Допплер эффектісі


Жоспар:
- Допплер эффектісі туралы түсінік
- Допплерометрияға көрсеткіш
- Қан айналымы бұзылысының классификациясы.
- Ұрық гемодинамикасының бұзылу классификациясы
- Жүктіліктің 22-41 аптасында жатыр артериясының резистенттілік индексінің орташа көрсеткіштері.
- Ұрық жетілуінің артта қалу дәрежесін (ҰЖА) болжау:
- Периноталды өлім
- Жүргізу тактикасы
Ұрықтық - жатырлық - плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуі.
Допплер эффектісі зерттелініп отырған қан ағысының жылдамдығына дыбыс толқынының жиілігі өзгеріп отыруына негізделген. Шағылысқан сигнал жиілігінің өзгерісі қан ағысы жылдамдығының қисығы түрінде тіркеледі.
Жүктіліктің әртүрлі асқынулары кезінде ұрықтың жалпы жағдайы мен дамуы кезіндегі бұзылыстардың пайда болуының негізгі патогенетикалық механизмі, «ана - плацента - ұрық» функциональды жүйесіндегі гемодинамикалық өзгерістер өзгерістер болып табылады. Бұл кезде көпшілік зерттеулер көрсеткеніндей гемодинамикалық бұзылыстар ұрықтың жалпы жағдайына және этиопатагенетикалық факторға қарамстан, универсальділікпен және өзгерістердің біртиптілігімен сипатталады.
Қалыпты қан ағысы жағдайы қисығының көрсеткіштерінің өзгеруі - бұл ұрықтың көптеген патология лық жағдайының спецификалық емес көріністері, басымырақ ол жүктіліктің негізгі патологиялық жағдайларына - ұрық дамуының артта қалу синдромы, ұрық гипоксиясы, гистоз және т. б. қатысты. Жүктіліктің 18 - 19 аптасынан бастап 25 - 26 аптасына дейін Допплерометрия зерттеу әдісі қолданылады, себебі ұрықтың биофизикалық профилі 26 аптадан бастап мәлімет берсе, ал кардиотопография бұл кезде әлі мәлімет бермейді.
Допплерометрия әдісі ана - плацента - ұрық қан тамырларындағы қан ағымы жылдамдығының қисығын зазыпалады, қан тамырларындағы кедергіні есептеп шығарады, алынған нәтижелерді талдайды.
Допплерометрияға көрсеткіш:
- Жүкті әйелдердің аурулары:
- Гестоз,
- Гипертониялық ауру,
- Бүйректің аурулары,
- Қан тамырларының калогенді аурулары,
- Диабет,
- Резус - сенсибилизация.
- Ұрықтың аурулары және оның дамуындағы туа пайда болған аурулар:Ұрық дамуының артта қалуы, Ұрық өлшемдерінің жүктілікке сәйкес келмеуі, Түсініксіз су аздық, Плацентаның уақытынан бұрын жетілуі, Иммунды емес водянка, Көп ұрықты жүктілік кезінде диссациирленген даму типі, Жүректің туа пайда болған ақаулары, патологиялық типі кезіндегі анормалиялар, Хромосомалық патология.
- Асқынған акушерлік анамнез (ұрық дамуының артта қалу синдромы, гестоз, ұрықтық дистрессі және алдыңғы жүктілік кезінде өлі туудың болуы) .
Қан айналымы бұзылысының классификациясы.
1-ші жәреже:
А - ұрық-плаценталық қан айналымы сақтала отырып, жатыр-плаценталық қан айналымының бұзылуы,
Б - жатыр-плаценталық қанайналымы сақтала отырып, ұрық-плаценталық қан айналымының бұзылуы.
2-ші жәреже:
Критикалық өзгерістерге жетпеген (соңғы диастолалық қан айналымы сақталған) жатыр-плаценталық және ұрық-плаценталық қан айналымының бір уақыттағы бұзылысы.
3-ші дәреже:
Жатыр-плаценталық қан айналымының сақтала отырып, немесе бұзылысы кезіндегі ұрық-плаценталық қан айналымының критикалық бұзылысы (қан айналымының мүлдем болмауы немесе резервті диастолалық қан айналым) .
1 А, 2 және 3-ші жатыр-плацента-ұрық қан айналымының бұзылу дәрежелерін динамикалық бағалау кезінде, гемодинамикалық көрсеткіштері қалыптыға келмейді және жақсарғандығы байқалмайды. Тек қана 1Б дәрежесі кезінде ұрық-плацента қан айналымы қалыптыға келе алатындығы байқалған, әдетте жүктіліктің үзілу қаупі пар жүкті әйелдерде.
Ұрық гемодинамикасының бұзылу классификациясы
1-ші дәреже - ұрық-плаценталық қан айналымының бұзылысы, критикалық бұзылыстарға жетпей және ұрық гемодинамикасын қанағаттанарлық жағдайы (қан айналысы тек кіндік артериясында бұзылуы) сақтала отырып. СДҚ аортаның кеуде бөлімінде - 5, 52 ± 0, 14, ішкі ұйқы артериясында - 3, 50 ± 1, 3. 58, 3 % жағдайда ұрық жүрегінің екі жақ қарыншасының да диастолалық функциялары индексінің компесаторлы төмендеуі байқалады, ал 33, 3% жағдайда жүректің барлық клапандарында қан айналымы жылдамдығының максималды жоғарылау көрінеді.
2-ші дәреже - ұрық гемодинамикасының компенсаторлы бұзылысы (ұрықтың өзіндік гемодинамикалық бұзылысы) . Ұрық қан айналымының орталықтануы. 50% жағдайда жүректің барлық клапандары бойынша қан айналым жылдамдығының максималды төмендеуі, сол жақ бөлімдерінде - аз мөлшерде. Қарыншалардың диастолалық қызметі көрсеткіштерінің ары қарай төмендеуі (Е/А) . Ұрықтың жүрегінің оң жақ бөлімдерінің қызметі басым болуы сақталады.
Ұрықтың аортасымен ішкі ұйқы артериясы қан айналымының патологиялық спектрі. Аортада - кіндік артериясындағы кан айналымының бұзылысы типіндегі бұзылыстар байқалады. Ішкі ұйқы артериясындағы диастолалық қан айналымы дәрежесі жоғарылайды, ұрық миының жарты шарларында микроваскулярлы ағыстың қарсылығы төмендейді. 100% жағдайда бұл қан тамырларындағы қан айналымы бұзылысы кіндік артериясындағы қан айналым бұзылысына қарағанда екіншілік болып келеді. Ал біріншілік өзгерістер сирек кездеседі (ұрық гипоксиясының плаценталық емес типі) .
2-ші дәреже ұрықта созылмайды, жылдам 3-ші дәрежеге ауысады.
3-ші дәреже - ұрық геомдинамикасының критикалық жағдайы. Функционалды түрде жүректің сол жақ бөлімдері оң жаққа қарағанда басымдылық алады - тамырішілік гемодинамиканың терең қайта құрылысы, қан айналымының орталықтануына байланысты.
Ұрықтың гипоксиясының күшеюі - сол жақ бөлімдер клапанына 10, 3%-тей және оң жақ бөлімдер клапанына 23, 3%-тей жағдайда клапан арқылы қан айналымының төмендеуі тән. Трикуспиталды клапанның 66, 7% жағдайда функционалды жетіспеушілігі (регургитация өзектері) тән. Ішкі ұйқы артериясының резистенттілігінің 57, 1% жағдайда төмендеуі.
Бұзылыстың этаптылығы.
1-ші дәреже орташа алғанда 2-ші дәрежеге үш аптадан кейін өтеді. Әр түрлі дәрежелерде компенсация мүмкін, көбінесе 1-ші дәрежеде, азырақ - екіншіде. 3-ші дәрежеде ұрық гемодинамикасының декомпенсациясы байқалады.
Перинотальді өлім.
Ұрық гемодинамикасы бұзылуының 1-ші дәрежесінде- 6, 1% жағдайда, 2-ші дәрежесінде - 26, 7%, 3-ші - дәрежесінде - 88, 2 %.
Қорытынды
- СДҚ жоғарылауы (перифериялық қарсылық) - неонаталды периотағы асқынулардың ең жоғарғы қауіп-қатер факторы болып табылады.
- СДҚ жоғарылауының ең жиі себебі - құрсақ ішілік инфекциялану болып табылады.
- бас миы қан тамырларының узақ уақыттылық спазмы компенсаторлы мүмкіндіктердің төмендеуіне негізгі рөлді алады, бұл неонаталды периодта адаптация процестерінің бұзылыстарына әкеледі.
Жүктіліктің 22-41 аптасында жатыр артериясының резистенттілік индексінің орташа көрсеткіштері.
- Қалыпты жағдайда туған нәрестелер - 0, 482±0, 052
- Ерте неонаталды периодта гипоксияның бастапқы белгілерімен туған нәрестелер - 0, 623±0, 042
- орташа ауырлық дәрежеде туған нәрестелер - 0, 662±0, 048
- ауыр және өте ауыр жағдайда туған нәрестелер, ерте неонаталды периодта жетілген нәрестелер 0, 750±0, 072
Ұрық жетілуінің артта қалу дәрежесін (ҰЖА) болжау:
Қан айналым бұзылысының 1А дәрежесінде 93, 2 % жағдайда ұрық жетілуінің артта қалуы дамиды. 2Б дәрежесінде 81, 6 % жағдайда ҰЖА дамиды. МПК мен ФПК бір уақытта төмендегенде 100 % жағдайда дамиды.
Гестоздың жеңіл дәрежесінде жүргізілген терапияның әсерінен гемодинамика жақсаруы мүмкін бұл кезде жатыр-плацентадағы қан айналымды қалпына келтіру қиынырақ ұрық-плацентаның қан айналымға қарағанда, себебі гестоз нәтижесінде жатыр артерияларында морфологиялық өзгерістеріне пайда болуы. Сонымен қатар, кіндік артериясындағы қан ағысының қалпына келтірілуі 40 % жағдайда фетоплацентарлы гемодинамикада функционалды өзгерістер болуы мүмкін. Кіндік артериясында «нөлдік» немесе ретрогратты қан ағысының болуы ұрықтың зақымдануының шекаралық дәрежесін көрсетеді, бұл кезде терапиядан бас тартып, жүктілікті тезірек үзу қажет.
Қорытынды:
- Доплерометрия ұрық жағдайының диагностикасында өте маңызды әдіс болып табылады.
- ФПК мен МПК қалыпты көрсеткіштері ұрықтың жағдайының бұзылуының болмауы туралы нақты диагностикалық критерийге жатпайды.
- Плацентарлық қан айналымның төмендеуі көп жағдайда ұрық гипотрофиясымен сипатталады.
Гестоз кезінде қан айналым бұзылысы 80, 9 % жағдайда тек бір артерияда пайда болады. Соған байланысты қан айналымды екі жатыр артериясынан да бақылау қажет.
Периноталды өлім
Қан айналымның қалымты МПП кезінде және 1-дәрежедегі бұзылыс кезінде перинаталды өлім жоқ, 2-дәрежеде - 43, 3 %, 3- дәрежеде - 46, 7 % жағдайда кездеседі. «Ана-плацента-ұрық» жүйесінде 3-ші дәрежелі гемодинамикалық өзгерістері бар әйелге доплерометриялық зертеу жүргізгенде жүргізілген терапияның эффективтілігі жоқ екендігі анықталды. Босануды консервативті жүргізгенде перинатальді өлімділік 50 % жағдайда байқалды. Ал кесарь тілігі арқылы босануды жүргізгенде перинатальды өлім байқалмады.
Оң жақ жатыр артериясының доплерометриясы - жүктіліктің 2 триместірінде кеш гестоздың дамуы (24-28 аптадан бастап) жоғары жүкті әйелдерді диагностикалауда бағалы әдіс болып табылады.
Жүктілік және босану нәтижесі нозологиялық түріне байнысты емес, жиірек ол ана-плацента-ұрық жүйесіндегі гемодинамиканың бұзылу дәрежесіне байланысты болып келеді.
3-ші триместрдегі асқынуларды бағалау үшін жүктіліктің екінші триместрінде жүргізілген қан ағысы жылдамдығы қисығын бағалау маңызды. 15-26 аптадағы қан ағысы жылдамдығы қисығының патологиясы - 3-ші триместрде гестоз бен ұрықтың жетілуінің артта қалуының айқын белгісі болып табылады. Жүктіліктің 4-16 жатыр артериясында диастолалық қысымның патологиялық төмендеуі гестоздың клиникалық көріністерінің дамуына әкеледі. Жатыр артериясында қан ағысы жылдамдығы қисығын зерттеу плацентаның уақытынан бұрын ажырауын анықтауда үлкен мәлімет береді. Плацентаның уақытынан бұрын ажырауына (жеті әйелдің төртеуінде) дейінгі 4 аптада диастолық қан айналысынның патологиялық төмендеуі анықталады, дикротикалық ойыс пайда болады.
Қан айналымының бұзылысының әртүрлі дәрежеде жүктіліктің екінші триместрінде гестоз бен ұрық жетілуінің артта қалуы дамуының болжамы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz