Отбасылық тәрбие


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде бала тәрбиелеу ісі-ата-аналардың негізгі міндеті. Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасын құруды, оған тікелей басшылық жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты функциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімді қатынас, өзара сүйіспеншілік, бір-бірін сыйлаушылық. Егер жұбайлар арасында алауыздық, үстемдік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ал әке мен ананың, басқа отбасы мүшелерінің көздеген мақсаты бір болса, балалардың отбасындағы және мектептегі түрлі іс-әрекеттері жақсы нәтиже береді. Осындай бірліктің негізінде ата-аналар баланы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, әдептілікке, адалдыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді.
Баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін, оның ішкі сыры, мінезін, қабілетін, сыртқы ортамен қарым қатынасын әрбір ата-ананың жете білгені жөн. Осының негізінде ата-аналар тәрбие процесін басқарудың жолдарын, әдістері мен тәсілдерін іздестіреді, тиімді етіп пайдалануды көздейді.
А. С. Макаренко жастар тәрбиесінің қиындығын айта келіп, былай деп жазды: «Балалар тәрбиесі-біздің өміріміздегі ең маңызды бөлім. Біздің балаларымыз -біздің еліміздің келешек азаматтары не әлем азаматтары. Бұлар келешек әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тәрбиелейді. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әкелер мен аналар болып өсуі қажет . . . біздің балаларымыз - бұл бідің ар-ұжданымыз, біздің қартайған шағымыз.
Отбасы қоғамдық тарихи құбылыс екені белгілі. Ол жасөспірімдерді тәрбиелеуде қызмет етіп келеді, қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Сондықтан отбасының әлеуметтік мәнін және оның тарихи даму заңдылықтарын жете түсіну ғылыми-зерттеулердің объектісі болады. Англия жұмысшыларының тұрмыс халін мұқият зерттеудің негізінде жұмысшы отбасының көбісі бұзылатындығы дәлелденді. Қазіргі заманда әйелдерде 12-13 сағат жұмыс істеп балаларын үйлеріне тастап, тағдырдың тәлкегіне қалдырады. Ал, олардың күйеулері мен ересек балалары ұзақ күн бойы әртүрлі қызмет орындарында жұмыс істейді.
Мектеп басшысы тәрбие процесін ұйымдастырушы болса, сынып жетекшісі, пән оқытушылары - тәрбие процесін жүргізуші, іске асырушы болып табылады. Сынып жетекшісі тәрбие процесін ұйымдастыруда өте маңызды да жауапты міндеттерді атқарады. Олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, шәкірттердің, ата-аналардың ақылшысы, қамқоршысы.
Сынып жетекшісінің шәкірттердің ата-аналарымен қызметі де үлкен ізденісті талап ететін тақырып. Ата -аналарға шәкірттердің оқу жұмыстары, тәрбиесін мәлімдей отырып, ата-аналармен бірлесіп сол кемшіліктерді жоюға атсалысады.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Мектеп оқушыларының осы тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының ролі үлкен, сондықтан, ата-ана - мектеп - оқушы ынтымағын арттыру, еңбектерін бірлікте басты мақсатқа жұмылдыру тақырыбы зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін айқындап, зерттеу тақырыбын «Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері» деп алуымызға себепші болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы педагогикалық ұжым мен отбасы ынтымақтастығы және бірлескен іс-әрекеттеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының қазіргі кезеңдегі ролін анықтау;
- мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін айқындау
- тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнына талдама жасау.
1. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері
1. 1 Отбасылық тәрбие, оның тарихи негіздері
Отбасы, жанұя, үйелмен деген атаулар бір мағынаны береді. Мәселен, отбасы, жанұя, үй деген сөздің синонимі - бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар. Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым-қатынастық ортақ белгісі. Үйелмен - ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Отбасы - некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз - адамның өз өмірінің негізгі үрдістерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ - отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т. б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
- репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру) ;
- экономикалық (өндіру және тұтыну) ;
- қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау) ;
- балаларды оқыту-тәрбиелеу;
- эмоциялық (ерлі - зайыптылардың бірін-бірі сүюі) ;
- әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т. б. баулу) .
Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт болып табылады. Құқықтық институт ретінде отбасы - туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар, міндеттер берілген. Қазіргі кезде отбасының типтері мыналар: патриархалды туыс топ, патриархалды отбасы және жеке отбасы. Жеке отбасы - бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ.
Қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) кіреді. Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.
Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады. Ал, психологиялық тұрғыда отбасы - ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» - өзіне, «неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ» деп анықтама берілген. Оның ерекшелігі - тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзгешеліктер.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемлекеттік және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.
Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды. Олар осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған.
Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т. б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені, барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын.
1. 2 Отбасы тәрбиесі
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие - алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Көптеген әдебиеттерге талдау отбасы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда негізгі фактор болатын дәлелдейді. Дегенмен, жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін фактор отбасы, мектеп, орта (қоғамдық орта, ауылдағы жолдастары және т. б) көпшілік хабар құралдары (газет- журнал, теледидар радио және т. б. ) ішінен біз отбасыны ең негізгі фактор деп бөліп алғанымызбен, ол ол қоғаммен, әлеуметтік ортадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан отбасының тәрбиелік мүмкіндігінде бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторларды 1- сызба арқылы көрсетуге болады.
1-сызба. Отбасы тәрбиесінің факторлары.
1. Биологиялық фактор. Бұл ата- анадан берілген баланың жеке басының ерекшелігін білдіретін қасиеттер: балажандық, ақкөңілділік, сабырлылық, ұяңдық және т. б. қасиеттер бола алады.
2. Қоғамдық фактор. Бұл қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сұраныстардың отбасына тигізетін әсері. Отбасындағы өмір сүру салты мен қабылдаған дәстүрлердің қоғам талабы мен белгілі бір мөлшерде сәйкес келуі болып табылады.
3. Әлеуметтік фактор. Бұл қоғам талабына сай өмір сүруде материалдық жағдайдың мүмкіндіктері адам денсаулығының күйімен жеке басты даму құралдарының жеткіліктігі және т. б. жағдайлар болып табылады.
4. Психологиялық фактор. Отбасында бала тәрбиесі үшін қолайлы психологиялық ахуалдың болуы, ондағы әрбір отбасы мүшлерінің өзіне және өзгелерге деген екпінді көзқарасы мен ынтымақты қарым -қатынастың болуы.
5. Педагогикалық фактор. Балалардың жас және дара, психологиялық, қалыптасу ерекшеліктері туралы ата- аналардың жалпы педагогикалық білімдерінің болуы. Отбасыдағы жағдайлар мен ықпалдардың бала тәрбиесіне оң әсер етерліктей мүмкіндігі.
Дегенмен аталған бұл факторлардың отбасы тәрбиесіне ықпал етуінде кері әсер беретін кедергілер де жоқ емес. Бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігі, психологиялық ахуалдың қолайсыздығы, ата -аналардың бала тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруға мүмкіндіктерінің төмендегі отбасы тәрбиесінде біршама қиындықтар туғызады. Бұл тұста ата- аналарға отбасы тәрбиесі бойынша бағыт беріп, ынтымақта әрекет ету сынып жетекшілерінің үлесіне түсіп отыр.
Ата-аналарды педагогикалық тұрғыда тәрбие процесін ұйымдастырушы деп айта алмаймыз. Алайда ата-ана отбасындағы бала тәрбиесін жүргізуші, ықпал етуші болып табылады. Тәрбие (оқыту, үйрету, тәрбиелеу) процесіне тікелей араласатын, мектеп басшыларына, жалпы ұстаздарға, сынып жетекшілеріне, көмек көрсететін - ата-аналар. Жалпы, баланың тәрбие процесіне қатысатындар: мектеп басшылары, сынып жетекшісі, сынып ұстаздары, ата-аналар. Ата-аналардың міндеті - ұстаздармен тығыз қатынаста болып, солардың ақыл-кеңестерін тыңдап, балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі - сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан 2-сызбадағы жүйеде жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата- аналармен байланысады. Ол әртүрлі формада ұйымдастырылады.
Сынып жетекшісінің ата - аналармен ынтымақтасқан бірлестігі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады. Сондай- ақ тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурциялар, сайыстар, олимпиадалар т. б. мақсаттарымызға жеткізуге негіздеме болады.
Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының бес түрлі қызметі анықталған. Олардың 1 - қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту:
-Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;
-Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
-Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
-мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.
2-қызметі: Ата-аналармен педагогиғалық - психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру:
-Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
-Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;
-Тренингтер;
-Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т. б. ) ата-аналар лекторийлері.
2-сызба. Сынып жетекшінің зерттеу жұмыстары
3 - қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту
Оның формалары:
-сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т. б. ) ;
-Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т. б. ) ;
-Оқырмандар конференциясы;
-Отбасылық ойын байқаулары;
- Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.
4 - қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу:
-Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;
-«Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;
-Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.
5 - қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.
Ережесі:
Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруғаа көмектесі, оқушылардың жеке басын сыйлауға үйрету, дөрекілікке жол бермеу. Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланысты болу, мәдениетті сыпайы қарым қатынас орнатуға оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге үйрету. Мектеп мүлкін сақтауға атсалысу:
- мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты орнатуға ықпал ету;
- мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-ананың талап-тілектерімен санасу;
- Мектептегі түрлі іс-шараларға көмектесу;
- Сыныптан тыс іс-шараларға өз пікірін білдіру;
- материалдық техникалық базаны көтеруге көмек көрсету;
- бақылаушылық қызмет;
- бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру;
Жас ата-аналар мектебі. Ережесі:
- Балаларды жақсы қасиеттерге баулу, үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға үйрету;
- оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
- адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау;
- әдеп-ғұрыпы сақатайтын, дәстүрді жалғастыру мен қайырымды ұрпақ тәрбиелеу;
- ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа ұғындыру;
- тәрбие саласына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізу;
- халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, жалғастыру мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізуге көмектесі;
- бала тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар бойынша мұғалімдер және психолога, әлеуметтік педагогтан кеңестер алу;
- отбасында және мектептегі баланың мәдениетті жүріс-тұрысын тәрбиелеу әдістерін педагогтармен бірлесе отырып талқылау;
- отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі бойынша тақырыптық жиындар;
- ата-аналары педагогикалық-психологиялық білім, біліктер мен қаруландыру.
Ақсақалдар кеңесі. Ережесі:
- аталардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлақы сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерді өнеге алуға баулу;
- жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге ата-анаға сынып жетекшісіне көмек беру;
- өз елінің патриотын тәрбиелеу;
- ата-тегін білуге үйрету;
- ата-баба дәстүрін жалғастыру;
- оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тарихын білуге тәрбиелеу;
- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ықпал ету;
- мұғалім мен ата-ана арасындағы үйлесімді иығыз байланысты орнатуға ақыл кеңестер беру.
Отбасы мен мектеп арасындағы ынтмақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады: Отбасы - адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі бамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу, қауіпсіз орта құруды білдіреді.
Отбасы - салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш құаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.
Ата -аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады.
- Оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата- аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата- аналар жиналысында мектептің оқу -тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата- аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру.
- Сынып жетекшісі оқушының ата- анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.
- Ата- аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптастыру жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата- аналар көмегімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс -шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата- аналарды өнеге ету.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz