Қазақстандағы жаңа діни ағымдар


Жоспар
Кіріспе
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Негізгі бөлім
- Жаңа діни ағымдардың топтастырылуы.
- Неохристиандық бірлестіктер
- Неоориенталистік ағымдар
- Шайтандық топтар
- Саентологиялық ілім
Қолданылған әдебиететр тізімі
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Жаңа діни ағымдарға (Дәстүрлі емес діндерге) жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ. ), ешқандай этносқа қатысы жоқ діндер жатады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамдағы негізгі діндерге қарсы. Көптеген пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық догматтарға қарсы болып келеді. Жаңа діни ағымдар жиі дәстүрлі емес немесе альтернативті діндер деп атайды.
Жаңа діни ағымдардың пайда болу себептеріне қарай, зерттеушілер оларды саяси, дүниетанымдық, жеке әлеуметтік үдерістермен байланыстырады. Оларға бірінші кезекте теріс көңіл-күйдің бастауы болған адамзаттың ғаламдық мәселелерін жатқызады. Жаңа діндер, жалпы дін сияқты, бұлдыр-компенсаторлықты, дүниетанымды, реттеуші, коммуникативтік қызметін орындайды. Дәстүрлі емес діндер бұлдыр пішінде қажеттілік қарым-қатынаста, жанасушылықта, рухани жақындық арқылы өмірдің төл бейнесін қалпына келтіруге тырысады. Олардың біреулері өзін мемлекетке және қоғамға қарама - қарсы қояды. Оның таратылуының басты аспабы белсенді миссионерлік қызмет болып табылады. Дәстүрлі емес діннің басым көпшілігі жасөспірімдерді қамтуға тырысады. Негізгі миссионерлік жұмыс өткізілетін әлеуметтік топ ретінде жастар болады. Дәстүрлі емес діндерде жасөспірімдерді біртүрлі құпия инициациясының жүйесі, экзотикалық, төтеншелік тартады.
Жаңа діни ағымдардың топтастырылуы.
Жаңа діндер өзінің сипаты жағынан алуан түрлі және көп болады. Дүниетаным негізіне сәйкес догматиктар жаңа діни ағымдарды бірнеше түрлергу бөледі:
1. Неохристиандық бірлестіктер. Олар өзінің христиандыққа мұраға деген бағдарлауын мәлімдейді, алайда оның түсіндірмесі үшін дәстүрлі христиандық тән емес сызбалар пайдаланылады, шығыс діндердің элементтері қамтылынады, ақыр заманнын тез жақындауында тірек пайда болады. Оларға ТМД - да таралған келесі ұйымдарды жатқызуға болады: «Бірлестіктің халықаралық шіркеуі», «Құдай балалары», «Соңғы Өсиеттің шіркеуі» (Виссарион шіркеуі), «Богородтық туыстық», «Ақ туыстық» және т. б.
Кейбір ілімдерде өзінің жеке «Жаңа ашулары», яғни қасиетті деп саналатын мәтіндері (мысалы, Виссарионның «Соңғы Өсиеті») болады. Басқалары канондық мәтіндерден қатты ерекшелінетін Інжілдің өз аудармаларын және интерпретацияларын береді (мысалы, Иегова куәгерлері және мормондар) .
Қазіргі таңда Қазақстанда «Иегова куәгерлерінің» 59 діни бірлестіктері тіркелген.
«Игова куәгерлері» - ұйымның негізі қалаған Чарльз Тейз Рассел. Ол 1878 ж. Питсбургте өзінің шіркеуін құрды. 1884 жү Расселдің құрылған шіркеуі негізінде «Күзет мұнараның, Інжілдің және трактаттардың қоғамы» ұйымдастырылды, ал 1931 жылдан бастап бұл ұйым «Иегова куәгерлері» деп аталынады. Қазақстан территориясында «Иегова куәгерлері» ілімнің таралуы мен қауымдардың құрылуы ХХ ғ. 40-50 жж. болды.
Иегова куәгерлерінің ілімі протестантимзнен пайда болды, бірақ негізгі христиандық түсіндірмелер өзінің жеке түсіндірмесіне ие болды. Олардың іліміне сәйкес біртұтас Құдайдың есімі - Иегова болды. Ұйымның мүшелері Троицаны, яғни Құдайдың үш тұрғыда тіршілік етуін (Құдай-ата, Құдай-бала және қасиетті рух тұрғысында) қабылдамайды. Олар Иисус Христосты Құдайдың бірден-бір ипостасі емес, ал Құдайдың ең алғашқы жаратылуы, қасиетті адам Михаил Архангелмен теңестірілетін оның ең жоғарғы туындысы деп түсінеді. Иисус крестке емес, бағанаға керілген деп Иегова куәгерлері есептейді, соныдқтан діни таңба ретінде кресті пайдаланбайды. Икона мен крестке табынуды олар пұтқа табынушылық деп санайды.
Иегова куәгерлері кез-келген мемлекетті шайтанның қаруы ретінде санайды, оларға әскерде болуға, мемлекеттік әнұранды айтуға, сайлауларға қатысуға, ресми құрылымдарда қызметте болуға қатаң тыйым салынған, бірақ салықтарды төлеуге болады. Иегова куәгерлері әртүрлі зайырлы ұйымдарға енбейді. Олар қан құюға қарсы болады. Көптеген христиандық бағыттар Иегова куәгерлерін христиандар деп санамайды. ҚР-да Әулиелердің Иисус Христос Шіркеуінің (мормондар) алғашқы ұйымы 2000 жылы тіркелген болатын.
Бұл ұйымды 1830 ж. АҚШ-да Джоеф Смит құрды. Оның өлімінен кейін шіркеуді 12 апостолдардың шіркеу кеңесі басқарды, бұл кеңес ары-қарай басқару кеңесіне ауыстырылды. Інжілден басқа, мормондар өзінің діни практикасында өзінің жеке жазуларына да негіздейді, олардың ішінде «Мормон кітабы», «Ілім және өсиет», «Асыл інжу». Дж. Смит авторының бұл үш кітабы інжіл сияқты өте маңызды болып табылады.
Шіркеудің рәсімдік тәжірибесінде дәстүрлі христиандық конфессиялардың өкілдері соқыр сенімді және неопұтқа табынушылық деп аталатын діндер кездеседі. Шіркеудің ұйымдасуы қатаң иерархияға сәйкес құрылады: басында пайғамбар тұрады, оның қол астында коллегия болады - 12 апостол және 70 оқушы. Қауымның мүшелері арасында ақсақалдар, діндар басшылары, ұстаздар, епископтар және т. б. ерекшелінеді. Шіркеу мүшелері міндетті түрде десятина сияқты салықты төлеу керек. Мормондар белсенді миссионерлік жұмысты жүргізеді, олардың қауымдары әлемнің көптеген елдерде бар.
Неоориенталистік ағымдар (бағыттаушы сөзінен - шығыс) . Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер - индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т. б. жатады. Әдетте, шығыс діни ағымдар көп қайта жасалынады және батыс елдері үшін өте ыңғайлы түрінде болады. Неоориенталисттік ағымдарға «Кришна санасы қоғамы», «Брахма Кумарис», «Трансцендеталды медитация», «Аум Синрике» сияқтты ұйымдар жатады. Олардың қызметінде медитацияны қоса, әртүрлі психологиялық техникалардың көмегімен адамның ішкі мүмкіндіктерін ашуға негізгі акцент жасалынады. Олардың ілімдерінің мазмұны - медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.
Қазақстанда қайта тіркеуден «Кришна санасы қоғамның» 8 діни бірлестіктері өтті: Кришна санасының халықаралық қоғамы «Кришна санасының қозғалысы» немесе «Харе Кришна қозғалысы» болып белгілі.
Кришналықтар өзін жиі вайшнавалықтар (вайшнавалықтар - Вишну құдайының сыйлаушылары) деп атайды. Қозғалыстың негіздеушісі Шрила Прабхупада (1896-1977 жж. ) Индияда туды, 1965 ж. АҚШ-қа қоныс аударған, сонда 1966 ж. Кришна санасының халықаралық қауымдастық қоғамын құрды.
Кришнаиттың діни өмірінде маңызды орынды аскеттік тәжірибеге негізделген Адам өз материалдық дененің қажеттіліктерін минимумға дейін шектеу керек, тек солай ғана ол өзінің санасының деңгейін және рухани байлығын жетілдіре алады. Өз-өзін шектеу әрекеті өз ішінде пендешілік өмірден және барлық игіліктерден бас тартуынан тұрады. Кришнаизм қатал түрде өзінің ізбасарларының тәртібін реттейді, қатал азықтық шектеулер бекітілген. Уақыттың көп бөлігі медитацияларға бөлінеді. Қазіргі таңда бұл ағым бүкіл дүниежүзінде кең таралған. Ізбасарлардың көп бөлігі АҚШ-да және европа елдерінде кездеседі. Индияның өзінде Прабхупада ізбасарлары онша белгілі емес.
Шайтандық топтар. Оларға «Шайтан шіркеуі», әзәзіл культін және ең зұлымды антигумандық бірлестіктердің басқа түрлерін жатқызуға болады. Олар өздерін зұлымдықты таратушылар және христиандықтың антиподы деп санайды. Қазіргі заманғы сатанизм көбінесе антихристиандық бағыттағы секталардың және ағымдардан тұрады. Олардың жалпы белгісі моральді белсенді түрде қабылдамау және Құдай «тираниясымен» күрес жүргізетін қарсылас ретінде шайтан образын идеалдандыру болып табылады. Негізінен шайтандық секталар дін мен моральдік құдыретінен бас тартатын жастарға сүйенеді. Көбінесе жастардың мұндай секталарға енудің бірден-бір себебі - ол тылсымға деген енуінің құштарлық және есірткінің қызығына түсу. Сатана символикасы жиі кезде қазіргі заманғы жастар арасындағы субмәдениетпен және рок-музыканың өкілдерімен пайдаланылады. Кейбір кезде сатанисттер интеллектуалдық клуб ретінде жасырынады. Жасөспірімдерді сиқырлы күштің, бассыздықтың, күш культінің болуы тартады.
Саентологиялық ілім. Бұл атау ағылшын сөзі science - ғылым деген сөзден пайда болды. Осы ілім әртүрлі «ғарыштық діндерді» (бір үлгідегі өкіл і- Рон Хаббардтың «Саентология шіркеуі») біріктіреді. Оның «Дианетика: рухани денсаулықтың замануаи ғылымы» атты кітабы 1950 жылы баспаға шығып, саентология дамуының басы ретінде болды. Қазіргі таңда «Саентология шіркеуі» қатаң иерархиясы бар бүкіл әлем бойынша кең таралған және бизнеспен, саясатпен, мәдениетпен қоса, өмірдің барлық салаларын қамтитын ұйым болып табылады. Саентологиямен «Нарконон», «Криминон», «Хаббардтың гуманитарлық орталығы», «Дианетика» қоғамы және т. б. сияқты ұйымдар тығыз байланысты. Саентологияның негізгі ілімі ретінде дианетика (ойлау туралы ғылым) болады. Онда елестеуші түрде ғылымның жетістіктері психоанализ тәжірибесімен, ғылыми фантастиканың басқа планеталарға рухтардың келуі) және шығыс діндерінің (қайта туулыу идеясы) элементтері біріктірілген. «Саентология шіркеуімен» өткізілетін диагностикалық және терапевтік тәжірибе бүкіл әлемнің медициналық мекемлер жағынан өте қатаң сынға алынатынын атап өту қажет.
5. Оккультизм және емдеулік культтер. Мұнда мистикалық ілімдер, магия, теософия, спиритизм, астрология, сиқырлық, емшілік және т. б. ілімдер туралы айтылған. Қазақстанда «Алля Аят», «Ата жолы» деген ағымдар кең таралған.
«Алля Аят» «Алля Аят» қозғалыстың негізін ХХ ғ. 90-шы жылдарда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылының тұрғыны Фархат Абдуллаев ( көбінесе Фархат-ата ретінде белгілі) және оның әйелі Нина салған.
Ұйым өзін «мақсатталған дін, ғибадат» ретінде, Фархата ата ілімін оқытуға қатысқандарға барлық ауру-сырқаттардан айығу жағынан көрсете білді. Секталар мен тәжірибеленетін бұл ідіс 3 негізден тұрады. «өмір формуласының айтылуы, «Эткен чайының қолданылуы. (чай құрамы тұз және сүттен тұрады) ., бұл чайдың қасиеттілігі сондай, өзінде үлкен әнергетикалық, күш қуатқа толы сипаты бар сияқты.
Қазақстанда бастау алған «Алля Аят» қозғалысы көптеген ТМД елдерінде танымал болды. Секта Новосибирск қаласында «Звезда селенной» деген журнал шығарып тұрды. Осы журналдағы мәліметтерге қарағанда «Алля Аят» емдеушілері ауыр халмен психикалық ауруларға душар болған. Зерттеушілердің айтуынша Фархат Ата әдістері адамға психалогиялық және физикалық денсаулығына әсер етеді. Ал табиғатта жоқ күшке сенетін және ғылымға қарсы әдісімен ерекшеленеді. Соттың шешімі бойынша Аллея Аят ұйымының әрекеті Қазақстанда заңсыз деп табылады. Ал өзінен кейінгілерге мәнгілік ғұмырды уәде еткен. Фархат-атаның өзі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.
«Ата жолы» Ұйым 1997 ж ақпан айында «Ақ жол» деген атпен пайда болды. Біраз уақыттан соң Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде «Ата жолы» деп өзгертіліп 2001 жылы тіркелді. Ұйым белгілі бір төлемді ақыға адамды кез-келген аурудан айықтырмас және оны киелі әулиеге өзгертуге уәде береді. Осы курс емдеулері Қазақстанның (Түркістан) сияқты киелі оңтүстік өңірлеріне сапар шегіп өлген ата-бабалардың ауруларына сыйынып солармен сөйлесу негізінде өтті. Адамды әулиелік және емдеу қабілеті бар адамды барлық жамандықтардан сақтайтын жеке әулие дегенге сендірді. Құқық қорғау қоғамдарының мәліметтері бойынша қаржылық жағдайын көтеріп отырған «Ата жолын» ұйымының ізбасарлары. Ата жолы ұйымындағы қолданылатын емдік әдіс-тәсілдер халықтың медицинадағы және негізгі принциптеріне қарама қайшы келеді. Адамның психологиясына әсер ететін және ақыл есін басқаратын әдіс тәсілдер қолданылады. Сол себепті ұйымдағы дәстүрлі тәжірибе және табиғи күшке сенетін және исламға қарсы әрекеттерден тұрады. 2009 жылдың басында Алматы сот шешімі бойынша «Ата жолы» ұйымына тыйым салды. Өйткені азаматтардың денсаулығына қауіп-қатер әкеледі.
Бахаизм (бехаизм) - 19 ғасырда ислам секталарында өзімен бірге жаңа дінді және кез келген соғысқа қарсы тұра алатын қозғалыс ретінде пайда болды. Бахаистер сол кездегі әлемдік діндер ішінде ислам дінін синкретті және ең соңғы діндердің ішіндегі жаңа ашылу деп санайды. Арнольда Тойнбидің пікірне тоқталар болсақ: «Бахаизм ислам христиан және әлемдік мойындаған барлық діндермен тең дәрежедегі тәуелсіз дін болғаныын мақсат тұтты. Бахаиза бұл-секта емес, ол басқа әлемдік діндер сияқты өзіндік дәрежесі бар жеке үстемдік ететін дін. » оның негізін салған Бахаулла атымен әйгілі Мырза Хусейн Али. Бахайзмді оқыту, синтез жасау, және әлемдік және дәстүрлік діндердің негізін қалаған оқыту болып табылады. 2011 жылдың басында жоспар бойынша Қазақстанда 20 діндер бірлестігі құрылуы крек еді. Бірақ өкінішке орай, олардың ішінде 6 жергілікті діндік бірлестік қана тіркеуден өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz