Банктің пайдасы және олардың қалыптасу көздері



КІРІСПЕ 2

1 БАНКТІҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ 5
1.1.Банк табыстылығының экономикалық мәні олардың жіктелуі 5
1.2 Банк пайдасы және оның қалыптасу көздері 8

2 БАНКТІҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ПАЙДАСЫНА ТАЛДАУ 14
2.1 Банктің табыс көздері мен пайдасын талдау 14
2.2 «Қазинвестбанк» АҚ . қаржы шаруашылық жағдайына сипаттама 20
2.3 Банктің рентабельділігі мен пайдалығын талдау жасау 26

3. БАНК РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН ЖӘНЕ ПАЙДАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ 29
3.1 Банк пайдасын ұлғайту жолдары 29
3.2 Коммерциялық банктің табысын басқаруды жетілдірудің мәселері және жолдары 32

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

ҚОСЫМША А . ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ 38
ҚОСЫМША Ә . НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ҮДЕРІСІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ 39
ҚОСЫМША Б. ҚАЗИНВЕСТБАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОРНАЛАСҚАН АУМАҚТАРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ 40
ҚОСЫМША В. 01.10.13 ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША АКЦИОНЕРЛЕРІ 41
ҚОСЫМША Г. 01.10.13 ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 42
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген [1].
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр [2, б 6].
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге,
1 Н. Назарбаев Қазақстан-2050: Ел Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж.
2 Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейiнгi кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығы
3 Л. Пискарская. Қазақстанның инновациялық жоспары: «Деловой мир» журналы, Астана 2009
4 www.afn.kz
5 2003 – 2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды – инновациялық даму стратегиясы
6 ҚР Статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері
7 http//: www.samruk-kazyna.kz
8 Ғ. С. Сейітқасымов Банк ісі: оқулық. Астана – ҚазЭҚХСУ, 2009 жыл, 586 бет
9 Екінші деңгейлі банктердің қаржылық көрсеткіштері, 01.01.2009 www.afn.kz
10 Тарабцев А.А., Борискин А. В. «Деньги Кредит Банки», Москва – 2009
11 www.kib.kz
12 Мақыш С. Б. Банк ісі: оқулық. Алматы, 2009 жыл, 552 бет
13 Супугалиева Г. И. «Шетел тәжрибесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері», ҚазҰУ жаршысы, экономика сериясы, №1(71), 2009 жыл, 60-63 беттер.
14 Алибекова Ф.Р. О понятии «банк» и «банковская услуга» // Банки Казахстана. Алматы, 2010. №10. б.28-30
15 Банктік сектордағы несиелік тәуекелдерді талдау // «Тұран» университетінің хабаршысы. - 2010. - № 1. – 114-119 бб. - 0,34 б.т.
16 Бименова, А. Банктегі бухгалтерлік есеп:оқу құралы [техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынады]/А. Бименова.-2-басылым.- Астана: Фолиант,2010.-192 б.
17 Омурчиева, Э. М. Қазақстан Республикасының банк құқығы [Мәтін] / Э. М. Омурчиева, Е. Б. Осипов. - Алматы : [Бастау], 2009. - 252 б.
18 Қазақстан Республикасында банктік жүйенің дамуы [Мәтін]: оқу құралы / А. К. Нурпеисова, С. Н. Сабитова, А. О. Чоентаева. - Алматы: LEM, 2011. - 457 б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Казинвестбанктің жұмысының рентабельдігін бағалау және пайданың құрылу
ерекшеліктерін қарастыру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

1 БАНКТІҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ 5
1.1.Банк табыстылығының экономикалық мәні олардың жіктелуі 5
1.2 Банк пайдасы және оның қалыптасу көздері 8

2 БАНКТІҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ПАЙДАСЫНА ТАЛДАУ 14
2.1 Банктің табыс көздері мен пайдасын талдау 14
2.2 Қазинвестбанк АҚ - қаржы шаруашылық жағдайына сипаттама 20
2.3 Банктің рентабельділігі мен пайдалығын талдау жасау 26

3. БАНК РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН ЖӘНЕ ПАЙДАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ 29
3.1 Банк пайдасын ұлғайту жолдары 29
3.2 Коммерциялық банктің табысын басқаруды жетілдірудің мәселері және
жолдары 32

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

ҚОСЫМША А - Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері 38
ҚОСЫМША Ә - Несиелік тәуекелді басқару үдерісінің кезеңдері 39
ҚОСЫМША Б. Қазинвестбанкінің Қазақстан Республикасындағы орналасқан
аумақтарының бейнесі 40
ҚОСЫМША В. 01.10.13 жағдайы бойынша акционерлері 41
ҚОСЫМША Г. 01.10.13 жағдайы бойынша қаржылық көрсеткіштері 42

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
Қазақстан–2030 атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық
ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге
асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті
ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз
назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және
монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа
аударамыз деп көрсетілген [1].
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын
кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін
өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге
ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы
клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін
көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды
білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы
әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген
клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін
облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау
формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен
ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты
өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере
алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын
жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін
көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді
ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және
бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр [2, б 6].
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-
айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы
жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді
атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық
операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-
анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада:
шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік
қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,
жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік
қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай
жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған
терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, ашатындай етіп,
кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен
перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген
мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген
экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Дәл осы міндеттер мен сұрақтар зерттелетін мәселелердің өзектілігін
шарттады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау тәсілдері мен әдістеріне ерекше
көңіл бөлінді, өйткені дәл осы бағалау және банктердің бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылату бойынша ұсыныстар жасауда бастапқы нүкте болып
табылады.
Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктердің рентабельділігі мен пайдасын
зерттеу, жоғарылату және бағалау бойынша ұсыныстар жасау.
Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер орындалады:
- Банк табыстылығының экономикалық мәні олардың жіктелуін талдау;
- Банк пайдасы және оның қалыптасу көздерін ашып көрсету;
- Банктің табыс көздері мен пайдасын талдау;
- Қазинвестбанк АҚ - қаржы шаруашылық жағдайына сипаттама;
- Банктің рентабельділігі мен пайдалығын талдау жасау;
- Банк пайдасын ұлғайту жолдарын көрсету;
- Коммерциялық банктің табысын басқаруды жетілдірудің мәселері және
жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні ретінде банктердің рентабельділігі мен табыстылығы
бағалауға байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік
экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік
ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары,
қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық
құжаттар қолданылды.

1 БАНКТІҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ

1.1.Банк табыстылығының экономикалық мәні олардың жіктелуі

Оның себебеі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну
таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс
мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де береді.
Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға беріп,
оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз алушы ресурстарды пайдаланғаны
үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны үшін төлем
төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі бір уақыт
өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент қарыз
капиталының бағасы.
Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа
классиктердің пікірінше:
- процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап
алудың маңызды құралы;
- процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды
бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға
мүмкіншілік жасайды.
- процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген
бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады.
Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай
жасайды.
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның
бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы
ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық
ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды.
Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық резервтерді
ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 110 қатынасына тең делік. Егер де
халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктердегі халық салымдары
қалай және қаншаға өседі ? Бұл жағдайда банк салымдарының өсімі 10-ға тең
(100-дің 110). Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны халыққа бере алады.
Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі 90шартты бірліктік
қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі 900 шартты бірліктік қаржыны құрайды,
ал жалпы салымдарының өсімі 1000 бірлікте қаржыға жетеді.
Банктің айналымындағы ақша массасының көлемін неше рет көбейетіндігін
есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор (m) пайдаланлады; яғни, ол: m
-1r; мұнда r – банктің міндетті резерві және мұнда ол 10-ға тең.
Ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы байланыс мына теңдеу
арқылы көрсетіледі. Мs mB
Мұнда: Мs - ақша ұсынымының өсімі
В –ақша базасының өсімі
Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты пайданы иемдену болып
табылады.
Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады.
Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады:
Банк пайдасы Банктің жалпы пайдасы банк ісін жүрізуге байланысты
шығын
нормасы ----------------------------------- ----------------------
------------------------х 100%
Банк
меншігіндегі капитал
Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы.
Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс
–проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа
проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік
ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:
а) капитал көлемі;
б) капиталдың өнімділігі;
в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы
Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал проценттік ставкасына
және нақты проценттік стиавкасына бөлінеді [3, б 23].
Номинал проценттік ставка белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы, теңге
немесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты
проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін
ставканы айтады.
Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты өзгеріп (мысалы,
7%-тең 20%-ке дейін) отыруы мүмкін.
1. Тәуекелдік. Егер борышқордың қарызды қайтара аламайтын қаупі
күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі.
2. Мезгілдік. Ұзақ мерзімге арналған қарыздар қысқа мерзімге берілетін
қарызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі: себебі, ұзақ
мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық пайдаланудан бас тартуына
байланысты қаржылай залалдарға ұшырауы мүмкін.
3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға проценттік ставка
жоғары болады. Себебі, көп және аз қарыздардың әкімшілік шығындары бірдей.
Басқа да жағдайлар –бәсеке салық салу деңгейі және т.б. факторлар әсер
етеді.
Проценттік ставканың атқаратын қызметі зор, өйткені ол өндіріс деңгейі
мен оның құрылымына ықпалын тигізеді, яғни:
1. Төменгі проценттік ставка инвестициялардың өсуіне және өндірістің
ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Жоғары проценттік ставка инвестицияны
тұншықтырады және өндірісті тежейді.
2. Проценттік ставка капиталдың орнығуына да әсер етеді.Ол ақшаларды ең
табысты салаларға шоғырландырады.
Пайда - кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың шығар
көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен қосымша өнім.
Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетін
қорытындылайтын негізгі көрсеткіш.
Пайда категориясын қарастырғанда экономикалық (ата) және бухгалтерлік
пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы шығындардың ішкі және
сыртқы (жоғарыда айтылған) болып шектелуінде.
Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан
(толық түсім) ішкі және сыртқы шығындар сомасын (оған орта пайда да
қосылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда – кәсіпорын сатқан
өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең.

Пайда кәсіпорын іс-әрекетін қорытындылайтын синтетикалық көрсеткіш
ретінде, оғын көп факторлар әсер етеді. Сондықтан пайданың көлемі сыналарға
байланысты:
1) Еңбек өнімділігінің деңгейі: Еңбек өнімділігі жоғарылаған сайын
өнім өндіру және оны сату көбейеді, өзіндік құны төмендейді. Осының бәрі
пайданы көбейтеді.
2) Еңбек өндіруде материалдық және еңбек шығындарын үнемдеу. Осының
нәтижесінде өндірістегі материал және еңбек сыйымдылығы төмендейді, капитал
тиімділігі артып, пайда көбейеді.
3) Өндіріс құрылымының және өндірілген өнім ассортментінің үлесінің
жоғары болуы пайданы көбейтуге жағдай жасайды;
4) Баға деңгейі. Шығарылған өнімдерге бағаның өсуі алынатын пайдаға
тікелей пропорционалды, ал төмендеуі кері пропорционалды;
5) Авансыланған капиталдың жалпы айналым жылдамдығы. Қызмет жасап
жатқан капиталдың айналымын тездету негізгі және айналмалы капиталды
үнемдеуге немесе шығарылатын өнім көлемін өсіруге әкеліп соғады. Екі жағдай
да пайданы көбейтуге әкеледі.
6)Жалпы пайданың таза пайда және мемлекетке аударуға бөліну.
Мемлекетке жалпы пайдадан орынсыз, артық өндіру таза пайданы кемітіп,
кәсіпорын экономикасының бірқалыпты қызмет жасау мүмкіншілігін
төмендетеді.
Кәсіпорын барлық осы бағыттарда өз пайдасын көбейтуге тырысады, әрине
олар оның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінде позитивтік маңызы бар.

Пайданың экномикалық категория ретіндегі мәні, оның төмендегі үш
атқаратын қызметінен көрініс табады:
1) Пайданы өндірістік және коммерциялық іс-әрекеттеріне қорытынды баға
беру көрсеткіші ретінде пайдаланады. Кәсіпорынның өндіріс және айналым
сфераларындағы іс-әрекетінің барлық жағы пайдада көрініс табады. Бірақ
пайда әмбебап көрсеткіш емес. Пайда категориясының көп факторлылығына
байланысты пайдамен бірге басқа да көрсеткіштерді пайдалану қажет.
2) Пайда болуы қызметін атқарады. Пайданы қосымша құнды кәсіпорын мен
мемлекеттің, кәсіпорын мен салалардың, кәсіпорын мен оның жұмысшыларының,
өндірістік және өндірістік емес сфералардың арасында бөлу және қайта бөлуде
қаражат рынагы ретінде пайдаланады.
3) Пайда ынталандыру қызметін атқарады. Бұл қызметі кәсіпорынды және
оның жұмысшыларын экономикалық ынталандыру процесімен байланысты.
Кәсіпорында пайданы марапаттау қорын құруға және өндірісті ұлғайту көзі
ретінде пайдаланады.
Кәсіпорын пайдасы абсолюттік –ақша түрінде және салыстырмалы пайда
нормасы (% -түрінде) ретінде анықталады.
Пайда нормасы пайданың барлық авансыланған капиталға қатынасы ретінде
пайыз түрінде есептеледі.
Мұнда Р*- пайда нормасы;
Р – ақша түріндегі пайда;
К – авансыланған капитал [4, б 28]
Пайда нормасы авансыланған капиталдың пайдалылылғын көрсетіп, оны әрі
қарай қалай пайдалану жолдарын сілтейді. Сонымен, қатар пайда жалпы
шығындарға қатынасымен де есептеледі. Бұл жерде өндірісте жұмсалған
шығындардың пайдалылығын көрсетеді.

1.2 Банк пайдасы және оның қалыптасу көздері

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес
түрлерін жатқызуға болады.:
- Ссудалық бизнес;
- Дисконттық бизнес;
- Сақтау бизнесі;
- Банктік кепіл беру қызметі;
- Бағалы қағаздармен жұмсалатын бизнес;
- Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша
операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
- Басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
- Дәәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады:
1. клиенттерге ссудаға беру , яғни жеке және заңды тұлғаларға
2. бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға
пайыздық сыйақыда беру. (3: 234-беттер)
Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банк аралық неие ,кейде басқа
банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз
формасында табыс түседі.
Дисконттық бизнес - төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды
банктің белгілі бір төменгі бағамен дисконт негізінде сатып алуын
сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады.
Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші
жағдайда , банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан
талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда , банктің ондай құқығы жоқ. Бірақ
ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сиақы үшін тәуекелге барады.
Факторингтік операциядан түсетін сиақының жоғары болуы , өнімді сатудан
түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен
тұрады.
1. сатып алынған төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің
несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы
ауытқып отыратын коммисиондық сиақы. Факторинг операциясындағы комиссия
пайызбен белгіленетіндіктен , факторингтік операциядан түсетін табысты
банктің пайздық табысына жатқызады.
Сақтау бизнесі - банктің трасталық және агенттік қызметтеріне
негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін ( жылжымайтын мүлік, бағалы
қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты
клиенттің тапсырмаоларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы
табыс түріне бакке табыс әкеледі. Мысалы траст келісім шарт негізінде
банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге
орналастырғандығына міндеттеме алады. Агенттік қызметке клиентпен нақты
қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық
операцияларда тәуекел жоғары , себебі мұнда банктің табысы клиенттің
табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес трасталық операциялардан
түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа
қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік өз кезегінде
трсталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын
анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы
мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементерді қамтиды:
1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару
2. оларды нарықта сату
3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа
эмитенттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы
операциялары.
Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады:
1. өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату
барысында бағамдық айырмадан;
2. жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін
кәсіпорынның есебін талап ететін стандартқа жеткізу , оның құнын
бағалау , акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін
комиссия.
Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айырысу үшін банктің әр
түрлі формалардағы берген кепіл хаты мен кепілдемесінен түсетін
ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды.
Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса,
банк оған ақысыз кепіл хатын беруі мүмкін .
Салымдар қабылдау және клиентердің тапсырмасы бойынша операцияларды
жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік
береді:
1. комиссиондық сыйақылар:
а) шот ашқаны үшін
б) шотты жүргізгені үшін
2. белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде);
3. айналымнан алынатын комиссия ( айналымнан пайыз түрінде алу);
в) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін:
г) шотты жабу үшін;
д) қолма қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты
операцияларды жүргізгені үшін.
4. банктің корреспондентік қатынас бойынша басқа банктердегі
корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алынатын пайызы;
5. дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік ақпараттық, кеңес
беру, валюта айырбастауға байланысты , клиенттерге оқытып ұйреткені үшін
және т.б. алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін
табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады [5, б
46].
Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:
-пайыздық табыстар;
-банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
-басқа да табыстар ( бағамдық айырма, яғни баланстық құны, нарықтық
құны арасындағы айырма, алынған айыппұлдар, пениялар және т.б)
Пайыздық табыс комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және
факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді.
Ссудалық пайыз - пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің
берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады.
Ссудалық пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:
1. несие формасына қарай:
- коммерциялық
- банктік
- тұтыну несиелерінің пайызы және т.б.
2. несиелік мекеменің түріне байланысты :
- Орталық банктің есепке алу пайызы
- банктік
- ломбарттық
3. ссудалар мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз,
ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз.
4. ссудалар түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым
құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты
ссудалдар бойынша пайызы.
5. операциялар түрлеріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық
несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз.
6. есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура,
және т.б.
Комиссия - банктік операция үшін сыйақы , латын тілінен аударғанда
тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілген қызметтердің
өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.
Табыс көздері екіге бөлінеді:
1. тұрақты – оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз
табыстар жатады.
2. тұрақсыз – оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын
операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды
жатқызуға болады.
Банк тиімділгімен қызмет атқаруға экономикалык бағытталуы тікелей оның
рентабельділігімен байланысты.
Рентабельділік - бұл банктің табыстылык деңгейінің қатынастық
көрсеткіші, ол қызметтердің түрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық,
инвестициялық және т.б.) табыстылығын, толықтай алғанда Банк жұмысының
тиімділігін сипаттайды [6, б 72].
Рентабелділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты
нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік катынасын
көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші банктің жақсы немесе
нашар жұмыс аткарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз болып
қалады. Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті кезендегі
нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы Банктің шаруашылық қызметін
бағалауға, рентабелділік деңгейін сипаттайды сонымен катар баска салалар
банктің ішінен талдау жасалынып жатқан банк орынын анықтайды.
Рентабельділік көрсеткішін банк қызметін бағалау және инвестициялық
саясаттағы және баға белгілеудегі құрал ретінде пайдаланады.
Толықтай, рентабельділік - бұл ресурстарды пайдалану дәрежесі мен
шығындар деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатынастык көрсеткіші.
Банктің рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы
жүргізіледі:
1. Өнімнің рентабельділігі (Рө) - бұл рентабельділік көрсеткіштері
тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару
мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалыгына бақылау кезінде, ішкі
шаруашылық талдаулык есеп айырысулар кезінде рациоеналды түрде қолданылады.
Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:
(1)
мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.
Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.
2.Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі - сату рентабельділігі
келесі формуламен есептеледі:
(2)
Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім. Берілген
коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне канша пайдадан келетіні
көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары
кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі
шығынды төмендету табылады.
Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара
байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды
шығындардың өзгеруін сипаттайды.
3. Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:
А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)
(3)
Пт - таза пайда;
Км — меншік капиталдың орташа көлемі.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда
келетінін, меншік капиталдың пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Меншік капитал рентабельділігі көрсеткішінің езгеруі мысалы, биржадағы
кәсіпорын акцияларының бағасы төмендеуінен немесе өсуінен болуы мүмкін.
Б) Инвестициялык капитал рентабельділігі - Ри
(4)
мұндағы Кик - инвестициялық капиталдың орташа көлемі.
Көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігін
сипаттайды.
В) Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі – Рнк
Рнк = Пк Б орт * 100 % (5)
мұндағы Пк - кәсіпорын пайдасы
Б орт - барлық кезеңдегі баланстық орташасы
Берілген коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану
тиімділігін көрсетеді, яғни кәсіпорын мүлігін пайдалану тиімділігінің
жоғарылауы туралы коэффициенттінің мәнінің өсуін куәландырады.
4. Айналым активтерінің рентабельділігі - Р айн
(6)
мұндағы АА орт - айналым активтивтерінің орташа көлемі.
Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланстың
берілгендері бойынша анықталады. [7, б 141]
5. Негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің рені
абельділігі
(7)
мұндағы А айн емес орт - негізгі құралдардың жэне басқа да аГжалымды
емес активтердің кезеңге көлемінің орташасы
Қазіргі жагдайда рентабельділік өсімінің маңызды факторы болып
кәсіпорынның ресурсты қорландыру (жинау) жөніндегі жұмыстары табылады, олар
өзіндік құнның төмендеуі мен пайданың өсуіне әкеледі. Қазіргі кезеңде
ресурстарды үнемдеу өте тиімді әрі арзанға түседі.
Өндірістің рентабельділігінің және пайдалығының өсуіне басты жағдай
болып өзіндік құнның төмендеуі табылуы керек.
Қорытындылай келе рентабельділік көрсеткіштеріне талдау жасай келе,
келесі сәттерге аса назар аудару қажет:
Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір
деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік
деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары
пайда табады.
Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі
кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар
қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айкындалады.
Уакытша аспектілердің ықпалы келесідей түрде байқалады, басқа ұзақ
мерзімді инвестициялар және жаңа технологияларға көшу есебінен ағымды
кезенде ликвидтілік көрсеткіштері төмен болуы мүмкін, мұны жағымсыз сәт
ретінде қарастыруға болмайды.

2 БАНКТІҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН ПАЙДАСЫНА ТАЛДАУ

2.1 Банктің табыс көздері мен пайдасын талдау

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін
жатқызуға болады:
- ссудалық бизнес;
- дисконттық бизнес;
- сақтау бизнесі;
- банктік кепіл беру қызметі;
- бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
- салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды
жүзеге асыру бизнесі;
- басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
- дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды
тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге
уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Сссудалық бизнестің екінші
бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында
болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.
Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды
банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын
сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг
операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк
төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан)
талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол
ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік
операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін
жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады: 1)
сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын
пайдаланғаны үшін төленетін пайыз және 2) факторинг операциясының түріне
байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы.
Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен,
факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына
жатқызады [8, б 29].
Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттікқызметтеріне
негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз,
шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің
тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде
банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке
шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме
алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау
қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі
мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған
сәйкес, трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік
қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді.
Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық
сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін
комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан
тұрады.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:
1) банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;
2) оларды нарықта сату;
3) кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да
эмитенттердің бағалы қағаздарымен қайталама нарықтағы операциялары.
Мұндай бинестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады: 1) өзінің
және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық
айырмадан; 2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі
(жекшелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізіу,
оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу)
үшін комиссия.
Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айрысу үшін және несие алу
үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен
түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін
сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің
қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.
Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды
жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік
береді:
-комиссиондық сыйақылар:
а) шот ашқаны үшін;
б) шотты жүргізгені үшін;
-белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде);
-айналымнан алынатын комиссия (айналымнан ( түрінде алу):
в) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін;
г) шотты жабу үшін;
д) қолма-қол ақша беруге немесе есеп айрысуға байланысты операцияларды
жүргізгені үшін.
-Банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктердегі
корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы;
-Дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру,
валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және т.б
алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа:
лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.
Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:
1. пайыздық табыстар;
2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
3. басқа да табыстар ( бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен
нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пенялар және
т.с.с.)
Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік
және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға
иеленеді.
Ссудалық пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген
ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Ссудалық
пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:
- несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің
пайызы және т.с.с.;
- несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу
пайызы, банктік, ломбардтық;
- ссудалардың мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз,
ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз;
- ссудалар түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына
берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша
пайызы;
- операциялар түрлеріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық
несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;
- есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және
т.б.
Комиссия– банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда
“comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін
қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.
Табыс көздері екіге бөлінеді:
- тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз
табыстар жатады;
- тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын
операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды
жатқызуға болады.
Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына және есепке алу тәсіліне
қарай жіктеуге болады.
Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:
- пайыздық шығыстар;
- пайызсыз шығыстар;
- басқа да шығыстар.
Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару
аппаратын ұстау шығындары жатады [9, б 53].
Басқа да шығыстар, банктік операциялардың өзіндік құнына жататын
резервтерді құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында,
валюталық нарықта алып-сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің
мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды.
Отандық банктердің шетелдік банктер алдында негізгі қарыздың күрт
ұлғаюы болды. Әлемдік дағдарыс отандық банк жүйесін ғана емес, әлемнің
бүкіл банк жүйесін жанап өткендіктен, шетелдік банктер меншік құралдарының
жетіспеушілігіне байланысты пайыздық қарызды қайтаруды талап етті.
1- кестесінде Қазақстанның банк секторының табыстылық көрсеткіштері
келтірілген.

Кесте 1
Банк секторының табыстылық көрсеткіштері

Банк секторының табыстылығын сипаттайтын 2008 2009 2010 2011 2012
салыстырмалы көрсеткіштер динамикасы
Табыс салығын төлегенге дейінгі таза 34,1 39,0 82,6 127,589,9
табыс, млрд. теңге
Табыс салығын төлегенге дейінгі таза 1,98 1,45 1,82 1,44 1,83
табыстың жиынтық активтерге қатынасы
(ROA), %
Табыс салығын төлегенге дейінгі табыстың 14,2111,2614,0614,6515,77
баланс бойынша меншік капиталға қатынасы
(ROE), %
Е с к е р т у: ҚР ҰБ статистика мәліметтерінен алынған

Табыс салығын төлегенге дейінгі таза табыс 2011 жылмен салыстырғанда
күрт төмендеді және 89,9 млрд. теңгені құрады. Бұл банк активтерінің
сапасының нашарлауы жөнінде куәландырады. 2008 жылмен салыстырғанда табыс
салығын төлегенге дейінгі таза табыстың жиынтық активтерге қатынасы да
төмендеді және 1,83 пайызды құрады.
2 кестесінде елдің экономикасын банк секторымен несиелендіруді
сипаттайтын абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердің динамикасы
келтірілген. 2 кестесінен экономика секторларына берілген несиелердің
көлемі 2008 жылдан 2012 жыл аралығында күрт ұлғайғанын және 8868,3
млрд.теңгені құрағанын көреміз.

Кесте 2
Банк несиелерін беру көрсеткіштері

Ел экономикасын банк секторымен 2008 2009 2010 2011 2012
несиелендіруді сипаттайтын абсолютті жыл жыл жыл жыл жыл
және салыстырмалы көрсеткіштердің
динамикасы
Экономикаға несиелер (млрд. теңге), 978,11812,92592,14692,78868,3
соның ішінде:
Қысқа мерзімді, млрд. теңге 369,8634,5 869,2 1257,81782,7
Ұзақ мерзімді, млрд. теңге 608,31178,41722,93434,97085,6
Несиелердің көлеміндегі заңды тұлға. 87,5 79,5 74,2 65,8 64,5
үлес салмағы, %, соның ішінде:
шетелдік валютадағы несиелер, % 53,5 51,9 51,5 48,4 42,7
теңгедегі несиелер, % 46,5 48,1 48,5 51,6 57,3
сыйақылардың орташа өлшенген 14,9 13,7 13,0 12,2 14,8
мөлшерлемесі, %
Несиелердің жалпы көлеміндегі жеке 12,5 20,5 25,8 34,2 35,5
тұлға несиелердің үлес салмағы, %,
сыйақылардың орташа өлшенген 20,3 19,5 19,7 18 19,3
мөлшерлемесі, %
Е с к е р т у: ҚР ҰБ статистика мәліметтерінен алынған

Көрсеткіштерден заңды тұлғаларға берілген несиелер шетелдік валютада да
берілгені және 42,7 пайызды, яғни заңды тұлға несиелерінің жалпы үлес
салмағынан жартысын дерлік құрағаны белгілі. Теңгенің құнсыздануымен
байланысты отандық банктерде мәселелі несиелердің шкаласы ұлғаяды, бұл
қайтадан активтер сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады.

Сурет 1. 2011 жылдағы коммерциялық бантердегі несилердің меншікті
салмақ үлесі

Сурет 2. 2012 жылдағы коммерциялық бантердегі несилердің меншікті
салмақ үлесі

Берілген несиелердің негізгі үлесі заңды тұлғаларға жатады. Бірақ
осыған қарамастан, 2008 жылдан 2012 жыл аралығында берілген несиелердің
23 пайызға төмендеуі болды және 2012 жылы 64,5 пайызды құрады. Несиелердің
жалпы көлеміндегі жеке тұлғаларға несиелердің үлес салмағы 2008 жылдан 2012
жыл аралығында күрт ұлғайды және 35,5 пайызды құрайды. 3 кестесінде тәуекел
дәрежесі бойынша банк несиелерінің жіктелуі келтірілген.

Кесте 3
Коммерциялық банктер несиелерінің жіктелуі
млрд. теңгеде
Көрсеткіштер 2008 2009 2010 2011 2012
Стандартты 445,8 1134,22319,53989,47939,7
1 санаттағы күмәнді 147,3 159,6 142,3 129,6 252,4
2 санаттағы күмәнді 98,2 134,1 27,6 187,1 261,8
3 санаттағы күмәнді 87,5 142,3 23,1 132,2 213,7
4 санаттағы күмәнді 73,1 98,5 19,6 147,4 68,2
5 санаттағы күмәнді 49,6 81,1 44,5 39,7 57,4
Сенімсіз 76,6 60,1 15,5 67,3 75,1
Барлығы 978,1 1812,92592,14692,78868,3
Е с к е р т у: ҚР ҰБ статистика мәліметтерінен алынған

Келтірілген кестеден күмәнді және сенімсіз несиелердің көлемі ұлғайғаны
байқалады. Банктердің несиелік портфеліне жағымсыз әсер ете отырып,
сенімсіз несиелердің сомасы 2012 жылы 75,1 млрд. теңгені құрайды. Бұл, ең
алдымен, қарыз алушының төлем қабілеттігінің нашарлауымен байланысты,
себебі қаржылық дағдарысқа байланысты кәсіпорындардың көбі жұмыс күнін
қысқартты, еңбекақыны кешіктіре бастады, нәтижесінде мерзімі өткен берешек
ұлғайды. Сонымен қатар банктер арасындағы бәсекелестік те зор әсер етеді,
өйткені банктер несиені беруде құжаттар санын қысқартады, осылайша тәуекел
мен күмәнді және сенімсіз несиелердің санын өздері ұлғайтады.
Банктер өтімділігінің тұрақтануына көбінесе мерзімі өткен берешекті
ұстап қалатын банк депозиттерінің әрекеттесетінін атап өту қажет.
4 кестесінде екінші деңгейдегі банктермен тартылған депозиттердің
динамикасы келтірілген.

Кесте 4
Банктік депозиттерді тартудың көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2008 2009 2010 2011 2012
жыл жыл жыл жыл жыл
Тартылған депозиттердің барлығы, 731,2 1607,8 2523,04714,96424,0
млрд. теңге
- заңды тұлғалардың депозиттері 395,8 1159,8 1926,23680,74976,1
- жеке тұлғалардың депозиттері 335,4 448,0 596,8 1034,21447,9
Шетелдік валютадағы депозиттер 47,1% 57,0 % 62,8% 58,1% 60,6%
үлесі
Жиынтық депозиттерде жеке тұлғалар45,9% 27,9% 23,7% 22,0% 22,6%
депозиттерінің үлесі
Е с к е р т у: ҚР ҰБ статистика мәліметтерінен алынған

Кестеден депозиттердің жалпы көлемі жылдан жылға отандық банктерде
ұлғайып келетінін көреміз. Банк жүйесіне салымдардың осындай ағымына банк
секторына сенімнің артуы да себеп болды. Коммерциялық банктердегі
депозиттердің өсуін төмендегі суреттерінен көруге болады.
Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығыстарды мынадай түрлерге бөледі:
- банктің операциондық және түрлі шығыстары: банктің төлейтін
салықтарының бір бөлігі, (мүлік, жол, көлік құралдары, жер, ҚҚС, яғни
бұл салықтар банктің операцияларының өзіндік құнына жатады) тартқан
қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау
Банк табыстарын талдау
НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
«Банктердің шығыстары мен кірістері»
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Банк және оның Қазақстандағы дамуы
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Капиталдар туралы
Пәндер