Сауат ашу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе бөлім
3
І. Кіріспе бөлім: ІІ. Бастауыш сыныптарда сауат ашудың ғылыми -теориялық негіздері
3: 5
І. Кіріспе бөлім: 2. 1 1 сынып Сауат ашу әдістемесі
3: 5
І. Кіріспе бөлім: 2. 2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері
3: 9
І. Кіріспе бөлім: 2. 3 Сауат ашудың ғылыми негіздері
3: 11
І. Кіріспе бөлім: 2. 4 Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы
3: 16
І. Кіріспе бөлім: 2. 5 Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары
3: 26
І. Кіріспе бөлім: Қорытынды
3: 31
І. Кіріспе бөлім: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 32
І. Кіріспе бөлім: Қосымша
3:

І. Кіріспе бөлім

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан - жақты дамыған.

Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.

Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы «шағын секірістерге» балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.

«Адам ата - анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады» - деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.

Осы тұрғыдан баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.

Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф. И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н. А. Корф. және т. б. ) аса мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К. Б. Бархин, Н. М. Соколев, М. А. Рыбникова, Е. И. Тихеева және т. б. ) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.

Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П. П. Блонский, С. А. Рубенштейн, Б. Г. Ананьев, Н. И. Жинкин және т. б. еңбектерінде қарастырды.

Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т. б. ) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т. б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері м. Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т. б. ғылыми - әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың «мектепте сауат ашудың методикасы» тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу - тәрбие жұмыстарымазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл еңбекте сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С. Рахметованың еңбегінде сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей - тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмааны белгілі.

Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:

- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;

- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында.

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер курстық жұмыс тақырыбы «Жалпы білім беретін мектептің 1 сынып сауат ашу оқулығын оқытудың әдістемелік жолдары» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу болжамы: Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу міндеттері:

- Сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау.

- Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс - тәсілдерді саралап, жинақтау;

- Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс - тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;

ІІ. Бастауыш сыныптарда сауат ашудың ғылыми -теориялық негіздері

2. 1 1 сынып Сауат ашу әдістемесі

«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.

«Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1-сыныпта «Сауат ашу» пәні интеграцияланған (оқу мен жазу - «Әліппе» оқулығы; тілдік және оқу материалдары - «Ана тілі» оқулығы) мазмұңда оқытылады.

Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.

Сауат ашу пәнінің міндеттері:

  • 6 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
  • оқушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;
  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
  • кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын сауат ашудың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізу;
  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сауат ашу кезеңдері бойынша бағдарламалық материалдар төмендегідей жіктелген.

Әліппеге дейінгі кезең

Тіл дамытуда: сөйлемнің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету; оқуға даярлауда: дыбысталу тілін талдау, сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді ажырату, дыбыс туралы түсінік, сөзге дыбыстық талдау жасау; жазуға даярлауда: жазу гигиенасы, дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дүрыс пайдалану ережелері, дәптермен таныстыру, әртүрлі сызықтар сыздыру, әріп элементтерін жазу.

Әліппе кезеңі

Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық-әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу; жазуға үйретуде: әріп элементтерін жазу, бас әріптер мен кіші әріптерді жазу, әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату, сөздерді көшіріп жазу, үлгі бойынша жазу, есту арқылы жазу; ауызша тіл дамытуда: сөйлеудің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу.

Әліппеден кейінгі кезең

Оқуда: әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу; байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда: мәтінмен жұмыс; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгертуде: сөйлеу, сөйлем, дыбыстар мен әріптер, сөз, орфография, мәтін; жазуда: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, шығармашылықпен жазу, сөз, сөйлем, шағын мәтіндерді жазу.

Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шыгарма.

I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант - 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі (1 қосымша) .

II жартыжылдықта сөздік диктант - 6-8 сөз, есту диктанты, көру диктанты, жыл аяғында 15-18 сөзден тұратын бақылау диктанты (диктант жұмысы әрбір грамматикалық материалды меңгерген соң) алынады (2 қосымша) .

II жартыжылдықта кем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.

1-сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі

Бастауыш мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Сауат ашу оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің ұстанымдарына сауат ашудың мақсат-міндеттеріне сәйкес болу, алты жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру ұстанымдары жатады. Бұл ұстанымдар ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыратын тілдің графикалық, дыбыстық-әріптік жүйесін тұтастай қабылдауға, оқушылардың оқу қызметінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Сауат ашу» пәні аптасына - 7 сағаттан оқытылады. Барлық сағат саны - 238, оның ішінде:

«Сауат ашу» пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген:

Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат.

Әліппе кезеңі - 98 сағат.

Әліппеден кейінгі кезең - 126 сағат.

«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады: I жартыжылдықта -«Әліппе» оқулығы, II жартыжылдықта - «Ана тілі» оқулығы.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен: 1-сынып «Әріптер сыры», «Тіл дамыту».

Жыл стандарты. 1-сынып оқушыларына қойылатын талаптар:

  • Әліпби әріптерін (таңбасы, жазба, бас, кіші) ;
  • дыбыс пен әріптің дұрыс атауын;
  • дыбыс пен әріптің негізгі өзгешеліктерін («дыбысты естимін және айтамын») ;
  • дауысты және дауыссыз дыбыстарды («дауысты дыбыстар әндетіліп, созылып айтылады, ауа кедергісіз шығады») ;
  • дұрыс жазу ережесін: 1) кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының, сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылуы; 2) сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуы; 3) сөйлем соңына тиісті тыныс белгінің (нүкте, сұрақ, леп) қойылуы;
  • сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы;
  • сөз мағынасы туралы (сөздің заттың, құбылыстың, қимылдың, сапаның атауы екендігі; мағынасы мәндес, қарама-қарсы, дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа сөздердің болатындығы) біледі.
  • Сөз, сөйлемнің шегін таба алады; сөзді буынға бөледі;
  • саналы, дұрыс, бірқалыпты буындап және тұтастай минутына 20-35 сөз оқиды (белгілерімен қосқанда) ;
  • мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуға дағдыланған;
  • монолог, диалог арқылы берілген синтаксистік құрылымдағы хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі;
  • кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырады;
  • жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;
  • баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес) ;
  • сөздерді есту арқылы жазады (мұғалім сөздерді орфоэпиясы бойынша оқиды) (жыл соңында 10-15 сөз) ;
  • сөйлеуден сөзді бөліп алады; оны сызбамен көрсетеді;
  • бөліп алынған сөзге сұрақ қоя алады (кім? не? қандай? не істеді? қайтті? нешеу?) ;
  • сөйлеуден сөйлемді ажыратады және бөліп алады, мәтіннен оның орнын (шегін) таба алады; сөйлемнің сызбасын сыза алады;
  • сөзді буынға бөледі және оны графикалық түрде белгілейді;
  • сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;
  • сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады;
  • затты не құбылысты, сапаны немесе қимылды білдіретін сөздерді таба алады;
  • тыңдағанын түсінеді, сұрақтарға толық жауап береді, диалогқа түседі, әңгімеге қатысады;
  • әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген немесе оқыған мәтінін өз сөзімен айтып береді; оқыған немесе әңгімесіне өзінің бағасын бере алады;
  • тірек сөздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме құра алады;
  • мәтіннің берілген басы мен соңы арқылы мәтін, диалог құрастырады;
  • затты, құбылысты, аңдарды сипаттайды, өз тәжірибесінде 4-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды;
  • берілген тақырыпқа диалог құрастырады, сөйлеу әдебі сөздерін (амандасу, алғыс айту, кешірім сұрау) пайдаланады;
  • картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сөйлем) .

1-сыныптағы бақылау жұмыстарының нормасы

І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІV тоқсан
Қорытынды бақылау диктанты
І тоқсан: Бақылау диктанты
І тоқсан: -
ІІ тоқсан: -
ІІІ тоқсан: -
ІV тоқсан: 1
Қорытынды бақылау диктанты: 1
І тоқсан: Мазмұндама (20-25 сөз)
І тоқсан: -
ІІ тоқсан: 1 (үйрету мақсатымен)
ІІІ тоқсан: 1 (үйрету мақсатымен)
ІV тоқсан: 1 (үйрету мақсатымен)
Қорытынды бақылау диктанты: -
І тоқсан: Шығарма
І тоқсан: -
ІІ тоқсан: -
ІІІ тоқсан: 1 (үйрету мақсатымен)
ІV тоқсан: 1 (үйрету мақсатымен)
Қорытынды бақылау диктанты: -
І тоқсан:
ІІ тоқсан:
ІІІ тоқсан:
ІV тоқсан:
Қорытынды бақылау диктанты:

2. 2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері

Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендірінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға, оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.

Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып та бере алады. Бірақ өздері сөйлем құруға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрғанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрғанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т. б.

Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтінен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.

Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар III - IV сыныптарда да жүргізіліп отырады.

Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т. б. с. с. сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ - ма, - ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғаулармен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы - тұщы, барма - бар ма т. б. ) .

Сөйтіп сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.

Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т. б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.

Сөйтіп жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:

1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді) .

2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.

3. Үнемі талдау жасау, түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру - мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.

4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру), (диктант) тіл дамыту жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезек жүргізіледі.

5. Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырылады. Әрбір оқушының жазудан әлсіз жақтары болады (кейбір сөздерден қате жіберу т. б. ) . Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
Әріптерден сөз жасау
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері
Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ мектептерінің бірінші сыныбында Әліппені оқыту үрдісі
Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz