Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану



Кіріспе 3
1. Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама

1.1 Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу іс.әрекетіне
деген қызығушылығын арттыру
5
1.2 Дидактикалық ойындар 7
1.3 Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану 10

2. Мектепке дейінгі балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындарының маңызы
2.1 Мектепке дейінгі балалардың математика сабақтарында білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс.әрекеті
13
2.2 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері 14
2.3 Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
19

3. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикалық ойындардың ұйымдастырылған оқу іс.әрекетінің үлгісі
3.1 Ұйымдастырылған оқу іс.әрекетінің тақырыбы: «Осындай пішінді тап»
21
3.2 Ұйымдастырылған оқу іс.әрекетінің тақырыбы: «Ойлау әлеміне саяхат»
23
3.3 Ұйымдастырылған оқу іс.әрекетінің тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»
25

Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
Қосымша А 30
Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.
Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді» делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен «Білім бұлағы-кітапта» демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре білетін шебер мұғалім қажет.
Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.
Даярлық топта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда сабақтастықтың орындалу үрдісі.
Даярлық топта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.
1. Аймағамбетова Б. Көңілге қонған көрнекілік / Б. Аймағанбетова // Даярлық мектеп. - 1989. - № 8.-14-17 бет.
2. Бантова М.А. Даярлық кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева // Даярлық мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
4. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
5. Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Даярлық мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
6. Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
7. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева
8. Даярлық білім журналы № , 2004 ж.
9. Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева
10. Математика оқыту әдістемесі. Алматы. «Атамұра» 1999.
11. Даярлық мектеп. №11, 2005. 3-7 б.
12. Даярлық мектеп, 2004 жыл - №7, 43-45 беттер.
13. Білім берудегі менеджмент, 2003 жыл - №2, 8-13 беттер.
14. Бұзаубақова К.Ж.-Алматы, 2003 жыл, 101-102 беттер.
15. Қазақстан мектебі, 2001жыл - №2, 8-13 беттер.
16. Қазақстан мектебі, 2001 жыл - №3, 33-35 беттер.
17. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар.– М., 1992.
18. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.
19. Дүйсенбай Е. Санамақ. – А., «Ана тілі», 1996.
20. Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына арналған математика. – М., 2008.
21. Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.
22. Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А., 1996.
23. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.
24. Новикова В.П. Балабақшадағы математика – М., 2003.
25. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. – А., «Рауан»,1993.
26. Сатимбекова М.С., Наурызбаева Ә.Н., Әуелбекова: Математика әдістемелік құрал. –А., «Алматы кітап» ЖШС, 2005.
27. Сербина Е.В. Бөбектерге арналған математика. – М., 1992.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1. Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін
дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
1.1 Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіне 
деген қызығушылығын арттыру 5
1.2 Дидактикалық ойындар 7
1.3 Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану 10

2. Мектепке дейінгі балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін
математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындарының маңызы
2.1 Мектепке дейінгі балалардың математика сабақтарында білім
деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті 13
2.2 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері 14
2.3 Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
19

3. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде
пайдаланатын дидактикалық ойындардың ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің үлгісі 
3.1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Осындай пішінді
тап  21
3.2 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойлау әлеміне
саяхат  23
3.3 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Кеңістікті
бағдарлау  25

Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
Қосымша А 30

Кіріспе

Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында
білім беру саласына: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен
кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні
сөзсіз деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге
төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің
бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын
ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін
мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін
игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық
ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны
қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.
Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің
мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен
амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда
ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық
белсенділігі қалыптасады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең
құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының
негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық
білім беру тұжырымдамасында білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам
тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен
таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды
баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді делінген. Осыдан
білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін
аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы,
білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер
даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен Білім бұлағы-кітапта
демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре
білетін шебер мұғалім қажет.
Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы
сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың
тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі
сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз
математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік
негізін жасау.
Даярлық топта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда
сабақтастықтың орындалу үрдісі.
Даярлық топта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып
дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері
арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.
Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып,
даярлық топ оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті
стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты
қамтамасыз етсек, онда даярлық және негізгі мектептерде математиканы
сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып,
оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені
үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық
оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің міндеттері. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның
өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-
қайшылылығында ашылады. Сондықтан қарама – қайшылықты шешіп, сапалы білім
беру үшін мектепте математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету
қажет.
1. Үздіксіз білім беруде математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты
анықтау.
2. Оқулықтардағы теориялық білім мазмұнындағы және есептер жүйесін
қосымша құрастырылған есептермен толықтырудың қажеттілігін негіздеп,
олардың негізгі міндеттерін ашып көрсету.
3. Оқулық құрастыруда тақырыптық сабақтастық мүмкіншіліктерін анықтау
және мектеп оқулықтарындағы теориялық білім мен есептер жүйесін толықтыру
мақсатында есеп құрасытырудың келесі бағыттарын қарастыру:
а) әр түрлі тәсілдермен берілген мәтінді есептер;
б) логикалық есептер;
в) геометриялық есептер;
г) дидактикалық ойындар.
4. Қосымша есептер жүйесін және мәтінді есептерді әртүрлі тәсілдермен
шығару әдістемесін мектеп практикасында қолдану әдістемесін қарастыру.

1. Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін
дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама

1.1 Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіне 
деген қызығушылығын арттыру

Кез келген ұстаздың басты мақсат- міндеті – бүлдіршіндерге сапалы
білім беру, жан-жақт жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. 
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады.
Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей
динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын
технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ. 
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке,
сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі. 
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де
ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық. 
Мектепке дейінгі баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен,
қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.  Сондықтан кез- келген
сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы Сауат
ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды
ойын арқылы ойын арқылы өткізугеболады. Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын,
Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар. 
Ал математика оқулығының басты ерекшелі оқу мен тәрбие ерекшелігі
жақсы, шебер ұйымдастырған.Математика сабағында баланың логикалық ойлауында
дамытатын ойындар Құрастыру, Бөлігін тап, Көршісін тап, Өрнекті
шеш, Ойлан тап ойындарын ойнауға болады. 
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды
қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде
елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. 
Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып
табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету
болып табылады. Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып
алушы әрекеттеріне еліктейді. Ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен
оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді
бақылауға, күнделікті өз өмір -лерінен алған білімдерін ойын сюжетіне
пайдалануға төселдендіруге болады. 
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге
ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас
ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде оиындарды көп қолданамын.
Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар
табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функйиялары толық дамыған болуы
керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың
сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың
тілін дамытудаойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та
байытуға балады. Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуршақты
киіндіреміз, Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын
түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен
тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту
сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты
бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар
сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон
ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап,
баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып
табылады. 
Қимыл ойындары- балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру,
секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға
мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал
етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның
барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым- қатынасын, баланың мінез- құлқын
білгілейді Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен
немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының
құрамына енеді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын
балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын
өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде
өтеді. 
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақа та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар
бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан
бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы Дүкен
ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың,
ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға
ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. 
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді
ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы
болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін
білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында
жиі қолданады. 
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау
тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен
бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-
анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз 
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі
жұмыс түрі- ойын әрекеті. 
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы
үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. 
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. 
Ойын ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді. 
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де,
ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра
алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.
Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады. 
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді,
драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық
ойындар болып бөлінеді.

1.2 Дидактикалық ойындар

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде,
балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі
көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған
ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп
соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген
құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның
мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма?, - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын
ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады.
Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі
қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің
беріктігіне негіз қалайды. 
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың
қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың
психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері
ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның
бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына
дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын
кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді.
Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап,
сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 
Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген
ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді
қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын
әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын
ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына,
санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе
білуге үйретті–баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын
арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды
қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын,
математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің
шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды
қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай
пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау,
қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата
білуін дамыта түсу үшін өте қажет. 
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін
пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған.
Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың
негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік,
дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның
танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 
Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын
арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының санға
байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің
конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің
алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған.
Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты
болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет. 
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін
математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай
түрлерін пайдалануға болады: 
1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін
дамыту. 
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың
сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау
қабілеттерін дамыту. 
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл
қозғалысты дамыту. Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды
ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте
сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға,
математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі,
өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен
уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте
сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.
Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың
жинағын ұсынамын (қосымша А).
Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір
түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым
математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны
ерекше. Пішіндерді өткен кезде шар, куб, не домалайды, не домаламайды?
ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте
тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудағы негізгі
шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық
принциптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы,
тапсырмаларды біртіндеп орындау. Баламен іс әрекет түрінде өткізілсе,
тапсырмалар оңай орындалып, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі
кейіпкерлеріне, ойыншық кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып,
бәсекелестігін арттырады. Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық қабілетін дамытып,
адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады. Іс-әрекетке Дымбілместі
қатыстыру баланың алған білімін еске түсіріп, сол Дымбілмеске үйрету арқылы
қабілетін арттырады. Дымбілмеске қарай отырып өз жұмыстарын бақылай білуге,
қате жіберіп алмауға деген қырағылықтарын арттырады.
Ойын арқылы балаларды геометриялық пішіндердің ортақ белгілері
(дөңгелектенген, бұрышты) бойынша біріктіру туралы алғашқы түсініктерін
қалыптастырамыз. Уақытты бағдарлауға үйрету үшін тәулік бөліктері, апта
күндері, жыл мезгілдері және айлары туралы санамақтар, жаңылтпаштар,
жұмбақтарды кеңінен пайдаланамыз. Бұл арқылы баланың ойлау, есте сақтау
қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз. 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімі бойынша Таным
білім саласындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін зейіндерін,
есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға арналған әлеуметтік
ойындарды қолдану қажет. Ойын ойнату кезінде мына кеңестерді естеріңізде
ұстаңыздар: 
1. Ойын балаға да, үлкендерге де қуаныш әкелуі қажет. 
2. Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны ойнауға мұқтаждамаңыз, ойын
тапсырмаларымен ашуға дейін қысым көрсетпеңіз. Ойын кезінде баланы ренжітіп
алмаңыз. 
3. Баланың қызығулары толқынмен өтеді. Сондықтан, балада ойынға
қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы екі айға, тіпті көпке дейін
ұмытыңыз, сосын оны бала кездейсоқ есіне түсірсін. 
4. Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек. Баланың белсенді
қимылдарын тоқтатпаңыз. 

1.3 Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің
міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі
айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп
оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы
айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі
болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие:
балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі,
демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы
ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық
құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала
бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың
өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері
ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді.
Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік
арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш
оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов,
А.В.Запорожец, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін
қосты.
Алты жастағы мектеп оқушыларын математикаға оқытуда дидактикалық
ойындарды қолданудың негіздерін жасау үшін мектептегі оқытуға даярлық
барысында бірқатар математикалық фактілерді үйренумен айналысатын мектеп
жасына дейінгілердің ойын мазмұны мен типтерінің, бірінші сыныптағыларды
(және тек алты жастағы балаларды ғана емес) мектептегі жүйелі оқытуда
қолданылатын ойын мазмұндары мен типтерінің негізгі ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын айқындау айрықша маңызды екендігі байқалады. Бұл кезеңде,
әрине, соңғы жылдары белгілі өзгерістерге ұшыраған бағдарламадағы (оқыту
мазмұны мен мақсаттары) айырмашылықтар ескерілді. Мектепке балаларды
мектепке дейінгі даярлық жағдайларында пәндік білімдерді, шеберліктер мен
дағдыларды қалыптастыруға назар аударуды күшейту мектеп жасына
дейінгілермен жұмыс жүйесіне мектеп тәжірибесінен ойынды (басты үлгіде
ойындық жаттығуларды) тікелей байланыстыруға алып келді. Бұл кезеңде мектеп
жасына дейінгілермен математикалық сабақтар оған тән барлық кемшіліктерімен
мектеп сабағы типі бойынша құрылғандығы жөніндегі фактілер айрықша назар
аударуға тұрарлықтай. Сабақтарда көбінесе мұғалім тәжірибесінде
қолданылатын дидактикалық ойындардың барлық түрлері кеңінен қолданылмайды.
Дидактикалық ойындар пайдаланылды, дегенмен балалар бақшасындағы мектеп
жасына дейінгі балалармен және балалар бақшасына бармайтын балалармен,
сондай-ақ мектепте даярлықтан өтуші балалармен жүргізілген сабақтарға
бақылау жасау, мұғалімдер мен тәрбиешілерден сұрақ-жауап жүргізу нәтижелері
жоғарыда қарастырылған типтік дәйектерді айғақтайды.
Екінші бір жағынан, мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру
үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану туралы көзқарастар мен ережелер
балалар бақшасы жағдайларында елеулі ерекшеленетін алты жастағы балаларды
мектепте оқыту жағдайларында көбінесе іс жүзінде қолданып, жүзеге асырыла
алмайтындығына көз жеткізу аса қиын бола қоймайды. Ал осындай тікелей
тасымалдау дәйектерінің бар болуын тұрақты деп санауға болады.
Оқушылардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойын есептерін  қолданудың
әдіс-тәсілдері оқушылардың ой-өрісін дамытудағы атқаратын қызметінің
ерекшеліктері айқындалды.
1-тапсырма: Ойын Не өзгерді? Кітаппен жұмыс.
Есеп құрастырып шығару.
Қыз баланың оң қолында 2 ойыншық, сол қолында 1 ойыншық. Барлығы неше
ойыншық?
Ұл баланың оң қолында 1 ойыншық, сол қолында 2 ойыншық.
                     1 + 2 = 3
Екеуінің ойыншықтары қанша? Жазуды тақтада жазу Не істедік?
Қосылғыштардың орны ауысып тұр.
2-тапсырма: Бой сергіту жаттығуы.
            Аппақ болып таң атып
            Түтін тіке шығады.
            Торғай қағып қанатын,
            Самғап биік ұшады.
3-тапсырма: Ойын Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал.
3 және 2 деп балаға допты лақтырамын, допты қағып алған бала 5 деп
жауабын айтып қайтарады.
4 және 1; 3 және 3,5 және 2;7 және 1;4 және 4; 10 және 0; 8 және 2; 5 және
5.

2. Мектепке дейінгі балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін математика
сабағында қолданылатын дидактикалық ойындарының маңызы

2.1 Мектепке дейінгі балалардың математика сабақтарында білім деңгейін
арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына
апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді - деп
мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А.И
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге
белгілі. Даярлық мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының
алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту,
оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,-
делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында.
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу,
дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге
дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж.
Адамбаева).
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін
шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының
азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз
болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл
мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Математика, оқыту
әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін
әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген атақты ғалым Писарев Д.И.
Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ
ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор
жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл даярлық сыныпта
оқытуда орындалады.
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш
жол көрсетуші, бағыт беруші – даярлық мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын
бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу даярлық мектеп мұғалімдеріне
абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне
ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын
өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші,
баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол
сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты
мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты
тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп,
ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін
азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп,
жетілдіре түсу.
Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?-
деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді зерттеу барысында
біз ең алдымен іс-әрекет дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына
байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен
жарыққа шығарады.
Психология ғылымының докторы, профессор Қ. Жарықпаевтың пікірінше:
Әрекет дегеніміз түрлі қасиеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа
жетуге бағытталған процесс.
Бір мақсатқа біріккен әрекеттердің жиынтығын ғана іс-әрекет деп,-
анықтама берді психолог Ф.Н. Гоноболин. Ол белгілі бір ұзақ уақытқа
созылуымен сипатталады. Педагогикалық іс-әрекет туралы айтқанда біз
мұғалімнің бір рет жасаған әрекетін емес, ұзақ уақыт бойы педагогтік толып
жатқан қылықтары мен әрекеттерінен тұратын оның мектепке жасаған күнделікті
жүйелі еңбегін айтамыз.
Сонымен, оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге
байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни
мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс
түрлері. Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарына тоқтала кетейік.

2.2 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері

Даярлық сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу
шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына
тоқталайық.
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі
мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас
ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою.
Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру,
қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей
дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр
түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай
есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып
ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету даярлық сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім.
Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше
тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай
шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға
уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде
болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік
мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын
жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Даярлық сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен
шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор.
Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың
белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру
кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан
кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Даярлық сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс
жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың
математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу
дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз
бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты
өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс
жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі.
Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру
үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді
әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы
жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және
қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін
бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі
материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары
жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің
орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде
оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен
жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары
қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық
тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді
оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да,
элементтеріне де әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе
тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар
ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде
беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып,
сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары
болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға
дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік
жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді.
Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша
ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс
түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада
болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт
бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға
көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: Балаларды өздігінен
жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Баланың бірінші әрекеті - ойын
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін оқытудағы жалпы дидактикалық принциптер
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Пәндер