Кәсіпорынды автоматтандыру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ: І БӨЛІМ. Кәсіпорынды сипаттау
КІРІСПЕ:
5: 1. 1 Кәсіпорынның мінездемесі
9
КІРІСПЕ:
5: 1. 2 Кәсіпорынның құрылымы және оның бөлімдерінің функциялары.
11
КІРІСПЕ:
5: 1. 3 Кәсіпорындағы бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымы
13
КІРІСПЕ:
5: 1. 4 Техникалық құралдар: ДК және перифериялық құралдар мінездемелері
15
КІРІСПЕ:
5: 1. 5 Кәсіпорынның еңбекті қорғауы және техника қауіпсіздігі
16
КІРІСПЕ:
5: 1. 6 Семей қаласындағы коммуналдық қызметтер тарифтары 2011
18
КІРІСПЕ: II БӨЛІМ. Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу
КІРІСПЕ:
5: 2. 1 Бағдарламаны әзірлеу негізі
21
КІРІСПЕ:
5: 2. 2 Есептің қойылуы
22
КІРІСПЕ:
5: 2. 3 Алгоритмді және есептің функцияналдығын сипаттау
23
КІРІСПЕ:
5: 2. 4 Delphi ортасында мәліметтер қорын құру
24
КІРІСПЕ:
5: 2. 5 Техникалық құралдардың және бағдарламалық құралдардың құрылымын сипаттау
25
КІРІСПЕ:
5: 2. 6 Жүйені жұмыс істеу схемасы
26
КІРІСПЕ:
5: 2. 7 Бағдарламалардың (процедуралардың) схемасы
26
КІРІСПЕ:
5: 2. 8 Мәліметтер қоры файлдарының құрылымы
27
КІРІСПЕ: III БӨЛІМ. ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛУЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ
КІРІСПЕ:
5: 3. 1 Бағдарламаның арналуы
29
КІРІСПЕ:
5: 3. 2 Бағдарлама орындалу шарттары
29
КІРІСПЕ:
5: 3. 3 Бағдарламаның орындалуы
29
КІРІСПЕ:
5: 3. 4 Операторға мәлімет шығару
29
КІРІСПЕ: IV БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5:
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: V БӨЛІМ. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
5:
КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОСЫМША

5:


КІРІСПЕ

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Ақпараттық-комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу-білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Мен өндірістік практикамды «Семей қаласының тері және жүн өңдеу комбинат» ЖШС өттім. Практика барысында көптеген бағдарламалармен жұмыс жасадым. Солардың ішінде MS Word, MS Excel, Far Manager, MS Access, Total Commander 1. 5, Delphi 6. Бұл бардарламалар арқылы мен емханада көптеген есеп берулер құрастырдым. Яғни осы бағдарламалар арқылы есеп берулер тағайындадым.


І. КӘСІПОРЫНДЫ СИПАТТАУ

  1. Кәсіпорынның мінездемесі

Институттың қалыптасуы

Семей мемлекеттік педагогикалық институты - мемлекетіміздің ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналады, 75 жыл мерзімінде даңқы мол тарихы бар еліміздің педагогикалық ғылымның және жоғары білімнің флагманы болып табылады. Институт тарихы 1934 жылдан басталады. Орта мектептерге екі жылдық мұғалімдерді даярлау курстардың негізінде қалада бірінші жоғары оқу орны мұғалімдер институты (1937 ж. бастап педагогикалық) құрылды. Педагогикалық институтта 3 факультет болды: физика-математика, жаратылыстану, орыс тілі және әдебиеті.

1935 жылы қантар айында мұғалімдер институты атақты КСРО жоғары оқу орындарының тізіміне кіргізілді.

1936 жылы институт ең алғашқы түлектерді шығаруда, 73 түлектір білім алды, солардың қатарында 17 тарихшы болды.

1939 жылы 9 наурызда педагогикалық институтқа Н. К. Крупская есімі берілді.

Жоғары оқу орны соғысқа дейінгі жылдарда 500-ден астам маман шығарып, республикалық білім беру жүйесіне қажет педагог кадрлар даярлауда жетекші рөл атқарды. Мұнда атақты ғалымдар, педагогтар А. А. Киселев, Б. А. Агапов, М. М. Беляев, Д. И. Ларин, А. М. Лукьяненко, В. Г. Совсун, Н. Н. Феденев, З. Ф. Троицкая, А. Б. Тұрсынбаев, А. А. Курочкин, Д. Ч. Чакенов, Л. М. Перелыгин, К. М. Мұхамедханов қызмет істеді.

Институт соғыс күндері

Ұлы Отан соғысының бірінші айларында институттан майданға 40 оқытушы, 50 студент аттанды. 1941 жылы институт алғашқы рет 44 маман шығарды.

Ұлы Отан соғысында Семей педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттері А. Қалжанов, С. И. Мариненко, Р. Шәкіржанов, В. Е. Иванов, Г. И. Обухов, Д. И. Ларин, М. Асқаров, С. Волков, Б. Ахметов, М. Кәрібаев, А. Долгих, М. Белых, Х. Закиров, С. Х. Мусин ерлікпен қаза тапты.

Соғыс уақытына қарамастан, жоғары оқу орындары мамандарды даярлай берді.

Ұлы Отан соғысы кезінде институтта Ким Н. С. басшылық етті.

1944 жылы институтта 4 факультет құрылды: филология, тарих, физика-математика, жаратылыстану. Бұл жылдарда профессорлар: И. М. Ивенский, П. А. Мицкевич, А. П. Нечаев, доценттер: М. Я. Ханютин, Б. Г. Певный, Г. Ф. Бутлер, оқытушылар: Н. И. Малеванная, О. Ф. Царевская, Г. В. Царевская, Н. И. Бутлер, Т. Н. Ван қызмет істеді. Көп жылдар бойы студенттерге өз білімдерін, тәжірибелерін берген соғыс ардагерлері: А. А. Курочкин, Р. Барлыбаев, Л. М. Перелыгин, Т. И. Аманов, В. И. Маслов, Д. Ч. Чакенов, Г. И. Кирилов, И. Т. Приходько, К. Оразалин, Н. П. Чернышев, Е. Соина.

Соғыстан кейін институт педагогтар даярлайтын ірі оқу ордасына айналды.

Осынау қиын жылдарда Халық комиссариат институттың он жылдық мерейтойын атап өтті.

Институт соғыстан кейінгі уақытта

Осы кезде студенттер контингенті өсіп, институттың оқу-материалдық базасы да дамыды. 1964-1969 ж. ж. екі студенттік жатақхана салынды, негізгі оқу ғимаратының құрылысы аяқталды. 1977 ж. спорт кешені де салынып бітті. Кейіннен тағы бір жатақхана салынды.

1969 жылы даярлау бөлімі өз қызметін бастады. 60-80 ж. ж. институтта дене шынықтыру, көркем-графикалық, тарих-педагогика факультеттері ашылды. Институт құрамына 31 кафедра кірді, 15 мамандыққа даярлады.

Осы жылдарда мамандарды даярлауға зор үлес қосқандар: А. С. Павлов, Д. В. Лоптухов, С. М. Симхович, Х. Н. Нұрхайдаров, Е. М. Клочков, В. Г. Прокопенко, Р. И. Чернакова, А. И. Курбатова, Ж. А. Бекбаев, Т. К. Қасенов, О. В. Ярков, С. М. Борбасов, В. И. Гноевых, В. П. Луковенко, М. М. Түйебаев, А. К. Әлжанов, С. М. Юрин.

Факультеттердің дамуына, нығаюына көп еңбек сіңірген декандар: А. А. Юнусов, В. С. Городецкая, Г. М. Нестерова, А. С. Еспенбетов, Ғ. Е. Есімов, Г. Д. Даутбаев, К. Ж. Әмірғазин, В. Р. Маневич.

Көп жылдар бойы оқу және ғылыми жұмыстардың проректорлары болып ғылым кандидаттары, доценттер: В. И. Травников, Д. Д. Сүлейменов, С. С. Маусымбаев, Р. М. Мыңжанов, Л. И. Троицкая қызмет етті.

Педагогикалық институттың базасында облыстық балалар демалатын лагерьлеріне жылда баратын 10 педагогикалық отряд құрылды. Жасөспірім тәрбиесіне зор үлес қосқан отрядтар: "Мицар", "Зорянка", "Сокол", "Комиссары" республикалық деңгейде аталынды. Жетекші қозғалысының ұйымдастырушылары және белсенді қатысушылары: Р. Зиновьев, Т. Мищенко, А. Пащенко, Л. Грицук, В. Миллер, Д. Бралинова, А. Иманалинова, С. Сальникова, Н. Сулимова, А. Магауова, Б. Атантаева, А. Пожаров, А. Артемов, М. Барабанова, Д. Ізбасарова т. б. Үздік жетекшілер тәжірибелену практикасын "Артек" бүкілодақтық пионер лагерінде өтті. Олар: Е. М. Тарасенко, В. Т. Топорков, А. А. Артемов, Г. Т. Раева, Н. Неустроева және т. б.

Жоғары оқу орны факультеттері базасының негізінде "Дауылпаз", "Графит", "Олимп", "Антей" студенттік құрылыс отрядтары жұмыс істеді. Құрылыстық қозғалыстың белсенділері: А. М. Қасенов, А. А. Ахметжанов, Ғ. Е. Есімов, К. Ж. Әмірғазин, А. Тупий, Қазақстандағы бірінші "Аэлита" студенттік қыздар құрылыс отрядының командирі Н. Беккер.

Әртүрлі объектілердің құрылысындағы жетістіктері үшін, белсенді насихаттау қызметі және республиканың совхоздары мен колхоздарындағы қамқорлық жұмысы үшін студенттік отрядтар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Институтта қоғамдық мамандықтар факультеті де қызмет етті, оның құрамында "Жас лекторлар мектебі", комсомол және пионер жұмысының әдістемелік бөлімі болды. Облыс және қала мектептерінде көпшілікке мұғалім мамандығын насихаттау үшін "Жас педагог" университеті қызмет етті.

Сол жылдарда институттың студенттік өнерпаз драма театры бүкіл халыққа әйгілі болды, ал 1960 ж. республикада бірінші болып халық таеатры атағын алды.

1985 - 2008 жылдары институт өмірі

1985 - 1995 жылдары институт ректоры М. С. Панин болды.

80 ж. аяғында 90 ж. басында мамандықтардың саны көбейді, "Бастауыш білім әдістемесі", "Бастауыш білімнің педагогикасы және психологиясы" бөлімдері ашылды.

1993 ж. М. С. Панин және Қ. Мұхамедханов бастамасымен институтқа Шәкәрім есімі берілді.

2004 жылы ҚР Үкіметінің шешімі бойынша Семей мемлекеттік педагогикалық институты жеке кәсіби жоғары оқу орны статусын алды, осы жылы сәуір айында Е. Б. Сыдыков ректор болып тағайындалды.

Сол кезеңде жоғары оқу орны ЮНИСЕФ глобальды білім жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім жобасына қатысты. Соның шеңберінде педагогикалық институттың оқытушылары ауыл мектептерінде инновациялық әдістермен жұмыс істейді. Институт ұжымы RWCT бағдарламаны (оқу және жазу арқылы сұрыптай өй-өрісті дамыту) жүзеге асыруда үлкен тәжірибе жинақтады.

Ауыл мектептеріне көмек беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ғылыми-педагогикалық отряд құрылды. Жоғары оқу орнының оқытушылары ауыл мектептеріне барып, педагогикалық және әдістемелік ғылымның ең жаңа жетістіктерін пайдаланып, ашық сабақтар өткізді. Бұл жұмысқа белсенді қатысқан оқытушылар: М. С. Панин, Г. А. Бадамбаева, Қ. Н. Нұрсұлтанов, М. А. Зарифова, Н. Л. Татаурова, Е. М. Тарасенко, Л. С. Ибраева, В. П. Бурулько, Р. Р. Абдрахманова, Л. Б. Ғабдуллина, Г. М. Ноғаева және т. б.

Институттың профессорлық-оқытушылар құрамы ауыл мектептеріне көмек ретінде оқу-әдістемелік, көркем әдебиет кітаптар жинақтайды.

Жоғары оқу орнының оқытушылары қала және ауыл мектептерінің мұғалімдерінің "Дарын" ҒПО әдістемелік бірлестігінің жұмысына мектеп оқушыларының әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына белсенді қатысады. Орта білім беретін мектептердің базасының негізінде кафедралар филиалы қызмет көрсетеді.

Институттың қазіргі өмірі

2008 жылдан бастап институт ректоры М. Ғ. Ескендіров тағайындалды.

Институттың тікелей жалпы басшылығын ректорат атқарады. Ректораттың құрамына бірінші проректор - оқу істері жөніндегі проректор А. А. Талтенов, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор М. С. Панин, әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Е:Қ. Есенжолов кіреді.

Институт құрамында 5 факультет (тарих-филология, педагогика-психология, қазақ филологиясы, жаратылыстық ғылымдар, физика-математика, 17 кафедра.

Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасында 7 оқу ғимараты, спорт кешені, 2 жатақхана, агробиостанция, 300 мың данадан астам кітап қоры бар кітапхана, оқу-өнеркәсіптік және көркемөнер шеберханалары, 600 орындық ашық спорт алаңы бар. Ертістің жағалауында оқұ-сауықтыру базасы бар.

Институтта 2 ресурстық орталықтар қызмет істейді. 9 арнайы компьютерлік сыныптар орнатылды. Интерактивтік, мультимедия бағдарламаларымен оқытылатын лингвистикалық орталық, ағылшын-американдық әдебиет шеберлерінің шығармаларының медиатекасы электрондық энциклопедиялар TOEFL, GMAT, GRE тестілері бар.

Институттың барлық ғимараттарын байланыстыратын Интернет жүйесінің қорларына кіруге мүмкіндік беретін жоғары оқу орнының корпоративтік жүйесі құрылған. Институттың www. sgpi. kz сайты бар.

Института ғылыми орталық және бөлімшелер қызмет атқарады:

1. Манаш Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми орталығы. Орталықтың директоры М. Қ. Каримов, т. ғ. к., доцент.

2. Мемлекеттік тілді оқыту орталығы. Орталықтың директоры - Р. С. Мәмбетбаева.

3. "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық отралығының филиалы. Орталықтың директоры Н. Л. Татаурова, п. ғ. к., доцент.

4. Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы. Орталықтың директоры - О. Т. Солтанбекова, п. ғ. к., доцент.

5. Халықаралық бағдарлама және тілдер білімі орталығы. Орталықтың директоры - Н. М. Төлебаева.

Дайындық бөлімі. Жетекшісі М. О. Абдикаримов.

6. Лекотека. Меңгерушісі О. Е. Андронова.

7. Тестілеу орталығы. Директоры М. С. Аралханов, б. ғ. к.

Біздің жоғары оқу орнында дарынды студенттердің өнерін дамытуға, шығармашылық ой-толғаныстарын өмірде іске асыруға толық жағдай жасалған. Фольклорлық және вокалды ансамбльдер, студенттік халық аспаптар оркестрі, рок-тобы, студенттік драма театры, сән театры, ақындар мектебі, поэзия клубы, КТК командасы жұмыс істейді.

Қазіргі Семей мемлекеттік педагогикалық институтының - оқу тәрбие үрдісін сәтті ұйымдастыруға және мұғалімдер кадрларын сапалы даярлауға түгел жағдай жасалынған Шығыс Қазақстан аймағындағы бірегей оқу-ғылыми, мәдениет орталығы ЖОО түгел қызметі ҚР білім жүйесіндегі іргетасының нығайуын қамтамасыздандыруға бағыттталған, Қазақстандық білім дамуына зор үлес қосады.

  1. Кәсіпорынның құрылымы және оның бөлімдерінің функциялары
  2. Кәсіпорындағы бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымы

«Семей қаласының педагогикалық институты» ақпараттандыру орталығының программамен камсыздандырылуы, яғни есептеуіш техникаға орнатуға болатын келесі негізгі программалардан тұрады:

  1. Негізгі операциялық жүйелер:

А) Windows Seven;

B) Windows XP;

C) Windows Vista.

2) Қолданылатын программалар:

А) Microsoft Office 2003-2007;

B) Microsoft FoxPro;

C) 1C: Предприятия;

D) 1C: Бухгалтерия;

Е) Kaspersky Internet Security 2012;

F) WinRaR;

G) Nero;

H) Қазақ тілінің драйверлері ( MS Windows 98, Windows XP, Windows Vista операциондық жүйелері үшін) ;

Кез келген дербес компьютердің жұмыс істеу үшін операциялық жүйе керек.

Қызметкерлердің жұмыс істеуіне арналған бағдарламалар орналасқан. Microsoft жанұялық бағдарламасының көмегімен құжаттар жазуға және кестелер құруға болады.

Емхананың жұмыс істеу бағдарламалары Microsoft FoxPro бағдарламасының көмегімен жұмыс атқарады және ол бағдарламасыз жұмыс атқармайды.

Сондай-ақ МББЖ жұмыс істеу үшін ACCES сияқты бағдарламалар қарастырылған.

Дербес компьютерді вирустар қорғау үшін антивирус орналтырылған.

Керекті құжаттарды архивке аудару үшін WinRAR бағдарламасы қарастырылған.

Құжаттарды CD-R және DVD-R дискілеріне жазу үшін Nero бағдарламасы орналасқан.

  1. Техникалық құралдар: ДК және перифериялық құралдар мінездемелері
«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері:

«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелері

Кесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері

«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері:

Монитор

Процессор типі

Оперативті жадының көлемі, Mb

Бейнекарта

CD-ROM

Принтерлер, көшірмелер, сканерлер

«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері: Директор
17, LCD
Intel Celeron D
512
ATI Radeon 9200, 128 mb
DVD-R
HP Laser Jet 1018
«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері: Директор орынбасары
17, LCD
Intel Celeron D
512
ATI Radeon 9200, 128 mb
DVD-R
HP Laser Jet 1010
«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері: Хатшы
14
Intel Pentium IV
512
Radeon 7000, 64mb
жоқ
«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері: Қабылдау бөлімі
17
Intel Pentium III
64
S3 Trio, 8 Mb
DVD-R
HP Laser Jet 1018;
Сканер HP 3690
Ксерокс Xerox
«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері: 17, LCD
Intel Celeron
128
встроенная
DVD-R
«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері: Бухгалтерия
17, LCD
Intel Celeron
128
встроенная
DVD-R
«Семей қаласының педагогикалық институты»-ның техникалық құралдары мен олардың мінездемелеріКесте № 1. ДК және перифериялық құралдар мінездемелері: Әкімшілік шаруашылық ісі
17
Intel Pentium III
64
S3 Trio, 8 Mb
DVD-R
HP Laser Jet 1018;
Сканер HP 3690
Ксерокс Xerox
  1. Кәсіпорынның еңбекті қорғауы және техника қауіпсіздігі

ДЭЕМ мен жұмыс істеу кезінде жұмыс орында ауа температурасы көтеріліп және ауа ылғалдылығы төмендейді, ауаның сапалық және иондық құрамы нашарлайды, құрамында көмір қышқыл газы және органикалық заттар көбееді. Ауа құрамында көрсетілген заттардың бірнеше рет жоғарлауы рұқсатты концентрациясынан көрсеткіштерінен аспауы керек. Осы себепке байланысты келесі оптималды микроклимат параметрлерін сақтау керек, ауа температурасы 18 ден 21 Целсия бойынша аспауы қажет. Ауаның қатынасты ылғалдылығы 55-62%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0, 1м/c. Ауаалмасудың басқа жолы болып терезелерде автономдық БК-1500 типтегі кондиционерлер қондылғыларын орнату болып табылады. ЭЕМ жұмыс жасау кезінде өте маңызды болып сәулемен қамтамасыз ету болып табылады. Сәуленің жұтылуын төмендету үшін қабырға мен төбе (1. 5-1. 7 м. ), егер олар дыбысты сіңіру материалдармен өнделмеген болса, оларды ақ су эмульсиялық бояумен (шашырату коэф. 0, 7 төмен болмауы қажет) боялады. Қабырғаны бояуға көбінесе ашық түсті бояуларды пайдаланады. ДЭЕМ жұмыс жасайтындар экранда шамдардың сәулесінің шашырауын көрмеуі тиіс. ДЭЕМ жұмыс жасау кезінде сәуле сол жақтан түсуі тиіс. Ол оң немесе артжақтан түспеуі керек.

Экранмен көздің арасындағы арақышықтық 60-70 см болуы тиіс, 50 см жақын қарауға болмайды.

Компьютермен жұмыс істегенде өрт қауіпсіздігі

Өрт - бақыланбайтын арнайы көзі бар заттардың жануы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру
Сүт зауытының автоматтандырудың техникалық құралдар жиынтығын таңдау
Ішкі жүйелер
Курстық жобаның тақырыбы
CASE жабдықтары және CASE технологиялар
Құрылыс өндірісінің технологиялық мүмкіндіктері
Бетон араластырғышты орнату
Дәріхана басқару жүйесін зерттеу
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz