Еңбек ұжымы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Еңбек ұжымының функциялары және өкілеттіктері
  2. Еңбек ұжымының /кәсіподақ ұйымының/ еңбегін қорғау бойынша уәкіл жөніндегі
  3. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендердің жұмыс мазмұны, олардың құқықтары мен міндеттері

3. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттіліктің жұмыс тәртібі

Қолданылған дебиеттер тізімі

Кіріспе

Еңбек ұжымы- қоғамның мүддесіне керекті өнім өндіруді немесе қызмет етуді көздеген адамдар бірлестігі. Ұжымның қарапайым түрі алғашқы қоғамда қалыптасқан. Орталықтанған меншікке негізделген экономикада еңбек ұжымын ұйымдастыру мемлекеттің қолында болады.

Қазақстан Республикасында ұжымдық еңбек дауларын шешу тәpтiбi мен әдістерін, сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіз 1996 жылы шілденің 8-інде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы болды. Мұнда: «ұжымдық еңбек даулары - ұйымдарда еңбек жағдайларын белгiлеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiн қолдану мәселелерi бойынша жұмыс берушi (жұмыс берушiлер бiрлестiгi) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер өкiлдерi) арасындағы келiспеушiлiктер» - деп белгіленген [2, 3 б. ] .

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда Еңбек кодексі шығуымен байланысты бұл заң өз күшін жойды. Басқа елдердің Еңбек кодекстерімен салыстырғанда ұжымдық еңбек дауларының түсініктемесі ҚР ЕК көрсетілмеген. Бірақ ҚР ЕК комментарийінде қазақстандық ғалым, профессор Е. Н. Нургалиева ұжымдық еңбек даулары - бұл ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгерту (жалақыны қоса), ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасау, өзгерту және орындау бойынша, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларынан тұратын актілерді қабылдаған кезінде қызметкерлердің сайланбалы органының ойын ескеруге жұмыс берушінің бас тартуымен байланысты қызметкерлер (олардың өкілдері) және жұмыс берушілер (олардың өкілдері) арасындағы реттелмеген келіспеушіліктер деген түсініктеме береді [3, 497 б. ] . Бұл анықтаманы нақтырақ деуге болады. Себебі, қызметкерлердің сайланбалы органының ойын ескеруге жұмыс берушінің бас тартуы дау нысанасына тікелей байланысты болғандықтан оны көрсеткен жөн.

Еңбек ұжымының функциялары және өкілеттіктері

Функциялар - бұл еңбек ұжымы қызметінің негізгі бағыттары. Олардың қатарынан мына функцияларды атауға болады: - бірлескен еңбекті ұйымдастыру, еңбек жағдайы мен қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту; - кәсіпорынды басқаруға қатысу; - мемлекеттік-саяси өмірге араласу; - өз мүшелерін еңбек және өнегелік тұрғысынан тәрбиелеу, еңбек тәртібін нығайту. Еңбек ұжымы мен ұйымның құқықтық мәртебесі тең болады. Кәсіпорынның, ұйымның құқықтық мәртебесі азаматтық құқықпен анықталса, еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі еңбек құқығының ережелерімен анықталады. Еңбек ұжымының өкілеттіктері және өзін-өзі басқаруы оның құқықтық мәртебесін құрайды. Өкілеттіктер - бұл еңбек ұжымының құқықтарына қарағанда әлдеқайда кең түсінік. Өкілеттіктер еңбек ұжымының құқықтарын да, міндеттерін де, оның қызмет ету саласын да, функцияларын да қамтиды. Еңбек ұжымының өкілеттіктері ретінде олардың өз құқықтары мен міндеттерін орындауына байланысты заңда бекітілген әрекеттері танылады. Еңбек ұжымының міндеттері: - жоғары өнімділікті қамтамасыз ету; - ҚР заңдары мен ҚР Үкіметінің қаулыларын орындау; - шарттық міндеттемелерді орындау; - еңбектің тиімділігі мен сапасын арттыру; - еңбек тәртібін нығайту. Мемлекеттік-саяси сипаттағы өкілеттіктерге мыналар жатады: - жергілікті органдардың шешімдерінің жобаларын қарастыруға және талдауға құқылы; - билік органдарына үміткерлерді ұсынуға құқылы; - олардың есептерін тыңдауға құқылы және т. б. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы өкілеттіктерге мыналар жатады: - құрылтайшылармен бірлесе отырып, жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қарастыру және талқылау; - меншік нысанын өзгерту жөнінде шешім қабылдау; - еңбек тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, өндірістік ақауларды болдырмау, машиналарды, жабдықтарды тиімді пайдалануға және т. б. қатысты шараларды бекіту және жүзеге асыру. Еңбек ұжымының еңбек саласындағы өкілеттіктері: - ұжымдық шартты бекіту; - басшылықпен бірлесе отырып, ішкі тәртіп ережелерін бекіту; - еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру; - ереуілдерге шығуға және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысты тиісті органдарға шағымдануға құқылы. Әлеуметтік даму және тұрмыс жағдайына қатысты өкілеттіктер: - қызметкерлердің коммуналдық, тұрмыс жағдайы мен медициналық қызмет көрсетілу жағдайын, қоғамдық тамақтану, көлік және т. б. мәселелерді талқылау; - зейнеткерлердің және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің жағдайына көңіл бөлу. Кәсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып табылады. Кәсіптік одақ ұйымдарының мәртебесі белгіленген заңнамада кәсіптік одақтардың жалпы құқықтары мен әрекетқабілеттігі, олардың негізгі (статуттық) құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері бекітілген. Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мекемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тәртіп бойынша құрылады. Мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болуы мүмкін. Республикалық органдарға қызметі және өкілеттіктері бүкіл республиканың аумағына таралатын органдар жатады. Аймақтық органдарға қызметі және өкілеттіктері екі немесе одан да көп облыстарға таралатын органдар жатады. Жергілікті мемлекеттік органдарға (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астананың және т. б. органдары) қызметі және өкілеттіктері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына таралатын органдар жатады. Мұндай органдардың құрылтай құжаттары болып осы органдарды құру туралы актілер және осы органдар туралы ережелер табылады. Бірінші басшы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға қатысты жеке жауапкершілікте болады. Бұл жүйеде мемлекеттік қызметшілер ерекше орынды иеленген. Олардың құқықтық жағдайы тиісті заңдарда анықталған. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары саяси және әкімшілік деп бөлінеді. Саяси мемлекеттік қызметшілерге қызметі саяси сипатқа ие және саяси міндеттерді жүзеге асырушы мемлекеттік қызметшілер жатады. Бұл санатты саяси мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары және ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік қызметшілер мен олардың орынбасарлары, ҚР Парламенті және оның Палаталары тағайындайтын және сайлайтын, ҚР Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің өкілі болып табылатын мемлекеттік қызметшілер, орталық атқарушы органдарды басқаратын басшылар мен олардың орынбасарлары құрайды. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттар бойынша лауазымдарының тізімін уәкілетті органның ұсынуымен ҚР Президенті бекітеді.

Еңбек ұжымының /кәсіподақ ұйымының/ еңбегін қорғау бойынша уәкіл жөніндегі

Жалпы ережелер

1. 1. Еңбекті қорғау бойынша заңдар мен басқа да нормативті актілер сақтауға еңбекті қорғау бойынша уәкілдер кейіптегі еңбек ұжымдары мен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық бақылау жасайды.

1. 2. Еңбекті қорғау бойынша уәкілдер еңбек ұжымының жиналысы /уәкілді органмен/ 3 жыл мерзімге немесе уәкілдік мерзімге дейін кәсіподақ органы сайлайды және бекітеді.

1. 3. Осы Үлгі ереже мен қолданылып жүрген заңдар негізінде еңбек ұжымы мен кәсіподақ ұйымдарының уәкілетті органдары еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік туралы өз Ережелерін жасай алады.

1. 4. Еңбекті қорғау бойынша, әдеттегідей, егер ол адамның жоғары немесе орта техникалық білімі, сол өндірісте кемінде 3 жыл еңбек стажы бар, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен маман жұмысшылар мен басқа да қызметкерлер және еңбекті қорғау бойынша жұмыс тәртібі мен ережелерін сақтауды қадағалау бойынша жұмыстарын орындай алатын талапты адамдар өкіл етіледі.

1. 5. Еңбек жағдайына және еңбекті қорғауға жауап беретін қызметкер еңбекті қорғау бойынша өкілдікке сайланбайды.

1. 6. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілген адамдардың саны жұмыс көлемі мен басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, бірлестіктерде, мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда /бұдан әрі - кәсіпорын/ жұмыс істейтіндердің санына байланысты /өкілетті органның/ еңбек ұжымының /кәсіподақтың/ жиналысында анықталады.

1. 7. Еңбекті қорғау бойынша уәкілдік алғандар сайланғаннан кейін бір ай ішінде еңбекті қорғау мәселесі бойынша кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясында білімдерін тексертіп және оқулары қажет.

1. 8. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендердің құқығын қорғау Қазақстан Республикасының тиісті заңымен реттеліп, сондай-ақ заңды түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

1. 9. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендерге белгіленген үлгіде /N 1 қосымша/ куәлік беріледі.

2. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендердің жұмыс мазмұны, олардың құқықтары мен міндеттері

Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендер:

2. 1. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау жөніндегі заңдарымен және нормативті актілерімен әрі осы Ережемен басшылық етеді.

2. 2. Жұмыс орындарында еңбек жағдайын және еңбекті қорғаудың жай-күйін қарастыру үшін бөгетсіз тексеріс жүргізуге және байқалған тәртіпсіздікті жою туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

2. 3. Еңбекшілердің өндірісте бақытсыз жағдайға ұшырап және басқа да денсаулығына келтірілген зақымдарын тексеру бойынша жүріп жатқан комиссия жұмыстарына қатысады. Зиянның орнын толтырудың мөлшерін анықтау үшін аралас жауапкершілік кезінде зақымданған адамның айыптылық дәрежесін анықтау жөнінде ұсыныс айтады.

2. 4. Жұмыс істейтіндерді еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін нұсқау және үйрету жұмыстарының сапасы мен оның ұйымдасуына бақылау жасайды.

2. 5. Техникалық жүккөтергіш, энергетикалық және басқа да жабдықтардың, көлік құралдарының және өндіріс процестерінің еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нормаларының талабына сәйкес болуын бақылайды.

2. 6. Белгіленген заңға сәйкес залалды және қауіпті еңбек жағдайындағы, сондай-ақ қолмен істелетін ауыр жұмыстарда еңбек ететін әйелдердің және он сегіз жастан кіші адамдардың еңбегін қолдануға бақылау жасайды.

2. 7. Жұмыс істейтіндерді сапалы арнаулы жұмыс киімі, арнаулы жұмыс аяқ-киім және өзін қорғау үшін басқа да құралдармен өз уақытында қамтамасыз етуге бақылау жасайды.

2. 8. Қолданылып жүрген нормативті актілерге сәйкес сүт, сабын, емдеу-сауықтыру тағамын беруге, сондай-ақ өндірісте тамақ ішу тәртібін ұйымдастыруға бақылау жасайды.

2. 9. Санитарлық-тұрмыстық үйлермен құрылыстардың жай-күйі мен пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ
Ұжым-тәрбиеқұралы
Ұжым әлеуметтік жанды тұлға
Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі
Ұжым және тұлға
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz