Көрнекілікпен оқыту принципі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 1. Негізгі бөлім
3:
Кіріспе: 1. 1 Көрнекілікпен оқыту принципі
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Көрнекілік туралы түсінік
3: 6
Кіріспе: 1. 3 Көрнекі оқыту әдістері
3: 11
Кіріспе: 1. 4 Көрнекілік арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
3: 16
Кіріспе: 1. 5 Көрнекілік принципін жүзеге асыру технологиясы
3: 18
Кіріспе: 1. 6 Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
3: 19
Кіріспе: 1. 7 Көрнекілік әдістерін пайдаланған сабақ жоспары
3: 21
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 24
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3: 26

Кіріспе

Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр.

Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда.

Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп атап көрсеткен .

Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс- тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады.

Сондай іс- тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көркеніліктерді пайдалана отырып, балаларды ән әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жасы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т. б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.

Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын- көрнекілік. Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.

Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин де зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек», - деген.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.

Міндеттері: Психология, педагогика, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау; Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісінде көрнекіліктің маңызын анықтау; Көрнекілік ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау.

  1. Негізгі бөлім

1. 1 Көрнекілікпен оқыту принципі

Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке- жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ереже- лерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:

  • Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу үдерісінде пайдаланыңыз.
  • Есіңізде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құрылмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
  • Оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдаланыңыз, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ қабылдауына - естілетінді, иіс, дәм қабылдауға - тиісті мүшелерді.
  • Бір көрнекілікпен шектеліп қалмаңыз: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы.
  • Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізіл- се, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін ашуға әрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану қажет.
  • Көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны мәселелік жағдайларда өзбетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
  • Көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысында есіңізден шығармаңыз.
  • Оқушы бақылаулары жүйелестіріліп, себептер және сал- дарлармен сәйкестендірілсін.
  • Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң - қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.
  • Әртүрлі көрнекілікті пайдаланыңыз, бірақ көрнекі құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесін, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән- мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
  • Көрнекілікті пайдалануда оқушылардың сезімдік тәжірибесіне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға арқа сүйеуден енді игеріліп жатқан түсініктер көрнекі нақтылыққа келеді.
  • Балалармен бірге көрнекі құралдар жасауға қатысып тұрыңыз: ең жақсы және әдемі көрнекі құрал - балалардың өз қолдарымен жасағандары.
  • Өзіңіз жеткілікті білмейтін нәрсені ешуақытта көрсетуші болмаңыз. Көрнекі құралды пайдалануға мұқият дайындалыңыз.
  • Осы заман көрнекі құралдарын - теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды және т. б. - ғылыми негізде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңіз;
  • Көрнекі құралдарын пайдалану барысында балаларды зейінділікке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетіне, құрастыру шығармашылығына, оқуға мүдделі болуға тәрбиелеңіз.
  • Көрнекілікті өмірмен байланыстырудың бір жолы ретінде пайдаланыңыз.
  • Оқушылардың жас деңгейі жоғарылаған сайын көрнекілік орнына дерексізденген рәміздік таңбаларды пайдалануға көбірек ден қойыңыз; осыған байланысты мұғалім түсіндіріп жатқан құбылыстарының мәнін олардың болмыстағы нақты бейнесімен сәйкес болуына көңіл бөлгені жөн.
  • Есіңізде болсын, көрнекілік - бала психикасына күшті ықпал жасайтын құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткілік- ті түсініспестікпен қолданылса, балалардың ойын басты мәселелерден шеттетіп жіберуі, сонымен бірге көзделген мақсат көрнекі құралдан көмескіленіп қалуы мүмкін.
  • Көрнекілікті шектен тыс қолдану білімді тереңнен меңгеруге кедергі жасап, дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және жалпыланған заңдылықтардың мәнін түсінуде зиян келтіруі мүмкін.

1. 2 Көрнекілік туралы түсінік

Білім жүйесінде айрықша орында - оқу-танымдық қызметінің белсендіру құрал-жабдықтары алады. Нарықтық арақатынасқа өту оқытудың педогогикалық принциптерін толық жетілдіруді қажет етеді.

Белгіленген кезеңде педагогиканы дамыту бастапқы қабылданған принциптерді қайта қарап шығу қажеттілігімен қақтығысады. Олардың не кең көлемде қолданылуын (мысалы, көрнекілік принципі), не басқа қосымша принциптерді, мысалы, мәселілікті, қозғамдаманы және т. б. керек қылады. Принциптер дидактика мазмұнына тұтастықты қосады: көптеген заңдарды келісті жүйеге айналдыруға мүмкіндік береді, ол дегеніміз - оқыту процесінің барлық негізгі тараптары мен қызмет аясын қағып алу.

Оқыту принциптерінің ең белгілі және интуициялық түсінікті принциптерінің бірі, сонымен қатар ерте кезден қолданылып жатқан - көрнекілік принципі.

Оқытудың көрнекілігі - бұл оқушыларда ойлаудың барлық формаларын табысты қалыптастыруды қамтамасыз ететін және оларға айналадағы болмыс туралы объективті-ғылыми білім көзі ретінде қызмет етеді, сонымен бірге сөйлеуді дамыту және тәуелсіз түсінудегі маңызды жағдайдың бірі. Объектіні қабылдау процесінде сезумен бірге, зерде және ойлау қатысады. Қабылданатын объект бейнесі тек қана адам талдау жасап, объектіні ұғынып, оны бар біліммен арақатынасын белгілегеннен кейін ғана көрнекі болады. Көрнекі бейне өзінен өзі пайда болмайды, ол адамның танымдық қызметінің белсенділік нәтижесінде пайда болады. Көрнекілік дәрежесі адамның жеке ерекшеліктеріне, оның танып білу қабілетінің даму деңгейіне, біліміне, бастапқы бейнелерді қабылдау көрнекілігінің дәрежесіне әртүрлі болуы мүмкін. Көрнекілік принципі оқушының оқып жүрген материалының қорыту, пайымдау және қабылдау процесінің маңыздылығынан шығады.

Көрнекілік - оқытудың әдістері мен тәсілдерінде міндетті түрде қатысып отыратын оқытудағы маңызды дидактикалық принцип.

Көрнекілік принцип оқушылардың білімге деген қызығын жоғарлатады және оқыту процесін әлдеқайда жеңілдетеді. Көптеген қиын теориялық жағдайлар көрнекілікті шебер қолданудан оқушыларға қол жетімді, әрі түсінікті болады.

Оқытудың аудиовизуалды құрал ретінде қолдану қажеттілігі күмәнсіз сезім мүшелеріне әсер етуі мүмкін. Психологиядан белгілі жайт - естуге қарағанда көру анализаторлары айтарлықтай жоғары қасиеттерге ие. Көз секундына - миллиондаған, ал құлақ - тек он мыңдаған битті қабылдауы мүмкін. Көру арқылы қабылданған ақпарат психологиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда есте жақсы сақталады. Халық даналығы былай дейді: «Жүз рет естігенше, бір рет көр». Бірақ та оқыту процесінде ақпарат көзі оқытушының айтқандары, яғни есту анализаторларына әсер ететінде болып табылады. Ендеше, оқытушыға көру және көру-есту құралдарын ақпарат беруде қолданылуын кеңейту қажет. Көрнекілік құралдарын: сұрыптау, тасымалдау, қайта құру және ақпаратты бейнелеу; ойдың процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Көрнекілік құралдары оқушыларда алғашқы қорытуын қалыптастырады, ой дамуына мүмкіндік туғызады, мықты білімді қамтамасыз етеді. Көрнекілік оқу құралдарын қолдану - оқып жүрген феномендердің маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады.

Оқушыларды тәжірибелік қызметке дайындау олардың ақыл-ойындағы нақты анық объектілердің бейнелерін, үрдістерін және іс-әрекеттерін түсіну, талқыға сала білу қабілеттілігінің негізінде жүзеге асады. Сондықтан география сабағында көрнекілік принципі кең қолданысқа ие.

Жоғарыда көрсетілген дидактикалық принциптердің арасындағы көрнекілік принципі - ерте кезден қолданылып келе жатқан оқушылардың оқуға қызығушылығын оятатын ең тиімді тәсіл.

Педагогикада көрнекілік тұлғаның жан-жақты дамуының түпнегізі және маңызды оқу принципі болып саналады, әлі де саналып келеді.

Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп, топтастырылған: нақтылы, табиғи көрнекіліктер, символикалық, графикалық, салыстырмалы көрнекіліктер.

Педагогикалық машық кезеңдерінде әртүрлі көрнекіліктерді шын түрлерімен қолдана отырып студенттердің байқағаны: оқушылардың әуенге деген ынтасы мен талғамын өсіруде теріс әсер етпейді. Қайта ойынға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың санасына әуен ұғымы туралы түсініктерді қалыптастыруға болады.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерге әуен туралы түсіндіруде арнайы бағдарламаға сүйене отырып, қай жағынан алғанда қызғылықты және қонымды болады, міне, осы тәсілдерді ізденістіру қажет.

Көрнекіліктер түрлері дидактикалық үрдістерімен, соның ішінде дамыта оқыту үрдісімен ұштастырыла іске асы тиіс. Педагогикалық машық кезеңдерінде студенттер көрнекіліктерді көбірек қолдануға тырысады. Себебі, сыныпты жалпы және әр баланы жеке көріп- білуге, олардың эстетикалық талғамын, қызығушылығын, сабаққа деген ынтасын арттыруға зор ықпал етеді.

Күнделікті сабақтарда тақырыпқа сай күйтабақтар, үн таспалары, әнші сазгер суреттері, музыкалық т. б. пайдаланылады. Көрнекіліктерді қолдануға мынадай талаптарды ескерген жөн.

  1. Көрнекіліктер оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
  2. Эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты да тартымды орындалғаны жөн.
  3. Жүйелі, жинақты тұруы тиіс.
  4. Тақырыптың мазмұнын аша түсіп, толықтыратындай болуы керек.

Тоқсан соңындағы қайталау сабақтарында оқушылардың білімін тексеру бағытында бүкіл сыныпты қамтитын ойындар ұйымдастырылады.

Мысалыға ән сабақты алайық. Жалпы ән сабағын көрнекіліктердің пайдалануына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Бірінші төлігіндегі өткен сабақты қайталау және музыка теориясынан білім беруде тақырыпқа сай карточкалар, сөзжұмбақтар, ребус, музыкалық домино т. б. ойындарын ұйымдастыруға болады.

Сабақтың екішнші бөлігінде ән үйрету, ән айтқызуға әнші- сазгер суреттері, ән мазмұнына байланысты суреттер, дауыс жаттықтыруға плакаттар, музыкалық аспап пайдаланылады.

Сабақтың үшінші бөлігі оқушылардың ой- өрісін, эстетикалық талғамын өсіріп, жақсы әсер ететін- музыка тыңдату. Мұнда түрлі күйтабақтар, үнтаспалар, диафильмдер, түрлі суреттерді пайдалануға болады. Көрнекіліктердің әуеннің мазмұнын түсіну, есте сақтауға көмегі бар.

Мектептегі барлық оқу әне сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы мұғалімнің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Сондықтан да болашақ жас маман өз міндетін дұрыс түсініп, кәсіби тұрғыдан жан- жақты даярлануы қажет. Музыканың қыр- сырын әртүрлі әдіспен түсіндіру іс жүзінде мұғадімнің білім деңгейі мен іскерлігіне, жауапкершілігі байланысты болып, оқу- тәрбие жұмысында жақсы нәтиже беретініне сенім тудырады.

Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады. Оқу тəжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:

- сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл əрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану.

- есте болсын, сəби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.

- оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдалану, дəлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ қабылдауына - естілетінді, иіс, дəм қабылдауға тиісті мүшелерді;

- бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту жəне оны оқыту құралы;

- оқыту жəне тəрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар жəне бейнелер негізінде жеткізілсе, тез əрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін ашуға əрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;

- көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

- көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық жəне дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жəрдемін беретінін оқу жəне тəрбие барысында естен шығармау;

- оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп- салдарлармен сəйкестендіру;

- көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын жəне екінші дəрежелілерін өз алдына, содан соң - қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету.

- əртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мəн-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.

Көрнекілік принцип негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Шарттары:

  • балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
  • оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;
  • көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
  • оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;
  • көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
  • көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
  • оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;
  • көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
  • көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;
  • көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
  • балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;
  • қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т. б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
  • көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
  • көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;
  • балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
  • надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.

Көрнекілік түрлері:

-Табиғи көрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.

- Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.

- Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер) .

- Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.

- Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т. б.

- Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.

- Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.

- В. Ф. Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.

1. 3 Көрнекі оқыту әдістері

Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.

Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т. б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсын оқыту
Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары. Оқушының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
Көмекші мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды оқыту жолдары
Орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
КӨРНЕКІЛІК АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Оқытудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі
Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі
Қазіргі мектептегі оқыту принциптері
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz