Ғаламтор желісінің пайдасы мен зияны



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ғаламтор желісінің пайдасы
2.2. Ғаламтор желісінің зияны
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мақсаты: Бұл әлемде ғаламторды қолданбайтын адам мыңның бірінде ғана болуы мүмкін. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы ғаламторды қолданады. Яғни ғаламтордың маңызы зор. Ғаламторсыз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар ғаламторға тәуелді болып барады. Осылардың бәрін зерттеу, білу, оны өзімізге, келешек ұрпаққа өнеге ету, бүгінгі біздің ұрпақтың қасиетті борышы екенін түсіндіру.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Ғаламтор деп санар едім.
Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Бұл ғаламторды ашқан ғалымдар да ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғалар болды. Ғаламтордың пайдасы мен зиянын зерттеу, білу, оны өзімізге болашақ жастарға өнеге ету, осы еңбектің, яғни зерттеу жұмысының басты мақсаты деп білемін.
Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану.
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады.
Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...
1. Балапанов Е. Информатикадан 30 сабақ. Алматы 2000
2. Интернет әлемі. Ш. Қ. Дидар 2004 № 3 б 3
3. Интернет желісінің құрылымы. Дидар. 2000 №2 б 6
4. Интернет туралы біз не білеміз? Дидар 2000 14.11 б 4
5. Шөкіш А. Интернет. Алтын орда. 2001. № 5 б 12
6 Мустафин С. Встреча с лидерами: Аким города Шакарим Буктугутов встретился с лидерами школьных и студенческих организаций//Рудный Алтай. – 2007. – 11 октября.
7 Шепель О. Молодо – не зелено: о реализации государственной молодежной политики в Восточном Казахстане//Рудный Алтай. – 2007. – 11 октября.
8 Кривощекова А. Будущее – за молодежью: в Усть-Каменогорске прошел Республиканский студенческий дебатный турнир на кубок «Нур Отан»// Рудный Алтай. – 2007. – 3 ноября.
9 Экологический телефон: в Усть-Каменогорске начинает свою деятельность экологический патруль//7 дней. – 2007. 25 октября.
10 Темирбаев О. Электронное правительство на связи: практическая конференция по улучшению работы «электронного правительства»//Рудный Алтай. – 2007. – 13 октября.

Жоспар

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ғаламтор желісінің пайдасы
2.2. Ғаламтор желісінің зияны
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мақсаты: Бұл әлемде ғаламторды қолданбайтын адам мыңның бірінде ғана болуы мүмкін. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы ғаламторды қолданады. Яғни ғаламтордың маңызы зор. Ғаламторсыз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар ғаламторға тәуелді болып барады. Осылардың бәрін зерттеу, білу, оны өзімізге, келешек ұрпаққа өнеге ету, бүгінгі біздің ұрпақтың қасиетті борышы екенін түсіндіру.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Ғаламтор деп санар едім.
Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Бұл ғаламторды ашқан ғалымдар да ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғалар болды. Ғаламтордың пайдасы мен зиянын зерттеу, білу, оны өзімізге болашақ жастарға өнеге ету, осы еңбектің, яғни зерттеу жұмысының басты мақсаты деп білемін.
Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі - ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану.
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады.
Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...

Ғаламтор желісінің пайдасы
Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады.
Ғаламтордың қол жетімділігі:
1.Алысты жақындату
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.
Білгенге Ғаламтор Ғаламат-ақ !
Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.
Адам баласы ұзақ уақыт қолданып келген дәстүрлі қарапайым ақпарат тәсілі қазіргі электронды ми жүйесімен басқарылатын қарқыны тез ақпараттанған қоғамға, ғаламтор дүниесіне құшағын айқара ашқалы ол адам баласының ой еңбегімен дене еңбегін барынша жеңілдетіп, электронды тетіктер арқылы айлық алыс жерден қас қағым сәтте ақпарат алатын ғажайып мүмкіндіктерге ие етіп, адамдарды сан қилы әурешіліктерден жеңілдете бастағандығы айдан анық жағдай.
Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.
Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өз лайығымен дұрыс қолданып, икемді игіліктене білу қабілеті әрбір қоғам мүшесі үшін аса қажетті біліктілік, яғни сауаттылық өлшемдерінің біріне айнала бастады. Сондықтан адамдарда ең әуелі компьютерлік сауаттылық, онан соң жалпы ақпараттылық білім, соңында ақпараттық мәдениет мағлұматы болуы қажет.
Қазіргі тұста біз дәстүрлі тәсілмен электронды техника өзара тоғысқан тоғыспалы дәуірде тұрмыз. Байырғы тәсіл өзінің мүмкіндіктерін әлі сақтап қалуға тырысқанымен, жаңа жүие оны тездікпен ығыстырып алға қарай дамып келеді. Ескі жүйе көп ұзамай жаңа жүйеге жол берері анық. Жаңа зат қашанда жеңімпаз болып адамдарды өзіне айрандай ұиытып қызықтыра түсетіні даусыз.
Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың
Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Электронды технологияның өмірге біртіндеп енуіне байланысты адамдар айналасындағы заттар мен құбылыстарға және өздеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Былайғы жерде жаңа ақпараттық технология бәрін де өзгертуі әбден мүмкін. Бұл технология осы ғасырдың тарихын өткендегі ғасырлардан мүлде өзгеше жазбақ, адамзаттың өмір сүру дағдысына, күллі рухани бет бейнесіне де күшті әрі терең әсер етпек. Бұл үрдістен оңды пайдаланбай артта қалған ұлт та, оның келешек ұрпағы да зиян шекпек.
Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.
Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын озық деңгейде меңгергендер өз ақыл-парасаттары арқылы қомақты қаржыны тым қиналмай-ақ тауып алатын болды. Біз ғаламтордың жоғарыдағыдай ғаламат мүмкіндіктерін тұтас ұлтымызды дамытып өркендетуге, ұлттық тіл-жазуымызды, халықтық қасиетімізді, күллі құндылықтарымызды қорғап, сақтап, оны онан ары дамыту үшін қызмет еттіруге құлшыныс жасауымыз қажет. Сол үшін Қазақ тілді ғаламторды тез арада дамытуға барынша күш шығаруымыз керек. Бұны ойланып-толғанып, уақыт ұттырып жүрмей, неғұрлым тез қолға алатын төтенше маңызды жұмыстардың бірі деп қарауымыз тиіс.
Қазір ұзын саны тым көп болмасада аздан молайып, әлсізден күшейіп, қадамын енді ғана қаз-қаз басып келе жатқан үкімет және жекелер иелігіндегі Қазақ тілді торап бекеттерінің, жеке блогтардың арт-артынан ашылып ғаламторға қосылуы халқымыздың өрісін онан ары кеңейтіп, әлемнің әр шалғайындағы қандастарымызды жер жүзіндегі және ұлтымыз өміріндегі сан алуан мазмұндағы рухани білімдерден еркін сусындауына оңтайлы орай жаратып берді.
Бүгінгі дәуірде ғылым-мәдениет деңгейі жоғары ықпалды ұлттар ғаламтордан пайдаланып өзін насихаттау арқылы өзгелерді өзгертіп әлемилендіріп жатыр. Біз ешкімді де өзгертіп әлемилендірмей-ақ қойайық. Біздің бар назарымыз бөгенайы бөлекше халықтық қасиетімізді сыртқы әсердің, өзгерісшең өмір дауылының, арынды ақпарат тасқынының кері ықпалынан арашалап қорғап қалуға қаратылғаны жөн.
Қазір ғаламтордың ықпалында тұтас жұмыр жердің ол шетімен бұл шеті ауылы аралас, қойы қоралас көрші ауылға ұқсап қалды. Осындай жағдайда ғаламтордың бізге ғылым-білім мен озық өркениетті жеткізетін құптарлық жағының болуымен бірге ұлттық психологиямызға, төл табиғатымызға сай келмейтін теріс әсері де айтып тауысқысыз. Ол біздің күнделікті өмірімізге тек жақсылық қана әкеліп жатқаны жоқ, онда не хикімет жақсылық та, не сұм арамдық та бар. Онда бардың бәрі кіршіксіз өнеге емес. Сол себепті оған сын көзбен қарап, ұнамды жақтарын таным таразысына салып дұрыс пайдалана білгеніміз жөн.
Ғылыми сараптауларда ғаламтор адам баласының өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ. Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс я бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.
Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан секілді компьютерге құмартушылар яғни компьютер соқтылар да пайда болды. Компьютерге, ғаламторға тәуелділік арақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология - экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің ілгерілеуінің белгісі
Әлеуметтік желі дерт пе әлде қажеттілік пе?
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы
Қәзіргі әлемдегі әлеуметтік желілердің рөлі және олардың адамдар арасындағы өзара әрекеттесу механизміне әсері
ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ
Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны
Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны туралы
Instagramm - жастардың әлеуметтік желісі
Компьютердің пайдасы мен зияны
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Пәндер