Сын тұрғысынан оқыту



І. Кіріспе бөлім 3.4

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Сын тұрғысынан оқыту 5.8
2.2 Стратегияларды тиімді қолдана білу 8.11
2.3 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының ерекшелігін зерттеу 11.19
2.4 Ана тілі оқытуда мәтінмен шығармашылық жұмыс жүргізудің әдіс. тәсілдері 20.23
2.5 Сын тұрғысынан ойлауына арналған сабақ жоспары: «Егінші мен қасқыр» 23.26

ІІІ. Қорытынды бөлім 27.28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 29
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф.И. Буслаев, К,Д, Ушинский, Н.А. Корф, В.И. Водовозов және т.б. ) аса мән берген.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бар екендігі анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының арасында;
- ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
- оқушылардың тілін дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.
Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми – зерттеу жұмысымыздың мәселесі ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік және теориялық жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды. Осы қайшылақтардың шешімін табуда мынандай мақсат пен міндеттерді айқындадық.
1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.
2. «Құзырлылық ұғымдарының эволюциялық дамуы». Құдайбергенова К.С. «Білім берудегі менеджмент» 2007ж. №1.
3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.
4. С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006ж.
5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4
6. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б.
7. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.
8. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
9. Менчинская Н.А. Проблемы учения и умственное развитие школьника. – М., 1989, 218 с.
10. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.
11. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзі-реттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, № 3 2004 ж.
12. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізі. Бастауыш мектеп 2006 ж,. № 7.
13. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана, 2006.
14. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы, Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003 ж.
15. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 28 ақпан, 2007 ж.
16. Мирсеитова С. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2006.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім
3-4

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Сын тұрғысынан оқыту
5-8
2.2 Стратегияларды тиімді қолдана білу
8-11
2.3 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының ерекшелігін зерттеу
11-19
2.4 Ана тілі оқытуда мәтінмен шығармашылық жұмыс жүргізудің әдіс- тәсілдері
20-23
2.5 Сын тұрғысынан ойлауына арналған сабақ жоспары: Егінші мен қасқыр
23-26

ІІІ. Қорытынды бөлім
27-28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
29

І. Кіріспе бөлім

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф.И. Буслаев, К,Д, Ушинский, Н.А. Корф, В.И. Водовозов және т.б. ) аса мән берген.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бар екендігі анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Бастауыш білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының арасында;
- ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
- оқушылардың тілін дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.
Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми - зерттеу жұмысымыздың мәселесі ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік және теориялық жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту деп таңдауымызға себеп болды. Осы қайшылақтардың шешімін табуда мынандай мақсат пен міндеттерді айқындадық.
Зерттеудің мақсаты: оқушының тілін дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасынын қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ана тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.
Зерттеу болжамы:
1. Егер бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:
- оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
- оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
- берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және тілін дамытуға қол жеткізуге болар еді.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Сын тұрғысынан оқыту

Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл- үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі - білімде.
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу - әр ұстаздың міндеті.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай 2006 жылы Сорос - Қазақстан қайырымдылық қорының ұйымдастырған Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының курсына қатыстым. Осы курсқа қатысып, алған білімімді өз сыныбымда қолдануға тырыстым.
Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы екенін түсіндім. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Осы бағдарлама бойынша жұмыс істегеніме екінші жыл. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту қарапайымнан күрделіге деп аталады.
Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. іздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, Сорос - Қазақстан қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту: Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі Кім кезекші?, Сабақта кім жоқ, неге жоқ? т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -жаңа білімге көпір салу. Бұл сәт Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе Эссе жазу, бес жол өлең, т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.
Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте бар.
Көбінесе сабақта пайдаланатын стратегиялар түрлері:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. РАФТ
8. Блум жүйесі
9. ЖИГСО - 1
10. ЖИГСО - 2
11. Қазымыр оқушы
12. Автор орындығы
13. Инсерт
14. Венн диаграмма
15. Кубизм
16. Бағытталған оқу
17. Кідіріспен оқу
18. Әдебиет үйірмесі
19. Жол қалдырып жазу
20. Қос жазба күнделік
21. Авторға сұрақ қою
22. Үш қарамды сұхбат
23. Әлемді шарлау
24. Ой қозғау
25. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы - оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Оқушылар жазған шығарма үлгілері: Біз бақытты баламыз. 1941 жылы соғыс басталды. Сұм соғыс 4 жылға созылып, көп адамдардың өмірлерін әкетті. Менің ойымша соғыста болған адамдардың мақсаты: соғысты жеңіп, үйлеріне аман қайту. Соғыс кезінде аштық болды. 1945 жылы соғыс аяқталды.
Содан бері біз бейбітшілік өмір сүрудеміз. Менің де алға қойған мақсатым бар. Ол мектепті жақсы бітіріп, бір маман иесі болып айналама пайда әкелу.
Біздің Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектептер, дүкендер, музыкалық мектептер ашты. Біз елімізбен, жерімізбен баймыз. Менің туыстарым бар. Достарым болғанына қуаныштымын. Барлығы тату - тәтті өмір сүріп жатыр.
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.

2.2 Стратегияларды тиімді қолдана білу

Ал сыни тұрғыдан ойлаудың құрылымына көңіл аударсақ, үлгінің үш фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталады. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғаныс. Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызымет атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында көрсетіледі. Үйрену процесі фазылардың қысқаша суреттемесі құрылымның мағынасы мен оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады.
Алғашқы фаза- Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлене еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалу керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан тапсырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды.
Ал Мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, видеокассета, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай- қайсысы болмасын, осы екі фаза оқушыларды ақпараттар және мазмұнмен кездестіреді. Бұл фазадағы оқушының негізгі міндеті - мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы біліммен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді басқарумен қатысуы қажет.
Ой толғаныс- үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде олар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен құрылыммен қамтамасыз ету- бұл фазаның мақсаты.
Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт.
Ой толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар ағылшын пәнінен алған білімдерін, ойларын нақтылайды, сыныптастарымен мұғалімнен кері сұрақ арқылы байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді.
Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану және Ой толғаныс құрылымы үйрету процесін түсіндірудің үлгісімен қамтамасыз етеді және оқушыларды үйретудің ең жақсы жолын көрсететін нұсқауды ұйымдастырудың механизімі ретінде қызымет атқарады. Бұл- мұғалімдер өз сабағында қолданған және түрлі құрылым фазаларының мақсаттарына жетуге көмектесетін стратегияларды біріктіре алатын үлгі.
Мұғалімдердің өз пәні шеңберінде оқушыларды мағыналы білім беру тәрбиесіне тарататын тиімді стратегиялар қоры бар. Стратегия - бұл әдіс. Сабақтың қызықты да тартымды өтуіне стратегияның үлесі зор. Стратегияның мақсаты, ол:
:: ой әрекетін белсенді ету;
:: талқылауға қатысу;
:: идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
:: жеке өзгерісте жігерлендіру;
:: өздерінің сұрақтарын қою;
:: өз пікірлерін құрастырып білу;
:: сын тұрғысынан және икемді ойлау;
Өзге тілді үйренудің оңай еместігі белгілі. Ал оқушыларға осы қиындықты әртүрлі амалмен, стратегиямен, сыни тұрғыдан ойлату арқылы жеңіл жолды іздестіріп, оқушылардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылығын оятсақ, біздің ұзтаздық алғашқы мақсатымыздың орындалғаны емес пе? Тіл үйрету кезінде жаңа тақырыпты оқушыға меңгерту үшін стратегияларды пайдаланған тиімді.
Топтастыру стратегиясы. Бұл еркін ойлауға, тақырыпты ашық талқылауға бағыттап тұратын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия арқылы мұғалім оқушының қалай жұмыс істеп жатқанын байқайды. Зерттелінбей жатқан тақырыптарға ой тудыру арқылы білуге көмектеседі. Балаты жазуға ынталандырады. Өз ойларын тереңдетуге көмектеседі.
Ал, бес жол өлеңді алайық - бұл пайдалы да әсерлі шара. Өткен тақырып қайталанады, біріктіріледі, негізгі тақырып айқындалады. Кейбіреулерге өлеу шығару дәстүрге айналған. Міне. Осылайша жаңа талап, жаңа есім қалыптасады.
Өз ойын жеткізуде, түсіндіріп көрсетуде, салыстырып, дәлелдеуге құмарлардың саны көп. Бұл олардың белсенділігін білдіреді. Бұл ойды іске асыруға эссекөмектеседі. Оқушылар сыртқа шығара бермейтін ой-пікірлерімен бөліседі. Қиялдау мен армандауларына мүмкіндік туады, осылайша оқушының ішкі дүниесі ашылады.
Венн диограммасы. Бұл стратегия ақпаратты еске сақтауға, оқушының деңгейін көрсетеді. Мұнда екі нәрсені яғни, зат, тарихи тұлға, оқиға, т.б. алуға болады және олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін ажырата алады.
Тағы бір стратегия туралы айта кетсек, тақырып беріледі. Бір адам екі сөйлемнен жазады. Көршісі одан әрі ойларын жалғастырады. Бұл стратегияның аты бір- бірімен бөліскен әңгіме.
Кубизм стратегиясы. Бұл стратегия жан-жақты ойлауға жазуды қамтуға мүмкіндік туғызады. Ол үшін кубикті пайдаланады. Кубиктің алты жағы бар. Кубиктің жан-жағындағы жазудың көлемі 15-20 см көлемінде жазылуы керек.
1. Суреттеңіз: тақырыпқа жақынырақ келіп түсінгеніңізді суреттеңіз яғни, түсі, көлемі, формасы.
2. Салыстырыңыз: неге ұқсас, басқа нәрседен қандай айырмашылығы бар.
3. Байланыстырыңыз: нені ойлатады, ойыңызға не келеді, ұқсас заттар бар ма, ой өзегінен шалып өтіңіз.
4. Саралаңыз: қалай жасалғанын айтыңыз:
5. Қолданыңыз: онымен не істеу керек екенін айтыңыз:
6. Талқылаңыз немесе қарсы пікір айтыңыз: өз сөзіңізді дәлелдеп, логикалық дұрыс немесе дұрыс емес пікірді айтыңыз.
Әлемді шарлау- бұл стратегияның мақсаты оқушыларды пікірлестіру, ұжымдық, топтық жұмыстың нәтижесін қағаз бетіне түсіру, ортақ шешімге келу, бір- бірінің ортақ пікірін білу, қиялдау.
Ұқсастық пен даралық стратегиясы. Бұл стратегияда төрт нәрсені сипаттап жазады. Осы төртеуінің ұқсастығы ортаға жазылады. Бұл стратегиядан оқушылар ұқсастықты табуға, даралықты тануға үйретеді.
Сол сияқты ой ашар, екі жақты күнделік, бір-бірімен бөліскен әңгіме, шығу парағы, семантикалық карта, сұрақ қою, сезімнен шыққан өлеңдер, елесті жетелеу, болжау, Insert стратегиялары сабаққа қолдануға ыңғайлы.
Сабақ - оқытушының педагогикалык мәдениетінің айнасы. Сондықтан да қазіргі қоғамдағы өзгерістер дамудың негізгі басымдылығы ретінде мұғалімнің шығармашылық мәселесін алдыңғы қатарға шығаруда.
ХХІ ғасыр өркениеттің алға басуымен сипаталады десек, артық болмас.
Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудайдарынды, жеке тұлғаны іздеп тауып оны жетілдіріп шығару. Ал, ешнәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтынын педагогика да дәлелдеген. Мұғалім оқытудың неғұрлым дұрыс әдістемесін пайдаланып, тиімді жолдарын іздестірсе , бала соғұрлым тез дамиды, яғни білімді стандартты тез арада меңгереді, стандарттың жоғарғы деңгейіне дейін біртіндеп жетеді. Бұның көрінісі оқушы еркін ойлау мен ізденуге талпынады, яғни нәтижесі оң болмақ. Оң нәтиже бірден көзге көрінбейді, ол заңды да. Тек өзіне деген сенім, ойлаудың дұрыстығы әр баланың болашағының көрінісі.
Ең қиыны - бағалау. Оқушының еңбегін, талпынысы мен қатесін қалайша бағалаймыз? Бағалауда әр баланың ынтасын, көңілін де ескерген жөн. Қателерін танып, түзеуге үйрету керек. Балаларда қателесем деген қорқыныш сезім болмауы керек, өйткені бұл оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуі мен ойлауына қауіп. Осы қауіпті тудыратын да, жоя алатын да ұстаз. Ұстаз даналығы - шәкіртін дамыта отырып, оның ақыл - ойын кеңейте отырып, өздігінен білім алу жолдарын, тәсілдерін үйрету. Ұстаз бен оқушы жақсы арасындағы қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінісуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау , еркіндік беру маңызды роль атқарады.

2.3 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының ерекшелігін зерттеу

К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі рөлі туралы: Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшыра алмайды.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды.Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр.Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген болуы шарт.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз,педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес,шындалған ойлауға үйрету.
Біз іс-тәжірибеміздің барысында пайдаланған бұл технология бойынша сабақ үш сатыдан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3. Ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту.Үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау, Әлемді шарлау т.б деген атаулы әдістер жинақталған.Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру.
Мысалы үшін 4 ә сыныбында ана тілі пәні бойынша қазақтың дарын ақыны, көрнекті қайраткері - А. Байтұрсыновтың Крыловтан аударға аудармасы Аққу,шортан һәм шаянмысалын өткелі отырғанымызды хабарлаймын.Қызығушылықты ояту сатысы бойынша:
-Аққу, шортан, шаян туралы не білесіңдер?
Аққу-киелі құс,шортан-балық,шаян-жәндік екенін алдымен өздері ойын дәптерге жазады,жұпта талқылайды,осылайша ашылып,жаңа білім жайлы ақпарат жинайды.
Ойлану мен үйретуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жаңдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни Аққу, шортан һәм шаян мысалымен танысу барысында,
V- білемін;
- білмеймін;
+ - мен үшін жаңа ақпарат;
? - мені таң қалдырды.
Белгілерін қоя отырып,мысал-өлеңді оқу тапсырылады.INSERT-оқығанын түсінуге өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну күрделі жұмыс.
Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарау,баға беру назардан тыс қалып жатады.Одан гөрі үйге тапсырма беру,оны түсіндіру,баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді,маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап,өзгерістер енгізеді,яғни нағыз білім шыңына көтеріледі,үлкен әлемге енеді.Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған: Бес жолды өлең, Венн көрсетуі, Еркін жазу, Екі түрлі түсініктеме күнделігі, Ойлану стратегиясы, т.б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр- жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір- біріне ой алмастыруын,ой түйістіруін қамтамасыз етеді.Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Мен өз сабағымда Ой толғаныс сатысында Екі түрлі түсініктеме күнделігі стратегиясын пайдаландым. Яғни аққу, шортан, шаян істеріне байланысты.
Оқушылардан дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым.Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына:
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар бұл үшеуінің аққу,шортан,шаянның бірліксіз тірлік жасағанын,сол қатты әсер еткенін жазады
Бөліктің сол жағына:Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады(нені еске түсіреді,себеп-салдары қандай).
Олар бұл тапсырма бойынша Бәрі бірге бірлесіп тірлік жасау керек еді. Бірлік түбі - береке мақалдарын еске түсіреді.
Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып біткен соң жұпта,топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде,мен қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға қойып жауаптарын алдым.Мысалы:
1.Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
2.Автор оқырманды қалай қызықтырды?
3.Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?т.б түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді.Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сөз астарын,құдіретін түсінуге машықтанады.
Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған мәтінді түсіну,оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ,ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып,бірге жұмыс жасап,оларға сеніммен қарап өз ойын,ақылын айтып отырады.Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу,үйрену ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып,толғануға,ойын ашып айтуға рұқсат беру.
3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5.Кейбір оқушыларда кездескен қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету.
Бұл ережелердің алдымен мәні түсіндіріліп,одай кейін қадағаланады.
Бұл бағдарламаны оқып,үйреніп,оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түседі.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту дегеніміз не? - деген сұраққа американдық профессор Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды анықтайтын үш пункті ұсынды:
Біріншіден, сыни тұрғыдан өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді (мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы).
Екіншіден, сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады, - дейді.
Бұл жерде адамзат баласының Абай айтқандай, үш түрлі мінезбен туатыны, яғни соның бірі көрсем, білсем деген талпыныс құмарлығы туралы пікірімен үндеседі.
Бұл жөнінде шығыстың ғұламасы Аристотель Ойлау таңданудан басталады, табиғаттың ашылған құпиясы алдында шынайы таңырқау - ойдың күшті тасқынын тудыратын қуатты түрткі - деген.
21 ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектердің жауапкершілігі жоғары, парсатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
Жаңа оқыту технологияларының мәні - шығармашылық қабілет, дербестік, ізденімпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау. Оқу әрекетінің шығармашылық әрекеттен айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Баланың білімін тереңдетуде шығармашылығын, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында жаңа оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Жаңа технологиялар баланы тек үйренуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеуді мақсат етеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
"Сын тұрғысынан ойлау" ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Джиксо - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты - жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сын тұрғысынан ойлау және оны дамыту туралы психологиялық-педагогикалық көзқарастар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану
Сыни ойлау туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
Пәндер