Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері


Жоспар
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе, «…дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы», - деп, дене тәрбиесінің бала жетілуіндегі маңызына зор көңіл бөлген.
Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғалы Қосымұлы Жалаири, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи, Омар Хаям, Мақтымұлы бір ғана дене тәрбиесінің маңызы мен мәнін, оның адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. Жеке тұлғаның дамуындағы дене тәрбиесінің маңызы туралы ой-пікірлер чех педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде беки түсті. Ол өз еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасындағы дене тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның маңызды жолдарын шешіп берді.
Дене тәрбиесі мәселесіне байланысты озық педагогикалық ойлар Ресей педагогтары К. Д. Ушинскийдің, Н. И. Пироговтың, В. И. Водовозованың, орыс-демократ жазушылары В. Г. Белинскийдің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың аттарымен тығыз байланысты.
Дене тәрбиесінің педагогикалық негізі мен тәжірибелік мәселелерін зерттеуде П. Ф. Лесгафттың, В. В. Гориневскийдің, Е. А. Аркиннің, Л. И. Чулицкаяның, Е. Г. Леви-Гориневскаяның, М. М. Конторовичтің, А. И. Быкованың, Н. А. Метлованың т. б. еңбектерін атауға болады.
Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин де зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек», - деген.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып дене мәдениеті сабағында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық тұрғыдан негіздеп, дене дамуын жетілдіру жұмысында көрнекілік әдісін қолдану.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетін оқыту процесі.
Зерттеу пәні: негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру процесі.
Зерттеу міндеттері:
- негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудегі тарихи тәжірибелерді ескере отырып, оны бұдан былайғы кезде жүзеге асырудың бағыттарын айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
1. 1 Көрнекілікпен оқыту принципі
Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке- жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
- Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу үдерісінде пайдаланыңыз.
- Есіңізде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құрылмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
- Оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдаланыңыз, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ қабылдауына - естілетінді, иіс, дәм қабылдауға - тиісті мүшелерді.
- Бір көрнекілікпен шектеліп қалмаңыз: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы.
- Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізіл- се, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін ашуға әрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану қажет.
- Көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны мәселелік жағдайларда өзбетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- Көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысында есіңізден шығармаңыз.
- Оқушы бақылаулары жүйелестіріліп, себептер және сал- дарлармен сәйкестендірілсін.
- Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң - қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.
- Әртүрлі көрнекілікті пайдаланыңыз, бірақ көрнекі құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесін, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән- мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
- Көрнекілікті пайдалануда оқушылардың сезімдік тәжірибесіне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға арқа сүйеуден енді игеріліп жатқан түсініктер көрнекі нақтылыққа келеді.
- Балалармен бірге көрнекі құралдар жасауға қатысып тұрыңыз: ең жақсы және әдемі көрнекі құрал - балалардың өз қолдарымен жасағандары.
- Өзіңіз жеткілікті білмейтін нәрсені ешуақытта көрсетуші болмаңыз. Көрнекі құралды пайдалануға мұқият дайындалыңыз.
- Осы заман көрнекі құралдарын - теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды және т. б. - ғылыми негізде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңіз;
- Көрнекі құралдарын пайдалану барысында балаларды зейінділікке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетіне, құрастыру шығармашылығына, оқуға мүдделі болуға тәрбиелеңіз.
- Көрнекілікті өмірмен байланыстырудың бір жолы ретінде пайдаланыңыз.
- Оқушылардың жас деңгейі жоғарылаған сайын көрнекілік орнына дерексізденген рәміздік таңбаларды пайдалануға көбірек ден қойыңыз; осыған байланысты мұғалім түсіндіріп жатқан құбылыстарының мәнін олардың болмыстағы нақты бейнесімен сәйкес болуына көңіл бөлгені жөн.
- Есіңізде болсын, көрнекілік - бала психикасына күшті ықпал жасайтын құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткілік- ті түсініспестікпен қолданылса, балалардың ойын басты мәселелерден шеттетіп жіберуі, сонымен бірге көзделген мақсат көрнекі құралдан көмескіленіп қалуы мүмкін.
- Көрнекілікті шектен тыс қолдану білімді тереңнен меңгеруге кедергі жасап, дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және жалпыланған заңдылықтардың мәнін түсінуде зиян келтіруі мүмкін.
1. 2 Дене мәдениеті сабағындағы көрнекілік қағидасы
Көрнекілік дегеніміз - адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде көрнекілік қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік қағидасын тәжірибеде қолдану мынандай жолдармен пайдаланылады:
- үйренетін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді оқытушы, болмаса жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды;
- әр түрлі көрнекі құралдарды көрсету. Олар: суреттер, схемалар, фотосуреттер, кинограммалар, бейнемагнитофон жазулары, кинофильмдер т. б. ;
- оқушының бейнелі сөздері: баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер және т. б. ;
- қозғалыс техникасының қиын бөлшектерін, элементтерін, қимыл-әрекеттерді іштей ойша қайталау. Ол идеомоторлық қайталау деп аталады.
Көрнекілік қағидасын қолданар кезінде мынандай ғылыми-зерттеулер негіздерін ескере білуіміз қажет. Көру жүйесі арқылы қабылдау үш кезеңде орындалады, ол: сезіну, ұғына қабылдау және елестету. Ал есту жүйесі арқылы қабылдау тек қана елестету деңгейінде орындалады.
Адам сөз жүзінде айтылған хабардың 15%-ын, көзбен көрген нәрселерінің 25%-ын еске сақтайды екен. Егер осы екі хабарды беру тәсілі бірге орындалса, онда хабардың 65%-ы мазмұны есте сақталып қалады екен.
Көрнекілік қағидасын қолданғанда әрбір адамның жетекші анализаторы қайсысы екенін ескеру керек. Бір оқушыда жетекші көру анализаторы болса, екіншісінде есту, үшіншісінде қимыл анализаторлары болуы мүмкін. Көрнекілік қағидасын қолдану сипаты үйрену кезеңіне, жасына, жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл қағида түрлерін кең пайдалану сабаққа ынталылықты арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді.
Көрнекілік принципі.
Оқыту және тәрбие кезінде, көрнекілікті қолданып дене тәрбиесі процессін құруға көрнекілік принцип міндеттері.
Көрнекілік-тану процессінде, адамның сезу мүшесін қатыстыруын білдіреді.
Дене тәрбие процессінде көрнекілік, көру, дауысты және қозғалыс пішінді іске асырылады.
Көру көрнекілік (көрнекілік құралдар арқылы қозғалысты толық және бөлшектеп демонстрациалау), кеңділік және кеңділік уақыттың қозғалыс мінездемелерін анықтауға жәрдемдеседі. Көру көрнекіліктің жаңа қозғалыс әрекетті алғашқы этапта иелену кезінде рөлі атқарады және де спорттық-техникалық шеберлігінің жетілдіру кезіндегі, қозғалысты дифференцировка жасау.
Дене тәрбиесі процесінде көрнекілік ерекше маңызды роль атқарады, солай болғандықтан жаттығушылардың қызметі негізінен практикалық мәнге және оның ерекше дербес міндеттерінің бірі-сезім мүшелерін жан-жақты дамытуға ие. Бұл принцип мына төмендегі жағдайларда көрінеді:
- көрнекілік-қозғалысты меңгерудің қажетті алғы шарты;
- көрнекілік-қозғалыс қызметін жетілдірудің ажыратылмайтын жағдайы.
Көрнекілікті қамтамасыз ету әдісі.
Дене тәрбиесінде көрнекілікті қамтамасыз ету әдісі қозғалыс, есту, көру аңғарымына тапсырманы орындау кезіндегі себепші болады: Оларға жататындар:
Көрнекіліктің тікелей әдісі(оқытушының жаттығуды көрсетуі, не болмаса оның тапсырмасымен бір оқушының көрсетуі)
Көрнекілік әдіс ақылы (оқу видеофильмдерді деманстарциалау, қозғалыс әрекетінің кинограммасы, суреттер, схемалар т. б. )
Қозғалыс әрекетті сезінуді бағытталған әдіс.
Жедел мағлұмат әдісі.
Осы әдістердің негізгі ерекшіліктерін қарастырайық.
Көрнекіліктің тікелей әдісі. Қозғалыс әрекеттін орындау техникасының дұрыс түсініктемесін құруға берілген.
Оқытушымен не болмаса бір оқушының тікелей көрсетуі сөзді пайдалану әдісімен қалыптасуы тиіс, көрсету кезінде бақылауға қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді, оқытушылармен көрсетушінің арасындағы оптималды қашықтығы, қозғалыс негізінің жазықтылығы (мысалы: тізені жоғары көтеріп жүруді, жүгіріп келіп биіктікке секірудегі серпін қозғалыстарды) оқушыларға қырынынан тұрып көрсеткен жеңіл болады.
Көрнекілік әдіс арқылы, қозғалыс әрекеті заттар арқылы көрсету оқытушылардың аңғарым қажеттілігін толықтырады. Оларға мыналар жатады: көрнекілік құралдарды деманстрациялау, арнаулы тақтада суреттеу т. б. Көрнекілік құралдар, оқушылардың статистикалық қалыпта және қозғалыс фазасынның тізбелікті ауысуындағы аңғарымдылығын жоғарлатады. Видеофильмдер арқылы қозғалысты ақырындатып әр-түрлі фазасында, комментарий жасауға, қайталауға болады. Арнаулы тақтадағы сурет арқылы ойын түріндегі спорттағы тактикалық әрекеттер мен дене шынықтыру жаттығуларының бөлек элементтердің демонстрациалауға болады.
Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар:
Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немесе мұғалімнің тапсыпмасымен оқушысың көрсетуі. Көрсету кезінде мұғалім мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алуы керек:
Көрсетудің мазмұны сөз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс
Көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет:
А) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті денгеәде толық орындалуы керек
Ә) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, ақырын өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі;
Б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрстуі керек, ол оқушыларды ынталандырады, сол денгейде орындауға ұмтылдырады;
- жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спортзалдың, алаңның ең қолайлы, оқушылардың бәріне көрінетін, өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек;
-қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде «айна тәсілін» қолданған жөн.
-оқытушы көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайда:
А) денсаулығына байланысты
Б) көрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса
В) жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі арқылы көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруына болады.
Көрнекті құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі құралдар, суреттер, плакатттар, фото, кино, бейне көріністер үлкен рөл атқарады
Суреттеме- тақтаған немесе қағазға оқушының жаттығудың орындалу схемасын тусіруі. Оқытушы сол суреттеме арқылы оқушының жаттығуды орындауды қалай түсінгенін біледі. Сонымен қатар кино және бейне магнитофон тоспаларында жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады.
Өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп, тәсілдің барлық бөлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді.
Дыбыс және жарық белгілері. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын есту және көру, ырғақ, амплитуда, қарқын, жаттығуға жұмсаған күш мөлшері уақытын метроном көмегімен өлшеу, суда жүзу жолдарын көрсететін түрлі- түсті жарық белгілері, жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға көмектеседі.
Қимыл-көрнекілігі әдісі екі түрде орындалады:
1) қозғалыс туғызар дене мүшелерінің ықпалы арқылы оқушыларға сезіндіру.
2) қозғалысты еріліксіз орындау, тренажерларды қолдану, олар арқылы керек қозғалысты орындатып сезіну, жаттығуды дұрыс орындау.
Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде техникалық құрал- жабдықтар және көмекші құралдар арқылы оқытушы мен оқушы қозғалысты орындау сипаттамасы туралы тез мағлұмат алады және қателерін жылдам түзетіп отырады.
1. 3 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты
Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты - балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, денесінің дұрыс дамуын қаматамасыз ету, өйткені бастауыш сыныпта баланың дамуына дұрыс жағдай жасалса, бала денесі тез жетіліп өседі. Бастауыш сыныпта бала ағзасы әлі де әлсіз, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени гигиеналық дағдысын, әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше. «Дене тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін ағзаның дамуына әсер ететінт жағдайдың бәрін пайдалану қажет», -деп И. П. Павлов адам ағзасының біртұтастығын, дене мүшелерінің бәрі де бір-бірімен және сыртқы ортамен байланысты екенін танытты.
Ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев және Р. М. Қоянбаевтар оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйене отырып, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырған. Мәселен, « . . . оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызыд кепілі», -деген.
Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейілінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүру, жүгіру, қарғу, секіру, жүзу, лақтыру, еңбектеу, шаңғы, шана, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу жасау т. б.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың дене дамуын жетілдіріп, қозғалу тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті болса, ептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау қабілеті.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т. б. оқушылар нақты білім алады.
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттері түрлерінің ұзақтығы және олардың кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды. Мектептегі дене тәрбиесі жұмысының мазмұнына төмендегідей мәселелер кіреді:
- оқушыларға оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау;
- мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру;
- оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізу.
Сондай-ақ, дене тәрбиесін мектептен тыс оқу орындарында, спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегідей талаптарды ескеру қажет:
- оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларды тәрбиелеу;
- оқушылардың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру;
- спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығушылығын және қабілетін дамыту;
- негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен жан-жақты үйлесімді даму дене тәрбиесінде белгілі бір заңдылыққа бағынып, әлеуметтік бағытқа және адамның өміріне бағытталған.
«Дене тәрбиесі» ұғымы өзі көрсетіп тұрғандай «тәрбиелеу» деген жалпы ұғым мағынасына кіреді. Жалпы тәрбие сияқты дене тәрбиесі де барлық педагогикалық заңдылықтармен бейнеленген тәрбиелеу және білім беру мәселелерін шешеді, немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Дене тәрбиесінің ерекше белгілері былай тұжырымдалады, ол ең әуелі дағдыланған қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы және бұлшық ет сапаларының дамуы, осы екі жиынтық дененің еңбек ету қабілеттілігін анықтайды. Дене тәрбиесінің - ерекше белгісі екі бөлімнен тұрады:
1. Қимыл-қозғалыстарға үйрету (қимыл әрекеттері)
2. Дененің қозғалыс сапаларын жетілдіру.
Қимылдарға үйретудің басты негізі бұлшық еттің болуы. Бұл ерекшелік үйрету заңдылығында қимылдарды басқару тәсілдерін адамның жүйелі қабылдауы арқылы өмірге қажетті ептіліктерін, дағдыларын және осымен байланысты білімдерін меңгереді. Дене тәрбиесі білім беру жағынан адамның қимыл мүмкіндіктерін өмірде - бірінші дәрежедегі мағынада ұтымды көрсетеді. Дене тәрбиесінің екінші маңызды жағы - дененің табиғи ерекшеліктеріне бір мақсатпен әсер ету, оларға функционалды жағдай жасаумен қатар қоршаған ортаның табиғи жағдайлары пайдаланылады. Дене тәрбиесінің бұл түрін дене қозғалысының сапаларын тәрбиелеу дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz