Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары



Кіріспе 3

І. Негізгі бөлім

1.1 Құрастыру іс.әрекетін ұйымдастыру әдістемесі 5

1.2 Құрастыру түрлері 12

1.3 Қол еңбегіне баулу. Құрастыру мен қол еңбегіне альбомды қолдану
15

1.4 Балабақшадағы құрастыру сабағы бойынша өткізілетін сабақтар жүйесі
19

Қорытынды 23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Қосымша
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Кішкентай балалардың алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
2. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
3. «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2009. - 106 б.
4. Өтетілеуов Е.«Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
5. Балабақшадағы бейнелеу іс әрекетінің теориясы мен методикасы. «Мектеп», Алматы, 1983. –245 б.
6. Жарықбаев Т. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1998. – 148 б.
7. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1989. – 48 б.
8. Бабкина Н.В,Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш мектеп №7, 1997.
9. Смаилов С.С. Дидактикалық материалдарды қолдану және балалардың танымдық белсенділігін арттыру. - Алматы, 1994. – 218 б.
10. Жумабекова Ф., ОйшыбаеваА. Құрастыру және қол еңбегі. Алматыкітап, 2005 ж. 81 б.
11. Давидчук А.Н. Мектеп жасына дейiнгi балаларда құрастыру шығармашылығының дамуы - Мәскеу, 1976.
12. Дьяченко О.М. Әр түрлi материалдармен жұмыс кезінде балалардың шығармашылығы. Мәскеу, Педобщество России. 1998.
13. Куцакова Л.В. « Занятия по конструированию и ручному труду в детском саду». М. «Просвещение».2000.
14. Куцакова Л.В. «Проект работы по конструированию из строительного материала и конструкторов с детьми 4-5 лет на учебный год». Методическое пособие для воспитателей дошкольных учреждений. М. МИПКРО.1998.
15. Куцакова Л.В. Конструирование и ручной труд в детском саду: Программа и конспекты занятий М: ТЦ Сфера, 2005.
16. Лиштван З.В. Конструирование. М.: Просвещение, 1981.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Көкшетау қаласындағы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы
педагогикалық колледжі

Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары

Шифр 0101000 мамандығы Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Пәні: Тіл дамыту және оқыту әдістемесі

Жоспар

Кіріспе 3

І. Негізгі бөлім

1.1 Құрастыру іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі 5

1.2 Құрастыру түрлері 12

Қол еңбегіне баулу. Құрастыру мен қол еңбегіне альбомды қолдану
15

1.4 Балабақшадағы құрастыру сабағы бойынша өткізілетін сабақтар
жүйесі 19

Қорытынды 23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Қосымша

Кіріспе

Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Өмірге келген әрбір
бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні
мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға
тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп,
саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін
негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен,
қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.
Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды
оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында Балапан бағдарламасы әзірленіп,
оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған
бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап
отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие
негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-
тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып,
мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы
тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із
қалдырады.
Кішкентай балалардың алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің
алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған
ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің
дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға
ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған
ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын,
балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл
баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен
қарауға деген түсініктерін дамытады.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары
дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін
дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске
асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек
адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы
мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті
біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау
қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде
көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз
шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және
ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен
өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті
тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше
рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі
балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі
таңда зерттелінуде.
Жұмыстың өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру,
бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан
кем емес. Мектепке дейінгі балалардың құрастыру, бейнелеу қабілетінің
жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада құрастыру өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы
болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау,
кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық
процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Міне, осы мақсаттарды зерттеу практика барысында жүзеге асыру үшін мен
курстық жұмыс тақырыбын Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу
жолдары деп таңдадым.
Жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру
әрекеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Жұмыстың міндеті:
- зерттеудегі құрастыру әрекеттерін дамытудың ерекшеліктерінің
теориялық негізін ашу, қарастыру;
- мектепке дейінгі балаларға құрастыру әрекеттерін дамыту;
- мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекеттері негізінде
бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.
Мектеп жасына дейінгі баланың құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу
қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға
қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Егер де жүйелі түрде балалармен
бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту жұмыстары ұйымдастырылса,
онда олар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
Зерттеу пәні: Балабақшадағы балалардың құрастыру әрекеттері негізінде
бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді әдістерді
қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу нысаны: Балабақшадағы оқу процессі.
Зерттеу орны: Еркемай балабақшасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

І. Негізгі бөлім

1.1 Құрастыру іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

Құрастыру термині - әр түрлі заттарды, бөліктерді белгілі бір жағдайға
келтіріп құрау деген мағынаны білдіреді. Балалардың құрастыру жұмыстары -
құрылыс материалдарынан әр түрлі құрылыстар салу, конструкторлармен,
“Лего” құрастырғыштарымен құрау, табиғи заттар: құм, саздан құрылыс
жасаумен айналысу болып табылады. Құрастыру іс-әрекеті дегеніміз - бұл
өзінің қызметіне сәйкес бұрыннан ойластырылған, белгілі бір нақты өнім
алуға бағытталған әрекет түрі. Құрастыруды үйрену арқылы балалардың ойлауы
дамиды, іс-әрекетін жоспарлай білуге дағдыланады. Белгілі бір құрылысты
немесе заттарды құрастыра отырып, олардың қандай жүйеде, қалай болуы
қажеттігін күні бұрын ойластырады. Құрастыру арқылы геометриялық денелерді,
құрылыс заттарының көлемі, сапасы, пішіні және кеңістікте орналасу
қатынастарын тануға қабілеттері артады. Мысалы: төрт қырлы бөрене,
пластина, кірпіш, лего құрастырғыштар тетіктері, т.б. Құрастыру жұмыстарын
ұйымдастыру кезінде тәрбиеші адамдарды, жан-жануарларды, өсімдіктерді,
көлік түрлерін, т.б. бейнелейтін әр түрлі ұсақ ойыншықтарды да
пайдаланады. Мұндай ойыншықтар баланы ойлануға, іскерлікке, белсенділікке,
іс-әрекеттің шығармашылық сипат алуына мүмкіндік туғызады [2].
Құрастыру – белгілі мақсатқа бағыштаған процесс. Оның нәтижесінде
белгілі бір шынайы зат алынады. Бұл тұрғыда алғанда құрастыру жемісті іс-
әрекеттің ұсурет салу, жапсыруқ басқа түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге
құрастырудың өзіндік талаптары бар. Осы іс-әрекет процесінде қандай да бір
құрастырманы жасау үшін кез келген бөлшектерді өз қалауыңша біріктіре
салуға болмайтындығын бала түсіне бастайды. Тіректі бөлшектерді жеке бөлу
керек, әйтпесе құрастырма орнықпайды.
Сурет салуға қарағанда құрастыру іс-әрекеті мүлдем басқаша ұйымдастыру
талап етеді. Мәселен, көтергіш кранға қараған бала өз жүк іліген иінді,
кран басқарушы отыратын кабинаны, кранды жүргізетін доңғалақтарды өзгеден
бөле қарайды. Кранды бейнелегенде бала иінді қабинаға қосарлай салады,
сосын кабинаға доңғалақтар суретін тіркейді. Суретте бұл қате сияқты болып
көрінбейді, өйткені сыртқы ұқсастық пен кранның атқаратын қызметі мүлде
қанағаттанарлықтай күйде берілген.
Алайда, кран туралы өзінің осындай ұғымын сурет арқылы берген бала
кранды құрастыруға кіріскенде өз ұғымын сурет арқылы берген бала кранды
құрастыруға кіріскенде өз ұғымының қате екенін біледі. Мысалы, иінді
тікелей кабинаға бекіткісі келіп ниеттенгенде сәтсіздікке душар болады:
кран аударылып қалады. Доңғалақтарды кабинаға тіркестіргенде бала тағы бір
сәтсіздікке ұшырайды. Құрастыру іс-әрекеті балаға заттың бөлшектері тек
көрініс бойынша ғана емес, сол заттың өзінің ішкі қисыны арқылы да өзара
байланысты екенін ашады. Егер заттың биік әрі шығыңқы бөлшектері болса,
онда олардың бәрін тең-естіретін ауыр тұғыры болуы тиіс. Мәселен, кранның
ауыр тұғыры, яғни платформасы болуы тиіс. Доңғалақтар платформа ернеуіне
бір-бірінен алысырақ бекітілсе, соғұрлым кран орнықты болады.
Құрастыру іс-әрекеті бұл істің өз тәсілдерін құрастыруды тұрғызумен
тексеруде өз тәсілдерін талап етеді. Құрастыру нәрсені көріп, оның
атқаратын қызметін түсіне білуді дамытады, құрастыратын заттың түрлі
бөлшектерінің қасиеттері жөнінде едәуір толығырақ түсінік алуға мүмкіндік
береді. Бір нәрсені құрастырғанда бала өз тәжірибесі арқылы кейбір
бөлшектер кез келген күйде ал басқалары тек белгілі бір қалыпта ғана
орнықты болатындығына, бөлшектерді түрліше ұшастырғанда орнықтылықтың да
түрліше болатынына көзі жетеді. Мысалы, ылғи пластиндерден берік құрылыс
тұрғызуға болмайды, ал текшелер мен пластиндерді ұштастыру арқылы берік үй
тұрғызуға болады.
Құрастыру процесінде бала бөлшектердің белгілі бір формасы мен
салмағына белгілі құрастыру қасиеттері сәйкес келетінін біледі. Мысалы,
текшені қай жағына қойса да орнықтылығы бірдей болады, ал төрт қырлы
кеспелтек бөлшек оны жақтауларының біріне қойғанда ғана орнықты, тікейтіп
қойса ол өзінің орнықтылығынан айырылады. Биік орнықсыз затқа беріктік беру
үшін оны ауыр орнықты бөлшектермен қысып қою қажет.
Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей тиіптерін ажыратуға болады:
1) үлгі бойынша құрастыру;
2) шарттар бойынша құрастыру;
3) ойлау арқылы құрастыру [3].
Құрастыру әрекетінің бір түрі - мүсіндеу. Құрастыру әрекеті түрінің
бірі ретінде мүсін жасаудың ерекшелігі – бейнелеу аумақтық әдіспен
жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен ғана емес, сонымен қатар қатты
материалмен де жұмыс жасауды қамтитын скульптураның бір түрі болып
табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсеріне тез икемделетін
жұмсақ пластикалық материалдармен – саз балшықпен, пластилинмен ғана жұмыс
істеу тәсілдерін меңгере алады.
Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс – аяқтың, транспорттың,
көкөністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндерін жасайды. Тақырыптардың
алуан түрлілігі мынаған байланысты мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекетінің басқа
түрлері сияқты, баланың танымдық және шығармашылық қажетсінуін
қанағаттандыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды.
Материалдың әсемділігі мен бейнеленетін форманың ауқымдылығы мектепке
дейінгі балаға, сурет салуға қарағанда, мүсіндеуде бірқатар техникалық
тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік береді. Мысалы, ол ұзақ уақыт үйренуді
қажет етеді. Мүсіндеуде бұл міндет шешу жеңіл. Бала алдымен затты
статикалық жағдайда мүсіндеуді де одан кейін оның бөліктерін түпкі ойға
сәйкес майыстырады.
Мүсіндеуде заттардың кеңістіктік арақатынасын беру оңайлатылады-
объектілер, нақты өмірдегідей, бірінен соң бір, композиция ортасына жақын
не алыс қойылады. Перспектива мәселелері мүсіндеуде атымен болмайды.
Мүсіндеуде бейне жасаудың негізгі формасы – ауқымды форманы беру. Түс
шектеулі түрде пайдаланылады. Әдетте кейін балалар ойындарда пайдаланылатын
жұмыстар боялады.
Мүсіндеу сабақтарында неғұрлым пластикалық материал ретінде саз балшық
негізгі орын алады. Жақсы дайындалған саз балшық тіпті 2-3 жастағы баланың
қолының илеуіне тез көнеді. Кептірілген саз балшықтық жұмыстар ұзақ уақыт
сақталына алады.
Пластилиннің иілімдік мүмкіндігі аз. Ол алдын ала қыздыруды қажет
етеді, сонымен бір мезгілде қатты қыздырылған ол өзінің созылымдылығын
жоғалтады, қолға жабысып, жағымсыз тері сезу түйсіктерін туғызады. Мектепке
дейінгі балалар пластилинмен негізінен топ сабақтарынан тыс кезде жұмыс
істейді.
Құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация. Аппликация
сабақтары процесінде балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып,
жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен
танысады. Силуэетті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді,
өйткені силуэетте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар
болмайды.
Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік
туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының
аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің
кеңістікте орналасуы мне көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды
балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі
бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады.
Сабақтардың барысында мектепке дейінгі балалардың бойында түсті,
ритмді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам
қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес.
Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі
үйлесімді таңдай білуга тәрбиелейді.
Ритм мен симметрия ұғымымен балалар сәби жастың өзінде-ақ декоративтік
ою-өрнек элементтерін бөлген кезде танысады.
Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға
үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді
жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар.
Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға,
қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра
отырып,формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне
бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді.
Құрастыру әрекетінің келесі бір түрі - конструкциялау. Алуан түрлі
материалдардан конструкциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне
қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне конструкциялау процесімен
қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандары әдетте ойындарда
пайдаланылады.
Балабақшада конструкциялаудың мынадай түрлері қолданылады: құрылыс
материалдарынан, конструкторлар жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа
материалдардан конструкциялау.
Конструкциялау процесінде мектеп жасына дейінгі балалар білімге,
дағдыға және іскерлікке ие болады. Құрылыс материалдарынан конструкциялай
отырып, олар геометриялық ауқымды формалармен танысады, симметрияның, тепе-
теңдіктің пропорцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан конструкциялау
кезінде балалардың геометриялық жазық фигуралар туралы білімі, жақ,
бұрыштар, орталық нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды
майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту
тәсілдерімен танысады [4].
Табиғи және басқа материалдармен жұмыс істеу балаларға өздерінің
творчестволық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие
болуға мүмкіндік береді.
Конструкциялау жұмыстары үшін, әдеттегідей, дайын формалар
пайдаланылады, балалар оларды жинай отырып қажетті кескінді алады.
Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың контрукторлық ойы мен
творчестволық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты, оның бөліктерінің
формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формалармен ойша
салыстыруы, оының жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы керек.
Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін
аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.
Құрастырудың бірінші типі – үлгі бойынша құрастыру. Балаларға өздерінің
жасаған құрылыстарында үлгінің орнын алатын белгілі бір затты жасап шығу
ұсынылады. Үлгі бойынша құрастыру түрліше өтеді. Ең қарапайым түрі
балалардың көзінше үлгіні жасап шығару болып табылады. Бала үйді, ұшақты,
жүк машинасын немесе басқа бір затты құрау процесін көріп отырады. Мұнда ол
үлгіні құрастырған жеке бөлшектерді жақсы ажырата білуге мүмкіндік алады.
Құрастырудың біраз күрделіленген түріне бала өз көзімен көретін
жинақталған үлгі жатады. Бұл жағдайда баланың алдында жинақталған
бөлшектерді ажырата білу сияқты ерекше мінддет тұрады. Сондықтан
құрастырудың басты кезеңі – үлгіні тексеру. Тексеру процесінде
құрастырылатын зат жөнінде баланың біраз дұрыс ұғымы қалыптасады. Үлгіні
тексерудің негізі принципі – ірі, басты бөлімдерін және олардың өзара
орналасуын талдау. Мысалы, бала жүк машинасын құрастыру алдында оның
негізгі бөлімдерін (моторды, кабинаны, кузовты, шассиді) ажырата білмей
құрастыруды ұсақ бөлімдерден бастаса, онысынан ақырында ештеңе шығара
алмайды. Құрастыру іс-әрекеті баладан үлгінің негізгі бөлімдерін ажырата
білуді талап етеді.
Бөлшектелген үлгі бойынша құрастыру, құрастыру іс-әрекеттің меңгерудің
басында, бала тексерудің алғашқы дағдыларын игере және үлгінің негізгі
бөлшектерін ажырата білу кезінде мәнге ие болады. Бөлшектелген үлгі бойынша
ұзақ уақыт бойы құрастыру кейін тікелей пайда келтірмейтін болады, өйткені
үлгіні дәл көшірумен құрастыру міндеті тамамдалады.
Үлгіні дәл көшіруден тұратын іс-әрекет құрастыру дамыта алмайды. Бұл
мақсатқа тұтас үлгі (жеке бөлшектерге ажыратылмаған) бойынша құрастыру
сәйкес келеді, мұнда бала тексеру тексеру нәтижесінде үлгіні қандай
бөлшектердің жәрдемімен құрауға болатындығын анықтауға тиіс. Мысалы, бала
кішкене текшелерден үй тұрғызуға тапсырма алса, ал үлгі картоннан
желімделген модель болса, онда бөлшектерді таңдап алғанда модельді жасап
шығаруға болатындығының міндеті баланың алдында өзінен-өзі пайда болады.
Сурет түрінде берілген үлгі баланың бұдан да көбірек ойлануын талап
етеді. Мұнда жазық бейнелеу негізінде үш өлшемді құрастыру міндеті баланың
алдында тұрады. Мұндай міндет баладан бейнелеуден шынайы болмысты көру
қабілетін талап етеді.
Сонымен, үлгі бойынша құрастыру – баланың құрастыру іс-әрекетінің
дамуындағы қажет және басты саты.
Құрастыру іс-әрекетінің екінші типі – шарт бойынша құрастыру.
Құрастырудың бұл типінің өзіндік ерекшілігі бар: бала құрылысты үлгінің
негізінде емес, ойынның не тәрбиешінің қойған міндеттері негізіндегі
шарттар бойынша бойынша тұрғыза бастайды.
Шарт бойынша құрастыру баладан өз іс-әрекетін айқын ұйымдастыруды талап
етеді, ол шығармашылығы мен бастамашылдық қасиетінің дамуына себепші
болады. Мысалы, құрылыс материалынан балалар суреттерінің стендісін
тұрғызуға (көрме ойнында) тапсырма алған бала, сонымен бірге құрылыс
материалын таңдап алуға да, одан жасалған стенд суреттердің өлшеміне сәйкес
келетіндей әрі орнықты, ал оның жекелеген бөлшектері формасы мен түсі
жағынан әдемі таңдалып алынған болуына да міндет алады.
Шарт бойынша құрастыру баланы шарттармен санасуға үйретеді. Баланың іс-
әрекетін тәртіпке келтіреді. Шарт бойынша құрастыру баланың түрлендіру
ынтасын дамытады. Мектепке дейінгі балаға бір шарттың өзін негізге ала
отырып әр түрлі шешім қабылдау төтенше қызғылықты: үйшіктерді түрліше
қоршау, өзен арқылы көпірді түрліше салу, үйлердің түрлі типін тұрғызу
осының мысалы бола алады.
Біртіндеп күрделілене беретін құрылыстардың тұтас қатарын жасау балаға
ұнады. Мысалы, биік те аласа, кең де тар, ұзын да қысқа т.б. үйшіктерді
тұрғызу балаларды үйшіктердің түрлі типтері жөнінде жалпыланған
іскерліктерін қалыптастырады. Бұл шынайы творчесиволық құрастыру негізін
жасайды: Балалар қандай да бір ойын барысында қажет болатын үйшіктерді оңай
тұрғызады, өздері салған құрылыстарда түрліше мақсаттарды оңай іске
асырады.
Егер баланың құрастыру тәжірибесі аз болып, дер кезінде үлгі бойынша
құрастыруды үйренбеген болса, ол шарт бойынша құрастыру кезіңде үлкен
қиыншылықтарға тап болады. Шартқа сәйкес келетін жаңа бір нәрсені тұрғызу
қажеттігі туғанда бала әдеттегісінше құрылыстың шартқа аз сәйкес келетін,
өзіне белгілі түрін тұрғызуға кірісе бастайды, өйткені құрылыстардың
типтері жөнінде оның жалпылаған ұғым мен оларды тұрғызарда жалпыланған
іскерілік әлі қалыптасқан жоқ.
Құрастыру іс-әрекетінің үшінші типі – ойлау бойынша құрастыру.
Құрастырудың бұл типін баладан ойын іс-әрекеті талап етеді. Ойын үшін тек
арнаулы құрылыс материалынан (мысалы текшелерден) ғана емес, сонымен бірге
мебель, тақтай, таяқ, зонт, матаның қиықтары сияқты баланың төңірегіндегі
заттардан құрылыс тұрғызуға тура келеді. Ойын көбіне баланың тек өз басы
ғана пайдаланатындай құрылыс тұрғызуды да талап етеді. Балалар ойындарында
өздері ішіне орналасатындай үйлер салады, отырып алып жүзіп кететіндей
корабьлдер мен баржалар жасайды.
Ойында салынған құрылысты пайдалану балалардың құрастыра білуіне үлкен
практикалық мән береді және құрастырудың сипатын өзгертеді. Балалар
өздерінің салған құрылысын белгілі бір нәрсеге ұқсас болу үшін де құрастыра
бастайды. Мұндай жағдай балалардың құрастыру процесінде өзгеше көзқарасын
тудырады: балалар ойланған ойынға оның ерекшеліктері сәйкес келетіндей
құрылыстарды салуға тырысады. Ойын үшін құрастыру балаларды біріктіреді.
Құрастыру процесінде балалар құрылыс жоспарын бірлесе талқылауды, ортақ
келісімге келуді, өздерінің тілектерін көпшілік қолданған құрастыру ойынына
бағындыруды және құрылыстың неғұрлым сәтті нұсқасы жөніндегі өз ойларын
қорғауды үйренеді.
Балалар салып бітірген құрылысты т.б. қайта құрастыруды үйренеді. Үлгі,
шарт, ойлау бойынша құрастыру бір-бірін тура алмастыратын кезеңдер емес.
Құрастырудың барлық типтері міндеті мен жағдайына байланысты кезектесіп
отырады. Әйтсе де құрастырудың әр типі баланың өзіне тән қабілеттерін
дамытады [5].
Құрақ құрау мен жапсыруды жеке атау қажет. Бұл да жемісті іс- әрекеттің
екі түрі болып саналады. Олардың психологиялық мәне бейнелеу және құрастыру
іс-әрекетінің мәніне ұқсас. Сурет салу, құрастыру, жапсыру және құрғақ
құраумен белсене шұғылдану арқасында балада ненің тындырылуы қажет екенін
күні бұрын көзге елестету қабілеті, іс-әрекетті жоспарлау қабілеті дамиды.
Құрастыру арнайы сабақ түрінде екі аптада бір рет қол еңбегімен
кезектесіп өткізіледі. Ал, бос уақыттарында балалар құрылыс материалдарын
еркін пайдаланып, өзіндік ойын сипатындағы іс-әрекеттерін жүзеге асыра
алады. Құрастыру іс-әрекетінің түрлері:
- арнайы үлгі бойынша және сызба нұсқалар бойынша құрастыру;
- ұсынылған шарт бойынша құрастыру;
- тақырып бойынша құрастыру;
- өз еркімен құрастыру;
- конструкторлармен құрастыру;
- табиғи материалдармен құрастыру;
- компьютерлік құрастыру, т.б.
Аталған құрастыру іс-әрекетінің түрлері бойынша мектепалды тобында
балаларға ұсынылған тақырыптарды әр түрлі формаларда орындауға мүмкіндік
бар. Мысалы: Көпір тақырыбында жаяу адам өтетін көпір мен көлік өтетін
көпірді жеке-жеке немесе екеуін бірге құрастыруға болады. Сондай-ақ,
өзеннің үстіне салынған көпір, темір жолдың үстінен өтетін көпір түрінде
құрастыру да баланың өзіндік ынта-ықыласы мен талап-тілектерін
қанағаттандырып, құрылыс материалдарын қолданып, шығармашылықпен еңбек
нәтижесіне жетуге бағыттайды [6].
Ұсынылған үлгі сабақ жоспарларындағы әдіс-тәсілдерді тәрбиеші өзінің
шығармашылығымен толықтырады. Кейбір сабақтардағы көркем сөз, дидактикалық
ойындар басқа да баланың шығармашылығын дамытуда тәрбиеші өзінің
ізденістерімен қарау ұсынылады. Таңдауға ұсынылған сабақтармен ауыстырып
әткізулеріне болады. Бұл сабақтар тәрбиешіге басшылыққа алуға негіз болады
да тәрбиеші, педагог өздігінен жетілдіреді.
Балалар құрастыру іс-әрекетінде әр түрлі конструкторларды пайдаланады
(ағаштан, пластмассадан, темірден, т.б. жасалған). Конструкторлар әр түрлі
геометриялық денелер жиынтығынан, ірілі-ұсақты бөлшектерден тұрады. Сабақ
кезінде балаларды қажетті бөлшектерді таңдап алуға үйрету, өздері жасайтын
затты кеңістікте орналастыруға жаттықтыру керек. Әр түрлі құрастыруға
қажетті конструкторларды балаларға берер алдында тәрбиеші оның әдістемелік
нұсқауымен танысып, алдын-ала біліп алуы қажет. Балаларға не қажеттігін
ойластырып, өзінің үлгісін, ұсынысын дайындауы керек. Конструкторларды әр
балаға жеке немесе екі балаға бірге ойнауға беру, сондай-ақ ұжымдық
құрылысқа да қолайлы жағдай туғызып отыру көзделеді. Балалар конструкторлар
бөліктерінің қатынасын, симметриялы болуын, көз мөлшерімен сәйкес
бөліктерді таңдай білуге дағдыланады [7]. Конструкторлармен жұмыс жасауда
балалар жаңа материалдармен танысады, оны құрастыруда баланың ой-қиялы
дамиды, бөліктерді біріктіріп құрастыру іскерліктерін меңгереді. Бала өз
ойынан құрастыру кезінде белгілі қабілеттілікті игеріп, іс-тәжірибесін
қолдана отырып, жаңа затты құрастыруда ақыл-ойын жұмсап, белсенділік
танытады. Конструкторлар тетіктерін бекіту, үйлестіру, белгілі бір заттың
пішініне келтіру іс-әрекетке қызығушылықты арттырып, іскерлік дағдыны
қлыптастырады. Сабақта М.П.Агапованың ұсақ құрылыс материалдарынан жасалған
түрлі жиынтығы, ғылыми-зерттеу институттары ойластырып жасаған 4, 5, 6, 7,
8 ойыншықтар жиынтықтары: “Архитектор”, “Коммунар”, “Механик-1” және
“Механик-2” пайдаланылады. Сабақ кезінде балаларды тек қажетті бөлшектерді
таңдап алуға үйрету үшін олардың материалдары өздері соғып жатқан құрылысқа
қажетті материалдардан әлдеқайда көп болуы керек. Құрастыру жұмыстарын
ұйымдастыру кезінде тәрбиеші адамдарды, жан-жануарларды, өсімдіктерді,
көлік түрлерін, т.б. бейнелейтін әр түрлі ұсақ ойыншықтарды пайдаланады.
Мұндай ойыншықтар баланы ойлауға, ізденімпаз болуға баулиды, балалардың іс-
әрекетінің одан әрі дамуына мүмкіндік туғызады [8].
1.2 Құрастыру түрлері

Конструкторлармен құрастыру. Балаларға арналған конструкторлармен
құрастыруда белгіленген шарт бойынша тапсырмалар орындалады. Мұнда балалар
жаңа материалдармен таныса отырып, бірнеше міндеттерді шешудің жолдарын
қарастырады. Өз ойларынан құрастыру кезінде балалардың қиялының дамуына,
өзіндік, дербес әрекет етуіне толық мүмкіндік болады. Конструкторлармен
құрастыруда құрастырғыш материалдарды жинақтау және олардың тетіктерін бір-
біріне үйлестіріп бекіту балаларға бірқатар күш түсіреді. Белгілі бір
мазмұнға сәйкес және кеңістікте орналастыруға дағдыланады. Құрастыру
барысында балаларға басшылық жасап бағыт беру, ойын іс-әрекетімен
ұштастыру, көркем сөз қолдану, ертегі-әңгімелермен жүйелі сабақтастыру іс-
әрекеттің шығармашылық сипат алуына, еңбек нәтижесінің сапалы болуына
кемектеседі. Алғашқыда балаларға өздеріне таныс конструкторлар ұсынылады,
ал тақырыптық құрастырғыштар қосымша материалдар ретінде беріледі, содан
кейін олардың ой-қиялын дамытуға, шығармашылыққа бағытталған проблемалық
міндеттер қойылады, оны шешудің жолдарын іздестіреді. Сабақтарда балалар
шағын топтарға (5-6 бала) бөлініп жұмыс жүргізгені тиімді болады. Алғашқыда
әр балаға Г тәріздес конструкторлар бөліктері беріліп: Бұл -
аяқталмаған құрылыс немесе заттың бөлшегі, енді осы неге ұқсайды, бұдан не
жасауға болады -деп сұрап, олар тәрбиешінің құлағына сыбырлайды. Балалар
конструкторларды зейін қойып қарап алады, ұсақ бөлшектерді де бірге ұстап
көріп, не жасауға болатынын ойланады. Тәрбиеші негізгі конструктор
бөліктеріне қосымша ұсақ бөлшектерді қосып, құрылысы жағынан қарапайым
заттар жасауға болатынын түсіндіреді. Мысалы: ұшақтар, үйлер, орындықтар,
аңдар, т.б. Балалар өз ойларынан бірнеше заттар құрастырады. Келесі
сабақтарда Т және П тәрізді конструкторлар ұзын-қысқа, жуан-жіңішке
бөліктермен беріледі де, бұдан не жасауға болатынын балалар өздері
ойластырады. Мұнда құрастырудың 2-3 түрін жасауға тапсырма береді. Тәрбиеші
ұсынған негізгі пішін болады да, жаңа конструкторлар оны толықтыру, белгілі
бір заттың бейнесіне келтіруге пайдаланылады. Бұдан кейінгі сабақтарда
тәрбиеші ұсынған фигуралар тек қана негізгі құрылыс бөлігі емес, көп
бөлшектердің элементі ретінде пайдаланылып баланың конструкторларды
өздігінен еркін пайдалануына жағдай жасалады. Соңғы сабақтарда балаларға
жалпы тақырыптар ұсынылып, мысалы: Зоопарк, Әуежай, Менің сүйікті
қалам, т.б. өз ойларынан игерген дағдыларын тәжірибеде қолдануға бағыт
беріледі [8].
Конструкторлармен жұмыс жасауда шарт бойынша құрастыру да ұсынылады.
Көп қабатты үйлер екі подъезден тұрады, біздің көше екі жақты қозғалыста
және бағдаршамы болуы шарт, т.б. Сондай-ақ, балаларға өз ойынан құрастыру
ұсынылғанда тақырыпты өздері ойлап, қажетті материалдарды мазмұнына сәйкес
таңдап, бір-бірімен келісіп, бірлесіп еңбек етуге, құрылыс жасауға
үйренеді. Өзара ақылдасу, бөлісу, еңбек нәтижесіне бірлесіп жету балалардың
қарым-қатынас мәдениетін қалып- тастыруда маңызды. Ұжымдық мазмұндық
құрастырулар кезінде арнайы жағдай жасалуы керек. Мысалы: үстелдерді
қатарластырып қою немесе кілем, құрақ көрпеше төсеніштер балалар отырып
құрылыс жасауға ыңғайлы болуы шарт. Құрастыратын конструкторлар көлемі,
саны жеткілікті, қосымша толықтыратын бөлшектер де көбірек болғаны тиімді.
Тектон (202 бөліктерден тұратын конструктор). Конструктор Квадро,
Стартер, Бейск, Юниор, Универсал, Мобиль, т.б. конструкторларын
көлемді конструкторлардан Занимательные кубики, Модуль игра (шпоры
С.Л.Новоселова), Волшебная башня (авторлары Л.А. Нарамонова, Ф.А.Юнусова,
Т.В.Чернышова), Змейка. Жазықтықта мозайка тәрізді құрастыруға арналған
конструкторлар: Мозайка, Сердечко, т.б. пайдалануға болады. Аталған
конструкторлар ағаштан, темірден, пластмассадан жасалған және көлемі
жағынан да әр түрлі. Осыған орай дайын конструкторларды қолдануда тәрбиеші
оның сапасы мен көлеміне және тақырыпты таңдауға бағыт беру үшін өзі сол
құрылысты жүргізудің жолын, әдіс-тәсілдерін зерттеп, айқындап алып, балаға
нақты, түсінікті, қысқаша нұсқау беру арқылы жұмысқа бағыттап отыруға
міндетті.
Қағазбен құрастыру. Қағазбен құрастыру жұмыстары арнайы сабақтарда және
бос уақыттарында өз еріктерімен де жүргізіледі. Қағаздан алуан түрлі заттар
жасауға болады. Бұл іс-әрекет - баланың қызығып айналысатын сүйікті ермек
ойындары. Тәрбиеші қағазбен құрастыруда алдын-ала дайындаған үлгілер арқылы
көрсетіп, сипаттап, әңгімелеп түсіндіреді. Үлгіге талдау жасап, балалар
тікелей қағазбен жұмысты тәрбиешімен бірлесіп жасайды. Арнайы тапсырмалар
беру, ойын-жаттығулар ұсыну, дайындалған жұмыстарды толықтыру, өңдеу,
шығармашылық іс-әрекетке бағыттау еңбек нәтижесіне жетуге ықпал етеді.
Қағазбен құрастырудың түрлері:
- жолақ қағаздардан бейнелер жасату;
- ұшбұрыштап бүктеу арқылы бейнелер жасату;
- төртбұрышты жануарлар бейнесін жасату;
- цилиндр пішіндерден бейнелер жасату;
- конус пішіндерден бейнелер жасату;
- қораптардан түрлі заттар бейнесін жасату;
- қағаздарды умаждап бүктеу арқылы бейнелер жасату;
- оригами бойынша түрлі заттар жасау;
- қағаз өнері (қағаз пластика) әдіс-тәсілімен бейнелер жасату.
Қағазбен құрастырудың жүйесі төмендегідей:
- Қағазбен құрастыру жұмыстары сапалы, іс-әрекет белсенді және өнімді
болуы үшін жеке баламен немесе жұмыстың ұжымдық түрде жүргізілуінің
формаларын анықтап алу;
- Қағазбен құрастыруда баланың іс-әрекетінің жұмыстың басқа түрлерімен
өзара тығыз байланыстылығын қамтамасыз ету. Мысалы: сюжетті ролдік
ойындар, драмалау, сурет салу, т.б.
- Баланың қағаздарды түр-түсіне, сапасына, фактурасына қарай таңдап
алуына, іс-әрекетке бағыттауда ой түрткі беруге (мотивация), ойын
арқылы өз ойын іске асыруға, диалогты сөйлеу тілін байытуға ықпал ету.
Қағазбен құрастырудың кезеңдері:
- Бірінші кезең — қажетті затты жасауды сипаттау, іс-әрекет барысын
баяндау, әңгімелесу, ситуациялық ойындар, көркем сөз қолдану, т.б.
арқылы құрастыруға бағыт, нұсқау беру.
- Екінші кезең — баланың алдына проблемалық сипаттағы міндеттер қойып,
оны жүзеге асыруда тікелей іс-әрекетке кірісу. Өзінің
тәжірибедегіигерген дағдыларын қолдана отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді
меңгеру.
- Үшінші кезең — баланың өздігінен, дербес әрекет етуіне, шығармашылық
белсенділікпен өз ойынан үлес қоса білуге бағыттау [9].
Табиғи материалдармен құрастыру. Табиғи материалдармен жұмыс жасау —
балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді.
Ол үшін тәрбиеші табиғи материалдарды алдын-ала жинақтап, сүрыптап,
кептіріп, баланың іс-әрекетіне пайдалануға дайындап қояды. Табиғи
материалдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етеді. Жұмыс үш
кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде табиғи материалдарды таңдау, талдау жасау
(бұтақтар, кепкен жапырақтар, шырша бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық
бөліктерін алып тастап, белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады.
Екінші кезеңде табиғи материалдарды қолданып, негізгі алға қойған
міндеттерді шешуде заттың жеке бөліктерін, негізгі бөліктеріне біріктіру,
бейнені нақты бере білуге талпынады. Табиғи материалдардың сапасына,
беріктігіне назар аударады. Үшінші кезеңде баланың жұмыс жасап отырған
тақырыбына сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Қазіргі балабақшадағы тәрбиешенің тың қызметі
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Пәндер