«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
II. Негізгі бөлім
III. «Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Мәдениет философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
V. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
VI. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
VII. Пайдаланаған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.Мәдениет адам жасағанәлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе — мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?.. Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.
1. Қазақ Энциклопедиясы
2. Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. — М., 1977. — С. 252
3. Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
4. Ә. Наурызбаева, Н. Скалой. Диалогтың мүмкіндігі. «ӀПаһар», 1993, № 1, 8-бет
5. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ЫСБН 9965-485-34-8
6. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ЫСБН 9965-663-71-8

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Әлеуметтік пәндер
кафедрасы

Философия пәнінен
№3 семестрлік жұмыс

Тақырбы: Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы

Орындаған: ВТк-14-1 тобының
студенті Төлебек Е.
Тексерген: аға оқытушы Джаркинбаев Е.Е

Алматы,2015
Мазмұны

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
II. Негізгі бөлім
III. Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ..
IV. Мәдениет философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
V. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
VI. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
VII. Пайдаланаған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .13

Кіріспе
Мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Мәдениет адам жасаған әлем сияқты екінші табиғат. Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев. Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы технологиялық мәдениет, еңбек мәдениеті ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе -- мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?.. Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
Мәдениет дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты культура мен натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру, даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
* мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
* мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
* мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
* агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, ХVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық -- адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, мәдениет ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық деген мағыналарға да осылардың ішіндегі ең бастысы -- дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз -- шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына және тағы басқалары қатысу) мұлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті пайдейя (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді. Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттер мен қатар, адамзаттық қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол -- білім жолы болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: Көп жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты -- оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады.Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі көне пайдейяның гуманитарлық қызметімен қатар, көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер даналық табыстар -- нома (заңдар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.
Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек пайдейясының идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге -- руханилықты, геодонизмге (сүйсініп -- рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін -- кітаби білімді қарама-қарсы қойды. Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы ақыл-ой мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін жетілдіру, оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда табиғи бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды жетілдіру тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер -- махаббат, үміт, сенім және тағы басқалары жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдайтағаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.

2.
Мәдениет философиясы -- мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына философиялық талдау жасайды. "Мәдениет философиясы" терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт "мәдениет туралы ғылымдар" мен "табиғат туралы ғылымдарды" ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда "дәуір мәдениеті", "этнос мәдениеті", "ұлттық мәдениет", "христиандық мәдениет", "мұсылмандық шығыс мәдениеті", тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі; Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз - жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі. Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді. Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды. Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады. Адам өмірінің мәні құндылықтар жүйесінің тұлғалық интеграциясы. Құндылық дегеніміз - адам қажеттілігініқ бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді. Материалдық құндылықтар - еңбек құралдары мен тікелей тұтынатын заттар. Рухани құндылықтар - философиялық, діни, эстетикалық, моральдық, құқықтық, саяси, идеялар. Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері. Кез келген құндылықтың екі сипаты - функциональды маңызы және тұлғалық мәні бар. Мысалы, машинаның болуы бір адам үшін мақтану объектісі, екінші адам үшін оның қызметінің бұлжымас бір бөлігі, құралы, үшінші адам үшін табыс көзі. Материалдық және рухани құндылықтардың қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы әр түрлі, олардың бірнеше маңызды сипаттары бар: Материалдық құндылықтар : Физикалық статусы; 2.Техникалық құралы; 3.Праксеологиялық - экономикалық формасы. Рухани құндылықтар 1. Ақпараттың мағынасы мен сипаты; 2.Материалдық іске асуы; 3.Аксиологиялық функциясы; 4.Әлеуметтік - экономикалық формасы. Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады. Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік - техникалық және тұтынылу функциясы туындайды. Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді. Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді. Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды, олар адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды реттейді. Адам тіршілігінің құндылықтары. Адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің аясын кеңейтіп, оған мән, мағына беруге тырысады. Біріншіден, ол өзінің өмір сүру фактісін өзі үшін ғана емес басқалар үшін де маңызды еткісі келеді. Сондықтан ол өзіне-өзі үңіліп, өзін танытуға, өзінің тылсым мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады: қарапайым сурет салу мен қолөнерінен бастап өнер мен спорттың жоғары жетістіктеріне, қарапайым үй жұмысынан бастап саяси қызметке дейін көтеріледі. Осы процессте әр адамның өзіндік қабілеті мен таланты ашылады. Екіншіден, адам өзін-өзі басқалармен қарым-қатынаста көрсеткісі келеді. Қарым-қатынастың бастапқы түрі "Мен және Сен" қатынасы. Осы қатынаста адам өзін-өзі басқаға жақын етеді, өзінің түпкі мақсаттары мен тілегін білдіреді. Бұл қатынастағы "Сен" міндетті түрде басқа адам емес, кез келген ұнаған зат немесе құбылыс болуы мүмкін. Қарым-қатынаста адамдар өздеріне тән адамгершілігін паш етеді, жан сұлулығы мен жүрек жылуын, мейірімін ұсынады. Үшіншіден, адам өзінен тыс жоғары құндылықтаға қол созады, яғни өзі-арман еткен болашақтың немесе кәсіптің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок-жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, осындай сана сезім, өзін-өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді.
Жаңа заманда (ХVIII -- ХIХ ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар. Ағартушылық дәуірі -- буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда -- Толанд, Францияда Вольтер мен Монтескье, Германияда -- Лессинг, Гете, Шиллер және тағы басқалары) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұстауы және тағы басқалары мәдениет пен өркениеттің даму барысында басты кедергілер болды. Осы орайда Ағартушылық дөуірі ойшылдарының антиклерикалдық (дінге қарсы) көңіл-күйін аңғару онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның осы бір жарық дүниедегі алатын орны туралы мәселені қайта қоюына мүмкіндік берді. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой). Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар ХVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді. Әрине бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді. Мысалы: Мәдениеттің классикалық үлгісі ұғымы мәдениетті -- адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, Ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия және тағы басқалары) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды. Бұл игі мақсатты жүзеге асыруда олардың алдында орасан зор көне және тың материалдар көптеп кездесті. Ортағасырлар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжат және оның қызметі, құжаттау тәсілдері. Құжаттама жүйесінің қалыптасуы
Экономикалық ілімнің пәні және зерттеу әдістері
Эмоцияның және сезімнің психофизиологиясы
Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту
Құжат ұғымы және мазмұны
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Философия тарихындағы адам проблемасы
Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым
Пәндер