Киелі сандар



Кіріспе
1. Киелі сандар сыры туралы
1. 1 Киелі сандардың қасиеті
2. Киелі сандарының зерттелуі
2. 1 Зерттеуші ғалымдар
3. Сандар сөйлейді
3. 1 Зерттеу тұжырымы
3. 2 Жұлдызшылар есебі
4. Қорытынды
4. 1 Практикалық кезең
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайданағанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.
Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасеитті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:
- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
- электронды нұсқасын әзірлеу.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І – теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен қарау.
ІІ – практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру.
ІІІ – бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау.
Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалық талдау.
2. Бақылау әдісі (анкета)
3. Тірек сызбалар мен кестелерді құру әдісі.
1. Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 бб. ;
2. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2003. - 28-33- б.
3. Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ
ескiлiктерi» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001.
4. Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987
5. Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы. Алматы 2002
6. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті. Алматы 2001 ж.
7. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский
8. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И. М. , Көкенова Ж. Алматы – 1974
9. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. –Алматы, 2004, -565б.
10. А. Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 1958. -340б.
11. Марр Я. Н. О числительных // Языковые проблемы по числительным. – Л. : ЛГУ. 1927. – 270 с. ;
12. Дүсіпбаева Қ. С. Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері. Фил. ғыл. канд. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. А. , 2001 ж. – 28 б.
13. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы.
14. Тенишев Э. Р. Тюркские «один», «два», «три». // Тюркологический сборник-1974, М. , 1975, - 104 с.
15. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Киелі сандар сыры туралы
1. 1 Киелі сандардың қасиеті
2. Киелі сандарының зерттелуі
2. 1 Зерттеуші ғалымдар
3. Сандар сөйлейді
3. 1 Зерттеу тұжырымы
3. 2 Жұлдызшылар есебі
4. Қорытынды
4. 1 Практикалық кезең
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайданағанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.
Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасеитті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:
- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
- электронды нұсқасын әзірлеу.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І - теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен қарау.
ІІ - практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру.
ІІІ - бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау.
Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалық талдау.
2. Бақылау әдісі (анкета)
3. Тірек сызбалар мен кестелерді құру әдісі.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады.

1. Киелі сандар сыры туралы
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Ұлы ғалым Пифогор: Әр сан өзіндік ерекшелікке ие деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз.

1. 1 Киелі сандардың қасиеті
Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. 3, 7, 9, 40 сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Наным-сенімге қатысты киелі ұғымдар негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын төрт, жеті, тоғыз, қырық сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады.
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады.
Осы тұста генеалогиялық жіктеу арқылы сандар жүйесін кестеден көруге болады. Бұл ондық санау жүйесі салыстырмалы тарихи әдіс арқылы, генеалогиялық жіктелуге негізделіп жасалып отыр. Салыстармалы - тарихи әдіс мағынасы жағынан бір тектес, дыбысталуы, жағынан ұқсас сөздер тобына, материалдық жағынан туыстас.
№1 кесте
Славян тілдері Түркі тілдері
Орысша Один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять Қазақша Бір екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Полякша Jeber, dva, trzy, cziery, piec, szesc, siedem, өsiem, dziewies, dziesiec
Өзбек Бир, икки, үч, тұрт, бил, олти, етти, саккиз, тұқиз, ұн
Чех Ieden, dva, tri, ctyri, pet, sest, seclm, өsm, devet, deset Тува Бир, ики, үш, дөрт, беш, алды, чеди, сес, тос, он.
Болгар Един, два, три, четыри, пет, шест, седем, осем, девет, десет Хақас Пір, үс, төрт, пис, алты, читі, сигіс, тоғыс, он
Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді, - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о бастан-ақ сезілген.

2. Киелі сандарының зерттелуі
Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды. Мәселен, академик В. А. Гордлевскийдің Түркі тіліндегі елу сан есімі атты арнайы еңбегі бар, Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. Сондай-ақ Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3, 7, 9 сандарын киелі, қасиетті деп, фольклорда көбірек ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г. Н. Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысы қаралады.

2. 1 Зерттеуші ғалымдар
Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді: Базен Л. , Тенишев Э. Р. , Чернышев В. И. , Умаров Э. А. , Уаңкі М. және т. б.
Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында Сандарға қатысты тілдік мәселелер атты үлкен конференция өтті. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгенідігін көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген мақалаларда санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың Сандар тобы құрылған. Бұл топтың мүшелері: славян-албан тілдерінің маманы Н. С. Державин, славист М. П. Долобко, урал-алтаист Н. Н. Поппе (финтанушы, монголист), түркітанушы А. Н. Самойлович, үнді-еуропатанушы Л. П. Якубинский, египет сан есімі бойынша П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я. Марр.
Жалпы түркі тілдеріндегі сан есімдер ХVІІ ғасырдан бері қаралып келеді: В. В. Бартольд. Система счисления Орхонских надписей в современном диалекте. ХІХ ғасырда жазылған еңбектердің ішінен Г. И. Рамстедтің еңбектерін де айта кету керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген тұжырымын әсіресе бес сан есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді.
Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен І. Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г. Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды.

3. Сандар сөйлейді
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.
Бір санның киелігі:
1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.
Күні-түні дем алмайтын екеу:
1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:
Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын.
Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат.
Пейіште көрінбейтін:
1. Күндіз. 2. Түн.
Пейіште болмайтын:
1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу:
1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен.
Жақсы дос пен жаман дос:
1. Мал-мүлік. 2. Ұл-қызы
Халық қашады, бірақ құтыла алмайды:
1. Нәпсі. 2. Шәкуат ( жүріс жүру).
Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ
Үш тоқтам: Ақыл - арқан, ой - өріс, адам - қазық
Үш қасиет: өліде - аруақ, малда - кие, аста - кепиет
Үш талғам: мейірім - сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
Енді осыларды таратып айтсақ:
Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,
Жағаңның қызылдығына қарайды.
Берсең жағасың,
Бермесең дауға қаласың
Өз жұртың - ағайын,
Бар болсаң көре алмайды
Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.
Жақсы болсаң күндейді,
Жаман болсаң жүндейді.
Нағашы жұртың:
Жақсылығыңа сүйінеді,
Жамандығыңа күйінеді.
Әрқашан тілеуіңді тілейді,
Тілеуқорлық ниеті билейді.
Үш із: бала, байлық, бақыт - білім
Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы - жүрген із,
Ел қазынасы - көне сөз,
Тіл қазынасы - ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты - ұту, жол мұраты - жету, дау мұраты - біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса - жалғанның азабы, алғаның жаман болса - дүниенің тозағы, балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы
ҮШ БИ
Үш жүзде болса да олар басты кiсi,
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi.
Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм,
Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi.

Жеңiс жоқ соғыстарда шабандарға,
Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға.
Жеңiске жету үшiн қайрат қылып,
Ат қойдым әскер бастап қамалдарға.

Мәлiм ғой, елге әскер басқарғаным,
Болдым деп Ордабасы мастанбадым.
Мылтығы көп болса да кәпiр жаудың,
Қалмақтың әскерiнен жасқанбадым.

Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл.
Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ,
Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын.

4 санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт пір: Жарлының пірі - қалтақ ата,
Ұрының пірі - жалтақ ата
Шебердің пірі - тепшен ата
Кәрінің пірі - кекшіл ата
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі - Ойсылқара
Жылқы пірі - Қамбар ата
Сиыр пірі - Зеңгі баба
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киелі сандардың мағынасы арқылы ұлттық дүниетанымның берілуі
Кейбір киелі сандардың танымдық ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құрамында киелі сандары бар мақал-мәтелдерді зерттеу, жіктеу, талдау
Киелі сандардың қасиеті
Сандар қасиеті
Сан тарихына үңілсек
Сандар тарихынан
Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени ерекшелігі
Сандар
Пәндер