие болатыны айтылады.
И. Канттың Мәңгілік өмірге жол атты еңбегін оқу барысында азаматтық қоғам және демократиялык, құқықтық мемлекет ұғымдарымен кездесесің және сол кездегі әлемдегі болып жатқан тарихи кезеңдерге көз жүгіртесің. И. Канттың тұжырымдамаларына сүйенетін болсақ сол кезде аңсаған құқықтық мемлекетті қалыптастыруға болатын жолдарын көз алдыңа елестете аласың. И. Кант мәңгілік өмірге жету үшін қажетті жолдар жобасы бойынша, алыс-жақын болашақта тек қана құқықтық негізде дербес, тәуелсіз федеративті нысанда қалыптасқан республикалық типте дамыған мемлекеттер жете алады деп жазған.
И. Кант құкықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, тендігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.
Ұлы Георг Вильгельм Фридрих Гегель де жаңа кезеңде қоғам ұғымына көп көңіл бөлген. Соның бірінде Азаматтық коғам ұғымы Гегельдің Құқық философиясы атты еңбегінде мынадай анықтама берілген: Азаматтық қоғам тек қазіргі кезде қалыптасқан және оның бастапқы идеясы болып олардың құқықтары табылады. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке мемлекеттің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптырын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды, - деген Гегель. К. Маркстің пікірі - бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң, ол азаматтық қоғамның сан қырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.
13
Шынында да азаматтық қоғамның бастапқы қаруы болып адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы болып табылады. Екінші орында ғана мемлекет тарапына жасалынатын әрекеттер жатқызылады. Бірақ та мемлекет те, қоғам да бір-бірінен алшақ болмауы тиіс деп айтамыз. Әйтпесе анархиялық құлдыраушылық сипаттағы мемлекетке жетіп қалуымыз ықтимал. Сол себепті мемлекеттің механизмін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар азаматтық қоғамды қоғам ретінде көркемдеуі үшін нормативтік-құқықтық актілер базасымен толыққанды түрде қамтамасыз ету керек, ал ол үшін халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. қажеттіліктерін ескеру міндетті. [26, 114]
Азаматтық қоғамды жеке тұлғалардың экономикалық, құқықтық және басқа да қарым қатынастар арқылы байланысу жүйесі ретінде түсіну бірталай ойшылдардың, солардың ішінде Маркс пен Энгельстің еңбектерінде жарық көрді, олардың шығармаларында меншік түрлерінің өзгеруі мен еңбектің бөлінуіне негізделген мемлекет пен қоғамның ара катынасының динамикасы көрсетілген. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Бұл процесс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Осы жоғарыда айтылып кеткен ойшыл-ғалымдардың азаматтық қоғам туралы ой-пікірлері сан-алуан болғандығын ашып көрсетіп шығу көптеген мүмкіндіктерге әкеліп соқтырады. Өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін келтіріп отырған себебіміз азаматтық коғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы болғандығын ашып көрсету. Сол себепті Кант, Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Азаматтық қоғам дегеніміз - өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі реттеудің түрлі формаларына негізделген, көпшілік және жеке мүдделердің тиімді үйлесімділігі көрініс тапқан қоғам. Сондай-ақ бұл - жоғары құндылық ретінде адамның қүқығы мен бостандығы танылатын қоғам. Азаматтық қоғамның құрылымы қоғамдағы өзінің табиғи мүдде - мақсаттарына сәйкес
14
құрушы, реттеп, басқарушы - адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары - азаматтық коғамның элементтері.
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың құқықтық негіздерін айқындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Себебі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін ең алдымен жоғарғы деңгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанды болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің азаматтары өздерін құқықтық саналы мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруы керек, тек сонда ғана алдымызға койған мақсатқа жетуге болады. Азаматтық қоғамды құрайтын институттардың құқықтық негіздерін зерттеу үшін, ең алдымен сол қоғамды құрайтын тұлға мен азаматтың орнын белгілеп алған жөн. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сипаттайтын өзіндік құқықтары - қауіпсіздік, еркін өмір сүру, бәсекелестікпен азаматтық қызмет етуге, отбасы құпиясын сақтауға, ар-намысы мен ар-ожданын қорғауға, жеке меншікке қол сұғылмауын талап етуге, сөйлесу тілін таңдап, оны қолдануға, еңбек ету бостандығына, тұрғын үйге қол сұқпауға, мұрагерлікке, кәсіпкерлік қызмет бостандығы мен тағы басқа мемлекетте қажет болып танылатын және бұлжытпай орындалып жүрген зандық күші бар нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген кұқықтарға ие болады және бұлар заңда көрсетілген міндеттерге де ие болады.
Азаматтық коғамның бір атрибутының бірі -дамыған коғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін кұрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады [1, 373 б]. Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдық-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен камтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру
15
барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған Қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде кабылданған Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының заңы және т.б.
Қазіргі кезеңде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің колдауынсыз өмір сүруі өте қиын. Мысалы: Үкіметтік емес ұйымдардың көш басшыларының арасында сұрау салу барысында олардың 24 пайызы грант берушілерсіз ұйымдардың өмір сүре алмайтындығын айтқан болса, ал 40 пайызы грантсыз өмір сүру олардың ұйымдары үшін қиынға соғатындығын мойындаған болатын [2, 19] . Сондықтан да, мемлекеттік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың тетіктерін жасап, өмірге енгізуіміз кажет. Бұл өз кезегінде елімізде азаматтық қоғамды дамытуға үлкен себеп болатын еді.
Қазіргі кезеңде елімізде азаматтық қоғамды жетілдіру ісі дамыған елдердің бұл саладағы оң тәжірибесіне арқа сүйей отыра, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзіндік бағытын айқындауы қажет. Азаматтық қоғамды қалыптастыру ісінде үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеруде және олардың қоғамдағы ықпалын арттыруда өкілетті органдардың мемлекеттік билік ісінде шешуші рөл айқындауға баса көңіл бөлу қажет.
Бүгінгі тандағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық зандар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам занды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен
16
ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол
берілмейді, ол тек занды бұзып. оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы -- басты орыидағы мәселе. Осылайша, азаматтық қоғамдағы жеке тұлға -- жасампаздыққа, азаматтық қатынас пен жаңа руханилыққа бағытталған жаңа адам. Жеке тұлғаның тағдыры өз қолында, болашағы өзінің іскерлігіне, тапқырлығына, ақыл-ой деңгейіне, жалпы озық жеке сапаларына байланысты. Мұндай дамудың басты шарты мен нәтижесі, коғамның мазмұнындағы мұндай ұжымдасу түрі дәстүр немесе белгілі бір қағида, аңыз бен санасыз ұжымдасу негізінде емес, ол азаматтардың өздерін ортақ мәдени ошаққа, әлеуметтік-саяси тұтастыққа жататынын сезінуі және ұлттық пен азаматтық ұштаса бірігуінде калыптасады. Мұның жалпыұлттық идеяны қалыптастырудағы ерекше орында болуы да содан. Идеяның да мемлекеттік, жалпы ұлттық сипатта болуы халықтың белгілі бір өркениет ордасы -- . әлеуметтік-саяси тұтастыққа жататындығын білдіруші ұлттық өмірдің маңызды шарты екендігінде.
Басқаша айтатын болсақ, ұлты мен діні, әлеуметтік жағдайының ерекшеліктеріне қарамастан, ол қоғамның мүшелері белгілі бір мемлекеттің азаматтары. Сол мемлекет олардың ортақ Отаны. Отан азаматтарға қалай жауапты болса, азаматтар да Отанның болашағы үшін, дамуы үшін мүдделі жауаптылықта. Сондай-ақ жалпыұлттық идеяны қалыптастыру еліміздің мұраттарының негізінде жатқан құқықты мемлекет құрумен де ажырамас бірлікте. Мұның мәнін ашу үшін, ойымызды тұңғиықтан өрбітуте тура келеді.
Оның өзіндік себеп-салдары бар: егер құқықты қоғам занды (легитимді) деп танылмаса, билік те, құкық жүйесі де заңның орындалуына шынайы кепілдік жасай алмайды. Тек қоғамның мойындауы, құқықтың легитимділігі қоғам мен мемлекеттің заңды сақтауын қамтамасыз ете алады. Алайда қоғам бұған азаматтылықтың жоғарғы деңгейінде, сәйкесінше мәдени, өркениетті, материалды және интеллектуалды даму барысында, яғни
17
азаматтық қоғам болғанда ғана қол жеткізе алады. Мұндай қоғамның азаматтары үрей мен үстемдіктің шеңберіне таратылмаған. Олар меншікке ие, құқықтары мен бостандықтары бар, және мұндай құндылықтарға иелік ету оларды осы құндылықтарды сақтап әрі көбейтуге жауапты қылады. Олар тиісінше адам мен коғамның қауіпсіздігі және олардың игіліктеріне жауапты мемлекетті қорғауға да даяр [4, 17].

18
1.2.Құқықтық мемлекеттің құрылымы мен нысандары

Құқықтық мемлекеттің аясы мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болады, адамдар бүл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демокраияландыру перспективасын, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда. Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктерін және ерекше сипаттарын баяндау, қоғам өміріндегі ақиқат рөлін көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие.
Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас саласына кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушілер арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айрықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын қадағалап отырады.
Өзінің бүкіл қызметінде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болып келетін этатистік мемлекет оған қарама-қарсы болып табылады. Бұдан басқа, аталған субъектілердің бостандығы мен дербестігі, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің рөлінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан, экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларын, азаматтардың жеке өмірін тікелей өз
19

қарауына және бағынысына алуға деген талпынысынан, екінші кезекте
немесе ұсақ-түйек мәселелерді шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамның басқа ерекшелігі де осымен байланысты. Жеке қоғамның және басқа қоғамдық қызмет субъектілерінің жағдайы тек айқын да тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардың күнделікті араласып отырған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың субъективті қарауына да байланысты.
Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасында аралық типтегі түрлі мемлекеттер болады, оларда бірінші және екінші типтің белгілері үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда сөйте тұра жеке қүқықтық принциптер мен бастауларға бағынуға тырысады. Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай-ақ құқықтық мемлекетке жақындауда.
Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік-құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың өзіндік ерекше селекциясы мен мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының әміршілдік-әкімшілдік және полицейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұғыну негіз болды. Құқықтық мемлекеттің бастаулары түбірімен өткен шаққа айналды деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары құқықтың позитивті рөлін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пікірлер айтып кеткен. Құқықтың рөлі мемлекеттік басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде қаралды: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек, өйткені барлық органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекетін бағыттап отыруға арналған.
Азаматтық қоғамдағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі құқықтық мемлекеттер отбасының пайда болып, көбеюі. Бұл - мемлекеттік-құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. [38, 21] Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен өмірдің
20
барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар
болуда, оларға әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескеріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егемендігі болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі-өндіруші мен тұтынушы билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі - өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайы жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет, сонымен, бірге әлеуметтік мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі-гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяи негізі - халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып, қоғамдық билікті жан - жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп - басқару. Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасад
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
21
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың арақатынасын қатаң
сақтау; азаматтық қоғамның қалыптасуы
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік ақпараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық
ұйымдардың, жеке адамдардың, өмірдегі қаым - қатынастарда өзара жауаптылығы;
- құқық пен заңның арақатынасында көп алшақтыққа жол бермеу, олардың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның болуы;
- соттың жоғарғы беделі, ең сыйлы орган деп саналуы және соттың тәуелсіздігі;
Қазақстан мемлекетіміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғары деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу принципін орындауды, қоғамдағы қарым-қатынастар субьектілердінің арасындағы таластарды шешуді дұрыс қамтамасыз ету үшін Конституциялық кеңестің жүмысын жақсарту;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар заңның құлы болмайынша, құқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес
Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет құру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату деген дауыс, талап күшейіп отырады.
22

2. МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
2.1. Мемлекет функциясының түсінігі мен құрылымы

Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі.
Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалаы мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:
әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;
құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін
23

нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету -- мемлекетіміздің
аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді".
Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі -- басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекет функциялары
Мемлекет функцияларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Жер құқығы қатынасындағы мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскесін иеліктен шығарудың қағидалары
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-теориялық ойларының негіздері
Мемлекеттің пайда болуы туралы ақпарат
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Пәндер