Бұлтартпау шаралары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ..5
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бұлттартпау шараларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. ҚЫЛМЫТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕПІЛДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1. Кепілдік туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2. Бұлтартпау шарасы ретiнде кепiлдi қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3. ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.1 Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.2. Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Олардың ішінде кепіл институтының өзіндік ерекшеліктері бар.
Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.
Мемлекеттегі күштеу шарасы – заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан ауытқу.
Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара.Бұлтартпау шарасы-айыпкерге-(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды.Қылмыстық процесс ғылымы саласында «бұлтартпау шарасы» курстық жұмысы ретінде алынуы,тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық тұрғыдан өзектілігі басым.
Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы 1995ж, толықтырырулар мен өзгерістер 1998ж,Алматы «Жеті Жарғы»
2) «Ішкі істер органдары туралы» заң 2002ж. 9 тамыз
3) «ҚР прокуротура туралы» заңы 1995ж. 21 желтоқсан
4) Ахпанов И.С Возбуждение уголовного преследования и приминение мер принуждение 1999г Алматы
5) Қазақ энциклопедиясы
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі Алматы 2001ж,толықтырулар мен өзгерістер 2002ж Алматы «Жеті Жарғы»
7) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсіндерме 2003ж,Алматы «Жеті Жарғы»
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.1997ж 16 шілде,өзгерістер мен толықтырулар 2003ж.
9) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпініс жасау қарасында. Қазақстаның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдіқ қатарына кіру стратегиясы» // Егемен Қазақстан. 2006. 2 наурыз.
10) Комментарий к Уголовно-Процессуальному Кодексу РСФСР Москва 1999г
11) Назарбаев Н.Ә. Демократиялық құндылықтар мен заңның қол-сұғылмаушылық беделі // Казахстанская правда. 2003. 11 сентября.
12) Нұрмашев Ү.Ө. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008.

Жоспар:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 .БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ..5
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..5
1.2 Бұлттартпау шараларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. ҚЫЛМЫТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕПІЛДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1. Кепілдік туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Бұлтартпау шарасы ретiнде кепiлдi қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3. ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.1 Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .19
3.2. Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Олардың ішінде кепіл институтының өзіндік ерекшеліктері бар.
Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.
Мемлекеттегі күштеу шарасы - заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан ауытқу.
Бұлтартпау шарасы - бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара.Бұлтартпау шарасы-айыпкерге-(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды.Қылмыстық процесс ғылымы саласында бұлтартпау шарасы курстық жұмысы ретінде алынуы,тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық тұрғыдан өзектілігі басым.
Менің курстық жұмысымның тақырыбым Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері.Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
:: Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері
:: Бұлттартпау шараларының түрлері
:: Кепілдік туралы түсінік
:: Бұлтартпау шарасы ретiнде кепiлдi қолдану
:: Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздерін,бұлттартпау шараларының түрлерін,кепілдік түсінігін,бұлтартпау шарасы ретiнде кепiлдi қолдануын,іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды.
Бұлтартпау шарасын қолдану заңда көздеген негіздер болғанда ғана.Жалпы негіздер бұлтартпау шарасын таңдауда барлығын бірдей әрекет етпейді. Мысалы:ешқайда кетпеу туралы кемесе кепіл.
Дәлелдіге қаулыда бұлтартпау шарасын таңдауда айыпкердің кінәлі екендігін, қарастыру қажет пе.Көптеген пікірлер айтылуда.Кінәлі екендігін танытатын дәлелдеме айыпкер ретінде танудағы қаулыда қарастыру керек.Бұған бөлек қаулы шығарылады.Бұл жағдайда айыпкер өзінің не үшін айыпталу және бұлтарпау шарасын қолданудағы негіздерді біледі.Егер барлық дәлелдеме жиналса оны қолданудың еш қателігі жоқ, бұл жағдайда айыпкер неге осындай бұлтартпау шарасы таңдалғандығын білуі керек.Заңға сәйкес бұлтартпау шарасын қолданған кезде тұлғаның науқастығы, аяғы ауырлығы, туралы мән жайларды анықтайтын дәлелдемелер болған ретте айыпкерге бұлтартпау шарасы таңдауда ерекше түрін таңдамауын қамтамасыз етеді. Қаулының көшірмесін тергеуші айыпкердің қолына береді.Бұл бұлтартпау шарасын таңдауға шағым жасауға мүмкіндік береді.

І .БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Бұлтартпау шарасы - айыпкерге (сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала терегеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға осы ҚРҚІЖК 140 бабы бұлтартпау шарараларының бірін қолданады. [6,140б]
Бұлтартпау шарасын қолдану-азаматтың жеке бас бостандығын шектеумен байланысты болып келеді бұл жерде айтылып кететіні-жеке басқа қол тиіспеушілік, тұрғын жердің таңдауы.
Бұлтартпау шарасы тек заңда негізделіп көрсетілген қатаң түрде заңда тағайындалу тікелей көрсетілген ретте және арнайы құқықтық процедурада тағайындалады.
Бұлтартпау шарасының өзіндік спецификалық жеке мақсаттары бар:
1. Айыпкердің анықталуын, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады.
2. Істі объективті зерттеуге, талдауға бөгет жасайды
3. Қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады
4. Үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін [6,142б]
Бірінші мақсатқа жетуде-тергеу әрекетін жүргізуде айыпкердің қатысуы,сот талқылауына қатысуы жасалған қылмыстық зардабынан келтірілген залалдың орнын толтыруын қамтамасыз ету. Осымен қатар тергеу әрекетінде,сот талқылауында айыпкердің қатысуы өзінің әрекеті үшін қандай да бір көрсетінді беруге міндетті еместігі қарастырылуы керек. Екінші мақсатта, айыпкерлердің куәгерлермен, жәбірленушімен, сарапшымен өзге де айыпкерлермен ымыраласуға, заттық дәлеледемелерді және құжаттарды жойып жібермеу үшін бұл мақсат, айыпкер жоғарыда көрсетілген әрекеттер үшін белгілі бір жауапкершілікті жүктемейді. Үшінші мақсат, созылмалы (жалғаспалы) қылмыстарды айыпкердің басқа да қылмыс жасалуын болдырмау үшін, алдында көрсетіліп кеткен екі мақсат бұлтарпау шарасын қолдануға байланысты емес, айыпкер тарапынан білгілі бір теріс әрекеттің болдырмауын алдын алады, ескертеді. Бұлтартпау шарасы айыпкермен тыйым салынған рұқсат етілмеген әрекеттермен шұғылданудың жолын кеседі, сонымен қатар білгілі бір әрекеттерді қамтамасыз етеді. Кейбір авторлар осындай негіздерді алға ала отырып, қамтамасыз ету шарасы деп те атаған.Төртінші мақсат, бірінші мақсатқа сәйкес келетін жақтары бар. Айыпкердің тергеу мен соттан жасыруын ескерте отырып, болашақта үкімнің орындалуын қамтамасыз етеміз. Бірақ, кейбіреулер бұл мақсатты әр-қалай түсінеді.Олардың көзқарасы бойынша: бұндай мақсатта тек сот ғана айыптау үкімін немесе аппеляциялық инстанцияда өзгеріссіз қалдыру кезінде ғана қолданылады. Сонымен қатар сот өзімен шығарылған үкім немесе үкімнің өзгеріссіз қалдырыуын жүзеге асыруын қамтамасыз етуде қажет деп есептейді. Бірақ бұл мақсат бірініші көрсетілген мақсат, яғни сотталушының жасырылмауы кезінде ғана орындалады. Орындалуы, атқарылуынан жасырынбауын алдын алу. Көрсетілген мақсатта бұлтартпау шарасын таңдап алуда дәлелді мән-жайлар, негіз бола алады. Айыпкердің анықтаудан, тергеуден, соттан және үкімнің орындалуынан, жасырынады, ақиқатқа жетуге кедергі жасайды, қылмыстық әрекетін жалғастырады деген дәлелдемелер дәлелдер болған ретте ғана бұлтартпау шарасы қолданылады.
Тағы бір ерекшелігі - шығарған тұжырымның болашақта болуы мүмкін, болжамды болуы.Үшінші ерекшелігі-дәлелдеменің пәні жеке дара, автономды болуы, яғни сол қылмыстық істегі дәлелдемелердің жалпы пәнінен бөлек болуы.Аталып кеткен ерекшеліктерден басқа салыстырмалы ерекше жағдайлар, егер айыпкер өзін жағымсыз жағынан теріс қылық көрсетсе, бұнда қажетілігін дәлелдеу керек.Бұл жағдайда дәлелдеу ретроспекті жағынан,мән-жайды, дәлелдеп бекіту қажет.Бұл ретте соттан жасырынбауы емес,үкімнің атқарылуын орындау органдарына қатысты. Сонымен, мынадай ұсынысты жасауға болады: бірінші және төртінші мақсаттарды біріңғай етіп,бір мақсатта шығаруға болады:айыпкерді анықтаудан алдын ала тергеуден,соттан және үкімнің тәжірибе жүзінде айыпкердің тергеуден,соттан жасырынады,ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді,қылымыстық іс-әрекетті жалғастырады дегенді дәлелдеу мүмкіндігі өте қиын.Айыпкердің әрекетін дәледеу көбінесе презумпцияға, яғни жорамалға жүгінеді.Бұлтарпау шарасын қолдану негізі қылмыстық істегі дәлелдемелермен бірге.Тек осындай шарттар,жағдайында ғана істі тексеруде прокурор және сот бұлтарпау шарасын таңдап алудың негізділігін және заңдылығын қадағалай алады.Айыпкердің жасырыну мүмкін екендігі, ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді дегендігі, немесе қылмыстық әрекетті жалғастырады деген тұжырымдарға дәлелдеме болса, бұлтарпау шарасын қолданудың негізді негіздері болып табылады.Бұған жедел түрде алынған деректер кірнейді, бұндай деректер қылмыстық іске қатысы жоқ және сот бағалай,тексере алмайды.Әрине,жедел іздестіру кезінде өте құнды мәліметтер алынады. Бұлтарпау шарасын қолдануға қатысты негіздерді. [11,189б]
Айыпкерге қорғану құқығын қамтамасыз ете отырып тергеуші қамауға алу бұлтартпау шарасының негізді екендігін және сотта қысқартуға немесе сотталушы ақталған жағдайдағы мәселені бірінші қарастыруы қажет.Әлсіз күдік қамауға алу заңсыз болады, тергеуші алдын ала тұлғаның қашып кететіндігін(жасырынатындығын) білсе де,қолданбауы керек сонымен қатар күдік күші арқылы айып тағылмаған адамды да қамауға алуға құқық бар.Осымен қатар айыпкердің өзіне қатысты қандай дәйектер бар,олардың күші қанша бұл туралы айыпкер біле ме.Соны алға алу керек.Егер айыпкер білсе тергеуден жасырынады.Ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді.Бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері мен мән -жайлары айыпкердің субъективті құқы ретінде қарастыруға болады. Осыған қарсы анықтау, тергеу, сот, прокуротура органдарының міндеті бұлтартпау шарасының түрін таңдағанда,оны өзгерткенде, күшін жойғанда (яғни, алып тастағанда) шешімдері дәлелді болуы керек. Бұған субъективті құқыққа айыптан қорғану құқығы келмейді.Бұл жағдайда айыпкер айыптан қорғанбайды, ол негісіз бостандығын шектеуден және жеке басқа қол сұқпаушылықтан қорғанады.Бұлтартпау шарасын қолдану үшін анықтаушы, тергеуші, прокурор, соттың деректі негізделген процесуалды құжатты болады.Бұл ресми шешімі қаулы, ұйғарымы бұлтарпау шарасының қолдануы мен атқарылуына заңды негіз болады.Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы дәлелді және шараны қолдану үшін негізділігінің бар екендігіне заң қатаң талап қояды. Дәлелді деген сөз негізділік осындай шараны қолдануға нақты тұжырым, дәлел бар екендігі. Дәлелді қаулыда ішінде: қандай нақты қылмыс жасалды,ҚРҚК қай бабы бойынша сараланды,жазылуы керек. Тәжірибеде мынандай да жағдай болады,тергеуші айыпкердің әрекетін алдын ала жоғары түрде саралайды,яғни ҚРҚК жазасы жоғары бабымен саралайды бұл арқылы айыпкерге қатысты қамауға алу таңдайды. [10,157б]
1.2 Бұлттартпау шараларының түрлері
Қандай бұлтартпау шарасын қолданғандығы туралы тергеуші басшылыққа айтып отыру қажет болған.Бірақ,бұл ережеде қандай жағдайда жеке қолға беру және қызметтік орнынан ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы дұрыс түсіндірмеген және кейінгі біздің заңнамамыз дамыған сәттерде заңда бұндай бұлтартпау шаралары көрініс таппаған.Жеке бұл дұрыс, өйткені, қызмет орны және тұрғылықты жер тәртіп бойынша бір жерде орналасқан.Егер де айыпкер өзінің кәсіпорынның, ұйымның жұмыс уақытты кезінде ешқайда шықпауы керек делінсе бұл өте қатал және түсініксіз жағдай болушы еді.Айыпкер өзінің жұмыс орнынан бәрібір өзінің үйіне қайтқанда ауысады.Сонымен қатар бұлтартпау шарасының түрі ретіндегі қамау-бұл тергеу изоляторындағы қамауға алу ма немесе үйде қамау.
Бұлтартпау шараларын таңдап алуды 2 үлкен топқа бөлінеді:
1.Азаматтардың жеке бостандығын шектеу,сонымен қоса жүріп тұру бостандығын шектеу (қамауға алу, ешқайда кетпеу туралы қолхат, командованияның әскери бақылауына беру,кәмлетке толмағанды әке-шешенің, қамқоршы,қорғаушының қарауына беру).
2.Тек психологиялық әрекет ету, шектеу:
а) мүліктік (кепіл, жеке кепіл болу)
б) мүліктік емес (қоғамдық кепілдік, кәмлетке толмағанды қарауға беру).
Бірінші топтағылар жеке бас бостандық толық түрде шектеледі.Екінші топтағыларда айыпкерді әлеуметтік құндылықтардан айырмайды және құқтары мен бостандықтарынан шектелмейді. Бұл жерде тек психологиялық қорқыныш, айыпкер үшін қандай да болсын залал әкеледі делінеді. Қорқыныш бұл айыпкер үшін нақты құндылықтан айырылып қалам ба делінеді.Мүліктік бұлтарпау шарасының түрін таңдауда айыпкер үшін материалдық стимул.Ол өзінің бағалы затымен, ақшасының кетуін қажет етпейді ол үшін кепіл төлеген адамдардың құндылығы үшін өкінеді.Айыпкерде психологиялық күйзеліс бұлтарпау шарасы таңдалған түрін бұзған кезде оған ауыр шара таңдалатыны ескертіледі. [7,166б]
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылғы 13 желтоқсанындағы №206 18 тарауы Бұлтарпау шаралары139 - 155 баптар арасы қарастырылған.Қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде сезіктіге немесе айыпкерге осы кодекстің 140 бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады.
140 бапта бұлтартпау шараларының жүйесіде көрсетілгендей:
1) Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру
2) Жеке кепілдік беру.
3) Әскери қызметшіні әскери бөлім командованиясының бақылауына беру.
4) Кәмелетке толмағанды қарауға беру.
5) Кепіл болу.
6) Үйде қамауда ұстау.
7) Қамау, болып бөлінеді.
1.Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат
Бұл КІЖК 144 бабында көзделген ретте.Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру қылмыстық процессті жүргізуші органның сезіктіден, айыпталушыдан анықтаушының,тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеуге, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеуге,белгіленген мерзімде қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша жазбаша міндеттемесін алуынан тұрады. Бұл нақты түрде сезікті,айыпталушының аты,жөні,тұрақты тұратын жері көрсетіліп, қандай бап бойынша жауапқа тартылғандығы,тергеу,сот органдарының шақыруы бойынша дәл уақытында келуге міндеттеме береді және де егер осы берілген қолхатты бұзса,КІЖК бабында көзделген қатаң бултартпау шараларын қолдануға болатындығы түсін-діріледі.Сот,тергеу органдарының тәжирибесінде ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасының түрі бұлтартпау шарасының ең бір эффективті түрі екндігін көрсетеді. [6,144б]
2. Жеке кепілдік (145 бап).
1. Сенімге ие болған адамдардың олар сезіктінің немесе айыпталушының өзін дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процесті жүргізуші органға шақыруы бойынша келетіндігіне кепілдік беретіні туралы.
Кепілдік берушілердің саны екіден кем болмауы керек.
2. Бұлтарпау шарасы ретіндегі жеке кепілдікті таңдауға тек кепілдік берушілердің жазбаша өтініші мен оған қатысты кепілдік берілетін адамның келісімі бойынша ғана жол беріледі.
3. Кепілдік беруші оған қатысты өзі кепілдік беретін адамның айыбының мәні, кепілдік берушінің оған сезікті, айыпталушы бұлтартпау үшін осы шара қолданылған әрекетті жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсіндірілгендігін растайтын жеке кепілдігі туралы қолхат береді.
4. Кепілдік беруші қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез - келген сәтінде кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
5. Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін жеке кепілдік қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайды, әрбір кепілдік беруге сот ҚІЖК 160 бабында көздеген тәртіппен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкін.Жеке кепілдік төменде қол қоюшылар деп өздерінің фамилиясы, аты - жөні, тұрақты тұратын орнын толық түрде, кім болып қызмет ететіндігін, жеке басын күмәндандыратын құжат нөмірін толық түрде жазады.Қай баббойынша айыпталушыға айып мөлшерін және кімге жеке кепілдік беретіндігін, айыпкердің қайда тұратындығын, егер тұратын орнын ауыстыратын болса, ол туралы тез арада хабарлайтындығына жеке кепілдік береді және ҚІЖК бойынша жауапкершілікте болатындығына кепілдік береді.
3.Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерді байқауы (146 бап).
1.Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілер немесе оқу жиынына шақырылған әскери міндеттемелер болып табылатын сезіктілерді, айыптаушыларды байқауы ҚР қарулы Күштері мен ішкі әскерлерінің жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиісті мінез-құлқы мен олардың қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуге тиісті шараларының қолданылуынан тұрады.
2.Әскери бөлімінің командованиесіне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы таңдалған істің мәні туралы хабарланады.Әскери бөлімінің командованиесі: байқау орнатылған туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды

4.Кәмілетке толмағанды қарауына беру. (147 бап).
1.Кәмілетке толмағанды ата-анасының, қамқоршысының, қорған-шысының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ, ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру аталған адамдардың біреуінің кәмілетке толмаған тиісті мінез-құлықы мен олардың қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтың жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады
2.Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болады.
3.Қарауына қабылдау туралы қолқат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыға, қорғаншыларға, арнаулы балалар мекемелер әкімшілігі өкілдеріне кәмілетке толмаған сезік келтірмеген немесе ол айыпталған қылмыстық сипаты туралы және қарауына алу жөніндегі өздеріне қабылдаған міндеттерін бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етіледі. [6,147б]
5.Кепіл. (148 бап)
Кепіл сезіктінің, айыптаушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозиетіне сезікті,айыпталушы анықтау,тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады.Кепіл ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін.
Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын,сезіктінің,айыпталушының жеке басын,кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгілейді.Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды.Бұл жердегі аса ауыр қылмыс дегеніміз ҚР ҚК10 бабындағы қылмыс санаттары. [6,148б]
1.Жасағаны үшін ҚК он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан
айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
2.Кепіл прокурорының санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана қабылданады.
3.Кепілдің мөлшері: шағын ауырлықтағы қылмыс жасағанда айыпталу кезінде - айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен: орта ауырлықтағы, абайсызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен: орташа аурлықтағы қасақана қылмыс жасағанына айыпталу кезінде-айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен: ауыр қылмыс жасағандығына айыпталу кезінде-айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды.Кепіл берушіге,егер оның өзі сезікті немесе айыпталушы болмаса,оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі.Кепілдің қабылданғандығы туралы сезіктіге,айыпталушыға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттері түсірілмегендігі,ал кепіл берушіге сезікті,айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтаруы жағдайында кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгіндігін атап өтілген хаттама жасалады.
Хаттамаға бұл бұлтартпау шарасы таңдап алынған лауазымды адам,сезікті, сондай-ақ басқа адам болса кепіл беруші қол қояды.
4.Соттың депозитына кепіл енгізгендігі туралы хаттама мен құжат істің материалдарына қосылады, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі тапсырылады.
5.Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етіп өзгертіледі.
6.Осы баптың 5- ші бөлігінде көрсетілген жағдайда прокурор сотқа кепілді мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ұсыныс жасайды. Сот кепіл беруші жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкін болатын тиісті шешім қабылдайды.
7.Қалған жағдайда сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді.
8.Қылмыстық істі алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепіл анықтау немесе алдын ала тергеу органдардың қаулысы бойынша кепіл берушіге қайтарылады. [6,148б]
6.Үйде қамауда ұстау (149 бап).
1.Үйде қамауда ұстау сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән жайлар ескеріле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде ҚІЖК 150 бабында көзделген тәртіппен прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша қолданылады.
7.Қамауға алу. (150 бап).
1.Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және тек заңмен екі жылдан артық мерзімге
бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасалғандығына айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады.Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қатысты:
1) оның ҚР аумағында тұрақты тұратын жері болмаса;
2) оның жеке басы анықталмаса;
3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;
4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қолдануы мүмкін.
Тергеуші, анықтаушы бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау қажет болған кезде осы бүлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарылады. [6,150б]
Қаулыда айыпталушыны (сезіктіні) күзетпен ұстау қажеттігі туындаған сенбептермен негіздер баяндалуы тиіс.Қаулымен бірге аталған бүлтартпау шарасын таңдаудың негіздігін растайтын материалдар қоса беріледі.Егер бүлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау арқылы қаулы сезіктіге, ұсталған адамға қатысты осы КІЖК 132,134 баптарына орай шығарылса,ол ұстау мерзімі аяқталғанға дейінгі алты сағаттан кешіктірілмей прокурорға ұсынылуы тиіс. [6,132-34б]
3.Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қауы материалдары прокурорға түскен кезден бастап, алты сағаттың ішінде прокурордың кідірісіз қарауына жатады.
4.Қамауға алуға санкция беру құқығы ҚР бас прокурорына,олардың орынбасарларына,облыстардың прокурорларына,олардың орынбасарлары-на, аудандық және қалалық прокурорға, сондай- ақ облыстардың, аудандық немесе қалалық прокурордың құқығына әрекет әскери,көліктік және басқа да прокурорларға және облыстар прокурорына әрекет ететін прокурордың орынбасарларна беріледі.
5.Прокурор заңмен берілген негіздер болған кезде және осы КІЖК 139 бабында көзделген зардаптарды болдырмау мүкіндігі болмаған жағдайда басқа неғұрлым жұмсақ бұлтартпау шарасын тандау жолымен айып-талушыны (сезіктіні) қамауға алуға санкция береді.Прокурор қамауға алуға санкция туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау үшін негізі бар барлық материалдармен мұқият танысуға және айыпталушыдан жеке жауап алуға міндетті.Жауап алу кезінде тергеуші,анықтаушы, қорғаушы,егер ол іске қатысатын болса, кәмілетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері қатыса алады және қаралатын мәселе бойынша өзіннің пікір айта алады. [8,199б]
6.Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы мен қамауға алу үшін негіздері бар материалдарды қарап және айыпталушыдан жауап алып, прокурор айыпталушыға (сезіктіге) бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алуды қолдану туралы санкция береді немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) қолданады және жедел атқаруға жатады.
7.Прокурорың қамауға алуға санкция беруден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым берілуі мүмкін.Прокурор осы бұлтартпау шарасын қолдануға санция беруден бас тартқаннан кейін, сондай- ақ КІЖК 110-бабында көзделген тәртіппен судья бұл бұлтартпау шарасын бұзғаннан кейін нақ сол адамды, нақ сол іс бойынша қамауға алу жөніндегі санкция беруді сұрап, прокурорға қайталап өтініш жасау сол адамды қамауға алу қажеттігін көздейтін жаңа мән-жайлар пайда болған кезде ғана мүмкін болады.
8.Егер сезіктігі, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселе сотта туындаса ол туралы шешімді тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот қабылдап,ол туралы қаулы шығарылады.
9.Еегер сезіктіге,айыпталушыға қамауға ұстау түріндей бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандыруға жеткілікті негіздер болмаса, прокурор мен сот неғұрлым жеңілірек бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы. [9,38б]

2.ҚЫЛМЫТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕПІЛ
2.1. Кепілдік туралы түсінік
Кепіл, кепілзат - 1) азаматтық құқықта: міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі; несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу құқығы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. кепілді иеленуші тұлға кепіл ұстаушы, кепіл нысанын ұсынушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлтартпау шараларының қылмыстық іс жүргізудегі маңызы
Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары
Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттартпау шаралары
ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ
Қамауға алу – бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде
Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері
Өртке байланысты қылмысты тергеу әрекеттері
Қылмыстық істі жүргізу
Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
Пәндер