Философия дүниетаным ретінде
1. Кіріспе
2. Философия дүниетаным ретінде.
3. Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері.
4. Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктері.
5. Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығы.
6. Қорытынды.

Философияның басты ерекшелігі — әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі — өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.

Д.Кішібеков , Ұ. Сыдықов «Философия» «Қарасай» баспасы 2010
М.Ш Хасанов , В.Ф Петрова, Б.А Джаамбаева «Философия» «Эверо» баспасы 2014

ЖОСПАР:
1. Кіріспе
2. Философия дүниетаным ретінде.
3. Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері.
4. Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктері.
5. Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығы.
6. Қорытынды.
1. КІРІСПЕ
Философияның басты ерекшелігі -- әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі -- өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - дүние және адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз - білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.
Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф.
Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:
1. Философиялық немесе түсіндірмелік;
2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;
4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;
5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.
Мифологиялық дүниетанымның кіндігі - кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф - адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғат пен сырлас болуды талап етті. Скиф - сақ өркениетіндегі аң стилі, қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар табиғат пен үйлесімдікке шақыратын рәміздер.
Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті қабат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі - алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемдік қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бәйтеректен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтармен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады.
2.Философия дүниетаным ретінде
Өндіргіш күштердің өркендеп, алғашқы қауым өндірістік қатынастардың шеңберінен шығып кетуіне байланысты құлдық қоғам бел алып, адамзаттың өркениетті дамуында ілгері басқан бір қадам жасалынды. Алайда, құлдық қоғам өркениеттің дамуы барысында жері басушылық болса да, адамгершілік тұрғысынан алғанда кері кетушілік болды. Өйткені, адамды адам қанауының жексұрын түрі пайда болды. Ағайынгершіліктің орнын құл иеленушілік басты. Сонысына қарамай, ғылыми даму, философиялық дүниетанымның пайда болып қалыптасуы үшін құлдық қоғам ғана игі әсерін тигізді, себебі тек осы кезеңде ғана ой еңбегі дене еңбегінен ажырап, адамдардың озық ойлы бөлігі дене еңбегінен босатылып, бірыңғай ғылыммен, философиямен айналысуға мүмкіндік алды. Әрине, ол адамдар негізінен үстем тап өкілдері болатын. Осы кезеңде философиялық дүниетаным мифология мен дінге қарсы күресте қалыптаса бастады. Адамзат тарихында алғаш рет дүниені оның оз ішкі. заңдылықтарын ашу арқылы танып-білуге талпыну, танымның дәлелдеуге құрылған ғылыми тәсілдерін пайдалану жағы көзделді. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету - жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып-біліп іс жүзінде игеру дәрежесіне тікелей тәуелді екендігін түсіне бастады. Олардың бұндай жағдайға жетуіне философиялық дүниетанымның ықпалы аз болған жоқ. "Философия" гректің " филео " және "софия" деген сөздерінен құралған. Қазақша мағынасы - "даналыққа құштарлық". Бұл сөздің шығу тегі жөнінде мынадай аңыз сақталған. Көне Грецияда бір ғұлама әзін "данышпан" деп атай берген адамдардан ыңғайсызданып, "мен тек даналыққа құштар ғанамын" - десе керек. Алайда, философияның "даналыққа құштарлық" деген мағына беретіндігі де тегін емес. Себебі, философия сөзтізбегі арқылы көне Грецияда дүние, жаратылыс, адамдар мен қоғам туралы барлық ілімдер мен білімдер жиынтығын атайтын болған. Философия -- мазмұны жағынан да, танымдық тәсілі жағынан да өзінің тұжырымдарын, қағидаларын ғылыми логикалық дәлелдеулерге негіздейтін ерекше дүниетаным. Ол онысының өзімен-ақ жаратылыстан тыс "күш иелеріне" деген соқыр сенімге жетелейтін мифология мен діни дүниетанымнан айрықша ерекшеленеді. Сайып келгенде, философиялық дүниетаным деп әлемге, табиғатқа, қоғамға және олардың арақатынастары туралы қалыптасқан ең жалпы көзқарастар жиынтығын айтамыз. Философиялық дүниетаным жеке адамдар, топтар мен партиялар үшін, әлеуметтік т.б. өмір салаларында жолбасшылық, бағдарламалық міндет атқарады, қоғамның ілгері даму жолдарын негіздеудің теориялық астары да бола алады. Философия адамдарды көкжиегі кең, шаңырағы биік дүниетанымдық көзқарастармен қаруландырып бүкіл болмысқа көзін ашады. Бұл кезде ол адамгершілік орайында қызмет атқарады. Әсіресе, өлім мен өмір мәселесін зерделегенде өлімнен қорықпайтын пенде жоқ. Бұл мәселе Қорқыт пен Абай аралығында да күн тәртібінен түскен емес. Пенделер өлімнен ден гөрі тылсым белгісіздіктен қорқады. Ал бұл қорқыныш оз кезеңінде болашақтан күдер үзіп торығуға, құсалыққа әкеліп соқтырады. Мысалы, орыстың атақты ойшылы Н.А. Бердяев өмір бойы құсалықтан арыла алмағандығын және торығудың ықпалын әлсіретуге философиямен шұғылдануы коп пайдасын тигізгені туралы айтады. Бұл дегеніміз әрине, философия мәңгілік өмір сыйлайды деген соз емес. Бірақ та ол өлімнің табиғи екендігін, өмірдің заңды жалғасы екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе туралы Жүсіп Баласағұни де, Абай да келелі ойлар айтқан. Өлімге деген салқынқанды фәлсафалық көзқарас орнықтырып, адамдардың рухын бекітуге, қазаны қасқая қарсы алуға үндеген. Ғұмыры шектеулі (қазақ ұғымында "қамшының сабындай" қысқа) пенденің мәңгілікті армандауы о дүние туралы идеяға алып келді. Ал бұл дүниедегі мәңгілік ғұмыр айналымы, яғни Қарма заңдылығы туралы ілімнің танымдық тамырлары да мәңгілік өмірді армандаумен тікелей байланысты деп білеміз. Философия адамдар үшін мақсат - мұратты ғұмыр кешуге үндейді. Олардан айырылған пенденің ғұмыры баянсыз болады. Бұл орайда Абайдың "адамның баласы бол", "кемел адам бол" деген өсиеттері терең фәлсафалық ой - толғаудың нәтижесі деп білеміз. Әлемдік тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінде адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы (сюицид) көбінесе осы тылсым белгісіздіктің алдындағы туындайтын торығу сезіміне, мақсат - мұраттарының жоғалуына байланысты болатындығы расталынып отыр. Философия -- адамдарға рухани азаттық әпере алатын бірден-бір дүниетаным. Сондықтан да оның қағидаларын ыждағаттылықпен меңгеру артық болмайды. Философияның келесі дүниетанымдық міндеті - әлеуметтік ұстындар, құндылықтар туралы ілімнен көрінеді. Олардың негізгісі - қоғамдық мұрат. Бұл жағдайда философия мен саяси тәртіптің арасындағы байланыс барынша айқын көрінеді. Философия дүниетаным ретінде мәдени тәрбиеге де зор ықпал жасайды. Э.В. Ильенков жастарды мектеп қабырғасынан бастап диалектикалық ойлау мәдениетіне үйрету арқылы олардың дүниетанымын қалыптастырып, өмірге құндылықтар жүйесі арқылы дұрыс көзқарас орнықтыруға жағдай жасау қажеттілігі туралы баса айығады.
Философияның, сонымен қатар, ақпараттық - түсініктемелік қызметі де адамдар дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл орайда, ғылыми жаңалықтар болсын, басқа да көкейкесті мәселелер болсын, белгілі бір философиялық тұрғыдан түсіндірілетін болғандықтан ақпараттық кеңістікті үнемі дұрыс игеріп отыруға деген философияның пайдасын әсте жоққа шығаруға болмайды.
2. Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері
Дүниетаным -- бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру -- тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.
Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет -- өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған -- іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Г.Е.Занесскийдің пікірінше Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау процесінде Мен -- бейнені іске асырушы қызмет атқарады. Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып дүниетанымдық іс-әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметгік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдык тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке түлғаның әлеуметтік талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Дүниетанымдық іс-әрекетгің қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек екені жайлы мәселердің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы болса, оны мәнді деп ойлауға бола ма және егер иә десеңіз оны қандай мақсатта, қалай пайдалану керек және егер ол зиянды болса қалай жоюға болады?
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді.[1] Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.
Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.
Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі.
Дүниетаным - адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.
3.Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктері.
Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді. Философ сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор қолданған.философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген Платон.Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері, практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді.Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын паш етті.Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол - адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды. Антикалық философияның кез келген өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық болмаса керек.
2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып отырды. Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен тығыз байланысты.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым - қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz