Еуразиядағы халықтардың Ұлы қоныс аударуы



Кіріспе
1. Еділ патшаның жойқын жорықтары
2. Ғұндар қалыптастырған батыстағы мәдениет
3. Адамзат тарихындағы ғұндардың орны мен рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Еуразиядағы халықтардың Ұлы қоныс аударуына қуатты серпін берген ғұндар тарихы Шығыс пен Батыс тарихында өте маңызды орын алады. Барлық Еуропа континентін іс жүзінде қамтыған және оның саяси, этникалық, мәдени тұлғасын түбегейлі өзгерткен қоныс аудару процестерінің шыңы IV-VII ғасырларға дәл келеді.
Ғұндар Еуропаға Орталық Азиядан келді. Б.з.д. IV ғасыр қытайлықтар оларды өздерінің қауіпті қарсыластары ретінде көрсетеді. Ғұндардың әскери көсемдері -Хань империясымен соғыста бірталай жетістіктерге жетті. Б.з. ІІ ғ. бірінші жартысында ғұн тайпаларының Шығыс Қазақстанға және Жетісуға, кейін Батыс Сібір, Орал, Каспий жағалауларына және Волганың арғы жағындағы далаларға көшіп-қонуы басталды.
Бұл аймақтарда ғұндардың жергілікті тайпа ұйымдарымен ассимиляция процесі жүрді. IV ғ. ортасында олар Волга мен Дон аймағына енді. Азов аймағы және Солтүстік Кавказдағы аландарды, Босфор патшалығын жаулап алып, Доннан өтіп, Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы остгот патшасы Эрманарихтың көп тайпалы державасын 375 жылы жеңіліске ұшыратты.
375 жылы халықтардың Ұлы қоныс аударуына алып келген бастама болды. Қазіргі таңда қазақстандық жалпы тарих ғылымында бұл оқиғаларды орта ғасырлар тарихы дәуірі мен өркениетінің бастамасы ретінде қарастырады.
Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткеніндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерін қанжардың жүзінен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсіретін. Әскерде садақшыларға ерекше орын берілді, садақ пайдалануда ғұндар жоғарғы жетістіктерге жетті. Ерекше ассиметриялық түрдегі садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйіз пластинкалары, сіңір, сүйек жапсырылып қуатына жететін де, алыстан жауын жайрататын. Бұл жерде ғұндардың әскери өнерінің жан-жақты жетілгендігін көрсете кетуіміз керек. Мұны Азия мен Еуропаның біршама бөлігіндегі археология мәліметтері де даусыз дәлелдейді.
1. Асылбеков М.Х., Байпақов К.М. “Қазақстан тарихы І том” Алматы. Атамұра. 1996. 245-272 б.
2. Жұмақаева Б.Д. “Қазақстан тарихы” Алматы. 2010. 31-36 б.
3. Жұмаханов Т., Шаңбай Т., Жұматаев Б., Теченко Л.И. “Ежелгі Қазақстан” энциклопедия: арийлер, сақтар, ғұндар, түркілер. Аруна. 2004. 81-113 б.
4. Алдажұманов Қ.С., Балақаев Т.Б., Қозыбаев М.Қ., Нұрпейісов К.Н. “Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін” Алматы. 1994. 54-62 б.
5. Чапай М. “Қазақстан тарихы” Алматы. 2003. 25-36 б.
6. Тілеубаев Ш.Б., Смағұлов С., Қаражан Қ.С., Әбсеметова Ж.
“Қазақстан тарихы” Алматы. NURPRESS.2011. 25-32 б.
7. Маданов М. “Ұлы дала тарихы” Алматы. Санат. 1994. 112-143 б.
8. Байғұнақов Д. “Орталық Азия ғұндары туралы не білеміз?” Ақиқат. 2008. №4. 7 б.
9. Жұмағұлов Қ. “Ғұндар алғашқы Еуразиялықтар еді” Тарих. 2002. №15. 1 б.
10. Өтениязов С. “Ғұн дәуірі және Еділ патша” Ана тілі. 2013. №9. 2 б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Еуразиядағы халықтардың Ұлы қоныс аударуына қуатты серпін берген ғұндар тарихы Шығыс пен Батыс тарихында өте маңызды орын алады. Барлық Еуропа континентін іс жүзінде қамтыған және оның саяси, этникалық, мәдени тұлғасын түбегейлі өзгерткен қоныс аудару процестерінің шыңы IV-VII ғасырларға дәл келеді.
Ғұндар Еуропаға Орталық Азиядан келді. Б.з.д. IV ғасыр қытайлықтар оларды өздерінің қауіпті қарсыластары ретінде көрсетеді. Ғұндардың әскери көсемдері -Хань империясымен соғыста бірталай жетістіктерге жетті. Б.з. ІІ ғ. бірінші жартысында ғұн тайпаларының Шығыс Қазақстанға және Жетісуға, кейін Батыс Сібір, Орал, Каспий жағалауларына және Волганың арғы жағындағы далаларға көшіп-қонуы басталды.
Бұл аймақтарда ғұндардың жергілікті тайпа ұйымдарымен ассимиляция процесі жүрді. IV ғ. ортасында олар Волга мен Дон аймағына енді. Азов аймағы және Солтүстік Кавказдағы аландарды, Босфор патшалығын жаулап алып, Доннан өтіп, Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы остгот патшасы Эрманарихтың көп тайпалы державасын 375 жылы жеңіліске ұшыратты.
375 жылы халықтардың Ұлы қоныс аударуына алып келген бастама болды. Қазіргі таңда қазақстандық жалпы тарих ғылымында бұл оқиғаларды орта ғасырлар тарихы дәуірі мен өркениетінің бастамасы ретінде қарастырады.
Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткеніндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерін қанжардың жүзінен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсіретін. Әскерде садақшыларға ерекше орын берілді, садақ пайдалануда ғұндар жоғарғы жетістіктерге жетті. Ерекше ассиметриялық түрдегі садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйіз пластинкалары, сіңір, сүйек жапсырылып қуатына жететін де, алыстан жауын жайрататын. Бұл жерде ғұндардың әскери өнерінің жан-жақты жетілгендігін көрсете кетуіміз керек. Мұны Азия мен Еуропаның біршама бөлігіндегі археология мәліметтері де даусыз дәлелдейді.
Еділ патшаның жойқын жорықтары
Ол билеген 434-453 ж.ж. аралығында Ғұн мемлекеті барынша үлкен аймақтық кеңеюді басынан өткізіп, қуаттылыққа ие болды. Грек және Рим деректері Аттиланың бірнеше ұрпақ бойы ғұндарды билеген патша руынан шыққанын көрсетеді. 434 ж. қаған Ругия (Руа) қайтыс болғаннан кейін ғұндарға ағасы Мундузуктың балалары Аттила мен Бледа басшылық етті (кейбір деректер бойынша Аттила мен Бледа туған аға-іні емес, туыстас аға-інілер). 444 ж. Бледаның өлімінен кейін, Аттила бірден-бір билеушіге айналды. Сонау 435-436 ж.ж. Аттила басқарған ғұндар Римге бағынышты болған Майн мен Рейн аралығындағы бургундар патшалығын қосып алады.
Бұл оқиғалар кейіннен Германияның белгілі бір эпикалық шығармасы болып табылатын, Гомердің туындыларымен және "Ролланд туралы жыр", "Игорь полкі туралы сөз" сияқты танымал поэмалармен қатар орын алатын "Нибелунгтар туралы жырдың" көрінісіне негіз болады. Осы және өзге де герман эпосының шығармаларымен, Скандинавия сағаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қысымындағы халықтарды азат етуші ретінде сипатталады.
Византияның атақты жылнамашысы, V ғ. тарихшысы және мәмілегері, ғұн патшасына 448 ж. жіберілген Византия елшілігінің мүшесі грек Приск Панийский, жеке көріністер түрінде сақталған өзінің "Византия тарихында" Аттиланы ірі мемлекет тұлғасы, ұлы істермен айналысқан дана билеуші, талантты мәмілегер және әділетті сарапшы ретінде, Аттила мемлекетін Римнің қауіпті бақталасы ретінде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.
Ол Батыс Рим және Шығыс Рим империясының қуатты ғұн патшасымен одақтасуға ұмтылысын байқатады. Екі империя ұлы билеушінің көңілін табуда бақталасып отырды. Паннониядағы Аттила сарайында Приск, ғұндарды батысқа жасалатын жорықтан аластатуды көздеген Батыс императоры ІІІ Валентинианың елшілерін кездестірді.
Әсіресе, Византия Аттиламен бейбітшілік қатынаста болуға барынша күш салды. "Шығыс ромейліктер,-деп жазады Приск, - кез келген талабына бағынып, оның тарапынан болатын шараларға билеушінің бұйрығы ретінде қарады". Ғұн мемлекетімен одақтастыққа ұмтылған тек Батыс пен Шығыс империясы ғана емес. V ғ. 40-50 ж.ж. Аттиланың ұлы билеуші ретіндегі атағының танымалдығы соншалық, өзге халықтардың көсемдері мен патшалары одан көмек сұрап отырды. Аттила сарайында бірқатар Батыс пен Шығыс мемлекеттерінің елшілері болды.
Ғұндар мен Батыс Рим империясының арасындағы қақтығыстар барысында рипуар франктерінің тақ үшін болған күресіне байланысты жағдайды айта кетуіміз керек. Патша өлгеннен кейін, оның ұлдарының арасындағы күрес басталды: үлкен ұлы Аттилаға, кішісі Римге ұмтылды. Ертеректе, галл хроникасы бойынша 448 ж. Галлиядағы багаудтардың халықтық қозғалысын рим әскерлері тұншықтырған кезде, ғұн патшасы көтерілістің белсенді қатысушысы, белгілі дәрігер Евдоксийға пана болған.
Сонымен Батысқа қарсы соғыс өзінің "заңды негізін тапты". Бауыры ІІІ Валентинианның бақталастықтан туындаған қысымынан шығуды көздеген және осы орайда Аттиламен некелесуге де келіскен Гонорияның 450 жылы сұраған көмегін де ұлы әмірші осы мақсатта пайдаланғысы келді.
Сонымен қатар Рим империясымен күрес барысында Аттила Римнің билеуші тобына өз ықпалын жүргізбекші болды. Жіберген елшісі арқылы Аттила Гонориямен бірге оның әкесінің байлығының жартысын, сонымен бірге Галлияны (Францияның ескі атауы) талап етіп, император қызы ретінде Галлия Гонорияға тиесілі деп есептеді. Римдітер Аттиланың бұл талабынан бас тартқандықтан, ол әскерін соғысқа дайындай бастады.
Сол бір аласапыран дәуірдің замандасы жылнамашы Проспер Тиро (Аквитанияда туған, біраз уақыт Рим папасы І Левтің хатшысы қызметін атқарған) Аттиланың Батысқа жорығын сол уақыттың негізгі оқиғасы ретінде көрсете келе, төмендегідей суреттеді: "Ол Рейннен өтісімен көптеген галл қалаларын қорқыныш биледі. Римдіктер мен готтар әскерлерін біріктіріп, жауды қарсы алуды шешті..." . Осы кезеңнің маңызды куәгерлеріне патша хаттарының материалдары мен мұрағаттары жатады, өкінішке орай бұлар әлі де өз деңгейінде тиесілі сұрыптауларға ұшырамаған, бұл кеңестік кезеңнің тарихнамасына да қатысты. Өзінің негізгі тұрғысынан бұл латын тіліндегі ерекше деректер сол уақыттың халықаралық қатынастарының күрделі түйіндерін қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, 451 жылы папа І Лев Шығыс Рим империясының императоры Маркианға христиандық Батыс пен Шығыс Рим императорларының келісімі варварларға қарсы тұруға қажет екенін анық білдіреді. Император Валентиниан да өз жерінің федераттары мен бағынышты халықтарға, соның ішінде Галлия мен Испания елшілерін жіберіп, ғұндарға қарсы бірлесе соғысуды талап етті. Ғұндармен күрес Рим империясы мен Вестгот патшалығын біріктірді.
Олар басқа да кельт және герман тайпаларының одақтарын өз мақсаттарына жұмылдыра алды. Аэций бұдан ертерек кезде Римдегі билік үшін күрес кезеңінде ғұндарға қашып барып, олардан қолдау көріп, ғұн әскерлерімен Италияға қайтып келіп, қарулы күштерді басқаруды қайта қолына алды. Кейбір кезеңдерде Аэцийдің ғұндардың жалдамалы топтарын пайдаланғаны және оларды басқара алғандығы белгілі.
451 жылдың басында Аттила жорығын бастады. Ғұндармен бірге кейбір бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып, екі топпен Галлияның солтүстік-шығысына бет бұрды.
Шешуші шайқас алаңы Шампаньдағы Каталаун даласы (лат. Campi Catalauncici) болды. Каталун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (б.з.д. 216 ж.) Канн, Напалеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдік тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады. Шайқас 451 жылы маусым айының жиырмасына таман басталады. Вестгот королі Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстадағы әскердің негізін құраған орталық позицияны ғұндар мен Аттила иеленді, ол вассалдарын фалангаларға орналастырды.
Иордан жазып кеткендей, "ешкім мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткізу үшін кереметтің тікелей куәгері болу қажет". Вестготтардың патшасы Теодерих дротик тигеннен кейін құлап, оның денесі тау болып жатқан өліктердің арасында жоғалып, тек келесі күні ғана табылды. Ұрыс түнге дейін созылды. Қараңғылық түсісімен рим-вестгот әскерлері Аттиланың лагерін атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келді.
Бұл жерде ғұндардың әскери өнерінің жан-жақты жетілгендігін көрсете кетуіміз керек. Мұны Азия мен Еуропаның біршама бөлігіндегі археология мәліметтері де даусыз дәлелдейді. Бірақ Азияның тамырында өмір сүрген ғұндар мыңдаған шақырымға созылған қашықтықты игеріп, сол кезеңдегі жағдайларда Еуразия мен Еуропаның біршама территорияларын қалай жаулап ала алды.

Ғұндар қалыптастырған батыстағы мәдениет
Бағындырылған аймақтардағы халықтар мен елдердің ландшафттық, климаттық, тілдік, тұрмыстық, салт-дәстүрлік ерекшелігіне қарамастан сіңіп кетуі таңдандырады. Осының барлығын, ең алдымен, мықты салт атты әскермен түсіндіруге болады. Ғұндар іс-жүзінде туылысымен аттың үстіне отыруға үйретілетін, кейінгі антикалық авторлар Аммиан Марцеллин, Апполинарий Сидоний және т.б. көрсетуі бойынша олар ер-тоқымға қағылып қойғандай отыратын.
Тағы да айта кететін жайт, ер-тоқым мен аттың ер-тұрманын Батыс әлемі ғұндармен кездескенге дейін білген жоқ. Ғұн кезеңінің ағаштан жасап, алтын мен күміс металдармен сәнденген ер-тоқымдарының көріністерін археологтар Алтай аймағы мен Минусинск алаңында, Кенкөл мүрдесінен (Тянь-Шань), Бурабай өзенінен т.б. жерлерден тапқан. Ғұн салт аттысының қажетсінгенде ауыстырып мінетін 2-3 жауынгер аттары болды.
Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткеніндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерін қанжардың жүзінен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсіретін. Әскерде садақшыларға ерекше орын берілді, садаұты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетістіктерге жетті. Ерекше ассиметриялық түрдегі садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйіз пластинкалары, сіңір, сүйек жапсырылып қуатына жететін де, алыстан жауын жайрататын.
Каталун даласындағы шайқасқа қайта оралайық. Вестготтар өз патшасының өлімі үшін кек қайтарғылары келді. Дегенмен, Теодерихтің баласы Торисмунд "ғұндар қайтар жолында оның корольдігін іздейді-ау" деген үреймен қайтуды шешті. Ал Аттила готтардың кеткенін байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде біршама ұзақ болды.
Дегенмен, біріккен "Еуропа" әскерімен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрді. Тюрингия арқылы Аттила әскерімен Паннонияға қайтып келді. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста "бірде-бір жақ жеңіске жеткен жоқ. Өлім саны шексіз болды".
Галлиядағы жағдайды Аттила жорығының ерекше кең аумағымен түсіндіруге болады және шексіз үлкен территориядағы тайпалар мен бірлестіктерді бір жерден басқару аса күрделі болды. Шындығында 451 жылғы "халықтар шайқасынан" кейін ғұндардың күші әлі де қуатты еді. Әрине, бұл Аттилаға тән жеңіс болмаса да, бірақ жеңіліске де мүлдем жатпайды.
Бұл пікірдің дәлелі ретінде келесі жылы Аттиланың Рим империясының жүрегі - Италияға жасаған жаңа жорығын айтуға болады. Бұл, менің ойымша, ғұн қолбасшысының галл соғысының барысында пайда болған стратегиясының мәні болар. Галл жорығынан қайтып келісімен Аттила Шығыс Рим империясына салық төлеу талабын қайта жандандырды.
Мұнда ғұндардың күшін, жалынын әлі де ғұн билеушісінің екі Рим империясы мен бірдей бәсекелеске түсіп отырғандығын көрсетеді. 452 жылғы көктемнің соңына қарай ол Италияға жаңа жорық ұйымдастыра бастайды, бұл ғұндардың екінші еуропалық соғысына алып келді (алғашқысы - Каталаун шайқасы). Ғұндар Аквилея, Конкордия, Альтин, Патавий (қазіргі Падуя), Вицетия (қазіргі Виченца), Верона, Бриксия (қазіргі Брешия), Бергамо, Милан, Тицин (қазіргі Павия) қалаларын алды. Аттила өз резиденциясын Миландағы император сарайына орналастырды.
Бүкіл Солтүстік Италия ғұндардың қолына өткеннен кейін, олардың Римге жолы ұзақ емес еді. Империяның қуатты басып алушыларды тоқтататын күші болмағандықтан, Аттила әлемдік үстемдікке жақын болған.
Төрт бөліктен тұратын держава, солтүстік аймақтарында Скифия (ғұн патшалығы) Германияға дейін, оңтүстігінде Аттиланың салық төлеушілері екі Рим империясы болды. Өз территориясы мен ықпалы бойынша ол әлемнің 4 бөлігін де қамтиды: шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай. Аттиланың өлімінде айтылған жерлеу жыры жоқтау мәтіні түрік дәстүрлеріне ұқсас, сондықтан Орталық Азиядағы ежелгі ғұн тарихымен байланысын байқауға болады.
Демек, қаған Күлтегін құрметіне жазылған Орхон-Енисей руналық жазбаларында шығыс түрік қағаны өз иелігінде әлемнің 4 бөлігін иеленген халықтардың барлығы туралы айтады (турт булун). Қазақ тілінде бұл - "дүниенің төрт бұрышы" деген мағына береді. Осылайша ғұндар мен Аттила және шығыс түрік қағаны туралы көрсетілген мәліметтердің арасындағы белгілі параллельдерді байқауға болады. Ғұн империясы шығыстан батысқа қарай - Алтайдан, Орталық Азиядан және Кавказдан Дунай мен Рейнге дейін созылды.
Аттиланың жағдайын 447 жылы Константинополь қабырғасында тұрған кезеңімен салыстыруға болады. Сол кезде де эпидемия болған, бірақ оның әскерінің негізгі бөлігіне әсер еткен жоқ. Византиямен соғыста ғұндар жеңістен-жеңіске жеткен болатын. Император ІІ Феодосий ғұндарға бір рет 6000 пұт алтын, жыл сайын 2100 пұт алтын мөлшерінде салық төлеу міндетін мойнына ала отырып бейбітшілік сұрады. Енді жеңімпаз әскердің басындағы Аттила Италияда еді.
Империя үшін осындай қиын жағдайда ІІІ Валентиниан Равеннада әрекетсіз отырса, Аэций де бейтараптылықта болды. Рим әскері ғұн тегеурініне бұдан былай қарсы тұра алмады. Ақыр аяғында шығыс ромейліктер сыннан өткізген Аттилаға елшілер тобын жіберу тәсілі қолданылды. Оны кейіннен Ұлы атанған папа І Лев өзі бастап барды. Проспер Тиро бойынша "барлық елшілер сыймен қабылданып, патша шіркеудің жоғары басшысының қатысуына ерекше ризашылығын білдіріп, соғысты одан әрі жүргізуден бас тартып, бейбітшілікті сақтап, Дунайдың арғы жағына қайтуға уәде берді".
Егер Аттила Рим қабырғасының түбінде тұрып, папаның сөзіне тоқтап, мағынасыз қиратулар мен қырып-жоюдан бас тартса, сол кезеңнің тағы бір билеушісі-германдықтардың вандал патшасы Гейзерих туралы бұны айта алмаймын. Үш жылдан кейін, 455 жылы І Лев оны тоқтата алған жоқ. Вандалдар Римді тас-талқан қиратып, халқын ақырғы жібіне дейін тонап алды, осыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндар өмірі мен тарихы
Ежелгі Түркі тайпалар одағының құрылуы «Түркі» этнонимі
Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері
Қырым хандығының қалыптасуы
Ноғай ордасының туралы
Кейінгі қола дәуірі
Халық тарих толқынында
Түркі мәдениеті мен өркениетті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени өркениеттік рөлі
Ұлы даладағы ғұн империясы мен үйсін-қаңлы мемлекеті дәуіріндегі тәлім-тәрбие
Авар қағанатының тарихы
Пәндер