Ақша нарығы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы ... ... ... ... ... ... ...4
2. Ақша нарығының құрылымы мен қаржылық құралдары ... ... ... ... ... .7
3. Ақша нарығының төлем құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады және олардың бүгінгі күні жағдайын толық аяқталған кезеңге жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады ,осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Тауар-эквивалентке қойылатын талап:
• Бөлінушілік;
• Ықшамдылық;
• Біртектілік.
Ақша бастапқыда әртүрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларда болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырды.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі – вексель. Ол иесіне қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады, бірақ мұнымен жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.
Ақшаның салыстырмалы жаңа формасы девиздер – халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Алғашқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер түрінде болады. Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. "ҚР Ұлттық банкі туралы" Заңы. 30.03.95.
3. "ҚР-да банктер және банк қызметі туралы"Заңы 31.08.2009.
4. ҚР"Валюталық реттеу туралы"Заңы. 24.12.96..,13.06.2009.
5. ҚР "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңы 02.07.2010
6. ҚР "Инвестициялық қорлар туралы" Заңы 2009ж. маусым
7. ҚР Акционерлік қоғамдар туралы" Заңы 13.09.2010.
8. ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы 18.12.2007

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы ... ... ... ... ... ... .. .4
2. Ақша нарығының құрылымы мен қаржылық құралдары ... ... ... ... ... .7
3. Ақша нарығының төлем құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Кіріспе

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады және олардың бүгінгі күні жағдайын толық аяқталған кезеңге жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады ,осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Тауар-эквивалентке қойылатын талап:
:: Бөлінушілік;
:: Ықшамдылық;
:: Біртектілік.
Ақша бастапқыда әртүрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларда болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырды.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі - вексель. Ол иесіне қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады, бірақ мұнымен жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.
Ақшаның салыстырмалы жаңа формасы девиздер - халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Алғашқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер түрінде болады. Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік сауданың ұлғаюына байланысты девиз банк төлем құралының формасын қабылдады: вексель, чек, аккредитив, телеграфтық аудару және мемлекетаралық өзара қысқа мерзімді несиелер. Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады. Олар көосетілген елдердің валюталарында халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рөльді атқарады. Соңында орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік органдардың өтімді ресурстарының құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады.
Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан, тауар құнын бағалауға мүмкіндік береді. Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей орнататын нақты ақшаның ролін орындайды. Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық қатынастарды қалыптастырады,сонымен қатар тікелей айырбас құны ретінде алға шығады. Қор жинау құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыда алғашқы пайда болғандардың біріне жатса да,ол төлем құралы ретінде ақша пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті. Уақытша бос ақша қаражаты жинақ ақшаға айналады, содан кейін қор жинақтауға түрленеді. Мұның соңғысы өз кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып табылады. Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді. Алғашқы кезде,ол алтын түрінде қолданылды. Қазіргі заман жағдайында әлемдік ақша ретінде бірқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған барлық төрт функцияны атқара береді,яғни ақшаның осы функциялары біріктіруші болып табылады.

1. Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады және олардың бүгінгі күні жағдайын толық аяқталған кезеңге жатқызуға болмайды.Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды:тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады,осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді.Тауар-эквивалентке қойылатын талап:
* Бөлінушілік;
* Ықшамдылық;
* Біртектілік.
Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан тауар-эквиваленттен жеке бөлінеді.Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиды.
Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп,ең алдымен оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар - ақша болады.Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға көшеді.Ақша бастапқыда әртүрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларда болды.Содан кейін оларды алтын,күміс және бақыр тиындар алмастырды.Ал тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырды.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі - вексель.Ол иесіне қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды.Вексель,сондай-ақ басқа тұлғаға да берілуі мүмкін.Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады,бірақ мұнымен жалпыға ортақ эквивалент ролін атқармайды.
Ақшаның салыстырмалы жаңа формасы девиздер - халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады.Алғашқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер түрінде болады.Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік сауданың ұлғаюына байланысты девиз банк төлем құралының формасын қабылдады:вексель,чек,аккредитив,те леграфтық аудару және мемлекетаралық өзара қысқа мерзімді несиелер. Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады.Олар көосетілген елдердің валюталарында халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рольді атқарады. Соңында орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік органдардың өтімді ресурстарының құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады.
Ақша мынандай функцияларды орындайды:
* Құн өлшемі;
* Айналым құралы;
* Төлем құралы;
* Жинақтау құралы;
* Әлемдік ақша .
Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан тауар құнын бағалауға мүмкіндік береді.Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей орнататын нақты ақшаның ролін орындайды.Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық қатынастарды қалыптастырады,сонымен қатар тікелей айырбас құны ретінде алға шығады.Қор жинау құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыда алғашқы пайда болғандардың біріне жатса да,ол төлем құралы ретінде ақша пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті.Уақытша бос ақша қаражаты жинақ ақшаға айналады, содан кейін қор жинақтауға түрленеді.Мұның соңғысы өз кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып табылады.Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді.Алғашқы кезде,ол алтын түрінде қолданылды. Қазіргі заман жағдайында әлемдік ақша ретінде бірқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған барлық төрт функцияны атқара береді,яғни ақшаның осы функциялары біріктіруші болып табылады.
Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын былайша анықтауға болады:
* Төлем функциясы - операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық ;
* Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету - ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту,шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
* Есеп функциясы және т.б.

2. Ақша нарығының құрылымы мен қаржылық құралдары
ҚР аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:
* Қолма-қол ақшаны табыстау;
* Чек беру;
* Вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
* Төлем карточкаларын пайдалану;
* Борыштық қолхаттардың айналымы.
Қолма-қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын түрінде жүзеге асырылады.Қолма-қол төлемді ақшалай міндеттемесі бар тұлға тікелей немесе делдал арқылы орындай алады. Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады.Ақшалай чек қолма-қол ақшаны банкте ұстаушының төлемдері,мысалы, еңбекақы,шаруашылық қажеттіліктері,іссапар шығыстары және т.б. үшін қолданылады. Есеп айырысу чегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылады.Бұл - нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге онда көрсетілген белгілі бір соманы банкке төлегені туралы ағымдағы шот иесінің шартсыз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат.Есеп айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін:
* Чек берушінің жеке шотқа депозитке салған қаражаты;
* Чек берушінің тиісті шотындағы қаражат,бірақ чекті беру барысында онымен келісілген келісім бойынша банк кепілдік еткен сомадан артық болмауы керек.Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында қаражат уақытша болмай қалған жағдайда өзінің қаражат есебінен чекті төлеуге кепілдік бере алады.
Атаулы чек (нақты тұлғаның атына жазылған),ұсынбалы чек (ұсынушының атына жазылатын) және ордерлі чек болады.Ордерлі чек белгілі бір тұлғаның пайдасына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады,яғни чек беруші оны жаңа иесіне индоссаменттің көмегімен беруі ықтимал.Оның үстіне,чек кроссталған - бет жағына екі параллель сызықтар жүргізілген болуы мүмкін. Корссталу өз кезегінде жалпы және арнайы болуы ықтимал.Бірінші жағдайда (сызықтардың арасында банктің белгісі болмайды) оны төлеуші банкке немесе өзінің клиентіне төлейді.Мұндай чекті ұстаушы тұлға оны сызықтардың арасында атауы көрсетілген банкке ғана ұсынады.
Чек айналымының басқа да артықшылықтары бар: чек басқа төлем құралдарының, оның ішінде пластикалық карталардың және валютаның көмегімен есеп айырысу мүмкін болмаған барлық жағдайларда есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Экономиканың ақша-несиелік реттеуіндегі вексельдер сатылатын және сатып алынатын нарықтың ролі ерекше.Оның маңызы - экономикада ақша ағымын бірқалыпты етуінде жатыр.Вексельді коммерциялық деп аталатын несие рәсімдейді.Сату-сатып алу объектісі болып табылатын олар төлем мерзімін ұзартуды қамтамасыз ете отырып, нарықта айналысқа түседі.
Вексельдік операциялар банк несиесі қызметінің ең маңызды және келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Вексель нарығының міндеті - негізінен қысқа мерзімді ақша қаражаттарын қайта бөлу, ал оның объектісіне коммерциялық және қаржылық вексельдер жатады.Бірыңғай ақша нарығының бөлігі болып табылатын оның екі деңгейі болады.Оның алғашқы резидентіне несие мекемелері мен оның клиенттері жатады,ал оның негізін есептік,комиссиялық,ломбардтық операциялар және банктің, басқа да несие институттарының операциялары немесе жеке дисконтерлердің вексельдермен болатын операцияларды құрайды.Екінші субъектісіне несие мекемелері:бір жағынан - Ұлттық банк,екінші жағынан - екінші деңгейлі банктер,оның ішіне коммерциялық банктер кіреді.Бұл деңгейдегі нарық операцияларының басым бөлігін бірінші сыныпты вексельдерді қайта есептеу мен қайта кепілге салу құрайды.Банк жүйесінде мамандандыруды дамыту,есептік операциялардың тәуекелділігін орталықсыздандырып қайта бөлу қажеттілігінің институционалдық құрылымы тек банк мекемелерінен ғана тұратын және арнайы несие институттарының есеп үйлерінің,есептік банктердің және басқа да мекемелердің төңірегіндегі аралық деңгейдің нарықта пайда болуын топтастырады.
Біздің елімізде вексель бағалы қағаздарға жатпайды,ол "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" ҚР Заңына сәйкес төлем құралы және несиелеу құралы болып табылады.Вексель - бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлейтін шартсыз міндеттеме.Вексельге тән белгілер:
* Ақшалай міндеттеменің шартсыз сипаты,яғни вексель беруші белгілі бір соманы төлеуді өз мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға вексельдік соманы төлеу туралы бұйрық қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және ақша нарығы
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Қаржы нарығы туралы ұғым
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Пәндер