Қылмыстық процесс жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТІ, ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1. Қылмыстық құқық принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2.Қылмыстық процеске қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ...17
3.1.Қылмыстық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... .17
3.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
"Принцип" ұғымы түсініктемесінің үш жай-жапсары бар: философиялык; затты-қолданбалы; теориялык-кұкыктық. "Принцип" ұғымының философиялык жай-жапсары мьнада: жалпы таным негізіне немесе әлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылыкты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
Принцип ұғымының затты-қолданбалы жай-жапсары — осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Принциптің теориялық-кұқықтық маңызы — тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Қылмыстық процеске қатысушылар деп, бір сөзбен айтқанда қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар. Қылмыстық процеске қатысушыларды қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай мынадай түрлерге ажыратсақ болады:

1) қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы;
2) тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;
3) айыптау функциясы – айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
4) прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы – прокурор;
5) қорғау функциясы - сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
6) қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық істі алдын ала тергеу сатысында қысқарту);
7) азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;
8) азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер;
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1997ж. 30 тамыз.
2. “Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары туралы” ҚР 21 желтоқсандағы №2709 Заңы. 2002 жыл. 9 тамызындағы №346-11, 2003ж. 10 шілдедегі №483-2 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы; Жеті жарғы, 2003
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық; 3-ші басылым. Алматы; Жетіжарғы, 2001
5. Алауханов Е.О. ҚР – да алдын – ала тергеу барысында толтырылған қылмыстық іс жүргізу құжаттары үлгілерінің жиынтығы. Өскемен; ШҚМУ Баспасы, 2000
6. Қазақстан Республикасының қабылданған Қылмыстық кодексі. –Алматы: Баспа, 2009.
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы. 2004ж.
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. 2001ж.
9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001 Aғыбаев А.Н. /
10. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
11. М.Үзімұлы. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, сөздік; 2000
12. Наумов А.В. // Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
13. Уголовная ответственность. Москва - 1995 г. Наумов А.В. //

Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТІ, ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1. Қылмыстық құқық принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Қылмыстық процеске қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ...17
3.1. Қылмыстық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... .17
3.2. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.3. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе
"Принцип" ұғымы түсініктемесінің үш жай-жапсары бар: философиялык; затты-қолданбалы; теориялык-кұкыктық. "Принцип" ұғымының философиялык жай-жапсары мьнада: жалпы таным негізіне немесе әлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылыкты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
Принцип ұғымының затты-қолданбалы жай-жапсары -- осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Принциптің теориялық-кұқықтық маңызы -- тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Қылмыстық процеске қатысушылар деп, бір сөзбен айтқанда қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар. Қылмыстық процеске қатысушыларды қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай мынадай түрлерге ажыратсақ болады:

1) қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы;
2) тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;
3) айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
4) прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы - прокурор;
5) қорғау функциясы - сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
6) қылмыстық істі сотта қарау және шешу - судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық істі алдын ала тергеу сатысында қысқарту);
7) азаматтық талапты қолдау - азаматтық талапкер;
8) азаматтық талаптан қорғау - айыпталушы, азаматтық жауапкер;
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.
Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат - сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат - түрлі қатысушылардың өзара іс - қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а)функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;
ә)функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;
б)қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;
в)құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);
г)құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады.
Сонымен, "принцип" ұғымы түсініктемесінін барлык жай-жапсарларының ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:
oo "принцип" үғымы тек негіз қалаушыларга жатқызылуы мүмкін категорияларға ғана қолданылады;
oo "принцип" үғымы жалпы негізгі ережелердін объективті ақиқатынан дерексіздендірілуі мүмкін;
oo "принцип" ұғымы кұбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті теориялық талдаумен байланысты.
Осы айтылғандарға байланысты Ф. Энгельстің мына бір пікірі денқоярлық: "... Принциптер табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмайды, солардан дерексіздендіріледі; табиғат пен адамзат принциптерге лайықталмайды, керісінше, принциптер табиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана дүрыс болады".
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТІ, ЖҮЙЕСІ

1.1. Қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сай мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық құқық, құқықтық сала негізгілерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмысы үшін, қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, оған тең қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттарын анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Басқа да құқықтар сияқты, ол белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. Біріншіден -- бұл мемлекет атынан болатын сот және құқық қорғау органымен және қоғамға аса қауіпті қол сұғушылық жасаған азаматтардың арасындағы қоғамдық қарым-қатынастар.
Қылмыстық құқық қоғамды реттеумен қатар адамды, қоғам мен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтер қылмыс жасауды, қылмыстық-құқықтық тыйым салуды заңда жариялаумен қатар, реттеу қызметін жүзеге асыру арқылы қылмысы үшін кінәлі адамдарға жазаны қолдануымен іске асырылады. Жалпы және арнайы ескерту сияқты (ҚК-тің 38-бабы 2-бөлігі) заңда белгіленген жазаның мақсаттарына жете отырып қылмыстық-құқық, сонымен қатар қоғамдық қатынасқа аса ауыр зиян келтіретін басқа да қылмыстарды болдырмауды немесе алдын алу қызметтерін атқарады. Басқаша сөзбен айтқанда қылмыстық құқықтың реттеуші және қорғау қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. [10,38]
Қылмыстық-құқықтық реттеу және қоғамдық қатынасты қорғау, -- күштеуден, яғни қылмыстық заңда көрсетілген әсер ету шараларын, қылмысы үшін кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тартудан тұратын негізгі әдісі болып табылады. Сонымен қатар қылмыстық құқық, қылмыстық заңмен қайшылыққа түсіп қалған адамның, сол қайшылықтан шығып кете алатын мәселелерді шеше алатын марапаттау әдісін де қолдана алады. Мемлекет кінәлі адамды үлгілі тәртібін ескеруге міндеттелуді, жауаптылық пен жазадан толық немесе ішінара босатуды, немесе жеңілдетуді (қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздерін көрсететін нормалар, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар) іске асыра алады.
Қылмыстық құқықтың мазмұны мен өзіне тән сипаттарына қарай алдына қойылған мақсаттарымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 2-бабының 1-бөлігінде осы кодекстің міндеттері айқындалған. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігінен қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. [10, 2]
Сонымен қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері -- жоғарыда айтылғандай әлеуметтік бағалы мүдделерді қорғау және қылмыстың алдын алу, болдырмауды (профилактика) көздейді. Қылмыстың алдын алу заңда негізгі мақсаттардың бірі ретінде сақтандыру функцияларымен тығыз байланысты болады. Осы екі міндеттердің мазмұны, қоғамдық қатынастарды қорғау, басқа да жаңа қылмыстарды болдырмау, қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдануды сипаттайды.
Заң әдебиеттерінде, қылмыстық-құқықтық тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Мұнымен біздің келісуіміз керек сияқты. Себебі, азаматтардың заңға бағынышты болуы, моральдік қарым-қатынас тәртіптерін реттеуі, барлық құқықтық салалардың алдында тұрған міндет. Сондықтан қылмыстық құқық азаматтық, әкімшілік тағы басқа құқықтық салада, яғни тұрғындарға тәрбиелік мәні бар әсер ету шараларын қолдануы қажет. Қылмыстық кодекстің осы аталған міндеттері тікелей көрсетілмеген. Алайда ҚК-тің 38-бабы 2-бөлігін талдай отырып, яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыруда тәрбиелік шаралардың бар екендігін нақты аңғаруға болады. Бұл мақсаттарға жетуде әрине нәтижесі бар тәрбиелік әсер етудің ықпал етуі себептерімен байланысты екендігін көреміз. [10,38]
Қылмыстық құқықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімді құрайтын иерархиялық құрылысымен сипатталады.
Жалпы бөлім -- Қазақстан Республикасы қылмыстық заң атқарушылығы нормаларын құрайтын, олардың міндеттері мен қағидаларын анықтайтын, яғни қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың түсінігі, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысудың ұғымы және нысандары, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың және тағы басқа мәселелерді зерттейді.
Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы бөлім институты қылмыстық құқық нормаларын қолдану ережелерін қолдануды бекітетін, қылмыстық құқық жүйесінің фундаменті болып табылады. Оларды білмей Ерекше бөлімнің бірде-бір бабын қолдану мүмкін емес. Мысалы, кінәнің не екендігін түсінбей, оның нысандарын, жазаның түрлерін, оларды тағайындау негіздерін білмей, қылмысты дәрежелеуді немесе оған жаза тағайындауды қолданудың мүмкін еместігін дәлелдеуге болады. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады.
Қылмыстық құқық жеке салалардың бірі ретінде ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты және бөлектеу белгілерін қамтымайды. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.
Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Мысалы, қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнымен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр. Қылмыстық іс-жүргізу құқығы -- қылмыстық құқықты іске асырудың нысаны болып табылады. [4,122]
Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен өзара тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру нормалары болып табылады.
1.2.Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көздері

Қылмыстық құқықтың жалғыз формальді қайнар көзі болып Қылмыстық кодекс табылады. Бұл қорытынды ҚК-тің 1-бабы 1-бөлігінің мазмұнымен сипатталады:
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс.
Материалды көздері болып осы баптың екінші бөлігінде айтылғандай, Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы бірқатар нормаларды қамтиды (өлім жазасын қолдану тәртібі, қажетті қорғанудың шарттары, заңның кері күші, қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермеу және т.б.). Егер Конституцияны мемлекеттің құқықтық, саяси негізін құрайды деп айтсақ, ал қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық саясаттың қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң атқару және құқық қорғау органдарының жаза жүйесін немесе нақты бір қылмыс құрамдарына санкция қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.
Біріншіден осы айтылғандар, Конституцияның жалпы ережелерінің 1-бабына қатыстылығы бар. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы болып -- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады. Қылмыстық құқықта барлық жүйелер біріншіден осы ережелерге сай іске асырылуы қажет. [10,1]
Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы Конституцияның 12-бабында орын алған. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Қылмыстық құқықтың нормалары репрессивтік сипатта адамның құқықтары мен бостандықтарының тезистерімен, бір көзқараспен қарағанда әлсіз уағыздалады. Алайда, Конституцияның 12-бабы, 5-бөлігі, қылмыстық құқықтың да мемлекет атынан тыйым салу белгілерін бекіткен, яғни Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Конституция, мемлекет пен қоғамның дұрыс қызмет атқарып өмір сүруі үшін ең маңызды керек міндетті атқарады, яғни адамның өмір сүруге, өміріне қол сұғынуына, бостандығына құқығы бар болуын, меншікті қорғау кепілдігі, заңды салықтарды төлеуде міндетті болуы т.б. бір жағдайда Республика Президентінің импичменті негіздерін белгілеуде Конституция нақты қылмыс құрамын анықтайды: Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді делінген. [12,12]
Осыларға байланысты, Конституцияда айтылған қоғамдық қатынастарды қорғаудағы қылмыстық-құқықтық иерархияны сақтау, қылмыстық заң шығаруда және құқық қолдану тәжірибесінде мәртебелі орын алуы керек.
Конституцияны қылмыстық құқықтың қайнар көзі ретінде анықтауды басқа заңдар, соның ішінде сот немесе ҚК-те әсіресе баға беруге мәжбүр етеді. Мынадай қорытындыны 4-баптың екінші бөлігіне сүйеніп, Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деп айтуға болады. Сонымен қатар Конституцияның 78-бабына сәйкес, Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
Қылмыстық құқықтың келесі материалды қайнар көзі болып, жалпы жұрт таныған халықаралық құқықтың нормалары болып табылады. Халықаралық келісімдер қылмыстық-құқықтық сипаттағы шарттар, Қазақстан территориясында қолданылмайды, біріншіден, халықаралық келісімдер (конвенциялар) қылмыспен күресуде олардың, яғни қылмыс белгілерін ашып көрсетпестен мемлекет олармен күресуде ынтасын ғана білдіреді; екіншіден, қылмыстың белгілерін анықтағанымен де, келісімдер ережеде көрсетілгендей қылмыстың санкциясын белгілемейді (мысалы, 1970 жылы әуе кеңістігі көлігін заңсыз қолға түсірумен күресу Конвенциясы Әрбір мемлекет келісімге сәйке осындай қылмыстар үшін ең қатал жазаның түрін қолдануды міндетке алады деп белгіледі); үшіншіден, халықаралық келісім жазаның түрін белгілегенмен де, олардың жазасының мөлшері мен мерзімі анықталмағандықтан қолдануға болмайды.
Сонымен, қылмыстық-құқылық норманы құрайтын халықаралық келісімдер (конвенция шешімдері), тәжірибеде тек қана Қылмыстық кодекстің ережелеріне енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Мемлекет, конвенцияның ережелеріне қосыла отырып, өзінің ұлттық заң атқарушылығына сәйкес өзгертулер енгізе алады. Кейбір қылмыстық-құқықтық нормалар, халықаралық құқықтың нормаларына тікелей сілтеме жасайды, мысалы, ҚК-тің 6-бабы 3 және 4-бөлігі, 7-баптың 2, 3 және 4-бөлігі, 158-ші және 159 баптар және т.б. Сондықтан халықаралық құқықтың нормалары, Қазақстанның қылмыстық құқында формальді емес, керісінше материалды қайнар көзі болып табылады. [10,2-4]
Қылмыстық құқықтың қайнар көздерінің бірі ретінде, жеке талдауды талап ететін мәселенің бірі соттық прецедент (үлгі іс) болып табылады. Ұзақ уақыт аралығында қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық құқықтың қайнар көздерінің қатарына соттық прецедентті қолданбау тезистері орын алған, бірақ нақты өмірде, тергеу немесе сот тәжірибесінде оларды қолдану, қылмысты дәрежелеуге және төменгі тұрғыдағы соттың -- жоғарғы сот инстанциялары тәжірибесін пайдалануы құқықты қалыптастырудың бір тәсілі екендігін дәлелдей алады. Соттық прецедентті арнайы түрде қабылдаудың алғашқы қадамы Конституцияның 4-бабы 1-бөлігінде орын алды, яғни Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелердің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Соттық прецедентті, қылмыстық құқықтың материалды көзі болып табылатындығын мақұлдауға болады, себебі, Жоғары Соттың нормативтік қаулылары қылмыстық заңда талқылануы ерекше, арнаулы орын алады.
Қылмыстық құқықтың маңызды қағидаларының бірі болып, қылмысы үшін кінәлі жауаптылығы -- қағидасы табылады. Осы қағидамен сәйкес ҚК-тің 19-бабы, адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. ҚК-тің 23-бабында жазықсыз зиян келтірудің түсінігі берілген. Қылмыстың зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз жағдайда істелсе, ол қылмыс болып табылмайды делінген.

2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1.Қылмыстық құқық принциптері
Жаңа қылмыстық заңнамада өзінің қолданысын тауып, құқықты қолдану практикасында жүзеге асуға тиіс Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының принииптері.
Ең бірінші кезекте, бұл -- заңдылық принципі.
Қылмыстық құқықтың келесі принципі азаматтардың заң мен соттың алдындағы теңдік принципі болып табылады.
Қылмыстық, құқықтың барынша маңызды принципі кінәлі жауапкершілік принципі болып табылады.
Кінәлі жауапкершілік принципінен жеке жауапкершілік принципі тікелей пайда болады.
Қылмыстық құқықтың негіз салушы принциптерінің бірі сапасында әділеттілік припципі бөлініп шығады.
Конституциядан қылмыстық құқық. принциптерінің тағы біреуі тікелей бөлініп шығады. Бұл -- гуманизм принципі.
Гуманизм принципіне барынша тығыз жанасқанымен, бірақ онымен толық қамтылмайтыны қылмыстық жазалауды үнемдеу принципі.
Қылмыстық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы туралы қылмыстық құқық принципі жеке назар салуға тұрарлық. [12,126]
Гуманизм принципі (Ізгілік)
Ізгілік (латынша Нumanitas -- адам табиғаты) -- адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды. Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.
Ізгілік -- әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым -- зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады -- жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке және жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден не сол сәттегі көкейкесті қажеттіліктерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну -- мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға, оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама- қарсы болғандықтан ғана емес, адамның басқа алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасьін сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді. [4,145]

2.2.Қылмыстық процеске қатысушылар
Қылмыстық процесс -- күрделі процесс, оған әр түрлі адамдар қатысады. Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.
1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға сот және мемлекеттік органдар мен қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жатады (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).
3. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.
Бірінші топ -- дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады; Екінші топ -- іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушылар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т.б. Үшінші шағын топ -- сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәселелерін шешуі қатысатындар. Бұл топты: үкімдер мен қаулыларды нақтылы орындауды жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының науқастануы, мүгедектігі немесе ауруханаға орналастыру бойынша комиссияның өкілдері және т.б. құрайды. [12,178]
Анықтау және алдын aлa тергеу -- бұл анықтау органдары мен өкілетті органдардың сотқа дейінгі әрекеттері. Бұл әрекеттің негізі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚІЖК) белгіленген. Мұнда шектерде қылмыс жасаған адалдарды қылмыстық жауапкершілікке тартужәне істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерінің іс жүргізуі анықталған. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеті толықтай заңмен реттеледі.
Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В.П.Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді. Барынша көп қолдау тапқан екінші көзқарас процеске қатысушылар деп, тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген. Үшініші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде "процеске қатысушылар" категориясының заңдылығын жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты жақтаушы С.А.Альперт процеске қатысушылардың бәріне түрлі құқықтар мен міндеттер берілген, сондықтан да оларды "процеске қатысушылар" деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестiң қағидалары
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ. ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЗАҢДЫ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАУЫ
Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару институтының қалыптасуы және өркендеуі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ
Қазақстан Республикасының құқығындағы прокурор функциясының негізгі бағыттары
Пәндер