Сот



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. СОТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ...,,,, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Сот түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Сот билігі мен оның жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. СОТ ТЕРГЕУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1. Сот сараптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2.Сот тергеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3. СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.1.Сот үкімі туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2.Сот үкімдердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.3.Сот үкімін жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Сот шешімі – бірінші инстанция сотының азаматтық іс бойынша шығаратын актісі. Сот шешімі кіріспе, сипаттама, негіздеме және шешуші бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде соттың толық атауы, шешім шығару уақыты мен орны, даудың мазмұны, іске қатысушы тұлғалар көрсетіледі. Сипаттама бөлімінде талапкердің талабы, жауапкердің қарсылығы және басқа қатысушылардың түсініктемелері жазылады. Негіздеме бөлімінде соттың істі қалай шешу керек екендігі туралы тұжырымы айтылады. Осы бөлімде тұжырымға негіз болған мән-жайлар, дәлелдемелерді қабылдамаудың дәйектері көрсетіледі, яғни іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді бағалайды, сондай-ақ талаптың негізділігі жөніндегі соттың тұжырымы және сот сүйенген құқықтық нормалар көрсетіледі. Ал шешуші бөлімде талапты қанағаттандыру не одан бас тарту және сот шығындарын өтеу жөніндегі соттың қаулысы көрініс табады. Осы бөлімде шешімді шағымдау мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Сот шешімі заңды (яғни іс бойынша қолданылуы тиіс материалдық және процессуалдық құқық нормаларына сәйкес) және негізді (сот талқысында анықталған мән-жайларға орай) болуға тиіс.
Қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) мемлекеттiк органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.
Қылмыстық iс қозғауға қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкiн. Жазбаша арызға оны берiп отырған адам қол қоюға тиiс.
Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиiсiнше тергеу iс-әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттама арыз берушi, оның тұратын жерi немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс. Хаттамаға арыз берушi және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
1. ҚР-ның Конституциясы 1997 жылғы 30 тамызда
2. Ахпанов А.Н., Сарсенбаев Т.Е. Примерные образцы процессуальных актов предварительного расследования. Учебное пособие. Астана, 2000.
3. Егемен Қазақстан. 1995. 29 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпініс жасау қарасында. Қазақстаның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдіқ қатарына кіру стратегиясы» // Егемен Қазақстан. 2006. 2 наурыз.
5. ҚР "Прокуратура туралы" заңы 1995ж. 21 желтоқсандағы //
6. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.Алматы
7. ҚР кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы2002ж.9тамыздағы // Егемен Қазақстан. 2002. 16 тамыз.
8. Назарбаев Н.Ә. Демократиялық құндылықтар мен заңның қол-сұғылмаушылық беделі // Казахстанская правда. 2003. 11 сентября.
9. Нұрмашев Ү.Ө. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008.
10. Практикум по уголовному процессу. Учебное пособие под ред. Ковалева М.А., Куцова Э.Ф. М., 1995г.
11. Сарсенбаев Т.Е., Хан А.Л. Уголовный процесс: досудебное производство. Астана, 1999.
12. Сот сараптамасы туралы Заң 1997 ж.
13. Сулейменова Г.Ж. Уголовный процесс РК. Схемы и определения. Общая часть. – Алматы, 1999.
14. Толеубекова Б.Х., Капсалямов К.Ж. и др. Учебник уголовно-процессуальное право РК. Часть особенная-1, 2. Алматы, 2000г.

Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. СОТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ...,,,, ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Сот түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Сот билігі мен оның жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. СОТ ТЕРГЕУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1. Сот сараптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
2.2.Сот тергеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3. СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.1.Сот үкімі туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.2.Сот үкімдердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.3.Сот үкімін жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ
Сот шешімі - бірінші инстанция сотының азаматтық іс бойынша шығаратын актісі. Сот шешімі кіріспе, сипаттама, негіздеме және шешуші бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде соттың толық атауы, шешім шығару уақыты мен орны, даудың мазмұны, іске қатысушы тұлғалар көрсетіледі. Сипаттама бөлімінде талапкердің талабы, жауапкердің қарсылығы және басқа қатысушылардың түсініктемелері жазылады. Негіздеме бөлімінде соттың істі қалай шешу керек екендігі туралы тұжырымы айтылады. Осы бөлімде тұжырымға негіз болған мән-жайлар, дәлелдемелерді қабылдамаудың дәйектері көрсетіледі, яғни іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді бағалайды, сондай-ақ талаптың негізділігі жөніндегі соттың тұжырымы және сот сүйенген құқықтық нормалар көрсетіледі. Ал шешуші бөлімде талапты қанағаттандыру не одан бас тарту және сот шығындарын өтеу жөніндегі соттың қаулысы көрініс табады. Осы бөлімде шешімді шағымдау мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Сот шешімі заңды (яғни іс бойынша қолданылуы тиіс материалдық және процессуалдық құқық нормаларына сәйкес) және негізді (сот талқысында анықталған мән-жайларға орай) болуға тиіс.
Қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) мемлекеттiк органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.
Қылмыстық iс қозғауға қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкiн. Жазбаша арызға оны берiп отырған адам қол қоюға тиiс.
Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиiсiнше тергеу iс-әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттама арыз берушi, оның тұратын жерi немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс. Хаттамаға арыз берушi және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Арыз берушiге әдейi жалған сөз жеткiзгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi, бұл туралы хаттамада белгi қойылып, ол арыз берушiнiң қол қоюымен куәландырылады.
"Домалақ арыздар" тек олар алдын-ала тексерiлгеннен кейiн, егер оларда осы Кодекстiң 177-бабының екiншi бөлiгiнде аталған жеткiлiктi деректер болғанда ғана қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.
Кiнәсiн мойындап келу - адамның оған қатысты әлi күмән келтiрiлмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзi жасаған қылмысы туралы ерiктi мәлiмдеуi.
Қылмыстық iзге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тiркеуге және қарауға мiндеттi. Арыз берушiге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тiркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешiм қабылдануға тиiстi уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тiркелгенi туралы құжат берiледi.
Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негiзсiз бас тартуға прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады.
Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айып тағу iсiн қозғау жағдайларын қоспағанда, прокурорға жiберiледi, бұл туралы арыз берушiге хабарланады.
Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстi талқылау кезiнде қылмыс белгiлерiн байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға мiндеттi.
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Қажет болған жағдайда қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жердi қарау, сараптама жүргiзу үшiн бұл мерзiмдi анықтау органының бастығы, тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - екi айға дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға хабарлануға тиiс.
Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге жiберiледi. Бұл ретте арыз берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.
Қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген лауазымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша тек мынадай: қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қылмыс жасалған жерде тексеру iс-әрекетiн жасау қажет болған; қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн ол тергеуiне жатқызылған орган ғана жүргiзе алатын тексеру iс-әрекеттерiн жасау қажет болған жағдайларда ғана беруге құқылы.
Арыздың немесе хабардың қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша берiлгенi туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурор хабардар етiлуге тиiс.
Қылмыстық iс қозғамай сотталуы бойынша беруге жәбiрленушiлердiң жеке айыптау тәртiбiмен iзге түсетiн қылмыстары туралы шағымдары ғана жатады.
Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу ретi немесе соттылығы бойынша беру кезiнде оқиға болған орынды, сол жердi немесе үй-жайды қарау кезiнде табылған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар ұсынған заттар мен құжаттар осы Кодекстiң 223-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен берiледi.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн:
1) прокурор iстi алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуi үшiн тергеушiге немесе анықтау органына жiбередi;
2) тергеушi алдын-ала тергеу жүргiзуге кiрiседi;
3) алдын-ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн iстi алдын-ала тергеу iсiн жүргiзуге жiбередi; осы Кодекстiң 285-бабында аталған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi.

СОТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1.Сот туралы түсінік
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Сот - сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемл. механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы). 18 - 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демокр. қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған. [1, 65]
Сот қаулысы - сот кесімдерінің түрі. Қылмыстық іс жүргізуде сот үкімдерін, заңи күшіне енген ұйғарымдар мен қаулыларды қайта қарау кезінде соттардың төралқалары қабылдаған шешім; сотқазы жеке қабылдаған кез келген шешім (үкімнен басқа). Азаматтық іс жүргізуде сот төралқасының қадағалаушылық іс жүргізу тәртібімен шығарылған кесімдері сот қаулысы деп аталады. Сот ісін жүргізуде сот қаулысын апелляциондық инстанцияда, қадағалау инстанциясында істі қайта қарау нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі сот төралқасы қабылдайды. Заңи күшіне енген сот кесімдерін қайта қарау кезінде үкімнің, шешімнің күшін жою, оны өзгерту немесе өзгеріссіз қалдыру туралы сот қаулысы шығарылады. Сот алқасының қаулысы дауыс беруге қатысушы алқа мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және оған сот төрағасы қол қояды. ҚР жоғарғы сотының пленумы қабылдайтын сот қаулысы сот кесімдерінің ішінде ерекше орын алады. Мұндай сот қаулысысын тиісінше барлық деңгейдегі соттар орындауға міндетті. ҚР Конституциясының кеңесінің қорытынды шешімі ҚР заңдары мен құқықтық-нормативтік актілерінің, мемлекеттік билік органдары арасындағы шарттардың ҚР Конституциясына сай келуі, азаматтардың конституциясының құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны жөніндегі шағымдар бойынша соттардың сұрау салулары бойынша қаралып отырған нақты істе қолданылған немесе қолданылуға тиіс заңның конституциялығы туралы мәселелердің мәні бойынша шығарылады. Кейде заңнамада және заңи әдебиетте "Сот қаулысылары" деген ұғым "сот кесімдері" деген ұғымның баламасы ретінде қолданылады. [3, 345]
Сот құрамы - заң бойынша нақты бір соттық істі қарауға өкілетті судьялар саны. Сот құрамы сот өндірісінің және сот инстанциясының түріне қарай әр түрлі болады. Бірінші инстанция сотында негізінен істі жалғыз судья қарайды. Қылмыстық сот өндірісінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін іс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қаралатын іс 3 судья құрамында қаралады. Мұндай сот талқысында 3 судьяның бірі төрағалық етеді. Ал апелляциондық инстанцияда істі судья жеке-дара қарайды. Азаматтық және қылмыстық процестер бойынша кассац. және қадағалау инстанциясындағы істер 3 судья құрамында қаралады.
Сот құрылысы
1) сот жүйесінің ұйымдастырылуы және оның әрбір сатысының ішкі құрылысы;
2) сот билігі және оның ұйымдастырылуы мен ішкі құрылысы туралы ғылым.

1.2.Сот билігі мен оның жүйесі
Сот билігі - мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі - жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы "Қазақ елінің уставы" атты еңбегінде: "Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі" деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.
Сот жүйесі - түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады. [7, 311]
Coт тергеуі - сот тергеуі отырысы залында айып таушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша -- арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады. Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотка айыптаудың жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті. [9,115]

2. СОТ ҮКІМІ
2.1. Сот сараптамасы
240-бап. Сараптаманы тағайындау
Сараптама сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеу нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайда тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргiзушi адамды тиiстi жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттiлiгiнен босатпайды.
241-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау
Егер iс бойынша:
1) өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;
2) iс үшiн маңызды болып, бiрақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;
3) ақыл-есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда сезiктiнiң, айыпталушының психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жай-күйiн;
Іс үшiн маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда жәбiрленушiнiң, куәнiң психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;
Істiң өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады. [12, 240-241]
242-бап. Сараптама тағайындау тәртiбi
Сараптама тағайындау қажет деп таныған тергеушi бұл туралы қаулы шығарады, онда сараптама тағайындаудың негiздерi; сараптамаға жiберiлген объектiлер, олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны; сарапшының қарауына ұсынылған өзге материалдар; iсте қамтылған, сарапшының қорытындысы негiзделуi мүмкiн мәлiметтер; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама тапсырылған адамның тегi көрсетiлуге тиiс. Тергеушiнiң сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жiберiлген және өз құзыретiне жататын органдардың немесе адамдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Қылмыстық iстi қозғау туралы шешiмдi сараптама жүргiзбейiнше қабылдау мүмкiн болмайтын жағдайда ол қылмыстық iс қозғалғанға дейiн тағайындалуы мүмкiн.
Iсте тексерiс, тексеру актiлерiнiң, ведомстволық инспекция қорытындыларының, сондай-ақ мамандар iс жүргiзу әрекеттерi барысында жүргiзген зерттеулердiң нәтижелерi бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы дәл сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Сараптама iс жүргiзуге қатысатын, өздерiнiң немесе берiлетiн құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Өзiнiң немесе берiлетiн құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын iс жүргiзуге қатысушы тергеушiге өз пiкiрiнше сарапшының қорытындысы берiлуге тиiс мәселелердi жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектiлерiн көрсетедi, сондай-ақ сарапшы ретiнде шақыруға болатын адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте шешуге ұсынылған мәселелер қылмыстық iске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайлардан басқасында тергеушiнiң сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Бастамашылығы бойынша сараптама тағайындалып отырған iс жүргiзуге қатысушы сараптамалық зерттеу объектiсi ретiнде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Тергеушi дәлелдi қаулысы арқылы оларды мұндай объектiлердiң қатарына жатқызбауға құқылы.
Ұсынылған мәселелердi қарағаннан кейiн тергеушi олардың қылмыстық iске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тарту үшiн негiздердiң бар-жоғын анықтайды, мұнан соң осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
Сараптама жүргiзуге байланысты шығындарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегiне ақы төлеу осы Кодекстiң 21-тарауының ережелерi бойынша жүргiзiледi.
Сараптама тағайындаған тергеушi сезiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi, егер аталған адамдардың сараптама жүргiзу кезiнде қатысуы мiндеттi деп танылса, оларды сарапшыға жеткiзудi қамтамасыз етедi.
243-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар
Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
Сараптама жүргiзу iс жүргiзуге қатысушылар ұсынған адамдардың бiрiне тапсырылуы мүмкiн.
Сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы тергеушiнiң талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
244-бап. Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң сараптама тағайындау және жүргiзу кезiндегi құқықтары
Сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде жәбiрленушiнiң, сезiктiнiң, айыпталушының:
1) сараптама жүргiзiлгенге дейiн оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өзiне тиесiлi құқықтарына түсiндiрме алуына, бұл туралы хаттама жасалады;
2) сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы органын шеттету туралы өтiнiш жасауға;
3) сарапшылар ретiнде өздерi атаған адамдарды немесе белгiлi бiр сот сараптамасы органының қызметкерлерiн тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасауға;
4) сарапшының алдында қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш жасауға;
5) сараптама жүргiзуге кедергi келтiретiн жағдайларды қоспағанда, тергеушiнiң рұқсатымен сараптама жүргiзу кезiнде қатысуға, сарапшыға түсiнiктемелер беруге құқығы бар. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама жүргiзу кезiнде қатысу туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда жәбірленуші, күдікті, айыпталушы сараптама жүргізілу орны мен уақыты туралы хабардар етiледi. Бұл жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органның қатысуы мiндеттi. Хабарландырылған адамның келмей қалуы сараптама жүргiзуге кедергi келтiрмейдi;
6) сарапшының қорытындысымен не оның қорытындысы тергеушiге түскеннен кейiн беруге болмайтыны туралы хабармен танысуға, өз ескертпелерiн ұсынуға, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, сондай-ақ жаңа сараптамалар жүргiзу туралы өтiнiштер жасауға құқығы бар.
Аталған құқықтарға, сонымен қатар сараптама жасалатын куә да және психикалық жағдайы мүмкiндiк берсе, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адам да ие.
Егер сараптама адамды сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн жүргiзiлсе, тергеушi оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның осы баптың бiрiншi бөлiгiнде, көрсетiлген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге мiндеттi. [12, 244]
Жәбiрленушiлер мен куәларды сараптамадан өткiзу тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды.
Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар жасаған өтiнiштер қанағаттандырылған жағдайда тергеушi сараптама тағайындау туралы өз қаулысын тиiсiнше өзгертедi немесе толықтырады. Өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ол өтiнiш берген адамға одан қолхат алып жарияланатын қаулы шығарады.
245-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргiзуi
Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде тергеушi сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажеттi материалдарды оның басшысына жiбередi. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетiлген қызметкерi жүргiзедi. Егер қаулыда нақты бiр сарапшы көрсетiлмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды.
Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргiзудi ұйымдастырады, оны жүргiзу мерзiмдерiн белгiлейдi, сараптамалық зерттеудiң сапалы жүргiзiлуiне және сараптама объектiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге бақылау жасайды.
Зерттеудiң нәтижесiн және қорытындының мазмұнын алдын-ала белгiлейтiн нұсқаулар беруге сот сараптамасы органы басшысының құқығы жоқ. [12, 245]
246-бап. Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргiзу
Егер сараптама жүргiзудi сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылып отырса, оны тағайындау туралы қаулыны шығарғанға дейiн тергеушi сараптама тапсыруды белгiлеп отырған адамның жеке басын, оның құзыреттiлiгiн анықтауға, оның сезiктiмен, айыпталушымен, жәбiрленушiмен, сараптау жүргiзiлетiн адаммен және iс жүргiзуге басқа да қатысушылармен ара қатынасын анықтауға және сарапшыдан бас тартуға негiздердiң бар-жоғын тексеруге мiндеттi.
Тергеушi сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстiң 83-бабында көзделген құқықтар мен мiндеттердi түсiндiредi және көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл iс-әрекеттiң орындалғаны туралы тергеушi сарапшының қол қоюымен куәландырылатын сараптама тағайындау туралы хаттамада белгi жасайды. Сарапшы жасаған мәлiмдеме және оның өтiнiштерi де осылайша бекiтiледi. Сарапшының өтiнiшiн қабылдамау туралы сараптама тағайындаған адам дәлелдi қаулы шығарады.
247-бап. Сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыру
Егер сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама тағайындалған немесе жүргiзiлген кезде стационарлық байқау қажеттiгi туындаса, сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, куә медициналық мекемеге орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетiледi. Жәбiрленушi, куә медициналық мекемеге осы Кодекстiң 241-бабында көзделген реттерден басқа жағдайларда тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана орналастырылуы мүмкiн.
Сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн күзетпен ұсталмайтын сезiктiнi немесе айыпталушыны, сондай-ақ жәбiрленушi мен куәнi медициналық мекемеге жiберу осы Кодекстiң 14-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
Стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн сезiктiнi медициналық мекемеге орналастыру кезiнде оған айып тағылуға тиiстi мерзiм сезiктiнiң психикалық хал-ахуалы туралы сарапшылар комиссиясының қорытындысы алынғанға дейiн үзiледi.
248-бап. Сараптама объектiлерi
Заттай дәлелдер, құжаттар, адамның денесi мен психикалық ахуалы, мәйiттер, жануарлар, сараптамалық үлгiлер, сондай-ақ қылмыстық iс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын мәлiметтер сараптама объектiлерi болып табылады.
Сараптамалық зерттеу объектiлерiнiң дәлдiгi мен оларға жол берiлетiнiне сараптаманы тағайындаған орган кепiлдiк бередi.
Сараптамалық зерттеу объектiлерi, егер олардың көлемi мен қасиеттерi мүмкiндiк берсе, сарапшыға буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде берiледi. Басқа жағдайларда сараптаманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу жүйесіндегі сот тергеуі
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Басты сот талқылауы
Сот шешімі
Сот сараптамасының рөлі
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалу мәселелері
Басты сот талқылауының жалпы шарттары
Басты сот талқылауының ашылуы
Басты сот талқылауын тағайындау туралы мəселені шешу жəне сот отырысына дайындық əрекеттер
Пәндер