Ара шаруашылығы туралы


Жоспары
1 Кіріспе . . . 1
2 Әдебиетке шолу
2. 1 Балауыздың химиялық құрамы . . . 4
2. 2 Балауызды өндіру технологиясы . . . 5
2. 3 Балауызды пайдалану . . . 6
2. 4 Аналық сүтінің химиялық құрамы . . . 7
2. 5 Аналық сүтін алу технологиясы . . . 8
2. 6 Аналық сүтін пайдалану . . . 9
2. 7 Прополистің химиялық құрамы . . . 11
2. 8 Прополисті өндіру технологиясы . . . 13
2. 9 Прополисті пайдалану . . . 15
2. 10 Ара уының химиялық құрамы . . . 18
2. 11 Ара уын өндіру технологиясы . . . 20
2. 12 ара уын пайдалану . . . 23
3 Негізгі бөлім
3. 1 Зерттеу материалдары мен әдістер . . . 26
3. 2 Санитарлық бағалауы . . . 27
3. 3 Алдын алу шаралары . . . 32
4 Қорытынды . . . 35
5 Тәжірибелік ұсыныстар . . . 36
6 Қолданылған әдебиеттер . . . 37
7 Қосымшалар . . . 38
- Кіріспе
Қазіргі уақытта, ара шаруашылығын қайта құру кезеңіне дейінгі пайданы түсіру үшін ара ұяларының санын 3-4 есеге дейін арттыру керек. Онда, арашылардың өндірген өнімін ез бетімен сату әрекеттері қиындайтыны түсінікті. Өнім өндіретін арашылардың басын біріктіретін құрылым ұйымдастырылса, мәселе оңды шешілер еді. Бірақ, мұндай құрылым әзірше жоқ. Ара өнімдерін дайындайтын және оны өткізетін ұйым қажеттігі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. 1991 ж. дейін Қазақстанда осындай құрылым ауылшаруашылығы министрлігінің құрамында болған еді. Республикалық басқармадан бастап, аудандық бас-қармаларда арашылардың тыныс-тіршілігімен жақсы таныс зоотехниктер осы сала жұмысын реттеп отыратын еді. СССР ыдырағаннан кейін, алдымен төменгі буындар таратылып, омарталар зоотехникалық, мал дәрігерлік бақылау мен қызмет керсетуден тыс қалды. Қалған республикалық және облыстық ұйымдар бұл жұмысты атқаруға қауқарсыз болып қалды. Нәтижесінде, Қазақстанда арашылардың жұмысын ұйымдастыратын, қаржылық, өндірістік базасы бар; арашыларды құрал-жабдықтармең дәрі-дәрмекпен, селекциялық материалмен қамтамасыз ететін ұйым қалған жоқ. Қазірдің өзінде Қазақстандық арашыларға халықаралық рынокқа шығу қажеттігі туындап отыр; ол үшін ірі, байсалды ұйым қажет, өйткені шетелдік фирмалар жеке өндірушілермен жұмыс істемейді, ол екі жаққа да тиімді емес. Нарықтық экономикаға өту үшін Қазақстан ара шаруашылығына ірі кооперативтер қажет. Бұл кооперативтер мына сұрақтарды басты назарда ұстауы тиіс:
1. Өндірісті ұйымдастыру, өнім дайындау, қажетті құралдар, ұялар, дәрі- дәрмектер, балауыз т. б. өз дүкендері мен қоймаларында сатуды реттеу.
2. Бал, балауыз өнімдерін дайындау, оларды ішкі және сыртқы рынокқа шығару.
3. Арашылардың барлық сұрақтары мен мұң-мұқтажын біліп отыратын нұсқаушы ұстау қажет.
4. Үлгілі оқыту-тәжірибелік омарта ұстауды ұйымдастыру.
5. Арашылардың курстарын ашып, біліктілігін арттыру.
6. Кооператив мүшелерінің ара ұяларын кездейсоқ апаттардаңаурудан, елімнен т. б. сақтандыру жүйесін іске асыру.
Шетелдегі қазіргі кездегі кооперативтердің тәжірибелерін шығармашылықпен Қазақстанда пайдалану қажет.
Бұл салада АҚШ тәжірибесі қызық: кәсіпқой арашылар мамандандырылған ірі кооперативтер құрып, енімдерін қайта өңдеп, ыдыстарын әсем безендіріп, дүкендерге ездері таратады. Сөйтіп, арадағы делдалдардан өздерін сақтандырады. Қазіргі заман талабына сай қондырғыларының балды ыдысқа құю жұмысының енімділігі аса жоғары және қымбат тұрады. Бұл мекемелер әуесқой арашылардың балын да қабылдап, еңдеп береді. Балды сиымдылығы аз ыдыстарға қүйып сату көп пайда келтіреді. Отбасылық ара фермалары да осы кооперативтер тәрізді жұмыс істейді.
Тіпті кішкентай деген арашылар ұжымы кептеген мамандық иелерін қамтиды. Сондықтан, бал ендіру үшін шыққан шығынның қайтарымы да тез. Осындай тұрақты пайда беретін кәсіпорындар фермерлік ара шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді. Шет-елдерде (Франция, Венгрия, Австралия) ірі отбасылық ара фермаларымен қатар, отбасылық емес кооперативтер де баршылық. Кооператив мүшелерінің құрамында жүргізушілер, тракторшылар, балташылар, ұсталар т. б. мамандық иелері болады. Кооперативте тәжірибе алмасу үздіксіз жүріп отырады, сондықтан әрбір арашы езінің кәсіпқой дең гейін тез көтереді. Мұнда ғылымның жетістіктері мен озат тәжірибені басшылыққа алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Жеке кәсіпкер арашыға қарағанда кооперативтердің ірі көлемді жұмыстарды атқаруға және қымбат тұратын көлік, трактор сатып алуға мүмкіндігі мол. Ірі кооперативке құрылыс жұмыстарын жүргізу, күрделі техника сатып алу, әр ара ұясына шаққанда әлдеқайда арзанға түседі. Ара шаруашылығының кооперативу егер ол ірі болса, ағаш өңдеу шеберханасын салып алуға да мүмкіндіктері болады. Ал жеке арашы фермердің бұған шамасы келмеуі де мүмкін. Өз шеберханасы бар кооперативтер құрылыс жүмыстарын, ара ұяларын жасауды өздері атқарып, өндіріс қуаттарын арттырып, экономика тұрғысынан тиімді жұмыс істейді.
Қазіргі заман талаптарына сай ара шаруашылығын ұжымдық негізге көшіру Қазақстан ауылшаруашылығының алдында тұрған негізгі бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына байланысты бал өнімдеріне сұраныс та арта түсуіне шүбә келтіруге болмайды. Балға деген сұраныс тек қана оның тағамдық және дәрілік қасиеттерінде емес, одан тамаша ашытқылар, алкогольсіз ішімдіктер өндіруге болатындығында да жатыр. Өнеркәсіптің 50 ден астам түрлеріне қажетті ара балауызының өзі ара шаруашылығын өркендетуге итермелейді. Жасанды балауызды химиялық жолмен алу әзірше мүмкін болмай отыр.
Болашақта ара шаруашылығының дамуына қазір көптеп қолданысқа кірген биологиялық белсенді тағам түрлері (бал, балауыз, прополис, тозаң, ара сүті, ара уы) медицинада, талғамды тамақтануда, косметикада да қолданылуы оң әсерін тигізері сезсіз. Мысалы, 1985 ж. Қытайда 200 т ара сүті өндірілген болса, 1990 ж. 1000 т асты.
Қазақстан жері әлі пайдаланылмаған бал беретін өсімдіктердің қорына бай. Осыны пайдалану, бал ендірісін бірнеше есе арттыруға жеткізеді. Осындай табиғаттың байлық қоры тек ішкі суранысты ғана емес, басқа елдерге де ара шаруашылығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
Шетелдік дәрілердің тым қымбат бағасы, іс жүзінде бұл дәрілерді қарапайым адамдардың пайдалана алмауы, осы дәрілерді алмастыру жолдарын қарастыруға мәжбүр етеді. Бұл орайда ара өнімдері, олардың қоспалары, биологиялық белсенді өнімдері таптырмас алмастырғыштар. Ара шаруашылығы, ауылшаруашылығының барлық салаларымен салыстырғанда қаржыны аз шығындайтын сала. Оның үстіне арашының үнемі омартада болуы міндетті емес, белгілі бір уақытта келіп ағымдағы жұмыстарын атқарса жетіп жатыр. Сондықтан, ара шаруашылығы ірі бизнес ұйымдастыруға да, қосымша табыс көзі ретінде де пайдалы.
Ара шаруашылығының өркендеуінің негізгі кепілі аралардың өсімдіктерді тозаңдандыра алуы. Біздің Жер планетасының өсімдіктерінің бестен төрт бөлігі, егер насекомдар тозаңдандырмаса құрып кетер еді. Араларды тозаңдандыруға пайдалану жеміс-жидек, көкөніс, мал азығың техникалық дақылдардың өнімін 30-50 пайызға арттырады. Осы дақылдардан алынған қосымша өнімнің құны, бал мен балауыз бағасынан 15-20 есе артық, оның үстіне алынатын жеміс пен тұқымның сапасын арттырады. Сонымен, ара шаруашылығының ауылшаруашылық дақылдарының агротехникасындағы маңызы аса зор. Табиғатта тозаңдандырушы насекомдардың азайып бара жатуынан, аралардың маңызы арта түспек. Болашақта насекомдармен тозаңданатын дақылдар, тікелей ара шаруашылығының даму деңгейіне тәуелді болуы ықтимал. Қоршаған ортаның радионуклидтермен, ауыр металдардың тұздарымен, пестицидтермен ластануын бақылауда араның көмегі зор. Аталған заттардың аз мөлшерінің бар екендігі тозаң мен шірнеден оңай анықталады. [1]
- Әдебиетке шолу
2. 1 Балауыздың химиялық құрамы
Балауыз ара ағзасының жасып шығарған өнімі. Ол балауыз айнасының бетінде бөлінеп шығып, жұқа қабыршақ болып қатады. Бұл қабыршақтардан аралар кәрез жасайды. Кәрезді балқытқанда таза балауыз алуға болады. (1)
Балауыздың құрамы. 50-ден астам химиялық қосылыстар кіретін балауыздың химиялық құрамы өте күрделі . Оларды 3 топқа бөлуге болады.
Сызба . 1 Балауыздың құрамы
Балауыздың физикалық қасиеттері . Физикалық қасиеттеріне балауыздың балқу, қату температуралары, тығыздығы, қаттылығы және тұтқырлығы жатады.
Балауыздың балқы және қату температуралары. Балауызды қатырғанда балауыз балқымасына батырылған термометр қызудың түсіп бара жатқанын көрсететіп, 61-63°С барғанда біраз уақыт тоқтап қалады да балауыз қата бастайды. Температураның уақытша тоқтауы жасырын балқу температурасының әсерінен болады.
Балауыздың тығыздығы. 1 см кубта балауыздың салмағын айтады. Тығыздығы температураға тәуелді. Температура 1°С көтерілгенде балацыздың тығыздығы 0, 0008- ге төмендейді. 15°С кезінде балауыздың тығыздығы 0, 956-0, 970 аралығында болады. Қатты балауыз суға батпайды, қалқып жүреді. Ал балқыған балауыз батып кетеді.
Балауыздың қаттылығы. Қаттылығының кәрезге салатын балауыз жапрақтарын жасағанда үлкен маңызы бар. Балауыз қатты болса, балауыз жапрақтары берік болады. Балауыздың қаттылық коэфициенті 105 мм, иненің салмақпен басқанда балауыз дың 1 м тереңдігінде сіңіруге кеткен секунд санымен өлшенеді. Анықтауды +20 ° С жүргізеді. Балауыздың қаттылығы сапасына байланысты.
Балауыздың тұтқырлығы . Балауыздың тазалығы мен физикалық күйін тұтқырлығы айғақтайды. Балауыздың тұтқырлығын анықтау үшін балқытылған балауызды тұрақты температурада кішкентай тесіктерден өткізеді. Балауыздың температурасы төмен болса тесіктерден баяу өтеді.
- Балауыз өндірудің технологиясы.
Балауыз өндірудің негізінде балауызды балқыту температурасына жеткізіліп қыздыру жатады. Осы жағдайда ғана балауыз шикізаты бөлінеді. Қазіргі балауызды өндірудің екі ыстықтай өңдеу әдісі бар: құрғақ және дымқыл.
Сызба. 2 Балауыздың өндіру технологиясы
Күн балауыз балқытқышы - алдыңғы қабырғаларынан артқы қабырғалары биіктеу жәшік. Жәшіктің беті шынылы рамамен жабылады. Жәшіктің ішінде темір табақ бар, оған балауыз шикізаты қойылады. Күннің иефрақызыл сәулелері шына арқылы өтіп, балауыз шикізатын 70-90°С -қа дейін қыздырады. Балауыз жылудың әсерінен балқидыда, табақтың еңкіш жағына жылжып, астында тұрған астауға құйылады. Мұндай балқытқышта ыстық күнде 4 кг балқытылып алынады.
Жылуды көбірек алу үшін күн сәулесі шыныға перпендикуляр түсіп тұруы керек. Күн сәулесін көбірек сіңіру үшін балқытқыштың сыртын қара түске сырлап қояды. Күн сәулесімен жұмыс істейтін балауыз балқытқыштар Қазақстанның облыстарында пайдаланады. Балауыз шикізатының балауыздылығымен балауыз өніміне тәуелділігі төменгі №1 кестеде көрсетілген:
Кесте 1.
Шикізаттың балауыздығы азайғанда күннің жылуынан жұмыс істейтін балауыз балқытқыштарының өнімі күрт азаяды. Сондықтан, екінші, үшінші сортты балауыз шикізатын бұл әдіспен өңдеу тиімді емес.
Күн балауыз балқытқышында тек қана ашық түсті кәрездерді (пілләсіз) рамаларды тазалағанда түсетін балауыз түйіршіктерін және басқа балауыз кесінділерін балқытады. Балауыз балқытқышты діңгектің үстіне айнала алатындай етіп орнатады (күн мезгіліне қарай) . Балауыз балқытқышының іші жақсы қызуы үшін, көктемде және күзде электр қыздырғышын орнатады немесе шынының үстіне айналы шағылыстырғыш орнатады. Балауыз шикізатын 2-3рет балқытқаннан кейін оны қалдықтардын тазалайды. Бір күннің ішінде күннің қозғалысына қарай бірнеше рет балқытқышты айналдырып отырады. Күн балауыз балқытқышының артықшылығы жаз кезінде күннің жылу энергиясы пайдаланады.
Балауыз шикізатын бумен істейтін балауыз балқытқышта өңдеу. Балауыз балқытқыш- ВТП ішкі және сыртқы қабырғалары бар, немесе шикізат салатын кессетадан, қақпақтан, құятын және ағызатын түтікшеден тұрады. Ішкі қабырғаларында бу жүргізетін тесіктері бар. Жұмыс басталарда балқытқыш қондырғының құятын тесігін ішкі қабырғаның бойындай етіп су құйылады. Кессетаға 3 кг шикізат салынады, қақпағын жауып, қандай болса да бір қыздырғышқа қояды. Су қайнағанда бу түзіліп, кассетаға кіреді де балауызды балқытады. Балқыған балауыз ағызатын түтіктен ыдысқа құйылады. Балауызы алынған соң кассетаны алып, оның ішіндегі қалдықты басқа ыдысқа салады. Кассетаны жаңа шикізатпен толтырып, қайтадан қыздырады. Балқыған балауызды алу айналымы 1 сағатқа созылады.
Ірі омарталарда әмбебап балауыз балқытқыштары пайдаланылады ВТ-11. Ол сыртқы және ішкі қораптардан, ауа кіргізбейтін қақпақтан тұрады. Ішіне кәрезді 20 рама немесе 20 кг шикізат сияды. Жұмысты бастарда екі қабырғасының арасына 8 л су құяды да астынан от жағады. Су қайнағандағы бу балауызды қайнатады, балқыған балауыз түбіне түсіп, одан аеызатын шүмек арқылы балауыз жинағышқа құйылады. Жұмыстың бір айналымына 2-3 сағат уақыт кетеді.
- Балауызды пайдалану.
Казіргі кезде балауыздың басым бөлігі балауыз жапрақтарын өндіруге жұмсалады. Қалған балауызды дәстүрлі және жаңа бағыттарда пайдаланады. Балауыз көп мөлшерде косметикада кеңінен қолданылады. Мамандар қолдан синтетикалық жолмен жасалған балауыздың ешқайсысы ара балауызымен бәсекеге түсе алмайды деп есептейді. Балауыз қоректік, ағарту, ылғандандыру, суыту, тазарту кремдерінің құрамына кіреді (8-12%) . Бетке маскалар жасауға, ерін бояулары, дезодаранттар өндірісінде кең қолданылады. Құрамында балауызы бар препараттар теріге жұмсақтық, серпінділік қасиет береді. Біраз бөлігі медицинада жағатын майлар, жүзінділер жасауға, балауыз шамдарын жасауға пайдалынады. Балауызды гальванопластикалық көшірмелер алуға, бұдырлы сурет, қолданбалы өнер саласында, баспаханаларда және ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланады. [2]
- Аналық сүтінің химиялық құрамы
Аналық сүті - аралардың жұтқыншақ және жоғары бездерінің сіріндісі, атап айтқанда 4-6 күннен 12-15 күнге дейінгі асыраушы аралардың белсенді әрекетінің нәтижесінде бөлінеді. Жаңа жасалынған аналық сүті -мөлдір емес немесе жартылай мөлдір ақ, сарылау және ақ сұры түсті, өзіне тән иісі бар, қышқылтым өткір дәмі бар қоймалжың зат .
Аналық сүтінің құрамында 18 % белрктық заттар болады, 10-нан 17 % дейін қант, 5, 5 % май және 1 % минералды тұз бар. Ара сүті витаминге бай келеді, оның құрамында В 1, В 2 , В 6 , В 12 , РР, Н витаминдері бар. Онда С, А (каротин) және Д витаминндері бар. Аналық сүтінің құрамында белоктык заттар бар. Оларға 5-тен кем емес гликопептидтер және 9 фермент (инвертаза, глюкозоосидаза, хлинэстераза т. б) кіреді. Аналық сүтінің липидтері бейтарап майлардан майлардын, кем дегенде 4 фосфолипдтерден және 9 стеролдан тұрады.
Көмірсулардан аналық сүтінің құрамына негізінен гюкоза, фруктоза, мальтоза, сахароза кіреді.
Органикалық қышқылдардың -21 амин қышқылдары (аланин, аргенин, валлин, изолицин және т. б ) екі нуклин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) және 20 карбон және оксикарбон қышқылдары, оның ішінде қанықпағандары да бар. Аналық сүтінің өзіне тән қосылыстары екі птерин : биоптерин және неоптерин бар. Басқа құрам бөліктерінен ацетихлорин, аденозин, аденозин үш фасфат және т. б бар. Аналық сүтінде 9В дәрумені табылған. Сүттің мениралды қоспаларынан органикалық емес фосфат, және 14 катиондар (калий, натрий, кальций, темір, мыс, никель, кобальт, кремний, хром, алтын, сынап, висмут, мышьяк) . Барлығы аналық сүтінің құрамында 100 қосылыс және күл элементтері табылған.
Аналық сүтінің құрамы дернәсілдердің дамуына сәйкес және сыртқы ортаның әсерінен өзгеріп отырады. Құрамындағы су 60-70 % мөлшерінде (орташа 66 %) .
Кесте 2. Аналық сүтіндегі құрғақ заттардың құрамы
- Аналық сүтін алудың технологиясы
Аналық сүтін кезінде дәрі-дәрмек, тағам өндірісіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындау керек. Аналық сүтін алу жұмыстары төмендегі сатыларын тұрады: тостағаншаларды дайындау, аналық сүтін бөліп алу және ноы сақтауға және тасмалдауға дайындау. Аналық сүтін алу технологиясы, аналық араны шығару технологиясымен бірдей. Күшті тәрбиелеуші семьяны таңдап алады (7-8 кәрезден кем емес және 10 көшеден кем болмауы керек) . Аналық сүтті 45-50 мың арасы бар ұялар көп береді. Бұл семьяларда толыққанды қоректік заттарды қалдырады, 10-12 кг бал, 2-3 пергасы бар кәрез қойылады.
Жаңадан түсіп жатқан шірне мен тозаң болмаған жағдайда, кещке және таңертең міндетті түрде қант шырынымен, гүл тозаңымен немесе оларды алмастырушы заттармен қоректендіреді.
Аналық сүтін, дәрнесілдерді егу жұмысынан кейін 72 сағат өткенде аналық сүтін бөліп алуға кіріседі. Аналық ұяшықтарында дернәсілдер аналық сүтінің бетінде қалқып жүреді. Бөлінін алынған рамаларды зертханаға әкетеді де ыстық пышақтың ұшымен ұзартылған аналық ұяшығынан аналық сүтіне дейін кесіп барлық дернәсілдерді алып тастайды. Содан соң шыны қалақшамен немесе ваккуум сорғышпен аналық сүтін жинап алады.
Егер дернәсілдер пластмасса тостағаншасына егілген болса, арнаулы қондырғылармен аналық сүтін бір мезгілде барлық аналық ұяшықтарынан сорып алады. Содан соң, сүтті балауыздың ұсақ бөлшектерінен, дернәсілдердің қабыршақшаларынан және байқаусызда өтіп кеткен дернәсілдерден тазалау үшін сүзгіден өткізеді. Аналық сүтін күңгірт, сиымдылығы 75-100 г бұрандалы немесе жабысқан қақпақтары бар шыны ыдыстарға салады. Құтының ішкі қабырғаларын ыстық балауызбен өңдейді. Әрбір құтыға өнімді шығарушы кәсіпорынның аты, омартының нөмірі, аналық сүтін алу уақыты, дайындауға жауапты адамның аты-жөні және өнімнің салмағы көрсетілген жарнама қағазы жапсырылады.
Бос құтылар тоңазытқышта 0°С шамасында сақталу керек. Құтыны аналық сүтімен толтыру 1 сағаттан артық уақыт алмауы керек. Құтылар толық толғанын қадағалап отыру керек. Құтылар толық толғанын қадағалап отыру керек. Толтырып алған соң құтыларды дұрыс қақпақпен жабу керек. Құтыларға ауа кіргізбес үшін толтырып алған соң балқытылған балауызға құтыны аударып салып, ауа кіре алмайтын етеді де бірден тоңазытқыштарға орналастырады. Осылай дайындалған аналық сүті тоңазытқышта 0°С 2 тәуліктен артық уақыт сақталмауы керек. Сүттің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды сақтап қалу үшін аналық сүті бар ыдыстарды 4-6 °С сақтау қажет. Аналық сүті бар құтыларды тасымалдағанда арнаулы тоңазытқышы бар қоржындарда ауа температурасы 0°С- алып жүреді.
Аналық сүтін дайындайшы шаруашылықтан қабылдаушы шаруашылыққа дейінгі жеткізу мерзімі 1 тәуліктен артпауы тиіс. Беруші кәсіпорын аналық сүтінің сапасына кепілдік береді. Оны сақтау үшін арналған аналық сүтін уақыт өткізбей бірден сіңіру әдісімен консервілеу қажет.
Аналық сүтін шыны ыдысқа жаңа алынған сүттің 1 бөлігін және сіңіруші заттың 4 бөлігін алып езеді. Сіңіруші зат ретінде лактоза (97-98 %) глюкозаның (2-3 %) қоспасын алады. Зауыт жағдайында консервілеу үшін алдымен суықта қатырып алады да кептіреді.
Т. В. Вахонина аналық сүтін сақтау үшін төменгі шарттарды сақтауды ұсынады:
а) жаңа жиналған сүтті - 6°С-та 24 сағатқа жуық ұстап кептіру керек.
б) ыңғалды сіңіру әдісімен-4-6 °С-та кептіруге дейін 3 ай ұстау керек.
в) құрғақтсіңіру әдісіүй температурасы жағдайында 3 жыл ұстау керек.
г) ылғалдылығы 2 % шамасында + 6 °С қоректік қасиетін сақтау үшін 2, 5 жыл ұстап, соңынан -6°С ұстаса биологиялық белсенділігі жоғалтпайды.
- Аналық сүтінің пайдаланылуы
Аналық сүті көпіне медицинады қолданылады. Клиникалық зерттеулер көрсеткеніндей аналық сүтінің мөлшерін дұрыс сақтап пайдаланғанда адам ағзасына жақсы әсер етеді, ажлпы зат алмасуын тездетеді, тәбетті ашады, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қорғаныс қабілетін күшейтеді, жүйкенің, жүрек, қан айналым жүйесіне, қан құрамына оң әсерін тигізеді. Липидтердің, ішкі секреция бездернің жұмысына реттеуші қызмет атқарады. Аналық сүті тез және ерте қартаю, жүдеу және ағзаның фозиологиялық жұмысын жақсартуға, реттеуге оң әсерін тигізеді. Аналық сүтін дұрыс дамымаған, уақыты жетпей туған, емшектегі балалардың тәбетін ашуға, қоректену және ас қорыту жүйесінің жұмысын реттеуге жақсы әсері бар. Жеткіншектердің ағзасының дамуы бұзылғанда жақсы көмектеседі.
Жүйке жүйелерінің ауруларына, жалпы және липидтік алмасу бұзылғанда (артериосклероз, диабет) асқорыту жүйелерінің (асқазан мен ұлтабар жарасы, гастрит, панкриотит, өттің қабынуы т. б) ауруларын емдейді.
Әртүрлі себептерден пайда болған қан аздық, тері ауруларына таптырмайтын ем.
Франсуз дәрігері Дестрем, аналық сүтін қарттыққа қарсы күтесте қолдануға болады деп жазды. Болгарияда қарттарға арналған үйде жасы 60-тан 100-ге дейінгі бір топ дені сау қарттарға ара сүтінің әсер етуін зерттеген. Үш апталық сүт терапиясынан кейін қанағаттанарлық нәтиже алынған: қарттардың көңіл күйі жақсарған, сергек жүрген, тамаққа тәбеті артқан, жақсы ұйықтаған, холестеринның төмендеген, қан қысымы бір өалыпқа түскен, сөйтіп жүрек пен өкпе функцияларына игі әсер еткен. [3]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz