Тыныс алу жүйесі жайлы



Кіріспе
1. Тыныс алу жүйесінің маңызы
2. Тыныс алу жүйесінің жастық ерекшеліктері.
3. Тыныс алу жүйесі патологиясындағы негізгі клиникалық синдромдар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.
Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу – ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.
Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда ол сыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.
Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар – бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі – оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.
Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі – өкпе, – құрылысы жағынан түтікшелі – көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін – көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.
1. Чучалин А.Г. «Пульмонология», Медицина, Москва, 2007г,
2. Х.Әбілкәрім «Сәулелік диагностика» Алматы 2010
3. Л.Д Линденбратен Л.Б Наумов «Медицинская рентгенология»
4. Интернет желісі

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. Тыныс алу жүйесінің маңызы
2. Тыныс алу жүйесінің жастық ерекшеліктері.
3. Тыныс алу жүйесі патологиясындағы негізгі клиникалық синдромдар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп,
өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.
Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы
қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып,
денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.
Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше
кезеңде атқарылады 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа
алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым
шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3)
газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары
мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу – ішкі тыныс; 5)
торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар
митохондрияларындағы биологиялық тотығу.
Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл
газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет
қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.
Адам мен омыртқалы жануарларда ол сыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен
тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз
ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы
ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс
аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын
айтады.
Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы,
аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар – бронхылар мен
бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі – оң және сол өкпеден
тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-
тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына
өтеді.
Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі – өкпе, – құрылысы жағынан
түтікшелі – көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ
алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ
алмасу бөлімін – көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы
арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға
жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың
қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий
торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан
капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм
дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ
капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп
мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп
альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы
қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына
айтарлықтай кедергі болмайды.

Тыныс алу жүйесінің маңызы

Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен
қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам
үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі
адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу
кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа
шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы
газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл
газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде
қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе
альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан
ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ Бұл өте
әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі
барлық ішкі мүшелерге әсер етеді.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері
мұрын нан басталады (1-сурет). Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда
және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында
газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс,
науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің
мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс
жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен,
тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде,
кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан,
микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты
кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін
жылытылады.

Тыныс алу жүйесінің жастық ерекшеліктері.
Тыныс мүшелері мұрын нан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді:
а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары;
ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны — өкпе альвеолалары
(лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің
мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі — өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар — тыныс
жолдарына мұрын  қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен,
тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын  қуысында, көмейде,
кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан,
микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты
кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін
жылытылады.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына
және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы  нашар дамыған, бірақ қан
тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу
шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер
ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың
кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7
жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене
салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3,
6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3,
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған
сәбиде — 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада — 1,617
см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар
өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде
4,108 тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы
ауданы жаңа туған сәбиде — 6 м2, ересек адамда — 50 м2, яғни 8 есе  артық.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты
өзгереді.
Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық  кезінде
өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы
көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді.
Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі
ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға
сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік
туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің
әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде
қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Тыныс алу жүйесі патологиясындағы негізгі клиникалық синдромдар:
1. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы.
2. Өкпеде қуыс пайда болуы синдромы..
3. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы.
4. Өкпеде артық ауа жиналу (эмфизема) синдромы.
5. Плевра қуысына сұйықтық және ауа жиналу синдромы.
6. Тыныс алу жетіспеушілігі синдромы(жедел және созылмалы).

Тыныс алу мүшелеріне жатады: мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, кеңірдекше
тарамдары, өкпе. Өкпе өз алдына екіге бөлінеді: оң және сол жақ өкпе. Оң
жақ өкпе 3 бөліктен тұрады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпе 2
бөліктен тұрады: жоғарғы, төменгі. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпенің
төменгі бөліктері диафрагмамен тиіседі, ол кеудемен іш қуыстарын бөліп
тұрады. Ауа мұрын жолдары арқылы кеңірдекке,  одан оң жақ, сол жақ
кеңірдекше тарамдарына (бронхыларға), одан әрі өкпе бөліктеріне кіреді.
Кеңірдек тарамдары кішкентай бұтақтардан тұрады, оны “бронхиол” дейді, олар
ары қарай өкпеге өткенде өкпе көпіршігіне (альвеоларға) айналады.
Альвеоларға кірген ауа өкпені желдендіріп созады, онда газ алмасуы пайда
болады. Ауамен кірген оттегі капилярға өтіп, эритроцидпен қосылып,
ұлпаларды қамтиды. Кеудеге ауа кіргенде кеуде бұлшық еттері созылып,
диафрагма жиырылып, кеуде қуысы кеңейеді. Адам бір дем алғанда 700 мл 3 ауа
жұтады. Ал ауа шыққанда кеуде қуысы тарылады. Қалыпты түрде адам минутына
16 – 20 рет дем алады. Ал жүгіргенде, қатты қимылда дем алуы жиіленеді.
Тыныс жолдарының дем алуын реттейтін сопақша ми. Ауаны өткізетін тыныс
жолдары ауаны жылытып, шаңнан тазартып, дымқылдатады.    Тыныс алу
мүшелерінің қорғаныш қызыметіне жатады: жұтқыншақтың жабылып тұруы, жөтел
рефлексі, бронхтың ішкі сілекейлі қабатында секреторлы иммуноглабулиннің
білінуі, альвеолардық макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігі. Олардың
қызметі жүйкелермен, бронхиол артерияларымен қамтамасыз етіледі.   
Өкпе – ағзаның негізгі мүшесі. Ол ағзадағы қан айналыс жолдары-мен
тығыз байланысты болып келеді. Оны қамтамасыз етіп отыратын өкпе артериясы.
Сол себептен өкпе сырқатында тек ұлпа ғана зақымданбайды, оның қан
тамырларындағы қанның алмасуы да бұзылуы мүмкін. Сондықтан мұндай
өзгерістерді өкпе – жүрек жеткіліксіздігі деп атайды.
Негізгі белгілері.  Тыныс алу мүшелерінің ауруларының көптігіне
қарамай, олардың белгілері бір – біріне ұқсас болып келеді. Бұл белгілерге
жөтел, қақырықтың бөлінуі, қақырықты тастауы, қан түкіру, демікпе, кеуде
қуысының ауырсынуы жатады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің
төмендеуі, бастың ауруы аурудың жалпы белгілеріне жатады.  
Жөтел. Тыныс алу мүшелерінің ең негізгі белгілерінің бірі, бірақ дені
сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Бұл рефлекторлық қорғаныш актісі. Тыныс
жолдарына бөгде зат түскенде ағза рефлекторлық түрде оны жөтелі арқылы
сыртқа шығаруға тырысады. Кеңірдек, кеңірдекшелердің (бронхтардың) сілекей
қабаттары қабынғанда импульстер сопақша мидың дем алудағы  орталығына келіп
түседі де оны қимыл жүйкесіне жібереді. Жөтелде өкпедегі бөгде заттар
ауамен бірге ауыз арқылы күшпен сыртқа шығарылады. Жағымсыз мәнбірлердің
әсерінен тыныс алу жолдарына сілекей жиналып, жөтел туғызады. Егер сілекей
аз бөлінсе, онда құрғақ жөтел пайда болады. Жөтелдің сипаталуы сырқатқа
байланысты әртүрлі болады. Сирек, күшті, жиі, ұстамалы және т.б. түрлері
болады. Бір науқаста жөтел өзгеріп отыруы мүмкін. Туберкулездің бастапқы
кезеңінде жөтел сирек және науқасқа білінбейді. Бара – бара жөтел күшейіп,
науқасты мазалайды. Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында жөтел дөрекі
шығады.  
Қақырық. Тыныс жолдарының сілекей қабығының жемісі. Қақырықтың
мінездемесіне қарап қабыну дәрісінің тереңдігін анықтауға мүмкіншілік
туғызады. Қақырық сілекейлі, сілекейлі - іріңді, іріңді болады. Сілекейлі
қақырық жылтыр, кейде ақ түсті болады. Шаң тозаңнан қақырық қара түсті
болуы мүмкін. Ондай қақырық темекі шеккеннен немесе ұзақ уақыт шаң тозаңда
жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Сілекейлі - іріңді қақырық өкпе
ауруларының асқынуларында білінеді. Крупты өкпе қабы-нуының бастапқы
кезеңінде қақырық тоттанған болып білінеді. Көбінесе қақырықтың иісі әлсіз
және ара қашықтықта сезілмейді. Егер қақырықтың иісі жағымсыз болса, онда
өкпенің іріңді ауруы деп ойлауға болады.  
Қан түкіру. Өкпе ауруларының маңызды белгісі болып табылады. Қанды
түкіру өкпе туберкулезінде, өкпе қатерлі ісігінде және өкпе іріңді
ауруларында байқалады. Қақырықпен түскен қанның түсі ашық – қызыл,
көпіршікті, иіссіз және жөтел мен шығып отырады.  
Демікпе. Демікпе дегеніміз – демнің тереңдігінің, жиілігінің және
ырғақтылығының бұзылуы. Тыныс алу жолдарының ауруларында ентігу
экспираторлық (ауаның сырқа шығуының қиындауы) түрде білінеді. Сырқатқа
байланысты кеңірдекше тарамдары  тарылған жағдайда ауаның ішке кіруі
қиындап, демі шулы, ысқырықты болып келеді. Науқастарда жиі аралас
түрлердегі  ентігу кездеседі.  
Кеуде қуысының ауырсынуы. Бронхыларда және өкпе тінінде сезу
рецепторлары болмайды, сол себептен кеуде қуысының ауырсынуы басқа
мәмбірлердің әсерінен туады.  Негізінде ауырсыну дем алғанда, жөтелгенде
білінеді. Кеуде қуысының ауырсынуы қабырға аралық бұлшық еттер және қабырға
аралық жүйкелер қабынғанда сезіледі.
Уыттану белгілері. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында осылармен бірге
жиі дене қызуының көтерілуі, түнгі кездегі терлегіштік, әлсіздік, жұмысқа
деген қабілетінің төмендеуі кездеседі. Бұл шағымдар ағзаның уыттанудың
себебіне болғандықтан.
Тексеру әдістері ( субъективтік тексеріс және объективтік тексеріс):
1. Субъективтік тексеріс  Науқастың шағымдарын сұрау арқылы өткізіледі:
 кеуденің шаншуы, ентігуі, тынысының тарылуы, жөтел пайда болуы,
қақырық тастау, әлсізденуі, дененің тітіркенуі, басының ауыратындығы
және ұйқысының бұзылуы. Сыртартқы жинағанда келесі сұрақтарды анықтау
керек: ауру қалай (жедел, біртіндеп) және қандай жағдайда басталды.
Аурудың себебін және мінездемесін білу үшін эпидемия жағдайына көңіл
бөлу керек. Жұқпалы аурумен ауырған науқастармен қатынаста болды ма?
Мысалы: туберкулез, сары ауру, тұмау т.б. Ауру өту ағысын және
жүргізілген емін, оның нәтижесін, тұрмыс жағдайын, ағзаға зиян
әкелетін қылықтарын, яғни шылым шегу, ішімдік ішуін анықтау.
2. Объективтік тексеріс. Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады.
Қарағанда науқастың жалпы жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене
пішінінің өзгерістерін және т.б. байқайды.

Кеудені қарау. Кеуденің сыртқы бейнесіне қарап қалыпты немесе
патололгиялық түрін анықтайды. Кеуде қуыс өзгерістерінің үш түрі болады:
бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы қысқалау,
көлденең кеуде бөшке сияқты дөңгелектеу келген пішінде болып келеді.
Қабырға арасы сиректелген, дем алғанда бұлшық еттерінің қабысуының сирегені
байқалады. сал көкірек қуысы (паралитикті) – бөшке тәрізді кеудеге қарама –
қарсы келген өзгерістер байқалады: кеуде торшасы тар және ұзын. Бұл өкпенің
туберкулез ауруында жиі кездеседі, дем алу қимылы бәсеңдейді. мешелді кеуде
(“тауық” кеудесі) – бұнда кеуде қуысының алды артына қарай ұзарғаны
байқалады, қабырға шеміршектері жуандайды, кішкентай балалардың мешел мен
ауырған кезінде пайда болады. Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы)
омыртқаның өзгергендігіне байланысты болады: омыртқаның алға қарай қисаюы -
лордоз, артқа қарай – кифоз, бір жақ қырына – сколиоз, ал артқа  және бір
жақ жамбасына қарай қисаюы – кифосколиоз деп аталады.  
Дене терісінің өзгеруі. Терінің кілегей қабыршақтарының көкшілдігі
байқалады, оны цианоз деп атайды. Цианоз екі түрде байқалуы мүмкін:
жергілікті және орталық (барлық денеде). Бұндай өзгеріс тыныстың
бұзылғандығынан, өкпеде оттегінің жеткіліксіздігінен байқалады. Бетінің
қызаруы өкпенің крупозды қабынуында, дене қызуы көтерілгенде, ал бозаруы
өкпенің іріңді ауруларында және т.б жағдайларда кездеседі.
 Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны оның ауыра-
тын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін анықтау үшін жүргізіледі. Екі
қолды науқастың кеудесіне қойып сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу
дыбысының әр ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды. Бұл
сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.  
Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың өзгерістерін анықтау
(тықылдату, перкуссия). Өкпенің таза дыбысы өкпеде таза ауаның барында,
өкпенің ауруы жоқ кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі
түрлері мыналар:  тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді; қорап
тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және өкпеде ауа көптігін
білдіреді; тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай дыбыс.

Өкпе тінінің тығыздалу синдромы.

 Өкпе тінінің инфильтрациясы (ішке ену) деп қышқыл элементтердің,
сұйықтардың өкпе тінінде жиналуымен сипатталатын патологиялық жағдайды
атайды. Тығыздалу синдромы пневмонияларда, өкпе туберкулезінде, өкпенің
аллергиялық зақымдануында (эозинофильдік  инфильтрат), өкпенің лейкоздар
және жүйелі қызыл жегі кезінде зақымдануында жиі кездеседі.    Бұл
синдромның клиникалық белгілері ең алдымен осы синдромды туғызған ауру
түрімен, қабыну үдерісі өршігендігімен, оның көлемімен, орналасуымен және
асқынуымен тікелей байланысты. Бұл синдромның негізгі шағымдарына жөтелу,
ентігу және кей кезде қан түкіру жатады. Инфильтрация ошағы плевраға жақын
орналасқан жағдайда ауыру сезімі пайда болады. Қосымша шағымдар арасында ең
жиі кездесетіні  дене қызуының көтерілуі, яғни қалтырау, әлсіздік,
терлегіштік, бастың ауруы.
Жедел өкпе инфильтрациясының даму кезеңімен, бронхтардағы және өкпе
қабындағы айқын өзгерістермен байланысты болады. Өкпенің қабынуының алғашқы
кезеңінде құрғақ жөтел байқалады. Кейін аз да болса қақырық бөліне
бастайды, әрі қарай альвеолаларда жалқық пайда болғандықтан және бронх
ішіндегі инфильтраттың гиперсекрециясымен байланысты жөтел ылғалды болып
өзгереді. Өкпе қабынуында қақырық шырышты-іріңді немесе темір тотығы түсті
(крупозды пневмония) болуы мүмкін. Өкпе тінінің ыдырауында (деструкция),
өкпе рак және туберкулез кезінде қан кетуі мүмкін.   Ірі және жайылмалы
өкпелік инфильтраттарда ентігу жиі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Көлденең флейта құрылымы
Биологияны оқытуда өз организмін таным білуге үйрету
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Студент-спортшылардың кардиореспираторлық жүйесі көрсеткіштерінің дене жүктемесіне бейімделу өзгерістерін зерттеу
Сыртқы тыныс. Тыныс алу жүйесі
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Өндірістік шарттардағы микроклиматтың параметрлерін зерттеу
Пәндер