Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
2.1.2 Көлемді. жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі
2.2. Ветеринариялық.санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық
талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.
2.3. Балапандарды азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық . гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу
2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық.гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау
шараларын белгілеу
2.5. Балапанды күтіп.бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық.гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу
2.6. Балапан шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық.гигиеналық шараларын белгілеу.
2.7. Балапан шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық.санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу.
3. Қортынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.
Құс шаруашылығында қора — жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен манызы бар.
Құсты өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.
Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне карай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып – күтетін цехтар, жаз айларында бағып – күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа – райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар. Құс қоралардың жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің үлесін қосатын, аграрлық кешенінің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал — жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі
• Альпейсов Ш.А., Құс өсіру. Алматы. 2001 г.
• Таңатаров А.Б., Әлпеисов Ш.А., Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы, Алматы 2005.
• Таңатаров А.Б., Байбарақов Е.Б. Құс шаруашылығы және құс жұмыртқасы мен етін өндіру технологиясы, Алматы, 1992.
• Таңатаров А.Б., Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы, Алматы, 2008ж.
• Фисинин В.И., Тардатьян Г.А. Промышленное птицеводство. - М., Агропромиздат. - 1985.
• Ж.Б.Мырзабеков,П.Ш.Ибрагимов «Ветеринариялық гигиена»
• Ғаламтор беттері.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринариялық медицина факультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған:
Тексерген:

АЛМАТЫ 2014жыл

Курстық жұмыстың жоспары

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
2.1.2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі
2.2. Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық
талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б.) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.
2.3. Балапандарды азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу
2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау
шараларын белгілеу
2.5. Балапанды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу
2.6. Балапан шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық шараларын белгілеу.
2.7. Балапан шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық-санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу.
3. Қортынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.

РЕФЕРАТ
Жұмыс: 35 беттен , 4 кестеден , 10 суреттен тұрады.
Түйінді сөздер: ветеринариялық гигена, жерсіну, стандарт, дезинфекция, дератизация, дезинсекция, дезинвазия, гигиеналық-санитариялық талаптар т.б.

Анықтамалар
Ветеринариялық гигиена (жануарлар гигиенасы) - мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі. Адаптация - организмнің ортага бейімделуі.
Жерсіну - мал организімінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына бейімделу процесі.
Дезинфекция - зардапты және шартты зардапты микроорганизмдер жоюға, малдың арасында індет ауруларының болдырмау шараларына бағытталған іс- әрекеттердің бірлестігі.
Дезинсекция - ауру тарататын буынаяқты насекомдарды құрту әдісі. Дератизация - жұқпалы ауру таратып, экономикалық зиян келтіруге байланысты кеміргіш жәндіктерді құртудың шаралар жүйесі. Рацион - малдың түрлі қоректік заттарды қажет етуі ескеріле жасалған бір тәуліктік жемшөп мөлшері.
Концентрат - құрамында қоректік заттардыц мөлшері жоғары болатын жем шөп.
Дистрофия - организмде зат алмасудың бұзылу салдарынан мүшелер құрлысының және қызметінің бұзылып өзгеруі.
Профилактика - жануарларды аурудан қорғау жэне аурудың адамға таралуынан сақтау үшін атқарылатын арнайы шаралар жүйесі.
Токсин - организмді улап әсер ететін зиянды зат.
Санитария (лат.sanitas - денсаулық)- жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шара.

Қысқартылған сөздер:
См-сантиметр
Г-грамм
Мг-милиграмм
Кг-килограмм
МЕМСТ-Мемлекеттік стандарт
Л-литр
Мин-минут
М-метр
Ккал-килокалория

1. Кіріспе

Құс шаруашылығында қора -- жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен манызы бар.
Құсты өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.
Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне карай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып - күтетін цехтар, жаз айларында бағып - күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа - райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар. Құс қоралардың жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің үлесін қосатын, аграрлық кешенінің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан - жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал -- жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.
2. Негізгі бөлім
2.1.1.Жоба тапсырмасын жасау
Жобалық тапсырманы малдың жасы, жынысы, тобына қарай ұстауды, зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтау, оларды ауруға шалдықтыруды азайтады. Кәсіпорынның, ғимараттың жобасы техникалық құжаттар жиынтығы болып табылады. Оған түсініктеме жазбалар, кескіндер мен схемалар, экономикалық және технологиялық есеп-қисаптар, сметалар мен нысанды салып және іске қосуға арналған құжаттар жатады. Мал шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттарын жобалауды жобалау мекемелері жүргізеді, ал тапсырма беруші сол құрылысты салуға құқығы бар ұйым. Жобалық тапсырма- жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы.
Онда мынандай маңызды деректер көрсетіледі:
:: кәсіпорын атауы;
:: жобаға негіз болған себептер;
:: объектің өндірістік қуаты;
:: мал шаруашылығын дамытудың келешек жоспарлары;
:: күтіп-бағу технологиясы;
:: құрамы;
:: өнімділігі;
:: санитариялық-гигиеналық режимі;
:: азықтандыру рационы;
:: ветеринариялық сақтау жүйелері;
:: ветеринариялық-санитариялық талаптар;
:: зоогигиеналық параметрлер.
Жоба түрлері:
+ дербес жоба ғимаратты немесе құрылысты тек бір-ақ рет салуға қолданады;
+ экспериментальдық тікелей өндіріс жағдайында жаңа техникалық шешімдерді мұқият тексеру қажет болғанда жасалынады;
+ қайта қолданылатын сәтті жасалынған дербес жобаларды қайта қолдану үшін жасалынады;
+ типтік біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға арналған.
Жобаларда жалпы түсініктемелік жазба, сметалық құжат, жұмыс жобасы паспорты, жұмысшы құжаттар. Жоба құжаттарын тексеру және құрылыстың сапасын бағалау. Объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібі. Объектіні тапсыру - қабылдау процесі кезінде оның жобаға сәйкес екендігі анықталады. Объектіні пайдалану үшін заказ беруші кәсіпорын басшылығы бұйрығымен құралған жұмысшы комиссия объектіні қабылдайды. Комиссия құрамына ветеринариялық-санитариялық өкілдері кіреді. Комиссия орындалған құрылыс-монтаж жұмысының жобалық-сметалық құжаттарға сәйкестігін, атқарылған жұмыс сапасын тексеру керек.

2.1.1. Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері ( ені, ұзындығы ) кеңдігі, ғимарат көлемі.
Құрылыс салатын жерге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар. Жер құрғақ, биік, су баспайтын болуы керек, күн сәулесі мол түсіп, желдетіліп тұруы керек, айнала ағаштар отырғызылуы керек, топырағы құрылыс салуға қолайлы болуы керек. Топырақтың сүзгіштік қабілеті төмендеу болғаны жөн. Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кезінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар ол жер санитариялық талаптарға сай 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 1 м артық тереңдікте және ауыз суы жеткілікті болуы керек. Жер көлемі немесе ауданы: сүт өндіру фермаларында әр малға 100-120 м2, ет-сүт өндіру фермаларында 140 м2, бордақылау фермаларында 50 м2, шошқа фермаларында 160 м2, ал семірту фермаларында 8-9 м2, қой шаруашылығы фермаларында 15-20 м2, 3 мыңнан астам құсы бар фермаларда 0,4-0,5 м2.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары негізінен елді мекендерден кемінде 3 шақырым қашық жерде, өзендер мен су қоймаларында 2 шақырым қашық жерде орналасутыру керек.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары аймақтары:
* өндіріс аймағы;
* шаруашылық әкімшілік;
* азықтандыру және тазалау құрылысы;
* көң сақтау аймақтары.
Қора бөлімдерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау:
# қоражай табаны берік, біркелкі, құрғақ кем дегенде 2-3 см және жылжымайтын болуы керек.
# іргетас беріктігі, мықтылығы, атмосфералыққұбылысқа шыдамдылығы, үнемділігі және ұзаққа жететіндігі;
# іргетас үстіндегі үй қабаттарының төменгі бөлігі;
# еден мал фермалары едендері мынандай талаптарға сәйкес болуы керек: жылуды аз өткізеді, берік, қажалмайтын,жанбайтын, тұтас, тегіс, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлар денсаулығына зиянсыз, тазартып жинауға қолайлы, малдың түрлі әрекеттеріне төзімді бет болып келеді.
Мал қораларының жарықтандырылуы- микроклимат туғызудың маңызды факторы. Алайда терезе көлемдерінің саны мен әйнектерінің аумағының көлеміне байланысты одан жылу сыртқа шығып кетіп жатады.
Мал қораларын салған кезде жекеленген және типті жобаларға сүйеніп отыруы қажет. Қазіргі кезде жобалаудың түрлері мал түріне байланысты көп болып кетті. Сондықтан зоотехниялық және малдәрігерлік мамандар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарау қажет, пайдалы немесе зиянды жағын салыстыра отырып шешкені дұрыс.
Соның ішінде балапан шаруашылығына келер болсақ, балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материалдардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай және құрылыстың тиісті алаңдарының мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45 - 60 күн болған балапандарға күн шуақ немесе серуен алаңы 0,5м2 есебімен жасалады,ал туғанына 25 күн болған үйрек балапандарына 0,2 м2 есебімен, ересек үйректер мен тауықтарға 2 м2 есебімен, ересек күрке тауыққа 3м2 есебімен жасалады.

2.2.Ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б. ) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу.
Мал кәсіпорындарындағы ветеринариялық және ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптарға біріншіден ветеринариялық - санитариялық нысандар кіреді. Ветеринариялық нысандарға мыналар жатады: ветеринариялық пункт, ветеринариялық емхана, ветеринариялық лаборатория, изолятор. Ал, ветеринариялық-санитариялық нысандарға мыналар жатады: санитариялық өткізгіш, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санитариялық-сою пункті.
:: Ветеринариялық пункт (ветпункт) - жануарларды амбулаториялық және стационарлық емдеу үшін салынады. Ветпункттің құрамына амбулатория, стационар, қабылдау-манеж, дәріхана, тоңазытқышы бар биопрепараттарды сақтауға арналған қойма, құрал - жабдықтарды сақтауға арналған қойма. Ауру жануарларды ұстайтын бөлмелерде денниктер мен станоктар болуы керек. Стационардағы орын саны кешендегі жалпы мал басы санының 3-5 % құрайды. Мал басының саны 1000 - нан асатын мал шаруашылығы кешендерінде ветеринариялық пункттен басқа ветеринариялық лаборатория да болуы керек. Ветеринариялық лабораторияда лабораториялық бөлім, виварий және дезинфекциялық заттарды сақтайтын қойма болуы керек.
:: Изолятор - ауру малды немесе жұқпалы ауруға күдікті малдарды ұстауға арналған. Изолятор бокстардан, құрал-жабдықтар сақталатын және емдік шараларды жүргізетін бөлмелерден тұрады.
:: Ветеринариялық емхана - ауру малға амбулаториялық және тұрақты емдеу көмегін көрсетеді, диагностикалық зерттеу, сондай-ақ, шаруашылықтарда профилактикалық, ветеринариялық - санитариялық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
:: Ветеринариялық лаборатория - ірі мал және құс шаруашылықтарында орналастырылады, онда лабораториялық-диагностикалық зерттеулер, азықтың сапасын зерттеу, профилактикалық, емдік және ветеринариялық-санитариялық шаралар жұмысын жүргізеді.
Санитариялық өткізгіш - санблоктан және дезблоктан тұрады, 400 бас ірі қара малдан көп кешендерде салынады. Санитраиялық өткізгіш кешен кіреберісінде әкімшілік ғимаратта немесе бөлек ғимаратта орнатылады. Санитариялық блокта қызметшілерді және келушілерді санитариялық өңдейді, қызметшілердің арнайы киімдерін дезинфекциялайды, кептіреді. Дезинфекциялық блокта көліктерді дезинфекциялайды. Дезблокта дезинфекциялық қондырғы және көліктің дөңгелектерін дезинфекциялайтын дезванна болады. Ваннаның ұзындығы 9 метрден, ені 3-4 метр, ал дезинфекциялық ерітіндінің тереңдігі 0,25 метрден кем болмау керек.
:: Санитариялық - сою пункті сою бөлімінен ( сою бөлмесі, салқындату камерасы, ұшаларды уақытша салқындату камерасы, тері шикізаттарын уақытоша сақтау бөлмелері) және өтелдеу бөлімінен ( өлекселерді соятын және өтелдейтін ) тұрады. Санитариялық - сою пункті мал басы 800-ден асатын кешендерде салынады.
Жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған пункт профилактикалық және ветеринариялық-сангитариялық шараларды жүргізуге арналған.
Бұл бөлме көлемі бір өндірістік топтағы сиыр санына байланысты болады. Бір мал басына 1,8 шаршы метрден келеді.
:: Карантиндік бөлімде - кешенге келіп түсетін жануарларды қабылдап, ветеринариялық - санитариялық өңдейді, диагностикалық шаралар жүргізеді. Каранитндік бөлменің көлемі ол жерде малды 30 күн ұсталатыны ескеріле отырып кешенге келіп түсетін мал басы санына байланысты алынады. Карантин ғимараты басқа мал шаруашылығы нысандарынан кем дегенде 100 м қашықтықта орналасуы кереек. Карантиндік ғимараттар қабырғамен қоршалады, кіргізу және шығару дезөткелдері болуы керек.
Дезөткел - фермаға кіріп-шығатын көліктің дөңгелектерін дезинфекциялау үшін қажет. Дезөткелді шаруашылық кіреберісіне орналастырады.
:: Дезтөсеніш - мұны қора алдына қызметшілер аяқ-киімін дезинфекциялау үшін төсеп қояды, әрбір қора алдында орналастырылады.
Мал қоралары салынғанда олардың іші құрғақ, жарық, қыста жылы, жазда салқын болуын ескереді. Қораларды салуға мәңгі берік, бұзылмайтын, арзан,жақсы жылу қорғайтын қасиеттері барзаттар қолданылады. Мал қоралардың конструкциялық бөлшектеріне табантас, қабырға, еден, төбе, шатыр, есік, қақпа,тамбур жәнетерезе жатады.Табантас-қораның басқа конструкцияларының салмағын көтеріп тұратынжер астындағы бөлшегі. Ол қабырғаны жерден келетін ылғалдықтан,оның қатып қалуынан сақтайды. Сондықтан табантасқа төмендегідей гигиеналық талаптар қойылады. Біріншіден, ол берік болса, екіншіден бойына су сіңіріп, су өткізбеуі керек. Сондай талаптарға сай келуі үшін табантасты тастан, бетоннан, кірпіштен салады. Фундаменттің қабырғамен жалғасатын жоғарғы жағын цоколь деп атап, оны жер бетінен 20-60 см биіктікте жасап, үстіне қара қағаз төсейді. Қар, жауын, өндірістік сулардан сақтау үшін фундаменттің айналасын биіктеу қылып су ағар - жырық жасалады. Қабырға - табантастың үстіне орналасып қораның ішкі микроклиматын сақтауға арналған конструкция. Қабығаны жер, ауа-райының құбылыстарына қарай әр түрлі қалыңдықта кірпіштен, тастан, бетоннан, саман кірпіштен және т.б. материалдардан салады. Қабырғаларды салғанда оның беріктігімен қоса жылу ұстау, аязға, өртке төзімділігі, ылғал жинамау, жағымсыз иістер шығармау сияқты гигиеналық талаптарға сәйкестігі ескеріледі. Қабырғаға қойылатын негізгі талаптың бірі оның жылуды сақтау және өткізу қасиеттері. Қабырғаның жылу сақтау коэффициенті- 1,4-1,9 м2.
1-кесте. Құрылыс материалдарының жылу өткізу қасиеттері
Материалдар аты
Жылу өткізу коэффициенті,
Ккалм2сағград.
Асфальтты бетон
Темірлі бетон
Шлакты бетон
Керамзитті бетон
Газды, көбікті бетон
Брусты ағаш
Ағаш талшықты плита
Известі-ракушечник
Кірпіш(жанған)
Селикат кірпіші
Шлак кірпіші
Тесік кірпіш

0,9
1,4
0,65
0,5-0,25
0,34
0,3
0,1
0,55
0,7
0,75
0,5
0,5

Төбе - мал қораларының төбелері шатырлы және шатырсыз болып бөлінеді. Төбені салғанда оның жылылығымен қоса су өткізбейтін қасиетін, жеңілдігін, жоғары температураға шыдамдылығын ескерген жөн болады. Шатырсыз төбені жылу сақтайтын материалдармен жауып, оның үстіне су өткізбейтін қабат қара қағаздан төселеді. Сыртқы ауаның ылғалы осы жылу қабатына сіңіп алса, қыстың суығында қатып қап жылуды көп өткізетін болады. Сондықтан да жылу қабатының үстінен су өткізбейтін материалдар төселеді. Төбенің жылу өткізетін коэффициенті- 2,0-3,3 м2. Еден. Ол қораның ең маңызды бөлшегі болып келеді. Себебі еден арқылы барлық қорадағы жылудың 42-48 пайыздайы мөлшері жоғарылап кетуі мүмкін. Сондықтан мал басының амандығы, өнімі, оның тазалығы еденнің гигиеналық жағдайына тікелей байланысты. Еденнің құрылысы мен материалы мал қоралардың ішкі жылу балансына үлкен әсер етеді. Мал үстіне жатқанда еденнің бойына жылу өтеді де, ол тұрып кеткен кезде жылу ауаға беріледі. Сондықтан малдың денесінен жылуды неғұрлым аз қабылдап алса ол еден ең жақсы болып саналады. Еденнің тағы да бір қасиеті- оның су өткізбеушілігі. Мал қораларда көбінесе төмендегідей едендердің конструкциясы қолданылады: ағаш, бетон, асфальтты, керамзитті бетон, кірпіш, саз бен құм құрамы. Оларды жер бетінен кем дегенде 20-25см жоғары құрады. Шатыр. Ол қорадағы жылу ұстауға және сыртқы ауаның жағымсыз құбылыстарынан, жауын-шашыннан сақтауға арналады. Шатырдың жапқышын берік, жеңіл, су өткізбейтін және жанбайтын материалдардан жасайды. Минералды мақта мал қораларды жылылау үшін ауа құбылысының әсеріне ең төзімді материал болып келеді. Бұл жылытқыштар су тартып алғыш болады, сондықтан олардың арасына ылғалдық кірмеуін қадағалау керек. Қақпа, есік, тамбур. Қораға малдардың кіріп-шығуына, көң шығаруға, азық кіргізуге қақпаны берік қылып, қатып қалмайтын, жақсы, жеңіл ашылып жабылатын материалдардан жасайды. Тамбурдың енін қақпаның енінен 1 метрге, ал ішкі қарайғы тереңдігін жаппасы ашық тұрғандағы қақпадан 0,5 м артық болуы керек. Әрбір қораның бөлімінде кем дегенде 2 қақпасы болу керек: біреуі-негізгі, екіншісі-қосалқы. Ат қораның ені кем дегенде 2,1 м, ал биіктігі 2,4 метрден кем болмауы керек. Терезе және жарық беру. Қораның ішіне табиғи сәуле және жасанды электрлік жарық беріледі. Қабырғаларға орнатылған терезелер арқылы қораның ішіне түсетін сәулені алдынан немесе жанынан, ал төбеден келген сәулені- жоғарыдан жарықтандыру деп атайды. Терезелердің негізгі міндеті қораның ішкі жарық климатын қамтамасыз ету. Терезелердің еденнен орналасу биіктігі ірі қара малдар үшін арналған қораларға-1,2-1,3 м болып келеді. Терезелердің жылу өткізу коэффициенті оның әйнектерінің көлемі мен қабат санына тікелей байланысты болады. Терезелері жоқ қораларда жарықтың көлемін жасанды электр лампаларымен қамтамасыз етуге болады. Мал қораларындағы ауа алмастыру жүйелері(вентиляция). Вентиляция-ауа алмастыру, немесе ескі ауаны сыртқы таза ауаға алмастыру. Малдардың көп уақыт қораның ішінде тұрғанда оның ауасына жылу, су буларын, аммиак, күкірт қышқылын, көмір қышқылының газдарын бөліп шығаратыны айқын. Ауаны дер кезінде алмастырмаса малдың денсаулығы нашарлап, одан алынатын өнімнің мөлшері азайып, тіпті ауру - сырқауға ұшырап, шығынға шалдығуы мүмкін. Сондықтан әрбір мао қораларын салғанда ішіндегі мал басының санына, оның өнімділік көлеміне, қораның материалдарының жылулық қасиеттеріне, көң тазалау әдістерінің түріне назар аударып, оған керек вентиляцияның түрі мен көлемін есептеп шығару керек. Мал қораларының ауасын алмастыруға арналған вентиляторлар өзінің жұмыс істеу принципі мен конструктивтік ерекшеліктеріне қарай ауаны табиғи және жасанды түрде болып бөлінеді.
Табиғи түрде алмастыру ішкі және сыртқы ауаның меншік салмақтарының айырмашылығы мен желдің күші мен бағытына байланысты жұмыс жасайды. Ішкі ауаның температурасы мен даладағы ауаның температурасының айырмашылығы көп болса және ауаның қозғалысы қатты болса, соғұрлым ауа алмасу жақсы болады. Табиғи жүйелі вентиляциялар егер ішкі және сыртқы ауаның температурасының айырмашылығы 6-10 градустан кем болмауы керек, сонда ғана ол жақсы жұмыс жасайды. Олар құбырлы және құбырсыз болып бөлінеді. Құбырлы вентиляция жүйелері ауа соратын құбыр немесе шахта және ауа енгізетін каналдардан тұрады.

2.3.Балапандарды азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу.
Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Құс санының өсуіне және оның өнімділігін шұғыл арттыруға ықпал ететін басты жағдайдың бірі, жылдың жазғы және қысқы мезгілінде балапан үзіліссіз және құнарлы азықтандыруды қамтамасыз ететін тұрақты балапан азығының базасын жасау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес, әрбір құс өсіруші шаруашылық балапанға арнап толық мөлшерде жоғары сапалы, құнарлы, құрғақ азықтық зат дайындауы тиіс. Мөлшерленген сапалы азықтандырудың гигиеналық маңызы. Қорек пен азық- барлық жанды заттарды қоршаған табиғатпен ұштастыратын байланыстың айғағы. Мал организмінің шер шарының биосферасына енетін органикалық заттармен тығыз байланысы, белокты денелердің тіршілік ету формасы сияқты, оларды қоршаған сыртқы табиғатпен тұрақты зат алмасуы болып табылады. Зат алмасудың энергетикалық және пластикалық маңызы бар, осы құбылыстың жанды организм мен өлі табиғаттан ерекшелігі осында жатса керек.
Құнды азықтандыру дегенді рацион азықтық мөлшермен айқындалатын малдың энергия немесе калорияға ғана емес әр түрлі жұғымды да биологиялық белсенді заттарға деген қажетін толық қанағаттандыра алатын азықпен азықтандыру деп түсінген жөн. Азық құрамы организмнің барлық қажетін өтегенде ғана малды құнды азықтандыру болмақ. Ол көп өнімділіктің, қайта өндіру қабілетінің пайда болуына жағдай жасайды, сондай-ақ оның барлық физиологиялық функциясының және тұрақты денсаулығының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жеткіліксіз әрі азық құрамының тепе-теңдігі ескерілмеген азықтандырудың салдары. Мал мен құс ауруларының ішінде жеткіліксіздік, кейде шамадан тыс протеиннің, көміртегінің, минералды заттардың болуы сияқты, тағы басқа да аурулар елеулі орын алады. Мал үшін қажетті энергияның қайнар көзі протеин, көміртегі мен май болып табылады. Алайда олар энергияның басым көпшілігін көміртегінің есебінен алады. Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасынан жақсы азықтандырып, күтіп -- бағу қажет.
Балапандарды күтіп -- бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Алғашқы күндері күркетауық балапандарын жалпақ астаушада азықтандырады. Балапандарды алғашқы рет жүмыртқаны жарып шыгысымен 12-16 сағатган кешіктірмей, яғни брудерге немесе торға ауыстырғаннан кейін бірден азықтандырады.
Күркетауық балапандарын азықтандыруды ұйымдастыру барысында олардың биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Басқа құс балапандарымен салыстырғанда күркетауық балапандары азықты бірден жемейді және олар азықтың ауысуына сезімтал келеді, сонымен қатар азық сапасын талап етеді.
Балапан фабрикаларда ауыл шаруашылық балапандарды азықтандыруды межелеу, яғни ауыл шаруашылық балапандарының ас қорыту мен зат айналу ерекшеліктеріне байланысты қоректік заттарға мұқтаждығы анықталады. Балапанды құрғақ азықпен азықтандырғанда энергияны, протеин, қоректік заттар және т.б ағзада сіңіріледі. Азық, рацион мен оның құрылысы және азықтандыру техникасы норма бойынша сақтау керек. Жұмыртқа сапасы мен жұмыртқа табу азықтың құндылығына байланысты. Сондықтан азықтың толық құндылығын бақылау әдістерін тиімді жүргізу қажет.
Ал балапандарды толық құнды азықпен азықтандыру технологиясы яғни балапандарға азық дайындауға үрдісті технологиялар мен теориялық негізі мен тәжірибелік нұсқаулар болуы шарт. Құстардың қоректік заттарға мұқтаждығын бақылап, рацион мен құрылысы, азықтандыру технологиясы ережелерін норма бойынша сақтап отыратын болсақ сонда сапалы өнім, мол жұмыртқа алуға мүмкіндік болады.
Елімізде өсіріліп отырған бүтін балапан басының генофонды шет елден әкелінген асыл тұқымды балапан тұқымдық тегіне негізделіп отыр.Оларды өсіруде өнiмдiк потенциалын iске асырудың негізгі шарты болып құнарлы азықтандыру табылады. Сондықтан балапан шаруашылығының тиімділігін арттыруда оларды толық рационды, қоректілігі құс мұқтаждығымен жан жақты теңестірілген, құрамажеммен қамтамасыз ету мәселесін шешудің ғылыми-өндірістік өзектілігі зор. Жемнің өзіндік құнын арзандату үшін оның құрамына арзан жергілікті азықтар енгізілуі керек Сонымен бiрге құрамажем қоректік заттарының қорытылымы мен сiңiмдiлiгін арттыру үшін, мысалы, құрамажем құнын арзандату үшін бидай дәнін арпа дәнімен алмастырғанда, соңғысының крахмал мен басқа да көпқантты қосындыларының кілегейленуінен қорытылымының төмендеп кетпеуі үшін кең спетрлі амилолитикалық және целлюлозолитикалық энзимдік қосындыларды пайдалану ұсынылады.

2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау
шараларын белгілеу.
Суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар, алдымен малдың денсаулығына судың физикалық жағдайы, оның химиялық құрамы, микробпен ластануы және т.б. көрсеткіштер әсер етеді.
Сапасы төмен (мөлдір емес, бөгде иісі мен дәмі бар) жылымшы сумен малды суарғанда асқазан - ішек жолдары бездерінің сөл бөлу қасиеті төмендейді.
Салқын сумен суарғанда организм салқындайды, ас қорыту қызметі нашарлайды, буаз малдарда іш тастау болуы мүмкін.
20ºС температурадағы жылы сумен суарғанда суыққа төзімділігі төмендейді, мал аурушаң келеді. Ересек малдар үшін судың температурасы 10 - 12 ºС, буаз малдар үшін 12 - 15 ºС, ал төлдер үшін 15 - 30ºС болу керек.
Судың құрамына оның пайда болу жағдайлары, техногендік және антропогендік факторлар әсер етеді.
Су қалдығының негізгі бөлігін сульфаттар және хлоридтер алады (хлоридтер - 350 мгл, сульфаттар - 500 мгл).
Құрамында минералды заттар тым көп болса, организмде су-тұз тепе-теңдігі бұзылады, ұлпалардың гидрофильдік қасиеті артады, диурез төмендейді, іш өтеді, зәр жолдарында тас пайда болады.
Суда минералды зат алмасуға қатыса отырып, организмде зат алмасудың катализаторы болып табылатын 65-ке жуық микроэлементтер табылған. Олар аз немесе көп болғанда патология дамиды (флюроз, зоб және т.б.).
Суға малды уландыратын улы заттар (дезинфектанттар, пестицидтер) түсуі мүмкін. Су арқылы кейбір вирустық, инфекциялық және инвазиялық аурулар жұғуы мүмкін ( сібір жарасы, эмкар, бруцеллез, туляремия, пастереллез, сальмонеллез, маңқа, аусыл, оба, лептоспироз, көптеген паразитарлы аурулар). Судағы микроорганизмдердің тіршілік ету ұзақтығы оның температурасына, құрамындағы органикалық заттардың және еріген компоненттердің химиялық құрамына байланысты (ішек таяқшасы 21-183 тәулік, паратиф А қоздырушысы 3-88 тәулік өмір сүреді).
Судағы патогенді микроорганизмдерді анықтау үшін судың ластануының жанама бактериологиялық көрсеткіштерін қолданады - коли-титр, коли-индекс, микроб саны. Су сонымен қатар инвазиялық бастаудың тасымалдаушысы немесе инвазиялық ауруларды тудыратын қоздырушыларының аралық иесінің тіршілік ету ортасы болуы мүмкін(фасциолез, кокцидиа, малярия, диктиокаулез және т.б.). Малды суаратын су құрамы және сапасы бойынша Сан ПиН 2.1.4.1071-01(кесте) қарастырылған барлық санитариялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болуы керек. Қазақстанда стандарт жоқ, алайда, ауыз суға қойылатын Сан ПиН бар "Санитарно - эпидемиологические требования к качеству воды централизованного водопровода".
Эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі дегеніміз - оның микробиологиялық және паразитологиялық нормативтерге сай болуы (кесте).
Химиялық құрамына байланысты судың қауіпсіздігін мына нормативтерге байланысты анықтайды:
1) жалпы көрсеткіштер, табиғи суларда жиі кездесетін химиялық заттардың болуы, сонымен қатар әлемге тараған антропогенді заттардың болуы.
2) суды өңдегенде пайда болатын немесе оған түсетін зиянды химиялық заттар.
3) адамның тіршілік ету салдарынан су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар.
Су көздерін ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді. Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, су спортына, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды. Мұндай су балыққа, суда жүзетін құстарға, малға тағы басқа организмге зиянын қатты тигізеді.
Олар ауруға шалдығып, біразы қаралап қалады.
Жер беті және жер асты суына мұнай мен оның өнімдері зиянды әсерін тигізеді. Судың 1 литрінде 0,1 г мұнай шоғырланса, балық етіне ешқандай технологиялық өңдеу ала алмайтын дәм мен ерекше өткір иіс пайда болады. Судың ластану көздеріне келер болсақ, табиғи су көздерінің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен мал шаруашылық орындары да жатады. Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, радиоактивті қоспалар, пестицидтер және т.б. өндіріс қалдықтары кіреді. Суда онымен ағатын ағаш, жаңқа, үгінді тәрізді түрлі ағаш қалдықтары мен қабығының түсуі де айтарлықтай зиян келтіреді.
Ауыл шаруашылық малдарын сумен қамтамасыз ету.
Малды суарғыштармен, шелекпен, астаудан немесе тікелей су көзінің өзінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Күркетауық балапандар
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Тауық қораға арналған іргетас
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Үйрек балапандарын азықтандыру
Пәндер