Жарақат туралы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Жарақат түрлері
2.2. Жарақаттанған жағдайда қан тоқтату
2.3. Жарақаттардың алдын алу
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
таралуына қарай, бірнеше топқа бөлінеді:
a) жарақаттар;
б) жұқпайтын ішкі аурулар;
c) жұқпалы(инфекцияллық) аурулар – індет;
д) паразиттік (инвазиялық) аурулар.
Жарақат (ағыл. trauma; injury; shock trauma; нем. Trauma n, Verletzugf; psychisches Trauma; гр. trauma - жарақ) - Сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.т.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы; психикалық жарақат — көңіл-күйдін әсер етуі тудырған психикалық зейіннің бұзылуы.
Жарақат түрлері
Жарақаттарды жабық және ашық деп екі топқа бөледі.
Жабық жарақатқа жататын соғылу жарақаты – терінің астындағы ұлпаның қатты заттарға соғылуынан, мыжылуынан пайда болатын жарақат; пайда болу себептері әртүрлі, мысалы, мал тебіскенде, сүзіскенде, қатты еденге, мұзға, тасқа, бетонға, темірге, құмға, т.б. жерлерге құлауынан, жылқыны ер қажауынан, бақташылардың қатты заттармен соғуынан пайда болады. Малдың жарақат болған жері ісініп тұрады, саусақпен үстінен басса, мал ауырсынады. Сол жері әуелі қызарып, содан кейін көгереді де ісінеді. Жарақаттың үстіндегі жүнін қырқып, йод тұнбасын немесе 5%-тік марганец қышқылды калий ерітіндісін жағады.
Жабық жарақаттың келесі бір түрі – қанталау – малдың соғылған кездегі қан тамырларынан қан ағып, терінің астына жиналады, яғни қанталайды. Сондай жерлерге мұз, қар, т.б. суық заттарды басып, таңғышпен танып тастап, 2-3 күннен кейін жылы компресс басып, жараның бетіне йод жағып тастау керек.
Ашық жарақаттар пайда болатын себептер: пышақтың, шынының, үшкір заттардың (балта, күрек, таяқ, тас) әсерінен. Әуелі қанды тоқтатып, бинтпен қаттылап байлап тастау керек; содан кейін мал дәрегерін шақыртып, кеңесу қажет.
Ашық жарақаттардың тағы да бір түрі – күйік – малдың денесінде жоғары температурадан немесе химиялық күйдіргіш заттардан пайда болады. Күйіктің айналасындағы жүнді қырқып алып, спирт немесе бензинмен сүртіп, тазалайды; содан кейін күйіктің бетіне марганец қышқылды калийдің 3-5%-тік немесе бриллиант жасылының 1-2% спирттегі ерітіндісін, не болмаса 5%
1. Әбдірахманов Т.Ж. Мал өсіру гигиенасы және санитариясы. Астана, 2004.
2. Әбдірахманов Т.Ж. Ветеринарлық акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы. Оқулық. Астана, 2007.
3. Әбдірахманов Т.Ж. Сиырлардың репродуктивті органдарының аурулары. Оқу құралы. Астана, 2009.

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Жарақат түрлері
2.2. Жарақаттанған жағдайда қан тоқтату
2.3. Жарақаттардың алдын алу
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мал мен құста кездесетін аурулар шығу себептері, залалдығына және таралуына қарай, бірнеше топқа бөлінеді:
a) жарақаттар;
б) жұқпайтын ішкі аурулар;
c) жұқпалы (инфекцияллық) аурулар - індет;
д) паразиттік (инвазиялық) аурулар.
Жарақат (ағыл. trauma; injury; shock trauma; нем. Trauma n, Verletzugf; psychisches Trauma; гр. trauma - жарақ) - Сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.т.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы; психикалық жарақат -- көңіл-күйдін әсер етуі тудырған психикалық зейіннің бұзылуы.
Жарақат түрлері
Жарақаттарды жабық және ашық деп екі топқа бөледі.
Жабық жарақатқа жататын соғылу жарақаты - терінің астындағы ұлпаның қатты заттарға соғылуынан, мыжылуынан пайда болатын жарақат; пайда болу себептері әртүрлі, мысалы, мал тебіскенде, сүзіскенде, қатты еденге, мұзға, тасқа, бетонға, темірге, құмға, т.б. жерлерге құлауынан, жылқыны ер қажауынан, бақташылардың қатты заттармен соғуынан пайда болады. Малдың жарақат болған жері ісініп тұрады, саусақпен үстінен басса, мал ауырсынады. Сол жері әуелі қызарып, содан кейін көгереді де ісінеді. Жарақаттың үстіндегі жүнін қырқып, йод тұнбасын немесе 5%-тік марганец қышқылды калий ерітіндісін жағады.
Жабық жарақаттың келесі бір түрі - қанталау - малдың соғылған кездегі қан тамырларынан қан ағып, терінің астына жиналады, яғни қанталайды. Сондай жерлерге мұз, қар, т.б. суық заттарды басып, таңғышпен танып тастап, 2-3 күннен кейін жылы компресс басып, жараның бетіне йод жағып тастау керек.
Ашық жарақаттар пайда болатын себептер: пышақтың, шынының, үшкір заттардың (балта, күрек, таяқ, тас) әсерінен. Әуелі қанды тоқтатып, бинтпен қаттылап байлап тастау керек; содан кейін мал дәрегерін шақыртып, кеңесу қажет.
Ашық жарақаттардың тағы да бір түрі - күйік - малдың денесінде жоғары температурадан немесе химиялық күйдіргіш заттардан пайда болады. Күйіктің айналасындағы жүнді қырқып алып, спирт немесе бензинмен сүртіп, тазалайды; содан кейін күйіктің бетіне марганец қышқылды калийдің 3-5%-тік немесе бриллиант жасылының 1-2% спирттегі ерітіндісін, не болмаса 5% йодтың ерітіндісінің бірін жағу керек. Ашық жарақаттардың келесі бір түрі - үсік - төменгі температураның әсерінен пайда болады. Оған көбінесе малдың перифериялық жерлері - құлағының ұшы, желіні, еркек малдың қамшысы, құстың айдары, сырғасы немесе яақтары - шалдығуы мүмкін. Бұндай жарақаттар пайда болысымен мал дәрігерін шақыртқан дұрыс.

Жараланған жағдайда қан тоқтату
Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б.); жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ыластанғайына, қайның қанша кетпенше байланысты. Жарақат (хирургиялықтан басқасы) түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор. Егер мүмкіндік болса, медицина мекемесіне барып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын тандыру қажет. Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қайын тоқатып, оған микроб түспеуі үшін дереу тандыру керек. Стерильденген дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы. Жараны тайраңда дәкенің үстіне мақта салады да, орап тасталды. Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарадағы ағаттық жаңқасын, киімнің жыртылған жерінің шүберегін не топырақты, олар жарақаттың бетінде көрініп тұрса ғана алуға болады, бірақ жарақатқа қол тигізу ге мүлде болмайды. Стерильд енген материал-бинт болмаса, жарақатты ыстық үтікпен үтіктелген таза шүберекпен таңады. Егер жапан далада жарақаттанған адам жарасын таңатын арнайы ештеме табылмаса, онда отқа киіз немесе шүберекті күйдіре қақтал барып, жара бетіне салады да, жақсылан таңып тастанды. Содан кейін сырқатты ауруханаға жеткізу керек. Аяқ қолы ауыр жарақаттанып, сүйегі сынған адамды алғаш сынықтық екі жағына жақтау салып барып таңады. Үй жағдайында жарақатты таңудан бұрын оған қажетті заттық барлығын дайындал алу керек. Жарақатты таңу алдында көмек көрсететін адам көйлегінің жеңін шынтағынан жоғары түріп, тырнағын алуы тиіс, қолын сабындан жуып, орамалмен мұқият сүртіл құрғатуы қажет, ал шұғыл қимылдау керек болған жағдайда қолын спиртпен сүртеді.
Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жар айы мұқият жуады, есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жатады. Жарақатты уақытша таңған дәке салфетканьі алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттан салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұетайды. Салфетканы бүктемей, жазып салу керек. Ал дәкенің үстіне тегістел, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (дұрыс -- стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды {Таңу ма- қаласын оқыңыз). Сауда орындарында болатын жеке пакетті пайдалану өте қолайлы.
Жануарлардың тісі тиіп жарақат алған адамдар, жарақаты онша қауіпті болмаса да дәрігерге көрінуі тиіс. Жарақат медициналық мекемелерде танылған болса, оны үй жағдайында алмастырудың қажеті жоқ, өйткені жарақатқа инфекция түсуі, қанауы мүмкін. Бірақ қайткенде де таңғышты алмастыру қажет болғанда, кейбір ережені мұқият сақтау керек. Жар аға жабы сып қатып қалған таңғышты бірден сыдырмай, алдымен үстіндегі мақталы алғаннан кейін дәкені бір шетінен ептеп көтеріп, сутегі тотығын, риванол мен марганец қышқылы калийінің ерітіндісін немесе ас тұзы ерітіндісін, сондай-ақ қайнаған жылы су тамызып жібітеді. Жарақатқа компресс қағазын салуға болмайды.
Жарақат -- сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т.б.) әсерінен пайда болады. Осыған байланысты Жарақат бірнеше түрге бөлінеді:
1) механикалық Жарақат -- сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе, жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т.б. жатады;
2) термикалық Жарақат -- жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы, рентген сәулелері әсерінен;
3) химиялық Жарақат -- қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен;
4) биологиялық Жарақат -- бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен;
5) психикалық Жарақат -- орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады. Жарақат жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел Жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер етуінен болады. Соның нәтижесінде тін, орган басылып жаншылады. Жарақат алу ірі өндіріс орындарында (зауыт, комбинат, т.б.) жұмыс істейтін жұмысшылардың, спортшылардың, әсіресе, мектеп жасындағы балалардың арасында, сондай-ақ, көлікте, қарулы күштерде жиі кездеседі. Жарақат алған адамға жедел дәрігерлік алғашқы көмек көрсету қажет. Жарақатты емдеу үшін, оның түріне қарай хирургиялық операция, дәрі-дәрмек ішкізу, дәрі жағу, физиотерапия, т.б. жүргізіледі.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы -- бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз.
Кесiлген жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т.б). Мұндай жараның жиегi тегiс, тiк және қан қатты ағады. Бұл жарада ауру дәрежесi басқа жарақат түрлерiне қарағанда азырақ.
Шапқылағанда, балтамен кесiп алғанда кесiлген жараға ұқсас бұдан терең, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы
Кеуде жарақаты туралы
Кәсіпорындағы зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
Жарақаттан естен тану туралы түсінік
Балалар жарақаты
Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі бойынша аттестаттау картасын ресімдеу
ЖОЛ - КӨЛІК АПАТТАРЫ ЖӘНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Төтенше жағдайда болатын жарақаттар, аурулар мен уланулар және олардың түрлерімен таныстыру
Жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізуге дайындығы
Пәндер