Гипофиз және эпифиз


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі без
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді, организм қызметін реттеп үйлестіреді. Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон) . Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Жануарлар организміндегі барлық мүшелер мен мүшелер жүйелері қызметтерінің өзара үйлесімді реттелуі гуморальды реттелу мен оны өз кезегіңде басқарып, бақылап отыратын жүйкелік (нервтік) реттелудің тығыз қызметтік байланысы нәтижесінде іс жүзіне асады. Сондықтан, мүшелер жүйелері қызметтерінің жүйкелік және гуморальды реттелулерінің тығыз байланыста іс жүзіне асуын нейрогуморальды реттелу , ал тығыз қызметтік байланыстағы осы екеуінің біртұтас жүйесін нейроэндокринді жүйе - деп атайды.

Гипоталамус

Гипоталамус (һуроtаlаmus) жануарлар организмдеріндегі эндокриндік қызметті реттейтін эндокринді бездер жүйесінің жоғарғыда, негізгі орталық мүшесі. Ол ми орталығы ретінде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің жүйкелік және эндокриндік реттеулерін біріктіріп, нейроэндокринді жүйеге айналдырады. Гипоталамус аралық мидың төмпек-асты аумағын, үшінші ми қарыншасының төменгі қабырғасы мен түбін құрайды. Гипоталамусты басқа эндокринді бездер қызметтерін реттеуге қажет нейрогормондар бөлетін көп өсінділі жүйке торшалары - мультиполярлы нейроциттер қүрайды. Аталған нейроциттер гипоталамуста сұр заттық орталықтарды (ядролар) жасайды. Гипоталамустың сұр заттық орталықтары алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі.

Гипофиз

Гипофиз (һурорһуsis) жануарлар организміндегі көптеген эндокринді бездер қызметтерін реттеуге қажет гормондар бөлетін ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі. Ол аралық мидың құрамына кіріп, гипоталамуспен жалғасып жатады. Гипофиз безді гипофизден немесе аденогипофизден және нейрогипофизден құралған. Аденогипофиздің өзі алдыңғы, аралық және төмпектік (туберальды) бөліктерден тұрады.

Аденогипофиз біріншілік ауыз қуысы төбесі шұңқырын, яғни гипофиз қалтасын астарлайтын эктодермалық эпителийден, ал нейрогипофиз ми қалтасынан дамып жетілетін жүйкелік глиядан дамиды. Гипофиз бассүйек сынаша сүйегінің түрік ершігі шұңқырында орналасып, жүйке жүйесі мен эндокринді бездер жүйесінің қызметтік байланысын қамтамасыз етеді.

Аденогипофиздің алдыңғы бөлігінің паренхимасы эпителий торшалары (аденоциттер, эндокриноциттер) құрайтын бағандар тармақтарынан түзілген. Аденоциттер бағандары қойнауша қан капиллярлары қабырғаларына тығыз жанасып жатады. Тым жұқа дәнекер ұлпалық без стромасы нашар жетілген. Сондықтан, аденоциттер бағаңдары тармақтарын бір-бірінен қойнауша қан капиллярлары ғана ажыратып тұрады. Торшалар бағандарын үш түрлі аденоциттер құрайды. Бағандардың шеткі жағындағы эпителий торшалары цитоплазмасында түрлі бояулармен боялатын дәншелері болады. Оларды хромофилді аденоциттер - деп атайды. Ал бағаңдардың орта шеніндегі эндокриноциттер тым солғын боялады. Оларды хромофобты аденоциттер - дейді. Цитоплазмасыңдағы дәншелері қышқылдық бояулармен қызыл түске боялатын хромофилді эндокриноциттерді ацидофилді аденоциттер , ал негіздік бояулармен көкшіл түске боялатын хромофилді торшаларды базофилді аденоциттер - деп атайды.

Мөлшері кішірек келген, солғын боялған хромофобты аденоциттер алдыңғы бөліктің барлық эндокриноциттерінің шамамен 60% -ын құрайды. Олар жас камбиальды торшалар. Хромофобты аденоциттерден ацидофилді және базофилді аденоциттер өсіп жетіледі.

Эпифиз

Эпифиз (ерірһуsіs) үлкен ми сыңарлары мен мишықтың аралығында, аралық ми төбесінің артқы жағында орналасып, аралық мидың эпиталамус құрамына кіретін, пішіні шырша бүрі тәрізді тақ без. Ол оң және сол көру төмпектері мен төрттөмпек аралығындағы сайға жүгеншік арқылы жалғасып, көру төмпектерімен оң және сол аяқшалары арқылы байланысады. Эпифиз үшінші ми қарыншасының артқы қабырғасынан дамып жетіледі. Оның паренхимасы эмбриондық кезенде эктодермалық жүйкелік глиядан, стромасы мезенхимадан дамиды. Құрылысы жағынан эпифиз паренхималы мүше.

Эпифиз сыртынан жұмсақ ми қабығымен және оның астындағы дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан дәнекер ұлпалық перделіктер бездің ішіне қарай тарала еніп, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған қапшықпен перделіктер эпифиз стромасын түзеді. Строма арқылы қан және лимфа тамырлары өтеді. Бөлікшелер паренхимасы инкреттер бөлетін торшалар пинеалоциттер және глиопиттер құрайды. Олардың аралықтарында жекеленген лимфоцттер, шырлы торшалар және пигментоциттер кездеседі.

Қалқанша без

Қалқанша без (glandula thyroidеа) көмекейден кеңірдектің басталар (2-4 -інші шеміршек сақиналары) тұсының сыртқы екі қапталы мен төменгі бетінде орналасқан, қоңыр-қызыл түсті без. Ол пішіні мен көлемі әр түрлі жануарларда түрліше келген оң және сол бөліктен, оларды өзара байланыстыратын мойыншықтан тұрады. Қалқанша без I және II желбезек қалташалары аймағында дамып жетіледі. Қалқанша бездің паренхимасы эмбриондық кезенде жұтқыншақтың төменгі қабырғасындағы энтодермалық эпителийден, фолликулдар маңы торшаларының нейробласттарынан, без стромасы - мезенхимадан дамиды.

Қалқанша без сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан дәнекер ұлпалық перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелерді диаметрі әр түрлі (0, 02- 0, 9 мм), пішіні дөңгелек немесе сопақша келген қуысты көпіршіктер фолликулдар құрайды. Қалқанша без паренхимасының құрылымдық-қызметтік бірлігі фолликулдар немесе аденомерлер. Без паренхимасының құрамына аденомерлерден басқа, олардың аралықтарындағы дәнекер ұлпалық аралықтарда орналасқан эпителиоциттер аралшықтары және фолликулдар маңы торшалары - кальцитониноциттер (К-торшалар) кіреді. Стромасын бездің дәнекер ұлпалық қапшығы мен бөлікшелер аралық және бөлікшелер ішіндегі аденомерлер аралық борпылдақ дәнекер ұлпасы түзеді. Строма арқылы қан және лимфа тамырларымен жүйкелер өтеді. Дәнекер ұлпалық аралықтарда жекеленген лимфоциттер, плазмоциттер, шырлы торшалар (ұлпа базофилі) кездеседі. Фолликулдардың қабырғасы мен аралшық эпителийді фолликулалы эндокриноциттер немесе тироциттер құрайды. Аденомерлердің қабырғаларындағы тироциттер қалыпты жағдайда бірқабатты текше (куб) тәрізді эндокриноциттерден тұрады. Олардың сыртқы беті негіздік жарғақпен жанасады. Тироциттердің дөңгелек келген ядролары торшалар ортасында орналасады. Фолликулдар қуысын қоймалжың зат интрафолликулалық коллоид толтырып тұрады. Тироциттер құрамында йод элементі болатын тироксин және үшйодтиронин гормондарын бөледі. Бұлар организмдегі зат алмасудың барлық түріне ықпалын тигізетін тотығу процесін реттейді. Аталған гормондардың қалыптан тыс көп бөлінуі базед ауруының, ал, керісінше, аз мөлшерде бөлінуі миксидема және кретинизм ауруларының өрбуіне әкеліп соқтырады. Өз кезегінде тироциттердің гормон түзу қызметіне аденогипофиздің тиротроптық гормоны әсер етеді. Қалқанша бездің қызметі төмендегенде фоликулдардың диаметрі өсіп, көлемі ұлғайып, тироциттердің пішіні жалпақтанады. Ал қызметі қалыпты жағдайдан күшейсе, онда, керісінше, аденомерлердің көлемі кішірейіп, тироциттер призма тәрізді эндокриноциттерге айналады.

Қалқанша маңы бездері

Қалқаншамаңы бездері (glаndula раrаtһуrоіdеае) пішіні дөңгелек, не сопақ келген, сары-қоңыр түсті майда денешіктер. Олар қалқанша безінің оң және сол бөліктері маңында орналасады.

Орналасу орындарына байланысты ішкі және сыртқы қалқанша маңы бездері болады. Сыртқы қалқанша маңы безі қалқанша бездің сыртқы алдыңғы жағында, ұйқы артериясының екіге ажырайтын тұсында орналасады. Ол үшінші желбезек қалташасы энтодермасынан дамиды. Ішкі қалқанша маңы безі қалқанша бездің ішінде жатады. Ол төртінші желбезек қалташасы энтодермасынан жетіледі. Без стромасы мезенхимадан дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гормондардың қасиеті
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі
Жыныс бездері туралы
Эндокринология. Ішкі секреция бездері
Организм қызметін реттеуде гипоталамо гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің жастық ерекшеліктері
Эндокриндік жүйенің қызметі
Диффузды эндокриндік жүйе
Эндокринді жүйе
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz