Бастауыш сыныпта зерттеу - ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі



І. Кіріспе бөлім 3
ІІ. Негізгі бөлім 5
2.1 Бастауыш сыныпта зерттеу . ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі 5
2.2 Бастауыш сыныптарда зерттеу . ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру 13
2.3 Оқушыларды зерттеу жұмысына үйрету әдістемесі 16
2.4 Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми.зерттеу жұмысына бейімдеу 20
2.5 Ұлттық мерекелер бағытындағы наурызға байланысты оқушылардың зерттеу. ізденушілік жұмыстарының логикалық құрылымы 22
IV. Қортынды бөлім 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
Оқушыны дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың ғылыми-танымдық, экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мүмкіндіктерді қарастырылды. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский,
1. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007, ақпан
2. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл
3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз
4. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4
5. Тұрғанбаева.Б.А., Шабденов.Б.Ш. Шығармашылық баспалдақтары. Алматы,2003
6. Бекова.Г. Шығармашылық ізденістер Бастауыш мектеп 1998 ж. № 2 24-28 бет
7. Алпысова.Г.Т. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Бастауыш сынып 2012ж. №3 4-5 бет
8. Өтеғұлова.Г.Қ. Инновациялық технологиялардың тиімділігі Бастауыш сынып әдістемесі 2011ж. №5 35-36 бет
9. Оқушыларды зерттеу жұмысына үйрету әдістемесі.
10. С.Ш.Әбенбаев «Сынып жетекшісі» Алматы, «Дарын» 2004. 44-66 беттер.
11. К.Б.Сейташев «Тәрбие теориясы» Алматы, «Мектеп» 1986. 130-136 беттер.
12. О.С.Богданова; В.И.Петрова. «Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы». Алматы, «Мектеп» 1980.61-62 беттер.
13. Т.А.Ильина. Педагогика. «Мектеп» бапасы, Алматы 1977. 235-239 беттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім
3
ІІ. Негізгі бөлім
5
2.1 Бастауыш сыныпта зерттеу - ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі
5
2.2 Бастауыш сыныптарда зерттеу - ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру
13
2.3 Оқушыларды зерттеу жұмысына үйрету әдістемесі
16
2.4 Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу
20
2.5 Ұлттық мерекелер бағытындағы наурызға байланысты оқушылардың зерттеу- ізденушілік жұмыстарының логикалық құрылымы
22
IV. Қортынды бөлім
25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
27

І. Кіріспе бөлім

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
Оқушыны дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың ғылыми-танымдық, экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мүмкіндіктерді қарастырылды. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері - бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков, В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.
Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.
Бастауыш саты оқушыларының жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.
Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: Балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті.
Бастауыш сатыда сыныптан тысжүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Соңғы кезде нарықтық қатынасқа байланысты мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің сирек жарияланатыны аталған шараларды жүзеге асыруға өз кедергісін тигізіп отырғаны байқалды. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми зерттеу жұмысына даярлау үрдісі.
Курстық жұмыстыі міндеттері:
- Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;
- Оқушы қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылту;
- Оқушының таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына жағдай жасау;
- Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;
- Білім, білік, дағдыларын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш сыныпта зерттеу - ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі

Зерттеу - танымдық әрекеттің мамандандырылған формасы ретінде ғылым үшін тән жаңа білімді өндіру тәсілі. Тікелей қабылдау, ұғыну, ойлану және т.б. зерттеу танымның мақсаты мен құралын анық бекітуді болжайды, нәтижелерді қайта өндірудің, олардың дәлелділігі мен шынайылығының әдістемелік формаларымен бағыт алады.
Зерттеудің өзара эмпиристикалық және теориялық деңгейін бөліп ажыратады. Эмпиристикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталған және бақылаулар мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымның ұғымдық аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты. Оның маңызды байланыстары мен заңдылықтарындағы шынайы нақтылықты жан - жақты тануға бағытталған. Зерттеудің бұл екі түрі де тығыз өзара байланыста және ғылыми танымның тұтас құрылымында бірін - бірі шамалайды. Эмпиристикалық зерттеу, бақылаулар мен тәжірибенің жаңа мәліметтерін анықтай отырып, теориялық дамуды ынталандырады, олардың алдына жаңа міндеттер қояды. Теориялық зерттеулер, ғылымының теориялық мазмұнын дамыта және нақтылай отырып фактілерді түсіндіру мен алдын болжаудың жаңа перспективларын ашады, эмпиристикалыққа бағдар береді және бағыттайды.
Ғылым дамуының эмпиристикалық сатысында (мысалы, тәжірибелік жаратылыстану ХVІІ, XVІІІ, ішінара ХІХ ғ.)ғылыми білімді қалыптастыру мен дамытудың негізгі құралы эмпиристикалық зерттеу және оның нәтижелерін логикалық өңдеп қорытындылау. Алайда осы сатыда өзінде танымның эмпиристикалық материалдарын ретке келтіру мен жіктеу негіз ғылыми абстракциялардың жетілдірілуі мен дамуы жүзеге асырылады. Ғылымның ұғымдық аппаратын одан әрі қарай дамыту мазмұны эмпиристикалық мәліметтерді жалпы қорытындылау мен салыстыру шеңберінен шығатын логикалық формалардың (мысалы, типология, алғашқы түсіндірме сызбалар, үлгілер және т.б.) пайда болуына әкеледі. Іштей дифференциальданған тұтас теориялық жүйелердің қалыптасуы, шынайылықтың ерекше теориялық үлгісінің пайда болуына әкеліп соқтырады. (мысалы, көздің молекулярлы - кинетикалық үлгісі). Танымның мұндай құралдары зерттеудің эмпирикалық деңгейіне салыстырмалы түрде ойдың қозғалуына себепші болады, оның эвристикалық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Ғылымының теориялық мазмұнын кеңейту және көп қабатты теориялық жүйелерді құру ғылыми танымның теориялық аппаратының оның эмпиристикалық базисінен нақты оқшаулануына әкеледі, бұл сөз кезегінде теорияның эмпиристикалық түсіндіру қажеттілігін, сондай - ақ эмпирикалық мәліметтердің теориялық түсіндіруін туғызады.
Зерттеудің жобалау мен ұйымдастырудан айырмасы, нысанға қатынасы бойынша өте, сыпайы қызмет түрі екенін ескереміз, оның басты мақсаты - бар нәрсені ақиқатты анықтау, мүмкіндігінше оның ішкі өміріне араласпай нысанды бақылау. Адамдағы қоршаған шынайылықты түрлендіру дағдыларын дамыту (бәрінен бұрын жобалау дағдыларын) қажеттілігін ешқандай жолмен теріске шығармай зерттеушілік орынды алу қабілетін дамыту өз қызметін, оның мүмкін болатын зерттеулерін бағалау құралы ретінде білім берудің маңызды міндеті деп қарастырамыз.
Әрекет түрі ретінде зерттеу көзі - адам табиғатына тән танымға ұмтылыс. Ғылым қоршаған дүниені зерттеу сезімінен туады. А. Энгельгард үздіксіз ізденіс инстинкты, белгісізді кішірейту инстинкты әрбір адамның санасына салынған деп атап көрсетті. Зерттеу әрекет түрі ретінде, жануарларда рефлекстенбеген түрінде де пайда болады. Сонымен, П.Тейлер де Шарден көптеген жануарлар қоршаған ортаға деген қызығушылықты, оны ләззат ала зерттеумен білдіреді деп көрсетеді.
Сыртқы әсермен болмаған, саналы емес зерттеу адамға тән, ол ақиқатты игерудің қуатты құралы бола отырып, оның қабілеті мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан онымен әрқашан қатар жүреді. Бірақ спародикалық, түйсіктелмеген болып қалады. Тек ғылымның пайда болуымен және ғылым арқылы зерттеу мәдениеттің құбылысы болады, өз тарихын, әдістемесін институтын алады. Ғылымның пайда болуымен, қызметінің негізгі түрі зерттеу болып табылатын адамдардың жеке әлеуметтік тобы - ғалымдар бөлініп шығады.
Зерттеудің жетекші құндылығы - ақиқатқа жылжу үдерісінің құндылығы болып табылады. Сондықтанда зерттеу - әлемнің мейлінше шынайы бейнесін құруға ұмтылатын ғалымды дамытудың басты құралы. Орыс және әлемдік ғылымның классигі В.И.Вернадский: Ғылым әдебиет пен өнерге қарағанда үлкен, бірегей, ешнәрсемен салыстыруға болмайтын адамзаттың күрделі әлеуметтік туындысы, ол бүкіләлемдік сипат алып тұр Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің формаларымен әлсіз байланыста. Бұл әлеуметтік жалпы адами білім, өйткені оның негізінде барлығы үшін тең міндетті ғылыми фактілер мен жалпы қорытындысы жатыр.
Қазіргі заманғы дәуір оқушыдан тек оқу үдерісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.
Б.С.Гершунский қазіргі заманғы білім берудің дағдысының мәнін талдай келе, білім беру саласының тиімді жұмыс істеуі өте жалпы түрде екі біріккен міндетті шешумен байланысты:
- осы саламен қамтылған әрбір тұлғаны, оның жеке дүниеге көзқарасы мен ментальдығын қалыптастыру, осы құндылықтарды білім беру (педагогикалық) мақсатын қою, мазмұны мен білім беру (оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту) үдерісі жүйесіне тікелей немесе жанамалып қосу жолымен оны қоршаған социум мен адамзат өркениетінің мәдени құндылықтарына тарту;
- алынған білім есебінен осындай себептер келтірілген және онда өмірлік өзін-өзі іске асырудағы жоғары басымдылықтарын көретіп жеке шығармашылық, белсенді түрлендіргіш, жасампаз қызметі есебінен адами қауымдастықтың ментальды кеңістігін, рухани өрісін қалыптастырып, үздіксіз байытқан.
ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi зерттеу тәртiбiнiң ролiн, жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда. Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту - қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi.
Балалық зертеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай .Қайсыда бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады.. Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, упалайды, умаждайды, жапырады, тiстейдi, сәл ересектеуi - бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған бала, ересектерге "Бұл не?","Нелiктен?", "Неге?" секiлдi сұрақтарын жаудырады. Өкiнiшке орай, көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген ересектер, тынышсыз " негештермен" жұмыс жасауға зерiгедi.
Баланың қажымай-талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi - мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате болмас. Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңыздың мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары - оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiк позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады.
Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi. Кез келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау, оны саралау, анализдеу және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiстiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте әр түрлi әлеуметтiк - саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.
Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н.И.Павлов "Үй кiрпiштен құралатын болса, ғылым деректерден құралады", демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы да ғылыми бiлiм бола алмайды. Сондықтан "ғылым" деген сөзiң мағынасы ежелден "ұйымдастырылған бiлiм " деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi, болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары - ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.
Бүгінгі күні мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қол жетiмдi түрi - оқушылардың ғылыми қоғамы болып отыр. Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жас ерекшелiктерi әр түрлi, жоғары интеллектуалды, шығармашыл оқушылардан құралады. ОҒҚ-ның атқаратын негiзгi қызметi - оқушылардың ғылыми iзденушiлiкке қызығушылығын кеңейтуге, зертеулiк оқыту бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға, әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретуге және т.б. бағытталады. ОҒҚ-на мұғалiм жетекшiлiк етеді. Жетекшi мұғалiм оқыту сабақтарын ұйымдастырады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұжымдық жобалардың тақырыптарын жоспарлайды, қорытындылау жиналыстарын дайындайды, жас зерттеушiлердiң жұмыстарына мониторинг жүргiзедi. Осындаай іс-әркеттердің нәтижесінде дарынды балаларды анықтауға және ғылымға жетелеу арқылы шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкіндік туылады. Дегенмен, мұндай әрекеттер мектеп оқушыларының 10 ғана құрайды, ал қалғаны ізденістен тыс, пассивті оқу жағдайында білім алады.
12 жылдық білім беру жағдайында жалпы орта мектеп бағдарламасында Зерттеу негіздері курсы қарастырылған. Курстың мақсаты оқушыларды зерттеу әрекетіне ендіру арқылы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру. "Негiзгi материалдарды өздiгiнен iзденуге мүмкiнiдiк берген жағдайда ғана оқушылардың бiлiмi жоғары болады". Баланың ойлау тәсiлдерiн үйрету және зерттеушiлiк мәдениетiн қалыптастыру үшін зерттеулiк оқытуды бастауыш мектептен бастау керек. Себебi, бастауыш мектеп баланың санасы қарқынды дамитын маңызды, қайталанбас кезең. Бастауыш мектепте бала белгiлi бiр бiлiм алып қана қоймай, ол жалпы даму, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнiнде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективтi түрде бақылау, ойын дұрыс жеткiзу, салыстыра бiлу, сөйлеу мәдениетiне үйренедi. Зерттеушілік оқытуда дәстүрлi сабақтан дербес арнайы тренингтер, ойындар ұйымдастырылады. Бұл оқушыларға зерттеу біліктері мен дағдыларын меңгертудің тиімді жолы болып табылады.
Зерттеу iзденiсi баланың қызығушылығын арттыратын, өзiне құмартатын iс. Қазiргi педагогикалық әдебиеттерде зерттеу әдiсi, жобалау әдiсi деген ұғымдар жиi кездесуде. Зерттеулiк оқыту барысында осы екi түрлi түсiнiктiң ұқсастығы мен айырмашылы неде? Зерттеу әлемiне алғашқы қадамын басқан кез келген балаға бұл әдiстердi ажырата бiлудiң маңызы зор. Сонымен зерттеу жұмысы және жоба ұғымдарының айырмашылығын талдап көрсетелiк. Зерттеу - риясыз шындықты iздену, ал жобалау туындаған мәселенi саналы түрде шешу. Сондықтан да зерттеу және жобалау жұмыстарының бағыты, мәнi, мазмұны да әр түрлi. Зерттеу үнемi iзденiс пен шығармашылықты қажет етедi. Себебi ол - белгiсiз, тың жол. Зерттеу барысында өзектi мәселенi шешу әрекеттерiмен қатар, көптеген кедергiлер кездеседi. Тiптi iзденiс барысында табылған жаңа ақпараттар қажетсiз немесе қауiптi, зиян болуы мүмкiн. Кейбiр зерттеулер өкiнiштi әсер де қалдырады. Зерттеушi белгiсiздiктiң шешiмiне жету немесе құпияның сырын ашу үшiн толығымен шығармашылықты қажет етедi. Олай болса, зерттеу - шексiз түбiрге жету қозғалысы.
Ал жобалау, керiсiнше, жасалған жұмыстың нақты , қатаң атқарылуына, iс-шараларды жоспарлай бiлуге, көздеген нәтижеге жету секiлдi өмiрдегi маңызды талаптарды қалыптастырады. Жобалау әдетте шығармашылық iс, бiрақ ол шектеулi мәселенiң өзектiлiгiн шешу. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер бойынша, репродуктивтi әдiспен орындауға болады. Яғни белгiлi графиктер, сызбалар, жобалар арқылы зерттеу жүргiзу, көрсетiлген межеге жету.
Осы аталған айырмашылықты терең түсiнбеу себептерiнен кейбiр мұғалiмдер зерттеумен айналыса бастаған балаға, алдын ала жоспар құруын талап етедi, зерттемес бұрын мақсат қой, мәнiн бiлiп ал, қандай нәтижеге жетуiң керек, - деген сияқты талаптар қояды. Бұл, әрине, үнемi бақылап әдеттенген мұғалiмнiң құзыреттiлiгi жеткiлiксiздігін көрсетедi. Егер оқушыға зерттеу жұмысының нәтижесi белгiлi болса, онда оны iздеудiң қажеттiлiгi қанша?
Оқушылар шығармашылық жұмыстарын жобалау әдiсiмен де, зерттеу әдiсiмен де жүзеге асыра алады. Қазiргi бiлiм беру практикасында осы екi ұғымды жете түсiнудiң маңыздылығы зор. Баламен зерттеп оқуды ұйымдастыра отырып, оған үлкен үмiт артудың қажетi жоқ. Егер баланың әрбiр зерттеу жұмыстары, әр жобасы көпшiлiкке неғұрлым белгiлi болса, оның зерттеп оқу iс-әрекетiнiң мотивациясы соғұрлым жоғары болады. Оқушылардың зерттеп оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн анықтау проблемасы сырт көзбен қарағанда жеңiл көрiнедi. Шын мәнiнде - бұл күрделi iс. Алдымен ненi нәтиже деп санауға болады, соны қарастырған жөн. Зерттеп оқу жұмыстарының барлық кезеңдерiнде негiзгi күтiлетiн нәтиже - баланың танымдық қажеттiлiктерi мен қабiлеттерiнiң дамуы екенiн анық ұғыну керек. Бұл баланың интеллектуалды және шығармашылық дамуы емес, психоәлеуметтiк өрiсiн дамыту.
Педагог үшiн зерттеулiк оқытудың басты нәтижесi - баланың дайындаған көрнектi, детальды жасалған мәтiні немесе қағаздан жасалған макеті, техникалық суретi емес, ең бастысы өзiндiк шығармашылығы, зерттеу жұмысындағы құнсыз тәжiрибесi, жай орындаушыдан ерекшеленетiн шығармашыл баланың жаңа бiлiмдерi, ептiлiктерi және дағдылары.
Балалардың зерттеу нәтижелерiн табысты қорытындылауға семинарлар, конференциялар көп ықпал етедi. Семинарда барлығы жеке проблема бойынша жасалған зерттеулердi талқыласа, конференцияда бiр мәтiнмен бiрiктiрiлген, проблемасы әр түрлi зерттеулер талқыланады. Яғни, әр зерттеушiнiң өз алдына дайындаған баяндамаларының нәтижесiнде үлкен материал жинақталып, талқыланады. Зерттеу жұмыстарын қорғау немесе шығармашылық жобаны ұсыну - зерттеп-оқудың негiзгi кезеңдерiнiң бiрi. Оқушылардың жүзеге асырған жобасын қорғау кезеңiн елеусiз қалдыруға болмайды. Онсыз зерттеу жұмыстарының аяқталуы мүмкiн емес. Қорғау баланың зерттеулiк iзденiсiнiң мотивациясын қалыптастыратын фактор болып табылады.
Жеке шығармашылық iзденiсiнiң қорытындысын хабарлау басқаны оқыту әрекетi болып саналады. Басқаны оқыта отырып, өзiң де оқисың деген Я.А.Коменскийдiң нақты ойы ғасырлар бойы айтылуда. Бала осы заңдылықты түсiне отырып, өзiнiң жеке зерттеу лерiнiң нәтижесiнде алған бiлiмiн әдетте, басқаға жеткiзуге тырысады. Сондықтан да, меңгерген нәрсенi хабарлаудың, өзгеден гөрi, баланың өзiне қажеттiгi мол. Шығармашылық жобаны дайындау және оны қорғау көптiң алдында өткiзiлуі керек. Мұнда басқа да жұмыс авторлары, оқушылар, мұғалiмдер, ата-аналар, мектеп қонақтары қатысқаны дұрыс.
Өз жұмысын қорғау - қазiргi өмiрде маңызды дағдыларды игеруге мүмкiндiк туғызады. Қорғау барысында оқушы табылған ақпараттарды баяндауға, проблемаға басқаша қарауға, өзiнiң көзқарасын дәлелдеуге, басқаны сендiруге жаттығады.
Қорғауды жоспарлау нақты мерзiмдi қажет етпейдi. Зерттеулiк iзденiспен айналысатын балалар да, олардың шығармашылықтары да әр түрлi болатындығын ескеру керек. Жұмысты даярлау мерзiмi баланың мiнез-құлық ерекшелiгiне, дайындық деңгейiне және зерттелетiн пәнiне байланысты болады. Сондықтан мерзiмдi баланың жұмыстың аяқтау мүмкіндігіне байланысты, жуықтап белгiлеген жөн.
Қорғау мерекелi және ғажайып өту үшiн, бiр күнде 5-6 зерттеу жұмыстары немесе шығармашылық жобалары қорғалғаны дұрыс.
Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.
Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік- бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.
Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.
Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі- көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді,- деген ой-тұжырымы растайды.
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерге көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.
Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту, т.б. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған. Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні, ғылым, зерттеу, ғылыми зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған. Энциклопедиялық сөздікте ғылым тарихи қалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау, олардың даму заңдылықтары туралы қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамитын білім жүйесі ретінде анықталған. Ғылыми әлемді өз қажетіне қарай өзгертуге белсенді адамзат таным қызметінің көпғасырлық дамуының нәтижесі болып табылады.
Зерттеу түсінігі Үлкен кеңес энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі, - деп түсіндіріледі.
Ғылыми зерттеу- ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көздеген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі - ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.
Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесін де біршама жаңарулар болып жатыр.
Инновациялық процестер ғалымдар мен практик- ұстаздар арасында кең өріс алуда. Бірақ мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің дайын білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты ең алдымен таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін-өзі тәрбиеленуіне, өзін-өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.
Соңғы жылдары зерттеу қызметі мәселесіне зерттеу тәртібі деген жаңа термин енді. Бұл термин ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылады (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез, оқушының жүріс-тұрысы, тәртібі, т.б.). Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер жиынтығын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда тәртіп сөзі адамның және жануарлар қоршаған ортасына қатынасын білдіретін әрекеті ретінде қарастырылған.
Адамның тәртібі саналы тұлғаның әрекеттер жүйесінен тұрады. Оның жануарлар әрекетінен айырмашылығы қоршаған орта жағдайына саналы және мақсатты қызығушылық танытуында. Адамның мінез-құлқы арқасында қоршаған ортада өзгеріс болып, онымен бірге өзі де дамып жатады. Адамның өмір сүру тәртібінен оның болмысы, мінез-құлқы, темпераменті, көзқарасы, талабы мен талғамы көрінеді. Әсіресе эмоциясы мен сезімі басты рөл атқарады.
Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеті қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге қарастырылады. Сонымен қатар, әрбір адам өзінің ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның өмір сүру тәртібі қоғамдық қатынастар мен тәрбиеге байланысты жинақталады.
Зерттеу тәртібі- кез-келген тірі жанның белсенді өмір сүру тәртібінен бөлінбейтін құбылыс. Сондықтан ол ең маңызды дамыту қызметін атқарады. Айналасындағыларды танып-білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік иесі белгілі бір ортаға икемделіп, өмір сүру тәртібін қалыптастырады.
Адамның айналысын танып-білуде жануарлардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық- зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.
Психологтар зерттеу тәртібін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуында маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы мүмкін. Сөйтіп білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін- мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын әрқайсысымыз білеміз.

2.2 Бастауыш сыныптарда зерттеу - ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру

ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Оның айғағы интеллектуалды мектептер болып табылады. Бұл мектептердегі негізгі талаптардың бірі- үш тілді еркін меңгерген білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашыл, таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңашыл, тәуелсіз ойлайтын ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Қоғамның әлеуметтік даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты емес пе?!
Қазіргі заман талабына сай білім берудің шығармашылық жолдарын айқындау барысында адамның шығармашылыққа деген жанданысы оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Математика сабағында өз бетімен жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесі
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
МАТЕМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқытылатын оқу техникасын жетілдіру технологиясы пәнінің маңызы мен ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейлері
Оқытуды ұйымдастыру
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен танымдық қабілеттерін дамыту
Пәндер