Ойын технологиясы туралы


Жоспар
1. 5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын
қалыптастыру
Кіріспе
Білім беру-аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық - ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына арналған Жолдауында “біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп көрсетілгеніндей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі.
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т. б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар- оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтар да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану- бұл проблеманы шешудің бірден- бір жолы.
Ойын- күрделі философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік- шахмат ойнап отырған бала». Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын -әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
Осының нәтижесінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:
- Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз, музыкасыз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. В. М. Сухомлинский.
- Ойын- артық күштен арылу жолы (Ф. Шиллер., Г. Спенсер) .
- Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К. Гросс, К. Блююллер)
- Ойын- мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит) .
- Функционалды тенденция теориясы (Д. Н. Узнадзе, т. б. )
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.
А. С. Гуревич, А. В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н. Н. Скатова, Р. И. Половникова, В. К. Романт оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз. Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
- Негізгі бөлім
1. 1 Ойын туралы ұғым
Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс- тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д. Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А. В. Вербицкий, Т. В. Кудрявцев, И. П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров т. б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P. M. Жуковская, Д. В. Менджерицкая, Т. А. Маркова, Н. Я. Михайленка т. б.
Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол - ойын.
Балалар ойын үстінде өздерін еркін, жеңіл сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психологтар Ж. Аймауытов, Л. С. Выготский, М. Жұмабаев, Қ. Жарықбаев, С. Макаренко, М. Мұқанов, Ж. Намазбаева, Т. Собиров, Г. Усманов т. б. арнайы зерттеу еңбектері бар.
Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л. С. Выготский төменгі ісласс оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез-құлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш, өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға қызығады.
Выгодский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л. С. Выготский төменгі класс оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады. Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып табылады.
М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан- тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл т. б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.
«Әсер күшті болса, есте ұзақ сақталады». Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма?» - деген.
М. Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу-тәрбие процесінде мұғалім де, ата- ана да керек.
Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т. б.
Төменгі кластағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала - щапшаң, бала - ұрыншақ», «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған.
Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады .
М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән
берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны
әсерлене пайдаланады. '7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі.
Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау.
- Егер 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады?Тағы сол сияқты.
- 2-ден 1-ді азайт. Сұрақтар берілді.
Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды. Көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді.
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу - жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес, көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, тіптен секіру, бұғалық тастау, допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнап жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс- әрекетті игеру міндетін орындайды.
1. 2 Ойынның түрлері мен рөлі
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.
Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:
- Дидактикалық ойындар.
- Сөздік - дидактикалық ойындар.
- Ролъді сюжетті ойындар.
- Драмалық ойындар.
- Творчестволық ойындар.
- Әдеби - музыкалық ойындар.
Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.
Бірінші сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сұрыптап, жоспарлайды. Оның дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді. Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бұзбастан, оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады .
Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сала тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым-қатынастардың игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы.
Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл- ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс- әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі.
Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.
Балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс. «Ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады.
Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді. Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен колданудың маңызы зор.
Ойын оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог, түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық, әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық, ынтымақтары нығаяды.
Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М. Горький «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады», дегені мәлім.
Ана тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ісінде сабақта, сабақтан тыс уақытта қолданылатын дидактикалық, сөздік, творчестволық, сюжеттік, рольді ойындардың маңызын ерекше атап көрсетуге болады .
Оқушының математикалық тілде дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар. Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету, математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар. Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп, ақыл-ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күйі артып, жүйелері жақсарады .
Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды, күні бұрын дайындау қажет. Сондықтан да бірінші сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі. Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап- байқағанын, естігенін-білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, творчестволық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күш-жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекетіне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz