Азық


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
: 1
Кіріспе: Қоректік заттарға қойылатын талаптар
:
: 1. 1
Кіріспе: Азықтардың арақатынасы
:
: 1. 2
Кіріспе: Азықтардың толыққұндылығы
:
: 2
Кіріспе: Азық түрлері:
:
: 2. 1
Кіріспе: Астық тұқымдастар дәні
:
: 2. 2
Кіріспе: Бұршақ тұқымдастар дәні
:
: 2. 3
Кіріспе: Жануар тектес азықтар
:
: 2. 4
Кіріспе: Белоктік - витаминді - минералдық қоспалар (БВМД) .
:
: 3
Кіріспе: Шошқа азықтандыру мөлшерлері мен мерзімді азық үлестері
:
: 3. 1
Кіріспе: Тұқымдық қабандарды азықтандыру
:
: 3. 2
Кіріспе: Мегежіндерді азықтандыру
:
: 4
Кіріспе: Есеп бөлімі
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
:

Кіріспе

Шошқаның биологиялық ерекшеліктері (азық талғамауы, көп төлділігі, тез жетілуі, салыстырмалы түрде стреске жоғары сезімталдылығы және т. б. ) олардың ауруларына қарсы шаралар белгілеуде негізгі факторлары болып саналады.

Шошқа етін өндірудің қазіргі технологиясы өндіріс цехтарынан тұратын конвейердің болуын қажет етеді. Атап айтқанда, онда мына цехтар қарастырылуы керек: торайлау цехы (онда мегежіндер торайлап, торайлары 35 - 65 күнге дейін өсіріледі) ; енесінен ажыраған торайлар цехы (бұл цехқа торайлар торайлау цехынан ауыстырылып 4 айлығына дейін өсіріледі) ; бұдан кейін жас шошқалар өсіру немесе бордақылау цехтарына жіберіледі. Мегежіндер торайларын ажыратқаннан кейін бойдақ мегежіндер цехына ауыстырылады (одан қайтадан торайлау цехына оралады) . [5]

Шошқа етін өндіру технологиясында өсірудің 1, 2 және 3 фазалы әдістері қолданылады.

Бір фазалы әдісте торайларды олар торайлағаннан станоктарда өсіріп, бордақылайды;

Екі фазалы әдісте торайларды торайлау цехынан, енесінен ажыраған торайлар цехына ауыстырып, сол жерде бордақылайды;

Үш фазалы әдісте торайларды үш жерден өткізеді: торайлау, өсіру және бордақылау;

Барлық әдістерге мегежіндерді торайларынан айырған соң ұрықтандыру цехына ауыстырады.

Шошқа шаруашылықтарында оларды ұстаудың екі түрін қолданады: серуенге шығарып және серуенге шығармай. Серуендетіп бағудың өзі 2 түрлі варианттарға бөлінеді: уақтылы серуендету және өз еркімен серуендету.

Уақтылы серуендету жүйесінде шошқаны жекеленген немесе топтық станоктарда ұстап уақтылы оларды серуендету алаңына шығарып тұрады. Жекеленген станоктарда қабандарды, мегежіндерді және туған мегежіндерді торайларымен бірге ұстайды. [1]

Топтық станоктарда қысыр мегежіндер, буаздығы 3 айға дейінгі ұрғашы шошқалар, енесінен ажыратылған торайлар, асырауға арналған қабандар мен мегежіндер ұсталады. Серуендеу уақытында станокты ашып шошқаларды серуендеу алаңына шығарады. Өз еркімен серуен ету жүйесінде шошқалар (бойдақ мегежіндер, буаздығы 3 айға дейінгі мегежіндер, енесінен ажыраған торайлар, асырауға қалдырылған төл, бордақы бастар) топтық станоктарда ұсталып серуенге өз еркімен кіріп - шығып тұрады. Ол үшін қораның ұзын қабырғасынан шығатын тесік жасайды. Шошқаларды өсірудің серуендік әдісінде оларды әркелкі орналастырады. Павильонды құрылыстарда оларды станоктарда (топтық немесе жеке), еденде немесе көп ярусты торлы батареяларда немесе тұрақты құрастырылған контейнерлерде; көп есікті ғимараттарда - едендегі станоктарда, торлы батареяларда және жылжымалы контейнерлерде ұсталады.

Серуендеу алаңының көлемі шошқаның басына байланысты. Серуендеу алаңының мөлшері әрбір басқа есептегенде: ұрықтандырғыш қабандарға - 10 м 2 , мегежіндерге 5 - 10м 2 , ажыратылған торайларға - 0, 8 м 2 , мал басын толықтыруға арналған торайларға 1, 5м 2 . Серуендеу алаңдарын бетонмен жауып, қоршайды. Оңтүстік аймақтарда серуендеу жағдайында ұстау бүкіл жыл бойына, ал алқалған аймақтарда жылы мезгілде қолданады. Қыс мезгілінде шошқаларды серуенге күн жылы болғанда шығарып отырады. Серуендеу жүйесі шошқалардың денсаулығы мен өнімділігіне оң әсер етеді. Бұл кезде оған моцион, күн радиациясы және басқа факторлар әсер етеді.

Серуенсіз жүйені бордақылайтын малдарға қолданады. Оларды топтық станоктарда 15 - 30 бастан ұстайды. Ірі өндірістерде серуенсіз жүйені барлық жастағы малдарға қолданады.

Біздің республикамыздың, қазіргі жағдайында, негізінен ұсақ жекеше шаруашылықтар мен жеке үйлерде шошқаларды ұстаудың серуенсіз жүйесі қолданылады, шошқалар жыл бойы қорада ұсталынады. Бұндай жүйе өндірістің интенсивті жағдайына негізделген (мегежіндер жылына 2, 2 - 2, 3 рет торайларды, торайлар 7 - 7, 5 айына өткізіледі), жануарларға техникалық құралдардың көмегімен олардың дұрыс дамуына қажетті физиологиялық талаптарын қанағаттандыратын орта жасалады. Сонымен өндірістің концентрациясы мен ғылыми - техникалық прогрестің жүйесінің болашақта кеңінен таралуына мүмкіндік туғызады.

Серуенсіз жүйеде шошқаларды төсеніште немесе көпярусты торлы батареяларда немесе жылжымалы алаңдарда ұстайды. [2]

Негізгі бөлім

1 Қоректік заттарға қойылған талаптар

  1. Азықтардың арақатынасы

Шошқа шаруашылығында торайларды ет үшін және ересек шошқаларды майы үшін бордақылайды. Мұнда азықтардың ара - қатынаысна көңіл бөлген жөн. Шошқа етін өндіруде оларды бордақылау ең соңғы процесс болып болып табылады. Бордақылау жас төлді және жарамсыздыққа шығарылған мегежіндерді қояды. 2, 5 - 3 айлық және тірі салмақтары бірдей торайларды 25 бастан топтайды. Топтары 25 бастан құрау кезінде 3 ұя торайлары біріктіріледі. Станоктағы торайлар санын оларды әр ұядан топтастыру арқылы көбейтудің салдарынан торайлар арасында төбелестер жиі болады, бұл азықтың сіңуіне және тірі салмақтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Бордақыланатын торайларды топтық станоктарда ұстайды, станок ауданының нормасы 0, 8 м 2 . Қоршаулардың биіктігі 1 м, зәр және қи шығатын аймақта қоршаулар торлы, ал қалған бөлігінде тұтас болып келеді. [5]

Бордақылау кезінде максимальды тәуліктік салмақ қосуды (700 - 1000г) тек толық құнды азықтандыру арқылы қол жеткізуге болады.

Шошқаларды азықтандырудың тиімділігіне азық құрамы, азықтандыру режимі, сонымен қатар шошқалардың тұқымы мен типі, бордақылауға қойғандағы жас мөлшері үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар азықтандырудың тиімділігіне рациондағы протеиндік қатынас та әсер етеді. Протеиндік қатынас 1:6 болғанда шошқалардың денесінде май аз жиналып, белок көп түзіледі (ет), майы қатты болады. Керісінше, протеиндік қатынасы кең болған кезінде (1:8 - 10) шошқаларда май көп жиналып, ет аз жиналады, майы жұмсақ, жұққыш болады. Ал, азықта лизин жетіспегенде бордақыланатын торайлардың өсімі нашарлайды. Витаминдер жетіспегенде, әсіресе, В тобының, торайларда авитоминоздар туындайды.

Шошқа етінің сапасына азықтар әсер етеді. Осы көрсеткіш бойынша барлық 3 топқа бөлінеді: шошқа етінің сапасын жақсартатын, нашарлататын және теріс әсер ететін болып. Жақсартатын азықтарға жататындар: арпа, бидай, қарабидай, бұршақ, сәбіз, қызылша, көк сүт, пахта, ет ұны. Бұл азықтармен азықтандырғанда майы қатты, дәмді, біраз мөлшерде суы болады.

Етті бағытта бордақылауда торайларды 3 - 4 айында қойып, тірідей салмағы 100 - 120 кг болғанда алады. Етті бордақылау 2 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңі тірідей салмағы 40 - 70 кг, екіншісі - 71 - 120 кг болғанша.

Бордақыланатын шошқалардың азықтық заттарға мұқтаждығы азықтандыру кезеңі мен тірідей салмағының тәуліктік өсіміне байланысты болады.

Өсіп келе жатқан бордақыланатын торайлардың 100 кг тірідей салмағына бірінші кезеңінде 4, 2 - 4, 8 азықтық бірлік; екінші кезеңінде 3, 6 - 4, 2 азықтық бірлік қажет. Рационның 1 азықтық бірлігіне қорытылатын протеиннің бірінші кезеңінде 95 - 100 г, екінші кезеңінде 85 - 90 г сәйкес келеді. [7]

Жоспарланған тәуліктік орташа өсімнің мөлшері жоғары болған сайын, құрғақ заттағы энергия соғұрлым жоғары, клечаткасы аз болуы керек. Рациондағы клечатканың оптимальды мөлшері азықтың құрғақ затының 6 пайызынан аспауы керек.

Етті қажетті салмаққа (кондицияға) дейін азықтандырған кезде рационның 3 типі қолданылады: концентратты - картопты, концентратты - тамыртүйнекті және концентратты.

Концентратты - картопты типті рационның құрамы: концентраттар 60 - 75 пайыз; картоп 15 - 20 пайыз, шөп ұны 5 - 10 пайыз, жануар текті азықтар 5 - 10 пайыз.

Бордақыланатын торайларды витаминдермен және микроэлементтермен қамтамасыз ету үшін рационға арнайы қоспалар (премикстер) қосады (1 кг азықтың құрғақ затына 10 г), сонымен қатар шошқалардың бұл заттарға мұқтаждығын өтеу үшін белокты - витаминді және блокты - витаминді - минералды қоспаларды қажетті мөлшерде қосады. Рационда лизин жетіспеген жағдайда оған қажеттілікті толықтай өтейтін мөлшерде лизиннің азықтық концентратын қосады.

Бордақылау кезінде ылғалдылығы 60 - 70 пайыз азық қоспасымен азықтандырған жөн. Сапасы төмен азықты және тағамдық қалдықтарды термиялық өңдеуден өткізу керек. Азық сіңімділігі және ет сапасын жоғарылату азықтандырудың аралас жүйесін қолдану арқылы іске асады (бордақылаудың алғашқы жартысында еркін азықтандыру, ал екінші жартысында мөлшерлеп азықтандыру) .

Шошқаларда, әсіресе бордақылау кезінде каннибализм жиі байқалады, бұл кезде шошқалар бір - бірінің құйрығын және құлағын тістеп, әртүрлі жарақаттар түсіреді. Каннабализм жас төл арасында стрестік жағдайларда жиі кездеседі, бұл жағдай орналасу ауданының жетіспеуінен, топтаудан, қолайсыз микроклиматтан, толық ұқұнды азықтандырмаудан және басқа да олардың агрессивтігін жоғарылататын факторлардан туындайды.

Қоралар бордақы шошқалардан босаған соң мұқият түрде механикалық тазаланып, дезинфекцияланады. Қораға келесі малды 5 - 7 күннен кейін кіргізуге болады. [4]

1. 2 Азықтардың толық құндылығы.

Шошқа бордақылауға қойылатын негізгі талап - қысқа уақытта азық шығынын аз жұмсап, жоғары салмақ алу болып табылады.

Бордақылау техникасы топтағы мал басына, шошқа қорада азықты қалай даярлап, қалай таратуға, азықтандыру орны мен қанша азықтандыруға, азық түріне және шошқалар тұрған қораны тазалау тәсіліне байланысты келеді.

Азық түрі. Берілетін азықтың суықтығы оны даярлауға және басып беруге ыңғайлы. Әйтсе де ылғалдылығы 70% - дан аспау керек.

Азықтандыру жиілігі. Бордақыдағы шошқаны күнделікті бір уақытта азықтандару қажет. Азықтандыру жиілігі бордақылаудағы малдың тірілей салмағына байланысты. Енесінен ажыратылған торайлар мен бордақылаудағы жас шошқа күніне 3 уақыт, бордақылауда тұрғандары тәулігіне 2 уақыт салмағы 50 кг болғанда 2 уақыт азықтандырылуы тиіс.

Азықтандырудың төмендегідей нормасы ұсынылады (1 - кесте) .

1 - кесте. Азықтандыру нормасы

Мал тобы

Азықтандару шамасы

(астаудан ұзындығы 1 басқа см)

Мал тобы: Торайлар 2 - 3 айлық
Азықтандару шамасы(астаудан ұзындығы 1 басқа см): 20
Мал тобы: 3, 4, 5айлық торайлар
Азықтандару шамасы(астаудан ұзындығы 1 басқа см): 25
Мал тобы: Тірілей салмағы 100 кг - ға жеткен 4, 5 айлық шошқалар
Азықтандару шамасы(астаудан ұзындығы 1 басқа см): 30
Мал тобы: Тірілей салмағы 100 кг - нан артық шошқалар
Азықтандару шамасы(астаудан ұзындығы 1 басқа см): 35

Шошқаларға арналған сайдың тереңдігі 4 м аспау керек. Шошқа өндірісінде бордақылаудың мынандай түрлері бар: етке бордақылау, беконды бордақылау және май үшін бордақылау. [10]

Ет үшін бордақылау республиканың барлық жерінде кеңінен таралған бордақылау түрі болып табылады. Осы бордақылауға жақсы жетілген оң енесінен ажыратылған торайлар 2, 5 айлығынан бастап қойылады.

Бордақылау шошқалардың тірілей салмағы 95 - 100 кг жеткенде аяқталады. Дұрыс азықтандырылғанда осы салмаққа шошқалар 7, 0 - 7, 5 айлығында жетеді. Бордақылау қарқыны күніне 500 - 600 г қосымша салмақ алып, оған кеткен азық шығыны 4, 5 - 5 азық өлшемі болуы керек. Бордақылауға қойылған шошқаларды толық рационды азықтармен нормаға сәйкес азықтандру керек. (2 - кесте) .

Рациондағы 1 азық өлшемінде 120 - 115 г қорытылатын протеин болса ( тірілей салмағы 45 - 50 кг) және бордақылаудың екінші кезеңінде 100 - 90 г болуы тиіс.

Рационда протеин мен амин қышқылдары жетіспесе, бордақылаудың бірінші кезеңінде жемнің 10 - 15% мөлшеріне бұршақ араластыру, сонымен бірге көк сүт, балық, ет - сүйек ұны мен азықтық ашытқыларды қосу жолымен толықтырады. Ал 3 - 5% витаминді шөп ұны малдың каротинге қажеттілігін өтейді.

Жаз айларында бордақылаудағы шошқаларға ылғалы мол бұршақ тұқымдастар шөбі беріледі. Оны рацион қоректілігінің 15 - 20 пайызындай етіп қосу керек.

2 - кесте. Бордақылаудағы жас шошқалардың қоректік заттарға деген қажеттілігі мен нормасы

(тәулігіне 1 басқа)

Көрсеткішткер
Ай шамасы
2-3
3-4
4-5
5-6
6-7
7-8
Көрсеткішткер: Тірілей салмағы, г
Ай шамасы: 12-25
25-37
37-53
53-70
70-88
88-100
Көрсеткішткер: Азық өлшемі
Ай шамасы: 1, 58
1, 92
2, 35
2, 80
3, 3
3, 8
Көрсеткішткер: Қорытылатын протеин, г
Ай шамасы: 190
221
259
294
330
342
Көрсеткішткер: Алмасу энергиясы, МДж
Ай шамасы: 17, 0
21, 2
26, 0
29, 0
37, 6
39, 0
Көрсеткішткер: Амин қышқылдары:
Ай шамасы:
Көрсеткішткер: лизин, г
Ай шамасы: 12, 14
13, 28
15, 52
16, 46
17, 60
18, 24
Көрсеткішткер: метионин-цистин, г
Ай шамасы: 8, 91
9, 75
9, 90
11, 21
12, 58
13, 04
Көрсеткішткер: Триптофан, г
Ай шамасы: 2, 10
2, 30
2, 76
3, 13
3, 16
3, 28
Көрсеткішткер: Клечатка, г
Ай шамасы: 95
115
164
196
264
304

2 - кесте жалғасы.

Минералды заттар:
Минералды заттар:: Ас тұзы
: 16
: 19
: 22
: 27
: 33
: 35
Минералды заттар:: Кальций
: 10
: 12
: 14
: 16
: 19
: 20
Минералды заттар:: фосфор
: 8
: 9
: 10
: 12
: 14
: 16
Минералды заттар:: Витаминдер:
:
:
:
:
:
:
Минералды заттар:: Каротин, мг
: 5
: 7
: 8
: 15
: 15
: 15
Минералды заттар:: Д 2 витамині ИӨ
: 355
: 432
: 470
: 560
: 660
: 760
Минералды заттар:: Рибофлавин, мг
: 3, 8
: 4, 6
: 4, 2
: 5, 04
: 5, 9
: 6, 8
Минералды заттар:: Протеин қышқылы
: 15, 8
: 19, 2
: 21, 2
: 25, 2
: 29, 7
: 34, 2
Минералды заттар:: Никотин қышқылы
: 19
: 23
: 23, 5
: 28
: 33
: 38
Минералды заттар:: В 12 витамині, мкг
: 15, 8
: 19, 2
: 23, 5
: 28
: 33
: 38
Минералды заттар:: Темір, мг
: 107
: 120
: 139
: 156
: 180
: 200
Минералды заттар:: Мыс, г
: 14
: 14
: 19
: 22
: 27
: 29
Минералды заттар:: Мырыш, г
: 75
: 76
: 92
: 106
: 120
: 140
Минералды заттар:: Марганец, г
: 54
: 60
: 74
: 82
: 100
: 110
Минералды заттар:: Кобальт, г
: 1, 4
: 1, 6
: 1, 9
: 2, 2
: 2, 4
: 2, 8
Минералды заттар:: Йод, г
: 0, 3
: 0, 3
: 0, 4
: 0, 4
: 0, 5
: 0, 6

Ет үшін жеммен бордақылау. Астық және оның қалдықтары шошқаның биологиялық қажеттіліктерін толық өтейді. Қазақстанның көп аймақтары астықтан мол өнім алады, оларды өндіру жоғары механикаландарылған, сондықтан 1 азық өлшемінің құны (шөпті есептемегенде) өте арзан. [1]

Дәнді азықтардың шошқа үшін рациондағы қоректік заттардың сіңірілуіне, азық қуатының артуына әсерібар. Дегенмен дәнді азықтарды үнемі бере беруге болмайды, ол азықтың қуаттылығын арттырғанымен басқа қажетті қоектік заттарды алмастыра алмайды.

Дәнді азықтар құрама жем даярлайтын зауыттарда құрама жем құрамына енгізіп, шаруашылықтардан алынған рецептер бойынша жасалады.

3 - кестеде құрама жем рецептісі келтірілген. Тәулігіне бір басқа керекті құрама жем мынандай:

Тірілей салмағы Азық мөлшері

15 - 20 кг - 1, 3 - 1, 5 кг

25 - 40 кг - 1, 8-2, 2 кг

40 - 60 кг - 2, 5 - 2, 8 кг

60 - 80 кг - 3 - 3, 2 кг

80 - 100 кг - 3, 3 - 3, 6 кг

Осылай азықтандырғанда бордақылаудың алғашқы екі айында тәулігіне 500 - 550 г, одан кейін 700 - 800 г қосымша салмақ қосады, 6 - 7 айда торайлардың тірілей салмағы 100 кг - ға жетеді.

3 - кесте. Ет үшін бордақылау кезіндегі құрама жемнің қоректілігі мен құрамы, салмағына қарай %

Азық құрамы
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін
50 килограмнан 100кг - ға дейін
Азық құрамы: 1
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 2
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 3
Азық құрамы: Арпа (жүгері)
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 82, 7
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 86, 4
Азық құрамы: Күнбағыс шроты
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 8, 0
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 8, 0
Азық құрамы: Шөп ұны
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 3, 0
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 3, 0
Азық құрамы: Балық ұны
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 5, 0
50 килограмнан 100кг - ға дейін: -
Азық құрамы: Бор
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 0, 8
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 1, 1
Азық құрамы: Сүйек ұны
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: -
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 1, 0
Азық құрамы: Микроэлементтер мен ас тұзы
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 0, 5
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 0, 5
Азық құрамы: 1 кг құрамында:
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін:
50 килограмнан 100кг - ға дейін:
Азық құрамы: Азық өлшемі
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 1, 13
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 1, 15
Азық құрамы: Қорытылатын протеин, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 120
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 100
Азық құрамы: Лизин, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 7, 4
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 5, 25
Азық құрамы: Метионин, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 3, 2
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 2, 5
Азық құрамы: Цистин, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 2, 0
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 2, 2
Азық құрамы: Триптофан, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 2, 1
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 1, 9
Азық құрамы: Клечатка, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 54, 0
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 57, 0
Азық құрамы: Кальций, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 8, 0
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 8, 0
Азық құрамы: Фосфор, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 5, 4
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 5, 6
Азық құрамы: Каротин, г
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 24, 0
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 24, 0
Азық құрамы: В2 витамині, мг
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 1, 8
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 1, 5
Азық құрамы: В3 витмаині, мг
Тірілей салмағы 50 кг - ға дейін: 7, 8
50 килограмнан 100кг - ға дейін: 7, 4

3 - кесте жалғасы.

В5 витмаині, мг
43, 0
41, 0

1 гр құрам жемге 15 - 20 мг антибиотиктер, 50мкг В12 азықтық витамині және қыста - 500 ИӨ Д2 витамині беріледі.

Бекон үшін картоп - жеммен бордақылау. Ет үшін бордақылау кезінде картопты рационның 35 - 50 % қуаттылығына дейін беруге болады. Бұл кезде шошқалар жеммен бордақыланғанға қарағанда салмақты аз қосады. Шошқаларды картоп - жеммен азықтандыруға негізгі қойылатын талап - рационды барлық керекті заттармен (қуат, протеин, амин қышқылдары, минералдық заттар мен витаминдер) толық қамтамасыз етілуі керек.

Картопта белок аз болғандықтан, оны көп мөлшерде берсе, рационға қосымша белогы аз болғандықтан, оны көп мөлшерде берсе, рационға қосымша белогы көп азықтар: бұршақ, күнжара, мал өнімдері қалдықтарынан дайындалған азықтар қосылады.

Рационды минералдық заттармен толықтыру үшін (картоп - жеммен бордақылау) ас тұзын, бор, сүйек ұнын, ди - үшкальцийфосфат, сонымен бірге микроэлементтер нормасын пайдалану керек.

Малдың витаминге деген қажеттілігін болдырмас үшін оларға шөп ұнын, жаз кезінде - көк балауса беру керек.

Қарқынды бордақылау кезінде торайларға салмағы 40кг болғанда тәулігіне 1 - 1, 5 кг - ға дейін (20 - 25% энергиялық қуаты бойынша), ал салмағы 50 кг- нан 100 кг - ға дейінгі шошқаларға - 2, 5 - 5 кг -ға (30 - 45%) дейін картоп беріледі.

Шошқаларға картопты піскен және уатылған күйінде жеммен қосып беру керек. Шикі картопты шошқалар піскен картопқа қарағанда 15 - 20% кем жейді. Картоппен шошқаларды көп дегенде тәулігіне 3 рет азықтандыру керек. [1]

4 - кесте. Шошқаларды етке бордақылау рационы

Азықтар
Тірілей салмағы, кг
15 - 25
25 - 37
37 - 53
53 - 70
70 - 88
88 - 100
300-400
350-450
450-550
550-600
600-650
650-700
Азықтар: Астық қоспасы, кг
Тірілей салмағы, кг: 0, 85
0, 85
0, 9
0, 85
0, 8
1, 9
Азықтар: Бұршақ, кг
Тірілей салмағы, кг: -
0, 10
0, 2
0, 20
0, 3
0, 2

4 - кесте жалғасы.

Кендір күнжарасы, кг
0, 10
0, 20
0, 2
0, 3
0, 3
0, 30
Кендір күнжарасы, кг: Картоп, кг
0, 10: 1, 0
0, 20: 1, 5
0, 2: 2, 5
0, 3: 3, 5
0, 3: 5, 0
0, 30: 3, 0
Кендір күнжарасы, кг: Шөп ұны, кг
0, 10: 0, 05
0, 20: 0, 10
0, 2: 0, 1
0, 3: 0, 2
0, 3: 0, 2
0, 30: 0, 1
Кендір күнжарасы, кг: Балық ұны, кг
0, 10: 0, 15
0, 20: 0, 10
0, 2: 0, 07
0, 3: 0, 05
0, 3: 0, 05
0, 30: -
Кендір күнжарасы, кг: Бор, г
0, 10: -
0, 20: 10
0, 2: 15
0, 3: 17
0, 3: 18
0, 30: 18
Кендір күнжарасы, кг: Сүйек ұны, г
0, 10: -
0, 20: -
0, 2: 5
0, 3: 10
0, 3: 14
0, 30: 23
Кендір күнжарасы, кг: Ас тұзы, г
0, 10: 16
0, 20: 19
0, 2: 22
0, 3: 27
0, 3: 33
0, 30: 35
Кендір күнжарасы, кг: В12 витаминді азық қоспасы, г
0, 10: 0, 5
0, 20: 0, 7
0, 2: -
0, 3: -
0, 3: -
0, 30: -
Кендір күнжарасы, кг: Д2 витаминді қоспасы, ИӨ
0, 10: 360
0, 20: 432
0, 2: 540
0, 3: 560
0, 3: 660
0, 30: 760
Кендір күнжарасы, кг: Рацион құрамы:
0, 10:
0, 20:
0, 2:
0, 3:
0, 3:
0, 30:
Кендір күнжарасы, кг: Азық өлшемі
0, 10: 1, 56
0, 20: 1, 94
0, 2: 2, 40
0, 3: 2, 81
0, 3: 3, 32
0, 30: 3, 80
Кендір күнжарасы, кг: Қорытылатын протеин, г
0, 10: 201
0, 20: 232
0, 2: 250
0, 3: 296
0, 3: 335
0, 30: 350
Кендір күнжарасы, кг: Лизин, г
0, 10: 1302
0, 20: 14, 25
0, 2: 15, 63
0, 3: 17, 79
0, 3: 19, 10
0, 30: 19, 0
Кендір күнжарасы, кг: Метионин - цистин, г
0, 10: 8, 9
0, 20: 9, 7
0, 2: 10, 1
0, 3: 11, 61
0, 3: 12, 86
0, 30: 13, 62
Кендір күнжарасы, кг: Триптофан, г
0, 10: 3, 0
0, 20: 3, 7
0, 2: 4, 1
0, 3: 7, 6
0, 3: 8, 2
0, 30: 6, 1
Кендір күнжарасы, кг: Клечатка, г
0, 10: 84
0, 20: 113
0, 2: 129
0, 3: 164
0, 3: 176
0, 30: 225
Кендір күнжарасы, кг: Кальций, г
0, 10: 10, 1
0, 20: 12, 2
0, 2: 14, 6
0, 3: 17, 2
0, 3: 19, 2
0, 30: 20, 1
Кендір күнжарасы, кг: Фосфор, г
0, 10: 8, 5
0, 20: 9, 0
0, 2: 10, 3
0, 3: 12, 1
0, 3: 14, 1
0, 30: 16, 0
Кендір күнжарасы, кг: Каротин, мг
0, 10: 7, 7
0, 20: 15, 4
0, 2: 15, 4
0, 3: 3, 8
0, 3: 30, 8
0, 30: 15, 4
Кендір күнжарасы, кг: В2 витамині, мг
0, 10: 3, 6
0, 20: 4, 0
0, 2: 4, 7
0, 3: 5, 8
0, 3: 6, 3
0, 30: 6, 0
Кендір күнжарасы, кг: В5 витамині, мг
0, 10: 16, 4
0, 20: 30, 2
0, 2: 29, 4
0, 3: 35, 9
0, 3: 45, 0
0, 30: 40, 7
Кендір күнжарасы, кг: В12 витамині, мкг
0, 10: 18, 7
0, 20: 23, 3
0, 2: -
0, 3: -
0, 3: -
0, 30: -

Шошқаларды ет үшін қант қызылшасымен бордақылау. Қант қызылшасының мол өнімділігі, күрделі механикалық өңделуі, өзіндік құнының төмендігі мал азықтандыруға кең мүмкіндік береді. Қызылшаның тамырын және жапырағын қалыпты жағдайда, сүрлем ретінде (құрамы сүрлем бөлігі ретінде) және кептірілген түрінде шошқа азықтандыруға пайдаланады.

1 кг қызылша тамырында 0, 23 - 0, 26 кг азық өлшемі және 10 - 12 г қорытылатын протеин, 1 кг кептірілген қант қызықлшасында 1, 10 - 1, 18 кг азық өлшемі және 50 грамдай қорытылатын протеин болады. 1 кг кептірілген қант қызылшасы жапырағының жалпы қоректілігі шамамен 0, 6 кг азық қызылшасы жапырағының жалпы қоректілігі шамамен 0, 6 кг азық өлшеміне, 60 - 70 г қорытылатын протеинге тең. Қант қызылшасының жапырақтары жалпы қоректілігі жағынан тамыродан кем болғанымен, протеин, бағалы амин қышқылдары, витамин және микроэлементтер мөлшері әлдеқайда жоғары. Бордақы шошқалар рационы құрамындағы қант қызылшасының мөлшерін мал жасын, тірілей салмағын және жем құрамын ескере отырып анықтайды, бірақ рациондағы үлесі 25 - 30% дан аспауы керек. Рацион құрамына басқа да ылғалды жемдер енгізгенде қант қызылшасының үлесін азайтады.

Кептірілген қант қызылшасын шошқа бодақылау кезінде құрама жемнің негізгі бөлігі ретінде қолдануға болады. Оларды арпа немесе жүгері жармаларымен араластырып берсе жақсы нәтиже көрсетеді. Астық - бұршақ тұқымдастары, күнжара, шрот, шөп ұны, жем ашытқысы, әсіресе мал өнімдері қалдықтарын арттыра түседі. . [12]

Малды минерадық заттармен қамтамасыз етудің маңызы жоғары. Әсіресе рационды кальций және фосформен толықтырудың маңызы зор. Қант қызылшасын кеңінен қолданғанда құрамында кальций және фосфоры бар минералдық заттармен қосымша азықтандыру қажет болады. Шошқа рациондарының 1 кг азық мөлшерінде 6 - 7 г кальций 4 - 5 г фосфор және 10 - 12 ас тұзы болу керек.

Қант қызылшасының жапырақтарымен азықтандырған кезде, шошқаларды кальциймен толық қамтамасыз етуді қадағалау қажет. Шошқалардың минералдық заттарға қажеттілігін анықтағанда қызылша жапырағындағы кальций мөлшерін есепке алған жөн. Сонымен бірге, рационды қант қызылшасымен толықтырғанда фосфордың жетіспейтіндігі білініп тұрады. Шошқаларды фосформен жеткілікті түрде қамтамасыз етпей болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында азық-түлік нарығын реттеу
ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
Ауыл шаруашылығы өнімі әлемдік саудасының либерализациясы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
ХХ ғасырдың 90 - жылдарындағы Қытайдың азық - түлік қауіпсіздігі саясаты
Қауіпсіздік ұғымы
Азық түлік өндірісінің қоршаған ортаға əсері
Азық-түлік қауіпсіздігі түсінігі, мәні және қауіпсіздікке жету жолдары
Республикадағы азық - түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz