Күркетауыққораларға қойылатын экологиялық талаптар



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2.1 Күркетауыққораларға қойылатын экологиялық талаптар (құрылыс типтері, сиымдылығы, құрал.жабдықтары, микроклиматы, саңғырығы, т.б.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6.11
2.2 Күркетауыққораларға қойылатын зоогигиеналық талаптар және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.9
2.3 Құс азығына, рациондардына қойылатын санитариялық.гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.13
2.4 Суға және су көзіне қойылатын санитариялық.гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.16
2.5 Күркетауықтарды күтіп.бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық.гигиеналық бағалау және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.22
2.6 Күркетауықтарды инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық.гигиеналық шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.7 Құс шаруашылығының Қазақстандағы маңызы мен міндеті ... ... 24.27
3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
4 Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.30
Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, күркетауықтардың негізгі отаны Америка екендігін білеміз. Жергілікті тұрғындар алып құстарды осыдан 1000 жылдай уақыт бұрын қолға үйреткен көрінеді. Ал Испанияға ХVI ғасырда Христофор Колумбтың саяхаттарынан кейін ғана әкеліне бастаған деген дерек бар.
Күркетауықтар – өте әдемі әрі алып, сонымен қатар өте ақылды үй құстары. Және адамға ұқсас ерекшеліктері де кездесетін көрінеді. Мәселен, олар сіз бен біз секілді күйзеліс-қайғыға түседі. Мұндай кезде олар өліп қалған сияқтанып, тырп етпестен жататын көрінеді. Мамандар кейде бұл құстардың өз бастарын қатты нәрсеге соғып, өздерін өлтіретіндігін де жоққа шығармайды. Және бұл әдісті әбден өлгенше қайталай беретін көрінеді.
Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.
Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы – бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатын-дығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.
1. Танатаров А.Б., Әлпеисов Ш.Ә., Досжанова С.Т. Құс шаруашылығы. –Алматы, 2005. -311 б.
2. Дәуренбеков Х.Т. Құс шаруашылығы. –Шымкент, 2010. -327 б.
3. Хабибулов М.А. Гигиена содержания сельскохозяйственной птицы //Справочник по гигиене сельскохозяйственных животных. –Москва, 1975. –С.217-233.
4. Общесоюзные нормы технологического проектирования ветеринар-ных объектов для животноводческих, звероводческих и птицеводческих предприятий (ОНТП-8-82). –Москва, 1983.
5. Писарев Н.В. и др. Технология производства продуктов птицеводства и их переработка. –Москва, 1991. -343 с.
6. Кочиш И.И. и др. Птицеводство. –Москва, 2007. -411 с.
7. Алексеев Ф.Ф. Промышленное птицеводство. –Москва, 1991. -544
8. Фисинин В.И. Птицеводство на рубеже нового столетия //Птице-водство. –Москва, 1999. -183 с.
9. Общесоюзные нормы технологического проектирования птицевод-ческих предприятий (ОНТП-4-79).–Москва, 1980.
10. Хабибулов М.А. Технологическое оборудование птичников и механи-зация производственных процессов //Справочник по гигиене сельскохозяйст-венных животных. –Москва, 1975. –С.228-233.
11. Отрыганьев Г.К. Справочник по инкубации. –Москва, 1983.
12. Третьяков Н.П. Инкубация с основами эмбриологии. –Москва, 1990. -192 с.
13. 45. Совершенствование технологии производства мясо бройлеров //Сб.науч.трудов РГАЗУ. –Москва, 2000. –С.178-179.
14. Танатаров А.Б., т.б. Құс шаруашылығы. –Алматы, 2005. -311 б.
15. Дауренбеков Х.Т. Құс шаруашылығы. Шымкент, 2010. -327 б.
16. Алексеев Ф.Ф. и др. Промышленное птицеводство. – Москва, 1991. -554 с.
17. Тучемский Л.И. и др. Опыт работы бройлерной производственной системы «Смена». –Сергиев Посад, 2000.
18. Кочиш И.И. Птицеводство. –Москва, 2007. -411 с.
19. Кондратьева М.И. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. –Алматы, 1983.
20. Омарқожаұлы Н. Мал азығын бағалау және малды азықтандыру. –Алматы, 2005. -286 б.
21. Калашников А.П., Клейменов Н.И. Нормы и рационы сельскохозяйственных животных. – Москва, 1985. -350 с.
22. Рекомендации по кормлению сельскохозяйственной птицы. –Сергиев Посад, 2003. -142 с.
23. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена. –Алматы, 2005. -431 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың жоспары

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.1 Күркетауыққораларға қойылатын экологиялық талаптар (құрылыс типтері, сиымдылығы, құрал-жабдықтары, микроклиматы, саңғырығы, т.б.) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6-11
2.2 Күркетауыққораларға қойылатын зоогигиеналық талаптар және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-9
2.3 Құс азығына, рациондардына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-13
2.4 Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-16
2.5 Күркетауықтарды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-22
2.6 Күркетауықтарды инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
2.7 Құс шаруашылығының Қазақстандағы маңызы мен міндеті ... ... 24-27
3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
4 Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-30

1 Кіріспе

Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, күркетауықтардың негізгі отаны Америка екендігін білеміз. Жергілікті тұрғындар алып құстарды осыдан 1000 жылдай уақыт бұрын қолға үйреткен көрінеді. Ал Испанияға ХVI ғасырда Христофор Колумбтың саяхаттарынан кейін ғана әкеліне бастаған деген дерек бар.
Күркетауықтар - өте әдемі әрі алып, сонымен қатар өте ақылды үй құстары. Және адамға ұқсас ерекшеліктері де кездесетін көрінеді. Мәселен, олар сіз бен біз секілді күйзеліс-қайғыға түседі. Мұндай кезде олар өліп қалған сияқтанып, тырп етпестен жататын көрінеді. Мамандар кейде бұл құстардың өз бастарын қатты нәрсеге соғып, өздерін өлтіретіндігін де жоққа шығармайды. Және бұл әдісті әбден өлгенше қайталай беретін көрінеді.
Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.
Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы - бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатын-дығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.

2 Негізгі бөлім
0.2.1 Жоба тапсырмасын жасау
Құс қораларын қарқынды пайдаланып, оларды шағын жерге топтастырып, жыл бойына балапан алып (инкубациялау) және жас құстарды өндірістік технологияда өсіру, ондағы ветеринариялық-санитарлық режимге жоғарғы талаптар қоюды қажет етеді.
Ірі құстардың өндірістерін (фабрикалар) жобалап және салу кездерінде ветеринариялық қорғау аймағы мен зоотехникалық-ветеринариялық ара қашықтығы белгіленген нормативтерге сүйенеді.
Ірі құс өндірістерінің аймағын (территориясын) бірнеше бөлікке (зонаға) бөледі: өндіріске арналған; шаруашылық басқаруға (хозадминстрация); азықтарды дайындау және сақтау; өндіріс қалдықтарын (көң) өңдеп және сақтау.

2.1.2 Көлемді - жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы кеңдігі, ғимарат көлемі)

Ірі құс фабрикаларында өндіріс зонасын қосымша технологиялық және қосалқы зонаға шектейді. Ірілендірілген (аналық жұмыртқалайтын құстарсыз) өнімдік фабрикалар мен еттік және жұмыртқа алу бағытындағы фермалар қуаттылығы 300 мың жұмыртқалайтын тауықтар, 1 млн еттік шыбилар (бройлер), 500 мың үйрек, 200 мың қаз және күрке тауық еттік балапандары және 400 мыңға дейін өнімге арналған жас құстарды бір аймақта ұстап, бірақ бір-бірінен 60 м таяу емес қосалқы зоналарға бөлектеп орналастыруға рұқсат етіледі.
Тұйық цикілді өнімдік өндірістер және жоғарыда көрсетілгеннен қуаттылығы артық ірілендірілген ет және жұмыртқа алуға арналған өндірістерді жобалағанда әр зонаға әртүрлі құстар топтарын орналастырып, ал зоналардың арақашықтығын 300 метрден кем қалдырмау қажет. Мұндай кездерде өндірістік зоналарды қосалқы (подзона) зоналарға бөлу үшін әрбір қосалқы зоналарда мына мөлшерден артық болмауы керек (мың бас): өндірістік табынның тауықтары - 350; жұмыртқалайтын тауықтар табыны - 50, өнімдік жас құстар (ремонт) өндірістік табыны - 200, өнімдік жас құстар жұмыртқалайтын табында - 100, етке өсіретін балапандар - 250, қаз, үйрек, күрке тауық жұмыртқалайтын табында және осылардың өнімдік (романт) жас құстары - 20, етке арналған үйрек балапандары - 200, қаз және күрке тауық етке арналған балапандары - 100.
Әрбір қосалқы зоналардың арасындағы зоотехникалық-ветеринариялық қашықтық 60 м кем болмауы керек.
Жаңадан салатын және қайталап тұрғызатын өнімдік өндірістері, егер жылдық қуаттылығы 600 мың, одан да артық жұмыртқалайтын тауықтарға, немесе 6 млн. бройлер-балапандарға арналған болса, әртүрлі зонада әр технологиялық құстар тобын орналастыруды жобалап және 1 км жақын емес инкубатормен сою цехін салады.
Қосалқы зонадағы құстардың жастарының айырмашылығы балапан-шыбыйлар үшін - 1 аптадан, үлкен құстарға 2-3 аптадан артық болмай, зоналардың зооветеринариялық арақашықтығы - 60 м кем болмайды. Кезекті құстар партияларын қораларда орналастырар алдында цикілдік сақтандыру үзілістерінің ең минималды (төменгі) уақыттары мына төмендегідей:
- Барлық құстар түрінің үлкендері мен өнімдік жасы 9-аптадан, жоғарыларын едендерде ұстағанда - 4 апта;
- Барлық құстар түрлерін және 9-аптадан асқан өнімдік жас құстарды клеткалы-батареяларда ұстағанда - 3 апта;
- Едендерде және клеткада өнімдік және еттік 9 аптадан асқан жас құстарды ұстағанда әр циклден соң - 2 апта;
- Үйрек балапандарын (4-аптаға дейінгі) өсіргенде әр циклден кейін - 1 апта және жыл аяғындағы циклден соң қосымша үзіліс - 2 апта.
Инкубаторларда профилакториялық (сақтық) үзіліс жұмыртқаны басуға салумен балапанды соңғы шығарудан соң жылына 6 тәуліктен кем емес, ал балапан шығару залында әр кезекті балапандарды шығару партиясында 3 тәуліктен кем емес үзіліс беріледі.
Әрбір профилактикалық үзілістер кезінде құс қораларына санация жаса-лады. Оған мыналар жатады: механикалық тазалау, жуу дезинфекциялау, жеңіл жөңдеу жұмыстары (ремонт) және қораның таза демалысы.
Профилактикалық үзілісті қорадан құстардың ақырғы партиясын шығарудан бастап оны қайта жаңа партиямен толтырғанға дейін есептеп, ол кезде қора бос болып, соңғы дезинфекциялаудан кейінгі профилактикалық үзіліс 2 апта болса - 5 тәуліктен кем емес, ал профилактикалық үзіліс 3-4 апта болса - 7 тәуліктен кем болмайды да, соңынан қораға құстардың жаңа партияларымен толтырады.
Ірілендірілген құс өндірістері (специлизированный) жабық режимді өн-дірістер қатарына жатқызылады. Ондағы жұмысшыларға өндіріс территория-сына арнайы санитарлық өткелден (сан пропускник) ғана кіреді де, көліктер - дезинфекциялау блогінен (орын) өткізіледі. Өндіріс зонасына кірерде жұмыс-шы санитарлы өткелде өз киімдерін арнайы (спец.) киімдермен ауыстырады.
Жабдықтар, құралдар, арнайы киімдер, аяқ киім т.б. заттар белгі салы-нып (марка) әр цехқа, залға (бөлме), құс қораға бекітіліп қойылады. Ол зат-тарды бір цехтан (қорадан, бөлмеден) екіншіге ауыстыруға рұқсат етілмейді. Өндіріске қайтадан келіп түскен жабдықтарды міндетті түрде механикалық тазалаудан өткізіп, жуып және дезинфекциялап барып өндіріс территория-сына жібереді.
Құс қораларына, инкубаторға, сою және азық цехтарына, қоймаларға тағы басқа бөлмелерге кіретін есіктердің алдына аяқ киімдерді дезинфек-циядан өткізу үшін ені есік еніндей, ұзындығы 1,5 м ойық жасап, ішіне жеңіл материал (ағаш ұнтағы) толтырып, дезинфекциялық ертінді мен шылап, мез-гіл-мезгіл жаңартып отырады.

2.1 - сурет. Күркетауықтарды топтап асырауға арналған вольера

2.2 - сурет Күркетауыққа арналған қора: А - алды (фасад); Б -- жоспар; 1 -- жалпы алан; 2 -- жеке аландар; 3 -- қора бөлімшелері; 4 - коридор

2.3 - сурет Күркетауыққа арналған торлар батареясы (үш қабат): 1 -- күркелер; 2 -- шифер; 3 -- торлы төбе; 4, 5 -- оттықтар; б -- торлы еден; 7 -- поддон

2.4 - сурет Күркетауық қралары
2.2 Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.

Көңнің физика-механикалық және реологиялық қасиеттеріне қарай оған пайдаланылатын машиналармен жабдықтар тоқталып алынады.көңнің қасиеттері оның көлемдік массасымен, ылғалдылығымен, ығысуға кедергісімен, тұтқырлығы және жатқан кездегі үйкеліс коффициенті мен, т. б. анықталады. Олар күркетауықты азықтандыру жүйесіне және көң шығаруда пайдаланылған технологияға байланысты.
Қатты көңді жылжымалы және жылжымайтын тасымалдағыштар мен тиегіштерді пайдаланып шығарса, сұйық көңді тазалауда әдетте, оның аққыштығын пайдаланады. Көң шығару технологиясын таңдаған кезде оны жергілікті жағдаймен үйлестіріп қарау керек, сондықтан да әр фермада технология әртүрлі болуы заңды.
Көңді жинау және шығындау мен ғана жұмыс бітпейды, сонымен бірге оны одан әрі іске асыруды білудың де маңызы зор. Көң ең жақсы жергілікті органикалық тыңайтқыш болып табылады. Әуелі оны залалсыздандыру қажет, өйтекені онда біршама мөлшерде ауру қоздырғыштары болуы мүмкін. Сондықтан сұйық көңді пайдалану алдында онда жұқпалы ауру қоздырғыштары бар-жоқтығын тексереді де, егер қажет деп санаған жағдайда 1м3 көңді 3 кг фермалин қосып залалсызандырады .
1. ілмелі және рельсті вагонеткалар
2. транспорттық арбалар
3. қырғышты, шынжырлы, ожаулы, винтті, штангалы тасымалдағыштар
4. қырғышты, трасты, скреперлі қондырғылар
5. ілмелі қондырғы
6. тракторлы және өздігінен жүретін шана
7. көңді тазалауға арналған гидравликалық және пневматикалық қондырғылар
8. фекальды сораптар
Осы қондырғылардың барлығы 3 топқа бөлінеді:
1. мал қорадағы көңді тазалау
2. көңді транспортқа арту
3. көңді қорадан көң жанауорнына жеткізу
Әр малдан тәулігіне шығатын көңнің мөлшері малдың түріне, азықтықтау рационына, төсеніштердің түрі мен мөлшеріне қарай мынадай түрде анықталынады:
qтәу

qтәу - малды тәулігіне бөлінетін көң
Ққз - азықтағы қурғақ зат
Тқ.з - төсеніштердегі құрғақ зат
Көңнің ылғалдылығын ескеретін коэфиценті мүйізді ірі қараға арналған азық рационының бір килограм азықтықтар құрғақ заттар :
- пішенде - 0,83
- сабанда - 0,85
- тамыр түйнекті дәндерге - 0,1
- жем азықтарды - 0,88 деп аламыз ірі қарадан алынатын көңнің механикалық қолмен шығарған кездегі ылғалылығы төсеніш төселгендегі 75-90% төсенішсіздегі 88-95% өзі сырғитін жүйені пайдаланатын 95-96% жуып шығарғанд 96-98% болады .
Жылына алынатын көңнің молшері малдардың жыл ішінде қорада түратын күніне байланысты.
Qжыл (qқ )
Qқ - тәулікте бөлінетін

Құсханалардың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайына жағымсыз әсер ететін факторларының бірі - құс саңғырығы. Орташа деңгейдегі құс фабрикаларынан күніне 60 тоннадай саңғырық шығады. Оларды тазалау, бір жағынан оңайға түспейді, ал екіншіден құсханалардың ылғалдылығын жоғарылатып, аммиак, метан, күкірттісутегі сияқты зиянды газдардың концентрациясын шамадан тыс көбейтіп жібереді. Саңғырықты дер кезінде залалсыздандырып отырмаған жағдайда ол инвазиялық және инфекциялық аурулардың көзіне айналады. Саңғырықтың жағымсыз исі тек құсхана төңірегінде ғана сезілмей, қоршаған ортаның ауасын бүлдіреді. Экологиялық жағдайдың нашарлауы балапандардың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізіп, ересек тауықтардың өнімділігін және оның сапасын төмендетеді.
Құс фабрикаларында саңғырықты тазарту, тауықтарды күтіп-бағу әдістеріне қарай әртүрлі әдіспен жүргізіледі.
Құстарды торда ұстаған жағдайда көлденең транспортермен 15-20 м жердегі контейнерге жинап, тасымалдаушы трактор немесе автомобильдермен көң сақтау қоймаларына апарып төгіледі. Саңғырықтың ылғалыдылығы алғашқыда 62-65% болса, тасымалдаушы көліктерді шайып-жуғаннан кейін ол 85-90% артады. Сұйық саңғырықты автокөліктерге ФГ-450, НЖП-200, ПНЖ-250 сорғыштармен артады. Көң қоймасына жиналған саңғырықты өңдеп, зарарсыздандырып, органикалық тыңайтқыш ретінде егістік алқаптардың топырағының құнарлылығын жоғарылату үшін пайдаланылады.
Құс саңғырығын биотермиялық, биологиялық, химиялық, гидравли-калық әдістермен өңдейді.
Биотермиялық әдіспен өңдеу үшін ылғалыдылығы 60-65% саңғырықты гидроизоляцияланған шұңқырға толтырып, үстін жапқан соң 20-25 тәуліктен кейін саңғырықтың температурасы 600С дейін көтеріледі. Микроорганизм-дердің қатысуымен ыдырау процесі 30-40 күнге дейін созылады. Осы уақытта көптеген ауру қоздырғыш микробтар өледі, иіссізденген саңғырықтан колпост жасалынады да егістікке шашылады.
Биологиялық әдіспен бактериялар мен ферменттердің әсерімен өңделген саңғырықтың құрамындағы қоректік элементер жоғарылап, иіссізденген масса басқа үй жануарларына жем ретінде пайдалануға болады.
Химиялық әдіспен саңғырықты қайта өңдеуден кейін патогенді микробтар толығымен жойылып, иіссізденеді. Бұл процесте негізінен ұнтақталған әк, магнезия, т.б. қолданылады. Құс жемі негізінен дәнді дақылдандан және жо-ғарғы белокты қоспалардан тұратын болғандықтан құс саңғырығының құнарлылығы басқа малдардікімен салыстырған жоғары болады. Оның % есебімен химиялық құрамы; құрғақ зат - 84, протеин - 37, жасұнық - 11, май - 1,5, АЭЗ - 22%, күл - 12,5% болады.
Құсханаларды саңғырықтан тазарту микроклиматтың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, оны қайта өңдеу тыңайтқыш ретінде пайданалу ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін жоғарылатады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда жұмыртқалағыш тауықтар-дың өнімділігі және оның сапасы табиғи климаттық факторлармен бірге құсханалардың микроклиматы, сиымдылығы, құстарды орналастыру тығыздығы, күтіп-бағу технологиясы саңғырықтың шығымына және оны дер тазартып тұруға байланысты болып келетіні айқындалды

2.5 - сурет Құс қораны залалсыздандыру жұмыстары

3.3 Ауылшаруашылық малын азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және азықтың санита-риялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу

Күркетауықты өзге үй құстарынан бөлек ұстаған жөн. Орналастыру тығыздығын да дұрыс есептеу қажет: 1 шаршы метрге екі үлкен күркетауықтан артық болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау керек. Үндіктер аязға, әсіресе, жел мен сызға төзімсіз олғандықтан, қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы тиіс. Осы құстардың салмағын арттыру үшін ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, көктем айларында 4-5 рет жемдеген дұрыс. Тамақтану рационында дәнді - дақылдар әр тауыққа 250-300 грамнан келеді.
Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды (арпа, жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді. Жаз мезгілінде жем беру оңайлатылады.
Күрке Күркетауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күрке тауыққа 250-300 г-нан келуі тиіс.
Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа, жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді.
Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалармен жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырт-тағы температура -10°С-ден төмен болса, онда құстарды сыртқа шығармай-ды.
Құстың дене жылуы (40-42[0]С) басқа үй шаруашылығы малдарынан жоғары болғандықтан олардың тыныс алуы мен қан айналымы жиі болып, зат алмасуы жедел жүріп, организмдегі тотығу үрдісіне оттегі көп жұмса-лады. Сондықтан басқа жануарларға қарағанда құстардың организмі энергетикалық және қоректік заттарға қажеттілігі басым болады [52, 53]. Құс өнімділігіне желінген азық энергиялық қуаттылығының 40-50% жұмсалады.
Рациондағы протеиннің энергетикалық қуаттылығы құс өнімділігінің 20-25% шамасында жұмсалса, жасұнақтіке - 5-15% аралығында болады.
Құс азығының құрамында болатын май және көмірсулардың организмде ыдырауынан пайда болған энергиялар қорытылған протеинді дене мен жұмыртқа, т.б. түзілуіне жұмсалып, белгілі мөлшерде құс денесінде май биосинтезделеді.
Азықтың энергетикалық және протеиндік құндылығымен қоса құстың өсіп-жетілуіне макро-, микроминералдық және витаминдік қоректілік пен құнарлылық өзіндік ықпал етеді. Құстың желінген азығындағы протеиннің 20-25% жұмыртқа белогына конверсияланатындықтан жемнің биологиялық құндылығына аса көңіл бөлінеді, әсіресе алмастыруға болмайтын аминқыш-қылдың құрамы жоғары болуы тиіс.
Мал азығының құрамы биосферадағы химиялық элементтерден тұрады. Жануарлар мал азығындағы элементтерді және күрделі қосындыларды қоректік заттар ретінде пайдалануда бірегей физиологиялық қызмет атқаратын топтарға жатқызылады. Азық құрамындағы қоректік, минералдық және биологиялық әсерлі заттар топтары оның химиялық құрамы ретінде алынады.

Толық рационды құрама жемнің құрамындағы аминқышқылдар деңгейі, % 2.1- кесте
Протеиндегі аминқышқылдар, %
Мекиен
Қораз
Балапан, апта

асыл тұқымды
өндірістік апта

22-47
48

1-8
9-21
Шикі протеин
17,0
17,0
16,0
16,0
20,0
14,0
Лизин
0,75
0,75
0,70
0,70
1,00
0,70
Метионин
0,32
0,32
0,30
0,30
0,45
0,32
Метионин+цистин
0,60
0,60
0,57
0,57
0,75
0,53
Триптофан
0,17
0,17
0,16
0,16
0,20
0,14
Аргинин
0,90
0,90
0,85
0,85
1,10
0,77
Гистидин
0,34
0,34
0,32
0,32
0,35
0,25
Лейцин
1,30
1,30
1,28
1,28
1,40
0,98
Изолейцин
0,66
0,66
0,62
0,62
0,70
0,49
Фенилаланин
0,54
0,54
0,51
0,51
0,63
0,44
Фенилаланин+тирозин
0,94
0,94
0,88
0,88
1,20
0,84
Треонин
0,45
0,45
0,43
0,43
0,70
0,49
Валин
0,64
0,64
0,60
0,60
0,80
0,56
Глицин
0,79
0,79
0,74
0,74
1,00
0,70

Азық сапасын бағалау.
Азық сапасын жан-жақты бағалау оның жоғарыда көрсетілген қоректілігін, зиянды ластаушылардың қауіпсіздігін, биологиялық құндылы-ғын анықтау арқылы жүргізіледі.
Жануарларды толыққанды қоректендіру олардың потенциалдық, өнімділігін арттыруда, денсаулығын жақсартуда үлкен роль атқарады.
Азықтың зияндылығы мен улылығы организмде зат алмасуының бұзылуына, токсикоинфекциялық, аллергиялық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.
Минералды тыңайтқыштарды, пестицилтерді сақтау және пайдалану ережелері бұзылған жағдайда олар қоршаған ортадан мал организміне түсіп, улануға, тіпті өлім-жітімге алып келеді.
Алуан түрлі өсімдіктер арасында улы шөптер кездесіп отыратыны белгілі. Олар құстарға беретін дәнді дақылдардың ішінен де табылады. Мысалы, арпа, бидай қаранүктелері, сасық қурай, қара шытыр, меңдуана улы болып келеді. Ал зиянды бактериялар барлық жемшөпте кездеседі. Ылғалд-ылығы жоғары (25-30%) мал азығында ұсақ саңырауқұлақтар өсіп, олардан бөлінетін метаболиттік улар жануарларды актиномикоз ауруына шалдық-тырады. Олар құстардың ұрықтандырылған жұмыртқаларын жарамсыз етіп, эмбриотоксин-дік немесе теротогендік кемістіктерге алып келеді.
Жоғарғы активті химиялық, физикалық, биологиялық факторлар тұқым қуалаушылық өзгерістер тудыруы мүмкін.
Азықтың сапалығын анықтау МемСТ-та көрсетілген (әртүрлі азықтар үшін) талаптар бойынша анықталады. Азық сапасын зерттеу органолепти-калық, физико-механикалық, химиялық, биологиялық әдістермен жүргізіледі.
Органолептикалық әдіспен азықтың исін, түсін, түрлік құрамын анықтаса, физико-механикалық әдіспен олардың ылғалдылығын, бөгде заттың болуын (тас, топырақ, метал, т.б.) тексереді. Азық құнарлығын, био-логиялық құнды-лығын, зиянды және улы заттармен ластағанын тексеруде химиялық әдіс қолданылады. Биологиялық тәсілмен азықтағы микробиологи-ялық, микология-лық, гельминтологиялық, паразитологиялық тексерістен өткізеді.
Құсты азықтандыру барысында жемшөппен асқазан-ішек жолын за-қымдайтын бөгде заттардың болмауы керек. Аязда тоңазыған, қатып қалған азықпен жемдегенде ас қорыту қызметі бұзылып, рефлекстік реакциясы және басқа қызметтері тежеледі.
Кейбір жағдайда суармалы егістікте тыңайтқышты шамадан артық қолданғанда дәнді дақылдардың сапасын органолептикалық әдіспен анықтауға мүмкін болмайды. Сондықтан оларды химиялық әдіспен анықтауға тура келеді. Тауыққа беретін дәнді дақылдарда оның мөлшері 1 кг жемде 1,0 г аспау керек. Технкикалық өндірістен шыққан жемдік зығыр және мақта күнжарасы, сорго, қара тары құрамында циангендік глюкозидтер болады. Оның құрамын-дағы көгергіш қышқыл, гассипол тыныс алуды нашарлатып, организмнің ұлпасына, нерв жүйесіне қауіп төндіреді. Сондықтан тауық тәлтіректеп, құрысып, ентігеді де жүрек қызметі нашарлайды.
Гассипол қан тамырын, бауырды, жүйкені уландырады. Гассиполды зарарсыздандыру үшін оны қыздырып, 1 кг күнжараға 0,5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосып, басқа жемге араластырып береді [60].
Пестицидтер азыққа топырақтан, судан, өсімдіктен және дезинфекция-ланған малдан да түсуі мүмкін. Аса қауіпті улы заттарға фтор, мышьяк, мыс, қорғасын, молибден, барий, минералдық тыңайтқыштар, минералды қышқылдар, негіздер және цианидтер жатады. Құстың улануы аталған химикаттарды тасымалдағанда, қоймада сақтағанда және пайдалану кезінде болуы мүмкін. Сондықтан химикаттарды сақтайтын қоймаларды міндетті түрде оқшау орналастыру керек. Пестицидтерді дайындау және пайдалану кезіндегі барлық құрал-жабдықтарды бөлек сақтап, тазартып, жабық бөлмеде құлыптап ұстау керек.

Құс азығындағы кейбір пестицидтердің рұқсат етілген максимальды деңгейі, мгкг 2.2-кесте
Пестицидтер
мгкг
Бутафос
3,0
ДДТ
0,05
Карбофос
2,0
Күкіртті сутегі
10,0
Трихлорметафос-3
2,0
Фосфамид
2,0
Фталофос
1,0

2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу
Судың құрамында тіршілікке қажетті 60-қа жуық химиялық элементтер кездеседі.
Организмдегі зат алмасу процесі сусыз жүрмейді. Тірі организмдегі судың құрамы олардың тегіне, түріне, жасына, жынысына қарай 60-90% аралығында өзгеріп отырады. Судың үлес салмағы ұлпаның типіне байланысты. Мысалы, сүйекте ол 20% шамасында болса, бұлшық еттерде 70-80%, қанда - 90%-ке жақын. Су өсімдік пен жануарлардың организміндегі жасушалар протоплазмасының негізін құрайды және оның массасының 80%-ке жуығы судан тұрады.
Сыртқы ортадан көптеген қоректік заттар жасушаға судағы ерітінді күйінде түсуімен қатар, қажетсіз өнімдер сыртқа шығарылады.
Құстардың суға қажеттілігі олардың тұқымына, массасына, климаттық факторларға, қоралардың микроклиматына, суару режиміне тікелей байла-нысты. Сондықтан су құс өніміндерін арттырудың басты факторы болмақ.
Құстар судың тапшылығына шыдамсыз келеді. Организмдегі су 20% кемісе олар өледі. Себебі жедел ыдыраған белоктар интоксикацияға алып келеді.
Организмдегі судың артықшылығынан электролиттер және қоректік заттар нашар сіңіріліп, жануарлардың өнімділігі төмендейді.
Су өсімдік пен жануарларға қажеттілігінен басқа, шаруашылықта, экологиялық-санитарлық және технологиялық процестерді жүргізу үшін керек. Биологиялық ластанған су көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулардың туындауына себеп болады. Ішетін судың тазалығы адам және жануарлар денсаулығына тікелей әсер ететін экологиялық фактор. Сондықтан республикамызда елді мекендерді экологиялық таза сумен қамтамасыз ету мақсатында Ақ бұлақ бағдарламасы қабылданған.
Су тегіне қарай атмосфералық, жер үсті және жер асты болып бөлінеді. Алғашқы екі су көздері ішуге және бірден пайдалануға жарамайды. Тоғандар, өзен-көлдер, теңіздер әртүрлі аймақта болғандықтан ластаушы заттар мен оның концентрациясында үлкен айырмашылықтар бар. Олардың суын алғашқы өңдеусіз ішуге жарамайды.
Жер асты сулары атмосфералық жауын-шашын суларының топырақтың төменгі қабатына өтіп, жер асты су ағындары немесе су қоймасы ретінде жиналады. Жер бетіне жақын жатқан тайыз сулар атмосфералық судан таза болғанымен көп жағдайда оны бірден ішуге болмайды.
Жер астындағы терең сулар 7-2000 м тереңдікте, алғашқы су өткізбейтін қабаттың астында жатады. Бұл сулар адамдарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі ең басты су көзі болып табылады.
Табиғи сулардың барлығы дерлік тау-кен, өнеркәсіп, шаруашылық орны мен кешендерінің ықпалының әсерінен ластанып, оның дәрежесі әртүрлі болады. Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды. Мысалы, судың 1 литрінде 0,1 мг мұнай араласса, балық етіндегі иісті кетіру мүмкін емес. Өнеркәсіптік кешендерден шығатын шайынды сулар негізінен фенол, синтетикалық заттар, ауыр металдармен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық талаптар
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Қоршаған ортаны қорғау туралы
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Менеджмент жүйелері
ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық жайлы
ИСО 14001 2004 Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық туралы ақпарат
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi 160-I Заңы
Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы
Пәндер