Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары ... ... ... ... ..14
2 Коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық менеджментінің даму перспективасы мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Коммерциялық емес саладағы кәсіпорындардың қаржыларын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Коммерциялық емес сектордың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық ықпалдарының өсуінде болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдар қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешу қызметін атқарады. Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджменттің дамуына тек қана ұйымның үлескерлері ғана мүдделі емес, сонымен қатар мемлекеттік мекеме құрылымдары мен қоғамның өзі де мүдделі екені айқын.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заңнамалық актiлерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игiлiктер мен қызметтердi жасау мақсатында материалдық өндiрiс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесiнде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын тусiнедi.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық—құқықтық нысандары әсер етеді. Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері:
• сметалық қаржыландыру
• шарушылық есеп
• өзін-өзі өтеу негіздері
Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі-бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қортынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз;
2. “ҚР коммерциялық емес ұйымдар туралы” заңы. 2001 ж. 16 қаңтар;
3. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы. «Қазақ Университеті», 2005 ж.
4. Мейірбеков А.К., Әлімбетов К:Ә. «Экономика»,Оқу құралы – Алматы,Экономика, 2003.
5. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы: «Қазақ Университеті», 2005;
6. Т.Ө.Жолдысбаев. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы: Экономика, 2002;
7. Бөкенов А.Ж. Аканаева Т.А. Корпаративтік қаржы. Қарағанды, 2005;
8. Дүйсенбаев.К. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы: «Көкжиек» баспасы, 2006;
9. Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы Астана: Елорда баспасы,2002;
10. Дүйсенов К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001;
11. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы – Алматы: «Қазақ Университеті», 2006;
12. Оразалы Сәбден. Бәсекелестік экономика: Оқу құралы – Алматы: Экономика институты, 2007;
13. Сейтказиева А.М. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 1998;
14. Супугалиева Г.И. «Коммерциялық емес ұйымдар қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері». Алматы: «Аль-Пари», 2011. 25-26 бб;
15. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005, 552 б;
16. Омирбаев С.М. Финансы. Оқу құралы - Астана: АЛМАТЫКІТАП Баспасы. 2003 ж;
17. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник.- Алматы: 2007;
18. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.: 2001;
19. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т.-
Алматы: Экономика, 2002;
20. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000;
21. Финансы. Учебник. Под.ред. О.В. Соколовой. - М.:
ЮРИСТ, 2001;
22. Ғ.К. Құнтақбаев «Бота Қоғамдық қорының қызметінің ерекшеліктері мен жетістіктері» Алматы: Қаржы-Қаражат, 2000.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары ... ... ... ... ..14
2 Коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық менеджментінің даму перспективасы мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Коммерциялық емес саладағы кәсіпорындардың қаржыларын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Коммерциялық емес сектордың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық ықпалдарының өсуінде болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдар қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешу қызметін атқарады. Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджменттің дамуына тек қана ұйымның үлескерлері ғана мүдделі емес, сонымен қатар мемлекеттік мекеме құрылымдары мен қоғамның өзі де мүдделі екені айқын.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заңнамалық актiлерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игiлiктер мен қызметтердi жасау мақсатында материалдық өндiрiс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесiнде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын тусiнедi.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық -- құқықтық нысандары әсер етеді. Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері:
* сметалық қаржыландыру
* шарушылық есеп
* өзін-өзі өтеу негіздері
Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі-бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қортынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқару арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың мақсаты - коммерциялық емес ұйымдардың қаржысының мәні мен маңыздылығын анықтап, қаржымен басқару нысандарын жүйелеп, қаржыландыру көздерінің ерекшеліктерін даралау және тәжірибедегі коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын талдау болып табылады. Осы мақсаттарға сәйкес келесідей міндеттер жүктелген:
* Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру;
* Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері;
* Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары;
* Коммерциялық емес саладағы кәсіпорындардың қаржыларын басқару;
* 2011-2013 жж. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдарының қаржысын басқарудың көрсеткіштері;
* Коммерциялық емес сектордың тиімділігі;
* Кәсіпорын табыстылығын жетілдіру жолдары мен даму перспективалары.
Курстық жұмыс тақырыбының зерттелу дәрежесі. Курстық жұмыста отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылды. Отандық ғалымдардан Г.С. Смағұлова, Мейірбеков А.К, Әлімбетов К, Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С,
Дүйсенбаев К.Ш, Т.Ө.Жолдысбаев, Д.Я. Қуатова секілді ғылыми жұмыс авторларының еңбектері қолданылса, шетелдік Берлин С.И, Бабич А.М, Павлов Л.Н, О.В. Соколова секілді ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Өндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi. Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алымған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құкықтарын, заңды мүдделерiн қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ коғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiктерiм қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заңнамалық актiлерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игiлiктер мен қызметтердi жасау мақсатында материалдық өндiрiс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесiнде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын тусiнедi [5].
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық -- құқықтық нысандары әсер етеді. Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері:
* сметалық қаржыландыру
* шарушылық есеп
* өзін-өзі өтеу негіздері
1. Сметалық қаржыландыру- меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны бөлу шығыстарының сметасымен анықталады. Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
2. Шаруашылық жүргізудің шаруашылық - коммерциялық есебі - шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау, мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады.
3. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі- ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында қолданылады.
Коммерциялық емес қызмет түрлерi мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
* сала мен бюджет арасындағы қаржыламдыру ретiнде қаражаттарды алумен және кейбiр жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындаумен байланысты қатынастар;
* қаржы ресурстарын бөлумем және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгi органдар арасындағы iшкiсалалық қатынастары;
* шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, яғни олардың бөлiмшелерi арасындағы қаржы қатынастары;
* салааралық түрлi салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
* еңбекке ақы төлеу жөнiндегi ұйымдар мен олардың қызметкерлерi арасындағы қатынастар;
* ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi) қатынастар және т.б [8].
Қызметтің айрықшалықты түрлерiндегi өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкiн, мысалы:
* қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелерi арасында жарналарды -- кiру және мүшелiк жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелерiне белгiлi бiр жетiстiктер мем қызмет нәтижелерi үшiн көтермелеулiк сипаттағы төлемдер бойынша;
* коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілерi арасында ұйымның қызметiн қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарына қаражаттар беру жөнiнде;
* сақтық компанияларында ұйымдардың белгiлi бiр контингентiнiң (әскери қызметшiлердiң, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерiнiң және т.б.) қарым-қатынастары;
* сондай-ақ белгiлi бiр шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкiн.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды бiлдiредi, оларды мынадай негiзгi топтарға бiрiктiруге болады:
* ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметiн қамтамасыз ететiн қорлар;
* күрделi жұмсалымдардың қорлары; − көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
* қызметкерлер мен континенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелерiндегi ауруларға) қызмет көрсетушiлердiң материалдық, және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумсн байланысты қорлар;
* негiзгi қызметтi дамыту қорлары. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен олардың ұйымдық-құқытық нысандары әсер етедi.
Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктерiн анықтау үшiн оның құрамына кiретiн мекемелердi, ұйымдарды, олардың қызметінiң сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдiстерiн ескере отырып зерделеген жөн [3].
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметiн жүргiзудiң әдiстсрi сметалық қаржыландыру (көрсетiлген қызметтер мен игiлiктердiң өтеусiздiгi кезiнде) және шаруашылық есеп пен өзiн-өзi өтеу негiздерi (өтеулiгi көзiнде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбiсi коммерциялық есеп негізінде көшуде -- көрсетiлетiн қызметтердi сұраным бағасы бойынша сатады, өздiгiнен даму үшiн жеткілікті қорланым жасайды. Сметалық қаржыландыру -- меншiктi табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндiрiстiк емес мекемелердi үстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудiң көлемi, мақсатты 6ағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртiппен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi, мемлекеттік билiктiң, мемлекеттiк басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерiнiң бiр бөлiгi қаржыландырылады. Бiрқатар мекемелердi сметалық қаржыландыру кезiнде шығындарды қамтамасыз етудiң қосымша көздерi пайдаланылуы, қызметтердi тұтынушылардың жарналары мен төлемдерi бағытталуы мүмкiн. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес берiледi және мекеменiң қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетiледi, негiзгi капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтердi төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кiрiс-шығыс сметасын жоспарланады және айрықша тәртiппен пайдаланады. Сметалық қаржыландыру бюджеттiң қаражаттарын пайдалануды атаң қадағалайды, тек баптардың бслгiлi бір шеңберi тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндiктер бередi. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған. Шаруашылық жүргiзудiң шаруашылық-коммерциялық есебi шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игiлiктердi сатудан түскен түсiм-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардын қызметтерi ақыға көрсетiледi. Бұларға ақылы негiзде жұмыс iстейтiн бiлiм беру мен денсаулық сақтау мекемелерi, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бiрқатар шығармашылық мекемелерi, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдiстi коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң кәсiпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлi ақшалай шығындар жасайды: игiлiктер мен қызметтердi өткiзе отырып, түсiм-ақша алады; кiрiстердiң шығыстардан асыл түсуi қорланымды құрайды. Бұл кәсiпорындарда қаржы материалдық өндiрiс кәсiпорындарындағыдай ұйымдастырылады. Шығындардың өзiн-өзi өтеу әдiсi ақылы кызмет негiзiндегi шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды қарастырады, бұл кызметтердiң бағасы қорланымсыз шығыстардың көлемiне қатысты анықталады. Бұл әдiс мәдени-ағарту қызметi, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсiби машықтар мен бiлiм алу жөнiндегi, шет тiлдердi, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып -- үйренудiң курстары мен мектептерi) қолданылады. Нсгiзiнен коммерциялық емес қызмет коғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтердi өндiру және олармен қамтамасыз етудiң қажеттiгiмен айқындалады. Қоғамдық тауарлардың белгiлi бiр тұрлерiн ондiрудi едәуiр ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзiне алады [4].
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметiнiң материалдық негiзi өндiрiстiк емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесiнде өзiнiң құнын жоғалтады. Осылай жасалған игiлiк пен қызметтердiң тек тұтыну кұны ғана болады. Материалдық емес өнiм мен қызметтердi жасау процесiнде жүзеге асырылатын өндiрiстiк емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшелiктерi болады. Қызметтiң бұл түрiнде көбiнесе жоғары бiлiктiлiктiң ой еңбегi қолданылады, сондықтан шығындарда әдеттегiдей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнiм қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бiрақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады. Коммерциялық емес сфера мекемелерiндегi қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады. Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесiнде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бiрге олардың негiзiнде өндiрiстiк (коммерциялық) емес сала мекемелерi мен ұйымдарының қаржы көздерi қалыптасады [9].

1.2Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның - кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, мамандандырылған өнімнің басқа түрлері) [7].
Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесі өндіріс, айналыс сферасындағы анық шекараларды анықтамайды және экономикада болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық емес салалар қызметінің уәждемесінде бейнеленеді. Олардың көптеген құрылымдары өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын қатамасыз етеді. Мысалы: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің ақылы қызметтері кеңінен дамып отыр. Ал сыныптау мен қаржыландыру критерийлері бойынша бұрын аралық жағдайда болған халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салалар коммерциялық негіздерге көшті. Пәтер меншіктенушілердің кооперативтерін ұйымдастырумен тұрғын үй секторын коммерцияландыру кезеңі аяқталды. Осы сияқты трансформациялаулар (түрлендірулер) қызметтің коммерциялық емес түрлерінде пайдаланылатын қаржылық ресурстардың құрамы мен құрылымына әсер етеді.
Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздерін бұл құрылымдардың жұмысына мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, орғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Басқа бағыттарда мемлекет қадағалаушы-үйлестіруші рөлді жүзеге асырады, ал қаржыландыру көздері мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорларда орталықтандырылатын шаруашылық жүргізудің барлық субъектілері аударатын қаражаттардың міндетті аударымдары бояып табылады. Бұл, мысалы Қазақстанда 1998 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыруды (Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы), медициналық сақтандыруды (Медициналық сақтандыру қоры арқылы) қаржыландыру үшін қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруда мемлекет ерекше орын алады: өндірістің экологиялық зиянды жағдайлары бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарын жұмылдыру бойынша мәжбүрлеуші іс-шараларды қолданады. Осылайша, өтемақы немесе мекендеу ортасын қалпына келтіру бойынша шараларды қаржыландыру үшін Табиғатты қорғау қоры қалыптастырылады [6].
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген деңгейлердегі білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады.
Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Бұл мұндай зерттеулердің нәтижелері дереу нәтиже бере қоймайтындықтан, ұзақ мерзімнен кейін қолданылуы мүмкін болатындықтан барып шығады, ал олардың маңыздылығы қоғамның болашақ дамуы үшін өте айтарлықтай.
Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамбльдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттар, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда), ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан ары өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады [10].
Меншікті кәсіпорындары бар ұйымдарда олардың қызметін (жөндеу ұйымдапының жабдықтар мен оргтехниканы қалпына келтіруі үшін, осы мақсатпен босалқы бөлшектер шығарымы бойынша қызметін, басқа мекемелердің медикамент және емдік преператтар шығарымы бойынша мекемелерінің қызметін, әр түрлі қосалқы шаруашылықтар қызметін) қамтамасыз ету үшін, алынатын пайда немесе табыс әуел баста белгіленген тәртіппен бөлінеді, яғни бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер төленеді, содан кейін қаражаттардың бір бөлігі кәсіпорынның дамуын өзін-өзі қаржыландыру мақсатына бағытталады және тек сонан соң қалған бөлігі ұйым-иегердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Ведомствоға қарасты кәсіпорындардың болуы жағдайында коммерциялық емес ұйымды қаржыландыру көздері мысалы, кәсіпорын мүлкін өткізуден, акциялар пакетінің бір бөлігін сатудан, құрылтайшы ретіндегі ұйымдағы кәсіпорын акцияларына дивидендтерден түсетін түсімдерден болатын қаражаттармен толықтырылуы мүмкін. Ведомствоға қарасты кәсіпорынның резервтік қорының қаражаттары да пайдаланылуы мүмкін [15].
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі - банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардын пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредиттік қаражаттардың қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіби, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржылық ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджеттік қаржыны (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржылық ресурстар бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады [12].
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар - жеке адам, компания, фирма, халыкаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми зерттемелерді, жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолданылады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстауға және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақшалай қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада - қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруга шақырады.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттіц қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бүған мемлекеттік басқару, құкықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөліғі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ак мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымньщ оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мүндай эдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтын қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, кұрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар , мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі -- банктердің кредиттері. Бүл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып ке леді [18].
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді, Қоғамдык бірлестіктерді ұйымдастырудың серіктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жүмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кэсіпорындары мен үйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатыи аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, үйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мэдени жэне шығармашылық үйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржылаңдырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай каржыландырудың алуан түрлілігі ретіндс белгілі бір үйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік каржъиіандыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар -- жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша колдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолдалынады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағьшдағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады [14].
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет үйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында калыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда - екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада - қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы - мемлекеттік бюджеттен оның кірістсрі мен шығыстарыньщ тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мүндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жүмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның, бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады [13].

1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін жүзеге асыратын және ұйымдағы қаржылық менеджментті ұйымдастыратын негізгі құжаттардың бірі - кірістер мен шығыстардың сметасы болып табылады. Смета әдетте жыл сайын күтілетін түсімдер мен қолда бар және түсетін ақша қаражаттарының шығыстарымен құрылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін қаржыландыру көздері болып келесілер табылады:
* Мүшелікке кіру жарнасы;
* Құрылтайшылардың салымдары;
* Ерікті салымдар және заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық сыйға тартулары;
* Заңды және жеке тұлғалардан мақсатты салымдар(соның ішінде шетелдік);
* Бюджеттен қаражаттандыру, қаржы бөлу;
* Өткізуден тыс операциялардан кіріс;
* Меншікті кәсіпкерлік қызметтен қаражаттар.
Жаппай коммерциялық емес ұйымдармен міндетті түрде қолданатын республикалық дәрежеде бекітілген кірістер мен шығыстардың бірыңғай нысанды сметасы тәжірибе жүзінде жоқ болып табылады. Бұл белгілі бір мағынада коммерциялық емес ұйымдар көзделген мақсаттарға жету үшін құрылып, тіпті кірістер мен шығыстар сметасының бір ғана нысанын қолданатын әр түрлі қызметтер көрсете алады. Сәйкесінше, сметаның нысаны, құрамы мен құрылымы, топтау жүйелері қойылған мақсаттарға байланысты коммерциялық емес ұйымның өзімен құрылуы тиіс [17].
Сметаның кіріс бөлімі:
1. Құрылтайшылардың салымдары. Кірістердің түрінің бұл типі тұрақты бола алмайды - олар коммерциялық емес ұйымды құру кезінде немесе жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша қаражаттар салғанда жүзеге асады. Жалпы жағдайда құрылтайшылардың салымдарын салу мерзімі ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап 12 ай көлемінде салынуы тиіс. Сәйкесінше, келесі қаржылық жылда бұл қатар бойынша түсімдер жоспарланған жылдың басындағы құрылтайшылардың қарыздарының мөлшерінде түседі, оның түсу мерзімі заңда көрсетілген уақыт шектерінен аспаған мерзімде түсуі тиіс. Жоспардауға негіз болып, құрылтай құжаттарынан алынған мәліметтер мен жоспарланған жылдың басындағы құрылтайшылардың қарыздары туралы ақпараттар табылады;
2. Мүшелікке кіру жарнасы. Кірістердің бұл түрі коммерциялық емес ұйымдарға оның қызметінің барлық кезеңінде түсуі мүмкін. Кірістердің бұл түрін нақты жоспарлау қиындыққа соғады, алайда белгілі бір талдау жұмыстарының белгілі бір бағыттарында алдыңғы жылдардағы жаңа мүшелердің мәліметтері негізінде қанағаттанарлықтай болжам жасауға болады;
3. Мүшелік жарна. Негізгі шарттарға байланысты жыл бойына мүшелік жарналардың түсімі біркелкі болады. Тәжірибеде, коммерциялық емес ұйымдарға жаңа қосылған мүшелер мен одан щыққандардың әсерінен түсімдер ауытқуларға ұшырайды. Осылайша, жоспарлауға негіз болып, тек қана қосымша жүргізілген талдаулар ғана бола алады;
4. Заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде сыйға тартулары. Белгілі бір жобалар мен іс-шаралардың жалпы шығыс сомасы сәйкес есептеулердің негізінде жүргізіледі. Жақсы жұмыс болса, қажет сомалар қамтамасыз етіледі және ақша қаражаттарына немесе басқа да активтерге деген қажеттілік толығымен қанағаттандырылады. Ал егер, ерікті сыйға тартушылардың ізденістері сәтсіз шықса, сметаның шығыс бөлімі қысқартылады, яғни тек қана ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілген бөлігі ғана қалдырылады;
5. Мақсатты қаржыландыру. Мақсатты қаржыландырулар коммерциялық ұйымның құрылтайшыларынан осы ұйымның құрылғандағы мақсаттарын орындау үшін түседі. Мақсатты қаржыландырудың сомасын анықтау процесі күрделі және жасау, негіздеу және бекітудің бірнеше этаптарынан өтеді. Ереже бойынша, бұл түрдің ұжым немесе жеке тұлғадан түскен кірістері кірістер мен шығыстар сметасында құжаттар пакеті (смета, есебі және т.б.) ақпаратының негізінде көрініс табады;
6. Кәсіпкерлік қызметтен түсімдер. Кірістер бөлімін толтырудың бұл әдісі басқа қаржыландыру көздері белгілі бір ұйымның барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайда немесе бұл көздер тұрақсыз болған жағдайда қолданылады. Қаржыландырудың бұл түрімен байланысты жоспарлау бірнеше жұмыс құжаттарының негізінде: бизнес-жоспар немесе басқа да осы сияқты құжаттар жүзеге асырылады. Ол құжаттарда барлық шығыстар, өзіндік құнмен қосқанда, және өнім, қызмет, тауарларды сатумен байланысты шығындар және өнім, тауар немесе қызметтерді сатудан немесе өткізуден түскен түсімдер көрсетілуі тиіс;
7. Жалпы кірістер қатары. Бұл қатарда тек қана алынатын түсімдер көрсетіліп қоймай, жыл басында тіркелген қалдық сомасы да көрсетілуі тиіс [20].
Сметаның шығыс бөлімі:
1. Жұмысшылардың жалақысы. Тарифтік бағамдар бойынша еңбекке ақы төлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент туралы
Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары туралы
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары
Банк менеджментіне жалпы сипаттама. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері
Банктердегі басқару процессіне сипаттама
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі
Пәндер