Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Инвестициятүсінігінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Инвестицияның экономикалық мазмұны, инвестиция рөлі, түрлері ... ... ..5
1.2 Инвестициялық климаттың ел экономикасындағы атқаратын қызметтері мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Инвестициялық климатқа әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 ҚР.дағы инвестициялық қызмет және инвестициялық климат ... ... ... ... ... .17
2.1Инвестициялық климаттың мәні және оның қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2Инвестициялық қызметті қаржыландыру және несиелеу көздері ... ... ... ...20
2.3Қазақстан экономикасындағы инвестициялық климатқа талдау ... ... ... .23
3 ҚР инвестицилық климатының мәселелері мен дамыту жолдары ... ... ... ...28
3.1 Тартымды инвестициялық ахуал . ел экономикасын дамытудың негізі..28
3.2Шетел инвестицияларының елдің инвестициялық климатын қалыптастырудағы маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.3Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң дағдарыс жағдайында инвестициялық тартушылықты жақсарту мәселесi экономиканың нақты секторын басқарудың тиiмдi экономикалық құралдарының қатарында аса актуалды болып табылады, яғни бұл “Қазақстан – 2030” стратегиясымен анықталған ұзақ мерзiмдi басымдылықтармен жауап бередi
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс — әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Мұнай-газ кешені инвестиция тартатын сала ретінде барлық экономикадан бөлек дами алмайды. Базалық саланың қалыптасуы жабдықтаушы-саланың және тұтынушы-саланың дамуына ықпал етуі қажет. Мұнай-газ саласы экономиканың тек бір секторының ғана емес, аралас салаларының да және де барлық экономиканың бесеке қабілеттілігін жоғарылатуға қабілетті қозғаушы күш болуы қажет, себебі инвестициялық ресурстардың мақсатты бағытталуы оларды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға көмектеседі.
Еліміздің халықаралық бәсеке қабілеттілігі жеке кластер айналасында дамуы қажет. Бұл тезис дамыған елдердің мысалдарымен түсіндіріледі. Мысалы, Швецияның целлюлозды-қағаз секторының бәсеке қабілеттілігі ағаш өңдеу және қағаз өндіру бойынша құрал-жабдықтарға, конвейерлік линияларға және басқа да аралас тұтынушы-салаларға бағытталады (мысалы, сіріңке өндіру), Дания агробизнес және азық-түлік өнеркәсібі үшін арнайы өндірістік технологиялар дайындап шығарды. Мұнай өндіретін елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, халықтың саны жоғары болғанда мұнай байлығын дұрыс пайдалану әл-ауқаттың жоғары стандарттарын және
1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда.- 2000, 21 октября.-С.21.
2. Сагандыков С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов в экономике. – Алматы, Ғылым, 1999.- 138с.
3. Сагадиев К., Канатчинова А. Развитие инвестиционного процесса в РК как фактор преодоления экономического кризиса. – Алматы, Азия - Экономика и жизнь, 1999.- №12, 13, 14.
4. Сысоев Л., Сутюшева Н. Инвестиционный климат, привлечение и регулирование иностранных инвестиций // «Саясат», 2000.- № 3, С.7
5. «Инвестиция туралы» Қазақстан Республикасының заңы // 20 қаңтар 2003 жыл.
6. Инвестиции в реальный сектор экономики: проблемы оценки и развития: Монография. – Алматы «Экономика», 2000.- С.92-170.
7. Оспанов М.Г., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. Алматы: “Факсинформ”, 1997.- 89-149с.
8. Игошин Н.В. Инвестиции. Учебник для вузов.-М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999.-312-337с.
9. Казахстан: анализ торговой и инвестиционной политики. Астана; Алматы; Аркаим, 2002.-385-409с.
10. Мамыров Н.К. Макроэконмические аспекты стабилизации и развития экономики Республики Казахстан // Проблемы стабилизации и развития экономики. – Алматы: Ғылым, 1999.- 29-38с.
11. Долженкова Л.Д. Иностранные портфельные инвестиции в развивающихся странах // Деньги и кредит, 2001.- № 10.
12. Указ Президента РК № 2035 «О мерах по повышению эффективности государственного управления и регулирования процессов привлечения иностранного капитала в экономику РК» от 19 января 2002 года.
13. Указ Президента РК «Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций» от 5 апреля 2003 года.
14. Камшыбаев Р., Марчевский В. Иностранные инвестиции и интересы Республики // Мысль, 1998.- № 3.
15. Плышевский Б. Проблемы воспроизводства в современных условиях // Экономист, 2000.- № 1, С.25-38.
16. Яковцев Ю. Стратегия инвестирования // Экономист, 1998.- № 9, С.30
17. Ашимбаев Т.А. Тартымды инвестициялық ахуал – ел экономикасын дамытудың негізі. Егемен Қазақстан,2014.-№89
18. . – Алматы: Казахстан, 1999.-168с.
19. Челекпаев А. Пути привлечения, использования и возврата иностранного капитала // Финансы Казахстана, 2000.-№6, С.59-66.
20. Основы инвестирования. – М., 2003.-88с.
21. Постановление Правительства РК «Об инвестиционной программе РК на 2000 год» от 4 февраля 2003 года №38.
22. Коммерческая оценка инвестиционных проектов: основные положения методики «Альт-Инвест». – М., 1998.- 63с.
23. Хамитов Е.Н. Современная инвестиционная политика и ее основные направления. – Жн. «Тауар», 2002.- №3, С.9.
24. Баймуратов У.Б. Методы анализа и оценки экономической эффективности капитальных вложений. – Алма-Ата: Наука, 1997.- 319с.
25. Гейдаров М.М. Финансирование и кредитование инвестиции. Учебник для вузов.-Алматы, 2005.- 49-105с.
26. Иванов И., Рогов С. Воспроизводство основных фондов и его инвестиционные источники // Экономист, 2000.- № 7, С.20-30.
27. Статистический ежегодник Казахстана. – Алматы, 1997.- 5с.
28. Ирниязов Б. Финансовая оценка инвестиций на расширения производства и замены оборудования в условиях рынка. М., «Бизнес и банки», 2000, 6 апреля.
29. Бочаров В.Б. Финансово-кредитные методы регулирования рынка инвестиций. – М.: Финансы и статистика, 1996.-С.144.
30. Смирнов А.Л. Организация финансирования инвестиционных проектов. АО «Консалтбанкир». – М., 1997.- 103с.
31. Бабак В.Ф., Новгородов А.А. Финансирование и кредитование инвестиций коммерческими банками // ЭКО, 1999.- №4, С.42-50.
32. Курс переходной экономики: уч. для вузов / под редакцией академика Л.И. Абалкина М:ЗАО «Финстатинформ», 1998.- 452с.
33. Сейтказиева А.Н., Байкадамова А.Б., Сариева Ж.И. Инвестиционная деятельность предприятия. – Алматы: Экономика, 1999.- С.198.
34. Шаукенбаев Т.Ш., Акдаулетов М.Р. «О новой экономической реформе в нефтеразведке». Алматы, АИНХ, 2001.- С.138.


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Инвестициятүсінігінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Инвестицияның экономикалық мазмұны, инвестиция рөлі, түрлері ... ... ..5
1.2 Инвестициялық климаттың ел экономикасындағы атқаратын қызметтері мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Инвестициялық климатқа әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...12
2 ҚР-дағы инвестициялық қызмет және инвестициялық климат ... ... ... ... ... .17
2.1Инвестициялық климаттың мәні және оның қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2Инвестициялық қызметті қаржыландыру және несиелеу көздері ... ... ... ...20
2.3Қазақстан экономикасындағы инвестициялық климатқа талдау ... ... ... .23
3 ҚР инвестицилық климатының мәселелері мен дамыту жолдары ... ... ... ...28
3.1 Тартымды инвестициялық ахуал - ел экономикасын дамытудың негізі..28
3.2Шетел инвестицияларының елдің инвестициялық климатын қалыптастырудағы маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.3Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң дағдарыс жағдайында инвестициялық тартушылықты жақсарту мәселесi экономиканың нақты секторын басқарудың тиiмдi экономикалық құралдарының қатарында аса актуалды болып табылады, яғни бұл "Қазақстан - 2030" стратегиясымен анықталған ұзақ мерзiмдi басымдылықтармен жауап бередi
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс -- әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Мұнай-газ кешені инвестиция тартатын сала ретінде барлық экономикадан бөлек дами алмайды. Базалық саланың қалыптасуы жабдықтаушы-саланың және тұтынушы-саланың дамуына ықпал етуі қажет. Мұнай-газ саласы экономиканың тек бір секторының ғана емес, аралас салаларының да және де барлық экономиканың бесеке қабілеттілігін жоғарылатуға қабілетті қозғаушы күш болуы қажет, себебі инвестициялық ресурстардың мақсатты бағытталуы оларды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға көмектеседі.
Еліміздің халықаралық бәсеке қабілеттілігі жеке кластер айналасында дамуы қажет. Бұл тезис дамыған елдердің мысалдарымен түсіндіріледі. Мысалы, Швецияның целлюлозды-қағаз секторының бәсеке қабілеттілігі ағаш өңдеу және қағаз өндіру бойынша құрал-жабдықтарға, конвейерлік линияларға және басқа да аралас тұтынушы-салаларға бағытталады (мысалы, сіріңке өндіру), Дания агробизнес және азық-түлік өнеркәсібі үшін арнайы өндірістік технологиялар дайындап шығарды. Мұнай өндіретін елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, халықтың саны жоғары болғанда мұнай байлығын дұрыс пайдалану әл-ауқаттың жоғары стандарттарын және экономиканың тез дамуын қамтамасыз етеді. Жан-жақты дамыған экономикасы және әскери күші жоқ елдің өзі әлемдік саясатқа маңызды ықпал ете алады және басқа елдерге бақылау жасау механизмдерін жасап шығара алады [1].
Қазақстанда үлкен көлемдегі мұнайды күту үстінде. Көмірқышқыл газды экспорттаудан түскен табыстар - бұл экономикалық дамудың қозғаушы күші ғана емес, сондай-ақ үкімет үшін құтқарушы-таяқшасы болып табылады. Бірақ, біздің білуімізше, таяқтың екі шеті болады. Және осы жерде көп көлемді мұнай үлкен проблемалар туғызуы мүмкін. Дамыған нарықтық экономикасы бар еліміздің экономикасында мұнай жобалары басты орын алатын болғандықтан, олардың экономикалық болуы көмірқышқыл газына бай елдер үшін саяси шешімдер қабылдауына нақты әсер етуге көмектеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты - ҚР инвестициялық қызметі мен инвестициялық климатына талдау жасау және оңтайландыру жолдары мен шешу мәселелерін анықтау болып табылады. Осы мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді алға қойдым:
oo Инвестицияның экономикалық мазмұны, инвестиция рөлі, түрлері;
oo Инвестициялық климаттың ел экономикасындағы атқаратын қызметтері мен рөлі;
oo Инвестициялық климатқа әсер ететін факторлар;
oo Инвестициялық климаттың мәні және оның қажеттілігі;
oo Инвестициялық қызметті қаржыландыру және несиелеу көздері;
oo Қазақстан экономикасындағы инвестициялық климатқа талдау;
oo Тартымды инвестициялық ахуал - ел экономикасын дамытудың негізі;
oo Шетел инвестицияларының елдің инвестициялық климатын қалыптастырудағы маңыздылығы.

1 Инвестициятүсінігінің теориялық негіздері

0.1 Инвестицияның экономикалық мазмұны, инвестиция рөлі, түрлері

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада - жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық жүргізуші субъектілер жүгізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда, бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тағы басқа да кәсіпорындардың жинағы болып табылады. Мұнда "жинақшы" мен инвестор сәйкес келеді, алайда, бір мезгілде жұмыскер де кәсіпкер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір үлкен, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде инвестиция туралы көптеген ұғымдар қалыптасты. Көптеген авторлар капитал салымы мен инвестиция арасында айырмашылық жасамайды, ал кейбіреулер инвестиция ұғымын кез келген құралдарды, олардың мақсаттық бағыттарына қарамастан салу деп түсінеді.
Инвестицияға нақты және қайталанбайтын анықтама беру үшін ол өте ауқымды ұғым. Әртүрлі тәжірибелік салалар мен әртүрлі экономикалық салаларда ол өз ерекшеліктерін көрсетеді.
Макроэкономикалық инвестициялар жаңа үйлерге және ең жаңа құрылыс құралдарына кететін өзара байланысты шығын [2].
Сонымен "инвестиция" - бұл өндірістік теорияда және бүкіл макроэкономикада, инвестиция жаңа капитал құру процесі болып табылады. Ал, енді соңғысы, қаржылық теорияда "инвестиция" қазіргі кезеңдегі "шығын", болашақта табыс әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді сатып алу. Нақтырақ айтқанда, инвестициялар - бұл бүгінгі күндегі анықталған құнның болашақта мүмкін болатын құнмен айырбасы 3.
Экономикалық даму талаптарына, яғни өндірістік потенциалды жаңа ғылыми-техникалық негізде құруға, әлемдік нарықта өз бәсекелестік бағытын құруға, жоғарғы инвестициялық белсенділік өте қажет. Жаңа экономикалық құбылыс болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азияның "жаңа индустриалды елдерінің" пайда болуына, кең ауқымды жаңа ғылыми салаларының дамуы мен соған өтуі инвестиция көлемінің осы елдерге көптеп тартылуына байланысты.
Инвестиция - бұл Қазақстан үшін жаңа экономикалық термин болып табылады, және ол нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болды. Бірақ әлі де ол экономикалық әдебиеттерде өзінің бірегей ұғымын тапқан жоқ. Орталықтандырылған жоспарлы ауқымында "жалпы капиталдық салынымдар" деген ұғым қолданылады, және оған негізгі қорларды қайта құруға, оны жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар кіреді.
Ең алдымен нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өнеркәсіптік өндірістің және инвестицияны пайдаланудың тиімділігін қарастырмас бұрын, біздің көзқарасымыз бойынша алдымен "инвестицияның" әлеуметті-экономикалық мағынасын нақтылап түсініп алайық.
Ғылыми әдебиеттерде инвестиция ұғымын анықтауда бірнеше пікірлер қалыптасқан. Пол Самуэльсон былай жазады: "біз таза инвестициялау немесе капитал қалыптастыру деп - тек қоғамның нақты капиталдарының (ғимараттар, өндірістік-материалдық қорлар, қондырғылар және т. б.) өсуін айтамыз" [3].
Аса танымал "Экономикс" шығарылымының авторлары инвестиция ұғымын кең ауқымда түсінеді. Олардың анықтамаларында инвестиция - "өндірістік шығындар мен өндірістік құралдарды жинақтау және материалдық қорлардың көбеюі", яғни бұл дегеніміз бүкіл өндірістің шығындары мен жинақтары.
Инвестицияның қайнар көзі бәрімізге белгілі - жинақ болып табылады. Жинақтар бір ғана шаруашылық агентімен асырылса, инвестицияны тіптен бөлек адамдар немесе бөлек шаруашылық субъектілері жүзеге асыра алады. Сондықтан, оқымыстылар бұл ұғымда анықтау барысында оның мазмұнынан гөрі, бағытталуына мән береді. В. Бочаров инвестиция ұғымын - қолданысқа пайдалана алмайтын табыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Инвестициялық ресурстар инвестициялық қызметтегі нақты объектілерге ауыстырылуы және сол жерде капиталдық бағаның табыс түрінде өсуі.
Капитал құнының инвестициялық процеске өсуі туралы Кейнс қарастырады. Оның анықтамасы бойынша инвестиция - бұл белгілі бір кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
В.Фельзенбаумның айтуынша, инвестиция ұғымы былайша айтқанда нақты инвестицияны мазмұны бойынша "капитал салымы" және "қаржылық" инвестиция түсінігін қамтитын ұғым, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін, тікелей меншік иесі титулына байланысты акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарға салымдар. Бұл жағдайда инвестиция қызметінің объектілігі байқалады.
Халықаралық заң шығарушылар инвестицияны өте кең саяси және шаруашылық бітімгерлік тұрғысынан анықтайды, сонымен бірге инвестордың өзімен - оны инвестициялау субъектілеріне еріксіз байланыстырады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестицияны анықтауда тек оның мазмұнына ғана назар аудармай, оның мақсаттық бағытталуын да қарастыру керек. Осы көзқарас бойынша инвестициялар, жалпы ұлттық өнімді өндіруге жұмсалатын маңызды бөлікті және өндірісті жаңарту мен кеңейтуге кеткен шығындарды құрайды, яғни ақшалай капиталдан бөлек жеке тұлғаның капиталының кеңеюі мен капитал құрумен байланысты [4].
Тәжірибе жүзінде зерттеушілер инвестиция ұғымына әр түрлі түсініктер енгізеді. Қоғамдық ұғымда инвестиция түсінігін кез келген құралды, жер, қозғалмайтын мүліктер, акциялар, құрылысқа, техникаға салу, сатып алу деп түсінеді.
Өз уақытында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама беріп, бұл ағымдағы кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес нақты, әрі дәлірек анықтаманы Пол Хейн берді: "жинақталған өндіріс пен табыстың шайқалуының басты себебі болып Кейнс жүйесіндегі керекті инвестициялық шығындардың көлемінің өзгеруіне байланысты. Инвестиция - яғни болашақта одан күтілген табыстарды алу үшін, қандай да бір құндылықтарды сатып алу. Осыған байланысты станоктар сатып алғанда фирмалар инвестиция жүргізеді".
Осы заманғы көптеген экономистер, осы анықтаманы түсіндіре отырып, құндылықтарды сатып алуда көптеген ұғымдарды ұйғарады. Түгелдей инвестиция бойынша негізгі капиталға салымдардан бастап, энергия, материалдар, шикізаттар сатып алуға кететін ағымдық шығындар да түсіндіріледі. Мысалы: Журавлева Г.П. мен Малышева И.Ю. екеуінің есептеуінше: "инвестициялар бұл - еңбек заттары мен еңбек құралдарын, материалдар, жаңа технологиялар негізімен байланысты өндірістің жаңалануы мен кеңеюіне кететін шығындар", яғни бұл жерде негізгі және айналым қорларының салымы арасында айырмашылық жасалмайды және сол уақытта адамдарға ҒТП-ға инвестиция саналмайды. Қазақстандық экономистердің кейбіреулері де осы пікірді ұстануда, яғни инвестициялық қызметтің негізгі объектісі ретінде айналым құралдарын мойындайды және инвестицияның капитал салымының басты айырмашылығы оларды негізгі капиталға сала отырып, айналым құралдарын толықтыру деп түсіндіріледі.
Біздің ойымызша, кішкене анықтама былай болады: "Ағымдағы өндірістің бір бөлігі негізгі капиталдың өсуіне пайдаланылса, онда бұл жағдайда инвестиция орын алады. Инвестиция - бұл ақшалай құралдардың капиталды қайта өндіруге жұмсалуы".
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу - еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясатты жүзеге асыру керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған жоқ. Инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану мен молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және олардың өнімдерін пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы шарт.
Инвестиция ұғымы латын сөзі "investise" - "қаржы жұмсау" деген мағына береді. Инвестиция дегеніміз - бизнеске жұмсалатын күрделі қаржы. Ол негізінен бизнестің материалдық жағына жұмсалады. Сондай-ақ кәсіпорынның материалдық жағына негізгі және айнымалы қорларды жатқызуға болады [5].
Инвестиция негізінен екі формада болады:
1)тікелей;
2)портфелді.
Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда, т.б. шаруашылық салаларына жұмсалатын күрделі қаржы. Портфелдік инвестициялар - шетелдік бағалы қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталдың құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен байланысты. Материалдық байлық құрып және оны молайта түсу, қоғамымыздың тұрмыс халiн жақсарту - инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан, күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның классикалық анықтамасына сай келетiндiктен, "инвестиция" ұғымын қолдану кезiнде оған жан-жакты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау процесi инвестициялық ресурстардың материалдық байлықтарға және материалдық емес құндылықтарға айналу процесi. Инвестициялау процесi келесi беттегi 1-кесте түрiнде бейнеленген. Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тең "күрделi қаржы" ұғымын санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтерi бар "инвестиция" ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерiнiң қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерiнiң рөлi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн тигiздi.
Сонымен, бiз "инвестиция" деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.

1.2 Инвестициялық климаттың ел экономикасындағы атқаратын қызметтері мен рөлі

Инвестициялық климат дегеніміз - инвестордың тиімді капитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы мәдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу. Басқаша айтқанда инвестициялық климаттың анықтамасы - инвестицияны бөлуге жайлы жағдай жасайтын капиталды сыртқа шығаратынелдердің экономикалық саяси табиғи ресурстардың және арнаулы іс-әрекеттің жиынтығын білдіреді. Бірақ біздің пікірімізше бұндай анықтама әлі толық емеc.
Көптеген шетелдік және жергілікті экономистер инвестициялық климат жәнесыртқы факторлар түсінігіне геосаяси орналасу орнын басқа ұлттық рыноктарға жақындығын да қосады.
Еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қортындыға келтіреді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткіш немесе елдің инвесициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климаты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіштер инвесторлардың тәуекел мен шығынын сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді [13].
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек инвестициялық климаттың түсінігі дерексіз түсінік емес, керісінше әзінің материалдық келбетін білдіреді. Инвестициялық тәуекелді әлшеудің әртүрілі жолдары бар. Себебі әртүрлі инвесторлар инвестициялау жағдайына, оның маңыздылығын бағалауға әртүрлі әдістер қолданады. Шетелдік экономикалық әдебиеттерде ең басты себептер мен шетелдік инвестициялау жағдайын анықтауға бірсыпыра талпыныстар жасалды. Бұл мақсатпен социологиялық зерттеулер де көптеп жүргізілді. Бұл зертеулердің нәтижесінде сыртқы инвестициялардың басты белгілерінің (жиынтық белгілері) өте жүйелі шеңбері жасалды. Соның нәтижесіндемаңызына қарай реттеу әдісін қолдана отырып инвестициялық тәуекел көрсеткіші есептеледі.
Көптеген халықаралық қаржы ұйымдары, тәуелсіз рейтингілік агенттіктер және ірі компаниялар әдетте 60-жылдар аяғында Р.Стобау ұсынған тәуекел үшін сыйлық әдісіне келеді. Ол ұсынған тәуекелді бағалаудың сандық әдісі инвестициялық климаттың өңделген үлгісін жасауға мүмкіндік берді. Бұл үлгі өз кезегінде елге капиталдарды тартудың негізделген стратегиясын жасаудамаңызды орын алды. Әлгіні жасау инвесторға әсер ететін, оның көңіл-күйін дәлелді түсінуге жағдай жасайды. Факторлардың қозғаушы күші туралы жүйелі түсініктер береді: Американдық экономистер Р.Болдун және Я.Ригардсон
"Фирмаға инвестициялауды не талап қойғанын білмей, кейбір жағдайда керісінше инвестицияны кері қайтаратын саясатты жасау мүмкін емес"- деп көрсетеді. Әрине инвестициялаудың негізін талдап қортындылаудың пайдасы бар. Бірақта шешім қабылдау себептері әр түрілі болады, өйткені компанияның ішкі фирмалық стратегиясы әртүрілі болады. Инвестиция климатын бағалау мегамаркетингпен байлансты. Оны ұлттық рыноктар ұлғайған сайын салыстырмалы түрде тартымдылығын бағалау қажет. Тауар өткізу мен шетке шығарудың яғни капиталды шетке шығарудан гөрі жиі алдын алатынын ескертіп, халықаралық маркетинг талдауды инвестициялық климатты талдаудың құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Күрделі қаржы салудың табиғатында, сауда қызметкерлеріне қарағанда инвестициялық климат ұзақ мерзімдік сипатта болады. Инвесторлардың күрделі қажыны салып, одан әрі міндеттемеден бос тартып, тез арада қысқа мерзімдік іс-әрекеттерге көшуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан инвестициялық климатты талдау өте тынғылықты және мұқият қарауды талап етеді. Инвестициялық климатты жан-жақты жәнесоған сәйкес микро және макролық кіші және ауқымды дәрежеде қарастыру қажет. Инвестициялық климат кіші дәрежеде нақты шетелдік инвестор мен рыноктық шаруашылықтық тұлғаның, соның ішінде мемлекеттік мекеменің екі жақты қатысы арқылы көрінеді, елдегі нақты саяси және әлеуметтік жағдайды бағалау арқылы жүзеге асырады [8].
Макродәреже мен микродәреже арасында су айрылысы сияқты қатал бөлініс жоқ. Олардың жиынтығында капитал салым жасауда жақсы ыңғайлы жағдай жасау үшін, оның басқару мекемелерінің елдегі біріккен саясаты ретінде ұсынуға болады. Инвестиция климаттық экономикалық ортадағы алатын орнына біріншіден экономиканың жалпы жағдайы (көрсетілуі, құлдырауы, тоқырау) қаржы жүйесі, валюталық-несиелік зерттеу, қолданып жатқан кедендік және салықтық жүйелер әсер етеді. Қаржы механизімінің жағдайы несиелік рейтингтің (бағалау, дәрежеге немесе категорияға жатқызу) және оның банктердегі көрсеткіштерін білдіреді. Рейтинг қаржы рыногының даму дәрежесі және соған сәйкес халықаралық капитал рыногынан қаржылар тартуға әсерін тигізеді. Елдің рейтингісі неғұрлым жоғары болған сайын жалпы инвестициялық тәуекелділік төмен (жайлы, ыңғайлы) болады. Атап өтпесе болатын тағы бір жайт, бүгінде шетелдік компания (ТҮК) өзінің салалықөндірістік комплекісін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп отыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республикалар салаларының жағдайы ғана емес, экономикадағы құрлымдық өзгерістер мемлекет иелігін алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетел инвестициясын таратуға өте үлкен әсер ететін себептер ол ұлттық экономиканың даму денгейі болып саналады. Қазақстанда дамыған рыноктық инфрақұрылым әлі қалыптасқан жоқ, соның әсерінен күрделі қаржыны кәсіпкерлікке тарту кең таралмағандықтан және жаңа технологияны игеру де баяу жүріп жатыр. Инфрақұрылым "физикалық"(заттай) ғана емес, сонымен қатар инвестицияны қайтару дәрежесін арттыруға қажетті "материалдық емес" бөліктерден де тұрады. Оған жаңа технология,рынок және бәсекенің даму бағыты туралы хабарламалардың қозғалыс жүйесі; жұмыс үшін дайындау бағдарламалары. Олар рыноктық инфрақұрылымның "материалдық емес" бөлігі капиталды (күрделі қаржыны) реттеудің басқару ұйымдастырушылық жүйесін жетілдіруде өте маңызды орын алады. Бизнес-климатың бағалауға өндіріс шығыны көлеміне (мөлшеріне, құнына) және жұмыс күші сапасына әсер ететін әлеуметтік жағдай тәртібі маңызды әсер етеді [9].
Жұмыс күшінің құны жоғары дәрежелі мамандығына қарамастан төмен болуы капиталдың органикалық құрлымын (C:V ) төмендетеді сөйтіп пайда нормасын көбейтеді. Инвестициялық климаттың әлеуметтік жағы қоғамның идеологиялық бірлігі дәрежесіне, жапы алғанда жиі көрінетін қоғамдық сандық қатынастың жеке меншік сипатын береді. Мемлекеттік саясаттың шетелдік капитал салуына халықаралық келісімдердің дәстүрін сақтауға, қауіпсіздігін сақтауға жекеше роль атқаруға тиіс. Инвестициялық климат бүкіл күрделі қаржыны қабылдау жүйесін (КҚҚЖ) жетілдірудің методологиялық кілті. Олинституттық құрамымен бекітілген және комплекстік шара жүйесі деп анықтама беруге болады. КҚҚЖ және инвестициялық климат өзара өте тығызбайланысты. КҚҚЖ инвестициялық климаттың құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Инвестициялық климат категориясы өндірістік қатынастардың нақты түсінігі бола отырып, үнемі қозғалыста болады, онда көп түрлі өзгерістер болады. Мұнда екі қағидалы жағдайды көрсету керек:
1. Инвестициялық климат категориясының бірде-бір элементі ретінде өзгеріссіз бола алмайды, өйткені ол үздіксіз әрекет нәтижесінде тұрақты өзгеріп отырады;
2. Инвестициялық климат элементтерін тану салыстырмалы, өйткені ерте ме кеш пе оның танылмаған қасиеттері табылады. Байланыстың сипатымен қасиеті өзара әрекеттегі инвестициялық климат элементтерінің белгілі бір жағының ерекшеліктеріне байланысты.
Инвестициялық климат түсінігі әр түрлі деңгейдегі ішкі жүйедегі элементтердің байланысын көрсетеді: мемлекет - кез келген меншік формасындағы кәсіпорын; акционерлік кәсіпорын - мемлекеттік кәсіпорын; кез келген меншік формасындағы кәсіпорындардың кәсіпорындарың ұжымы - жеке жұмысшы.
Инвестициялық климатты және оның байланысын субъект тарапынан сипаттау бұл категорияның құрылымдық қана емес, функционалдық аспектілер туралы қорытындыларды елеулі түрде байытады. Сөз мүдделерінің өзара әрекеті мен құрылымы, оларды іске асыру механизмі туралы болып отыр.

1.3 Инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.
Жалпы еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:
1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
6. банктік жүйенің тұрақтылығы;
7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.
Шетелдің инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды [12].
Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн..км) ЕЭО (2,3 млн.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.Отын-энергетикакомплексі кен орнының потенциалдыбағасы:көмір бойынша685,5 млрд.,мұнай222,5 млрд.АҚШ доллар.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет [15].
1. Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциялар мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық, алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызады.
2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттарға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық "ойын ережелері" анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
3. Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
4. Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін тең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
5. Келісімшарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі
6. Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелілігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасына дамуы үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі болуы тиіс.
7. Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.
Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету [16].
Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.
Жалпы еліміздің бизнес климатын талдау барсында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін баллмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол - ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әр түрлі шаралардың кешені:
1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
6. банктік жүйенің тұрақтылығы;
7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Кесте 1.
Әсер етуші факторлар
Негізгі әсер (0-ден 7-ге дейін)
әсер ету белгісі
1. Бюрократия
6,7
-
2. Елдегі қаржы-салық режимі
3,6
+
3. Құқықтық инфрақұрылым
3,1
+
4. Қаржы нарығы
4,6
+
5. Бөлу арнасының жетіспеушілігі
1,3
-
6. Саяси тұрақсыздық
3
-
7. Айырбастау бағамын реттеу
2,8
-
8. Заң шығару тұрақсыздығы
3,9
-
9. Бұқаралық ақпарат құралдары
2,9
+
Коррупция
6,1
-
Кесте 1 - Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
Сонымен, шетелдік инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.
Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген салалары - шикізат пен энергия болып табылады. Қазақстан территориясы Еуропалық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар, территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша 658,5 млрд., мұнай 222,5 млрд. АҚШ доллары.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн. тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн. тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 17% -ға өсіп, 183 млрд. теңгеге жетті.
Инвестицияның жоғары қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы Өзенмұнайгаз кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2011-2012 жылдарға арналған екі жақты келісім шарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спроттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі теңге ауылында жаңа мектеп салынды.
Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жұргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалтулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Респубилкасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет:
1. Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциалды мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшн қолайлы жағдай туғызады.
2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттраға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық ойын ережелері анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
3. Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
4. Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін кең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
5. Келісім шарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі.
6. Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасының дамуы үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі болуы тиіс.
7. Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.
8. Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету.
Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тікелей шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екеніні көрсетті, олардың ішіндегі маңыздылары мыналар болып табылады:
:: саяси тұрақтылық;
:: елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;
:: қолайлы инвестициялық климат;
:: басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі және мүмкін болатын табыс көлемі;
:: құқықтық қорғалуы, ашықтығы және тұрақтылығы;
:: табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;
:: валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриаицялау мүмкіндігі.

1 ҚР-дағы инвестициялық қызмет және инвестициялық климат

2.1Инвестициялық климаттың мәні және оның қажеттілігі

Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, "Шетел инвестициялары туралы"Заң (1991ж.); "Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже" (1993ж.) ;"Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы " ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); "Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі" ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы "ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының, машина жасаудың, құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай, химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту[11].
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:
- бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;
- инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.
Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);
- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.
Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;
- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;
- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту[15].
Инвестициялық климат дегеніміз - инвестордың тиімді капитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы мәдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу. Басқаша айтқанда инвестициялық климаттың анықтамасы - инвестицияны бөлуге жайлы жағдай жасайтын капиталды сыртқа шығаратын елдердің экономикалық саяси табиғи ресурстардың және арнаулы іс-әрекеттің жиынтығын білдіреді. Бірақ біздің пікірімізше бұндай анықтама әлі толық емеc. Көптеген шетелдік және жергілікті экономистер инвестициялық климат және сыртқы факторлар түсінігіне геосаяси орналасу орнын басқа ұлттық рыноктарға жақындығын да қосады. Еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қортындыға келтіреді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткіш немесе елдің инвесициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климаты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіштер инвесторлардың тәуекел мен шығынын сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек инвестициялық климаттың түсінігі дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық келбетін білдіреді. Инвестициялық тәуекелді әлшеудің әртүрілі жолдары бар. Себебі әртүрлі инвесторлар инвестициялау жағдайына, оның маңыздылығын бағалауға әртүрлі әдістер қолданады. Шетелдік экономикалық әдебиеттерде ең басты себептер мен шетелдік инвестициялау жағдайын анықтауға бірсыпыра талпыныстар жасалды. Бұл мақсатпен социологиялық зерттеулер де көптеп жүргізілді. Бұл зертеулердің нәтижесінде сыртқы инвестициялардың басты белгілерінің (жиынтық белгілері) өте жүйелі шеңбері жасалды. Соның нәтижесінде маңызына қарай реттеу әдісін қолдана отырып инвестициялық тәуекел көрсеткіші есептеледі.
Көптеген халықаралық қаржы ұйымдары, тәуелсіз рейтингілік агенттіктер және ірі компаниялар әдетте 60-жылдар аяғында Р.Стобау ұсынған тәуекел үшін сыйлық әдісіне келеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
Қазақстанның аймақтық экономикалық дамуының маңыздылығын көрсететін қандай нақты міндеттерді көріп тұрсыз
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Инвестициялық саясаттың модельдері
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану
Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы
Пәндер