Қоғамдық өндіріс туралы



Кіріспе

1. Өндірістің түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 бет

2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары ... ... ... ... ... ... ... .. 5 . 6 бет

3. Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7 бет

4. Нарықтық экономика артықшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 бет

5. Нарық экономикасының элементі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 . 10 бет

6. Нарықтың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 . 12 бет

7. Нарықтық экономика үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 бет


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс. Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады. Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды. Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады. Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.
Өндіріс ресурстары — бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады:
1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.
2. Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.
3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.
4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады. Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық
1. Қазақ Энциклопедиясы "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

2. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Астана 2002 жыл

3. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет 2005 - 416 бет

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Өндірістің түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . 4 бет

2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары ... ... ... ... ... ... . ... . 5 - 6 бет

3. Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 бет

4. Нарықтық экономика артықшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 бет

5. Нарық экономикасының элементі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9 - 10 бет

6. Нарықтың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 - 12 бет

7. Нарықтық экономика үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13 бет

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Өндіріс -- адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды -- материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл -- өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс. Нені өндіру керек - яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады. Қалай өндіру керек -- бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды. Кімге және қанша өндіру керек -- бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады. Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары -- жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.
Өндіріс ресурстары -- бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады:
1. Табиғи -- өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар таусылатын, қалпына келтіретін немесе қалпына келтірмейтін болып ажыратылады.
2. Материалдық -- бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.
3. Еңбек -- әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.
4. Қаржылық -- қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады. Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары базалық деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды құрайды.
Нарық -- тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық -- нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері - құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экономикалық қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдемқаражат белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады.
1. Өндірістің түрлеріне сипаттама

Өндірістің түрлері - өндірістің сыныптық санаты, ол технологиялық үдерістердің, өнімді алу тәсілдерінің сипатына қарай анықталады. Айталық, өнеркәсіптің өңдеуші салаларында технологиялық үдерістердің бір-бірінен айтарлықтай өзгешелігі бар екі түрін бөліп алуға болады. Бірінші түріне бастапқы шикізат дайын өнімге айналмастан бүрын бірқатар тізбекті қайта өндеуден (сатылардан, кезендерден) өтеді, олардың эрқайсысының өнімдері кейінгі енім үшін дүмбілзат болады. Олар металлургия, тоқыма, химия, әйнек, кірпіш, т. б. өндірістері. Оларда шығын калькуляциялық баптарға орай, әдетте, сатылар, қайта өндеулер бойынша, өндіріс тұрпаттары (түрлері) бойынша есептеледі. Өзіндік құн тек ақырғы өнім бойынша ғана емес, сонымен бірге меншікті өндірісте пайдаланылатын (одан өрі өндеуге жіберілетін) немесе ішінара сыртқа сатылатын дүмбілзаттар бойынша есептеледі. Екінші өндіріс түрлеріне әуелі жекелеген бөлшектер (тетіктер, тораптар, т. б.) дайындалатын, сонан соң механикалық құрастыру жолымен аяқталған бұйым алынатын өндірістер жатады. Машина жасау, аяқкиім, жиһаз, т. б. өндірістер осындай өндірістер болып табылады.

2. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.
Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы -- жұмыс күші және өндірістің заттық факторы -- еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады. Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды. Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды. Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді. Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді. Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.
Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.

Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы -- капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
Еңбек -- игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.
Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.
Кәсіпкерлік қабілет -- адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.

3. Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны

Өндірістік бағдарлама тұтынушылар үшін өнім өндіретін кез келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс, тағы басқа) және материалдық емес өндіріс(тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа) кез келген өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады, сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау,тігу және тоқыма, аяқ киім тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол, теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы - тұтынушылардың тапсырысы мен келісім - шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни өнім табыстылығы мен капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті кеңейту.Осы жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасайды.
Ұзақ мерзімді стратегияны жасағанда өндірістік бағдарламада көрсетілген өнім номенклатурасының өмірлік циклының ұзақтығын ескерген жөн.Әрбір тауардың өмірлі циклы 4 кезеңнен тұрады: басы, дамуы, жетілуі, ескіруі. Сатылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторлар нарығы және баға қалыптасуы
Қоғамдық қатынастардың мәселелері
Капитал - өндіріс факторы
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері
Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi
Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Экономика пәнінен дәрістер жинағы
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Пәндер