Радиациялық және химиялық қауіптілік



1. Иондаушы сәуле шығару.
2. Сыртқы және ішкі сәулелену. Олардың адам ағзасына әсері.
3. Экспозициялық, жұтылған баламалы дозалар.
4. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принцптері
5. Радиациялық обьектілерді әлеуетті қауіптілігі бойынша жіктеу.
6. Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары
Радиация – қоршаған ортаға белгілі бір ортадан таралатын сәулелер.
Радиацияның көрінетін жарықтан және жылудан бөлек, сезім органдарымен қабылданбайтын түрлері көп.
Адамзат радиацияның қатысы бар әлемде өмір сүруде. Биологиялық түрлердің үздіксіз эволюциялануының негізгі себебі, радиобелсенді сәулеленудің мутациялау ерекшеліктері. Биологтардың бағалауы бойынша, Жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бері 1миллиардқа жуық тірі организмдер эволюцияланған. Қазіргі уақытта, түрлі бағалаулар бойынша флора мен фаунаның 2-15 миллион түрі қалған. Асылында, радиацияның әсерінсіз біздің планетамызда көп түрлі тіршілік иелері болмас еді. Жер бетіндегі тіршіліктің міндетті шартының бірі – радиациялық бедердің болуы. Радиация тіршілік үшін жарық пен жылу секілді қажет. Радиациялық бедердің аздап жоғарылауынан, адам организміндегі зат алмасу біршама жақсарады. Радиациялық бедердің аздап төмендеуінен, тірі организмдердің өсуі мен дамуы 30-50% баяулайды. Радиацияның нөлдік көрсеткішінде өсімдіктер өсуін, ал тірі организмдер көбеюін тоқтатады. Сондықтан да, радиация алдында үрейге берілмеу керек. Радиацияның жоғары мөлшерінің қауіпті екенін білуіміз қажет, оны болдырмауға тырысу керек, ал қажет болған жағдайда радиациялық қауіп кезінде тірі қала білу керек.
Табиғи радиация адамның өмір сүру ортасының табиғи компоненті болып табылады. Ол шартты түрде иондайтын және иондамайтын деп бөлінетін сәулелерден тұрады. Иондамайтын сәуле жарық, радиотолқындар, Күннің радиобелсенді жылуы. Радиацияның бұл түрінің адам организміне қауіпі жоқ. Дегенмен, сәулелердің қарқынды бөлінуі кезінде кері әсерін тигізеді. Егер радиация, тірі организмдерді құраушы молекулалардың химиялық байланыстарын бұзуға қабілетті болса, онда иондаушы радиация болып есептеледі. Иондаушы радиацияны қарапайым түрде радиация деп атайды, ал оның сандық сипаттамасын мөлшер дейді. Радиобелсенді сәулеленудің көрсеткіштері мен сипаттамаларын тіркеу үшін арнайы приборлар дозиметр және радиометр қолданылады.
Қалыпты радиациялық бедердің көрсеткіші 10-16мкР/сағ.
Табиғи радиациялық бедердің әсерінен адам сыртқы және ішкі сәулеленуге шалдығады. Сыртқы сәулеленудің көздері –ғарыштық сәуле және Жер бетінде, атмосферада, су ортасында, өсімдіктерде таралған табиғи радиобелсенді заттар. Ғарыштық радиация галактикалық және күн сәулелерінен құралады. Ғарыштық сәулеленудің қарқындылығы геомагниттік еніне, теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді. Экваторға жақын орналасқан
1. Арпабеков А.А. - «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.
2. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық – әдістемелік жинағы. - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.
3. Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.
4. Тропов Н.И. Безопасность труда в химической промышленности. –М.: Академия, 2007. -528с.

Радиациялық және химиялық қауіптілік.
1. Иондаушы сәуле шығару.
2. Сыртқы және ішкі сәулелену. Олардың адам ағзасына әсері.
3. Экспозициялық, жұтылған баламалы дозалар.
4. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принцптері
5. Радиациялық обьектілерді әлеуетті қауіптілігі бойынша жіктеу.
6. Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары

Мақсаты: Радиацияның жоғары мөлшерінің қауіпті екенін білу қажет

Радиация - қоршаған ортаға белгілі бір ортадан таралатын сәулелер.
Радиацияның көрінетін жарықтан және жылудан бөлек, сезім органдарымен қабылданбайтын түрлері көп.
Адамзат радиацияның қатысы бар әлемде өмір сүруде. Биологиялық түрлердің үздіксіз эволюциялануының негізгі себебі, радиобелсенді сәулеленудің мутациялау ерекшеліктері. Биологтардың бағалауы бойынша, Жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бері 1миллиардқа жуық тірі организмдер эволюцияланған. Қазіргі уақытта, түрлі бағалаулар бойынша флора мен фаунаның 2-15 миллион түрі қалған. Асылында, радиацияның әсерінсіз біздің планетамызда көп түрлі тіршілік иелері болмас еді. Жер бетіндегі тіршіліктің міндетті шартының бірі - радиациялық бедердің болуы. Радиация тіршілік үшін жарық пен жылу секілді қажет. Радиациялық бедердің аздап жоғарылауынан, адам организміндегі зат алмасу біршама жақсарады. Радиациялық бедердің аздап төмендеуінен, тірі организмдердің өсуі мен дамуы 30-50% баяулайды. Радиацияның нөлдік көрсеткішінде өсімдіктер өсуін, ал тірі организмдер көбеюін тоқтатады. Сондықтан да, радиация алдында үрейге берілмеу керек. Радиацияның жоғары мөлшерінің қауіпті екенін білуіміз қажет, оны болдырмауға тырысу керек, ал қажет болған жағдайда радиациялық қауіп кезінде тірі қала білу керек.
Табиғи радиация адамның өмір сүру ортасының табиғи компоненті болып табылады. Ол шартты түрде иондайтын және иондамайтын деп бөлінетін сәулелерден тұрады. Иондамайтын сәуле жарық, радиотолқындар, Күннің радиобелсенді жылуы. Радиацияның бұл түрінің адам организміне қауіпі жоқ. Дегенмен, сәулелердің қарқынды бөлінуі кезінде кері әсерін тигізеді. Егер радиация, тірі организмдерді құраушы молекулалардың химиялық байланыстарын бұзуға қабілетті болса, онда иондаушы радиация болып есептеледі. Иондаушы радиацияны қарапайым түрде радиация деп атайды, ал оның сандық сипаттамасын мөлшер дейді. Радиобелсенді сәулеленудің көрсеткіштері мен сипаттамаларын тіркеу үшін арнайы приборлар дозиметр және радиометр қолданылады.
Қалыпты радиациялық бедердің көрсеткіші 10-16мкРсағ.
Табиғи радиациялық бедердің әсерінен адам сыртқы және ішкі сәулеленуге шалдығады. Сыртқы сәулеленудің көздері - ғарыштық сәуле және Жер бетінде, атмосферада, су ортасында, өсімдіктерде таралған табиғи радиобелсенді заттар. Ғарыштық радиация галактикалық және күн сәулелерінен құралады. Ғарыштық сәулеленудің қарқындылығы геомагниттік еніне, теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді. Экваторға жақын орналасқан адамдардың қабылдайтын ғарыштық сәулесі 2км биіктікте 3 есе, 4км биіктікке 6 есе, ұшақта 12 км биіктікте 150 есе артып кетеді. Күндізгі жарқыл кезінде ғарыштық сәуленің деңгейі айтарлықтай жоғарылайды.
Табиғи радиобелсенді заттардың негізгі мөлшері тау жыныстарында болады. Олар тау жыныстарының түріне тәуелдіжер қыртысында біркелкі таралмаған. Сәйкесінше, әр жерде тұратын адамдардың сәулелену мөлшері де әртүрлі болады. Жер бетінде табиғи радиацияның бедері едәуір артып кеткен 5 географиялық аудан. Ол жерлер Бразилияда, Үндістанда, Францияда, Египетте және Тынық мұхитында Ниц аралында. Айта кетсек, Гуарапари(Бразилия) шипажайлы қаласындағы радиация деңгейі 500 есе мөлшерден артық. Себебі, қала тоийге бай құмда орналасқан.
Адамның табиғи көздерден ішкі сәулеленуінің 23 бөлігі организмге радиобелсенді заттардың азық-түліктермен; ауыз сулармен, дем алған ауамен келіп түседі. Адам организміне радионуклидтер тағамдық немесе биологиялық тізбек арқылы жиі түседі. Мысалы топырақ жамылғысындағы радионуклид сумен өсімдікке келіп түседі, өсімдіктерді малдар жейді, осы малдың сүті немесе еті арқылы радиобелсенді заттар адам организміне келіп түседі.
Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі радиобелсенді газ радоннан болады. Бұл газ күнделікті жер қыртысынанбосатылып жатыр. Радонның ұзақ уақыт әсерінен адамда онкологиялық аурулар туындайды. БҰҰ Ғылыми кеңесінің мәліметтері бойынша, өкпе ауруына шалдыққандардың 20% организме радонның және оның тұнбаларының түсуінен болған.Жабық бөлмедегі радонның шоғыры сырттағыдан 8 есе артық. Планетамыздың жалпы радиациялық мөлшерінің 44% радон газына келеді.
Радиацияның жасанды түрлерінің дүниеге келуі, радиацияның адамға деген ауыртпалығын арттыруда. Адамдар периодты түрде теледидар, компьюте, медициналық рентген аппаратынан, ядролық сынықтардан кейінгі радиобелсенді атмосфералық жауын-шашындардан, атом электр стансаларының (АЭС) жұмысы нәтижесінде радиациялық сәулеленуге ұшырайды.
Планетамыздағы радиациялық бедердің жоғарылауына АЭС дағы авариялар ықпалын тигізуде. Мұндай төтенше жағдайлардың себебі түрлі болып келеді, жұмысшы персоналдың қателігі, қондырғылардың ескіріп, істен шығуы. АЭС лаңкестік шабуылдардың ықтималдылығ жоғары.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде 45 мыңға жуық ядролық қару бар.
Ядролық жарылыс кезінде адамдардың радиациялық залалдануы, өткішрадиация және жергілікті орынның радиобелсенді ластану есебінен болады.

Өткіш радиация
Өткіш радиация
Радиобелсенді залалдану
Радиобелсенді залалдану
Адамдардың радиациямен залалдануы
Адамдардың радиациямен залалдануы

Адамдардың радиациямен залалдануы
Өткіш радиация бұл бірнеше секунд аралығында ядролық жарылыс аймағынан барлық жаққа тарайтын гамма сәулелер мен нейтрондар ағымы.
Радиобелсенді ластану бұл жарылыс нәтижесінде радиобелсенді заттардың бұлттардан көп мөлшерде түсуі. Олар жер бетіне түсіп, радиобелсенді із деп аталатын залалданған аймақ түзеді.
Жасанды және табиғи радиобелсенді сәулелер табиғаты бойынша өзара ұқсас және олар адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Иондаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қауіптілік
Инкорпорировланған радиоактивтік заттардың биологиялық әсері
Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі
Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу
Иондаушы сәулелер көздері және сипаттамасы Адамдардың сәуле қабылдауының қазіргі денгейі
Химиялық қауіпті заттар бар объектілерде өрттерді сөндіру
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Қауіпті заттардың организмге әсерінің деңгейін жіктеу
Қауіпті кластарыдың нормалары
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Пәндер