Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні



І. Кіріспе бөлім 3 бет

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні 5 бет
2.2 Дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындардың орны 7 бет
2.3 Ұлттық спорт түрлері 11 бет
2.4 Ұлттық қозғалыс ойындары 15 бет
2.5 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабағында қолданылатын ойындар және олардың қасиеттері
18 бет
2.6 Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі ойындарын ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері
20 бет

ІІІ. Қортынды бөлім 24 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26 бет
Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты. Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдайда да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар.
Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иесі болады (Қазақстан-2030). Әрине, «Келешектің иесі - жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашылық кемеңгерлерін тәрбиелеу бесіктен, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе, «…дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы»,- деп, дене тәрбиесінің бала жетілуіндегі маңызына зор көңіл бөлген.
Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғалы Қосымұлы Жалаири, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи, Омар Хаям, Мақтымұлы бір ғана дене
1. Айтпаева А.Қ. Қазақ халық ойындары – бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру құралы //Қазақстан мектебі, №4, 2005 ж., 18-21 б.
2. Асылов Ұ. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін жетілдірудің кейбір мәселелері //Қазақстан мектебі, №2, 2007, 11-13 б.
3. Асылов Ұ. Даналардан шыққан сөз, Алматы, 1999, 383 б.
4. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы, 2004, 152 б.
5. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, Алматы, Мектеп,
1984, -255 б.
6. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы, Алматы, 1987, 157 б.
7. Жолдасбекова С.А. Бастауыш мектеп оқушыларының дене дамуын жетілдіру жолдары // Бастауыш мектеп, №9, 1999, 15-19 б.
8. Жұмабаев М. Педагогика, Алматы, 1993, 83 б.
9. Жүнісова К., Рахметова С. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, Алматы, 1998, 248 б.
10. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.
11. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
12. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994.
13. Қалиев С. ХV-ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулардың поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер, Алматы, 1990, 127 б.
14. Қалиев С., Майғаранова Ш. Нысанбаева Г. Бейсенбаева А. Т.б. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері».- А., Білім, 2001.
15. Қалиев. С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі,
Алматы, 1987, 223 б.
16. Қалниязова А., Білім берудегі ойындық оқыту технологиясының алатын орны // ҚазҰУ:Филология сер. - 2003. -N5. - 27-29б.
17. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 1998, 387 б.
18. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім – Алматы, 2002;
19. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
20. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев, Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
21. Мухамбаева А.Х. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының адам дамуындағы маңызы, Алматы, //Қазақстан мектебі, №5, 2000 ж., 8-10 б.
22. Осокина Т.И., Тимофеева Е.А. Дене жаттығулары мен қимылды ойындар, Алматы, 1998, 127 б.
23. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
24. С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994.
25. Сағындықов Е. Қазақ мектептеріндегі 1-4 сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану, Алматы, 2001, 125 б.
26. Табылдиев Ә. Этнопедагогика, Алматы, 2000, 431 б.
27. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халық педагогика элементтерін пайдалану //Бастауыш мектеп, №2, 1991, 5-9 б.
28. Хухлаева Д.В. Мектептегі дене тәрбиесі әдістемесі, Алматы, 1990, 147 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім 3 бет

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні 5 бет
2.2 Дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындардың орны 7 бет
2.3 Ұлттық спорт түрлері 11 бет
2.4 Ұлттық қозғалыс ойындары 15 бет
2.5 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесі сабағында қолданылатын
ойындар және олардың қасиеттері 18 бет
2.6 Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі ойындарын ұйымдастырудың
кейбір ерекшеліктері 20 бет

ІІІ. Қортынды бөлім 24 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26 бет

І. Кіріспе бөлім

Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан
кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып
егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан
қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық
мемлекет құру және жастардың дене дамуын жетілдіре отырып олардың азаматтық
қорғау талаптарын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістерді
енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін, адамзат
мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің
қажеттілігі анықталуда.
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік
және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең
мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек
тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы тәуелсіздік қазақ
халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен мұраты.
Ата-бабаларымыз қанын да жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай
кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында ешқандай
қан төгіссіз қол жеткізді. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін
таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмтылған қадамымызды құптап, қолдау
көрсетті.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттар
да, экономикалық жағдайда да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді
адамдар.
Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер,
банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен
биржалардың иесі болады (Қазақстан-2030). Әрине, Келешектің иесі -
жастар, Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді.
Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар
тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын
еркін елдің ертеңгі шығармашылық кемеңгерлерін тәрбиелеу бесіктен, ұдайы
үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан
тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын,
қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-
жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе,
...дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы,-
деп, дене тәрбиесінің бала жетілуіндегі маңызына зор көңіл бөлген.
Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғалы Қосымұлы Жалаири, Орта Азия
ғұламалары Әлішер Науаи, Омар Хаям, Мақтымұлы бір ғана дене тәрбиесінің
маңызы мен мәнін, оның адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесімен
негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. Жеке тұлғаның дамуындағы дене
тәрбиесінің маңызы туралы ой-пікірлер чех педагогы Ян Амос Коменскийдің
еңбектерінде беки түсті. Ол өз еңбектерінде педагогиканың теориялық
мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасындағы дене тәрбиесі мәселелерін
биікке көтерді, оның маңызды жолдарын шешіп берді.
Дене тәрбиесі мәселесіне байланысты озық педагогикалық ойлар Ресей
педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Н.И.Пироговтың, В.И.Водовозованың, орыс-
демократ жазушылары В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің,
Н.А.Добролюбовтың аттарымен тығыз байланысты.
Дене тәрбиесінің педагогикалық негізі мен тәжірибелік мәселелерін
зерттеуде П.Ф.Лесгафттың, В.В.Гориневскийдің, Е.А.Аркиннің,
Л.И.Чулицкаяның, Е.Г.Леви-Гориневскаяның, М.М.Конторовичтің, А.И.Быкованың,
Н.А.Метлованың т.б. еңбектерін атауға болады.
Мақсаты: Халық педагогикасы тәрбиесі негізіндегі бастауыш сыныпта дене
тәрбиесінің маңызын қарастыру, негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету
арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу міндеттері:
- халық педагогикасы тәрбиесін қарастыра отырып, дене тәрбиесіндегі
маңызын айқындау;
- негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып
оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның
мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудегі тарихи
тәжірибелерді ескере отырып, оны бұдан былайғы кезде жүзеге
асырудың бағыттарын айқындау.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеуде,өзіне ғана
тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтың әдет-
 ғұрыпы, салт-санасы, тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Ал,
сол ұлттық ерекшеліктерді көрсететін әдет-ғұрып пен салт-сана, дәстүрлер,
сайып келгенде, сол ұлттың географиялық орнына, соған байланысты
қалыптасқан шаруашылық-экономикалық, тұрмыс жағдайларына байланысты бір
емес, әлде бірнеше ғасырлар бойы қайтаталанып сыннан өтіп сандаған ұрпақтың
тәрбие құралы ретінде өмір қажетін өтеуге негізделген, сол халықтың өзіне
тән асыл қазынасы болып табылады.Осы ұғымдардың жиынтығы халықтың жан
дүниесін құрап,оның психологиялық ерекшеліктерін, өзіне тән ойлау жүйелерін
анықтап,өзіндік ерекшеліктерін белгілейді. Сондықтан осы ұғымдарды өз
бойына жинақтаған барлық тәрбие құралдарын, біз бүгінде халық педагогикасы
деп атап жүрміз. 
Халық педагогикасының бір саласы - ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар әр
халықтың өзіне тән ерекшеліктерін айнытпай дәл көрсете білетін өте құнды
мәдени мұраларының бірі. Әр халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігіне
байланысты шаруашылық-экономикалық ерекшеліктері ұлттық ойынның негізгі
мазмұнын құрайды. 
Қазақ халқының ұлттық ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол,ол тек
көңіл аулап, қызық қуып, уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір білімділік,
тәрбиелік мақсаттарды көздейтіндігінде. Сондықтан қазақтың қай ұлттық
ойынын алып қарасақ та, оның өнебойы тұнған өнер мен өнегені тілеп тұратын,
дидактикалық мақсаттарға арналып жасалғандай.Себебі шаруашылық-экономикалық
жағдайына байланысты бүгінгідей бүкіл елге жалпақ жайылған мектебі болмаған
кезде, өз ұрпағына қоршаған ортаның сыр-сипатын, өмір, тіршілігінің жай-
күйін білдіретін, өмірге келген жас сәбиді күнбе - күнгі өмірмен тікелей
араластырып, байланыстыратын жас организимнің қимыл-қозғалысы ғана емес,
оның тілі мен дінінің, ақыл -ойы мен дүние танымының, адамгершілік,
инабаттылық түсінігін қалыптастыра- тын, өнер атты асыл қазынаға бастап
апаратын, бірден-бір тура жолы осы ұлттық ойындар деп атау артық емес. Оның
да өзіндік мәнісі бар. Өйткені аға ұрпақ өкілдері өздері өмір сүрген
дәуірдің тәжірибесін жинақтаудың нәти- 
сінде туып қалыптасқан тәрбие құралдары арқылы, келешек ұрпаққа өз өмір
тәжірибесін жинақтап қалдыруға тырысады. Сондықтан болар қазақ халқының
ұлттық ойындары нақты тәжірибелік, білімділік, тәрбиелік негізде құрылып,
халық өмірімен тығыз байланысып, ұштасып келеді.
Олай дейтініміз, ұланғайыр қазақ даласында, ешқандай техникалық қатынас
құралы болмай тұрған кездің өзінде, қазақ халқының тіл тұтастығын сақтауға
бірден - бір себеп болған ауыз әдебиет туындылары десек, соны әр адамға
жеткізіп, ауыздан-ауызға айтқызып отыруда негізгі қызмет атқарған да ұлттық
ойындар мен ойын - сауығы, салт - дәстүрлері болды деп айта аламыз. Олай
болатын себебі қазақ халқының бірде-бір ұлттық ойыны ән-күйсіз, өнер
жарысынсыз өтпейді. Сондықтан әрбір ойынның бойында өнерге, білімге, білуге
деген құштарлық отын жағар дидактика, адамды өмірге шыңдап шығарар
педагогикалық-психологиялық негіз бар. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ,
қазақ халқының ұлттық ойындары негізінен үш саладан тұрады. Атап айтқанда:
ойын-сауық ойындары, оймен келетін ойындар, дене тәрбиесі мен спорттық
ойындар. Бұл үш саладағы ойындардың бәрі де негізінен жас ұрпаққа өзін
қоршаған өмірден қажетті білім, тәжірибе жинақтауға негізделген. Олардың
әрқайсысының өзіндік мүм-кіншіліктері бар. Кейбір ойындар сабақтың
барысында бірден дидактикалық материал ретінде қолданылуға мүмкіншілік
берсе,ал кейбіреулерінің тек негізгі идеялары мен оны жеткізу формаларын
оқушылардың ұғымын жеделдетуге лайықтап сабақтың тиімділігін арттыру
құралына айналдырамыз. 
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Мектеп
табалдырығын алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, олардың
дене тәрбиесі сабағын сүйіп оқуына, қатысуына жету үшін ұлттық ойындарын
тәрбие құралы деп қарауға болады. Ұлттық ойындарды әр сабақтың мақсатына
қарай, сонымен бірге мазмұнына сай, сабақ кезеңдеріне орай пайдалануға
болады. Мектеп оқушылары үшін сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық
ойындарын іріктеп, оқушының жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған
дұрыс. Дене тәрбиесі сабағында халық ойындарын пайдалану жас өспірімдердің
тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай, олардың жан-жақты дамуына,
сана-сезімінің өсіп жетілуіне, оқу үлгеріміне де айтарлықтай әсер тигізеді.
Мектептегіоқушылардың әр түрлі пән сабақтарының үстінде алатын білімін,
тәрбиесін жалғастыратын кезең сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері
болып табылады. Оқу-тәрбие кездерінде бір-бірімен ұштасатын дәнекерлердің
бірі- ұлттық ойындар. Сабақтан тыс уақытта өтілетін, жүргізілетін тәрбие
жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді. 
Ұлттық ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында, сыныптан тыс, бос
уақыттарында пайдалану үшін белсенді, қабілетті оқушылардың жетекшілік
рөлін пайдаланған жөн. Мұғалімдер ұжымы осы оқушы белсенділер көмегімен,
сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады.
Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын
барысында оқушы тынығады, өмір танымын кеңейтеді, бірлеседі, ұйымшылдыққа
үйренеді. 
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, өзін өзі тежеу сияқты қасиеттер- 
дің қажеттігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы ,
сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын
ұсынуға болады. Айгөлек, Арқан тарту, Белбеу тастау, Қойыңа қасқыр
шапты, Жаяу көкпар, Жалау алу, Сақина жинау, Күзетшілер т.б.
Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрі мен әдет-
ғұрпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке
жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын
сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады,
денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді,  баланың
бойында: ұйымдастырушылық; белсенділік; ойлау; тапқырлық;
шыдамдылық қасиеттерін қалыптастырады.
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді- деген П.Ф.
Лесгафтың пікіріне көңіл бөле отырып, мектепте бала ұлттық ойындар арқылы
ұйымшылдыққа, шыдамдылық сияқты адамгершілік қасиеттерінің қалыптасатынын
байқадық. 
Ойын арқылы баланың бойына түрлі адамгершілік қасиеттермен қатар
білімге, өнерге деген құштарлығын оятып, сабаққа деген ынтасын
қалыптастыруға, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқу процесін
жандандырып, сабаққа деген белсенділігін көтеріп, сүйіспеншілігін
арттырумен бірге логикалық жүйелі ойлауды қамтамасыз етеді.
Мысалы, Қ.Әлімжановтың Сөз таптары табысты деген мақаласындағы
Санамақ , И. Шұғаевтың Бастауыш мектеп журналындағы Онға дейін санап
көр, М. Әлімбаевтың Балдәурен, шіркін балалық шақ кітабынан Он
саусақ, Санамақ өлеңдері арқылы әрі ана тілі сабағында мазмұнын
түсіндіру арқылы, ал математика сабағында тіл ұстартумен оқушылардың
логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Сондай -ақ ұлттық ойындарды
әр түрлі пән сабақтарында дидактикалық құрал ретінде пайдалану, оқушылардың
еркін сөйлеуін, тіл байлығын жетілдіре түсуді, халықтың еркін сөйлеу әдісі
мен логикалық ой жүйелерін дамыту тәсілдерінің ерекшеліктерін, тапқырлық
пен дәлділікті тез ойлап, дәл шешу мен сөзді дәл өз мағынасында қолдануды
бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіре беру болып табылады. 
Бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік
қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады,- деген А.М. Горькийдің
ойларын біз өз тәжірибемізде сынап, күнбе-күн жұмысымызда балалар қауымымен
араласып,олардың ойын үстіндегі тіл өнерін меңгеру белсенділігіне
байланысты өте дұрыс және орынды айтылған пікір екеніне көзіміз әбден
жетті. 
Ұлттық ойындары мен элементтерін сабақ барысында деректерден дерек-
 сізге, жеңілден ауырға, күрделіден қарапайымға, жақыннан алысқа деген
принциптерді негізге ала отырып жүргізген сабақ оқушыларға әсерлі болып,
олардың білуге деген құмарлығын оятып, оқушылардың жалпы үлгеруі мен білім
сапасын арттырары сөзсіз.

2.2 Дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындардың орны

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеүде өзіне ғана
тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтын әдет-
ғұрпын, салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады.
Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде
халық педогогикасы деп атаймыз. Халық педогогикасының бір саласы-ұлт
ойындары. Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол ол
тек көңіл аулап, қызық құып,уақыт өткізу үшін емес, белгілі бірбілімділік
тәрбиелік мақсат көздейтінінде. Қазақ халқынын ұлт ойындары негізінен үш
саладан тұрады.
1)Ойын- сауық ойындары.
2)Оймен келетін ойындар.
3)Дене тәрбиесі спорт ойындары.
Сондай-ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап оларды
икемділікке, төзімділік пен шапшаңдыққа, тапқырлық пен алғырлыққа, дәлдік
пен ептілікке баулыйтынын айтады. Дене тәрбиесі сабағы жоғары адамгершілік
рухта тәрбиелеудің белсенді құралы ретінде мектепте берілетін барлық білім
негіздерімен астасып, жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іске асырып
соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы мен отан қорғау
ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін құрайды. 
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарын пайдалануда мен күнбе-күнгі
сабаққа әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарында көрсетемін. Ойындарды
негізінен сабақтың басында да, ортасында да, соңында да пайдалануға болады.
Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесіымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша
құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.
Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға, одан қайта
ойынға, одан қайта негізгі материалға өтемін. Сабақтын аяғын ойынмен
аяқтаймын. Мысалы: (қолдың, аяқтың, екуденің негізгі қалыптары мен
қозғалыстар) тақырыбына байланысты жаттығулар өткен кезде Мысық пен
тышқан ойынын пайдалануға болады. Бұл ойын балалардың тыныс мүшелері мен
бұлшық еттерінің жетілуіне, жүгіруге үйретеді. Олардың жеңіске деген ерік,
қайраттарын шыңдауға батылдыққа, тапқырлыққа баулиды. Жүгіру және жүру
тақырыбын өткенде Құтқару ойынын ойнатамыз.
Алғашқы сабақтарды програмаға сай өткізіп, оқушылар программаны дағдылы
меңгергеннен кейін оны қалыптастыру, бекіту мақсатында Құтқаруойынын
ойнатамын. Ойын жүйріктікке, тапқырлыққа негізделген. Сапка тұру және
қайта –өзгерту тақырыбында Қасқыр қақпан ойынын ойнатамын бұл ойынды
сабақтын бірінші жартысында пайдалануға болады. Осы ойын оқушыларға сап
құрып тұруды үйретеді, математикада үйренген сандарын тәжірибеде қолдануға
мүмкіндік алады. Шапшаң жүгіру, икемділікпен, айлакерлікке, шешімділікке,
мөлшерлей білуге үйретеді. Осы сияқты Жүру және жүгіру тақырыбында Жаяу
жарыс, Секіру тақырыбын өткенде Сыңар аяқ, Лақтыру тақырыбында кім
алысқа лақтырады ойындарын ойнатамын. Бұл ойындардың мақсаты оқушылардың
барлық денелерін қозғалысқа келтіруді қамтамасыз етеді. Коллектив болып
бірлесудің нәтижесінде жеңіске жетүге деген ерік қайратын шыңдау, олардың
өз коллективі алдындағы жауапкершілігін арттыру және төзімділікке тәрбиелеу
болып табылады. Ал Секіру тақырыбында халқымыздың ежелгі ойындарының бірі
Қарғымақ ойынын ойнатамын, аталған тақырыптың алғашқы сабақтарында
оқушылар секіру жаттығуларын меңгеріп біраз тәжірибе жинағаннан кейін
ойналады, ойын көбінесе сабақтын екінші жартысында пайдаланылады. Осы
сияқты Гимнастикасы тақырыбында Үлек пен Тайлақ ойының ойнатамын. Бұл
ойын байырғы халықтың ойыны, ойын өте қарапайым, мұнда оқушылардың
гимнастикалық жаттығуларға лайық барлық түрі бар.
Ойындарды әр сыныптың жас ерекшеліктеріне,күш қозғалыс дамуына
байланысты өзгерістер енгізіліп, ойын күрделене түседі. Әдетте арнайы
берілген жаттығулар оқушыларға қиын соғады, олар оны орындай алмайды, ал
ойын түрінде өтсе онда олар қиындықты тез меңгереді. Егерде оқушылар
өздерін еркін ұстап, сабаққа бар бейімдерін беріп,белсене қатысса, онда бұл
сәтсіздікті тез жеңүге болады. Ондай құралдардың бірі-халық ойындарын дене
тәрбиесі сабағында пайдалану. 5-7 сыныбындағы дене тәрбиесі сабағы
оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімнің негізінде өрістетіледі. Олай
болса бұл сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында қолданылатын ойындарды
бастауыш сыныптарда пайдаланылған халық ойындарын күрделендіру арқылы
жүргіземіз.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов,
Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін
жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы
мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой
талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады. Қазақтың ұлттық
дене тәрбиесі мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір
бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны
пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды,
сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген
көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше
дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың
руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды
қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының
көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі
түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін
сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар
көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе,
ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың
оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем
жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі
де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың
жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып
оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін
сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты
таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс
ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін
шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра
отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және
салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында,
жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және
жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене
тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.
Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш
субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек
психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық
ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін
жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға
негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, —
дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы
баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік
маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық
тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары:
Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ
Ақ серек,көк серек, Соқыр теке, Асық ойыны, Ине, жіп және түйіншек,
Әтештер қақтығысы, Қызыл ту, Мысық пен Тышқан,Теңге алу, т.б.
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық
секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын
емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану
керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол
баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына
деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа,
өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы
сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал
етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.

2.3 Ұлттық спорт түрлері

Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi
тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене тәрбиесі
практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен
ұлттық спорт түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң бай
тәжiрибесiн пайдалану қажет. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына,
айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз
ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-
құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-
әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық
маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі,
білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға
реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды
көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз
сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей
балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға
араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында
Денсаулық -зор байлық деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық
ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің
дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде
көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге
бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене
тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне,
сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі
мұғалімінің мүмкіндігі бар.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі
тәрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық
құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын
(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын
халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның
бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер,
табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер.
Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер
арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды
сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл
мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білуқұралы.Бірақ оны
жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу
жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде
қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындапотыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу
туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып
көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің
арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы  әлеуметтік
мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір
сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды.
Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады.
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек
болып табылады.
Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші  роль атқарады.
Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек
тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын
жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-
әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық
тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары:
Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ
т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды, — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы
сіңіру арқылы баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта
түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді 
ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл
ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек
деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс.
Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке
баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз
әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше
еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән
тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын
байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов:
Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан
өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары
болған, — деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ
халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт
ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский,
А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин,
Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин,
А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр
алуан болады, — дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған. Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш
рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене тәрбиесі тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар
қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың  маңызы
мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың
ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше
топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп,
ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде
ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене тәрбиесі
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен
споттық, дене тәрбиеге байланысты тұрғыдан ерекше қасиеттері болады.
Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар,
деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді. Ұлттық
дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын
орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы
ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге
байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай
бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
˗ Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері
мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
˗ Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық
ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
˗ Мектеп жасына дейінгі балаларды дене тәрбиесіға баулу әдістерін
педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген
жинақтар.
˗ Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге
дейін)аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін
талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры киргизских детей атты еңбегінде
тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде
өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс
ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші
этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары  балалардың іс-әрекетін, қимыл-
қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін
атқарады. Ә.Диваев: Как киргизы развлекают детей деген мақаласында: бала
бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді  деп көк аспанға қарап,
құдай тәңірінен рұқсат сұраған, — дей келіп, Бес саусақ ойыны мен саусақ
атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс
жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық
философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың
дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-
қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене
мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын
ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі
тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп,
адамдардың ойы мен  іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене тәрбиесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Қазақстан балалар мен оқушы жастарға дене тәрбиесін берудің тұжырымдамасы
Бастауыш сыныптағы ойын технологиясы
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу
Пәндер